Әлеуметтік қоргау жүйесін құрудагы альтернативтілік принципі


М А З М Ұ Н Ы
беттер
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Жыл сайынғы Жолдауларында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев реформалардың әлеуметтік бағыттылығы мен жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыруға ерекше көңіл аударады. Елбасы республикамыздың әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігінен орын алатын елдер тобына үміткерлер қатарынан көріну мақсатында өзінің Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік бағдарланған қоғам құруды анықтап берді. Онда «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдынғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз» делінген.
Әлеуметтік мемлекет көптеген құқықтық және қаржылық тұтқалар көмегімен өзінің әлеуметтік міндеттерін орындау мақсатымен экономикаға ықпал етеді. Әлемнің көптеген елдері әлеуметтік мемлекетке өз жолдарымен келген, онда барлық азаматтардың қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық реттеу механизмінің іс-әрекетінде қоғамның әлеуметтік құрылымы орныққан, сондай-ақ мемлекет экономиканың өзін-өзі реттеу мен табыстар деңгейінде жөнсіз алшақтыққа жол бермеу арқылы азаматтар категориясы арасында табыстарды бөлуді қадағалайды. Әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаты - әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құру, ол экономикалық және қоғамдық дамуының өз кезегінде нарықты өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік араласу, шаруашылық еркіндігі мен мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер арасындағы балансты табады. Бұл үшін экономикалық, қаржылық және әлеуметтік саясаттарды үйлесімді байланыстыру қажет.
Мемлекеттің барлық іс-әрекеттері - салықтар, жәрдем қаржылары, демеу қаржылары, бюджеттік ақша-несие саясаты, зейнетақымен қамтамасыз ету және тағы басқа адамзат дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан дамудың әр түрлі деңгейінде мемлекет халықты толғандырған мәселелерден тыс қала алмайды және қалуға тиіс емес. Мемлекеттің бұл ролі әлеуметтік саясат пен әлеуметтік салаға қатысты түрлі бағдарламалардың қабылданып, жүзеге асырылуынан көрінеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Осы жағдайларда елдегі халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне және әлеуметтік қорғалмағандар санының қысқаруына ықпал ететін, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау проблемасын қарастыру. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі өзіне тұрақты төленетін еңбек қызметін ынталандыруды; негізгі әлеуметтік қатерлер туындаған кезде әлеуметтік сақтандыру механизмдері көмегімен табыстардың бөлігін өтеуді; мемлекеттің көмегісіз өз тіршілігін қолдауға мүмкіндігі жоқ, халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді; білім беру, медициналық көмек, кәсіби дайындық сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге азаматтардың қол жетерлігін қамтамасыз ету жолдарын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеті. Әлеуметтік реформаны тереңдету бағдарламасы қаржы тұрақтылығын, экономикалық тиімділікті, әлеуметтік әділетті жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасында бөлетін әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін жасаудың өз алдына міндет етті. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын айта отырып, біз үкіметтің, қоғамның әртүрлі мүшелері мен топтарының кірістерін үлестіруге және қайта үлестіруге бағытталған іс-әрекетін түсінеміз. Осылай әлеуметтік саясатты тар мағынада түсіндіруге болады. Ал кең мағынада әлеуметтік саясат бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық реттеу бағыттарының бірі. Жалпыға мәлім әлеуметтік саясат қызмет көрсетудің шығындарын талап ететін қымбат түрі болып табылады.
1. ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Әлеуметтік саясаттың мәні және мазмұны
ХХ ғасырдың 30 жылдарында мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға араласу қажеттілігін дәлелдейді.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат - әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдап, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын және өмірлік деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру болып табылады. Осыған байланысты қоғамдық өндірістің шарттарын реттеу мақсатында мемлекет пен жүргізілетін іс-шараның құрамды бөлігі ретінде жүзеге асатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты тұтасымен елдегі жалпы экономикалық ахуалмен тығыз байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының негізгі бағыты болып есептеледі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен, қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені.
Әлеуметтік саясат- қоғамдағы әлеуметтік дамуды басқаратын, оның мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін сонымен қатар, әлеуметтік дифференциация үрдістерін реттеуге бағытталған саясат болып табылады.
Әлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі ең күрделісі- шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақтарды шешу болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Әлеуметтік мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек яғни халықты аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген.
Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік ұжымдар көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты және әлеуметтік саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.
Әлеуметтік саясаттың мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері функциялар жүйесінде ашылып, айқындалады. Олардың ішінде маңызды болып саналатындары:
1. қоғамдық әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың мүдделерін қорғау, келістіріп үйлестіру;
2. әлеуметтік өрістегі қоғамдық қайшылықтарды оңтайлы шешу, азаматтар мен мемлекет арасында «диалогты» орнатып, іске асыру;
3. халықтың әр түрлі қатарларын интеграциялау, олшардың мүдделерін жан-жақты дамытып үйлестіру, қоғамның әлеуметтік дамуын басқару;
Кең мағынадағы әлеуметтік саясат - қоғам мүшелері өмірінің барлық жақтарына ықпал жасайтын шешімдер мен іс шараларды қамтиды. Бұл: тауарлармен, тұрғын үймен, әлеуметтік құрылымның қызмет көрсету түрлерімен және орындарымен ақшалай табыстармен азаматтардың өмірлік қызметіне кепілдік беретін жағдайлар жасау;
Өзіндік әлеуметтік саясат оның нақтылы түрлері: отбасылық саясат, жастар саясаты, қарт адамдар және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саясаты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, әсіресе, өзгерістер кезінде айқындала түседі. Бұл өзгерістер еңбек қызметі процесінде, атап айтқанда, осы жағдайда оның гуманизмдік мазмұны анықталады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, халықтың әлеуметтік, кәсіби, ұлттық, жынысы, жастары бойынша жіктелетін топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу қайшылықтарға толы күрделі процесс. Халықтың әртүрлі топтарының қажеттіліктері, оларды іске асыру мүмкіншіліктері терең зерттеле берсе, сонда ғана олар әлеуметтік саясаттың міндеттерінде дәл және толық қамтылып тұжырымдалады.
Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік саясатының құрамына кіретіндер:
- халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету;
- әлеуметтік қолдау жүйесінің нарықтың экономикалық талаптарына сай қайта бағдарлануы;
- тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері;
- денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруды осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға сәйкестендіру;
- халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу;
- еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесіне көшу;
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Әлеуметтік саясаттың ұғымы мемлекеттің күнделікті жұмысында кеңінен қолданылатын категорияларына жатады және де ресми құжаттарда пайдаланады.
Әлеуметтік саясат көптеген ғылыми пікірталастардың тақырыбы болып отыр. Мұның себебі әлеуметтік саясат казіргі қоғамның жағдайларының ең маңызды өрісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік саясат мемлекет қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Әлеуметтік саясат қоғамның даму деңгейімен, ондағы халықтың өзіне тән менталитетімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттің өзінің әлеуметтік дамуындағы алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.
"Әлеуметтік саясат" термині өте кеш құрастырылып қолданыла бастады. Алайда, адамзат дамуының барлық кезеңінде әлеуметтік саясат түрлері мемлекет қызметінде тұжырымдалып, іске асырылып отырылған. Олардың негізгілеріне рухани және діни көзқарастардың, қалыптасқан дәстүрлердің әлеуметтік әділеттік жөніндегі түсініктері алынған. Басқаша айтқанда белгілі бір әлеуметтік саясат мемлекеттің осы өрістегі іс әрекеті негізі болып туындаған, кейіннен билеушілердің және өкіметтің қызметіне айналған.
Әлеуметтік саясаттың мәнін түсінуге байланысты мәселелер ерте заманнан ойшылдардың, оқымыстылардың аса көңіл бөлген тақырыптарың бірі болған.
Платон мен Аристотель "мемлекет орташа адамдардан болу керек" (орташа табысы бар) деп көрсетілген шынымен қазіргі орташа таптардың маңызы жәніндегі жоғары баға көне заман ойшылдарының іліміне таралған. Өйткені орташа тап қоғам тұрақтылығының негізгі факторы. Тіпті сонау ерте заманнан бастап әр түрлі мектептердің ғалымдары мемлекеттің міндеті - өзінің тұрғындарын қамқорлыққа алу деп саналады. Орташа тап - 10%, дамыған елдерде - 70-80%, миллионерлер - 5-7%.
Жаңа уақыттың ойшылдары, олардың ішінде Глоббал, Кант, Геккель тағы басқалар мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы міндеттемелерін көрсетеді және әділеттілікті ең басты әлеуметтік құндылық деп есептейді.
Шетелдік және отандық ғалымдар әлеуметтік саяси анықтамасын таңдаудың айтарлықтай жетік тұжырымдамалары қалыптасты. Барлық осы әдістемелік қадамдарды 5 топқа бөлуге болады.
1-ші әлеуметтік және қоғамдық мүдделерді біртұтас теңдестіріп қарастыруды қажет деп санайды. Осының нәтижесінде әлеуметтік саяси барлық қоғамның мүдделерін қамтитын проблемаларды шешудің әлеуметтік қызметі ретінде зерттеу, мақсаттарына қол жеткізу.
2-ші топтың әдістемелік қадамдары әлеуметтік-еңбектік қатынастарды негізге алады және олардың тұрақтылығына бағытталады. Еңбекпен капиталдың қатынастарын ретке келтіріп, реттеп отырады.
3-ші топтың концепциясы әлеуметтік саясаты қоғамдық қызметтің түрі ретінде қарастырады. Бұл мемлекеттің көмек және қоғамдық, қайырымдылық көрсету жүйесі. Ол қоғамның табысы аз мүшелеріне, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың төменгі деңгейін қамтамасыз етуге негізделген.
Концепциялардың 4-ші тобы әлеуметтік саясаттың бәрінен бұрын жеке және әлеуметтік теңсіздіктің қолайсыз нәтижелерін бәсеңдету құралы ретінде қарастырады.
Ең соңында адамдардың 5-ші тобы әлеуметтік әділеттілік және әлуметтік серіктестік принциптерін негізге алады. Көптеген қазіргі дамыған елдердегі іске асырылып отырған әлеуметтік саясат өз құрамына осы концепциялардың элементтерін кіргізген.
Жоғарыда қаралған концепцияларды қорытындылай отырып, әлеуметтік саясаттың анытамасын беруге болады.
Әлеуметтік саясат - бұл әлеуметтік дамудың мақсаттары, олардың талаптарына сайкес келетін әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізу, қоғам мен мемлекеттік идеологиалық көзқарастарының жиынтығы.
Қазақстанның қазіргі әлеуметтік саясаты бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында тұжырымдалған. Ол осы стратегияның үш басымдығы болып табылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты халықтардың нашар қорғалған қатарларын әлеуметтік қолдауға бағытталған. Әлжуас топтар: көп балалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастар.
Әлеуметтік саясаттың мазмұнын қарастырған кезде өте бір кең мағынада пайдалануға болады. Әлеуметтік құндылықтарға табиғи емес құндылықтардың барлығы жатады. Оның барлығы адамдарға арналған әлеуметтік саясатты іске асыру процесінде қарастырылған.
Өндірістік және өндірістік емес өрістерді шектеп бөліп қарау және соңғысына әлеуметтік өріс статусын беру өте тар мағынадағы көзқарас болып саналады. Еңбекті өндірістің негізгі факторы ретінде әлеуметтік өрістен бөліп тастау шын мәнінде теорияға қарсы келеді және де мұндай көзқарас негізсіз болып саналады. Алайда бұл көзқарастың артықшылықтары да бар: біріншіден мемлекеттік статистикада бейнеленетін шындықтардың әр түрлі облыстарын бөлшектеудің қажеттілігі әлеуметтік саясаттың мазмұнын анықтайтын қадамдардың айырмашылықтары әлеуметтік статистикадағы көрсеткіштердің сан алуан түрлерін бейнелейді.
БҰҰ-ң әлеуметтік саясаттың көрсеткіштерін келесідей бөлімдерге бөлуге болады: халық, қоғамның әлеуметтік құрылымы, отбасы және тұрмыс, табыстар және жинақталған қаржылықтар, өмір сүрудің деңгейі, денсаулық сақтау, азық-түлік тағамдарын қажетсіну, тұрғын үй жағдайлары, білім беру және мәдениет, еңбек жағдайлары және жұмыспен қамту, елді мекендерде тұратын халықтың өмір сүру деңгейі, әлеуметтік қамсыздандыру, балаларды өсіріп, жетілдіру және тәрбиелеу, мүгедектер, қарт адамдар мен зейнеткерлер, рухани статистика, қоғамдық қорлар.
Сонымен әлеуметтік саясаттың шекараларына жеке адамдардың және қоғамның өміріндегі мәселелер енгізеді.
Әлеуметтік саясат өрісі өмір сүрудің төменгі деңгейін қамтамасыз етуге және қоғамның әлсіз қорғалған мүшелерін қолдауға бағытталған саясаттан бастап, қоғамның қызмет көрсету мен дамуын қамтамасыз ететін шекараны алып жатады.
Қоғамдық дамудың мақсаты - барлығы жеке адамдар үшін қолдау көрсету мүмкіншіліктерінің өсуі және олардың адамдардың тегіне, әлеуметтік статусына физикалық және интеллектуалдық қабілетеріне байланысты көрсетіледі, сондықтан да қазіргі қоғамның әлеуметтік саясаты жеке адамдардың еркіндік дәрежесін жоғарлатуға, олардың таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге, өзін-өзін жан-жақты дамыту потенциалын іске асыруға бағытталған.
Әлеуметтік саясаттың сипаты мен мазмұны - мемлекеттің әлеуметтік басқару процесіне араласу дәрежесіне байланысты. Осыған байланысты қазіргі таңда дамыған мемлекеттердегі мамалекеттің әлеуметтік саясат түрлерін екі түрге бөлуге болады. Біріншісін, шартты түрде қалдықты деуге болады. Бұл жағдайда әлеуметтік саясат нарық орындай алмайтын функцияларды жүзеге асырады. Бұл масштабы бойынша шектелген және контингентті қамтитын саясат, әдетте белсенді емес және орын толтыратын сипатта. Оның концептуалды негіздері консерватизм идеяларының әсерінен қалыптасады. Бұл нұсқаның өкілі(танымал шартты деңгейімен) американдық модель болып табылады. Екінші топ - институтционалдық. Мұнда әлеуметтік саясат халықты әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады және жеке институттар жүйесіне қарағанда әлеуметтік экономикалық және саяси мағыналар құралында тиімдірек болып келеді. Бұл конструктивті және қайта бөлінетін саясат. Концептуалдық көзқараста бұл топ көп жағдайда әлеуметтік демократиялық идеологияның әсерінде болады.
Бұл екі топ кейбір компоненттердің болуымен немесе жоқтығымен ерекшеленбейді, керісінше, олардың қатынасымен, мемлекеттің әлеуметтік сфераға араласу деңгейімен қайта бөлу процестердің ролімен мемлекет қызметіндегі әлеуметтік мәселелердің басымдылық деңгейімен ерекшеленеді.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны- халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы. Әлеуметтік жағдай- бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.
Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйесінің өте маңызды факторларының әсері ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын қоғамдық жағдайлардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
- Қоғамдық құрылыс. Мұнда қоғамдық рольдердің негізгі үлестірімі бірінші
кезекте қанаушылар мен қаналушыларға бөлу, үстемдік ету мен бағыну бекітілген.
- Қоғамдық билік. Әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрушы әдіс ретінде.
Тікелей диктатурадан әлеуметтік серіктестікке дейін өзгеретін биліктегі үстемдік етуші топтың басымдылық немесе үстемдік үлгісі өте маңызды.
- Шаруашылықтағы билік(меншік) . Меншік - бұл әкімшілік-шаруашылық
қатынастар, яғни шаруашылықта маңызды шешімдер қабылдаушылар мен оларды орындаушыларға бөлу. Мүлікті бөлу билеуші мен бағынушылардың арасында көрініс табады. Меншіктің негізгі анықтаушылары болып мүлік емес, әкімшіл-шаруашылық қатынастар болып табылады.
- Экономикалық жағдай - тіршілік пен дамуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік
топтар мен бірлестіктердің әлеуметтік жағдайларының қалыпты эволюциясын суреттеуге қажетті жағдайлардың жиынтығы. Мұнда тек қана кірістер емес, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, коммуналды-тұрмыстық қызметтермен, үймен қамтамасыз ету, жабдықтау жағдайлары кіреді.
- Экологиялық қауіпсіздік- өндірістік сферадағы, тұрғылықты жерлердегі,
табиғи ортадағы экологиялық қауіпсіздік деңгейлері;
- Әлеуметтік қауіп - қатерден қорғану (әлеуметтік қорғаныс) - қоғамдағы
жағдайды сақтау мен жақсарту талаптарын қозғау кезіндегі субьектілерге сүйемел болатын әлеуметтік тәртіп.
Әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашу үшін кейбір маңызды аспектілердегі өзара әрекеттерін суреттеу қажет. Ол аспектілер мыналар:
- Әлеуметтік саясатқа нақты қатысатындар, ғни оның шеңберінде нақты әрекет етушілер мен әлеуметтік пассив субьектілерді анықтау;
- Ең беделді адамдар (класстардың, әлеуметтік топтардың) ;
- Субьектілердің әлеуметтік жағдайларын шешу жолдары;
- Субьектілердің қазіргі таңдағы ең маңызды әлеуметтік мәселелері;
- Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің орны;
- Әлеуметтік саясаттың беделді субьектілердің мақсаттары, стратегиялары және бағдарламалық артықшылықтары;
- Әлеуметтік күштердің нақты тарихи арақатынасы;
- Әлеуметтік дамудың қалыптасқан тұрақты тенденциясы және бағыттары;
- Қоғамдағы тұрақтылықтың деңгейі, оның тұрақтылығы мен тұрақсыздығының маңызды факторлары (бұл әлеуметтік қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері) ;
Әлеуметтік саясаттың пәні дегеніміз ғылымның құрамдас бөлігі, заңдылықтар, қоғамның мазмұнды қарым-қатынасы, сонымен қатар қоғамдық тәжірибенің процестері мен факторлары. Мұнда әлеуметтік топтар жағдайына байланысты қатынасқа түседі. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын сяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік ұжымдар көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады. [1]
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің дифференциясын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нарықтық экономикаға қатысуымен, азаматтардың жағдайларын түзетудің, белгілі тәсілдерін, халықтың барлық топтарына әлеуметтік кепілдіктер жүйесін құруды мақсат ететініне, әлеуметтік әділеттілік қағидасы жүзеге асады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат бірнеше принциптерді біріктіріп, қалыптастырады. Оларды келесідей етіп жіктеуге болады: әлеуметтік әділеттілік принципі; әлеуметтік жауапкершілік принципі; әлеуметтік ынтымақтастық принципі; әлеуметтік серіктестік принципі; әлеуметтік орын толтыру принципі;
әлеуметтік кепілдік беру принципі;
Бұлардың ішіндегі ең бастысы әлеуметтік әділеттілік принципі деп атауға болады. Әлеуметтік әділеттілік демократиялық қоғамдық сана-сезімнің жалпыға мәлім құндылығы болып саналады. Алайда әлеуметтік әділеттілік принципі жариялау және де оны мойындау осы көп мағыналы ұғымның құрамы жөнінде түсінік бере алады.
Аристотель әділеттіліктің 2 түрінің арасындағы қайшылықты әлеуметтік мағынада бірінші болып талдаған:
- әлеуметтік мүмкіншіліктер тұрғысынан қарағанда, әділеттілік - бұл жеке адамдарға, олардың әлеуметтік айырмашылықтарына байланыссыз берілетін әділеттілік;
- адамдардың өзінің еңбегінің қол жеткізген жетістігінің нәтижесіндегі әділеттілік;
Осы екі үлгі біркелкі бірдей және бөліп берілетін әділеттілік деп аталады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір мағыналы мазмұннан тұрады.
1. Әділеттіліктің біркелкі, бірдей берілетін түрі адамдарға бірдей мүмкіншіліктер берген кезде жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік жағдайдың алғашқы кезңінде маңызды болып келеді. Осы екі принциптің әрқайсысының өзіне тән мағыналы мазмұны бар.
Әділеттіліктің біркелкі бірдей түрі адамдарға бір мүмкіншіліктер береді. Мұны әлеуметтік жағдайдың алғашқы кезіндегі дұрыс шешім деп санауға болады. Бұл жағдайда бөтен адамдармен салыстырғанда, кейбір жеке тұлғалардың әлсіздігі шын мәнінде объективті болып келетіні рас.
Алайда, жеке адамдардың қажеттіліктерін бірдей деңгейде қанағаттандыру көмек көрсетудің мотивациясын төмендетеді, еңбекке, шығармашылыққа деген ынтасын әлсіретеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz