Қоймаға дайын өнім


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҰН - ҚҰРАМА ЖЕМ КОМБИНАТЫ» АҚ - дағы ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІ
1. 1 Акционерлік қоғамның технико - экономикалық көрсеткіштерімен танысу
- 1. 2 Дайын өнімнің классификациясы мен бағалануы1. 3 Дайын өнімнің өндірілуінің есебі1. 4 Дайын өнімнің сатылуының есебі1. 5 Дайын өнімнің есебі бойынша шетел тәжірибесі
- «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҰН - ҚҰРАМА ЖЕМ КОМБИНАТЫ» АҚ ДАЙЫН ӨНІМНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
2. 1 Дайын өнімнің аудиті
2. 2 Дайын өнімнің шығаруы бойынша талдау
- Дайын өнімнің сатылуы бойынша талдау
- ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
БОЙЫНША ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
- 3. 1 Қаржылық есептің Халықаралық стандарттарына көшу жолдары
3. 2 Жұмыс жоспарының есебін өзгерту
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
Басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды орын алады. Бухгалтерлік есеп өндірістің регионалдық процесстерін, тұтыну, тарату процестерін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын сипаттайды және кәсіпорын қызметін жоспарлауға негіз болып келеді. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын қызметін көрсетіп қана қоймай, оған әсер етеді. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын мүлкінің бар болуының жүйелі қадағалайтын, олардың тиімді қолданылуын және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің қосымша резервтерін айқындаушы құрал болып келеді.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп» туралы заңымен регламенттеледі.
2005 жылдан бастап Қазақстанның көптеген кәсіпорындары Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдана бастады. Халықаралық стандарттарда әр стандарттың қолдану мақсаты, қадағалау аясы, қолдану сферасы айқындалып көрсетілген. Осыған орай Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің «ҚЕХС бойынша қаржылық есеп беруші кәсіпорындар үшін бухгалтерлік есептің жоспарлы жұмысшы шоттарын қолдану нұсқаулықтарын бекіту жайлы» 2005 жылы 22 желтоқсанда бұйрық шықты.
Бухгалтерлік есепте дайын өнім есебіне ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның өнідіріс процессінің және басты мақсатының қорытындысы ретінде дайын өнімді қарастырамыз. Дайын өнім дегеніміз - өндіріс аясынан шығарылатын, негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалык шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) кызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және баскадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің кабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді. Дайын өнім есебінің негізгі мақсаттары:
- шығарылған өнімнің сапасына, жоспардың орындалуына.
ассортименті бойынша жоспардың орындалуына бақылау
жүргізу
- кәсіпорынның қүрылымындағы бірліктерде және қоймалар
бойынша өнімнің бар болуының және қозгалысының есебі
- дайын өнімнің табыстылығын анықтау (оның түрлері
бойынша)
- өнім түсіру бойынша жоспардың орындалуына және
уақытында есеп айрысуларга бақылау жүргізу.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 "Дайын өнім" деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым каражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты езіндік құны бойынша көрініс табады.
Дипломдық жұмыстың актуалдығы кәсіпорынның қаржылық жүйесіне және тұрақты дамуына зерттелетін тақырыптың маңызды болуында.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорындағы дайын өнім есебіне, дайын өнім есебі бойынша құжат айналымына, дайын өнім есебінің ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін келесідей талаптар қойылды:
- дайын өнім түсінігінің және есебінің теориялық аспектілерін қарастыру;
- дайын өнім есебінің кәсіпорында ұйымдастырылыуын сипаттау;
дайын өнім есебінің ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттелу объектісі Шығыс Қазақстан Ұн - Жем Құрама Комбинатының дайын өнім шығару есебі, аудиті және талдауы.
- «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҰН - ҚҰРАМА ЖЕМ КОМБИНАТЫ» АҚ - дағы ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІАкционерлік қоғамның технико - экономикалық көрсеткіштерімен танысу
Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшумен бірге дамыған елдерде қолданылатын стандарттарға бағытталған ұлттық есеп саясатын қалыптастыруға деген қажеттілік пайда болды.
Есеп саясаты ретінде бухгалтерлік есепті жүргізу мен оның негізінде қаржылық, өндірістік есептілікті жасау процесінде қолданылатын тәсілдер, принциптер, дәстүрлер, ережелер, процедуралар жиынтығын түсінуге болады.
Есеп саясатының құқықтық негізін бұйрықтар мен Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілерінің негізінде жасалған басқа да құжаттар құрайды. Осы құжаттар шаруашылық операцияларын бухгалтерлік және салық есептерінде тіркеу үшін негіз болып табылады.
«Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты»Акционерлік қоғамында («ШҚ ҰҚЖК»АҚ) есеп саясаты ҚР-ң заңдарына сай қалыптастырылған: «Бухгалтерлік есеп туралы», бухгалтерлік есеп стандарттары, әдістемелік нұсқаулар мен оларға нұсқаулар және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне байланысты басқа да заңдық актілер.
Қаржылық есеп - Типтік шоттар жоспарының 10-80 бөлімшелерінің синтетикалық шоттарында жүргізіледі.
Есеп саясаты акционерлер жиналысымен мақұлданған.
«ШҚ ҰҚЖК» АҚ-ң есеп саясаты бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтің барлық фактілерін көрсету толықтығын және қаржылық есептерде ақпараттың шынайлығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.
Комбинат өз тарихын 1929 жылдан бастайды, бұл жылы Ертістің жағасында алғашқы монолитті сыйымдылығы 8 мың тонна темірбетонды элеватор құрылысы басталған болатын. 1940жылы дербес кәсіпорын ретінде Қазақстандағы алғашқы жем зауыты салына бастады, 1942 жылдың қаңтарында көшіріліп әкелінген зауыттардың жабдықтарымен іске қосылды.
1957 жылы үкімет шешімімен екі дербес зауыттардың негізінде Семей Ұн-құрама Жем Комбинаты құрылды.
1994 жылы комбинат акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда «ШҚ ҰҚЖК» АҚ-өзінің өндірістік потенциалын жоғалтпаған, толық қуатында жұмыс істеп тұрған, тез дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Меншікті зертханасы шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауға мүмкіндік беретін заманауи компьютерлік жабдықтармен жасақталған. Жетілдірілген темір жол тізбектері мен мамандырылға автопарктің арқасында өнімнің барлық түрлерінің жеткізілуі іске асырылады.
Астықты тасымалдау, сақтау және өңдеу барлық технологиялық және санитарлық нормаларды қатаң сақтаумен жүргізіледі. Бидай диірменге берілмес бұрын көп деңгейлі тазартудан өтеді, еленеді, жуылады, кептіріледі. Тартылған ұн сатуға тек 1 айдан кейін ғана түседі. Мұндай технология ГОСТ-ң барлық талаптарына жауап береді.
Кәсіпорында өзінің макарон өндірісі бар, онда жоғарғы сұрыпты макарон өнімдерінің 15-тен астам түрлері шығарылады. Макарон өндірісі жаңа итальяндық құрал-жабдықпен жабдықталған. Өндірістің өнімділігі - тәулгіне 24 тонна. Макарон өнімдері жалпыға мәлім «Ардагер»брендімен шығады.
Жем зауыты жемдері ұнтқталған және түйіршіктелген түрде шығарады. Зауыттың айтарлықтай ірі қоймасы, шикізатты түсіру мен дайын өнімді тиеуге арналған механикаландырылған құралдары бар.
- 1. 2 Дайын өнімнің классификациясы мен бағалануы
Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалык шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) кызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және баскадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің кабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнім есебінің негізгі мақсаттары:
- шығарылған енімнің сапасына, жоспардың орындалуына.
ассортименті бойынша жоспардың орындалуына бақылау
жүргізу
- кәсіпорынның қүрылымындағы бірліктерде және қоймалар
бойынша онімнің бар болуының жоне қозғалысының есебі
- дайын өнімнің табыстылыгын аныктау (оның түрлері
бойынша)
- өнім түсіру бойынша жоспардың орындалуына және
уақытында есеп айрысуларга бақылау жүргізу.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 "Дайын өнім" деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым каражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты езіндік құны бойынша көрініс табады.
Дайын өнімнің нақты өзіндік күны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы накты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік күнына дейін жеткізеді.
Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономиясын немесе артық жүмсалғанын көрсетеді, олар да дайын енімнің шотында есептелінеді: экономиясы (үнемделгені) - қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны - әдеттегі (дағдылы) - жазумен жазылады.
Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:
Ауытқудың пайызы = Ауытқу сомасы / (Қалдық + Есептік кұны бойынша түскен түсімдер)
Мысалға, “ШҚ ҰҚЖК ” АҚ - дағы есепті кезең барысында мына проценттер бойынша есептік бағасы көрініс тапкан.
Кесте 1 - Дайын өнімнің корреспонденциясы.
Қатар
№
Қоймаға дайын өнім кірістелді:
- А бұйымы
- Б бұйымы
25
8
1320
(221)
8010
(900)
Дайын өнім сатылды:
- А бұйымы
- Б бұйымы
17
63
7010
(811)
1320
(221)
Сатылған өнімнін, ауытқу сомасы мынаны кұрады:
- А бұйымы бойынша = 17 х 8% = 13600 теңге - экономия (үнемделген) ;
- Б бұйымы бойынша = 63 х 8, 05%= 50715 теңге - артық жұмсалған. Ауытқу пайызын есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:
- қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі - (2) теңгеге;
Содан соң осы операциямен бір мезгілде 801 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - (13600) теңгеге;
- өнімнін, нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі (дағдылы) жазу жазылады: ол кезде 1320 шоты дебеттеліп, 8010 шоты кредиттеледі - 7 теңгеге, содансоңосымен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - 50715 теңгеге.
Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау-тапсыру кұжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі
салаларында қабылдау-тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Солардың бірі жоғарыда қосымшада келтірілді.
Қабылдау-тапсыру кұжаты аспаптық, радиотехникалык кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да енеркәсіп салаларында ендіріс есебініңтапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, енімді еткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін енеркәсіптің барлык салаларында "Өнім шығару жиынтығы" деген кұжаттың нысаны колданылады.
Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты койма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын енім қалдыктарының кітабына көшіреді.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі күжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін дайын енім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік кұны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалықдеректері 1320 "Дайын өнім" шотының дебетінде жинақталып, 8010 "Негізгі өндіріс", 8030 "Қосалкы ендіріс" және 8020 "Өз өндірісінің шала өнімдері" деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір белігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады. Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша ендірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау-тапсыру кұжаты аспаптық, радиотехникалык кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да енеркәсіп салаларында ендіріс есебініңтапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, енімді еткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін енеркәсіптің барлык салаларында "Өнім шығару жиынтығы" деген кұжаттың нысаны колданылады.
Дайын өнім бағалаудың түрлері:
- іс жүзіндегі өндірістік өзіндік қүн бойынша - шығындардың
жиындары, мысалы жеке тапсырысқа (жиі көлік және күрделі
құрал - жабдық шығаратын кәсіпорындарда колданады)
- кысқартылған (толық емес өндірістік өзіндік күн) бойынша -
жалпы шаруашылык. шыгандарсыз есептеледі
- жоспарлық (нормативтік) өндірістік өзіндік күн бойынша -
нақты есептік құн ретінде қолданады Осы әдіс аркылы есептік
баганың және жоспарлаудағы бағаның бірлігі қамтамасыз
етіледі.
- өткізудің көтерме бағалары бойынша - нақты есептік бағалар
ретінде колданады: осы жағдайда әрбір жеке шот бойынша
өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құннан ауытқулар көрсетіледі
(олар түсірілген және жеке есеп айрысу бойынша қоймадағы
дайын өнімге таратылады)
- көтерме сауда (нарық) бағалары бойынша - тауарлар көтерме
сауда арқылы өткізілетін есепте қолданады;
- босату бағалар (бос) бойынша - олар қосымша қүнга
салынатын салық сомасына өседі - кейбір бір
тапсырмаларды және жеке жүмыстарлы орындау жағдайында
қолданады. Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді: кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы.
Өнімнің өзіндік қүны оныц шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шыгьндар кәсіпорын өнімнің жұмыстың, көрсетілген кызметінің өзіндік құны өндіріс процессінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, эиергияны, негізгі күрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны ендіру мен өткізуте шыққан шығындардан жиналады.
Өнімнің өзіндік кұнына мыналар кіреді:
- Кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы жәнееңбек керек-жарақтары шыгындары (өндірісті дайындау менигеру шыгындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапкырлық және үнемділікпен байланысты шыгындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығыстар; кадржинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шы-ғыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т. б. ) ;
- Өнімді өткізу, орау, сақтау, тасу мен тасы-малдауы делдалдык кызметке төлеу, комиссиялық алымдармен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен бай-ланысты шығыстар;
- Өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланыстыемес, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолыменорныны толтыру жай ұдайы өндірісті геологиялық - барлау жұмыстарына-барлау, жерді қайта өңдеуге шығындар, тамыр жіберген ағашқа суға төлеу) қамтамасыз ету үшін қажетті.
Сонымен қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметгің) өзіндік құнына ақаудан, жүмыстың өндірісішілік себептерге байланысты тоқтап калуынан болған шығындар, материалдык қүндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот шешімі негізінде) алуға байланысты еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару есебі жүйесіндс өзіндік қүнды жасау, қалыптастыру тәртібі реттелмегеи. Бұл өзіндік құн салық салу максаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінгі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бүл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолдануы мүмкін. Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Дайын өнімні өзіндік құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлерін дәстүрлі бөлуде: цехтық - тікелей шығындар мен жалпы өндірістік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды; өндірістік - цехтың өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары; толық өзіндік құн - коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. өндіріс пен де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.
Кесте 2 - толық өзіндік құнның қалыптасу процессі.
Егер есепте көтерме бағалар, жоспарлы өзіндік құн, нарықтық бағалар қолданса, айдың аяғында есеб бағалары бойынша дайын өнім құнының нақты өзіндік құнының ауытқуын есептеу қажет. Осы ауытқу тиелген өнімге және қоймадағы өнім қалдықтарына таратылады. Бұл жағдайда ортасалмақты пайыз әдісін қолданып, есептік бағалары бойынша құнының нақты өзіндік құнынан ауытқуын арнайы есептеме бойынша анықтайды. (таблица 2)
Кесте 3 - “ШҚ ҰҚЖК” АҚ -дағы дайын өнімнің нақты өзіндік құнының есебі.
Өндірістен қабылданған
Дайын өнім
Ай аяғындағы
Дайын өнімнің қалдығы
Кестеде көрсетілгендей дайын өнімнің нақты өзіндік құнының есептік бағалардан пайыздық ауытқуы 1 ге тең болды. Егер есепте көтерме бағалар, жоспарлы өзіндік құн, нарықтық бағалар қолданса, айдың аяғында есеб бағалары бойынша дайын өнім құнының нақты өзіндік құнының ауытқуын есептеу қажет.
Осы ауытқу тиелген өнімге және қоймадағы өнім қалдықтарына таратылады. Бұл жағдайда ортасалмақты пайыз әдісін қолданып, есептік бағалары бойынша құнының нақты өзіндік құнынан ауытқуын арнайы есептеме бойынша анықтайды.
Жоғарыда көрсетілген кестеде өндірісте қысқартылған өзіндік құн әдісі қолданған жағдайда және біркелкі өнім түрлері шығаратын өндірістерде ( біркелкі рентабельділік деңгейімен) жүзеге асырылады. Ол есептемелерде ауытқулардың дәлдік деңгейін арттыра түседі.
- 1. 3 Дайын өнімнің өндірілуінің есебі.
Қазіргі таңда кәсіпорындар дайын өнімнің шығарылуына жылдық, календарлық жоспар құрады: кварталдық, айлық, күнделікті графиктер. Кәсіпорын цехтарының жұмысының ырғақтылығын қадағалау мен реттеу мақсатында диспетчерлік қызметкерлер графиктің орындалуының оперативтік есебін жүргізеді. Құрастырылған графиктер дайын өнімнің тиелу мерзімімен сәйкес келуі керек, себебі графиктер арқылы сатыпалушылар алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қадағалауға болады. Шығарылған дайын өнім өндіріс сферасынан айналым сферасына өтеді.
Негізгі өндірістен дайын өнімдер қоймаға кабылдау - тапсыру накладнойлар арқылы қабылданады. Қабылдау - тапсыру накладнойларында дайын өнім тапсырушы цех, дайын өнім қабылдаушы қойма, номенклатуралық номер және өнім атауы, өлшем бірлігі, саны және тағы басқалары көрсетіледі. Қабылдау -тапсыру накладнойларының нақты құрамы шығарылатын өнімнің өндіру технологиясының ерекшеліктерімен байланысты. Қабылдау - тапсыру накладнойлары техникалық бақылау қызметінің өкілімен, тапсырушы цех жұмысшысымен, қойма меңгерушісімен және басқа материалды жауапты тұлғамен ( дайын өнімді сақтауға қабылдаған) қол қойылып бекітіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz