Шаруа қожалықтарының даму концепциялары


Мазмұны
Кіріспе. . 6
1. Шаруа қожалықтары, олардың мәні және дамуының ерекшеліктері . . . 1
1. 1. Шаруа қожалығының мәні және мазмұны, оның маңызы……… . . . 1
1. 2. Шаруа қожалығының дамуы мен қызметін жүргізуінің дүниежүзілік тәжірибесі . . . 13
1. 3. Шаруа қожалықтарының тиімділігін арттырудағы кооперацияның алатын орны . . . 2
1. 4. Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін жүргізуі мен дамуы . . . 2
2
2. Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының қазіргі даму жағдайы……. . 3
2. 1 Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері және олардың шаруа қожалықтарының дамуына ықпалы . . . 3
2. 2. Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының дамуын және қазіргі жағдайын статистикалық зерттеу . . . 3
3. Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтары дамуын іске асырудың негізгі бағыттары . . . 5
3. 1. Шаруа қожалықтарының даму концепциялары . . . 5
3. 2. Бизнес жоспарлаудың әдістемелік негіздері және шаруа қожалықтарының тиімді көлемдерін негіздеу . . . 5
3. 3. Жамбыл облысында шаруа қожалықтарының кластерлік даму бағдарламасы. 6
Қорытынды . . . 7
Қолданылған әдебиеттер . . . 7
Қосымша . . . 7
Кіріспе
Қазақстанның қазіргі аграрлық нарығы тепе-теңсіздікпен, отандық өнім сапасының төмен және бағалардың жоғарылығымен, ауыл шаруашылық өндірісі, өнім өңдеу және көтерме сауда саласында бәсекенің жоқтығымен сипатталады. Мұндағы жалпы халық шаруашылығын, соның ішінде аграрлық секторды реформалаудын негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін көтеру, оның көлемін ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзіндік құнын әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті деңгейге дейін төмендету, халықты азық-түлік өнімімен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз ету болып отыр. Көзделген мақсатқа жету үшін агроөнеркәсіптік кешенде кәсіпорындардың жаңа ұйымдық формаларын құру, мықты меншік иелері мен өз еңбектерінің нәтижесіне барынша көп мүдделі, жерге толық кожайын тұлғалар тобының қалыптасуы мен өсуіне алып келуге тиіс басқа елдер тәжірибесі мен экономикалық ақыл-ойға сайып, меншік формаларын өзгерту жолымен құрылымдық қайта құру жүзеге асырылады.
Еліміздегі көп салалы экономиканың құрылуы және нарықтық қатынастардың дамуы көптеген меншік формалар мен шаруашылықтардың пайда болуына алып келді. Аграрлық секторда шаруа (фермер) қожалықтарының пайда болуымен көрінеді. Экономиканың күрделілігі және басқа мәселелерге қарамастан шаруа (фермер) қожалықтары өздерінің қызметін жүргізіп ары қарай даму үстінде. Олар шаруашылық қызметін жүргізудегі икемділігімен, нарық конъюнктурасының өзгеруіне жылдам бейімделуімен ерекшеленеді. Бірақ бір қатар артықшылықтарына қарамастан шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін шектейтін мәселелер бар:
- айналым қаржыларының жетіспеуі;
- өндірістің жергілікті жағдайларына пайдаланылатын шаруашылықтардың көлемі және мамандануы бойынша жеткілікті емес дәрежеде негізделген өндірісті тиімді ұйымдастыру әдістемелерін пайдалану;
- өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы өнімдері бағасының тепе-теңсіздігі;
- жеткілікті дәрежеде мемлекеттік қолдаудың болмауы;
- әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның жетілмеуі;
- техниканың тозуы;
- шаруашылықтағы табиғи ресурстардың тозуы;
- көтерме сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі;
- заң шығарушы үкіметтің жетілмеуі;
- импорттық азық-түлік үлесінің көбеюі;
- жалпы АӨК жүйесіндегі интеграцияның төмендігі.
Қазақстанның АӨК-де жүргізілген реформалар нәтижесінде, әртүрлі формалы ұйымдастыру құқықтық шаруашылықтар қызметінің негізінде экономиканың көп салалы секторы қалыптасты, шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншіктік құрылымы, олардың өзара арақатынасы және мемлекет аралық қатынасы өзгерді. Осыдан нарық құрылымдары мен бәсекелестіктің қалыптасуының материалдық алғышарты жасалады.
Қазіргі көп салалы экономиканың моделі жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің сонымен қатар шаруа (фермер) қожалықтарының экономикалық табиғатын талдау негізінде жататын шаруашылықтанудың ұйымдастыру экономикалық механизмі нарықтық типтегі ауыл шаруашылық құрылымдарын жасау алғышарты болады.
Аграрлық өндірістегі шаруа (фермер) қожалықтарының ары қарай дамуы және ролінің жоғарылауы жоғары рентабельді ауыл шаруашылық өндірісін қамтамасыз ету және ауыл еңбеккерлерінің табысын жоғарылату жағдайларын жасау үшін қажетті олардың оптимальді параметрлерін жасау бойынша бірінші кезекті мәселелерін шешу болады.
Бірақ аграрлық қатынастарды республиканың сан алуан аймақтық, ұлттық ерекшеліктерін ескерместен өзгерту ұйғарылған олардың тиімді өсуін болдырмады.
Бұл жағдайлардан шығудың жолы шаруа (фермер) қожалықтарының қызыметін тиімді жүргізуінің мәселерін; олардың отандық және шетелдік даму тәжірибесін зерттеу негізінде келешегін, заңдық және нормативтік базаларын еліміздің әртүрлі аймақтарында олардың құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін экономикалық жағдайларын, қазіргі материалдық техникалық базасының құрылуын және олардың тиімді пайдаланылуының теориялық әдістемелік мәселелерін зерттеу қажеттілігінен көрінеді. Бірақ берілген әдістемелік база аймақтық ерекшеліктерді ескеріп іске асыруды қажет етеді.
Тәжірибелік маңызыдылығы, фермерліктің дамуының табиғи шаруашылық зоналары ескеріліп теориялық және қолданбалы аспектіліерінің жеткіліксіз зерттелуі осы өзекті және дер кезінде зерттеу тақырыбын таңдаудың алғы шарты болды.
Шаруа еңбегінің тиімділігін арттыру мәселесіне 20-30 жылдардағы аграршы ғалымдар Н. А. Кондратьев, А. В. Чаянов, А. Н. Челинцевтердің, сонымен қатар қазіргі заманғы аграршылардан В. Ф. Башмачников, В. Р. Боев, А. М. Емельянов, В. А. Тихонов және де басқаларының еңбектері арналады. Сонымен бірге Қазақстанның да аграрлық экономикалық ғылымы бұл мәселені зерттеуде аз еңбек жасаған жоқ, ол В. В. Григорук, Т. Есіркепов, О. К. Есқараев, С. Еспаев, Т. Есполов, Х. Б. Жарекешов, Н. Н. Ибришев, Т. А. Нұрымбетов, М. Р. Расулов, Ш. К. Көпешов, Ғ. А. Қалиев, Ж. К. Қорғасбаев, Р. Ю. Куватов, А. Молдалиев, А. А. Сатыбалдин, М. И. Сигарев, Ж. С. Сүндетов, К. Ш. Шаймбетов, Б. Молдашев сынды ғалымдардың еңбектерінен көрінеді.
Бірақ өмір нарықтың дамуы жағдайында шаруа қожалықтарының ұйымдастыру экономикалық және қаржылық тұрақтануына көмектесетін әдістемелік ыңғай және методикалық тәсілдердің үздіксіз жетілдірілуін талап етеді. Олардың ары қарай алға басқан дамуына бағытталған теориялық негіздер тәжірибелік ұсыныстар жасалып, негізделуі қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты шаруа (фермер) қожалықтарының даму бағыты мен қаржы-экономикалық тұрақтануы бойынша ауыл шаруашылық өндірісінің аймақтық ерекшеліктерін ескеріп, ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттері белгіленді:
- шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерттеу және қорытындылау;
- аграрлық кәсіпкерлік қызмет формасы ретінде шаруа (фермер) қожалығының мәні мен мазмұнын ашып көрсету;
- шаруа (фермер) қожалықтары құрылуы мен дамуының шетелдік және отандық тәжірибелерін қорытындылау;
- шаруа (фермер) қожалықтары дамуының аймақтық және салалық ерекшеліктерін ескеріп мәселелерінің теориясы мен әдістемесін негіздеу;
- қазіргі жағдайда шаруа қожалықтарының құрылуы мен қызметін жүргізуінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;
- зерттелінетін аймақтың шаруа (фермер) қожалықтарының қазіргі жағдайын және қызметін жүргізуінің ұйымдастыру экономикалық ерекшеліктерін талдау;
Зерттеу обьектісіне Жамбыл облысының әртүрлі маманданған шаруа (фермер) қожалықтары таңдалды.
Зерттеудің заты шешімі олардың тиімділігін арттыруға бағытталған, шаруа қожалықтарының қалыптасуы және әрекет етуімен байланысты мәселелердің жиынтығы болып табылады
Ақпараттық негізі Қазақстан Республикасы статистика Агенттігі, Жамбыл облыстық статистика басқармасы материалдары, шаруа (фермер) қожалықтарының бастапқы есеп мәлметтері.
Зерттелінген жұмыс нәтижесінің процесінде келесі негізгі теоретико - методологиялық және тәжірибелік нәтижелер, яғни дипломдық жұмыстың ғылыми мәнін анықтайтын нәтижелер пайда болды:
- шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастырудың принциптері жүйелендірілді және негізделінді;
- шаруа (фермер) қожалылықтарының құрылуы мен қызмет етуінің маңызы және мазмұны аймақтық даму ерекшеліктерімен зерттелінді;
- Жамбыл облысының жағдайларына байланысты шаруа (фермер) қожалығының қызмет етуіне байланысты ұсыныстар өңделді;
- Жамбыл облысының жағдайында шаруа қожалықтарына бейімделген бизнес жоспар жасау әдістемесі;
- шаруа қожалығының ұйымдық модельдерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жасалынды;
- шаруа қожалықтары тиімді дамуының шаралары ұсынылды.
1. Шаруа қожалықтары, олардың мәні және дамуының ерекшеліктері
Шаруа қожалығының мәні және мазмұны, оның маңыз
Шаруа (фермер) қожалығы ұйымдастыру нысаны ретінде, ертеден жерге меншік иелері пайда болған уақыттан пайда бола бастады. Оның түпкілікті еңбекке деген икемділігі шаруашылық табиғи жағдайға жеткенге дейін өзгеріссіз қала берді. Бірақ, шаруашылық тауарлы сипатқа ие болғаннан бастап, олар нарықты экономикаға әсер ете бастады да қатынастар арасындағы дифференциациясы мен олардың әлеуметтік - экономикалық мазмұны өзгере бастады.
Ұйымдастыру - экономикалық негіздерді зерттеуде және шаруа қожалығының дамуының заңдылықтарына сәйкес жердегі қожалық нысаны сияқты, түбірлі мәселенің бірі шаруа қожалығы мәселесі болды. Сонымен қатар, экономика әдебиетінде шаруа қожалығының құрамына өз табиғатынан түрлі сипаттағы шаруашылық білімі пайда бола бастады.
Қазіргі заманғы экономикалық әдебиетте ауылдық жерлердегі тұрғындар, яғни ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын халықтар бір жағдайда оларды шаралар деп те атамыз, ал басқа сөзбен айтсақ - фермер деп те атауға болады.
Қазіргі кездегі тәжірибе бойынша фермер деп жекеше тәртіпте кәсіпкерлікпен айналысатын адамды атаймыз. Ал оның кәсіпорнын - фермерлік шаруашылық деп атаймыз.
Соңғы жылдары шаруашылықтың түрлі даму аспектілеріне арналған жұмыстың жаңа түрлері пайда бола бастады, мұнда авторлар шаруашылық пен фермер қожалықты түрлі өзіндік белгілері бойынша ажырата алады.
Фермер және шаруа қожалықтарының белгілері бойынша айырмашылығын анықтау үшін оларға жұмсалатын еңбекті қарастыру керек. Шаруа қожалығы шаруаның өзі мен шаруаның жанұясы негізінде құралған болуы керек. Ұйымдастырудың мұндай қызметі шаруа қожалығының сипаттамасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының нормативті актілерінің талдауы негізінде, әдебиеттер көздері мен экономикалық негізі, шаруа қожалығын (фермер) ерікті деп тануымызға болады.
Ол келесі негізгі белгілерден тұрады:
- кәсіпкерлік қызмет үшін құрылады;
- шаруашылық қызмет үшін ауыл шаруашылық маңызды жер қолданылады;
- негізгі шаруашылық қызметіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, және сату жатады;
- өндіріс шаруалар еңбегімен негізделеді;
- ауыл шаруашылығының тең құқылы құрылымдық бөлшегі болып табылады.
Шаруа қожалығының негізгі мәселесі ұйымдастыру принциптері мен қызметін жүргізу принциптері, және қоғамдық - экономикалық жүйе сипаттамасы болып табылады.
Қазіргі заманғы шаруа (фермер) қожалығы кәсіпкерлік қызметтің пайда келтіру мақсатында құрылады. А. В. Чаянов өз теориясын табиғи және жартылай табиғи шаруа қожалығы негізінде құраған.
Екіншіден, қазіргі шаруа (фермер) қожалығы өз қызметінде еңбекті қолданады, ал чаяновтың қожалығы жанұя мүшелерінің еңбегі нәтижесінде құралады.
А. В. Чаяновтың және оның замандастарының пікірлері бойынша, бүгінгі шаруа (фермер) қожалықтары тек фермер капиталистік типте болуы мүмкін.
Шаруа (фермер) қожалығының өндірістік ресурстарының тиімді қолданылу шарттарында оның тиімді өлшемдерінің қамтамасыздандыруы болып табылады.
Экономикалық тәжірибеде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өлшемдері өндіріс өнімдерінің санымен және өндірістік қорлар санымен анықтау қабылданған.
Шағын шаруашылық формасындағы ауыл шаруашылық кәсіпорнының өлшемі потенциалды мүмкіндіктерді анықтайды.
Өндірістік қызметтің, табиғи - климаттық және шаруашылықтану шарттарына сәйкес әр шаруа (фермер) қожалығын құруға деген құқық пен кіріспе әрбір азаматтың конституциялық құқығының бір бөлігі болып табылады. Елдегі аграрлық секторды реформалау процесінің маңыздысы ауыл шаруашылығы өндірісінің бірден бір жаңа типі - шаруа (фермерлік) қожалығының құрылуы болды.
Егер тәжірибелерді қорытындылайтын болсақ, онда шаруа (фермерлік) қожалығы келесі сипаттамалардан тұратындығын көруге болады:
- өндірістік - экономикалық дербестік;
- толық меншік құқығының заңды рәсімделуі;
- экономикалық серіктерді таңдауда еріктілік;
- мүшелердің тең құқылығы негізінде қызметін құру және жүргізу.
Экономикалық қиындықтар мен басқа да проблемаларға қарамастан, шаруа (фермер) қожалығы өмір сүруі мен дамуын жалғастыра береді.
1. 2. Шаруа қожалығының дамуы мен қызметін жүргізуінің дүниежүзілік тәжірибесі.
Фермерлік, қазіргі заман талаптарына сай, даму мен өмір сүру мүмкіндіктеріне ие шаруашылықтың жаңа бір түрі болып табылады. Бірақ, ауыл шарашылығы тенденцияларын талдай келе Батыс елдеріндегі, соның ішінде АҚШ-ты алатын болсақ, сонымен қатар еліміздің өзіндік тарихи тәжірибелерін алсақ, шаруа (фермер) қожалықтары тек кооперацияларда ғана қызметін тиімді жүргізе алатыны жөнінде қорытынды шығаруға болады. Фермерлердің өздерін алда не күтіп тұрғандығы немесе қандай қолдауға ие бола алатындығы жөнінде өзіндік жеке болжамдары мен жоспарлары болуы керек.
Экономика ғылымының сөзсіз жетістіктерінің бірі фермерлік өндірісті зерттейтін мәселелерді өңдеу жұмыстары болып табылады. Қазіргі уақытта фермер қожалығының қызметін жүргізуін, әлемдік ауыл шаруашылығындағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын анықтайтын белгілерінің бірі ретінде қарастыратын көзқарасты жалпы қабылданған деп есептеуге болады.
Шаруа (фермер) қожалығының ұйымдастырылған нысандары ортасында қазіргі кезде кеңінен танымал болып отырған жанұялық шаруа (фермер) қожалықтары болып табылады.
Егер шетелдік және отандық тәжірибеден аграрлы секторда шаруа қожалығы сияқты шаруашылықтың арнайы формалалры пайда бола бастады. Экономикалық қиындықтар мен басқа да проблемаларға қарамастан, шаруа (фермер) қожалығы өмір сүруі мен дамуын жалғастыра береді.
Қатынаста аса назар аударарлық мәселе АҚШ-тың фермер шаруашылығының жіктелуі мен типтелу тәжірибесі және оның біздің жағдайға сәйкес мүмкіндікте қолданылуы. АҚШ - та мұндай жұмысты жүргізу барысында жіктелу белгілер мен көрсеткіштер қолданылады. Олардың құрамына: орын ауыстырудағы зоналылық және салалы құрылым, тауарлылық, тауарлылық деңгейі, жер өңдеудің типі, параметрлер бойынша өлшемділік, меншіктік формасы және қызметін жүргізу процесінің иелерінің қатысуы, толық және толық емес деңгейдегі өндіріс процесіндегі фермердің мүмкіндіктері, еңбек ресурстарының қолданылу сипаттамасы және т. б.
Қазіргі уақытта фермерлік шаруашылық АҚШ - та өнім өндірудің ауыл шаруашылығындағы шамамен онға жуық өндіріс саласы бойынша мамандандырылады. Олардың мамандандырылуына сәйкес елімізде он фермер қожалығы бар территориялық - экономикалық аудан ерекшеленген (мамандандырылған және орналасқан зона) . Бұл аудандар толық есепте табиғи - климаттық, сонымен қатар (топырақ құрамы, климат, жауын-шашын, жердің бейімділігі т. б. ), және экономикалық (өткізу нарықтарына дейінгі қашықтық, сақтау мен қайта өңдеу құралдары, маркетингтің даму сатысы және т. б. ) шарттарды қарастырады.
Бұл шарттармен сәйкес өндірістің тиімділік деңгейіне тәуелді түрде әрбір территориялық - экономикалық аудан оның шамамен бес түрлі саласымен мамандандырылған. Мұнда олардың ішінде өндірістік тиімділік деңгейі жоғары деңгейдегі бір немесе екі түрлі өнім алынады.
Олар территориялық - экономикалық ауданның негізгі мамандандырылған саласы болып табылады. Мысалы, территориялы -экономикалық аудан, ауданы Аппалачи мен сонымен қатар оның құрамына Вирджиния, Шығыс Вирджиния, Солтүстік Каролина, Кентуки және Тенесси штаттары кіреді. Бұл аймақтар АҚШ - тың ең ірі темекі өндіруші аудандары болып табылады. Олармен бірге құрылым көрсеткішті мамандандырылған ауданның саласы - мал және сүт шаруашылықтары болып табылады.
Фермерлі шаруашылықтың классификациясы мен типизациясы нақтылы территориялық - экономикалық аудандарда өткізіледі. Мұнда сонымен қатар, тек бір ғана емес, толық көрсеткіштер пен белгілер жиыны қолданылады.
Шаруа (фермер) қожалығының мінездемесінде барлық функционалдылық пен экономикалық көрсеткіштер көрсетіледі:
- жеке меншік типі;
- жерді иелену;
- мамандандырылу;
- тауарлық деңгейі мен кіріс;
- өлшемді параметрлер және т. б. ;
Шаруа (фермер) қожалығының белгілері үшке бөлінеді
- жанұялық
- біріккен (кәсіпкерлік)
- акционерлі тип корпорациясы.
Жанұялық фермалар - фермер шаруашылықта көп кездесетін ұйымдастыру формасы. Ол жекеше меншіктің негізінде құралады, яғни жеке субъект немесе жанұялық жұп өзінің қаржылық және өндірістік жағдайына толығымен жауап берерлік жағдайға жеткенде туындайды. Қазіргі кезде олардың орташа үлес салмағы АҚШ бойынша барлық фермер шаруа қожалықтарының жалпы санының 87% пайызын құрайды.
Кәсіпкерлік типтегі фермалар елдегі барлық фермалардың шамамен 10% пайызын құрайды. Кәсіпкерлер қатарына көп жағдайда ата - аналар немес олардың балалары мен туыстары кіреді. Әрбір кәсіпкер барлық келіп түскен пайдалар мен кірістерді баршаға ортақ түрде бөлінеді. Фермер бизнес, кәсіпкерлік типтің ұйымдастыруымен құралады.
Ұйымдастырудың фермер шаруашылықтың формасының үшінші түрі - акционерлі типті корпорация болып табылады, ол заңды жеке тұлға статусына ие. Мұнда аталған заңды тұлға өз акционерлеріне шектелген жауапкершлікті жүзеге асыра отырып, өз бизнесін жүргізе алады. Корпорация акциясы басқа қолға берулуі немесе сыйға тартылуы мүмкін.
Акционерлік корпорациялар саны барлық АҚШ бойынша фермерлі қожалықтардың санымен есептегенде жалпы көлемі 3% пайызды құрайды. Фермер корпорациялардың көп бөлігі (олардың жалпы санының 90% пайызы) жанұялық, ал қалғаны жанұялық емес сипатта болады.
Алғашқы фермердің екі типі, ереже бойынша, ұсақ және орташа өлшемді болып келеді. Олар барлық АҚШ бойынша фермер қожалықтардың санымен есептегенде жалпы көлемі 97% пайызды құрайды және 80, 4% пайыз жер қазбаларын өндіріп және фермер шаруашылықтың тауарлық өнімдерінің 75% пайызын тасымалдайды.
АҚШ - та фермер шаруа қожалығы жерді пайдалануына байланысты үш топқа бөлінеді:
толық иегер - өзінің жеке меншік жерінде орналасқан ферма;
бөлшектік иегер - жеке меншік және арендаға алған жерде орналасқан ферма;
арендаға берілген - өңделетін жердің белгілі бір бөлігін ғана алатын ферма.
Барлық фермер қожалықтардың санының 55, 1% жердің толық иегерлері, ал 29, 3 % - бөлшектік және 15, 6% пайызы - арендаторлар болып табылады. Фермер, жаңа заман талаптарына сай, даму мен өмір сүру мүмкіндіктеріне ие шаруашылықтың бір түрі болып табылады. Бірақ, ауылшарашылығы тенденцияларын талдай келе Батыс елдеріндегі, соның ішінде Америка құрама штаттары елдерін алатын болсақ, сонымен қатар Ресейдің өзіндік тарихи “тәжірибесінің” өзін алсақ та шаруа (фермер) қожалығы тек кооперацияда ғана қызметін жүргізе алатындығы жөнінде қорытынды шығаруға болады.
Фермерлердің өздерін алда не күтіп тұрғандығы немесе қандай қолдауға ие бола алатындығы жөнінде өзіндік жеке болжамдары мен жоспарлары болуы керек. Экономика ғылымының қайталанбас жетістіктерінің бірі ретінде фермер өндірістің мәселелерін зерттейтін сұрақтарды өңдеу жұмыстары болып табылады. Бүгінгі күнде дүниежүзілік ауылшаруашылығының өндірістік күш және өндірістік қатынастарының даму критерияларының бірін анықтайтын, фермер шаруашылықтың функциональдануын қарастыру жөніндегі жалпы көзқарасқа тоқталуға болады.
АҚШ - да фермер шаруашылықтың өндірістік типі тура біздегі жағдайдай, көрсеткіштер шеңбері бойынша тауарлы өніммен байланысты анықтайды. Негізгі болып тауар деңгейі мен салалық құрылым, щаруашылық өлшемі табылады.
Тауарлық деңгейі бойынша фермер шаруашылықты - коммерциялық және комерциялық емес болып екіге бөлінеді. Ол үшін орындалу класы бойынша экономикалық шкала орнатылған. Ол сегіз кластан (түрден) және келесі градациядан тұрады: 1 мың доллардан 2, 5-ке дейін; 2, 5 мың доллардан 5 мыңға дейін; 5 мыңнан 10 мыңға дейін; 10 мыңнан 20 мыңға дейін; 20 мыңнан 40 мыңға дейін; 40 мыңнан 100 мыңға дейін; 100 мыңға 250 мыңға дейін және 250 мың доллардан жоғары. Мұндай бөлудің критериясы 40 мың доллар деңгей көлемінде болады. 40 мың доллар деңгей көлемінде фермер шаруашылық коммерциялық шаруашылыққа жатады және ол қазіргі кезде АҚШ фермаларының барлық санының 28% пайызын құрайды және барлық тауар өнімінің шамамен 90% пайызын құрайды.
Америка құрама штаттарының фермер шаруашылық тауарлық өнімдерінің көлеміне қатысты үш түрге бөлінеді:
- жай тауар өндірісі (натуральды сипатта қызметін жүргізу) ;
- жалдамалы еңбекті қажет ететін тауарлы - капиталистік фермалар;
- Ірі капиталистік корпорациялар.
Шаруа қожалығының негізгі белгілерінің бірі АҚШ - та олардың салалық құрылымының формальдану мінездемесі болып табылады. Өндірістік типтеуді коммерциялық шаруа қожалықтары арасында өткізеді. Ол проценттік қатынастың негізіне негізделген.
Сонда арнайы топқа ауарлы фермалар жатады. Олардың 50% пайызы ауыл шаруашылық өнімдері мен басқа да өнім түрлерінен алынған пайда болып саналады. Сондықтан да көрсеткіш АҚШ - тағы фермер шаруашылықтардағы екіге бөледі:
1. аз салалы (бір немесе екі салалы)
2. көп салалы.
Толығымен алғанда Америка құрама штаттары елдерінің салалық фермер шаруашылық құрылымы үш түрлі еңбектің құрылған рационалды түсінік пен олардың қолданылу негізін орналастыратынын міндетті түрде айта кетуіміз керек. (жалпы, жекеше және бірлік) .
АҚШ - тағы фермер шаруашылық өндірістік типизациясының методикалық негізгі классификациясы осындай. Біздің экономистеріміз жасаған ғылыми зерттелер нәтижесінде көргеніміздей, бұл принциптер жіктеуде және өндірістік фермер шаруашылық типтеуі Батыс Европа, Канада және Австралия елдерінде кеңінен етек алған.
Сонымен қатар, Ұлыбританияда заманға сай фермерлерді классификациялау көрсеткіштер жүйесі негізінде қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz