Тікелей шетел инвестициялары


Шетел және отандық инвестицияларды тарту мен оларды пайдаланудың тиімділігі
ЖОСПАР
Кipiспе1
I ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ7
1. 1. Қазақстан экономикасының инвестиция тартудың теориялық және тәжірибелік негіздері7
1. 2 Инвестицияның тартудың негізгі формалары16
1. З. Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың объективті қажеттілігі28
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТI: НАҚТЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ34
II. 1. Қазақстан экономикасының инвестиция ахуалы34
2. 2. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселесі43
Қорытынды57
ҚОСЫМША60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ65
Кipiспе
Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында, үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, сыртқы капиталды тарту және пайдалану проблемалары өте маңызды орын алады.
Республика экономикасының дағдарысын жеңу тек мемлекет иелігінен алу ғана емес, сонымен қатар, құрылымдық инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты, оның ірі және маңызды субъектісі мемлекет болып табылады. Осыған байланысты үкімет органдары алдында ұзақ мерзімдік инвестициялық бағдарлама жасау мәселесі туындайды.
Макроэкономикалық реттеудің монетаристік тәсілдерге сүйенген жолдары көрнекті эффект бермеді, қатаң қаржылық шектеулер, бағаның жоғарылауы ғана емес, өндірістің құлдырауына, өзара төлем қабілетсіздігі жүйесінен туындайтын коммерциялық несие берудің ұлғаюына әкеліп соқтырды. Мемлекеттік кәсіпорындар тарапынан бөлінген қаржылы өндіріс қуатын күшейтуге емес, ең әуелі тұтынуға жұмсау орын алды.
Өндірісті құлдырау қарқынына қатысты жұмыссыздықтың біртіндеп өсуі бой көрсетті, ал бұл өз кезегінде инфляцияны көбейтті.
Сондықтан Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа әсер ететін факторларды жою үшін, үкіметтің өндірістің потенциалдық құрылымдық және аймақтың диапропорциалды түзету, оның қызметін тиімді ету, жұмыссыздық мәселесін шешу, әлеуметтік шығындарды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған дағдарысқа қарсы саналы іс-әрекеті жүргізілуі тиіс. Осыған орай инвестицияларды тарту мен пайдалану нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудың маңызды және қажетті шарттарының бірі болып табылады.
Монетаристік тәсілдердің тиімділік аясының тарлығына байланысты, оған альтернатива ретінде инфляциялық көздерге иек артатын құрылымдық өзгерістерге бағытталған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қажет болды.
Инвестициялық құрылымдардың барынша шектелу жағдайына байланысты, оны жүзеге асыруда ұлттық приоритеттерді таңдаудың дәстүрлі мәселесі туындайды.
Сондықтан, инвестициялық ресурстардың белгіленген приоритета буындарға дұрыс жетуін және олардың тиімді пайдалануына жауапкершілікті қамтамасыз ететін механизм қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі ортақтандырылған ресурстар көзінен үкімет бекіткен приоритета мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеңілдік процентпен несиелер бергені дұрыс болар еді. Мұндай несиелер ел аумағының ішінде бөлімшелері кең таралған ірі коммерциялық банктерге беріледі. Өз кезегінде, осы банктер өздеріне шамалы үлес алып мөлшерде маржа (мәселен 3%) тиісті еткізе отырып, шаруашылық субъектілеріне берілсе коммерциялық банктер берілген несиелердің орынды жұмсалуы мен уақтылы қайтарылуына тікелей жауапкершілік алады.
Сондықтан, халық шаруашылығын қаржыландыруға қажетті орталықтандырылған несие ресурстарының бөліну қарқының төмендету инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға орасан зор нұқсан келтірмек.
Құрылымдық-инвестициялық өзгеріс - орасан зор күш пен ауқымды қаржыны, ресурстарды талап ететін аса күрделі де маңызды міндет, сондықтан оның шешілуі де елеулі уақыт мөлшерін қамтиды. Алайда, макроэкономикалық тепе-теңдікті орнатуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық бағдарламаны жасау мен жүзеге асыруды кейінге қалдыра бермеу қажет.
Экономика ғылымында әлі күнге дейін түпкілікті шетелдік инвестициялық капиталды тиімді пайдалану және оны тарту туралы әлемдік тәжірибеде жүйелі талдау жасалмаған, бұл жүйеде мемлекеттік саяси принцип мемлекеттік реттеудің жүйелі механизмі қалыптасқан. Шетелдік инвестицияларды ел игілігі үшін пайдалану принциптерін, алатын орнын, табиғатын ғылыми тұрғыдан қарастыру көкейтесті мәселе.
Қандай да болмасын жағдайларда, қазіргі уақыттағы шикізат алу салаларын дамытуға назар ғылыми сыйымды өндірісті жандандыруға қажетті экспорттық ресурстарды қорландырудың тек уақытша құралы екендігі белгілі.
Осы жағдайда ішкі және сыртқы инвестицияларды ынталандыруға бағытталған құқықтық-экономикалық механизмдерді жасақтау мен оны пайдалану, инвестициялық жобалардың тиімді жүзеге асырылуына қолайлы нарықтық инфрақұрылымды жасақтау маңызды мәнге ие болды.
Сонымен қатар нақты тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының экономикасына тән ерекшеліктер негізінде мемлекеттік инвестициялық саясаттың тарапынан болатын реттеушілерінің спецификалық сипатқа ие екендігімен байланысты. Қазақстан экономикасының рыноктық қатынастарға көшу мемлекеттік инвестициялық саясат алдында реттеу жүйелерін құру тұрғысында белгілі міндеттер қояды. Осы жүйелердің қалыптасу процесінің өзі экономика жағдайын әлемдік тәжірибені ескере отырып, терең талдауды талап етеді.
Жұмыстың мақсаты инвестицияларды пайдалану мәліметтеріне талдау жасап, Қазақстанның шетел инвестициялары үшін инвестициялық тартымдылығы мәселесін қарастырып, инвестицияның ішкі көздерінің жүзеге асырылуындағы жаңа әдістерге баға беру болып табылады. Жұмыстың міндеттеріне:
- Қазақстан Республикасының шетелдік инвестицияларды тартудағы мүмкіндіктерін айқындау;
- Қазақстанның инвестициялық саясатының қазіргі жағдайы мен оны жетілдірудің басты бағыттарын анықтay;
- Негізгі стратегиялық міндеттер, оның ішінде ең алдымен Қазақстан Республикасының өндірісі секторын инвестициялау мәселесін толық қамтамасыз ететін инвестициялық саясаттың жүзеге асыру механизмін жасақтауға талпыныс жасау;
- Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ахуалын зерттеу;
- Шетел инвестицияларын тарту үшін экономикадағы ұйымдық-экономикалық және құқықтық жағдайларды қарастыру;
- Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларын ынталандыру мен реттеу мемлекеттік жүйесін қалыптастырудағы бағыттарды айқындау.
- Шетел капиталын пайдаланудағы кері жағдайлары мен салдарын жоюдағы нақты қадамдарды қарастыру кіреді.
Шетелдік инвестицияларды тарту мәселесіне, олардың методологиясы мен теориясына экономикалық әдебиетте үлкен назар аударылған. Олардың қатарына Вельяминовтің Г. М., Кириченконың В. Э., Люсовтің А. Н., Малыгиннің А. В., Обминскийдің Е. Э., Пессельдің М. А., Пяткиннің А. В., Сабельковтің Л. В., Столыровтің И. И., Фольцманнің М., Фоминскийдің И. П., Фридманнің Ц. Л., Хруцкойдың В. Б. және т. б. ғалымдардың еңбектері жатады. Біздің елдің ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік тәжірибені пайдалануға негізделген шетелдік инвестицияларды тартудың нақты формалары мен әдістерін қарастыруға тікелей қатысты ғылыми еңбектер де аз емес. Оларға Ихдановтың Ж. О., Мамыровтың Н. К., Оспановтың М. Т., Мухамбетовтің Т. И., Кенжегузиннің М. Б., Есентүгеловтің А. Е., Кирееваның К. А. және т. б. ғалымдардың еңбектері жатады. Нақты мәселелер бұл жерде терең методологиялық және теориялық негізде ашылып көрсетілген.
Батыс елдерде инвестициялық саясат процестерін зерттеумен көптеген экономистер айналысқан. Солардың ішінен бірінші кезекте Бригхан Е., Гиттинджер Д., Говен М., Долан Э., Дорнбуш Р., Джек У., Котлер Ф., Линдерт П., Линдсей Д., Маккалой М., Кейнс Дж. М., Самуэльсон П., Фридман С., Кэлкелл К., Фишер С., Хейне П., Джекисон Т., Кламер А., Хан Ф., Гриш X., Нойман М., Райп X., Ризе X., Фельс Г., Шнан X., Штрайт М., Вланес А., Сапир Ж., Фламант М., Лоренс Дж. Гитман, Майкл. Д. Джок, Уильям. Ф. Шарм есімді ғалымдарды айтуға болады.
Бітіру жұмысы кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарау инвестициялардың экономикалық мәнін зерттеу мен оларды тарту мен пайдаланудың объективті қажеттілігін негіздеуге арналған.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы талданып, шетел капиталын тиімді пайдалану мен ішкі инвестициялардың қолданудағы мәселелер қарастырылады.
Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша негізгі қорытындылар жасалады.
"Біздің экономикалық өсу стратегиямыз күшті нарықтық экономика, мемлекеттің белсенді орны мен ауқымды шетел капиталын тартуға негізделген"
(Қазақстан Президентінің сөзінен) .
I ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ
1. 1. Қазақстан экономикасының инвестиция тартудың теориялық және тәжірибелік негіздері
Қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық саясат моделі оның негізгі көзі шетел инвестицияларына негізделгені, зерттеулер анықтағандай, күтілген нәтижелерге әкелген жоқ. Осы жағдайларда ұлттық экономиканы көтеруге бағытталған ғылыми негізделген инвестициялық, саясатты жүзеге асыру концепциясын жасақтау қажет.
Соған байланысты, жүргізілген зерттеулер, инвестициялық іс-әрекетте мемлекет орнының күшейтумен қатар, инвестициялардың ішке және сыртқы көздерін кешенді пайдалануға негізделген инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмінің концептуалды моделін ұсынуға мүмкіндік берді.
Бұл модель, біріншіден, шетел инвестицияларын пайдалануда оның сапалы және тиімді пайдалануға бағытталу; екіншіден мемлекеттің экономикалық реттеу құралдарын инвестициялардың нақты экономика секторына құйылуын қамтамасыз ету мақсатында белсенді қолдану; үшіншіден, инвестициялардың ішкі көздерін қалыптастыру мен пайдалану процесін жандандыруды қажет етеді.
Қарастырылатын мәселенің шешілуіне бұл концептуалды модель кешенді жолы болып, экономикалық өсу факторы ретіндегі инвестициялық саясат тиімділігін жоғарылатуға кешенді шараларды қамтиды.
Қазіргі кезде ішкі инвестицияларды қалыптастыру мен белсенділігін арттырудың объективті қажеттілігі туындады. Бұл бірқатар факторларға байланысты болды.
Біріншіден, Оңтүстік Шығыс Азия, Ресей мен Латын Америка елдеріндегі қаржы дағдарысының шиеленісуі, шикізатқа әлемдік сұраныстың төмендеуі мен инвестестициялардың дамушы нарықтарға күдіктерінің жоғарылауымен қатар жүріп, дамушы елдерге валюта ағымдары мен шетел инвестицияларын келуін азайтып, бұл мемлекеттердің несиелеу жағдайларын нашарлатты. Бұл жағдайды Қазақстан толық өз басынан кешті. Шикізатқа әлемдік сұраныстың төмендеуі өндіріс құлдырауына ғана емес, экономиканың нақты секторына келетін инвестициялардың негізгі көлемін пайдаланылатын өндіруші салалардың өндірістік қуатының азаюымен сипатталды.
Екіншіден, халықаралық капитал нарықтарындағы ақшалай ағымдар қозғалысының әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, елдегі қорлану көлемі мен тартылатын шетел инвестициялар көлемі арасында тұрақты өзара тәуелділік барын көрсетеді. Қорланудың төмен деңгейі сыртқы инвестициялар ағымын шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан, қысқа және орта мерзімде шетел инвестициялар ағымын ұлғайту үшін, инвестицияның ішкі көздерін қалыптастыру мен белсенділігін арттыру мәселесі басты болып табылады. Инвестициялық іс-әрекеттің өткен мерзімінде ішкі инвестициялар көзін қалыптастыру мен пайдалану мәселесі саясаткерлер, ғалым-экономистер назарынан тыс қалып қойды. Бұл Қазақстан инвестицияның ішкі көздері жоқ деген кең тараған және ресми қалыптасқан көзқарасқа байланысты болды.
Сонымен қатар кейбір алдыңғы қатарлы экономист-ғалымдар ішкі инвестиция мәселесі бойынша басқа пікірлерді ұсынғанын да айтуымыз қажет. Профессор О. Сабденовтің пікірінше: "Кейбір жоғары лауазымды қызметкерлер мен экономистер инвестицияның ішкі көздері жоғы мен эмиссия жүргізу мүмкін еместігі туралы жария етуі шындық емес. Бюджеттен басқа инвестицияның ішкі көздерінің потенциалы бар". Осыған ұқсас пікірді академик М. Кенжегузин де білдірген. Қорлану мен инвестицияны ынталандыру механизмін бастау қажеттігін айтқанда, автор: "Депрессия жағдайында және дағдарыс құбылыстары бар болғанда қорлану мүмкін?" Одан кейінгі мақаласында осы сұраққа оң жауап беруге мүмкіндік беретін объективті көрсеткіштер келтірілген.
Академик М. Кенжегузин мен шетел және жергілікті эксперттер келтірілген мәліметтер, инвестицияның ішкі көздері бойынша қөзқарастың түбегейлі өзгеруі үшін негіз бола алады.
Кеңес заманында экономика дамуының инвестициялық ішкі негізгі көздері болып:
1) бюджет қаржылары;
2) кәсіпорындардың өз қаржылары;
3) халықтың қаржылары.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі, бұрын-соңды болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайға бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, ал оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етеді, оны жүзеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі.
ҚСРО құрамында Қазақстан негізінен аграрлы - шикізаттық жүйеге мамандандырылған да жаңа технология жағынан артта қалған, экологиясы қолайсыз, өз алдына қажетті өндіріс салалары қалыптасты, басқа республикаларға, ең алдымен Ресей Федерациясына тәуелді ел болды.
Әлемдік тәжірибе негізінде дәлелденгеніндей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмір (интернационалды) барлық ұлттардың қарым-қатынасының тереңдеуіне келтіреді. Капиталдардың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарға жақсы белгілі.
Капиталдың табиғатына орай ол бір елде қозғалмай жата алмайды, өнеркәсібі дамыған елдердің ірі компаниялары ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық сипат алады. Әртүрлі елдерде кәсіпорындары бар ірі трансұлттық компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандану мен кооперацияның қалыптасуының жеделдеуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан, трансұлттық компания капитал қозғалысы негізінде елдердің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор болады.
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік капиталдың көптеп келуіне бірнеше факторлар қолайсыз әсер етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға салық салудың дүние жүзіндегі ең үлкен дәрежесі; жүріп жатқан жалпы экономикалық дағдарыс; рынок инфрақұрылымының толық қалыптаспауы; инфляцияның көтеріңкілігі және айырбастау курсының тұрақсыздығы.
Дегенмен де, бұл жалпы себептерден бөлек ҚР-на шетелдік капитал құйылуына бір жақты субъективті себептер де кедергі жасауда: шетелдік инвесторлар инвестиция жасауға қажетті мағлұматтармен қамтамасыз етілмейді; шетелдік инвестиция құжатын дайындау, орындау тәртібінің жетілмегендігі; ҚР-ғы меншік құқығының дамымағандығы (жер туралы, жекешелендірілетін объектілерге, жергілікті серікке қатысты қорлар туралы) ; жергілікті несие пен қор қызметтеріне кірудегі (байланысуға) қиындықтар; инвестициялық жеңілдіктердің жеткіліксіздігі; саяси және экономикалық тәуелділіктен қорғаудың жеткіліксіздігі; интеллектуалды меншікті қорғаудың төменгі дәрежесі. Сондықтан, шетелдік кәсіпкерлік капиталды тарту мен реттеудің әлемдік тәжірибесін меңгеру өте қажет. Рыноктық экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан шетелдік инвесторлар үшін ұлттық ереже принциптерімен санасу қажет.
Батыс елдерінде шетелдік инвесторлар қызметі, негізінен барлық жергілікті ұлттық заңдармен, қаулылармен, әкімшілік істі орындау тәртібімен реттеледі. Ұлттық заң шығару жүйесі шаруашылық қызметінің көптеген бөліктерінде ұлттық және шетелдік компаниялар қызметтерін бөліп қарамайды. Олар үшін өздерінің тең дәрежедегі азаматтық және сауда құқығы, нақты айтқанда акционерлік заң ретінде қолданылады
Сондықтан, батыс елдердің көбісінде шетелдік инвестиция туралы арнаулы кодекстер мен заңдар жоқ, оның орнына бірсыпыра әкімшілік қаулылар мен оған қатысты заңдардың баптары ғана бар, арнаулы заңдар мен кодекстер тек бірер Жерорта теңізі елдерінде және бұрын Британия отарында болған елдерде ғана бар.
Ұлттық ереже шетелдік инвесторларға көптеген ыңғайлы жағдайлар жасайды: шетелдік кәсіпкерлер өздерінің компаниясының негізін құруда және шаруашылық жүргізуде, жергілікті ұлттық товар өндірушілермен тең жағдайда қызмет атқарады және олармен бәсекеге түседі; оларға шаруашылық қызметін жүргізудің сол елдегі кез келген ұйымдастырушылық құқықтық түрін жүргізуге болады; жергілікті жеңілдіктердің көпшілігін пайдаланады; жергілікті қаржы, еңбек, ғылыми-техникалық, табиғат ресурстарын пайдалануға, қолдануға мүмкіндіктері бар.
Рыноктық экономикадағы әртүрлі елдерде шетелдік инвесторлардың құқығы мен мүддесін мемлекеттік қауіпсіздендіру үш деңгейде дайындалған: а) осы елдің Конститутциясы негізінде; б) шетелдік инвестицияны екі жақты мемлекеттік өзара қорғау мен сыйлық беруге келісімдер жасау; в) мемлекет пен шетелдік азаматтар арасындағы инвестиция туралы келіспеушілікті реттеу конвенциясына (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) қатысу.
Батыс елдерінде шетелдік елдермен, көбінесе дамушы елдермен инвестицияны өзара қорғау және дәріптеп сыйлау келісімдері бар. Жалпы бұған мынадай негізгі міндеттемелер кіреді: әрбір келісімге келген жақтар басқа жағының қаржылық мүдделеріне ыңғайлы жағдай жасауға міндеттенеді, сонымен қатар: соған байланысты қызметтерге, шетелдік меншікті қорғауды қамтамасыз ету; күрделі қаржыдан түскен табысты ешқандай кедергісіз аударуға мүмкіндік жасау; өзара күрделі қаржы мәселелеріндегі келіспеушілікті халықаралық сотта қарау.
1991-2000 жылдары экономикаға инвестиция көлемі 10 есе азайып кетті. Тек 1998 жылы алдыңғы жылға қарағанда 20% көбейген еді.
Сөйтіп, қазіргі кезде бюджеттік қаржылар өз мәнін жоғалтып, бюджеттік дефицитке байланысты, салық төлемдерінің азаюынан дағдарысты жағдаймен сипатталуда. 1999 жылы бюджет 60 млрд. теңгеге азайтылды. 2000 жылы секвестр үш рет өзгертілген болатын. Бюджеттік дефицитті өтеу сыртқы және ішкі қарыз алумен қаржыландырылды. Басқаша айтқанда бізде мемлекеттік бюджет ішкі инвестиция көзінен инвестиция үшін бәсекелес болды. Оның көлемі өсе түскенімен ғана емес, алыну жағдайында үстемдік жағдайларымен сипатталған.
Соңғы бірнеше жылдарда бюджет экономиканың нақты секторын инвестициялауды болдырмауда. Біріншіден, ол сыртқы қарыздарды инвестициялау мақсатында емес пайдаланып, екіншіден бағалы қағаздардың нарығын ұлғайтумен сипатталуда. Ал ішкі инвестициялар көзінің негізгі бола алатын корпоративті бағалы қағаздар нарығын шектеуде. Сондықтан бюджет қаржылары қазіргі кезде ішкі инвестиции көзі ауқымды мөлшерде жүзеге асырыла алатыны түсінікті. Бұл жағдай кәсіпорындардың өз қаржылары туралы да айтуымызға болады. Қазіргі дағдарысты жағдайларда көптеген кәсіпорындар шығынды болып, ал табыс алғандары салық төлегеннен кейін қалған пайдасы тұтыну мен айналым қорларын толтыруынан аспауда. Сөйтіп бұрыннан келе жатқан ішкі инвестиция көздерінен тек халықтың қаражаттары ғана мүмкіндіктері барын айтуымыз қажет.
Халықтың инвестициялық белсенділігін тек оның банктік жүйеге сенімін арттыру арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ол үшін теңгелік банк депозиттеріне пайыздың қойылуын жоғарылату арқылы ынталандырылуы қажет. Сонымен қатар депозит салымшыларына кепілдеме қоры Қазақстанда құрылғанын атап кету жөн.
Экономикалық реформаларды жүргізу жылдарында ішкі инвестиция көздер құрылымы өзгергенін де айтуымыз керек.
Қазіргі кезде басты салмақ мемлекеттік бюджеттік инвестициялаудан ақша-несие нарығына түсті. Сондықтан қазіргі кезеңде ішкі инвестиция көздері болып:
1) Бағалы қағаздардың қор нарығы;
2) Қор қаражаттары (зейнеткерлік, инвестициялық) ;
3) Коммерциялық банктер несиелері;
4) Отандық инвесторлардың жеке меншік капиталы;
5) Халықтың қаражаттары.
Міне осы көздерді, үкімет мемлекеттік реттеудегі негізгі экономикалық құралдары-бюджеттік - несие және қаржы - салық саясаттарын қолданып, қалыптастыруға және пайдалануға күш-жігерін жұмылдыруы қажет.
Отандық инвесторлардың инвестициялық іс-әрекетін белсендендіре түсу үшін:
1) Жеке меншік пен кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғауды күшейту;
2) Салықтық, кедендік салалардағы жеңілдіктерді шетел инвесторларымен бірдей жасау;
3) Ақпараттық саланы дамыту;
4) Тез қайтарымды инвестициялық жобаларды несиелеудің жүйесін жетілдіру, жүзеге асыру қажет. Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан инвестициялық жағдайдың негізгі белгілерін сипаттамас бұрын экономикалық әдебиеттерде әр түрлі дәрежеде қаралатын негізгі категория, «шетелдік инвестиция« туралы ұғымды, анықтап алған дұрыс. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шаруашылық ісінде бұл терминді пайдаланудың ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады, соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы «Шетелдік инвестиция туралы» заңына сәйкес, шетелдік инвесторлар товар өндіруге және басқа қызметтерге әкелген мүліктердің барлық түрлері мен валюталық қаржылары шетелдік инвестицияға жатады. Арнаулы қаржы мекемелерінің (мысалға МВФ, МБРР) берген несиесі бұл заңда қаралмаған және капитал мен келісімге келу категориясына жатады. Бұл заңды түсіндіре отырып, шетелдік сарапшылардың айтуынша, шетелдік инвестиция реинвестиция (инвестиция бойынша табыс түрінде алынған қаржыны инвестициялау) және шетелдік кредиттерді шетелдік серіктестіктердің өндіріске жұмсалғандығын білдіреді.
Бұл категорияны кеңінен талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлері жатады: а) материалды-заттай - яғни, түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер; б) қаржылық - бұған несие-қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен жұмыс жатады; в) ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау «ноу-хау» және бұған бүкіл шетелден әкелінген капитал жатады.
Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, процент және ақша туралы жалпы теория» атты еңбегінде инвестицияны «бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өнімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі» деп анықтама берді.
Э. Дж. Долан және Д. Е. Линдсей өздерінің «Рыноктың микроэкономикалық үлгісі» деген кітабында «инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдың, яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі» деп анықтама береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz