Жалақының теңестірілген деңгейі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 6
1. 1 Еңбек нарығы және оның мәні . . . 6
1. 2 Жұмыссыздық түсінігі және жұмыспен қамту теориялары . . . 14
1. 3 Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік
саясаты . . . 21
2 АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ . . . 29
2. 1 Арқалық қаласындағы еңбек нарығының даму деңгейі . . . 29
2. 2 Арқалық қаласындағы еңбек нарығының
мәселелерін талдау . . . 42
2. 3 Арқалық қаласындағы жұмыссыздық мәселесін шешудегі шағын
кәсіпкерліктің әсерін талдау . . . 44
3 АЙМАҚТАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 50
3. 1 Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу және жетілдіру жолдары . . . 50
3. 2 Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибе . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78
КІРІСПЕ
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі түрде көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті (профессияны) таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалык тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті - еңбекшілерге тиімді енбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге, уақытша жұмыссыз калғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және казіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздыктың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік мектебінін теориясы - жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.
Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінін еркін аумактық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғаңда алатын стресс деңгейіңде қаралады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - аймақтағы еңбек нарығының дамуын талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеті - еңбек нарығының теориялық негіздерін ашу, аймақтағы еңбек нарығының даму деңгейін көрсету, аймақтағы еңбек нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі - аймақтағы еңбек нарығының даму деңгейі.
Еңбек нарығы, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тақырыптарын зерттеумен көптеген отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан. Олардың ішінде келесі кісілердің еңбектері осы жұмыста пайдаланылды: Я. Ә. Әубәкіров, Ө. Қ. Шеденов, С. Мәденов, Д. Қ. Қабдиев, А. И. Рофе және т. б.
1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Еңбек нарығы және оның мәні
Еңбек нарығы - жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу саласы. Еңбек нарығы арқылы жұмыс күшін белгілі бір мерзімге сату жүзеге асырылады. [1]
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі түрде көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті (профессияны) таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалык тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті - еңбекшілерге тиімді енбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге, уақытша жұмыссыз калғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Еңбек нарығы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар болмайды, бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір артықшылығы деген қағида берік орын алып келді. Қоғамдық пікір де осы тұрғыдан қалыптасқан еді. Елімізде нарықтық шаруашылық системасына көшуге орай экономикалық теория алдында бірсыпыра жаңа сұрақтар койғаны туралы жоғарыда сөз болды. Сол сұрақтардың бірі - еңбек нарығы және жұртшылықты еңбекке тарту мәселесі. Шындығында, 1989 жылдан бері әдебиет бетінде, түрлі ғылыми-өндірістік конференцияларда, жиналыстарда айтылған пікірлерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ біздің елде енбек нарығы болуға тиіс емес десе, екіншілері еңбек нарығы бар, бірақ ол тежелген, ерекше нарық дегенді айтып жүр. Әрине, кеңестік, дәстүрлік саяси экономия тендік, әділеттілік пен қазіргі ілгері дамыған елдердегі жалақы, еңбекке тарту, оған ынталандырумен байланыстырғысы келеді. Онымен бірге жаңа көзқарас еңбек проблемаларын зерттегеңде экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбектің сипаты мен мәні, оның тиімділігі, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды қажет етеді.
Енбек нарығының құрамдас бөлігі - жұмысшы күшінің сипатына да анықтама беру керек. Соңғы мезгілге дейін кеңестік экономикалық ой-пікірде жұмыс күші біздің елімізде тауар емес, оның себебі жұмысшылар өз мемлекетінің, коғамның қожасы болды, қанаушы үстем таптар жойылды, сондықтан жұмысшы өз еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын алды. Осы қағиданың дұрыс еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп берді. Себебі жоғарыда аталған топшылау шындыққа жатпады. Керісінше, жұмысшылар өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірісті басқарудан тыс қалды, олардың еңбекке деген белсенділігі де кеміді. Осыған орай теорияда және практикада жұмысшы күшін қайта даярлау, ұдайы өндіру, оның нақтылы құнын
анықтау мәселесі жете зерттелмеді. Осы жағдай кеңес елінде жұмыс орны мен жұмыс күшінің өте арзан болғанын анықтайтын себеп. Кеңес елінде де теориялық қағидалар қаншама теріс болғанымен, еңбек нарығы болды, бірақ та ол ашық түрде шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқара алмады. Жұмысшылар бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, түрлі мекемелерге жиі ауысып жүрді. Техникалық жабдықталуы, еңбек жағдайы және жалақысы жоғары кәсіпорындарды жұмысшылардың іздейтіні ақиқат. Осыған орай экономикадағы қолайсыз
жағдайдың бірі - жұмысшылардың жиі ауысуы болды. Мәселен, бұрынғы Одақ бойынша 80-жылдары бір жылда 20 миллиондай адам еңбек орнын ауыстыратын. Осындай құбылыс Қазақстан жағдайында да орын алды.
Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа көзқарас бойынша, жұмыс күші тауар ретінде қаралуы керек. Олай болса, жұмыс күшінің тұтыну құны және құны бар. Жұмыс күшінің тұтыну құны дегеніміз оның материалдық және рухани игіліктерді ендіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілеті. Жұмыс күші арқылы адам құн және қосымша құн өндіреді. Нарық қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуімен белгіленеді. Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесті тікелей және жанама реттеуі мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қайта құру, перспективалық, стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс.
Көп укладты экономикада жұмысшыны қабылдайтын кәсіпорын оның жұмыс күшінің сапасына ерекше назар аударады. Осыған орай еңбекақы да белгіленеді. Жұмысшының еңбекақысының мөлшеріне түрлі факторлар әсер етеді, оның ішінде еңбек туралы заң, ұжымдық шарт, салық саясаты т. б.
Қазір мемлекет енбекақыны жанама әдістермен реттеуді көздейді. Бірақ, нарық механизмі арқылы еңбекакыны реттеу әлі де болса қалыптасқан жоқ. Бұрынғы кеңес елінде қоғамдық меншік негізінде өндірістің заттай факторларын жоспарлы реттеп, еңбек ресурстарын даярлап, толық пайдалануға болады деген ұғым берік орнады. Осыған орай жеке адамның алдымен коғамдық өндірістегі өз еңбегінен басқа құн көретін еңбегі жоқ деген қағида орын алды. Сонымен барлық коғам мүшелерінің еңбекпен толық қамтылуы көзделеді. Осы теріс нұсқаудың салдарынан бүкіл экономикаға аз зардабы болмаған "кадрлар тапшылығы" пайда болды. Жұмыс орны көп болып, оны толтыруға адам саны жетпей жүрді. Мысалы, бұрынғы кеңес елінде металл кесетін станоктардың саны жұмысшы-станокшылардан екі есе артық болды. Қазірде де біздің республиканың кейбір кәсіпорындарында бос жұмыс орындары аз емес. Бірақ бұл орындарды толықтыру оңайға түспей отыр. Осыған кедергі жасайтын жағдайлар:
- кәсіпкерлік даярлау жүйесінің халық шаруашылығының нақтылы қажетінен алшақ болуы әлеуметтік инфрақұрылымның (ең алдымен тұрғын үй нарығынын) артта қалғаны, әр түрлі аймақтардағы өмір салты, тұрмыс жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылық;
- әр аймақтың жергілікті ерекшеліктері, Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары. Оған Семей ядролық полигоны, Арал төңірегіндегі және басқа да халық тұрмысына, денсаулығына нұқсан келтіретін апатты аймақтар жатады.
Қалаларда да жұмысқа мәжбүр болғандардың қатары көбеюде.
Қазақстанның село, ауылдарында (өнеркәсібінде де) озат елдермен салыстырғанда, еңбек өнімділігі төмен, мамандығы шамалы, ауыр қол еңбегінің үлес салмағы көп. Оған қоса басқару аппаратының ұлғаюын да айтпасқа болмас. Көптеген мекемелерде атқаратын еңбегінің пайдасы шамалы штаттар саны аз емес. Оның үстіне өндірісті және еңбекті ұйымдастыру дәрежесі көп жерде ойдағыдай болмай отыр. Уақыт үнемдеу айтарлықтай қызмет етпейді. Өндірісте бос уақыт өткізіп, еңбекақы алатындар да жиі кездеседі.
Тиімді экономикада еңбекке тарту ұтымды болу үшін, әрбір еңбекке жарамды адам шаруашылықтың түрлі салаларын өзінің жеке басының қабілеті мен мүмкіншілігіне сай таңдап алуы керек. Сонда ғана ол өндірістің пайдалы (рентабельді) болуына көмектесе алады. Сонымен бірге өндірістік кажетіне сәйкес, жұмысшының да кәсіптік дәрежесі болуы керек. Еңбек нарығын реттеудің талап-тілектері осындай.
Еңбек нарығында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін сатып алу және сату жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін ерекше "баға тепе-теңдігі" орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек нарығына әсері ерекше. [2]
Еңбек нарығы - бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық нарықтарда сияқты, еңбек нарығында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрылады.
Еңбек нарығы кез келген жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым шарты - жетілген бәсеке. Оның нарықтық сипаттамасы:
- кәсіпорындар санының көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелесуі;
- жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалданушылардың көптігі;
- еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы болмауы.
Еңбекке жинақталған сұраныс жетілген бәсеке нарығында жеке фирмалардың еңбегіне сұранысты жинақтау жолымен анықталады. Ал, фирма қанша жұмысшы санын жалдау керектігі жөніндегі сұрақты шешеді, еңбекке сұраныс бағасын, яғни еңбек ақысын анықтайды.
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша жұмысшыларды жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді. Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімнен түскен шектік табыс деп аталады. Шектік өнім, әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы өнім шығару көлемінің өзгеруін көрсетеді.
Шектік өнімнен түскен табыс, төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана, қосымша жұмысшы жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік нарығында еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады: жалақы және шектік өнім құны.
Жалакы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшерінің арасындағы тәуелділік еңбекке сұраныс қисығы бір қалыпты азаю сызығын береді (Сурет 1) .
Жұмыс бастылық көлемі
Сурет 1. Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік
Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, ондағы халықтың еңбекке жарамды бөлігі, орта сағат саны, бір жылдық істеген жұмысшы жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды.
Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты, жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде, еңбек ұсынысы көбейгенін көрсетеді. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі. Графикте өсуші сызық көрсетілген (Сурет 2) .
Жұмыс бастылық көлемі
Сурет 2. Еңбек ұсынысы мен жалақы мөлшерінің өзара байланысы
Еңбек ұсынысы екі құбылыспен сипатталады: "орнын басу әсері", "табыс әсері". Бұл жеке жұмысшының жалақысын көтергенде байқалады. Еңбек ақының өсуі белгілі мезетте, еңбекке ұсынысты көбейтеді, бірақ жоғары деңгейге жеткен кезде, одан ары қарай еңбек ақы өсуімен қысқарады. Жалақы көтерілуі еңбек ұсынысын өсіруге де, кемуге де әкеледі.
Себебі, жұмысқа жалданатын адам еңбек пен бос уақыт арасын таңдайды. Жұмыс табыс табуға мүмкіндік береді, бірақ бос уақыттан айырылады. Жалақы көтерілген кезде, жоғары төлейтін жұмыс үшін, бос уақытты құрбандыққа шалып, жұмысқа ден қояды. Нәтижесінде еңбек ұсынысы өседі. Мұнда "орын басу әсері" көрінеді. Болашақта жалақының өсуі "табыс әсеріне" жеткізеді, демек жоғарғы табыс еңбекті емес, бос уақытты ынталандырады, осы жағдайда ең арзан тауар ретінде қаралады. Сондықтан табыс өсуімен еңбек ұсынысы қысқарады.
Ұсыныс пен сұраныстың қиылысқан жері, жалақының теңестірілген деңгейін көрсетеді. Берілген жалақы деңгейі экономикада толық жұмыс бастылықты тұрақтандырады. Еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең (Сурет 3) .
Жұмыс бастылық деңгейі
Сурет 3. Жалақының теңестірілген деңгейі
Егер жалақы деңгейі темен және w 1 тең болса, бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан көп болғаны және кәсіпорындарда жұмысшылар жетіспейді.
Кәсіпорын жұмыс күшін ұстау мақсатымеи жалақыны көбейтеді. Сол кезде адамның көбі жұмыс алуға ұмтылады (ұсыныстың жоғары қозғалысы), кейде көтеріңкі жалақы, жұмыс берушілерді аз жұмысшы жалдауға мәжбүр етеді (сұраныстың темен қозғалысы) .
Егер жалақы w 2 деңгейіне жетсе, онда ұсыныс сұраныстан артады. Сондықтан кәсіпкерлер мүмкіндігінше төменгі жалақы ұсынумен бос орынды толтыра алады.
Жұмыс істеуге ынталанушылар саны азаяды (ұсыныс төмен), сонымен қатар, кәсіпкерлер аз жалақы мөлшерімен көп жұмысшы санын жалдай алады (сұраныс жоғары) . Сол кезде жалакы деңгейі w 0 тіреледі. Барлық кәсіпкер бос орнын толтырады, ынталанушылар жұмыс табады. Еңбектің ұсынысы мен сұранысы теңеседі (0 нүктесінде) .
Еңбек нарығында жетілмеген бәсекелестік жағдайында профсоюздар (жалақы ставкасы) мен үкімет ықпал етеді. [3]
Еңбек нарығының элементтері:
1. Нарықтық қарым-қатынастардың жақтары немесе нарық субъектілері: жұмыс берушілер немесе олардың өкілдері және жұмыс іздеп жүрген адамдар.
2. Еңбек нарығы субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейтін құқықтық актілер.
3. Еңбектің нақты түрлеріне еңбекақы мөлшерлемелерін және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін анықтайтын нарық конъютурасы - еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
4. Халықты жұмыспен қамту қызметтері (орталықтар, биржалар, бюролар және т. б. )
5. Еңбек нарығының инфрақұрылымы: жұмыскерлерді кәсіби бағдарлау, дайындау және қайта дайындау қызметі, жұмыспен қамту қорлары, жарнамалық фирмалар және т. б.
6. Өндірістен босатылып жіберілгендер, жаңа жұмыс орнына ауыстырылғанда, жұмыссыздар үшін әлеуметтік төлемдер және кепілдіктер жүйесі.
7. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің балама уақытша нысандары: қоғамдық жұмыстар, үйде істейтін еңбек, маусымдық жұмыстар және т. б.
Еңбек нарығының барлық элементтерінің бар болуы және өзара әрекеттестігі оның қалыпты қызмет етуі үшін қажет, бұл еңбек нарығының функцияларын орындау үшін барлық шарттар құрылған жағдай ретінде түсіндіріледі.
Еңбек нарығының қызметтері:
1. Еңбекті сатушылар мен сатып алушылардың кездесулерін ұйымдастыру.
2. Нарықтық өзара әрекеттестіктің әрбір жағының ішінде бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету.
3. Еңбекақының тепе-тең мөлшерлемелерін белгілеу.
4. Халықты жұмыспен қамту сұрақтарын шешуге мүмкіндік туғызу.
5. Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру. [4]
1. 2 Жұмыссыздық түсінігі және жұмыспен қамту теориялары
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы; бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т. б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамушының кері пропорционады болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше «себептері» бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтығ түрлерін негізінен екі топқа жәктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтын екінші тобына - «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдык, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғаңда алатын стресс деңгейіңде қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады [5] :
( 1. 1 )
мұндағы,
ЖД - жұмыссыздық деңгейі;
ЖС - жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz