Шолпан планетасы



Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған.
Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.
Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған.

Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.
Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады.
Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай.
Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр аймақтарында (полюстердің 3° төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112 тәулікке дейін ұзақ.
Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та кетеді. (1-сурет)

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол
бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және
ғарыштық зерттеулермен алынған.

Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R =
6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы
5,24 гсм3 шамасында.
Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар
болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер
айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше
көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда
Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері
болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте
ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады.
Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның
жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша
ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай.
Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады
және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр
аймақтарында (полюстердің 3° төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112
тәулікке дейін ұзақ.
Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық
секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн
шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы
сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс
тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып
көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та
кетеді. (1-сурет)

Ымырттық доға деп аталатын бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар
атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.
1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты Шолпан-4, Шолпан-16
станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі программалары орындалды. 1985
жылғы маусымның ортасында Шолпаннның жанынан ұшып өткен Вега-1 және Вега-
2 ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың
бетіне қонатын қону блоктарын тастады.
Зерттеу нәтижемінде Шолпан атмосферасының 96%-ке жуығы көмірқышқыл
газынан, 4%-ке жуығы азот, 0,002%-і оттегі және 0,02%-і су буынан тұратыны
анықталды. Ғаламшар үстіндегі тығыздық Жер атмосферасының төменгі
қабаттарындағы тығыздықтан 60 есеге дерлік асып түседі, ал атмосфералық
қысым 95*106Па (95 атм.) жетеді.
Шолпан атмосферасындағы басым түсетін көмірқышқыл газ ғаламшарды
көктеме эффектісін тудырады, мұның себебі, Күн сәулелері (түгелдей болмаса
да) атмосферадан өтеді және Шолпанның ұзақ күнінде ғаламшар бетін әжептәуір
қыздырады, ал бетіндегі инфрақызыл жылу сәулелері айнала кеңістікке
мейлінше баяу тарайды, өйткені оларды көмірқышқыл газы түгелдей дерлік
жібермейді. Осының салдарынан Шолпанның беті мен атмосфераның төменгі
қабаттары 465-тен 480°С-ға дейін қызады.
Ғаламшар бетінен 30км шамасындағы биіктікте 90 км -ге жететін бұлтты
қабат бар және ол үш ярустан тұрады, бірақ 50-ден 70 км-ге дейінгі
биіктіктегі неғұрлым тығыз ярус жеңіл тұманды еске түсіреді. Бұлтты
қабаттың 1974 жылы Маринер-10 станциясымен 726000 км қашықтықтан
түсірілген суреттерде жақсы білінетін аймақтың құрылымы бар. Бұлт күкірт
және тұз қышқылының аса майда тамшыларынан тұрады және оларды хлор мен
күкірттің қоспасы бар.
Шолпан атмосферасында үнемі жел соғып тұрады. Ғаламшардың бетінде ол
мардымсыз, шамамен секундына 0,5-тен 1,0 м-ге дейін жетеді, бірақ биіктеген
сайын ол күшейе береді және Вега-1 және Вега-2 аэрошарлардың
мәліметтері бойынша 50 км биіктікте жел өзінің шегіне жетіп, секундына 100
мс болады.
Шолпан атмосферасы бұлт жамылғысымен бірге күн сәулесінің 76%-і
шағылыстырғанымен онан өткен сәулелерді кәдімгідей әлсіретеді, ғаламшардың
күндізгі жарты шарының жарығы кәдімгідей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер тобының планеталары жайлы
Алып планеталар салыстырмалы таңдау
Венера планетасы жөніндегі тарихи деректер
Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Меркурий
Күн жүйесі
Венера планетасы
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Николай Коперник
Қазақ және түрік тілдеріндегі астрономиялық атаулардың лексикографиялық деректердегі көрінісі мен семантикасы
Пәндер