Баланс өтімділігін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

М А 3 М ¥ Н Ы

Кіріспе . . . 2 Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы 1. 1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы . . . 5 1. 2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты . . . 9

ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2. 1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…… . . . 11 2. 2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау . . . 21

ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау 3. 1 Баланс өтімділігін талдау . . . 32 3. 2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау . . . 42

Қорытынды . . . 56

Қосымша . . . 63

Кіріспе

Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Репсубликасында сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелес ұйымдар, мемлекеттік органдар көзқарасында анықсыздылық кең орын алады. Осындай кезеңде кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте үлкен.

Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері болып табылады. Егер кәсіпорын қаржылық түрғыдан тұрақты және төлем қабілетті болса, бұл кәсіпорынның өзінің саласындағы басқа кәсіпорындар алдында инвестициялар тартуда, несие алуда, жабдықтаушыларды таңдауда, білікті кадрларды таңдауда артықшылығы болады. Сонымен қатар, мүндай кәсіпорын мемлекет және басқада шаруашылық ұйымдар сондай-ақ жеке адамдармен түрлі экономикалық қарым-қатынаста жасауда, бюджетке - салықтарды, қызметкерлер мен жұмысшыларға - еңбек ақыны, акционерлерге - девидендтерді мерзімінде төлеп, банктердің берген несиелерінің қайтарылуына және олар бойынша пайыздардың төленуіне кепілдік бере алады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы неғұрлым жоғары болса, соғүрлым үйым нарық коньюктурасының күрт өзгеруіне тәуелсіз болып және де бұл Ұйымның банкротқа үшырау тәуекелдігі төмен болады.

Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылатын кәсіпорынның қаржылық-

экономикалық жағдайын талдау мен болжау әдістері нарық экономи-касының даму дәрежесіне сәйкес келмейді. Бухгалтерлік және ста-тистикалық есеп беруге бірқатар өзгерістер енгізілгенімен, жалпы ол кәсіпорынды нарық жағдайында басқару қажеттіліктеріне сай келмейді, себебі кәсіпорынның есеп беруінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылы-ғын бағалауға арналған жеке форма немесе арнайы бір бөлімі жоқ. Кәсіп-орынның қаржылық жағдайын талдау қандайда бір қажетті кезде ғана жүргізіліп, ал басқа уақыттарда міндетті болып табылмайды.

Қаржылық жағдай кәсіпорынның өзінің шаруашылық қызметін қаржы-ландыру қабілеті ретінде түсіндіріледі. Ол кәсіпорынны қалыпты қыз-меті үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, олар-дың мақсатты жүмсалуы және нәтижелі пайдалануымен, басқа заңды және жеке түлғалармен қаржылық қарым-қатынастарымен, төлем қабілеттілігі және қаржылық жағдайымен сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және дағдарыс-тық болуы мүмкін. Кәсіпорынның төлемдерді мерзімінде төлеу, өзінің шаруашылық қызметін кең негізде қаржылындыру қабілеті оның қаржы-лық жағдайының тұрақты екендігін білдіреді. Экономиканың нарық жағ-дайында дамып, кәсіпорынның банкротқа ұшырауына жол бермеу үшін қаржыны қалай басқару керек екендігін, капитал құрылымының құрамы мен құрылу көздері бойынша қандай болу керектігі, олардың қандай бөлігі-меншікті капитал, қандай бөлігі - тартылған капитал болу керек-тігін білу керек.

Талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі кемшіліктерді дер кезінде тауып оларды жою, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен оның төлем қабілеттілігін жоғарылату резервтерін табу.

Қаржылық жағдайды таддаумен көсіпорынның басшысы және тиісті органдары ғана айналыспай, сонымен қатар кәсіпорынның құрылтайшы- лары және инвесторлары - ресурстарды пайдалану нәтижелігін зерттеу

мақсатымен, банкілер - несие беру жағдайларын бағалау және тәуекелділік деңгейін анықтау мақсатымен, жабдықтаушылар - төлемдердің дер кезінде төленуі үшін, салық комитеттері - салық төлемдерінің бюджетке түсу жоспарының орындалуы үшін, тағыда басқа жұмыстармен айналысады. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын экономикалық жағынан талдау ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі талдау кәсіпорын органдарымен жүргізіледі, оның нәтижелері яғни ақпаратты мәліметтері, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау, бақылау және болжау үшін қолданылады. Оның мақсаты ұйымдағы ақша қаражаттарының жоспарланған уақытта келіп түсуін қамтамасыз етіп, меншікті жөне тартылған қорларды барынша максималды пайда табуға, дағдарысқа (құлдырауға) ұшырау мүмкіндігін жоятындай етіп орналастыру.

Сыртқы талдауды Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттық мәліметтері негізінде инвесторлар, жабдықтаушылар, бақылау органдары жүргізеді. Оның мақсаты - барынша көп мөлшерде пайда табуды көздей отырып және зиян шегу мүмкіндіктерін жоюды қамтамасыз ететін қаражаттарды тиімді жүмсау мүмкіндігін анықтау.

Сөйтіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ іскерлік ынтымақтастығы әлеуетін (потенциал) анықтап, қаржылық және басқа да қатынастар бойынша кәсіпорынның және оның серіктестерінің (партнеры) экономикалық мүдделерінің және кепілділігінің қандай дәрежеде екендігін бағалайды. Міне осы айтылғандарды зерттеп ашып көрсету бүгінгі таңдағы ең негізгі актуалды тақырып болып табылады.

Сондықтанда диплом жұмысын орындау үшін "Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау" -деп аталатын тақырып таңдалынып алынды. Ал бұл теориялық ғылыми жұмысты зерттеу үшін "КазИнтер" акционерлік қоғамының бухгалтерлік мәліметтері пайдаланылды.

Ι Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысыныц ұйымдастырылуы

1. 1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.

Бухгалтерлік есеп Ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорынның жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай түтастай мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б. Де Солозаноның "Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді" -деп айтуы.

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп берумен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарымен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағындағы жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеумен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Кез-келген ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі жөне басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімдермен жасалынып шығарылған бүйымдарды есепке алуға, сатып өткізуге, табылады. Бухгалтерлік есеп

арқылы өндірілген өнімдермен жасалынып шығарылған бүйымдарды есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де үқыпты етіп бөліп жүмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық процесстердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық процестердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығыныңда есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорындарда мынандай қызметтерді атқарады:

  • болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін үйымда болыпжатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
  • Ұйымның қаржылық ақпаратты мәліметтерін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
  • қаржылық ақпараттық мәліметтерді беріп отырады, ал бұл осы деректер арқылы үйымды басқарубарысында түрлі шешімдер қабылдайды.

Көп жағдайларда бухгалтер мен есепшінің арасындағы
айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін
шатастырып алатындар да жиі кездеседі. Бұлар іс-
тәжірибеде өз қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып
отыратындығы әрине рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті
шаруашылық операцияларын тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады. ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады. ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған

ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады.

Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі көсіби міндеті бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелінген мәліметтерді беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпаратты мәліметтерді бірдей дәрежеде пайдаланатын екі түтынушы болмағандықтан жалпы сипаттағы қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен шектеулерді, үсынылатын ақпараттар көлемін объективті бағалау қажет. Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе адамдар арқылы жасалынатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез-келген кәсіпорында, яғни өнім өндірумен оларды сату, пайдалану, бөлу процестерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайымда түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп Ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асы-рылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етш отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады.

Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін

үлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпаратты мәліметтерімен көрсеткіштеріне сүйене отырып экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды қүжаттарымен мәліметтеріне қарай әрбір үжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы қүжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Көсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмаслынбауы, материалды құндылықтардың қатаң тәртіппен үқыптыда тиімді жүмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық түрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты түжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс үйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты Ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпаратты мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық қамтамасыз ету.

Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, Ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.

1. 2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-сипаттама, есеп саясаты

Диплом жұмысын жазу үшін мәліметтері
пайдаланылып отырған "КазИнтер" жабық акционерлік
қоғамы 1994 жылыдың 27 желтоқсанынан бастап Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлімі) және 1998
жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Акционерлік
қоғамдар туралы заңына сәйкес, сонымен қатар басқада қүқықтық
актілер бойынша өз жұмысын жүзеге асырып келеді. Жалпы бұл
жоғарыда аталған "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасының территориясында таза табыс алуға
бағытталған шаруашылық қызметін өткізу үшін қүрылтайшылармен қүрылған. Кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімі шектелмейді. "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында тіркелінген, яғни бұл фирманың мекен-жайы Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық көшесі номері 38 үй.

Қоғамның өз аты-жөні қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрі, штампы мен бланкісі, өзінің тауарлық белгісі мен символикасы, дербес балансы бар. Қызмет істеуі барысында бұл субъекті өзін-өзі қаржыландыру бойынша сонымен бірге еркін конверсияланатын валютаны қолданады.

Қоғам өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында өз акцияларын шығара алады жәнеде мынандай қызметтерді атқаруына болады:

  • Құрылыс құру жұмыстары;
  • жобалау конструкторлық жұмыстары;

- құрылыс материалдарын өндіру;
- туризм;

  • сыртқы экономикалық іс-әрекет;
  • ҚР заңдылығына сәйкес басқа да іс-әрекет түрлері.

Өзінің құрылған уақытында, яғни 1994 жылы"КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қоры сол уақыттағы заңға сәйкес 15807 мың теңгені құраған болатын. Бүгінгі таңда, яғни өзі қызмет істеп жұмыс жүргізгеннен кейін 8 жыл уақыт өткенде бұл жарғылық қоры 15807000 теңгеге тең болып отыр. Яғни акционерлік қоғамның жарғылық қоры алғашқы жарияланғаннан кейін оған өзгерістер енгізілмеген.

"КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының басқарушысы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.

Ал атқарушы органы - қоғамның президентіне, бақылаушы органы - тексеру комиссиясына немесе тексерушісіне жүктелген.

Қоғам жыл сайын акщионерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Бұл жиналыс есеп беретін жыл аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Аталған мерзім ішінде акционерлік қоғамным есепті кезендегі шаруашылық қызметіне аудит жүргізу жұмысы аяқталмаған жағдайда үш айға дейінгі мерзімге ұзартылынуы мүмкін. Жалпы жиналысты өткізуді қоғамның атқарушы органы немесе тәуелсіз тергеушілері жүзеге асыра алады. Бұл жиналыста мынандай мәселелер қарастырылуы мүмкін:

  • "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу,
  • қоғамның үлгісін өзгерту,
  • қоғамды ерікті түрде қайта құру және тарату,
  • қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерінөзгерту және де қоғамның шығарған акцияларын, облигацияларынсондай-ақ басқада құнды қағаздарын заңда және өзгеде заңактілерінде көзделген жағдайларда сатып алутуралы шешім қабылдау,
  • қоғамның атқарушы органының, тексеру комиссиясының(тексерушілерінің) мүшелерін сайлау және олардың тоқтату,
  • қоғамның жылдық қаржылық есебін, тексеру есебін бекіту,
  • қоғамның жылдық табысын, резервтік капитал және өзге деқорлардың қаражаттарын бөлу,
  • қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау және тағы дабасқа мәселелер.

ΙΙ Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің кұрамы мен құрылымы динамикасын талдау.

2. 1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.

Қазіргі кезде кәсіпкер үшін, инвесторлар, несие берушілер, акционерлер үшін де қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есептің ақпаратты мәліметтеріне экономикалық талдау жүргізудің маңызы зор. Есеп берудің негізгі нысаны - бухгалтерлік баланс болып табылады. Баланстың маңызы соншалықты үлкен, кейде қаржылық жағдайды талдауды балансты талдау деп те атайды. Балансты оқып білу, оның әрбір бабының мазмүнын, оны бағалау әдістерін, кәсіпорынның қызметіндегі ролін, басқа баптармен байланыстылығын, ондағы өзгерістердің мінездемелерін білу деген сөз. Соны-мен, көсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауды баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдаудан бастайық.

Баланс активінде капиталдың таратылуы туралы мәліметтер болады; бүдан нақты мүлік пен материалдық қорларға салымдар, кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге кеткен шығындары, қолма-қол ақшаның қалдықтары жайлы білуге болады.

Баланс активінің баптарының топталуының негізгі белгісі болып олардың өтімділік дәрежесі (ақша қаражаттарына айналу жылдамдығы) табылады. Осы белгі бойынша баланс активтері Ұзақ мерзімді немесе негізгі капитал және ағымдағы (айналымды) активтер болып бөлінеді. Кәсіпорын қаржаттары оның ішкі айналымында немесе оның сыртында пайдалануы мүмкін (дебиторлық борыш, құнды қағаздарды сатып алу, сату және т. б. ) .

Баланстың құрамы мен құрылымының серпінін талдау кәсіпорынның барлық мүлкінің және оның жеке түрлерінің өсуінің немесе келуінің абсолютті және салыстырмалы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Активтің өсуі немесе кемуі кәсіпорын қызметінің кеңеюі немесе тарылуы туралы мәлімдейді.

Бірақ та, кәсіпорынның мүлік қүқының өсу себептерін талдаған кезде, баланстың номиналды мәліметтерінің нақты мәліметтерден едәуір ауытқуларға әкеліп соқтыратын жоғары деңгейлі инфляцияның әсерін есепке алу керек. Біздің елеміздің тәжірибесінде инфляциялық процестердің есебі тек негізгі құралдардың баланстық құнын анықтағанда ғана жүргізіледі. Өндірістік запастардың, дайын өнімдердің және тауарлардың қайта бағалануы біздің еліміздегі ссеп-талдамалық тәжірибеде жүргізілмейді. Сондықтан, олардың қүндарының өсуіне инфляциялық фактор әсер етеді. Кәсіпорынның қаражаттарының таратылуы қаржылық қызмет және оның тиімділігін арттыруды өте үлкен маңызы бар. Ұзақ мерзімді жөне ағымдағы активтерге қаншалықты қаражат бөлінді, олардың ара қатынасы қаншалықты оптималды екендігіне өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижелері байланысты. Егер кәсіпорынның құрылған өндірістік қуаты шикізат, материал жетіспеушілігімен толық пайдаланылмаса, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізеді. Тура сондай жағдай кәсіпорындағы өндірістік қуаттарымен тез өндіріле алынбайтын шамадан тыс өндірістік қорлар құрылғанда болады. Осының нәтижесінде капитал тоқтап қалады, оның айналымдылығы баяулайды, ал бұл болса кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне әкеліп соғады.

Жоғары деңгейлі қаржылық нәтижелер, рентабельдіктің жоғары деңгейі кезінде де кәсіпорын егер қаржылық ресурстарны нормадан тыс өндірістік қорларга жүмсаған немесе үлкен дебиторлық борыштың пайда болуына жол берген жағдайда қаржылық қиыншылықтарды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан, кәсіпорын активтерін талдау барысында ең алдымен олардың құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді зерттеп, оларға баға беру керек.

Активтердің құрамын баланс мәліметтері бойынша орналастырып, оны талдау үшін 1-талдамалық кесте құрылған.

:
:
Жьш басына: Жьш басына
Жыл аяғына: Жыл аяғына
Ауытқуы: Ауытқуы
құрылымының: құрылымының
:
: Көрсеткіштер
Жьш басына: Сомасы
Жыл аяғына: үлес
Ауытқуы: Сомасы
құрылымының: үлес
мың тг.
%
өзгеруі, тармақ
:
:
Жьш басына: Мың
Жыл аяғына: салмағы
Ауытқуы: мың тг.
құрылымының: салмағы
(Зб. -1б. )
(5б. :1б. хЮО)
б/ша (46. - 26. )
:
:
Жьш басына: тг.
Жыл аяғына: %-бен
Ауытқуы:
құрылымының: %-бен
: А
: Ә
Жьш басына: 1
Жыл аяғына: 2
Ауытқуы: 3
құрылымының: 4
5
6
7
: 1.
: Активтер құны
Жьш басына: 481560
Жыл аяғына: 100
Ауытқуы: 676084
құрылымының: 100
+194524
+40, 39
-
:
: оның ішінде:
Жьш басына:
Жыл аяғына:
Ауытқуы:
құрылымының:
:
: 1. 1. Ұзақ мерзімді
Жьш басына: 135007
Жыл аяғына: 28, 04
Ауытқуы: 148730
құрылымының: 22, 00
+13723
+10, 17
- 6, 04
:
: Активтер
Жьш басына:
Жыл аяғына:
Ауытқуы:
құрылымының:
:
: оның ішінде:
Жьш басына:
Жыл аяғына:
Ауытқуы:
құрылымының:
:
: а) негізгі қүралдар
Жьш басына: 125183
Жыл аяғына: 26, 00
Ауытқуы: 124256
құрылымының: 18, 38
-927
- 0, 74
' - 7, 62
:
:

б) қаржылық салымдар

в) МЕА

Жьш басына: 9824
Жыл аяғына: 2, 04
Ауытқуы:

24285

189

құрылымының:

3, 59

0, 02

+ 14461

189

+ 147, 20

0, 02

+ 1, 55

0, 02

:
: 1. 2. Ағымдағы активтер
Жьш басына: 346553
Жыл аяғына: 71, 96
Ауытқуы: 527354
құрылымының: 78, 00
+ 180801
+52, 17
+6, 04
:
: оның ішінде:
Жьш басына:
Жыл аяғына:
Ауытқуы:
құрылымының:
:
: а) тмқ
Жьш басына: 141417
Жыл аяғына: 29, 36
Ауытқуы: 187615
құрылымының: 27, 75
+46198
32, 66
-1, 61
:
:

б) дебиторлық борыш

в) ақша қаражаттары

Жьш басына:

190326

14810

Жыл аяғына:

39, 76

3, 07

Ауытқуы:

339576

136

құрылымының:

50, 22

0, 02

149250

-14647

+78, 4

-98, 9

+10, 7

-3, 05

: 2.
: Кәсіпорынның өңцірістік
Жьш басына:
Жыл аяғына:
Ауытқуы:
құрылымының:
:
: әлуетінің құны
Жьш басына: 258367
Жыл аяғына: 53, 65
Ауытқуы: 273749
құрылымының: 40, 49
+15382
+5, 95
- 13, 16

1-кесте

ЖАҚ "КазИнтер" 2005 жыл ішіндегі баланс активтерінің құрамы мен құрылымы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның баланс өтімділігін талдау
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және баға беру
Кәсіпорын балансының өтімділігін бағалау
Кәсіпорын балансы
Тұрақты міндеттемелер
Кәсіпорынның айналым активтерін басқару және оларды оңтайландыру
Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдаудың негізгі көрсеткіштері
АвтоДом Павлодар» ЖШС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz