Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Шетелдік инвестициялар нарығын басқару және

реттеудің теориялық негіздері . . .

1. 1 Инвестиция түсінігі және оның мазмұны . . .

1. 2 Шетелдік инвестицияларды басқару әдістемесі . . .

1. 3 Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі . . .

ІІ Қазақстандағы инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау . . .

2. 1 ҚР-дағы инвестициялық қызметінің бүгінгі тандағы жағдайы . . .

2. 2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының

Бағыттары . . .

ІІІ Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру . . .

3. 1 Шетелдік инвестициялардың пайдалану жолдары . . .

3. 2 Шетел инвестициялық тиімділігі халықаралық тәжрибеде . . .

Қорытынды . . . Сілтемелер . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Ұсыныстар

Кіріспе

Жаһандану және халықаралық интеграция жағдайында кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан сәтті дамуы, көбіне, ұлттық және шетелдік инвестициялардың қолданылу және жұмыс істеу тиімділігіне тәуелді болады. Қазақстан үшін инвестициялар - экономикалық өсуді қамтамасыз ететін негізгі көздердің бірі ғана емес, сондай-ақ, әлемдік экономикаға енудің өзіндік алғышарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында қоғамның негізгі даму бағыттарының бірі ретінде, шетелдік инвестициялар мен ішкі сақтаулы қаржы (қор) деңгейі жоғары, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуге баса мән берді. Шетелдік инвестицияларды тарту саясаты Қазақстанның жалпы экономикалық даму стратегиясына сүйенеді. Шын мәнісінде, тәуелсіз Қазақстанда инвестициялар ел экономикасының жаппай дамуына елеулі септігін тигізетін күшті экономикалық және қаржылық құрал рөлін атқарады. Сондықтан, елімізге ішкі және сыртқы (шетелдік) инвестицияларды тарту, оларды оңтайлы пайдалану мен жұмыс істету жөніндегі тиімді мемлекеттік инвестициялық саясатты дайындау өзекті мәселеге айналып келеді. [1]

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылыс және т. б. жұмсаламы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конститутциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныйды, олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды. [2]

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда ”Қазақстан Республикасының” Конститутциясы қабылданды. Конститутцияның 1 - бабында “ Қазақстан республикасы өзін, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ” - бекітілді. Конститутцияның 7 - бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл болып қазақ тілі бекітілді, ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатын болды. Қазақстан республикасының Мемлекеттік нышандары, Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. [3]

1997 жылы Қазақстан халқына жасалған алғашқы Жолдауында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы-біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың шырқау биіктігі қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Біз қателескен жоқпыз: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық қадам басты.

Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында былай деген: «Саяси жаңғырулардың біз көздейтін басты мақсаты - биліктың қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша ұтымды сомдайтын, сонымен бір мезгілде еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтау мен азаматтарымыздың барлық конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін осы заманғы демократиялық нысанына қарай жылжу.

Қуатты мемлекеттік билік пен демократия - бір - бірінін қолдаушы күш. Демократия тек заңдылықтар қатаң сақталған ғана тұрақты түрде дамиды.

. . . Жаңа кезеңдегі негізгі міндет - жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен өзіміздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың дәстүрлері үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық және құқықтық мемлекеттің негіздерін одан әрі нығайта беру. [4]

Диплом жұмысымның мақсаты - тәуелсіз Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты туралы, олардың мақсаттары жүзеге асыру әдістерін, мағынасын, оның бағыттарын ашып көрсету болып табылады.

Диплом жұмысының өзектілігі-замана тудырған талаптар мен төндірген қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың барлық жүйесін серпінді жаңарту мен әлемнің бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан елінің біріне айналуы жан-жақты қарастырылып, зерттеледі.

Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тарау мен қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер және де сілтемелер тізімінен тұрады.

Әлемдік экономиканың шамалы ғана өсуі салдарынан дүниежүзіндегі шетелдік инвестициялар көлемі елеулі қарқынмен азайып барады. Халықаралық инвестицияларға арналған БҰҰ баяндамасында халыкаралық қоғамдастыққа мүше елдердің жартысынан көбінің инвестициялық дағдарыстан әсерленгендігі, тіпті бұдан АҚШ пен Ұлыбританияның айтарлықтай зардап шеккендігі айтылады. Мәселен, 2002 жылы сыртқы инвестициялардың жалпы көлемі 20%, яғни 631 млрд. долларға төмендеп, дамыған елдерге инвестиция көлемі 23% қысқарды. Баяндама авторларының пікірінше, сыртқы инвестиция көлемінің азаюына әлемдік экономиканы сауықтыру жөніндегі бұлыңғыр болжамдар мен экономикалық өсудің тұрақсыздығы кері әсерін тигізді. Оның ұстіне, корпоративтік бірлескен құрылымдардың саны да кеміп, инвестициялық ахуалға өзіндік әсерін қалдырды [8] .

Мамандардың пайымдауынша, Қазақстан экономикасының көтерілуі қазіргі әлемдегі күрделі саяси жағдай мен инвестициялық дағдарыстың жағымсыз ықпалынан құтылуға мүмкіндік береді.

Республикадағы инвестициялық процесті сараптай келе мынадай негізгі даму бағыттарын атап көрсетуге болады:

1) инвестициялық ахуалды үздіксіз жетілдіру;

2) инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық қамтамасыз етілуін жақсарту;

3) инвестициялық процестегі мемлекет пен ұлттық инвесторлардың іс-әрекетін жандандыру;

4) даму институттарының (Қазақстан Даму банкі, Инвестициялық қор, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ рөлін күшейту;

5) банктердің экономиканы инвестициялауға белсене араласуын қамтамасыз ету;

6) Астана және Астана қалаларында еркін экономикалык аймақтарды құру арқылы инвестицияларды тарту мен тиімді пайдаланудың әлемдік тәжірибесін қолдану;

7) инвестициялауға оңтайлы әрі өркениетті жанасудың негізі ретінде жобалық менеджментті дамыту (жуырда Қазақстанның Жоба менеджерлері одағы құрылды, Қазақстанда РМІ - РгоJес: Маnаgеmenеt Intitute бөлімшесін ашу жоспарлануда) және т. б. [9]

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материялдық және заңды түрде тікелей жауап беретын инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методологиялық нұсқаулырды қолдану арқылы негізделеді.

Осы Методологиялық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік - қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; Бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердін; экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді аңықтауда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

  1. Таза дисконтталған (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ)
  1. Инвестициялардың рентабельдігі (ИР), табыс индексі (ТИ) ;
  1. Табыстың ішкі нормасы (ТІН)
  1. Қайтарым уақыты (Т қай) [10]

Осы көрсеткіштермен - пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегральдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.

Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептеледі.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың - инвестициялық, операциялық, қаржылық іс-әрекеті қаралып, есепке алынады. Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.

Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:

  1. Жалпы инфляция - экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал, қызмет, еңбек т. б. ) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;
  1. Инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;
  1. инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіштері - жобаны іске асырудың нәтижелерінің жергілікті және аймақтық бюджеттің кірісі мен шығысына әсерін анықтайды.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып бюджеттік әсер (эффект) есептеледі.

Интегралдық бюджеттік әсер - жылдық дисконтталған бюджеттік әсерлердің қосындысы түрінде есептеленеді немесе бюджеттің интегралдық шығыстарынан асып түсуі түрінде қарастырылады.

Өзіміздің қандай бір дүрыстау бос дағдарысы қаражат болмаған жағдайда және экономиканың өсу кезінде шетелдік инвестициялар экономикаға «допингтің» ролін атқарады, оның өзі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға тікелей әсерін тигізеді. Екінші жағынан кейбір сомалар әсіресе қорғаныс мәні бар, экономикалық қауіпсіздік жағынан шетелдік инвестициялар үшін жабық болуы тиіс.

Мысалы, Жапонияда, шетелдік осы салаларға жататын кәсіпорындардың акцияларын да сатып ала алмайды. Басқа батыс елдерде де шетел инвесторлары үшін лицензия берудің қатаң режимі бар, біздің республикада ол әрине әзірше жоқ.

Алайда, дүниежізілік алдынғы қатардағылардан айтарлықтай артта қалған қорғаныс салалары мен өндірістері үшін шетел капиталының тү - суі осы артта қалушылықты жоюдың және ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың жолы болып табылады.

Шетелдік инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді.

1. 2 Шетелдік инвестицияларды басқару әдістемесі

Тікелей инвестициясы басқару түрінде сыртқа шығарылуы қабылдаушы ел территориясында экспорттаушының өндірісті ұйымдастыру ретінде көрінеді. Тікелей инвестициялар бүкіл дүниежүзі экономикасына маңызды әсер етеді, халықаралық бизнестің дамуына тікелей ықпал жасайды және халықаралық инвестициялық қызметке кіретін компанияларға келесідей артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

  1. өзіне тұрақты нарықты жасауда қамтамасыз ету немесе трамплин ретінде үшінші бір елдің нарығына шығу;
  1. басқа бір елде орналасқан секторлар арқылы өзінің жеке «ішкі нарығын» құру;
  1. мемлекетаралық қатынастарда өзінің жеке мүддесін аймақтық және одан кең халықаралық деңгейде кірістіру.

Халықаралық тікелей инвестициялардың маштабтарын бағалау, қазіргі дүниежүзілік шаруашылықта келесілерді қамтиды:

  1. тікелей инвестициялардың жалпы масштабтарының динамикасын;
  1. тікелей шетел инвестициялардың жалпы сомасындағы жеке елдер және аймақтардың қатысу көлемін;
  1. жылдық өзгерістердің динамикасын;
  1. өзгерістер мен тенденциялардың себептерін.

1914 жылдан бастап екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейінгі кезенде, шетелдегі капитал көлемі 1/3 бөлігіне өсті. Осыдан кеін олар 10 жылдың ішінде екі есеге өсіп, келесі 6-7 жылдың ішінде тағы да екі есеге көбейді. 60-шы жылдардың ортасынан бастап 25 жыл ішінде олар 4 есеге көбейді. Ал, 80-ші жылдарға дүнижүзінде шамамен 450 млрд доллар шетел инвестициялары кірді. 1990 жылы шетел инвестициялары 1, 7 трлн. Долларға дейін жетті, яғни бұл бір 10 жылдықта 4 есе көбейгеннін көрсетеді.

Шетел инвестицияларын бұлай тез өсу қарқыны, тек қана ішкі нарықтын шектелу салдарынан өзінің пайдалы қолдану орнын іздеген капитал артықшылығымен ғана емес, сонымен бірге оларды ішкі экономикада жақсы қолдануға мүмкіндігі жоқтығымен де түсіндіріледі. Сонымен қатар пайда нормасы биік көрссетушілерге ие елдер бар. Бүкіл дүниежүзі шаруашылығында қайта құру болды, себебі тарнсұлттық корпарациялар (ТҰК) шетелге енуде, капиталды бұрынға түрінде шығарудан бас тартып, өндірісті шығаруға көшті. Бұл жағдайда негізгі мақсат ретінде пайданы тұрақты және ұзақ мерзімді қамтымысыз ету болып табылады.

  1. Жапон үкіметі мен бизнестің қабылдаған тікелей шетел инвестицияларының төмен көлемі байқауға болады (17831 млн. доллар) . Инвестицияларды белсенді ынталандыру нәтижесінде, тікелей инвестициялардың экспорты бойынша бұл ел дүние жүзінде үшінші орынға ие болды.
  1. Ірі импортаушылар қатарына Қытай, Испания, Австралия, Нидерланды, Бельгия, Люксембург кіреді.

«Триаданың» өз ішіне капитиалдың интенсивтік қатынастарының өсуі байқалды, яғни өзара сауда, дүниежүзілік саудаға қарағанда тез өсіп жытар. Осы «Триадада» өзінің ерекше халықаралық еңбек бөлінісі және аймақтық, ұлттық деңгейлердегі реттеу механизмдері арқылы дүнижүзілік шарушылық стандартын анықтайтын жаңа саты пайда болды.

Капиталдың халықаралық қозғалысының негізгі қалыптасушылары нарықтық процестері белсенді даму үрдісіндегі елдер болып табылатындығын ескере отырып, тікелей шетел инвестициялары динамикасының себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Бәсекелестік қысымы;
  1. Жаңа технологиялар;
  1. Жекешелендіру;
  1. Мемлекеттік қолдау;

Қазіргі кездегі шетел инвесторларын ойландырып жүрген бірқатар сұрақтарға, атқарушы органдармен тіркелген заңды актілер арқылы, сондай-ақ іс-тәжрибедесіне және әкімшілік нормаларына сәйкес нақты жауап алуға болады. Ірі инвесторлардың жоспарларын талдау келесідей сипаттаманы береді: инвесторлардың барлығы белсенді шетелдік операцияларды жоспарлайды. Бірақ мұнда кейбір «географиялық нюанстары» бар: американдық фирмалар Батыс Еуропалық нарықты көздейді, бұл әсіресе жаңа технологиялар және тұтынушы тауарларының өндірісінде қатты байқалады; Еуропалық ТҰК өзінің негізгі салымдарын Американдық нарықта жасағысы келеді; ал, жапондық ТҰК - Азияны басымдылық бағыты ретінде көздеп отыр. Ал дамушы елдерге келетін болсақ, олардың салымдары сол дамушы елдерде орналасады.

1. 3 Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі

Мемлекеттер экономикасындағы шетел инвестициялары. «Инвестициялар» түсінігі - көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:

  • ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, кұрал-жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады;
  • соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алужөнінде сөз болады;

• мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі бір процесс болып табылады;

• осы процестің әлеуметтік^экономикалық салдары бойын-
ша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір
механизм ретінде бағалауға болады.

Экономикада "капитал" түсінігі синоним ретінде қолданы-лады. Бұл мағынада, халықаралық экономикалық қатынас-тардың формасы ретінде халықаралық капитал қозғалысы дина-микалық категория қызметін атқарады. Халықаралық капитал өз қозғалысында әр түрлі факторлармен және себептермен байла-нысты, әр түрлі мақсаттарды көздейді. Бұлардың ішінде жоғары пайда алу ерекше орын алады, ол әр алуан формада болуы мүмкін: өнеркәсіптік, банктік, ссудалық займдар бойынша про-центтер, жер өсімі және т. б.

Әлемдік аренада капитал әр түрлі институционалдық инвес-торлар арқылы екі формада болады:

  • кәсіпкерлік капитал;
  • ссудалық капитал.

Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез келген саласына сапынуы мүмкін, ол мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: багалы қагаздарды немесе қор қүндылықтарын сатып алу және сату; шетелдерде өздерінің кәсіпорындарын сату, төл компаниялар мен фшшалдарды құру, аралас типтегі кәсіпорындарды құру және басқалар.

Салу формалары бағалы қағаздарды немесе мүлікті меншіктену құқығының болуына байланысты ерекшеленеді. Барлық жағдайларда инвестицияланған капиталдың қолданы-луына бақылау жүргізудің белгілі дәрежесі айқындалған.

Бақылау қызметін жүзеге асырудың толықтығы дәрежесіне байланысты ол екіге бөлінеді: тікелей немесе жанама (портфельдік) инвестициялар. Тікелей инвестициялар ше-телдік кәсіпорындарды тікелей басқаруға құқық береді және ин-вестор өндірісті басқару процесіне тікелей қатысады.

Екінші жағдайда, шетелдік кәсіпорындарды бақылау құқығы едәуір тарылады және оның айырықша құзыреті -пайданың белгілі бөлігін алумен шектеледі. Тікелей және порт-фельдік шетелдік инвестицияларды шектеудің маңызды әдістемелік мәні бар, алайда олардың арасындағы шекаралар шартты түрде белгіленген.

Дегенмен, маңызды айырмашылық төмендегі белгілерде айқын көрініс тапқан: қолданылу мерзімі бойынша портфельдік инвестициялар уақытша болып есептеледі және алып-сатушылық сипатта болады. Ал тікелей инвестициялар эконо-миканың дамуын қаржыландыруға ұзақ мерзімде әсер етеді.

Табыс алу ауқымы бойынша, портфельдік инвестициялар банктік проценттен артық болатын, капиталдың түрақты табы-сын алу мақсатын көздейді. Тікелей инвестициялар инвесторға табыс алуға мүмкіндік береді. Олар: капиталга кіретін табыс, толық кәсіпкерлік пайда, қызметтердің барлық багыттары бойынша фирманы бақылаумен қамтамасыз етілетін барлық пайдалар (сауда, инвестициялау, қаржыландыру, кооперация, гылыми-техникалық қызмет көрсету және т. б. ) .

Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвестициялар жанама инвестициялармен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен ерекшеленеді.

Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т. б., сонымен бірге ұлттық экономиканың қүрылымын өзгертеді.

Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттық меншік шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындата-ды. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80-жылдар аяғында болды.

Бұл әлемдегі миграцияланатын капиталдың теңбе-тең күшеюі арқылы жүріп отырды. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 млрд. долларға жетті, ол 1990 жыдцың деңгейімен салы-стырғанда 3 есе көп болды, ал миграцияланатын капитал құрылымында шетелдік тікелей инвестициялар едәуір ұлғайды. Оның деңгейі 1995 жылы 325 млрд. долларға жетті, яғни 80-жылдармен салыстырғанда 3, 5 есе өсті.

Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, инвестициялық ресур-стардың ағымын екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің дамуының біркелкі еместігі және индустриалдық елдердің жедел өсуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.

Осылайша, 1990-1995 жылдары әлемдік экспорт 1, 5 есеге өсті, өзгеріссіз бағалар бойынша ол ІЖӨ-нің өсу карқынынан 2-3 есе көп болды. Шетелдік тікелей инвестициялардың сомасы-ның ұлғаюы шетелдік капиталдың қатысуымен жасалған өнімнің өтуіне зор ықпал етті, ал тармақгалған жүйесі 250 мың филиалдан тұратын 40 мың трансұлттық корпорациялар әлемдік экспорттың 2/3-і қозғалысын басқарды, олардың жартысы ішкі фирмалық жеткізулерді құрады.

Дамыған елдердің инвестициялық саясатының ерекшеліктері.

Ғылыми-техникалық революция жагдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне ықпал етуигі факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде. 60 - 80-жылдары өндіріс пен сыртқы саудага қараганда капитал агымы өте жогары қарқынмен дамы-ды.

Мысалы, егер 1960 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 66 млрд. $ болса, онда 80-жылдары олар 8 есеге өсті. Бұл жиырма жылдық кезең дамыған елдер экономикасын инвести-циялауға дамушы елдер экономикасынан шыгатын шетел капи-талының қозғалу векторларын тұбегейлі өзгертгі.

Бұл бәсекелестік күресті қатаң жүргізудін, негізі болып та-былады. Осы мезетте жаңа халықаралық экономикалық жағдайды қалыптастыру бойынша іс-кимылдар белсенді тұрде жүріп жатты. Бұл құбылыс сөзсіз, үйяестіру императивтерін, экономикалық және саяси ынтымактастықтың жаңа мүмкін-діктерін туындатты.

Халықаралық капитал қозғалысының тарихында аталған ке-зең былайда ерекшеленеді, яғни капиталды шетке шығарудағы күштердің өзгерісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Сапы-стыру үшін төмендегідей мысал келтіруге болады:

Екінші дүние жүзілік соғыстық аддында Ұлыбритания ка-питалының ірі экспортеры болды, оның үлесінде жалпы көлемнің 40%-тен астамы болды, ал АҚШ үлесі 20%-тен аз ғана асты. 1960 жылдың басында күштердің арақатынасы сәйкесінше 20% және 55% болды.

АҚШ-тың алдыңгы қатарлы рөлі 60-жылдардың ортасына дейін байқалды, бірақ та осы уақытқа дейін АҚШ-тағы шетел активтерінің барлық түрлері едәуір көп болды.

Сонымен бірге, соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-тың инве-стицияландыруының басты формасы ретінде мемлекетгік және жеке меншік саудалық капитал экспортында АҚШ елеулі үлес алады және олар көп жағдайда дамушы мемлекеттер әлеміне бағытталады. Бұл жердегі мақсат - сол елдерде американдық ықпал ету орбитасын енгізу.

Сөзсіз түрде мынаны атап өту керек, яғни шетелдік жеке меншік инвестициялардың ірі формаларының бірі ретінде тікелей шетел инвестициялары қарастырылды. Бұл кезде стати-стикалық мәліметтер көрсеткендей, кәсіпорындар мен тікелей объектілердің акцияларыньщ басым көпшілігі американдық ка-питалдың толық меншігінде болады.

Бұл американдық корпорацияларға, бәсекелестерге қарағанда өте жоғары көрсеткіштерге ие болуға мүмкіндік бе-реді, ал алынатын пайдалардың басым көпшілігі елдің төлем балансындағы пассивтің белгілі бір үлесінің орнын толтырады және шетел экспансиясын қаржыландыруға арналған ресурстар-ды толықтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Мемлекеттік шешім
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшелігі
Қазақстандағы инвестиция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz