Шетел инвестициясын ұлттық экономикаға тартудың теориялық негізі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 5

Бөлім 1. Шетел инвестициясын ұлттық экономикаға тартудың теориялық негізі . . . 7

1. 1. Инвестицияның экономикалық мәні: жіктелуі мен құрылымы . . . 7

1. 2. Ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту факторлары мен инвестициялық ахуалды қалыптастыру . . . 16

1. 3. Экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың шетелдік

тәжірибесі . . . 27

Бөлім 2. Қазақстанның инвестициялық қызметін дамыту тенденциялары мен қазіргі жағдайы . . . 36

2. 1. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту жағдайына талдау . . . 36

2. 2. Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды құруды бағалау . . . 48

2. 3. Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестицияны тарту механизмі мен мемлекеттік реттеу . . . 63

Бөлім 3. Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары . . . 72

3. 1. индустриалды-инновациялық дамуы: экономикалық өсу мәселелері мен шетел инвестициясын тарту приоритеттері . . . 72

3. 2. Ұлттық экономикасны инвестициялаудың институционалдық жағдайларын жетілдіру . . . 83

Қортынды . . . 93

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 96

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикамыздың тәуелсіздігін жариялағанына қазіргі кезде он жылдан астам уақыт өтіп отыр. Сол күннен бастап Қазақстан шетел мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатуда. Мысалға, АҚШ Қазақстанға саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, АҚШ қазіргі кезде жиі кездесетін жаңа ресурстар жекешелендіруге қолдау көрсетуге бағытталған. Және Түркияны алатын болсақ, өз еліндегі экономикалық қиындықтарға қарамастан Түркия экономикалық қарым - қатынастарда белсенді және сенімді әріптес түрі екендігін, Қазақстанның құрылыс, сауда және телекоммуникация салаларында бетке ұстарлық іс әрекеттік байланыстарға түсетіндігін білдіреді.

Өтпелі кезеңдегі экономиканың дамуы көп жағдайларда инвестицияларға байланысты екендігі белгілі. Бұған біздің бүгінгі жағдайымыз дәлел бола алады. Сыртқы және ішкі инвестициялардың жалпы елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалының жақсаруына қандай ықпалы барын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осы орайда Алматы қаласында өткізілген “ Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері ” деген тақырыптағы семинар барысында көптеген жайттарға көз жеткізілген болатын. Сыртқы істер министрлігі инвестициялар жөніндегі комитетінің, қалалық әкімшілік жанындағы шағын кәсіп Департаментінің және экономика жөнідегі комитеттің өкілдері мен кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың жетекшілері қатысқан бұл семинардың мақсаты - инвестициялық климатты жетілдіру, экономика-ны дамыту үшін шетелдік және отандық инвестицияларды тарту.

Айрықша айта кетерлік жайт, соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік- экономикалық жағдайы айтарлықтай оңалды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығындағы құрылымда жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, инвестициялрды тарту, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Қазіргі кезде кең ауқымды проблемалардың бірі, шетел инвестицияларын тарту, яғни шетел инвестициялары арқылы елдің экономикасын көтеру, шағын және біріккен кәсіпорындарды құру, өндіріс орындарын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекет экономикасының тұрақты даму шартында ішкі және сыртқы ресурстарды тартып, оны тиімді қолдануда инвестициялық белсенділіктің атқаратын ролі өте зор.

Экономиканың болашақ бағыттағы еркіндігі, шаруа субъектілерінің және ұлттық шаруашылықтың кез келген сферадағы жеке меншік масштабында еркін экономиканың дамуы инвестицияны тартып, оны тиімді қолдануда халықаралық экономикалық байланыстың реттеуші құралдарының бірі болып есептеледі.

Тәуелсіздік алғаннан бері (1991-2003) Қазақстан Республикасы экономикасына шетел капитал салымының жалпы көлемі он млрд. АҚШ долларын құрайды. Тәжібие көрсеткендей, шетел инвестициясы ұлттық табиғи өндіріс және еңбек ресурстарымен қосылып прогрессивті технология енгізерде жоғары тиімділік жиынтығын, өндірісті жаңа әдістермен басқарып және ұйымдастыруды, шаруашылық айналымдарға бұрындары қолданылмаған табиғи айлықтарды белсенді қатыстыруды көрсетеді. Шетел инвесторлары тек ұлттық кәсіпорындарға өз капиталдарын салып қана қоймай, ол кәсіпорындарды қайта құрып, техникамен жабдықтауды, сонымен бірге әлемдік экспорт нарығына жол ашады, ол шаруа субъектілерінің цивилизациялы нарықтық қатынасқа үйреніп, олардың өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметтерін әлемдік стандарттарға жеткізуге көмектеседі. Сондықтан шетел инвестициясын реттеу, олардың қолдану бағытын жақсарту, республикадағы жағымды инвестициялық климатты жоғары дәрежеге жеткізіп, оны сақтау, шетел инвестициясын республика экономикасына тартуға жол ашады.

Ішкі ресурстардың жоқ болу шартынан, маңызды рольді, қазіргі таңда, шетел инвестициясы экономиканы деформациялауға, жетіспейтін өндіріс технологиясын сатып алуға, экономикаға жаңалық енгізуге, республиканың экспорттық мүмкіндіктерін іс жүзіне асыруға қажет.

Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, шетел инвестициясынсыз дағдарыстан шығу және экономикалық жаңартулар енгізу мүмкін емес.

Егер шетел инвестициясын тартуда мемлекет сәйкестендірілген шарттарды қоймаса, қандай да болмасын ел экономикасының дамуы мүмкін емес. Мемлекет өзінің экономикасының реттелу қызметі орындалуы үшін сәйкестендірілген заң шығару актілерін құрып, оның орындалуын қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қызмет бұл нормативті заң базасының толық дәрежесін іс жүзінде қолданып, үнемі бақылауда болуына тәуелді болады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы айтарлықтай жоғарыдан көрініп тұр.

Дипломдық жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасы үшін шет инвестицисын тартудың экономиканы дамытуда приоритеті жол екенін және тәуелсіз еліміздің әлемдік қоғамдастыққа енуінің бірден-бір көзі екенін ашып көрсету. Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды алдыма қойдым:

  • Жалпы инвестицияның экономикалық мәнін және түрлерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
  • Қазақстан Республикасының экономикасындағы шет ел инвестициясының қазіргі жағдайына талдау жасау;
  • Қазақстан Республикасының инвестиция саласындағы заңды-құқық базасын бағалау;
  • Шет ел инвестициясын тартудың приоритетті жолдарын және болашағын болжау.

БӨЛІМ 1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Инвестицияның экономикалық мәні: жіктелуі мен құрылымы

Инвестиция дегеніміз - пайда табу мақсатында ұлттық және шетел экономикасының әртүрлі салаларына жеке немесе мемлекеттік капиталды ұзақмерзімдік формада салуды өткізу, шығындардың жиынтығы. Сондықтанда инвестициялар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді инвестициялар жаңа құрылысқа, сонымен қатар өндірістік емес объектілер мен кәсіпорындар құру, ұлғайту және техникалық қайта жабдықтау формасындағы капиталдық құрылыспен іске асады. Инвестициялар - біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Орталықтандырылған жоспар жүйесі шегінде бір ғана ұғым қолданылады, бұл жерде негізгі қорды өндіруге, оны жөндеуге кеткен шығындар кіреді.

Қазақстан Республикасының 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған заңында өзгерістер мен қосымшалар инвестицияға келесі анықтама береді: Инвестиция ұғымына - меншіктің және интеллектуалды бағалықтардың барлық түрі кіреді. Олар табыс алу мақсатымен кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынады:

- қозғалатын, қозғалмайтын мүлік және меншіктік құқықтар;

- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа формалары;

- облигациялар және басқа қарыз міндеттемелері;

- инвестицияға байланысты келісім шартпен орындалған ақшалай соммадағы, -тауарларға және қызметтерге қажеттілік;

- мемлекет органдарымен берілген лицензияланған немесе басқа формадағы қызметті орындауға жұмсалған құқық.

Инвестициялау - ол табыс табу мақсатымен кәсіпкерлік қызмет объекті-леріне шетел инвестициясын салуды жүзеге асырумен байланысты қызмет.

Кең ауқымда инвестицияның астында ақшалай құралдар, меншіктік және мемлекеттік интеллектуалды бағалықтар, жаңа кәсіпорындарды соғуға, дамытуға, қайта жөндеуге және техникамен жабдықтауға бағытталған заңды және жеке тұлғалар, мүлікті салу, табыс табу мақсатымен акция, облигация және басқа бағалы қағаздарды және активтерді сатып алу.

Инвестиция түсінігі - “салу” деген мағынаны білдіреді. Тәжірбиелік түрде елдің ішкі экономикасы саласына және шетелге капитал салу болып табылады.

Инвестициялар - олар меншік және интеллектуалды бағалықтардың барлық түрі. Олар кәсіпкерлік жоба және т. б қызметтерге салынатын қаражат, нәтижесінде табыс құрылып және әлеуметтік тиімділікке қол жеткізеді.

Инвестициялық қызмет - ол азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің инвестицияны шығарудағы тәжірбиелік қимыл жиынтығы.

Инветициялық қызметтің объектісі болып, кез келген меншік, оның ішінде ұлттың шаруашылықтың барлық саласыныдағы негізгі қорлар және айналым құралдары, бағалы қағаздар, бағытты ақшалай салымдар, ғылыми- техникалық өнімдер, интеллектуалды бағалықтар, т. б меншік объектілері, сонымен бірге меншіктік құқықттар жатады. Ал субъектілері болып, елдің және шетелдің азаматтары және заңды тұлғалары, сонымен бірге мемлекет жатады. Шетел инвестициясы- бағалықтардың барлық түрі, олар инвестициялық қызмет объектілеріне шетел инвесторларымен, сәйкес заңға бағынатын қаражат салымы болып табылады.

Инвестицияның экономикалық мәні, айтылып кеткендей, инвесторлар болашақта көлемін көбейту бағытымен салынған қаражат. Капитал көлемінің жоғары болуы және инвестициялық қозғалыстың оңды орындалуына қол жеткізу үшін ең маңызды нәтижесі - одан түсетін табыс болып табылады. Бұл екі процесс - капитал салу және табыс түсіру- әртүрлі уақыт жиілігінен туындауы мүмкін.

Инвестицияны барлық жағдайда тек капитал салымы деп түсіну қате, себебі бұл не капитал өсіміне, не пайданың түсуіне әкелмеу шарты бар. Бұларға көбінесе, тұтыну инвестициясы жатады (телевизор, автомобиль, пәтер, дача, т. б сатып алу. ), олар өзінің экономикалық мазмұнына байланысты инвестицияға жатады. Бұл қаражат тұтыну тауарларын ұзақ мерзімге сатып алуға жұмсалады. Ал біздің қарастырып жатқан инвестицияларымыз өндірістің негізгі қорына салынған капитал туралы болмақ. Сонымен қатар инвестициялар айналмалы актив және әртүрлі қаржы құралы (акция, облигация т. б) түрде іс жүзіне асырылуы мүмкін.

Шетелдік инвестиция дегеніміз - шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған операциялар үшін төлемдерді, капиталды орналастыру мақсатында шетелдік компаниялардан акциялар мен облигацияларды сатып алуды, басқа да құнды қағаздардың портфелін диверсификациялауды айтамыз. Капитал ауысуы екі түрде орындалады:

- ссудалық капитал, мемлекеттер арасындағы және халықаралық экономикалық ұйымдар арасындағы несие, заем бойынша қарым- қатынас;

- кәсіпкерлік капитал, бұл капиталды салудың негізгі мақсаты жоғары пайда табу.

Қазіргі уақытта инвестициялаудың жаңа формалары болып пайда болған. Мысалы, біріккен кәсіпорын бірлесіп өнеркәсіп объектілерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру, лицензиялық келісімдерді орнатады.

Кәсіпкерлік капитал ірі екі топқа бөлінеді:

- қазыналық (портфелді) ;

- нақты (тікелей) .

Портфелді инвестиция - жобаларға салынатын капиталды айтамыз. Мысалы, бірнеше кәсіпорындардың құнды қағаздардын сатып алу. Бұл жерде инвестордың негізгі мақсаты тиімді инвестициялық қоржынды немесе портфельді ұйымдастыру және оны басқару міндетті түрде осы процесс қор нарықтарында құнды қағаздарды сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Нақты инвестиция - белгілі ұзақ мерзімді жобаларға қаржы салымдары. Әдетте инвестицияның осы түрі нақты активтерді сатып алумен байланысты. Халықаралық валюта қорының әдістемесі бойынша тікелей инвестицияға жеке меншік компанияларды құру және шетелдік кәсіпорындарға капиталды акционерлік капиталдың жалпы көлемінен 25%-тен кем емес құрайтын капитал жұмсауын айтады. Неміс профессоры Вайрих ұсынған инвестициялар классификациясы келесідей көрсетіледі:

  1. капитал салымының объектілеріне байланысты келесі түрлері анықталады:

- мүлікке инвестициялар;

- қаржылық инвестициялар;

- материалды емес инвестициялар.

Бірқатар анықтамада белгіленгендей, инвестициялар ұзақ мерзімге салынған ақша қаражаты болып есептеледі. Сонымен бірге инвестиция қысқа мерзімді де болады (мысалы, қысқа мерзімді акцияға салынған қаржы, жинақ сертификаттары т. б) .

“ Инвестиция ” түсінігі бірнеше әртүрлі кәсіпкерлік қызметін біріктіретін категория. Оны толық түсіну үшін мына төмендегі классификацияға көңіл бөлген жөн.

1) Салу объектісі бойынша:

а) қаржылық инвестиция - корпоративті құқық, бағалы қағаздар т. б қаржылық құралдарды иемдену болып табылады. Қаржылық инвестициялар тікелей, портфельді болып бөлінеді;

ә) нақты капитал инвестициясы - реалды активке каптиал салу- тұрғын ұй, ғимарат, аммортизацияға ұшырыған қозғалмайтын мүлік объектілері, басқа негізгі қорлар, материалды емес активтер т. б болып табылады;

2) мінез - құлқы бойынша инвестиция:

а) тікелей инвестициялар - инвесторлардың инвестициялау объектілеріне тікелей салымы. Бұл инвестиция түрін, көбінесе, білікті инвесторлар іс жүзіне асырады және бұл инвесторлар инвестицияланатын объект туралы ақпараттарды жетік білуі қажет;

б) тікелей емес инвестициялар - басқа тұлғалармен инвестициялау процесі (инвестициялық және қаржылық делдалдар) . Бұл инвестиция түрімен толық квалификацияланбаған, болашақта инвестицияланған объектісін басқаруға білімі толық емес инвесторлар айналысады. Бұл жағдайда олар инвестициялық және басқа да қаржылық делдалдармен сатылған бағалы қағаздарды сатып алады, ал делдалдар бұл жинақталған қаражаттарды өз қалауынша объектіге салады, тиімді деген инвестицияланатын объектіні таңдайды, оларды басқаруға қатысады. Ал кейін алынған табыс клиенттердің арасында бөліске түседі.

3) мерзімі бойынша инвестиция:

а) қысқа мерзімді - бір жылдан аспайтын уақытқа капитал салу (қысқа мерзімді салымдар, қысқа мерзімді жинақ сертификаттарын сатып алу т. б) ;

ә) ұзақ мерзімді - бір жыл және одан көп уақытқа салынған капитал.

4) Аймақ бойынша инвестиция:

а) ішкі инвестиция - белгілі бір ел шекарасындағы объектіні инвестициялауға салынған қаржы;

ә) шекарадан тыс инвестиция (сыртқы) - белгілі бір ел шекарасынан шыққан объектіні инвестициялауға салынған қаржы;

5) Меншік формасы бойыша инвестиция:

а) жеке меншік - мемлекеттік емес меншік формасындағы кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың іс жүзіне асыратын капитал салымы;

ә) мемлекеттік меншік - бюджет есебімен, бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар өздерінің меншік шоты бар немесе қарыз құралдарын пайдаланушы мемелекеттік кәсіпорындардың, орталық және жергілікті органдарының басқаруымен салынған салымдар;

б) шетелдік инвестициялар - шетел азаматтарымен, заңды тұлғларымен, мемлекеттерімен іс жүзіне асырылатын салымдар;

в) біріккен инвестициялар - өзінің және шетел мемлекеттерімен іс жүзіне асырылатын салым.

Инвестициялардың барлық қарастырылған типтерінің мазмұндық талдауы, оларды жинақталған классификация түрінде көрсетіп, топтастыруға мүмкіндік берді (кесте 1) .

Тікелей инвестицияны мемлекетпен құптау мына жағдайлармен шектеледі:

  • инвестициялық қызметті қамтамасыз етуде заңды кепілдеу;
  • жеңілдік және преференция жүйесін қабылдау;
  • Қазақстан Республикасы үкіметінің халықаралық ұйымдар және Қазақстан Республикасының сәйкес құқықтық актілермен бекітілген саяси және регулятивті тәуекелділікке кепілдік беретін келісім шарттарды жүзеге асыру.

Мемлекеттің тікелей инвестицияны қалыптастырудағы негізгі мақсаты маңызды инвестициялық ахуалды орнату. Ол тауар өндірісінің, жұмыс және приоритетті экономика секторындағы қызметтің дамуын тездетеді.

Даму процесінде Қазақстан Республикасының негізгі мақсаты келесі мәселелерді шешу:

  1. жаңа технология және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлар және қызметтермен толықтыру;
  2. отандық тауар өнімдерін мемлекет тарапынан қолдау және стимулдау;
  3. экспорториенттелінген және ипорториенттелінген тауар өндірістерін дамыту;
  4. Қазақстан Республикасының шикізат базасын рационалды және комплексті қолдану;
  5. менеджмент және маркетингке жаңа әдістерді енгізу;
  6. жаңа жұмыс орындарын құру;
  7. жергілікті кадрлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу, олардың мамандану деңгейін жоғарлату;
  8. өндіріс интенсификациясын қамтамасыз ету;
  9. қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Инвестиция қызметін мемлекет тарапынан реттеу өндіріс позициясында капитал салуды іс жүзіне асырады және Қазақстан Республикасының мемлекет басқару органдарымен жүргізіледі. Атап айтсақ, құрылыс шығыны - ғимарат және мекемелерді соғудағы монтаждық жұмыстар; машина және құрал жабдықтар сатып алу; жобалы- зерттеулік жұмыстар; соғылғалы жатқан дирекцияны асырау; кадрлерді дайындау; жер учаскілері және құрылысқа байланысты көшіп- қону шығындары және т. б.

Кесте 1. Әртүрлі белгілері бойынша инвестицияның классификациясы

Инвестицияның классификациялық белгілері: Инвестицияның классификациялық белгілері
Инвестиция типтері: Инвестиция типтері
Инвестицияның классификациялық белгілері: Құрылымдық формасы бойынша
Инвестиция типтері:

Инвестициялық жоба - көрсетеді:инвестициялық қызметтің белгілі бір объектісінің санын және екіншіден, инвестицияның бір формасының өткізілуін.

Шаруашылық субъектінің инвестициялық қоржыны бір инвестордың әртүрлі формадағы инвестицияларын енгізеді.

Инвестицияның классификациялық белгілері: Инвестициялық қызмет объектілері бойынша
Инвестиция типтері:

Ұзақмерзімді нақты инвестициялар (капиталдық инвестициялық салымдар) материалдық және материалдық емес активтерге, негізгі қорларды құру мен ұдайы өндіруге салынатын инвестициялар

Қысқамерзімді мнвестициялар өзгермелі капиталға салым(тауарлы-материалдық қорлар, бағалы қағаздар және т. б. ) .

Қаржылық инвестициялар мемлекеттік және корпоративті бағалы қағаздарға салынатын капитал.

Инвестицияның классификациялық белгілері: Инвестициялық ресурстарға меншік формалары бойынша
Инвестиция типтері:

Жекелеген

Мемлекеттік

Шетелдік

Аралас

Инвестицияның классификациялық белгілері: Инвестициялауға қатысу мінезі бойынша
Инвестиция типтері:

Тікелей инвестициялар - яғни материалдық объектіге тікелей салынатын құралдар.

Тікелей емес инвестициялар - яғни делдалдардың саны (қоржынды инвестициялар)

Инвестицияның классификациялық белгілері: Әрекет ету бағыттары бойынша
Инвестиция типтері:

Бастапқы инвестициялар.

Болашақта кәсіпорыннның өмірсүрімділігіне бағытталған инвестициялар.

Ағымдағы шығындарды үнемдеу үшін инвестициялар.

Нарықта өз үлесін сақтап қалу үшін салынатын инвестициялар.

Өндірістің тиімділігін жоғарлатуға инвестициялар.

Өндірісті ұлғайтуға (экстенсивті) инвестициялар.

Жаңа өндірістерді құруға инвестициялар (инновациялық) .

Реинвестициялау.

Статистикалық жазба және экономикалық анализде реалды инвестицияны тағы капитал құраушы деп атайды. Капитал құраушы инвестициялар келесі элементтерді өзіне қосады:

  • негізгі капиталға инвестиция;
  • капиталды жөндеуге шығын;
  • жер участкілерін және табиғи қолданылатын объектілерді игеруге инвестиция;

- материалды емес активтерге инвестициялар (патенттер, лицензиялар, ғылыми зерттеу және тәжірбиелі конструктивті өндірістің бағдарламалы өнімдері) ;

- материалды айналым құрал запастарын толықтыруға инвестиция.

Капитал құраушы инвестиция құрамында негізгі рольді негізгі капитал- инвестиция алады. Оның көлеміне жаңа құрылыс, қайта құру, істегі өндіріс, ауылшаруашылық, көліктік, саудалық және басқа кәсіпорындар шығыны кіреді.

Экономикалық категория ретінде инвестиция бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Оларсыз кез келген мемлекет экономикасының дамуы ойға саларлық емес. Макродеңгейде инвестиция тартылатын жерлер:

  1. кеңейген өндіріс саясатын іске асыру үшін;
  2. ҒТП-ны тездету, сапасын жақсарту және отандық өнімнің бәсекеге төтеп беруін қамтамасыз ету үшін;
  3. қоғамның өндіріс және халықшаруашылығының барлық салаларын балансты дамытуда құрылымдық өзгеріс үшін;
  4. өндірісте қажет шикізат базасын құру үшін;
  5. азаматтық құрылыс, денсаулықты қоғау, мәдениет, жоғары және орта мектептердің, сонымен бірге басқа да әлеуметтік проблемаларды шешу үшін;
  6. жұмыссыздық проблемасын шешу және оны жеңілдету үшін;
  7. қоршаған табиғи ортаны қорғау үшін;
  8. әскери - өндіріс комплекстерін конверсиялау үшін;
  9. мемлекеттің қауіпсіздігін қанағаттандыру және басқа да проблемаларды шешу үшін.

Қазақстан Республикасының көптен бері экономикасы дағдарыс жағдайында тұр, инвестиция - ең бірініші оны тұрақтандыру және көтерілу үшін қажет. Өндіріске, жаңа технологияға инвестиция қатаң бәсеке күресінде жеңу үшін (ішкі және сыртқы нарықта), өзінің өнімдерінің бағасын икемді реттеуге мүмкіндік береді.

Макроэкономикалық масштабта қазіргі жағдай кешегі инвестицияның нәтижесін, сонымен бірге еңбек өнімділігінің ертеңгі өсімін және жоғары жағдайын көрсетеді. Біз үнемі “жолдар торабында“ тұрамыз. Бүгінгі және ертеңгі тұтыну арасында біз неғұлым бүгінгі өндірісті сақтап және инвестицияласақ, соғұрлым біздің ертеңгі тұтыну мүмкіндігіміз жоғары көрсеткіштерді көрсетеді. Керісінше неғұрлым біз бүгінгі ресурстарды көп тұтынуға жіберсек, соғұрлым біздің ертеңгі тұтыну деңгейіміз жоғары болады.

Микродеңгейде инвестиция өте маңызды рольді атқарады. Бұл деңгейде олар ең бірініші келесі мақсаттарға жету үшін ынта білдірген жөн:

  • өндірісті кеңейту және дамыту үшін;

- негізгі қордың моральді және физикалық тозуына қол жеткізбеу үшін;

  • өндірістің технологиялық деңгейін жоғарлату үшін;
  • нақты кәсіпорын өнімінің сапасын және бәсекелстігін қамтамасыз ету үшін;
  • табиғи ортаны қорғауды жүзеге асыру үшін;

- бағалы қағаздарды сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне капитал салу үшін.

Инвестициялар әсерінің бағыты бойынша олар келесі түрге бөлінеді:

- нетто инвестициялар жобаны ұйымдастыруға жасалатын инвестициялар.

Осы түрі кәсіпорынды ұйымдастырып, сатып алу кезінде іске асырылады;

- экстенсивті инвестициялар, яғни кеңейюге жұмсалған капитал оның мақсаты өндіріс потенциалын кеңейту;

- реинвестициялар, жаңадан босаған инвестициялық қаражатты өндіріс құралдарын сатып алуға немесе өңдеуіне жұмсалатын капитал. Негізгі мақсаты кәсіпорының негізгі қорлар құрамын қолдау;

- брутто инвестициялар, олар нетто инвестициялар мен реинвестициялар жиынтығы.

Қортындылай келе болашақта инвестиция кәсіпорынның дұрыс функционалдануы, қаржылық жағдайының тұрақтануы, табысты максималдауы үшін қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция тартудың теориялық және методологиялық негіздері
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестері
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
ҚР-да инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы мен перспективалары (сала деректерінде)
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz