Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 баға саясатының теориялық мазмұны
1. 1 Баға ұғымы мәні және оның түрлері . . . 6
1. 2 Мемлекеттің баға және бәсекеніі реттеу саласындағы саясаты . . . 11
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНда баға саясатын қалыптастыру механизмдері
2. 1 Қазақстан Республикасында баға саясатына әсер ететін факторлар . . . 24
2. 2 Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау . . . 30
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНда баға саясатын қалыптастыру МЕН жетілдіру жолдары . . . 44
қорытынды . . . 52
Қолданылған әдебитеттер тізімі . . . 57
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек. Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - елдегі баға саясаты.
Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде баға ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру шаралары да жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, кәсіпкерлердің өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Бағаны мемлекет тұрғысынан реттеу оның маңызды қызметі болып табылады. Бағаның өзгерісі. мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты объектісі болып табылады.
Бағалар елдің әлеуметтік және экономикалық даму деңгейіне елеулі әсерін тигізеді. Бағаның тұрақты болуы инфляция қарқыны бәсеңдейді, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады, ел ішіндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелер қалыпты болады. Ел экономикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе, әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы. Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы диплом жұмысының зерттеудің тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысының зерттеудің басты мақсаты елдегі баға саясатының негізгі қалыптасу бағыттары мен үрдістерін зерттеу, бағаны ырықтандыру бағыттарын айқындау болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде елдегі қалыптасып отырған баға мен мемлекеттің баға саясатын жүргізу шаралары алынды.
Зерттеу пәні қазіргі экономикалық ынталандыру жүйесінің теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады.
Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ ОҚО статистка Департаментінің жылдық статистикалық есептері құрады.
Диплом жұмысының жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде постиндустриалық қоғамға өту кезеңіндегі арттырудың шешуші факторы - оңтайлы баға саясатын қалыптасытру арқылы экономикалық ынталандыру мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысының жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімдер мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 экономикалық жүйеде бағаны қалыптастырудың әдістмелік- теориялық негіздері
1. 1 Баға ұғымы мәні және оның түрлері
Мемлекеттің баға саясаты мемлекеттік бюджеттің ресурстары мен экономиканы мемлкеттік реттеу құралдарына негізделіп қалыптасады.
Баға - нарықтық экономикада көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады және оларды ішкі және сыртқы деп бөледі (сурет 1) [1, б. 125] .
Сурет 1- Бағаның қалыптасуына әсер ететін факторлар жүйесі
Экономикалық белгілеріне қарай в бағалардың келесі түрлерін ажыратады [2, б. 211] :
1. Тауар айналымының қызмет көрсету саласына қарай:
- өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы;
- құрылыс саласы өнімдерінің бағасы;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы;
- жүк тасымалдау саласының тарифтері;
- бөлшек бағалар;
- тұрғын халыққа көрсетілетін тұрмыстық қызметтің тарифтері;
- елдің сыртқы айналымында қолданылатын бағаларт (экспорттық және импорттық бағалар) .
- өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы - бұл кәсіпорын өнімін сату бағасы. кәсіпорын белгілеген көтерме баға (өнімді жөнелту бағасы) ; өнеркәсіп саласындағы көтерме баға.
б) құрылыс саласы өнімдерінің бағасы бағаның үш түрі бойынша белгіленеді:
- құрылыстың сметалық құны;
- прейскурант бойынша белгіленетін баға (орташа сметалық құн)
- мердігерлер мен тапсырыс берушілер арасындағы келісілген бағалар.
в) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы - ауыл шаруашылығы өнімін сатушы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, фермерлер, жеке үй шаруашылықтары өндірген өнімге қойылатыфн бағалар. Әдетте мұндай бағалар ауыл шаруашылығы өніміне деген сұранысқа байланысты, сондықтан келеді және келісімді сипатта болады. Ол келесі көрсеткіштерден құралады: өнімнің өзіндік құны+ пайда + ҚҚС
г) жолаушылар мен жүк тасымалдау көліктерінің тарифтері- жолаушылар мен жүктерді тасымалдағаны үшін алынатын төлемақы. Ол келесі көрсеткіштерден құралады: тасымалдау шығындары+ пайда + ҚҚС
- бөлшек бағалар- бөлшек сауда орындарында тұпғын халыққа сатылатын өнімдердің бағасы.
- тұрғын халыққа көрсетілетін тұрмыстық қызметтің тарифтері;
- елдің сыртқы айналымында қолданылатын бағалар (экспорттық және импорттық бағалар) - ттұрмыстық және коммуналдық қызмет түрлеріне тұрғын хылықтың төлейтін ақысы.
Саясат мемлекет қызметiнiң барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементi болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтiк, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, iшкi сыртқы саясат туралы айтады [3, б. 42] .
Кез келген қоғамда мемлекет бағаны өзiнiң функциялары мен мiндеттерiнің құрамына енгізеді. Қойылған мақсаттарды iске асыруда баға саясаты маңызды рөл аткарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесiнде қоғам алдында тұрған мiндеттердi орындаудың шарттары қамтамасыз етiлдi; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгiлi құралы болып табылады.
Материалистiк диалектика жүйесiнде түрлi басқа саясат сияқты баға саясаты қондырмаға жатады, ал баға саясатында бiлiнетiн және өндiрiстiк қатынастардың, белгiлi бiр экономикалық фомацияның бiр бөлiгi ретiнде көретiнiң қаржы қатынастары базистық болып табылады.
Баға саясаты- бұл бағаны басқарудың түптi мақсаты, оның нақты нәтижесi; өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн кәсіпорынның қаржы саласында жүргiзетiн мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттiнiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi болып табылады.
Баға саясаты бюджет, салық, ақша, несие, кеден саясаттары құрамына кіретін мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі. Мемлкекеттің баға саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асырудың құралы болып келедi, яғни қосалқы рөлдi орындайды. Мемлекеттiк саясатың басқа да бағыттарын - ұлтық, геосаясаты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды [4, б. 23] .
Бағаны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатына негiзделедi. Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндiрiстiк қатынастар категориялар арқылы көрiнедi. Категориялар- бұл бiркелкi экономикалық қатынастардың көрiнесi, бұл қатынастар экономикалық өмiрдiң белгiлi бiр жағын сиппатайды және қорытынды түрде көрiнедi; оларға баға, қаржы, сақтандыру, несие, табыс (пайда) және т. т. жатады. Баға эконмикалық категория ретiнде, экономикалық заңдардың (күн заңының, сұранамын мен ұсыным заңының, кажеттiлiктердiң жоғарылау заңының өндiрiстiк қатынастардың өндiргiш күштердiң сипаты мен даму деңгейiне сәйкестiк заңының, уақытты үнемдеу заңының) iс-әрекетiне негiзделедi.
Баға саясаты нақты шаруашылық өмiрде қаржы механзмi арқылы iске асырылады. Ол бағаны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерiнiң, нысандарының және әдiстерiнiң жүйесi болып табылады. Қаржы механизмi арқылы шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтiк дамудың мемлекеттiк бағдамаларын орындау үшiн мақсатты ақша қорлары мен ақша қорландарын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қаржы қатынастары басқарылады.
Көбiрек жалпы экономикалық категория ретiнде қаржы абстракцияның (салықтардың, бюджеттiң және т. т. ) аз дәрежесi бар жеке Баға қосалқы категориялардан тұрақтындықтан, дербестiктiң белгiлi дәрежесiмен салық саясатын, бюджет саясатын және оларға сай механизмдердi - салық, бюджет, қаржы жоспарлары, бағаны басқару, қаржы-құқықтық механизмдердi бөлуге болады. Кез келген мемлекеттің экономика саласындағы түпкілікті мақсаты экономиканың тұрақты өсуін, баға тұрақтылығын және сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұл мақсат жалпыэкономикалық реттеу барысында іске асады, оның маңызды құрамдас бөлігінің бірі - мемлекеттің ақша-несие саясаты болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық банкінің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық банк тарапынан мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу, валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу сияқты негізгі міндеттерді шешу талап етіледі.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты жалпыэкономикалық реттеудің маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Ол инфляцияны тежеу, белсенді нарық конъюнктурасын сақтау, өндірістің құлдырауына және жұмыссыздыққа жол бермеу мақсатында әзірленіп, іске асырылады. Ұзақ мерзімді кезеңге баға тұрақтылығын сақтай отырып, баламалық ақша-несие саясаты нарықтық экономиканың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады.
Қазақстан соңғы жылдары экономикалық өсудің жоғары қарқынына қол жеткізді, бұл еліміздегі реформалардың табысты жүргізілуіне, сол сияқты сыртқы экономикалық жағдайдың қолайлы болуына байланысты. Соңғы бірнеше жылда ЖІӨ Қазақстан экономикасының тұрақты даму динамикасын көрсетуде. 2006 жылға қарағанда ЖІӨ-нің өсуі 10, 6% болды, ал 1991 жылдың (тәуелсіздік алған жылы) деңгейі 41%-ға көтерілді. 2007 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ соңғы 6 жылда 4 есеге ұлғайып, 5083 АҚШ долларына жетті.
Қазақстанның экономикасының дамуындағы жетістіктерді көптеген дамушы елдер мойындап, халықаралық қаржы институттары мен рейтинг агенттіктері атап көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша ЖІӨ 2007 жылдың ішінде экономиканың тұрақты дамуы туралы куәландыратын өсудің тұрақты серпінін көрсетті [5, б. 26] .
Алайда, Қазақстан экономикасы соңғы жылдары инфляция қысымының күшейе түскенімен қатар дамуда, бірақ Ұлттық банк пен Үкіметтің төмен инфляцияны ұстап тұру жөніндегі үйлестірілген саясатының арқасында 2007 жылдың шілде айынан бастап оның динамикасында түбірлі өзгеріске қол жеткізілді. Нәтижесінде инфляция 9%-дан 8, 4%-ға дейін төмендеді, және қазіргі уақытта аса жоғары емес тұрақты деңгейде қалып отыр. Дегенмен де, инфляциялық үдерістің баяулауына қарамастан, Ұлттық банк ақша-несие саясаты шараларын әлсіреткісі келмейді, себебі жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі тұрақсыз болып қалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарына сәйкес Ұлттық банк 2007 жылы және одан кейін де орташа жылдық инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз етуге бағдарланған ақша-несие саясатын жүргізуді өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.
Ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, Ұлттық банктің операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы жағдайға және инфляция деңгейіне байланысты жүргізіледі. Қаржы нарығындағы сыйақы ставкасын, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің басты құралы - екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қала береді. Қазіргі кезеңде Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі мақсаты-экономиканың макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады, сондай-ақ келешекте экономиканың өсу алғышарттарын жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк 2007 жылдың қаңтар айында «2007 жылға арналған экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары және экономикалық көрсеткіштердің болжамы туралы» бірлескен мәлімдеме жасады. Осы құжатқа сәйкес Ұлттық банк пен Үкімет Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілетін арттыруға, елдің өмір сүру деңгейін жақсартуға, экономиканың қарқынды дамуын және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызуға бағытталған саясатты келісіп жүргізетін болады [7, б. 77] .
1. 2 Мемлекеттің баға және бәсекеніі реттеу саласындағы саясаты
Баға саясаты туралы заң бойынша, елдегі инфляция деңгейін құрықтау туралы дабыл қағып, көп жерде айттыңыз. Өркениетті нарықты дамытуға бағытталған реформалар нарықтың басқа субъектілерінің арасында алатын орнын анықтау барысында кәсіпорын үшін жаңа талаптар қояды. Бірінші кезекте бұл - бәсекелестіктің күшеюі жағдайындағы тиімді жұмыс атқаруға қажетті әдістерді қалыптастыруға бағытталған басқару шешімдеріне қатысты мәселе. Зерттеулер нәтижесінде отандық кәсіпорындардың көпшілігі бәсекелік күрес жүргізуге әлі де дайын еместігі анықталды. Кейбір кәсіпорындардың қолында бәсекеге қабілеттілігі барынша жоғары өнімдер болған күннің өзінде, олар өздерінің бәсекелестік басымдықтарын толығымен, тиімді түрде пайдалана алмауы мүмкін. Оның себебі, бәсекелестік күрес құралдарының келесі жиынтығын тәжірибе жүзінде тиімді қолдана алмауында: баға саясаты, өнімдер мен қызметтерді алу мен үлестіру арналарын оңтайлы ұйымдастыру, қолдау көрсетудің тиімді әдістері және т. б. Ал, қазіргі уақытта жыл санап конъюнктура жағдайы күрделіленіп барады, нарықтың аясы кеңеюде, шетелдік фирмалар еліміздің нарықтарына кеңінен енуде, олардың қатаң бәсекелік күрес жағдайындағы қызмет атқару тәжірибесі отандық кәсіпорындармен салыстырғанда анағұрлым молырақ. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (БСҰ) Қазақстанның кіруі бұл мәселелерді тереңдете түсетіні анық. Осындай қалыптасқан жағдайларда әрбір кәсіпорын нақты өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан нарық талаптарына жауап бере алатын бәсекелестіктің тиімді құралдарын ұсынуға бағытталған қадамдар кешенін жасауға талпынуы тиіс [8, б. 85] .
Мұндай күрделі жұмыстың неғұрлым ауыр сатыларына бәсекелік басымдықтарға жету жолдарын ойлап, талдау және осы жолдағы кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асыру жатады. Аталған талдау жұмысының негізгі проблемасы - сала ерекшеліктерін барынша ескеретін кәсіпорынның бәсекелестік жағдайын бағалаушы көрсеткіштерді анықтау. Сонымен қатар, кәсіпорынның тәжірибе жүзіндегі қызметінде бәсекелестіктің биік дәрежесіне жету мен ол дәрежені қолдап отыру мақсатында бағалаушы көрсеткіштердің кәсіпорын әлеуетінің негізгі басқару факторларымен өзара қарым-қатынасын және тәуелділігін анықтау қажет.
Кәсіпорынның бәсекелестік саясатын құру әдістемесінің негізінде бәсекелестік теориясы жатуға тиіс. Аталған теория капиталистік формацияның қалыптасуына дейінгі кезеңде пайда болған.
Бәсекелестік дегеніміз - алдарына бір ортақ мақсат қойған әртүрлі жекелеген заңды және жеке тұлғалардың (бәсекелестердің) арасындағы белгілі бір саладағы (бағыттағы) күрес. Кәсіпорын тұрғысынан қарасақ, мұндай мақсат - тұтынушылардың назарын өзіне аудару арқылы пайда деңгейін барынша өсіру. Бұл мақсат нарықты оның қалыптасқан кезінен бері бағыттап келеді. Дегенмен, бәсекелестік күрестің қозғаушы күштері туралы неғұрлым толық теориялық ережелер XVIII - ғасырдың ортасында дәстүрлі (классикалық) саяси экономияның қалыптасуымен қатарлас дүниеге келді. Классикалық мектеп өкілдерінің еңбектерінде негізінен баға тұрғысынан бәсекелестікке мән берілді. Бәсекелестік пайда нормаларын теңестіре отырып, еңбек пен капиталдың оңтайлы үлестірілуіне жол ашатындығын алғашқы болып А. Смит көрсетіп берді. Бәсекелестік жеке мүдделер мен экономикалық тиімділікті теңдестіреді, осы тұрғыдан қарағанда ол нарықтың «көрінбейтін қолына» ұқсас. Яғни, жекеменшік және қоғамдық мүдделерді теңдестіруді реттеп отыратын нарықтың автоматты түрде жүзеге асатын теңдестіру механизмін еске түсіреді. А. Смит бәсекелестікті баға тұрғысынан реттеудің тиімді құралы деп бағалады [9, б. 425] :
- бәсекелестік баға теориясы негізінде «бәсекелестік» ұғымын бағаны өсіретін (ұсыныс азайған кезде) және бағаны төмендететін (ұсыныс шамадан тыс ұлғайған кезде) күрес деген қорытындыға келді;
- бәсекелестіктің тиімділігінің негізгі шарттарын анықтады, ол шарттарға - сатушылардың санының көп болуы, сатушылар туралы нақты және дәл ақпараттардың болуы, пайдаланылатын ресурстардың икемділігі сияқты шарттарды жатқызды;
- алғашқы болып пайда нормасын теңдестіре отырып әртүрлі салалардағы еңбек пен капиталдың оңтайлы үлестірілуін қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеді;
- толысқан бәсекелестік моделінің элементтерін (құрамдас бөліктерін) анықтады және осы модель жағдайында тұтынушылардың қажеттіліктері мен сұраныстарын барынша қанағаттандыруға болатынын айқындады.
А. Смит жасап шығарған толысқан (таза) бәсекелестік моделі нарықтық процестерді саналы түрде бақылауда ұстауға ешқандай мүмкіндік тудырмайды. Бұл модельдің үйлестіруші элементі ретінде толығымен орталықсыздандырылған экономика жағдайындағы баға жүйесі көрсетілген.
Баға тұрғысынан реттеу идеясын Д. Рикардо еңбектерінде барынша дамытты. Ол ұзақ мерзім аралығындағы жүйенің қызмет атқаруын көрсететін толысқан бәсекелістіктің теориялық моделін қорытып шығарды. Бұл модель бәсекелестікті реттеудің ұзақ мерзім аралығында маңызы жоқ мемлекеттік реттеу, монополиялық билік, нарықтың географиялық ерекшеліктері сияқты субъективті факторларынан алшақтауға мүмкіндік берді .
Аталған модельдің басты қағидасы немесе ережесі - бәсекелік күрес жағдайында баға сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасады. Нарықтың барлық қатысушылары баға деңгейі мен өндіріс көлемі туралы мәліметтерді алғаннан кейін белсенді қызметтен бас тартады. Фирмалар өндіріс шығындарын азайту мен өнімді өткізу жөніндегі шешімдер қабылдауға кіріседі.
Дж. С. Милль капиталистік экономиканың дамуына жол ашатын ұзақ мерзімді теңдестік жағдайындағы «табиғи» бағалар мен орталықтандырылмаған басқару қағидаларының қатар қолданылуының мәселелерін зерттеді . Ол бәсекелестік теориясына келесі үлес қосты: халықаралық сұраныс теңдеуі қорытылды, нарықтағы бәсекелесуші топтар жіктеліп көрсетілді, сұраныстың баға тұрғысынан икемділігінің үш жақты жіктелуі анықталды және т. б. [9, б. 125]
XIX - ғасырда гүлдену деңгейіне жеткен неоклассикалық мектеп өкілдері толысқан бәсекелестіктің баға жүйесіне ықпалын неғұрлым барынша дәл және толық зерттеді. А. Маршалл классиктердің негізгі ережелерін барынша толық дамытты, нарықтағы тепе-теңдікті толысқан бәсекелестіктің көмегімен автоматты түрде орнықтыру механизмін неғұрлым толық қамтып, негіздеп шықты. Атап айтсақ, нарықтағы ішінара және ұзақ мерзімді тұрақты тепе-теңдікті талдау теориясын жасады. Осы теорияның негізінде кейіннен бәсекелестіктің жаңа моделі - монополистік бәсеке теориясының негізі қаланды [1, б. 125] .
XIX - ғасырдың соңы, XX - ғасырдың басындағы экономика ғылымы бұрыннан қалыптасқан бәсекелестік пен оның экономикадағы маңызы туралы көзқарастарды өзгертті. Толысқан бәсекелестік моделі бәсекелестіктің жалғыз түрі - баға тұрғысынан бәсекелестік ерекшеліктеріне мән берді. Сондықтан, аталған модельдің баға жүйесіне негізделуі оның ең негізгі кемшілігі деп қарастырылды, ол бәсекелік қызметтің мәнін толық, жан-жақты және терең ашып көрсетуге мүмкіндік бермеді. Толысқан бәсекелестік моделі нақтылы бір мемлекет аясында өмір сүре алмайды. Себебі, мемлекет тарапынан экономиканың қандай да бір салалары реттеуді қажет етеді. Толысқан бәсекелестік моделін сынаушылар сол кездегі экономикаға тән монополиялық элементтерге сілтеме жасады, ал монополиялық қатынастар толысқан бәсекелестік концепциясында қарастырылмаған. Толысқан бәсекелестіктің экономикалық концепциясы сол кезде байқалған экономикадағы бәсекелестіктің жаңа жағдайындағы терең үрдістерге жауап бере алмады.
Аталған концепция бәсекелік қызметтің динамикасын ескермеді, уақыт факторының маңыздылығын жоққа шығарды және бәсекелестердің белсенділігінің себептерін атүсті қарастырды. Дж. Робинсон мен Э. Чемберленнің еңбектерінде монополия жағдайындағы баға қалыптасуының ерекшеліктері және бәсекелестіктің бағаға қатысы жоқ қырлары зерттелді.
Бәсекелік қатынастарды реттеу теориясының дамуына қазіргі заманғы ғалымдардың да қосқан үлесі зор. Экономиканың әртүрлі салаларындағы бәсекелестік қатынастардың қалыптасу ерекшеліктерін батыстың ірі ғалымдары терең де жан-жақты зерттеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz