Инвестициялық жобаның тиімділігі


АННОТАЦИЯ
Берілген жұмыс «БТА» акционерлік қоғамының мысалында орындалған. Жұмыс кіріспе, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Дипломдық жұмыста нарық жағдайындағы «БТА» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, қаржы есеп берулері негізінде банктің инвестициялық қызметіне терең жасалған. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен шешімдер жасалған.
АННОТАЦИЯ
Данная работа выполнена на примере акционерного общества «БТА». Работа состоит из введения, трех основных разделов и заключения. В дипломной работе рассмотрены особенности инвестиционной деятельности банков в условиях рынка. Также, проведен подробный анализ инвестиционной деятельности акционерного общества «БТА». По итогам работы сделаны выводы и предложения.
THE SUMMARY
The given work is executed on an example of joint-stock company " BTA ". Work consists of the introduction, three basic sections and the conclusion. In degree work features of investment activity of banks in conditions of the market are considered. Also, the detailed analysis of investment activity of joint-stock company " BТА " is lead. On results of work are drawn conclusions and offers.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
- Инвестициялық қызмет, оның нысандары мен түрлерін топтастыру 9
1. 2 Инвестициялық климат, оны қаржыландыру көздері 14
1. 3 Инвестициялық жоба, оның тиімділігі 18
1. 4 Нарықты дамыту жағдайындағы инвестициялық саясат 23
1. 5 Инвестицияның басты звеносы ретіндегі бағалы қағаздар
нарығының қызметі 27
1. 6 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы және оның қатысушылары 33
2 «БТА» АҚ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІСІ
РЕТІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2. 1 «БТА банк» АҚ-ң бүгінгі таңдағы жағдайы және несиелік
қызметінің сипаттамасы 44
2. 2 Банктің баланстық шоттарын талдау 48
2. 3 Банктің операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтеріне байланысты операциялар бойынша ақша ағымына баға беру 56
2. 4 Банктің несие операцияларының құрамы мен сапасына баға беру 61
2. 5 Несие операцияларының тиімділігін талдау 76
3 БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 81
ҚОРЫТЫНДЫ 86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 89
ТІРКЕМЕЛЕР 92
КІРІСПЕ
Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банктік істі дамытуда жаңа кезеңді ашты. Нарыққа өту жағдайында ерекше актуальділікке біздің елде банктердің және басқа да несиелік институттардың даму болашағы мәселесі мен оны іс жүзінде асыру ие. Қойылған міндетті шешу Қазақстандық және де шетелдік банктердің қызмет етуін зерттеу, тәжірибеде қолдану және тәжірибедегі жұмыс әдістері мен рационалды, прогрессивті формаларын өндірген жағдайда ғана мүмкін.
Капиталдар нарығының дамуы қаражаттарды жинақтау мен инвестициялаудың өзара байланысты процесін жетілдірмей мүмкін емес. Жинақтау өзімен бірге табыс пен тұтыну арасындағы айырманы білдіреді. Инвестициялар бұл табыс алу мақсатындағы қаражаттар салымы.
Қазақстанның алдағы комерциялық банктерін өздерінің табыстылық базасын кеңейту үшін рентабельділігі мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылату өз клиеттері үшін қызметтер мен операциялардың кең тобын орындауға талпынды. Сонымен бірге банктік қызметінің дамуы клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де аз шығындармен банктік қызметтерді көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге икемді бағаларды қолдануды білдірді. Кең клиентуралы банктік операциялардың тиімді икемді жүйесі ішкі жинақтарды жинауға ықпал етеді. Аса мәнге өзгермей экономиканың қажеттілігіне тез ыңғайланатын икемді бантік қызмет көрсету.
Банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік - банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына әсер етеді. Тұрғындарға дәстүрлі банктік қызметтерді орындаумен бірге, яғни депозиттерге қаражаттарды тартумен, ссудаларды ұсынумен, тұрғындарға есеп айырысу кассалық қызметтерді көрсетуді жүзеге асырумен бірге біздің елде қазіргі банктік институттар электрондық қызметтер, клиенттер тапсырма бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, қор операциялары, чекстік операциялары, карточкалар ашу, ссудаларды ұсыну, құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде трасттық, ақпараттық анықтамалық кеңес беру, қор операцияларын да орындайды. Тұрғындарға қызмет көрсететін банктердің рөлін активизациялауының мәні аз шығындарды максималды әсерге, яғни банктік қызмет көрсетуде клиенттердің қажеттілігін толық қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектірін кеңейтуге өзіндік құнының төмендеуіне әсер етуден тұрады.
Менің тақырыбымның актуальділігі ол нарыққа өту жағдайында біздің елде банктердің инвестициялық шешімдердің тиімді жақтарын қарастыру және басқ ада несиелік институттардың даму болашағы мәселесі мен оны іс жүзінде асыру керектілігі.
Тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаттары болып мыналар саналады: инвестициялық саясат пен климаттың дұрыс жүргізілуі, олардың қаржыландырц көздерін ұлғайту, нарық жағдайындағы инвестициялық жобаларды дұрыс жасай отырып, оның тиімді жақтарын қарастыру.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.
Банк активтері - пайда табу максатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:
1) касса және оған теңесстін акшалай қаражаттар;
2) несиелер;
3) бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4) банктің ғимараты мен жабдыктары ;
Активтердің сапасы олардың тиімділігіне, тәуекел активтердің
көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.
Бұл жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің қаржы жағдайын бағалау бойынша нақты әдістемелерді жасауда емес, мұндай талдауды жүргізу қажеттілігін анықтау. Коммерциялық банктер қаржы жағдайын бағалау құралдарды жетілдіру, Қазақстандағы кемшіліктерді анықтау болып табылады.
Қазіргі уақытта камерциялық банктердің активтерін тиімді басқару мәселесі банк тажірибесінің маңызды проблемасы болып саналады.
Коммерциялық банктің активтерін тиімді басқару нарықтағы тенденция туралы нақты белгілі бір уақыт аралығында ақпаратты жинау, талдау және өңдеу ұйғаратын процесс.
Банктің барлық активтері оның портфелінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Активтерді басқару банк портфелінің құрамын, оның көлемін және пайдалылығын талдауды ұйғарады. Бәсеке жағдайында банкте несие саясатын анықтайтын ақша қозғалысын бағалау мен болжаудың бар болуы қажет.
Шет елдерде іс жүзінде кез-келген банктерде активтерді басқару жөніндегі комитет қызмет ететінін атап өту керек. Бұл комитет несиенің реттеуші қасиетін есепке алатын стратегиялық өңдеулерді жүзеге асырады. Шығындарды бақылауды, сондай-ақ салықтық жоспарлау және банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша тәуекелділік денгейін осы комитет атқарады.
Коммерциялық банктер, ең алдымен, спецификалық ұйымдар ретінде көрінеді, бір жағынан олар шаруашылықтардың уақытша бас қаржыларын өзіне тартады, ал екінші жағынан тартылған қаржылар есебінен кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғылықты халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Банктердің және тауарлы - ақшалай қаржы- қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардан капиталдарын, халықтың жинақтарын және шаруашылық қызметін үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
1. 1 Инвестициялық қызмет, оның нысандары мен түрлерін топтастыру
Нарықтық қатынастар жағдайында инвестицияның мәні өзіндік ерекшеліктермен түсіндіріледі:
-инвестицияның табыс алумен байланыстылығы инвестициялық қызметке түрткі ретінде қарастырылуы;
-инвестициялар ресурстар (күрделі салымдар) мен салымдардың (шығындар) біртұтастығы ретінде қарастырылуы;
-инвестициялардың статикада емес динамикада талдануы;
-инвестициялау объектісінің құрамына экономикалық (әлеуметтік) нәтиже беретін кез келген салымды қосу.
Инвестиция ресурстардың шығынға өзгеру процесі ретінде қарастырылады. Бұл ретте инвесторлардың негізгі мақсаты - табыс (нәтиже) алу жағдайы ескеріледі.
«Инвестициялық қызмет» терминін кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада инвестициялық қызмет табыс (нәтиже) алу мақсатында инвестициялау объектілеріне қаражаттарды салумен байланысты қызмет ретінде қарастырылады. Ал тар мағынада инвестициялық қызмет инвестициялық ресурстарды салымдарға өзгерту процесі ретінде қарастырылады.
Инвестиция қозғалысы екі сатыны қамтиды. Бірінші саты - «инвестициялық ресурстар - қаражаттар салымы» инвестициялық қызметтің өзі болып табылады. Екінші саты - «қаражаттар салымы - инвестициялау нәтижесі» инвестицияларды пайдалану нәтижесінде шығындардың өтелуін және табыс алуды қарастырады.
Инвестициялық ресурстарды жұмылдыру сәтінен салынған қаражаттарды өтеп, табыс (нәтиже) алғанға дейінгі ұдайы өндірістің барлық сатысынан жүйелі түрде өтетін инвестициялар қозғалысы инвестициялардың айналуы ретінде көрініс табады және инвестициялық циклды құрайды.
Инвестициялар айналуы инвестициялар айналымы ретінде көрініс табады. Инвестициялық қызметтің негізгі субъектілері инвесторлар мен инвестициялау объектілерін пайдаланушылар болып табылады. Инвестолар салымшылар, сатып алушылар, тапсырыс берушілер, кредиторлар және инвестициялық қызметтің басқа да қатысушылары болуы мүмкін.
Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар - бұл инвестициялық қызметтің объектілерін пайдалнушы заңды, жеке тұлғалар, биліктің мемлекеттік және муниципалдық органдары, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.
Инвестициялық қызметтің объектілері екі жақты сипатталады: инвестициялық ресурстар және салымдар (шығындар) .
Ресурстар құрамында инвестициялардың келесі топтарын атап көрсетуге болады:
-ақшалай қаражаттар мен қкржы құралдары;
-материалдық құндылықтар;
-ақшалай бағаланатын мүліктік, интеллектуалдық және басқа да құқықтыр.
Шығын көзқарасы бойынша инвестициялар салым бағытын сипаттайды. Бұл ретте инвестициялық қызмет объектілері келесілерді қамтиды:
-негізгі және айналым капиталы;
-бағалы қағаздар мен мақсатты ақша салымдары;
-материалдық емес активтер.
Инвестиция нысандары мен түрлерін топтастыру. Салым салу объектілері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар нақты экономикалық активтерге (материалдық ресурстар, материалдық емес активтер) салынған салымдардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Қаржылық инвестициялар - әр түрлі қаржылық активтерге (бағалы қағаздар, пайлар және үлестік қатысу, банктік депозиттер және т. б. ) қаражаттар салымын қамтиды.
Инвестициялау мақсаты бойынша инвестициялар тікелей және қоржындық болып бөлінеді.
Тікелей инвестициялар инвестициялау объектілерін тікелей бақылау және басқару мақсатында кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған салым ретінде көрініс табады.
Қоржындық инвестициялар табыс алу және тәуекелдерді диверсификациялау мақсатында экономикалық активтерге салынған қаражаттар ретінде көрініс табады.
Инвестициялық қызмет нысандары сондай-ақ мерзімі бойынша, инвестициялық ресурстардың меншік нысандары бойынша, аймақтық, салалық, тәуекел және басқа да белгілері бой ынша топтастырылады.
Салым салу мерзімі бойынша инвестиицялар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялар болып бөлінеді.
Инвестициялық ресурстардың меншік нысандары бойынша жеке, мемлекеттік, шетелдік және аралас инвестициялар бөліп көрсетіледі.
Аймақтық белгісі бойынша ішкі инвестициялар және шетелдегі инвестициялар болып бөлінеді.
Салалық белгісі бойынша экономиканың әр түрлі салаларына салынған инвестициялар ажыратылады: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс, сауда және т. б.
Тәуекел деңгейлері бойынша агрессивті, біркелкі және консервативті инвестициялар бөліп көрсетіледі.
Инвестициялық нарық. Инвестициялық нарық инвестициялық сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын инвестициялық қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу нысаны ретінде қарастырылады. Ол сұраныстың, ұсыныстың, баға деңгейінің, бәсекенің және сату көлемінің белгілі бір қатынасымен сипатталады.
Инвестициялық нарық арқылы инвестициялардың айналымы, инвестициялық ресурстардың салымдарға өзгеруі жүзеге асырылады.
Инвестициялық нарықтың конъюктурасы - инвестициялық нарықтағы немесе инвестициялық нарық сегментіндегі сұраныстың, ұсыныстың, баға деңгейінің, бәсекенің және сату көлемінің қалыптасқан қатынасын анықтайтын факторлар жиынтығы.
Инвестициялық нарықтың конъюктуралық циклы төрт сатыны қамтиды:
-инвестициялық нарық конъюктурасының өрлеуі;
-конъютуралық шарықтау;
-конъюктураның әлсіреуі;
-инвестициялық нарықтағы конъюктураның құлдырауы.
Инвестициялық сұраныс потенциалды және нақты болып бөлінеді.
Потенциалды инвестициялық сұраныс экономикалық субъектілердің қордаланған табысының шамасын бейнелейді. Олар инвестициялауға бағытталуы мүмкін және потенциалды инвестициялық капиталды құрайды. Нақты инвестициялық сұраныс шаруашылық субъектілерінің инвестициялаудағы нақты қажеттілікітерін сипаттайды және тікелей инвестициялық мақсаттарға арналған инвестициялық ресурстарды бейнелейді.
Инвестициялық ұсыныс барлық нысандағы инвестициялау объектілерінің жиынтығын бейнелейді: негізгі қорлар, айналым қаражаттары, бағалы қағаздар, ғылыми-техникалық өнім, мүліктік және интеллектуалдық құқық және т. б.
Инвестициялық процестің инфрақұрылымы. Инвестициялық сұраныс пен ұсыныс қаржылық делдалдар арқылы жүзеге асырылады. Олар экономикалық субъектілердің инвестициялық және қаржылық қажеттеліктерін қамтамасыз ету бойынша ауқымды мүмкіндіктерге иелік етеді. Инвестициялық ресурстарды жұмылдырудың және оларды тиімді оналастырудың нарықтық механизмі инвестициялық процестің дамыған инфрақұрымының, инвесторлардың әр түрлі институционалдық оргнадарының болуын талап етеді.
Жалпы алғанда қаржылық институттардың келесі типтерін атап көрсетуге болады:
-коммерциялық банктер;
-банктік емес қаржы-несиелік институттар;
-инвестициялық институттар.
Банк жүйесі мекемелерінде айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктер шоғырланады. Банктер уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыра отырып, оларды несие жүйесі каналдары бойынша бағыттайды.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыратын коммерциялық банктер келесідей бөлінеді:
-әмбебап;
-мамандандырылған (инвестициялық, ипотекалық) .
Банктік емес қаржы-несие институттарына келесілер жатады:
-ломбардтар;
-несие серіктестіктері;
-несие одақтары;
-өзара несиелеу қоғамы;
-сақтандыру ұйымдары;
-зейнетақы қорлары;
-қаржы компаниялары.
Инвестициялық институттар тек бағалы қағаздар нарығында өз қызметін жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері арқылы көрініс табады. Инвестициялық институттарға келесілер жатқызылады:
-инвестициялық компаниялар мен қорлар;
-қор биржалары;
-инвестициялық дилерлер мен брокерлер.
1. 2 Инвестициялық климат, оны қаржыландыру көздері
Инвестициялық климат - бұл мемлекет (аймақ) экономикасын инвестициялаудың тартымдылығы мен қойылған мақсатқа сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық, құқықтық, саяси және басқа да шарттар жиынтығының сипаттамасы.
Мемлекеттің қолайлы инвестициялық климатын қалыптастыру - бұл тұтас көрсеткіштер жүйесін қамтитын әр түрлі шаралар кешені. Олар өз кезегінде қазіргі таңдағы ҚР инвестициялық климатын салыстырмалы талдаудың негізі болып табылады:
-мемлекеттік нарығы мүмкіндіктерінің сипаттамасы;
-табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
-экономикалық реформалардың жағдайы мен қозғалысы;
-инвестициялық қызмет үшін заңнамалық база;
-мемлекеттік органдарда басқару шешімдерін қабылдауды реттеу;
-нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығын дамыту;
-банк жүйесінің тұрақтылығы;
-саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыты.
ҚР экономикасы дамуының қазіргі сатысындағы реформалар негізінен мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін инвестициялық саясатты жасауға және жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.
Бұл ретте ҚР-да «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды.
Тікелей инвестицияларды мемлекттік қолдаудың мақсаты - экономиканың басым салаларында тауар және қызмет өндірісін жедел дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі шарттар қажет:
-жаңа техноголиялар, алдыңғы қатарлы техникалар және ноу-хау енгізу;
-ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету;
-отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
-экспортқа бағытталған және импорт алмастырушы өндірістерді дамыту;
-ҚР шикізат базасын ұтымды әрі кешенді пайдалану;
-менеджмент пен маркетингтің қазіргі таңдағы әдістерін енгізу;
-жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру;
-жергілікті кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру;
-өндірісті интенсивтендіруді қамтамасыз ету;
-қоршаған ортаны жақсарту.
Инвестициялық саясат - бұл инвестициялық активтердің оңтайлы көлемі мен құрылымын, тәуекелдің тиісті деңгейі жағдайында олардың табыстылығының өсімін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару бойынша шаралар кешені.
Мемлекеттің инвестициялық саясатының негізгі қағидаларына келесілер жатады:
-сұрыптаушылық және іріктеушілік;
-күрделі салымдарды қаржыландырну көздерінің әртүрлілігі;
-жоғарғы қайтарымдылық;
-инвестиция аясын орталықсыздандыру;
-инвестициялық белсенділікке экономикалық және ұйымдық ықпал ету тетіктерін пайдалану.
Жалпы алғанда инвестициялық саясат мыналарды қарастырады:
-инвестициялық белсенділікті жоғарылату, шетелдік нақты және қарыз капиталын қатыстыру үшін әкімшілік-құқықтық және ұйымдық-экономикалық жағдайлар қалыптастыру;
-экономиканы инвестициялаудың іріктеу-сұрыптау әдісін қамтамасыз ету, инвестициялық ұсыныстарды конкурстық сұрыптау үшін аукциондар мен тендерлер жүйесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік және басқа да инвестициялық ресурстарды бөлудің тиімді механизмін жасау;
-инвестициялық міндеттердің келісушілігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, оларды шешудегі басымдықты және бірізділікті сақтау;
-халықаралық қаржылық нарықтарға шығара отырып, республикадағы бағалы қағаздар нарығының кеңінен дамуына жағдай жасау;
-инвестициялық жобаларды тек коммерциялық пайдалылығы және салынған қаражаттардың қайтарымдылығы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар сыртқы несиелерді қатыстырудың техникалық өміршеңдігі, әлеуметтік және экономикалық қолайлылығы және мақсатқа бағыттылығы тұрғысынан тәуелсіз сұрыптаудың міндетті тәжірибелерін ұйымдастыру;
-меншік нысанына қарамастан инвестицияларды қорғау және сақтандыру жүйесін қалыптастыру;
-инвестициялық жағдайлардың шарттары мен факторларын бақылау және мемлекеттік реттеу құралдарын түзетуді жүзеге асыру.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері. Шаруашылық субъектілердің инвестициялық қызметінің кез келген түрі олардың қалыптастырған инвестициялық ресурстарының есебінен жүзеге асады.
Инвестициялық ресурстар инвестициялау объектілеріне салымдарды жүзеге асыруға қатыстырылатын кез келген қаржылық активтер болып табылады. Нрақытық қатынастар тұсында инвестициялық ресурстарды қалыптастыру көздері әр түрлі болып келеді.
ҚР заңнамаларына сәйкес инвестициялық ресурстар келесі көздерден қалыптастырылуы мүмкін:
-меншікті қаржы ресурстары мен ішкі шаруашылық резервтері;
-қарыз қаржы құралдары;
-акцияларды, еңбек ұжымы мүшелерінің, азаматтардың, заңды тұлғалардың пайлық және басқа да жарналарын сатудан алынатын қатыстырылған қаржы құралдары;
-белгіленген тәртіппен кәсіпорын бірлестіктері орталықтандыратын ақшалай қаражаттар;
-бюджеттік емес қорлардың қаражаттары;
-республикалық бюджеттің қаражаттары;
-шетелдік инвесторлардың қаражаттары;
-заңды және жеке тұлғалардың қайрымдылық жарналары.
Инвестицияларды қаржыландырудың барлық көздерін үш негізгі топқа бөледі:
-меншікті;
-қатыстырылған;
-қарыз.
Кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстары құрылтайшылардың бастапқы жарналары мен шаруашылық қызметтің нәтижесі есебінен күрделі салымдарды қаржыландыруға бағытталған қорланымдарын қамтиды.
Кәсіпорын меншік иелері жарналарының ақшалай бөлігі бірінші кезекте негізіг құралдар сатып алуға жұмсалады. Ал ары қарай бұл мақсаттарға кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінде қалыптасқан қорланымдары пайдаланылады. Бірінші кезекте оған амортизация және пайда жатады:
Амортизация - бұл тозудың құндық көрінісі.
Амортизация есептеудің 4 әдісі бар:
1. Тік сызықты біріңғай әдіс;
2. Өндірістік әдіс;
3. Кумулятивтік әдіс;
4. Қалдықты азайту әдісі.
Пайда - бұл кәсіпорын табысының басты нысаны. Ол қосымша өнім құнын бейнелейді.
Қатыстырылған қаражаттарға тұрақты негізде берілген қаражаттар жатқызылады. Олар бойынша аталмыш қаражат иелеріне табыстар (дивиденд, процент түрінде) төленуі мүмкін, олар сондай-ақ иелеріне қайтарылмауы да мүмкін.
Олардың қатарына келесілер жатады: акциялар эмиссиясы, жарғылық капиталға қосымша жарналар (пайлар), сондай-ақ қайтарымсыз негізде немесе үлестік қатысу негізінде мақсатты мемлекеттік қаржыландыру.
Қарыз қаражаттары белгілі бір мерзімге ссудаға алынған және процент төлеуі арқылы қайтарылуға тиісті қаржы ресурстары болып табылады. Қарыз қаржаттары келесілерді қамтиды: облигацияларды, басқа да қарыздық міндеттемелерді шығарудан алынған қаражаттар, банк, сондай-ақ басқа да қаржы-несие институттар, мемлекет несиелері.
1. 3 Инвестициялық жоба, оның тиімділігі
Инвестициялық жоба - экономиканың әр түрлі салаларына көбейту мақсатында капитал салу бойынша жоспарланатын және жүзеге асатын шаралар кешені.
Инвестициялық жобалар келесі белгілер бойынша топтастырылады:
1Инвестициялар масштабы бойынша:
-шағын жобалар;
-мегажобалар.
2. Мақсаты бойынша:
-шығындарды төмендету;
-тәуекелді төмендету;
-кеңейту арқылы табыс алу;
-жаңа өткізу нарықтарына шығу;
-қызметті диверсификациялау;
-әлеуметтік нәтиже;
-экологиялық нәтиже.
3. Өзара байланыстылық деңгейі бойынша:
-тәуелсіз;
-баламалы;
-өзара байланысты.
4. Тәуекел деңгейі бойынша:
-тәуекелді;
-тәуекелсіз.
5. Мерзімі бойынша:
-қысқа мерзімді;
-ұзақ мерзімді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz