ӘЛЕМДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ. 3
І. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. 6
1. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТОПТАСТЫРУ. 6
2. ӘЛЕМДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР . 9
І І. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАЛАПТАРЫ.
24
1. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТУЛУЫ. 24
ІІІ. ҚР-ДАҒЫ БК-НЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ. 38
ҚР-НЫҢ ЗАҢНАМАЛАРЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН. 38
2. БК-НЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ. 40
3. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДАУДЫ ШЕШУДЕГІ СОТ
ТӘЖІРИБЕСІ. 51
ҚОРЫТЫНДЫ. 55
БИБЛИОГРАФИЯ 57

КІРІСПЕ.

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық
субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу
арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін
бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар
арасындағы мұндай қызметтестік - әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-
бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын
болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді
өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді
интернационализациялау - әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен
қызметтерінің түрлі ұйымдық - құқықтық нысанын пайдалануға әкелді. Бұл таза
шарттық нысан немесе заңды тұлға құруға әкелетін ұйымдық-құқықтық нысан
болуы мүмкін.1
Бірлескен кәсіпкерліктің түрлі нысанына байланысты, мемлекет бір
фирманың екіншісіне қосылуын не толық енуін пайдаланады. Ал бірлескен
кәсіпкерлік қызметтің субьектілері басқа қатынаста өздерінің әрекет
бостандығын сақтайды.
Көптеген ірі шаруашылық субьектілерінің қызметтерінің маңызды құрамдас
бөлігі болып халықаралық инвестиция табылады.2
Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың негізгі тенденциясы есебімен
сыртқы экономикалық айналымға қатысуда белсенділік танытуда. Сондықтанда,
шетел инвестициясын тарту экономикалық саясатымыздың басымды бағыттарының
бірі болып табылады. Бірақ, еліміздің экономикасы ұзақ уақыт әлемдік
шаруашылықтан бөлініп қалуынан және осы аймақта жеткілікті тәжірибесінің
болмауынан қызметтестіктің ерекше нысаны-шетел инвесторы қатысатын
бірлескен кәсіпорын құруды қажет етті.
Мұндай қызметтестік нысаны болып бірлескен кәсіпорын табылды (БК). Айта
кету керек, халықаралық тәжірибеде қабылданған “goіnt venture” түсінігі ТМД
елдеріндегі “бірлескен кәсіпорын” түсінігінен ерекшеленеді. Егер “goіnt
venture” деген ұғым қатысушылардың қандай да бір мемлекетке қатыстылығына
тәуелсіз бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданса, ал “бірлескен кәсіпорын”
ұғымы бұған қарағанда тар, яғни қатысушылары әртүрлі мемлекеттен болатын
бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданады. Осылайша, Қазақстан
Республикасындағы “бірлескен кәсіпорын” халықаралық тәжірибеде қабылданған
шетел капиталы қатысатын кәсіпорын ұғымымен өте ұқсас.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бірлескен кәсіпорынның қызметін
құқықтық реттеу ұлттық және ұлтаралық деңгейде жүзеге асуда. Республикамыз
көптеген халықаралық екі және көп жақты шарттарға, келісімдерге,
конвенцияларға қол қойып, бірнеше әмбебап конвенцияларға қосылды. Ал ұлттық
деңгейде, экономикаға шетел инвестициясын тартуға бағытталған заңнама
базасы жасалды.
Осы жұмыс Қазақстандағы бірлескен кәсіпорынның дамуының, қызметін
ұйымдастырудағы негізгі талаптарының ерекшеліктерін қарауға, сонымен қоса
қызметтерін реттеу аймағындағы әрекет етуші құқықтық базасына анализ
жасауға бағытталған.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Біріншісі, “бірлескен кәсіпорынның” ұғымына
жалпы сипаттама және оның еліміздегі және әлемдегі даму тарихы жөнінде
айтылған.
Екінші тарау бірлескен кәсіпорынды құруға, басқаруға және оның
қызметіне қажетті негізгі талаптарға арналған.
Ал үшінші тарау бірлескен кәсіпорынның Қазақстан Республикасының
аумағында, Қазақстан Республикасының заңнамасымен құрылуы мен оның қызметін
құқықтық реттеу анализіне арналады.
Бұл жұмысымда М. Богуславскийдің, Л. Лунцтің, Н. Вознесенскаяның, Н.
Шебанованың, С. Сағындықованың, Қ. Мауленовтың, М. Сарсенбаевтың т.б.
еңбектерін және көптеген заң актілерін пайдаландым.

І. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.

1. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТОПТАСТЫРУ.

Батыс әдебиетінде “бірлескен кәсіпорын” ұғымы - Ұлыбританияда XVІ -
XVІІ ғасырларда теңіз саудасымен айналысқан Merchant Ventures немесе
Gentlemen Adventures бірлестігін анықтау үшін пайда болған. Бірігіп тауар
сатып алып, оларды тәуекел мен шығынды есептей отырып, қайта сату
Adventures түріндегі бірлестікке әкелді. Осындай шарттасудың сәйкесті
нысаны салдарынан “goіnt stock” туындай отырып, ол жауапкершілігі шектеулі
заңды тұлғаның, яғни іncorpated goіnt stock companіes-тің туындауының алғы
шарттарын ұсынды.[1]
Бірақ, “goіnt venture” ұғымы туралы шетел мемлекетінің заңнамаларында
және сот тәжірибесінде, экономистер мен заңгерлердің еңбектерінде ешқандай
ортақ түсінік берілмеді. Бұл ұғымды түсіндіргенде, үш сипаттамалық жағдайда
қарастырамыз:
1) goіnt venture - кәсіпорындардың көп не аз тұрақты негіздегі өзара
пайдалы қызыметтестігі.
2) жалпы үлестегі мұндай қызметтестікке қатысушылардың мүддесі
шаруашылық байланысты сақтауға деген қарапайым ықыласына ұласады, яғни
goіnt venture - бұл, тұрақты шаруашылық байланыстанда үлкен құбылыс.
3) goіnt venture - осындай қызметтестікті құқықтық рәсімдеу үшін
белгілі бір заңи құралдарды пайдалануды болжайды.[2]
Алғашқыда “goіnt venture” ұғымы әртүрлі ұлттарға қатысты
кәсіпорындардың бірлескен іскерлік бастамасын белгілеу үшін пайдаланды,
бірақ біртіндеп бір ұлттың кәсіпорындарының бірлескен қызметіне
қолданды.[3]
Қазіргі кезде дамыған елдердің сыртқы және ішкі бірлескен қызметінде
бірдей құқықтық нысан пайдаланылады.
Ал “бірлескен кәсіпорынның” тар мағынасына келсек, мұнда да тұтас ұғым
жоқ. Мысалы: “аралас қоғам”, “аралас компания”, “аралас фирма”, “бірлескен
кәсіпкерлік”, “бірлескен иеліктегі кәсіпорын” т.б.[4]
Англо-американ құқық жүйесінде “серіктестік“ (partnershіp) ұғымы
қолданса, Германияда бірлескен кәсіпорынды жиі “кәсіпкерлер одағы” немесе
“ашық сауда серіктестігі“ деп атайды. Ал Сауд Арабиясында және Кувейтте
бірлескен кәсіпорынды “lіmіted partnershіp” – “шектелген серіктестік“ деп
атайды.[5]
Кеңес әдебиетінде және өзге де социалистік елдерде “бірлескен“ не
“аралас“ кәсіпорын түсінігі қолданды.
Шетел авторларының пікірлері бойынша бірлескен кәсіпорын (әрі қарай БК)
қандай мақсатпен, кіммен, қайда және қанша үлеспен құрылуына тәуелді бір-
бірінен өзгеше болады. Оларды сипаттамалық белгілері арқылы төмендегіше
топтастыруға болады:[6]
1. БК-ның орналасу мекен-жайына байланысты, яғни қатысушылары әртүрлі
мемлекет өкілдерінен құралғандықтан, келесі негізде:
- Өнеркәсібі дамыған елдер - өнеркәсібі дамыған елдер;
- Өнеркәсібі дамыған елдер - дамушы елдер.
Ал Кеңес үкіметі кезінде төмендегіше топтастырылды:
- Социалистік және өндірісі дамыған капиталистік елдер;
- Социалистік және дамушы елдер.
2. Серіктестік құрылымына байланысты:
- Тек жеке капиталдың қатысумен;
(дамыған елдерге тән).
- Жеке фирмалардың және мемлекеттік кәсіпорындардың не ұйымдардың
қатысуымен;
(дамушы елдерге, кезінде социалистік елдерге тән болды).
- Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен;
(барлық елдерге тән).
3. БК-ға қатысушы серіктестердің қосқан капитал үлесіне байланысты :
- Енгізетін капитал үлесі бірдей серіктестердің тең қатысуымен;
- Шетел капиталының көп үлеспен қатысуы. Бұл нысанда шетел серіктесі
БК–ның қызметіне жоғары дәрежелі бақылауды қамтамасыз етуге ұмтылады, ал
жергілікті серіктес кәсіпорында өз үлесін көбейту үшін қажетті қаржы
құралдарын иеленбейді.
- Шетел серіктесінің қатысу үлесі аз не төмен дәрежеде. Бұл нысанда БК
ұлттық кәсіпорынға ұқсас, ереже бойынша мемлекет ұсынған әртүрлі
жеңілдіктерді пайдаланады.
4. Қызмет түріне, яғни серіктестердің алдына қойған мақсаттарына
сайкес:
- Ғылыми нәтижелер мен тәжірибе біріктіру, жаңа өнім, ноу- хау, құрал
–жабдықтар дайындау үшін жобалар әзірлеу мақсатында құрылған ғылыми
сипаттағы БК;
- Өндіріс үрдісінде және өнімді өткізу кезіндегі шығынды төмендету
мақсатында шетел инвесторы құрған өнеркәсіптік сипаттағы БК;
- Шетел серіктесінің кәсіпорнына толықтай өнімді өндіру үшін
қажетті арзан шикізатты және жартылай фабрикатты жергілікті
нарықтан сатып алу мақсатында құрылған сатып алушы БК;
- БК орналасқан елде және үшінші елде өнімдерін өткізуді жүзеге
асыратын, жаңа нарықты игеру мақсатында құрылған - өткізуші БК;
- Әртүрлі қызмет түрлерін байланыстыратын кешенді БК;
БК құру ережеге сай мына мақсаттардан тұрады:
- Әлемдік жүйеде капиталалмасуын және еңбек бөлінісін толық тарту
есебінен экономиканың тиімділігін арттыру;
- Озат ғылыми - техникалық жетістіктермен басқару тәжірибелерін
жұмылдыру;
- Ғылыми - техникалық жетістіктердің тәжірибелік игерілуін тездету;
- Қосымша материалдық және қаржылық ресурстарды тарту;
- Тиімсіз импортты қысқарту.[7]
-

2. ӘЛЕМДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР .

Қазақстан Республикасының маңызды серіктестерінің бірі болып Америка
Құрама Штаттары табылатындықтан, осы елдегі БК-ның құрылу ерекшеліктерін
қарастырайық.
АҚШ-тағы БК нысанында құрылатын заңды тұлғалардың негізгі түрі
корпорация (corporatіon) мен толық серіктестік (general partnershір)
болады.[8] Сонымен қатар, БК жауапкершілігі шектеулі компания нысанында да
болуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі компанияны құруға рұқсат етуші тұңғыш
заңнамалық актілер 1977 жылы және 1982 жылы Войоминг және Флорида
штаттарында қабылданды. А.Жайылған “АҚШ-тағы БК-ды құру тәжірибесі” атты
еңбегінде “Бірлескен кәсіпорынның жауапкершілігі шектеулі нысанда болуы АҚШ-
та бизнес жүргізуге ынталы шетел серіктестері не инвесторлары үшін құқықтық
және экономикалық тұрғыдан қарағанда қолайлы болып табылатыны айқын
еместігін американдық заңгерлердің өздері де айтады” деп көрсеткен.
АҚШ-та бизнес жүргізудің ең танымал нысаны корпорация болып табылады.
Корпорация – бизнеспен басқаруға қатыса алмайтын акционерлерге жататын
заңды тұлға. Бұл өкілеттік акционерлермен сайланған директорлар кеңесіне
тарайды. Сөз жоқ, әрбір штаттың заң актілері корпорацияны құруға және оның
қызметіне өз талаптарын қояды, бірақ әдебиеттерде келесідей негізгі
талаптары көрсетілген:
- құрылтай құжаттарын дайындау;
- корпорация мүшелерінің құрылтай құжаттарына қол қоюы;
- штат төрағасына құжаттарды тапсыру және сәйкесті алымдарды,
салықтарды және баждарды төлеу;
- корпорацияның лауазымды тұлғаларын сайлау.
Өзге елдердің заңнамасынан АҚШ заңнамасының айырмашылығы корпорацияны
тұтас тіркеу жүргізбейтінен көре аламыз. Бірақ, көптеген штаттар жыл сайын
капиталдар, лауазымды тұлғалар, директорлар кеңесі және т. б. есеп ұсынуын
талап етеді.[9]
Корпорацияның жарғылық капиталының мөлшеріне ешқандай талап қойылмайды.
Корпорацияның негізгі белгілері:
1) өкілетті органдардың рұқсатымен құрылады;
2) заңды тұлға мәртебесін иеленеді;
3) акционерлердің жауапкершілігі, кейбір ерекше жағдайларды
қоспағанда, шектеулі;
4) корпорацияның акциясы өзге тұлғаға еркін түрде беріледі;
5) корпорация пайдасының бір бөлігі акционерлерге бөлінеді.
Серіктестік – пайда табу мақсатымен меншік иелерінің бірігуі арқылы
бизнесті жүзеге асыруға ұйымдасқан екі не оданда көп тұлғалардың
ассоциациясы. Серіктестік толық серіктестік (general full partnershіp),
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (lіmіted lіabіlіty partnershіp) және
сенім серіктестігі (lіmіted partnershіp) түрінде құрылуы мүмкін.[10]
Cеріктестік - бірлескен бизнес жүргізуші тұлғалардың келісімімен
құрылуы мүмкін. Бұл келісім шартқа қол қою арқылы немесе ауызша шарттасу
арқылы жүзеге асады. Әдетте, серіктестік өзінің серіктерінен бөлек қызмет
атқармайды. Кейбір жағдайларды қоспағанда, серіктестердің біреуі қаза
болса, серіктестік таратылады. Ал корпорацияда серіктестің қаза болуы заңды
салдарға соқтырмайды. Корпорацияға қарағанда серіктестік пайда үшін
федералдық салық төлемейді. Ал табыс салығын әрбір серіктес (жеке және
заңды тұлғалар) төлейді. Серіктестіктер серіктестерге жұмыс беруші болып
табылмайтындықтан, олар серіктестіктен шыққан кезде қандай да бір
жеңілдікті талап етуге құқығы жоқ.
Жауапкершілігі шектеулі компания, бұл – корпорация мен серіктестік
арасындағы қандайда бір заңды тұлғаның түрін ұсынады, яғни ол
корпорациядағы басымдылықты, серіктестіктегі жеңілдетілген салық салуды
иеленеді.[11]
Мұндай компанияны құру үшін штаттағы өкілетті тұлғаға құрылтай
құжаттарын тапсыруы тиіс. Жауапкершілігі шектеулі компанияның мүшесі болып
жеке тұлға, серіктестік, компания немесе тіпті жауапкершілігі шектеулі өзге
корпорация табылуы мүмкін.
Мұндай компанияның мүшесі салған салымының үлесіне сайкес басқару
өкілеттігін иеленеді. Сонымен қатар, олар корпорация директорлар кеңесінің
өкілеттігіне сәйкес өкілеттігі бар басқарманы сайлайды.
Шетел серіктестері бизнестерін жүргізу үшін бірлескен кәсіпорынның
қандай құқықтық нысан тиімді екенін өздері шешуге құқылы. Заңды тұлғалардың
аталып өткен нысандары тек шетел капиталы бар кәсіпорындарға ғана емес,
американдық кәсіпорындарға да таралады.
Енді, Латын Америкасы елдеріндегі бірлескен кәсіпорынды құру
тәжірибесіне келейік, өйткені бұл мемлекеттердің осы салада тәжірибелері
әрі қызықты, әрі бай.
Латын Америкасында шетел капиталымен бірлескен кәсіпорынның дамуы
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Өйткені, бұл аймаққа соғыс
салдары әсер етпеді, соның арқасында бизнестің табысты дамуына өндіріс
күшінің даму деңгейі, ресурстардың молдығы, жұмыс күшінің арзандығы қажетті
жағдайлар тудырып, инвестициаланған капиталдан аса көп пайдаға қол
жеткізді. Соғыстан кейінгі қабылданған заңнама экономиканың барлық
аймағында шетел инвестициясы үшін қолайлы бастама енгізді. Әсіресе шетел
кәсіпорнына қатысты ереже түпкілікті өңделді, яғни шетел капиталының
қатысушы мемлекеттегі қызметінің негізгі нысаны өңделген болатын. Мұндай
кәсіпорындардың режимі ішкі заңнамамен анықталды. Мысалы: арнайы
инвестициялық кодекс, табиғи байлықтарды өңдеу туралы заң, валюталық заң
және т. б[12]
Осы елдердің заңнамаларында шетел кәсіпорнына, бірлескен және ұлттық
кәсіпорындарға нақты анықтама берілген. Бұл кезде таза сандық белгі есепке
алынған: егер кәсіпорын капиталының 80% ұлттық салымшы иеленсе, онда
кәсіпорын шетел капиталымен құрылғанына қарамастан ұлттық кәсіпорын болып
есептеледі. Шетел кәсіпорыны болып ұлттық салымшы кәсіпорынның жалпы
капиталының 51% төмен мөлшерін иеленуі танылады. Бірлескен кәсіпорында
ұлттық салымшының үлесі 51%-80% дейінгі мөлшерді құрайды.[13]
Ұлттық және шетел капиталымен қатысудың пайыздық қатынасын сақтау
туралы талап тәжірибеде капиталда үлесі көп меншік иесі тарапынан кәсіпорын
қызметіне бақылау тағайындауды білдірмейді.[14] Шетел салымшылары тарабынан
жабық бақылау жүргізу мүмкіндігі есебінен Мексика, Аргентина, Анда пактасы
елдерінің (Боливия, Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Перу) инвестициялық
заңдарында кәсіпорынның коммерциялық, басқарушылық, техникалық және
әкімшілік қызметіне шын және тиімді бақылауды кәсіпорынның номиналды
иегерінің жүзеге асыруы үшін міндетті талаптары көрсетілген.
Шетел капиталымен бірлескен кәсіпорын әртүрлі сауда серіктесі түрінде
құрылады. Латын Америкасының азаматтық және сауда кодексінде кәсіпкерлердің
қызметін ұйымдық нысанда пайдаланатын сауда серіктестерінің мүмкін
түрлерінің тізімі енгізілген. Мысалы: Аргентинада ұлттық және шетел
кәсіпкерлері үшін серіктестердің келесі түрлері қолданылады: толық және
сенім серіктестері; жауапкершілігі шектеулі қоғам; акционерлік,
кооперативтік, аралас қоғам; уақытша компания (белгілі бір мәселені орындау
үшін арнаулы уақытқа құрылған); көпшілік-жеке компания.[15]
Сауда серіктестігінің ұқсас түрлерінің тізімі 1937 жылғы “Сауда
серіктестігі туралы” Мексиканың жалпы заңында көрсетілген.[16] 1916 жылғы
“Сауда серіктестігі туралы” Перу заңы толық және сенім серіктестігін, сенім
акционерлік серіктестігін, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі
қоғамды құруға рұқсат берді.[17] Венесуэла Сауда кодексі төрт мүмкін
нысанды көрсетумен шектелген: сенім серіктестігі, сенім акционерлік қоғамы,
акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі қоғам.[18] Латын Америкасы
елдеріндегі сауда серіктестерінің әртүрлілігіне қарамастан, оларды бөлудің
жалпы түріне тұлғаларды біріктіру, капиталдарды біріктіру және аралас
бірігу жатады.
Латын Америкасы елдерінің заңнамасында сауда серіктестерінің ұйымдық
нысанының тізімі кең болғанымен, шетел салымшыларының арасында кеңінен
танымал болып акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі қоғам және аралас
қоғам табылады. Осылайша көптеген еншілес кәсіпорындар Латын Америкасының
экономикасына негізделіп трансұлттық корпорациялар ұйымдастырылды.
Бұл кәсіпорындардың барлығы капиталдарының бірігуімен, заңды тұлғаның
қасиетімен, кәсіпорын мүшелерінің жеке мүлкінен тыс кәсіпорынның мүліктік
оқшаулығы негізінде ерекшеленеді. Жеке мүліктің болуы – заңды тұлғаның өз
міндеттемелері бойынша өзіндік мүліктік жауапкершілікке тартылуын болжайды.
Бірақ, акционерлік қоғамда және жауапкершілігі шектеулі қоғамда бұл ерекше
сипатты иеленеді және кәсіпорынның берілген түрінде қатысушыларға
кәсіпкерлік тәуекелдің мөлшерін алдын-ала белгілеуге рұқсат етеді.
Тәуекелді шектеу - экономиканың тұрақсыз жағдайында кәсіпкерлердің
шаруашылық қызметіне жеткілікті жағдай жасаушы немесе ынталандырушы.[19]
Шетел капиталымен құрылған кәсіпорын Латын Америка елдерінің ұлттық
заңнамасымен қарастырылған ережеге сай ұйымдастырылады. Ол кәсіпорынның
құқықтық жағдайын (ол заңды тұлға болып табылады ма? табылса оның құқықтық
әрекеті және органдарымен мәміле жасау тәртібі, оны құру және тарату
мәселелері) және оның ұлтына тәуелді жеке статутын[20] анықтайды. Заңды
тұлғаның ұлтын белгілеу аумақтық акт негізінде белгіленуі мүмкін.
Бустаманте кодексі[21] әсер ететін елдерде заңды тұлғаның ұлтын анықтау
мәселесімен қақтығыспайды, өйткені сауда қоғамының ұлты қатысушылардың
еркіне тәуелді және ережеге сайкес акционерлердің ( акционерлік қоғамда )
жалпы жиналысы өткен орнымен не басшы және әкімшілік органдар орналасқан
жермен анықталады.
1940 жылғы халықаралық сауда құқығы туралы Монтевидео шартын
ратификациялаған елдер (Аргентина, Бразилия, Парагвай, Перу, Уругвай,
Колумбия) отырықшылдық қағидасын қолдай отырып, компанияның ұлтын оның
сауда қызмет орталығы орналасқан жермен белгілейді.
Компанияның басым көпшілігі орналасқан мемлекет құқығымен шарт мазмұны
мен бекіту тәртібі, мүшелер арасындағы құқықтық қатынас реттеледі.[22]

3. КСРО ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
Ресей экономикасында төңкеріске дейін бірінші дүниежүзілік соғыс
алдында шетел капиталының қатысуы үлкен мәнге ие болып, бірлескен орыс-
шетел кәсіпорындары құрылды. Мұнда, ережеге сайкес бірлескен кәсіпорын
аралас акционерлік нысанда болды.[23] 1кестеде көрсетілгендей төңкеріске
дейін Ресейде шетел капиталы қатысқан 327 кәсіпорын 1343461 мың рубль
сомасында негізгі капиталды иеленді. Сол кездегі Ресейде қызмет етуші 2163
акционерлік қоғамның 3992315 мың рублі негізгі капиталымен салыстырған
кезде, бұл өте үлкен жетістік болды.
1-КЕСТЕ. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы орыс өндірісіндегі шетел
капиталынының жалпы есебі.[24]

Кәсіпорын тобы Барлық АҚ Оның ішінде шетел капиталымен
Саны Негізгі Аралас компания Барлығы
капитал
саны Негізгі Саны Негізгі
капитал капитал
Көріктендіру 134 154,205 5 18740 36 75290
кәсіпорыны
Тау және металл 785 1847880 88 627553 265 989773
өңдеуші
өнеркәсіп
Химиялық 116 141700 7 9100 24 56988
өнеркәсіп
Электротехникалы56 203276 17 128955 26 152334
қ өнеркәсіп

Осылайша орыс өнеркәсібінің капиталының 13 бөлігін шетел капиталы
құрады, оның ішінде 58,4%[25] бірлескен кәсіпорынға акция сатып алу жолымен
енгізіледі. Мұнда шетел капиталының 73,7% тау және металл өңдеу өнеркәсібін
инвестициялады. Одан әрі 12% электротехникалық өнеркәсіпке салынды, мұнда
шетел капиталының үлесі 34 жуығын құрады.Бұл екі инвестициялау саласында
капиталдың көп мөлшері акция бөлігін сатып алу көмегімен аралас акционерлік
компания құру жолымен енгізілді.[26]
Төңкерістен бұрынғы тәжірибені ала отырып, 1921 жылы Кеңес Одағы шетел
капиталын пайдалану кезінде, аралас қоғам нысанындағы заңды тұлғалар құрды.
Бұл кездегі құрылған аралас қоғамның мақсаты мен міндеті төңкерістен
бұрынғы аралас қоғамнан өзгеше болды. В. И. Ленин аралас кәсіпорыннан
социализм орнату міндетін жүзеге асыру мақсатында шетел капиталын тартудың
икемді концессияның бір түрін көрді. Ресейде сол кездегі алғашқы
кәсіпорындар қатарында мыналар бар: “Персгазмұнай”, “Перс жібек”, “Рагаз”
орыс-американ сығылған газ акционерлік қоғамы, “Жесть-Вестрн” орыс-австрия
эмалданған ыдыс шығаратын акционерлік қоғамдар.[27]
КСРО-ның шетел фирмаларымен құрылған бірлескен кәсіпорындар біртіндеп
жойыла бастады. Оған себеп: 1920-40 жылдар аралығында ірі инвистициялық
даудың тууы. Швейцарияның “Сандоз” фирмасы және”Хофман ля Рош” фирмасы,
Францияның “Креди-лионе” фирмасы және өзге де көптеген фирмалар КСРО-дағы
өз меншіктеріне ешқандай өтем ала алмады. Ал 1930 жылы “Лена- Голдфидс”,
“Тетюхе Майнинг Корпорейшн” компанияларымен Кеңес Үкіметінің мерзімінен
бұрын шартты бұзу салдарынан, олар арбитраждық және соттық іс қозғағанымен,
шетел инвесторлары үшін табыссыз болды.[28]
КСРО 1980 жылдардың аяғында нарықтық экономикаға бет бұра бастағанымен,
өзіндік ресурстары жеткіліксіз болып, нәтижесінде қайтадан шетел
инвестициясын тарту жүзеге асты.
Сол кездегі шетел капиталын КСРО аумағына енгізу жөніндегі мәселені
шешуші құжаттың алғашқылары болып Министрлер Кеңесінің № 49 “КСРО аумағында
Кеңестік ұйымы мен капиталистік және дамушы елдердің фирмаларының
қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру тәртібі және олардың қызметі туралы”
қаулысы[29] және Министрлер Кеңесінің № 48 “КСРО және басқа да СЭВ-ке мүше
елдердің халықаралық бірлестіктерінің, бірлескен кәсіпорының қызметі және
оларды КСРО аумағында құру тәртібі “ туралы қаулысы[30] табылады.
№ 49 қаулыда шетелдік инвестициялық капиталды енгізудің жалғыз жолы -
бірлескен кәсіпорын құру арқылы жүзеге асатынын көрсетіп, КСРО аумағында БК-
ды құрудың анық тәртібі беітілді. Осы қаулыға сайкес, БК дегеніміз
қатысушылар арасында бекітілген шарт негізінде құрылған және жарғыға сайкес
қызмет ететін ерекше құқық субьектілі ұйым. Бірлескен кәсіпорынға құрған
елдің заңнамасы да қолданылды.
№ 49 қаулыда алғашқыда БК-ның жарғылық қорына шетел капиталының
қатысуын 49% дейінгі мөлшерде қарастырды. Мұндай шектеу, көптеген
заңгерлердің пікірінше, елімізге шетел капиталының аз келуіне себеп болған.
Бұл шектеу, КСРО Министрлер Кеңесінің № 1405 “мемлекеттік, кооперативтік
және өзге де қоғамдық кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың
сыртқы экономикалық қызметтерін әрі қарай дамыту туралы” қаулысымен алынып
тасталды.[31]
Заң шығарушылар, шетел инвесторлары үшін КСРО-да қолайлы инвестициялық
климат құра отырып, БК үшін салық салуда, кедендік баж төлеуде және т. б.
маңызды экономикалық жеңілдіктерді белгіледі. № 49 қаулының 36 бабына
сайкес БК жарияланған пайда алғаннан бастап алғашқы екі жыл бойы пайдаға
салынатын салықтан босатылды.
Уақыт өте келе, БК-ның қызметін реттеу алға біраз ілгерлегенмен,
көптеген жетіспеушіліктер мен ақаулар заңнамаларда көрніс тапқан.[32]
Мысалы: құрылтай құжаттарының күшіне ену мерзімі және басқару органын
ұйымдастыру жөнінде көптеген түсініксіз жайттар бар. № 49 қаулыдағы мәнді
ақаудың бірі болып БК-ның ұйымдық-құқықтық нысаны жөніндегі норманың жоқ
болуы табылады, яғни қаражаты мол өндірістік кәсіпорын болсын, капиталы мен
қатысушысы аз БК болсын, олардың барлығы бірдей нысанда құрылуы тиіс болды.
“Бірлескен кәсіпорынның” сол кездегі түсінігі өзіндік бейнесі бар
ұйымдық-құқықтық нысан ретінде түсіндірілді, өйткені сол кездегі КСРО
заңнамасында ортақ қабылданған ұйымдық-құқықтық нысан, яғни акционерлік
қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сенім серіктестігі және т. б.
болмаған.[33]
Жоғарыда атап өткендей, дамыған елдердің көбінде БК дәл сондай құқықтық
нысанды пайдаланады, ал негізінен көп мемлекеттер олардың ішіндегі екеуін -
акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі қоғамды пайдаланады.
№ 49 қаулыда БК-ды кеңестік құқықтағы заңды тұлға деп көрсеткен,
өйткені ол кезде заңды тұлғаларға байланысты нормалар ортақ әрі жалпы
болған.
Кеңес заңнамасымен құрылған БК Еуропадағы континенталды елдердегі
жауапкершілігі шектеулі қоғамға жақын болды.[34] Сонымен, БК-ның міндеттері
бойынша жауапкершілікке меншігіндегі мүлкі шегінде шектеліп отырды. БК-ның
міндеттеріне мемлекет пен қатысушылары жауап бермейді.[35]
БК-ның жарғылық қоры қатысушылардың енгізген үлесінен құралады.
Қатысушылар шеңбері, жарғылық капиталдағы қатысушылар үлесі және оларды
беру тәртібі шартпен анықталады. Ал үлесті беру үшін БК-дағы барлық
қатысушылардың келісімі қажет болды.[36] № 49 қаулыға сайкес БК екі бойлық
басқару жүйесін иеленеді. БК-ның жоғарғы органы болып қатысушыларының
өкілінен тұратын басқарма табылады. Ол өз отырысында БК-ның қызметіндегі
бір беткей мәселелерді басқарманың барлық мүшелерінің бірауыздан шешуін
қарастырады. Бірақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамда басқарма органын
ұйымдастырғанда, серіктестердің қатысуы жарғылық капиталға қатысу
мөлшерімен тең негізде болды. БК-ның ағымдағы қызметінің жүзеге асуын
басқаратын дирекция органы құрылады.[37]
БК-ның ұйымдық-құқықтық нысанын нақты анықтау 1990 жылдың 6
наурызындағы КСРО-ның “КСРО меншігі туралы” заңының 27 бабында жүзеге асты,
онда кеңестік заңды тұлға мен шетел заңды тұлғасысының және азаматтарының
БК-ды құруы акционерлік қоғам, шаруашылық қоғам және серіктестік нысанында
болатыны көрсетілді. КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы №
590 қаулысымен “акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі қоғам
туралы” ереже бекітілді. Осы уақыттан бастап, БК ережеде көрсетілген екі
ұйымдық-құқықтық нысанның бірінде құрыла бастады.[38]
Сол кезеңдерде БК-ның қатысушыларының өзара қатынасында қолдануға
жататын құқық және БК-ды құру туралы шарттың құқықтық табиғаты жөнінде
шешілмеген мәселелер алда тұрды.
БК-ды құру туралы шарт әрдайымда шетелдік қатысушылармен жасасқан шарт,
ал әдебиетте бұл қатынастарды қай мемлекеттің құқығымен реттейтіндігі
туралы сұрақ қарастырылмаған. Кеңестік заңнамада 1991 жылғы негізгі
азаматтық заңнама қабылданғанға дейін, БК-ды құруға байланысты әр ұлтты
құқық субьектілерінің өзара қатынасын реттейтін, коллизиялық норманы
белгілейтін ешбір норма болған жоқ.[39]
Осыған байланысты, көптеген зерттеушілер БК-ды құру туралы шарттың
табиғаты сыртқы экономикалық мәмілені ұсынғандықтан, оған сыртқы
экономикалық мәмілеге қол қою тәртібі таралуы тиіс деп көрсетті.[40] Ал
кейбір авторлар БК-ды құру туралы шарт-сыртқы сауда мәмілесі, яғни бірнеше
мемлекеттің құқық субьектілері болып табылатын КСРО-дан ақша құралдарын,
құрал-жабдықтарды, тауарларды және өзге де материалдық құндылықтарды
әкелумен және әкетумен айналысатын сыртқы экономикалық шарттың ерекше түрі
деп көрсетті.[41] Бұл пікірге қарсы шыққан авторлардың тұжырымы бойынша
құрылтай шарты табиғатына және сипатына байланысты сыртқы сауда мәмілесі
бола алмайды, ол заңды тұлғаны құру туралы шарт болып табылады. Мұндай
тұлғаға шетел серіктесінің қатыспауы, оның табиғаты мен сипатын
өзгертпейді, бірақ бірнеше өзгертулер енгізеді.[42]
Кеңестік құқықты зерттеушілер заңнаманың дәйексіздігін атап өтті. № 49
қаулыны қабылдаған алғашқы екі жыл бойы БК-ды құқықтық реттеуді жетілдіру
және либерализациялау үшін көптеген шаралар қабылдағанмен, артынан біраз
шектеулер енгізіп заңнаманың тұрақсыздығын күшейтті.[43] Сонымен, 1989 жылы
7 наурызда КСРО Министрлер Кеңесінің 203 “Сыртқы экономикалық қызметті
мемлекеттік реттеу шаралары туралы”[44] қаулы қабылдап, онда БК-ға өзі
өндірген өнімді (жұмыс, қызмет көрсету) экспорттау құқығы және тек өзіне
қажетті өнімді импорттау құқығы берілді. Ал егер делдалдық қызмет
жүргізгісі келсе, сыртқы экономикалық байланыс министрлігінен рұқсат алу
қажет болды.
БК алғашқы уақытта сол кездегі жоспарлы әкімшілік жүйедегі мемлекеттік
кәсіпорындарға қарағанда, кең құқыққа ие болды.[45]
Ал енді Қазақстан Республикасына келсек, елімізде Қазан төңкерісіне
дейін шетел қатысатын кәсіпорындар қызмет етті. Олар, әсіресе, қазба
өнеркәсібінде болды. Мысалы: ағылшын-француз Спаск-Успен мыс рудасын
өндіретін акционерлік қоғамы, Ембі мұнай кенімен айналысқан Батыс Орал
мұнай қоғамы.[46]
Осыдан кейін, БК Қазақстанда қайта құру кезінде пайда болды. Бұл
кезеңде БК-ның құрылтайшылары кооперативтер бола отырып, оларды шетел
инвестициясы қатысатын кәсіпорынға енгізу экстенсивті түрде өсті. 1989 жылы
шетел қатысатын кәсіпорынның 8-і тіркелсе, 1990 жылы олардың саны 15-ке
жетті.[47]
БК-ды құруға арналған үшін нақты құқықтық баспа 1990 жылы 7 желтоқсанда
қабылданған “Шетел инвестициясы туралы” Қазақ КСРО-ның заңы болды. Осы
заңға тіркелген қосымшада өндірістік өнімдер мен қызмет көрсетулердің
тізімі көрсетілді де, оларды жүзеге асырушы шетел инвестициясын
пайдаланатын кәсіпорындар арнаулы жеңілдіктер алды.[48]
БК құрлымын коммерциялық және делдалдық кәсіпорындар иеленгендіктен,
олар төлем тапшылығының балансына мәнді салым енгізбеді және ішкі нарықты
өндірістік тауарлармен толтыруға аса ықпал көрсетпеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін БК саны едәуір өсті.
1992 жылы шетел инвестициясы қатысатын БК-ның жарғылық қорының құны
және жобалауда капиталды шоғырландыру бойынша бірінші орынды Шығыс
Қазақстан облысы алды. Мұнда Жапон, Ақш, Австрия, Қытай және т. б. елдер өз
капиталдарын енгізуге ұмтылды. Олардың қатысуымен он екі БК құрылып, БК-ды
қызметке қосатын жарғылық қордың жалпы валюталық бөлігі 182,8 млн долларды
құрады.[49] Шетел инвесторы үшін, бұл облыс бай шикізат базасымен
қызығушылық тудырды.
Қалалар арасында тіркелген БК-дар саны бойынша бірінші орынды Алматы
қаласы алды. Алматыдағы БК-ның қызметі халық тұтынатын тауарларды өндіру,
азық - түлік өнімдерін өндіру, алдыңғы қатарлы технология енгізу, түсті
металл және алтын кенін толықтыратын техниканы енгізу, құрлыс,телерадио
аппараттарын өндіру, ауыз суды тазалау бағытында болды.[50]
1993 жылдың басында БК-дардың арасында өнімді импорттайтын кәсіпорын
көбейсе, экспорт операциясын жүзеге асыратын кәсіпорындар азайды. Біріншісі
елу екіге дейін өссе, екіншісі он алтыға дейін кеміді.
1996 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 2624 БК тіркеліп(1995 жылы 1
қаңтарда-2025 БК), оның 656 қызмет атқарды, тіркелгендердің 75% немесе 1968
БК ешбір өндіріске салымдарын салмады және ешқандай қызмет көрсетуді жүзеге
асырмады.
Қазіргі кезде БК-дар Қазақстанның барлық облысында қызмет етуде. Оның
ішінде 368-і(56%)- Алматы қаласында, 39-ы(6%)- Қарағанды облысында, 32-
сі(4,8%)-Атырау облысында, 24-і(3,6%)-Алматы облысында, 26-сы(4%)-Оңтүстік
Қазақстанда, 24-і(3,6%)-Павлодарда, 18-і(2,7%)-ШығысҚазақстанда, 17-
сі(2,6%)-Ақмола облысында, 14-сі(2,1%) - Семей облысында, 11-і(1,7%) -
Талдықорған облысында, 10-ы(1,5%) - Жамбыл облысында орналасқан.[51]
Ал БК-ның аз шоғырланған жерлері - Қызылорда, Маңғыстау, Торғай,
Жезқазған областары.[52]
Қазіргі кезде ҚР-да БК-ның қызметіне серіктес елдер ретінде әлемнің 90-
ға жуық елдері қатысуда. Қызмет етуші БК-ның көпшілігі Еуропа және Азия
мемлекеттерінің фирмаларымен құрылған. Сонымен қатар, 70-тей БК өз қызметін
американдық фирмалармен жүзеге асыруда. Аса белсенді қызметтестікті БК
бағытында Түркия, Қытай, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, Пакистан,
Ақш орнатуда.[53]Бұл елдермен Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық
туралы шарт жасап қана қоймай, капитал енгізуді өзара қорғау және
көтермелеу туралы келісімді бекітті. Сөз жоқ, тиісті халықаралық шарттар
Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат тудыруға әсер етті.
АҚШ әлі де елімізге капиталдарын енгізуде белсенділік көрсетіп отыр.
Бұл күнде 230-дан астам Қазақстан-Американ БК-дары тіркелген.[54] ҚР-ның
Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша
елімізде Американдық инвестицияның көлемі 1,9 млрд доллардан тұрып, бұл
шетел инвестициясының жалпы сомасының 28% құрайды.[55]
Қазақстан экономикасындағы БК-дар болашақта дамудың жарқын көрнісі
ретінде мұнай өндіру өнеркәсібінде қызмет етуде.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел инвестициясын тартудың келесі салалық
құрылымы бақылануда.(1-диограмманы қараңыз).
Қазақстанда шетел инвестициясын өндіруші салаға тарту тенденциясы
экономикадағы қызметтерінің тиімділігі шектелгенге дейін сақталуда. Бұл
жағдай көптеген шетел сарапшыларының пікірі бойынша “голландиялық аурудың”
пайда болу қауіпі төніп тұр, яғни экономиканың белгілі бір жеке салалары
инвестиция есебінен қанығу қауіпі.[56]
Мұндай қатынастар маңызды инвестициялық заңнаманың дамуын ұсына отырып,
экономиканың инвестицияланбай қалып қойған салаларына БК қызметін
ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді.

І І. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАЛАПТАРЫ.

1. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ.

БК көздейтін экономикалық жағдайдың және мүдделердің жан-жақтылығы,
олардың іске асыруға тиесілі заңды құрылымның әртүрлі болуына әкелді Жалпы,
БК болып бірнеше серіктестердің өз мүдделерін заң тұрғысынан анық
бейнеленген бірлестікті құру табылады. Мұндай бірлестіктегі серіктестер
күшінің қатынасы мен қызметтестігі әрбір нақты жағдайларда әртүрлі болуы
мүмкін.
Қатысушылардың мүдделерінің әртүрлілігіне қарамастан, оларды тең
дәрежедегі серіктестер болып, заңды талапқа сайкес құрылымды таңдау қиынға
түседі (мысалы: серіктестікке, компанияға не бірлестікке қатысты құқықтық
нормалардың жергілікті жүйесі, инвестиция туралы жергілікті заңнама,
жергілікті шаруашылық құқығы т. с. с).[57]
БК құру туралы шарттардың мазмұнын және нысанын анықтау үшін тек
азаматтық құқықты пайдаланып қана қоймай, халықаралық құқықты, БК
орналасқан елдің ерекшеліктерінде білуіміз қажет.
БК жоба дайындалған елде, әдетте, БК ұйымдастырылады. Кәсіпорын нысанын
реттейтін құқықтық нормаларда, БК мүшелеріне өз міндеттері бойынша толық
жауапкершілікті не шектелген жауапкершілікті кепілдейтінін нақтылап алуымыз
қажет.
Жауапкершілікті шектеу туралы мәселені қарастырып қана қоймай, жүзеге
асып жатқан құқық нормаларымен сауда серіктестігінің құқықтық нысанын
таңдау туралы шартты рәсімдегенде икемділік кепілдемесін беретінін түсініп
алу қажет. Бұл БК құрылымын өзгерту мүмкіндігіндегі жеке жағдайларда
қажет.[58]
Бас директор басшылық қылатын француз құқық жүйесіндегі акционерлік
қоғамның құрылымы бас директор және директорлар кеңесі басқаратын ағылшын
құқық жүйесіндегі жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамнан және төраға
мен бақылаушы кеңес басшылық ететін неміс құқық жүйесіндегі акционерлік
қоғамнан ерекшеленеді. Мысалы: Англияда азаматтық құқықтың жеке субьектісі
болып табылатын компанияның үш түрі қызмет жасауда:
1. Қатысушылардың жауапкершілігі пайдаларының номиналдық сомасымен
шектелген компания;
2. Қатысушылардың жауапкершілігі белгілі бір кепілденген сома шегімен
шектелген компания;
3. Қатысушылары шектеусіз жауапкершілікте болатын компания.
Франция және ГФР-сы құқығындағы акционерлік қоғам компанияның бірінші
түріне сайкес келеді. Бірақ, Франциядағы әкімшілік кеңес пен неміс
құқығындағы бақылаушы кеңес және ағылшын құқығындағы директорлар кеңесі тең
емес.[59] Құқықтық нысанды таңдау серіктестің ұжымдық органы келісімімен
бірлескен кәсіпорынға қатысу құқығын беру және серіктестіктегі қатысушы
акционерлердің кәсіпорын басшыларынан қажетті ақпаратты талап ету
мүмкіндігіне т. б бірнеше басқа мәселелердің қатарына әсер етеді. Көптеген
құқықтық жүйе мұндай мақсатқа арнайы ұйғарым шығарады.[60]
Құқықтық нысанды таңдау үшін серіктестердің жыл сайын ақпаратты
таратуды жүзеге асыру міндетіне қатысты мәселелерде мәнді болуы мүмкін.
Нақты құқықтық нысанды таңдау кезінде икемді не қолайлы шарт дайындау
мақсатында, бас тартулар мен ауытқулар болуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпорынды құру құрылтайшыларымен негізгі шартын жасасқаннан
басталып, оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап
аяқталады.
Бірлескен кәсіпорынды құру туралы негізгі шарт бірлескен кәсіпорынның
қызмет нысанын, міндетін, мақсатын және кәсіпорын капиталындағы серіктестер
үлесінің қатынасын бекітетін міндетті бөлімдерден және жарғыдан тұрады.
Мақсатты нақты тұжырымдау сол мақсатты қате интерпретациялау тәуекелін
азайтады.
Бірлескен кәсіпорынды құру туралы шарт бірлескен кәсіпорынның нысанын,
түрін анықтайтын әртүрлі аспектілерді және бірлескен кәсіпорынның қызметін
басқаруға, бақылауға, валюталық ассигнованияға қатысты мәселелерді
қарастырады.
БК қандай да бір себеппен таратқан кезде серіктестер арасында
технологияға құқықтық бөлу мәселесі жиі кездеседі. Бөлуге, сонымен қатар,
кассадағы барлық жинақтар және аз көлемдегі басқа да активтер жатады. Басқа
активтер қолма-қол сатылуы мүмкін. Мұндай сатып алу салық салуға
жатқызылады.[61]
Кез-келген технологияны және басқа активтерді беру толығымен жүзеге
асады, яғни БК технологияға өз құқығын береді де, ал бірлескен кәсіпорынның
серіктестерге болашақта көрсететін технологиялық және консультациялық
қызмет көрсету міндетін бермейді.
БК тәуелсіз кәсіпорындар арасында ұзақ мерзімді өндірістік кооперацияны
дамыту үшін құрылады. Мұндай, БК құқықтық қатынаста, бірлескен кәсіпорынды
құру туралы жеке шартпен реттеледі. Осыдан келіп БК құру туралы шарт
мынадай мақсаттардан тұрады:
- Бірлескен кәсіпорынды құру;
- Бірлескен кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекіту;
- Құрылымды өзгерту мүмкіндігін анықтау және осындай тектегі БК мен
жеке серіктес кәсіпорын арасындағы кооперацияға әсер етуі қандай бейнеде
болатынын бекіту.
БК өз қызметін тарату не қайта құру жағдайында тоқтатады.
Бірлескен кәсіпорынның мүлкін меншіктенушілердің немесе меншік иесі
уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында
шешім қабылдауға уәкілдік берген органның шешімі бойынша бірлескен
кәсіпорын белгілі бір негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін.
БК қызметінің тоқтатылуынің әртүрлі негздері бар:
1) Экономикалық негіздер - бұл, БК құру жобасынан туындайтын бірлескен
кәсіпорынның экономикалық пайдасыз болуы. Мысалы: алғышарттардың
сенімсіз бағалануынан немесе типтік талаптарға қосымша өзгертулер
енгізуінен;
2) Серіктестердің өздеріне тәуелді негіздер. Мысалы: банкрот болуы,
қаза табуы және т. б.;
3) Жеке қатысушылардың шартты бұзуы;
4) Бірлескен кәсіпорынды құру жобасымен байланысты мемлекеттік
рұқсаттан туындайтын құқықтық себептер;
5) Басқа да шарттық себептер.
Осы негіздер бойынша БК-ды тарату туралы талапты заң актілері және
серіктестер арасындағы шарттар негізінде талап қоюға құқық берілген
серіктестер және мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайда несие
берушілер де сотқа беруі мүмкін. БК тарату туралы сот шешімімен жүзеге
асыру жөніндегі міндеттер, оның мүлкін меншіктеушіге, меншік иесі уәкілдік
берген органға, бірлескен кәсіпорынды таратуға құрылтай құжаттарында
уәкілдік берген органға не сот тағайындаған басқа органға не тұлғаға
жүктелуі мүмкін. Бірлескен кәсіпорынды тарату және қайта құру тәртібі
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және өзге де заң актілерімен
реттеледі. Сонымен қатар, жарғылық қордағы үлесі көбірек қатысушы бірлескен
кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, басқа қатысушы
(қатысушылар) кәсіпорыннан шыққан қатысушыға мүліктегі үлесін төлеп, бұл
кәсіпорынды қайта құруға құқылы.[62]
Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба жасалғаннан кейін
бірлескен кәсіпорынды таратылуы аяқталды, ал бірлескен кәсіпорынның өмір
сүруі тоқтатылды деп есептеледі. БК маңызды міндеттерінің бірі нәтижесі
серіктестер арасындағы болуы ықтимал үлкен қайшылықтарды басынан бастап
жою. Сондықтанда БК құру туралы шарт көлемді болып келеді.[63]
Тәжірибе серіктестер арасындағы даулар мен қарсылықтардың алдын-алу
үшін барлық маңызды аспектілерді нақтылап және барлығын қамту қажеттілігін
көрсетуде. Сондықтанда келіссөз үрдісінде маңызды орынды негізгі шарттың
құрамды бөлігіне қажетті болатын қосымша шарт алады. Бірақ та, олар
келісіліп негізгі шартта қосымшалануы мүмкін. Оған мыналар жатады:
- Инжиниринг туралы, ноу - хау және технологияны беру туралы
шарттар;
- Жер участігін пайдалану және оған құрлыс жұмысын жүргізу туралы
шарттар;
- Лицензия, патент беру туралы, сауда белгісін иелену туралы
шарттар;
- Технологиялық жәрдем беру туралы; менеджмент,маркетинг туралы
шарттар;
- қызметшілер үшін ашық конкурс өткізу туралы шарттар;
Бұл шарттар, БК құру туралы негізгі шартпен бірге, БК ұзақ мерзімдік
қызметін және оның серіктестері мен серіктестіктері арасындағы өзара
қатынасын анықтауы тиіс.
Қосымша келісімнің әрекеті бірлескен кәсіпорынның барлық өндірістік
шеңберіне және жеке маңызды салаларына таралуы мүмкін.
Қосымша келісім көлемі БК қызметінің түрлері мен мөлшеріне тәуелді.
Ережеге сайкес, инвесторлар келесі құқықты иеленеді:
-капиталының үлесіне тәуелсіз бақылаушы органда артықшылықты шетелдік
серіктестік иеленеді;
-қызметтерінің жеке саласында жергілікті инвестордың бақылауы тиылады;
-қатысу үлесіне тәуелсіз шетел инвесторына бақылау құқығы беріледі;
-инвесторлар арасындағы дауды БК тұратын жерден тыс елдегі төрелік
сотпен шешеді;
-БК таратылған кезде капиталды әкетуі шексіз;[64]
Лизензия сату және ноу-хау технологиясын беру туралы мәселелрге көп
көңіл аудару қажет. Егер бір шетел серіктесі бірлескен кәсіпорынның билік
етуіне өз ноу-хауын ұсынса не патентті пайдалануға, ой еңбегінің өзге де
нәтижелерін қолдануға рұқсат берсе, онда БК қызмет етуші елдегі
технологияны беру және ой еңбегінің нәтижесін құқықтық қорғау туралы шарт
ережелеріне анализ жасау керек. Технологияны беру туралы шарт бірнеше
мемлекетте арнайы рұқсатты талап етеді (мысалы: Аргентина, Мексика,
Испания).[65]
Бірлескен кәсіпорында технологияны беру жеке келісім бойынша не
лицензиялық келісім бойынша жиі БК туралы келісімнің бөлігі болып табылады.
Бірлескен кәсіпорынға технология берген кезде оның иесі технологияны БК
шегінде пайдалануға мүдделі болса да, мұндай ұсынуды ойланып және мұқият
жүзеге асыру қажет.
“ Технология” дегеніміз қандай да бір арнайы нәтижеге қол жеткізу үшін
жинап, пайдалануға жататын құралдар сомасының жиынтығы.[66] Халықаралық
тәжірибеде заңды мәртебесі қорғалған патенттелген және патенттелмеген
технология (сауда құпиясы, ноу-хоу,патенттелмеген өнер табысы) болып
бөлінеді.
Әдетте, бірлескен кәсіпорынды құрған кезде қатысушылармен лицензиялар,
патенттер, технологиялар беріледі. Мұндай берулер бірлескен кәсіпорынға
капитал салымы ретінде қатысуы мүмкін.
Өнер табысын пайдаланған сияқты, пайдалану құқығы үшін төлем лицензия
алған тұлғамен жүзеге асады.
Мерзімді төлем лицензияны иеленушінің пайдасынан алынатын пайызды,
сатудан түскен таза пайданы қосып әртүрлі вариантта есептеуі мүмкін.[67]
БК туралы келісімдегі мәнді ерекшелік болып бірлескен кәсіпорынның
дамуы үшін активтік негіз ретінде лицензияға, патентке, технологияға
тиесілі құқықтар мен міндеттердің және төлемдердің пайдалану жағдайы
табылады.
Егерде, бір серіктес бірлескен кәсіпорынға өз ноу-хауын енгізсе, онда
БК өз тарапынан бұл ноу-хауды үшінші тұлғаға не оған сублицензия бермеуіне
толық заңды мүдделі. Ноу-хауды беруші тұлға, сол ноу-хау негізінде
өндірілген өнім, оның меншігіндегі өніммен үшінші елдің нарығында және ноу-
хоудың иесінің елінде бәсекелеспеуіне мүдделі.[68]
Негізгі шартқа қосымша ретінде жазбаша түрдегі келісіммен қатар,
тараптардың ауызша келісіміде орын алады. Бірақ:
1) Пікірлердің қарама-қарсы қақтығысы кезінде ауызша келісім дауласуға
жатуы мүмкін, мұндай жағдайда оған сілтеме жасау мүмкіндігі жоқ;
2) Бірлескен кәсіпорынды басқару қызметіндегі басшылар ауысқан кезде
жаңа басшы ауызша келісімнің бар екенін білмейді, не онымен
келіспейді деген қорқыныш тууы мүмкін.[69]
Ситуациялар қатарында ауызша келісімдердің өзіндік салмағы бар.
Бірлескен кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметіндегі ауызша келісімнің мәні
белгілі бір аспектілерге байланысты жазбаша келісім жасау мүмкіндігі жоқ
кезде күшейеді (заңды себептердің салдарынан). Осы келісімді жақтаушылардың
айтуынша ауызша келісілген құқықтар мен міндеттер серіктестер арасындағы
белгілі бір қатынаста орналасуы тиіс және оны жазбаша келісімнің қосымшасы
ретінде түсінуді ұсынады. Жазбаша және ауызша келісімдердің қатынасы
серіктестердің кепілдік мүмкіндігін және сенімгершілік дәрежесін
анықтайды.[70]

2. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ.
Басқару мәселесі шелел серіктесі үшін бірлескен кәсіпорында өз мүддесін
қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Құқықтар мен
міндеттерді бөлу, бақылау мен басқару мәселелері БК қызметінің әртүрлі
аясында серіктестердің ықпал етуін анықтайды. Шетел серіктестері бірлескен
кәсіпорынның құрылуына, бәрінен бұрын өнімнің өтімділігіне қолайлы жағдай
туғызуына мүдделі.
Серіктестер арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлу БК-да
серіктестердің құқықтары мен қызметтерінің нақты сипатын және шектеуін
шамалайды. Басқарудағы негізгі қызметі шетел серіктесіне ауыстыру капитал
үлесін тәуелсіз басқару жөніндегі шарт мәніне байланысты жүзеге асады,
тіпті шетел серіктесі қатысудағы төменгі үлеспен бірлескен кәсіпорындағы
басқару құқығына қол жеткізуі мүмкін.
Мысалы: Қазақстанның “Мұнайгаз” компаниясы мен Түркияның ұлттық мұнай
компаниясы “Казахтуркмунай” БК құрды. Түркия жағы 47% үлеспен қатысқанына
қарамастан, басқармада Қазақстандық серіктестерімен тең дәрежедегі дауысқа
ие болды.[71]
БК қызметін бақылау және басқару жөніндегі мәселелері тараптардың
келісімдерінің позицияларына тәуелді шешіледі. Бірақта келісімді талап
ететін негізгі сәттерді бөлуге болады:
- Директорлар кеңесіндегі шарттасушы тараптардың әрқайсысының
өкілдерінің саны, бірлескен кәсіпорында тең өкілдікті қамтамасыз ететін
акциялардың сандық және салалық қатынасы;
- Басқарушы орынға тағайындау және ол тұлғаның жауапкершілігі;
- “вето” құқығы;
- Акционерлер мен директорлар арасындағы дауларды шешу;
- Шарттасушы тараптардың акционер өкілеттігі мен міндеттер
шеңберін анықтау.[72]
Дәстүрлі акционерлік қоғам нысанында серіктестер Директорлар кеңесі
арқылы фирманың қызметіне өз бақылауын жүзеге асырады. Директорлар кеңесі
фирманың қызметі мен басқару мәселелерінің барлығымен, директорлар
кеңесінің саяси өмірін жүргізетін жауапты атқарушыларды тағайындаумен
айналысады.
Заңгерлердің айтуы бойынша, Бірлескен кәсіпорынның акционерлері
дәстүрлі корпоративті иерархиядан кетіп, БК қызметін басқаруды және
бақылауды өзі жүзеге асыру мақсатын жиі мәлімдейді. Әрбір тарап директорлар
орнынан өз өкілдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының қәзіргі даму жағдайлары
Азаматтық құқықтық қатынастардағы бірлескен кәсіпорын
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының қазіргі жағдайы
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі және халықаралық экономикалық жүйесіндегі ролі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Шағын бизнестің қазіргі заманғы шындық хал - жағдайы
Қазақстандағы АҚШ елдерінің экономикалық қарым – қатынастары
Пәндер