Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі . . . 4-7
1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері . . . 7-11
2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ . . .
2. 1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау . . . 12-16
2. 2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау . . . 17-22
2. 3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау . . . 20-22
3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫЛЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану . . . 23-31
3. 2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы мәселелерін зерттеу туралы көптеген авторлар [3, 6, 12, 20, 23] еңбектерін арнады. Әсіресе А. С. Пелих инвестицияларды зерттеп, белгілейді, инвестициялар деп кәсіпкерлік қызметпен айналысатын объектілерге салынатын иелік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері саналады. Ондай құндылықтарға келесілер жатады:
- Жылжитын және жылжымайтын мүлік (ғимараттар, үймереттер, машиналар, жабыдықтар, басқа да маетриалды құндылықтар) ;
- иелік ету құқытары: «ноу-хау», басқада интеллектуалды құндылықтар;
- жерді иемдену құқығы және де басқа табиғи ресурстармен;
- ақшалай қаражаттар, мақсатты банктік салымдар; пайлар, акциялар және басқадай құнды қағаздар, жекешелендіру чектері;
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылыған талдау шаруашылық жүргізу субъектісіне қатысты үлкен рөлді атқарады, себебі потенциалды инвесторлар кәсіпорынға қаражат салу алдында, оның бір жылғы емес, ең азы дегенде 3-5 жыл ішіндегі қаржылық көрсеткіштерді салыстырып таңдайды. Сонымен қоса инвестициялық тартымдылықты дұрысты таңдау мақсатында инвесторлар кәсіпорынды жеке бір шаруашылық субъект ретінде емес бір саланың бөлігі ретінде қарастырады және де осы саланың ішіндегі басқа да кәсіпорындармен салыстырып талдайды.
Осы курстық жұмыстың зерттеу мақсаты "Атаменкен" АҚ кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы қаншалықты сыртқы субъектілер (потенциалды инвесторлар) үшін тартымды болатыны "Атамекен" АҚ инвестициялық тартымдылығын нақты көрсету мақсатымен осы кәсіпорынның 2001-2003 жылдардағы көрсеткіштері салыстырылады.
Осы жұмыста кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы оның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық әлеуетін талдау көрсеткіштері негізінде қарастырылады.
Берілген тақырып өте кең масштабты болғанмен және осы тақырып шекаралары шеңберінде толығымен қамтыла алмау мүмкіндігінен, негізгі назар "Атамекен" АҚ кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдауға көп назар аударылады. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы инвесторлар үшін өте маңызды, себебі кәсіпорынның анализі мен инвестициялық тартымдылығын дұрысты таңдау, инвестицияларға салынатын салымдар бойынша тәуекелді минимализациялауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның жалпы инвестициялық талдауына сипаттамасы беріледі. Онда кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы қандай критерийлербойынша жүргізіледі, қандай көрсеткіштер негізінде бағаланады деген сұрақтар қарастырылған
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде «Атамекен» АҚ инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау, сонымен қоса инвестициялық тартымдылығын талдау мен бағалау анализі жүргізілді. Инвестициялық тартымдылықты бағалау үшін кәсіпорынның қызметінің ағымдағы бір ғана жылы жеткілікті емес, сондықтан «Атамекен» АҚ-ның 200-200 жылдардағы көрсеткіштері негізінде талдау жасалынды. Ең басты берілген кәсіпорынның ҚР қандай заңнамалықактілеріне сүйеніп жұмыс істеуі мен қандай қызметтер көрсетулерді жүзеге асыратыны туралы толық сипаттама беріледі. Инвестициялық тартымдылықпенқоса, экономикалық әлеует те талданған соң, кәсіпорынның ұйымдық құрылымын, техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтадым. Инвестициялық тартымдылықты бағалаған кезде, кәсіпорынның сырттан кірістірілетін инвестициялардың қайнар көздері, олардың жұмсалуы, қандай салаларға жұмсалғаны көрсетілген.
Үшінші бөлімде өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары мен арттыру жолдарының негізгібағыттары қарастырылады. Қазақстанның инвестициялық ахуалын бағалағанда ең алдымен елдiң табиғи байлығы, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеуетi, қолайлы орналасуы, саяси тұрақтылығы ескерiледi. Ал соңғы жылдары инфляциялық процестердiң тұрақталуы, кәсiпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруы отандық және шетелiк инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiнiң артуына ықпал етедi.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.
Инвестициялар бұл - кәсіпорынның активтеріне жаңа өнімді шығару мақсатымен, оның сапасые жоғарлатумен, табыс пен сатудың мөлшерін жоғарлату мақсатында салымдар салу. Кәсіпорынның инвестициялары қарапайым және кең ауқымды капиталдың ұдайы өндірісінің, жаңа жұмыс орындарының құрылуын, халықтың сатып алу қабілеттілігінің жоғарлату, жергілікті және мемлекеттік бюджетке салықтардың түсуін қамтамассыз етеді. Инвестициялар мен тәуекел түсінігі бірге жүреді. Егер табыстылық жобасы ақталмаса, онда ол өндіріске салынған қаражаттарды жоғалту дегенді білдіреді.
Инвестициялардың сыныпталуын 1 кестеден көруге болады.
- материалдық;
- материалдық емес;
- қаржылық.
- тікелей;
- айналым және негізгі қаражаттарды сатып алуға арналған;
- портфелдік (бағалы қағаздарды сатып алуға арналған) .
- меншікті (амортизация, мүлікті жалға беруден түскен табыс) ;
- қарыздық (несие, лизинг және т. б) .
- ұлттық;
- шетелдік.
- пайда табу мақсаты;
- әлеуметтік немесе экологиялық нәтижелер үшін.
- қысқы мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
- өндірістік;
- өндірістік емес.
- негізгі капиталды жаңғырту үшін;
-айналым капиталды ұлғайту үшін;
- жаңа жоғарғы сапалы өнім шығару үшін
Сурет 1. Кәсіпорындағы нвестициялар түрлері
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін. [5; 184]
Кәсіпорында инвестициялық жобалар мен қаржылық мүмкіндіктерді уақытымен ұйқастыру жөн. [11 c. 581]
Сурет 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметтерінің сыныптамасы.
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
- Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды - реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
- Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
- Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
- Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
- Мемлекеттік зейнетақы қорына;
- Аймақтық бюджетке;
- Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Инвестициялық жобалар техникалық-экономикалық негіздеу түрде немесе бизнес-жоспар ретінде көрсетіле алады. Техникалық-базалық негіздеу бұл - берілген рентабельділікпен техникалық, экономикалық, экологиялық және қаржылық жағдайларды зерттеу. Техникалық-базалық негіздеу өзіне геологиялық зерттеулерді, ғимараттардың техникалық жобалардың зерттеуін, өндірістің техникалық дайындығын, қоршаған ортаға мүмкін келтірілетін зиянды, маркетингтік зерттеулерді, қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің есептемесін қосады. Инвестициялық жобаның бизнес-жобасы бұл инвестицияларды көрсетудің стандарты формасы, дамыған елдерде кеңтаралған.
Инвестициялық жобалардың жоспарлау мен тиімділігін бағалау критерийлері бұл экономикалық іскерлік сұхбаттасу және ол иелік етушілердің қарама-қатынасын, кәсіпкерлердің, инвесторлардың, банк жұмыскерлерінің, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және халықаралық қаржылық ұйымдардың арасындағы қарым-қатынасты камтамассыз етеді.
Жобалар талдауының тиімділігін талдау үшбөлімдерден тұрады: жалпыэкономикалық, техникалық-экономикалық және қаржылық. [11 c. 583] .
1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы деп - кәсіпорынға белгілі бір мақсатты түрде бос ақша қаражаттарын салу болып табылады. Әлемдік және отандық тәжірибеде кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын анықтау үшін бухгалтерлік қаржылық қорытындылардың берілгендері бойынша анықтау әдістемесі болып табылады. Ол өзіне инвестор өз алдына мақсаттарды таңдаудан болатын көрткіштер топтарының есептемесін қосады.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын анықтаудағы негізгі ақпарат көздері болып кәсіпорынның күнтізбелік екі ақырғы жылдар ішіндегі қорытындылары мен ақырғы есеп мерзімі кезіндегі бухгалтерлік (қаржылық) есептілік болып табылады.
Инвестициялық тартымдылық өзіне келесілерді қосады:
- кәсіпорынның жалпы техникалық базасының сипатттамсы - технологиялар сипаты; жаңа заманға сай технологиялардың бар болуы; меншік көлі құралдары; географиялық орналасу; көлік коммуникацияларына жақындығы.
- техникалық база сипаттамасы - технологиялар жағдайы; негізгі қорлар құны, негізгі қорлардың физикалық және моралдік тозу көрсеткіштері.
- өндірілетін тауар номенклатурасы.
- өндірістік қуат - жоспарда белгіленген ассортиментте және номенклатураға сай уақыт бірлігіндегі өнімді өндірудің максималды мөлшері, өндірістік құралдарды толығымен қолдану, технологияларды қолданумен, өндіріс пен еңбектің ұйымдастыруын жаңғыртумен және өніммнің жоғарғы дәрежелі сапасымен қамтамассыз етумен байланысты. Өндірістік қуат негізгі қорлардың потенциалды мүмкіндіктерді қолдану жағдайындағы жұмысын сипаттайды. Өндірістік қуат белгіленгендей берілген өнімді өндірудің натуралды көрсетілуінде сияқты (тонна, зат, метр) бірліктерімен өлшенеді. Мысалға металлургия кәсіпорындарының өндірістік қуаты металлдарды балқыту мен прокаттарды өндіру тоннамен анықталынады. Ешер кәсіпорын әртүрлі өнім шығаратын болса, онда өндірістік қуаттылық әр өнім үшін жеке тағайындалады. -
- кәсіпорынның саладағы, нарықтағы орын және оның монополия дәрежесі.
- басқару жүйесінің сипаттамасы. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорынның құрылымына сай болады. Өнімді өндіру үшін көп еңбекті қажет ететін кәсіпорындар, негізінен ондаған цехтерден, зертханалардан, бөлімдрден тұрады. Олардың қызметін дұрысты қадағалау үшін келесідей иерархиялық басқару құрылымы құрылады (сурет 1) .
Сурет 3. Кәсіпорынды басқару мүшелерінің құрылымы
Кәсіпорынды басқару барысында келесідей басқару құрылымдары бар:
- сызықтық - ең қарапайым жүйе, ол біртұтастылықты ескереді;
- сызықтық - штабты - орта масштабты кәсіпорындарда қолданылады, сонымен қоса ірі кәсіпорындарда - цехтар мен бөлімдерді басқару кезінде.
- функционалдық - кәсіпорынның жетекшісі өзінің міндеттерінің бөлігін функционалды бөлімдердің жетекшілері мен орынбасарларына жүктейді.
- матрицалық - мысалға, жаңа өнімді ұйымдастыру бойынша директор жаңа өнімді меңгеру құзыреті жүктелетін тұлға тағайындалады.
аралас - ол жоғарыда айтылағ 4 формалардың қарапайым қосылуы.
Жарғылық қор, кәсіпорынның иелері. Жарғылық қор бұл кәсіпорынның жұмыс қабілеттілігін қамтамассыз ету мақсатымен шаруашылық субъект құрылтайшылардың салған салымдар мөлшері деп танылады. Жарғылық қор соммасы, құрылтай шартында белгіленген соммамен сәйкес болады және де өзгертілмейтін болып табылады. Жарғылық қордың азаюу мен көбеюі белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады (мысалы, жалп жиналыстың шешімімен) бірақ шаруашылық субъектінің қайта тіркеуден өткен кезде ғана. Жарғылық қорға жарна ретінде ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, басқа да материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, жерге, суға басқа да табиғи ресурстарға, ғимараттарға, құралдарға иелік ету құжаттары, басқа да иелік ету құқықтары (сонымен қоса интеллектуалды меншік: "ноу-хау", оайлап табылған құралдарды қолдану құқығы), грвналар мен валюталардағы акша құралдарды салуға болады.
Салымдардың құны шаруашылық субъектінің қатысушыларымен гривналармен бағаланады және олардың жарғылық қордағы үлесін анықтайды.
Өндіріске кеткен шығындар құрамы. Өндіріс шығындары бұл - берілген кәсіпорындағы өндірілетін өнімнің құнын көрсететін материалдық қаражаттардың және қажеттілікті еңбектің кеткен шығындарының жиынтығы. Осы шығындардың мөлшері ақшалай шығындарды анықтайды, ол шикізатты, отында, энергияны қолданумен байланысты болады. Өндірістегң шығындарға келесілер жатады:
- негізгі материалдар мен шикізатқосымша және медициналық сақтандыруға бөлінетін ақшаларкейбір қолма-қол төлемдеркейбір салықтық төлемдер
- амортизация.
Олардың мөлшерінен өнімнің минималды бағасы тәуелді болады, сол уақытта максималды баға сұраныспен анықталады. Құрылым өндіріс пен өндірудің салалры арқылы айырылады. Өнімді өндіруге кететін барлық шығындар келесілерге жіктелінеді:
- жалпы шығындар - белгілі бір мерзім ішіндегі барлық өнім көлеміне жұмсалған шығындар, оның соммасы өндірістің ұзақтығы мен мөлшеріне қатысты болады;
- өнімнің бір бірлігіне кеткен шығындар - белгілі бір мерзім ішіндегі орташа ретінде есептелінеді, егер өнім әрдайым немесе сериялармен өндірілсе.
Өнімді өндіруге кетеін шығындарды келесідей сыныпай аламыз:
- шығындардың пайда болу жері;
- өнім, жұмыс пен қызмет көрстетулердің түрлері;
- шығындардың біркелігі (қарапайым - шкізатқа, материалдарға және жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу шығындары; комплексті - бірнеше шығындар элементтерін қосады) ;
- шығыдардың түрлері - экономикалық элементтер мен калькулаяция баптарыдағы элементтер бойынша шығындар;
- өнімге кеткен шығындарды шығындарға жатқызу бойынша шығындар тікелей - белгілі әртүрлі өнімнің шығаруымен байланысты шығындар; тікелей емес - олардың млшерін бір өнім бірлігіне есептеу мүмкіндігі жоқ, себебі олар әртүрлі шығындарды анқтаумен байланысты (қызмет көрсету персоналы мен басқару персоналының еңбек ақылары, ғимараттар мен үймереттерді ұстау мен эксплуатациясы) ;
- өндіріс көлемінен шығындардың тәуелді болуы бойынша қалыпты - уақыт функциясы, өнім көлемі функциясы емес; және өзгеретін шығындар - белгілі бір уақыт ішіндегі олардың жалпы соммасы өндірілеген өнім көлеміне байланысты болады; олар пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді;
- күнтізбелік мерзім - олар ағымдағы шығындар (әрдайым ай сайын жасалынатын), ұзақмерзімді шығындар (өнімді өндіруге кеткен шығындар, мерзімі бір айдан асатын), бір мерзімгі (ұзақ мерзімді уақыт ішіндегі өндірістің жұмыс істеуін қамтамассыз етеуге бағытталады, әр ай сайын жасалынбайды) ;
- қолданудың мақсаттылығы - өнімдік (өндірістің технологиялары мен ұйымдастыруымен қарастырылған) жіне өнімдік емес (міндетті емес, өндірістегі белгілі бір жетіспеушіліктер пайда болғанда пайда болады, технологиялардың бұзылуы) ;
- өнімнің өзіндік құнға қатынасы - өнімге кеткен шығындар (барлық шығындар, өнімді өндіру функциясымен байланысты; өнімнің өндірісті өзіндік құнын жасайды (жұмыстар мен қызмет көрсетулер) ) және период шығындары (өндірістік өзіндік құнға қосылмайды, олар қосылған периодтағы шығындар ретінде есептелінеді; бұл басқару шығындары, өнімді өткізу және де басқа операциондық шығындар) .
Табыс көлемі және оны қолдану бағыттары. Табыс шаруашылық кәсіпорынның қорытынды қаржылық нәтижесін көрсетеді.
Өнімді (тауар мен қызмет көрсетулер) өткізуден түскен табыс (шығын), өнімді өткізумен байланысты қосылған құн салығынсыз, акциздерсіз және тауарды өткізумен байланысты шығындарсы өнімді (тауарлар мен қызмет көрсетулер) өткізуден пайда арасындағы қатынас арқылы анықталынады.
Табысты анықтау кәсіпорынның өнімді өткізуден (тауар мен қызмет көрсетулер) бағалар бойынша сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылатын түскен жиынтық табыс алумен байланысты. Осы жағдайда кәспорынның жиынтық табысы - материалдық шығындарды алып тастап өнімді өткізуден (тауар мен қызмет көрсетулер) түскен табыстан тұрады, ол өзіне еңбекақыны төлеу мен пайданы қосады. Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорын макисмалды пайданы алмастан да, кәсіпорын шығаратын тауарларының ұсыныс нарығындағы өз позицияларын ұстауға қажетті табыс көлемі мен бәсекелес аяда өз өндірісін динамикалық тұрғыдан дамуын қамтамассыз етуге тырысады. Ол үшін табыстың құрылу көздері туралы білу мен оларды қолданудың әдістерін білу қажет.
Әлемдік тәжірибеге сай, нарықты қатынастар жағдайында пайда табудың негізгі үш қайнар көзі белгілі:
біріншісі - табысты кәсіпорынның қандай да бір өнім шығаруы мен өнімнің уникалдылығына, монополиялық жайына байланысты алу;
екінші қайнар көзі өндірістік және кәсіпкерлік іс-әрекетпен байланысты;
үшінші қайнар көз кәсіпорынның инновациялық әрекетімен байланысты.
Таза пайда кәсіпорынның ағымдағы мерзімі ішіндегі пайда мен шығындар түрлерінің арасындағы қатынас арқылы анықталады. Таза пайданы қайтаорналастыру кәсіпорынға өзінің қаржыландыру көздері көмегімен қызметін кеңйтуге мүмкіндік береді. Таза пайданы қолданудың танымал келесідей жолдары бар:
- пайданы қатысушылар арасында бөлу (дивидедтер және басқадай төлемдер) ;
- жарығылық қорды ұлғайту;
- резервтік капиталды ұлғайту.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.
Қаржылық жағдай бұл көрсеткішетр жиынтығы, олар қаржылық ресурстардың мөлшері, олардың қолдануымен орналастыру туралы ақпараттарды көрсетеді. Қаржылық жағдайдың анализі, қандай бағыттарда белгіленген жұмысты атқару керектіген, ең маңызды аспектілерді көрсетуге және кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы ең әлсіз позицияларды анықтауға мүмкіндік береді.
2 «Атамекен» Ақ-ның инвестициялық жӘне экономикалық Әлеуетін талдау
- «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz