Астық өндірісінің бухгалтерлік есебі


мазмұны
1
10
Кіріспе
Әрбір кәсіпорынның алдында тұрған міндеттерді сәтті шешу оның өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру негізінде ғана жүзеге асыруға болады.
Өндірістің тиімділігіне қол жеткізудің жолдары көп және олар бірнеше топтарға бөлінген: табиғи, биологиялық, техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және эстетикалық.
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығында жоғары технологиялық агро өндірісі үшін жағдай жасайтын, ескірген агро техникасын ауыстыруға бағытталған жүйелік қаржыландыру қажеттілігін көрсетілді.
Ауыл шаруашылық өнеркәсібінде өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігі ауыл-шаруашылыққа және шикізатқа нарықтың қажеттілігінің тұрақты өсуінен, өнімнің сапасына талаптың күшейуі, сондай-ақ қоғамның қазіргі сатысында аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігінің артуынан шартталған.
Зерттеудің объектісі болып «Ишим Астық» ЖШС табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты астық өндірісінің тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсатқа жету үшін негізгі міндеттер мыналар:
- астық өндірудің тиімділігі және оның көрсеткіштерінің жүйесін зерттеу;
- «Ишим Астық» ЖШС-да астық өндірісін талдау;
- астық өнімін өндірудің арттыру жолдарын анықтау.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты және міндеттері, зерттеудің объектісі және әдістері ашылады.
Теориялық бірінші тарауда астық өндірісі тиімділігінің көрсеткіштері, мәні, астық өндірісінің бухгалтерлік есебі.
Екіншауда «Ишим Астық» ЖШС кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы, астық өндірісі бойынша қызметі талданған.
Үшінші тарауда астық өнімін өндірудің арттыру жолдары қарастырылады және ұсыныстар жасалады.
Қорытындысында өнеркәсіптің қызметі бойынша қорытындылар жасалған және астық өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары ұсынылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында абстрактілі-логикалық, статистикалық, талдамалық әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмысты дайындау барысында автор еңбек ақы төлеудің проблемалары жөнінде қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін зерттеді. Сондай-ақ заңдылық пен нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдарымен қолданды.
Өндірістің экономикалық тиімділігі өзінің жалпы түрінде өндірістік үрдістердің нәтижиелілігі, қол жеткізілген нәтижелер мен тірі және затқа айналған еңбек арасындағы, өз кезегінде өндірістік ресурстардың жетілгендігі және оларды пайдалану тиімділігінің деңгейін көрсететін аралық салмағы. Әрбір кәсіпорын алдында тұрған міндеттерді сәтті шешу, жекелегенде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алдында тұрған міндеттерді оның өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру негізінде ғана мүмкін.
Ауыл шаруашылығы өндірісі өнеркәсіп өндірісінен біршама ерекшелігі бар.
Біріншіден, мұнда басты өндіріс құрал-жабдығы жер болып табылады. Ауыл шаруашылығы жарамды жер көлемі өте шектеулі. Одан басқа жерлерді: тундра, орман, тау, құм, су бассейндер, қала және ауылдық тұрғындар қосыны, өнеркәсіп пен транспорт объектілері алады.
Екіншіден, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер-табиғи және экономикалық (жасанды) құнарлылығы бойынша бөлінеді.
Үшіншіден, кәдімгі өндіріс құралдарынан: мәшине, ірі құрылыстар, жабдықтардан жердің айырмашылығ сол, ол қайта өндіруге болмайтын өндіріс құралдары болып табылады. Егер оған қамқорлықпен дұрыстап қараса жақсаруы әбден мүмкін.
Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі процесіне жердің сапасы ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ табиғи факторлар - ауа-райы, күннің ұақтығы, жауын-шашын мөлшері және температурадағы құбылыстар да ықпал жасайды.
Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі циклында сезондық айырмашылық болады. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі: сезондылық мәшине мен жабдықтарды қолдануға кері әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылық мәшинелері тек қана жерде жұмыс істеген кезеңде ғана қолданылады: сонда жылына 20 күндей, сеялка 5-10 күндей, астық жинайтын комбайндар - 10-20 күндей, трактор паркі -50-60 күндей ғана пайдаланылады.
Сондықтан өнеркісіпке қарағанда, негізгі өндірістік мерзім айналымы әлде қайда жәй жүреді. Мұнда ескіні жөндеуге және жаңа ауыл шаруашылығы мәшинелерін алуға қажетті амортизациялық қор баяу қалыптасады. Осының барлығы резервтік және сақтандыру қорының құрылуын талап етеді. Егін болмаған жылдары ауыл шаруашылығы өндірушілері банкке несие үшін, ал мемлекетке субсидия үшін қол жайуына тура келеді.
Алтыншыдан, аграрлық қатынастардың тарихы басқа жерді (мейлі ол оброк, жерде жұмыс істеу немесе арендалық төлем) қолданған үшін ақы төлеудің ерекше экономикалық маңыздылығын барлығын куәландырады.
Жерді қолданғаны үшін төлем арендалық төлемнің мазмұны болып табылады, ал оның экономикалық қайтар көзі - дифференциалдық және абсолюттік рента. Жер рентасының осы екі түрі де жерге деген меншіктің экономикалық өткерілуін көрсетеді.
Ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінде өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігі тұрақты әрекет етуші факторлар жиынтығы секілді, қоғамның қазіргі заманғы экономикалық даму сатысының бірқатар ерекшеліктерінен шартталған. Бір жағынан, кәсіпорынның тиімділігін арттыру нарықтың азық-түлікке және шикізатқа қажеттіліктің тұрақты өсуінен, өнімнің сапасына деген талаптардың күшейуінен, өндірістік ресурстардың кейбір түрінің өсуінің шектеулігі, өндіріс құралдары құнының өзгеруі және т. б.
Қоғамның қазіргі даму сатысында аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігінің арту мүмкіндігі кеңейуде. Жиналған экономикалық әлеует, ғылымның және техниканың дамуы, кәсіпкерлердің белсенділігі, олардың тәжірибесі, сондай-ақ өсіп келе жатқан нарықтық қатынас жағдайында соңғы жоғары нәтижелерге деген қызығушылықтың артуы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімін өндіруді өсіруге, шығындарды азайтып және рентабельділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы өнеркәсіптерінде өндірістің экономикалық тиімділігінің деңгейі қандай ресурстардың құнымен (шығындар) экономикалық әсерге (нәтиже) қол жеткізілгендігі туралы көруге мүмкіндік береді. Әсер (нәтиже) көп болған сайын, ресурстар (шығындар) аз, өндірістің экономикалық тиімділігі жоғары және керісінше. Тиімділіктің өсуі дегеніміз әсер (нәтиже) ресурстың (шығындардың) өсуіне қарағанда тезірек өсуін білдіреді, сондықтан, әсердің бірлігіне (нәтижеге) қоғамдық қажетті еңбектің азы тиісілі келеді. Ресурстар (шығындар) және экономикалық әсер (нәтиже) арасында белгілі бір байланыс бар. Тірі еңбектің, негізгі және материалдық айналым құралдары шығынының абсалюттік шамасы ресурстар (шығындар) ретінде, ал олардың шамасының азайуы және үнемдеу - экономикалық әсер нысанында болады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өндірістің экономикалық тиімділігі мәні оның критерийлері мен көрсеткіштері арқылы көрсетілуі мүмкін. Критерий термині ғылыми түсінікте сипатын айқындайтын, бағаның өлшемін көрсететін негізгі сапа, басты қасиетін білдіреді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорынында өндірістің экономикалық тиімділік критерийі болып жер көлемінің бірлігімен, бірге оның жоғары сапасын қамтамасыз ету мен бірге шығындарды төмендету барысында аграрлық өнімнің шығуының өсуінің негізіндегі рентабельділігі табылады. Аталған критерий кәсіпорында өндірістің мақсатына - табыс табу және саланың өніміне нарықтың қарқынды өсудегі қажеттіліктерді барынша толық қанағаттандыруға жауап береді және оның интенсификация негізінде өндірісті жүйелі кеңейту және өндірістік ресурстарды орынды қолдануды- оған жету жолдарын анықтайды.
Осы критерийде осымен қатар аграрлық өндірістің спецификалық ерекшеліктері, бәрінен бұрын оның жер ресурстарымен тығыз байланысы көрсетілген.
Өндірісті жоспарлау, ауыл шаруашылығы кәсіпорынының өндірістік қызметін талдау кезінде және басқа мақсаттар үшін бөлек өндірістік ресурстарды (еңбектік, жерді, жаңа техниканы және басқаларды) қолдану тиімділігіне экономикалық бағалау, сондай-ақ барлық ресурстық әлеуеттің қолдануының тиімділігін анықтау жүргізіледі.
Шаруашылықтың нарықтық жағдайында өндірісті интенсификациялау үрдісінде жүргізілетін әр түрлі шаруашылық шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау барынша маңызды.
Осындай шаралардың қатарына әр түрлі құрылымдардың тиімділігін, егін алқаптарының, ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының жаңа сорттары, жетілген технологиялар және бөлек ауыл шаруашылығы шараларының (жерді өңдеу тәсілдері, егістің, жиынның және т. б. ), малдың жаңа тұқымдары, табынның құрылымы, жемді дақылдар, және басқаларын жатқызады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорында өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау оның ерекшелігін ескерумен шаруашылықтың осы саласында олардың көрініс нысанында өз кезегінде объективті экономикалық заңдардың жүйесін көрсететін көрсеткіштер жүйесін қолдануға негізделеді. Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесінің нақты маңызы сандық және факторлық оның критерийі мазмұнын көрсетуі, кәсіпорынның (шығындарын) өндірістік ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жалпы түрінде көрсетілуімен байланысты.
Шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін қолданудың қажеттілігі экономикалық әсерін өлшеудің әр түрлі сипаттылығы секілді, сондай-ақ өзінің экономикалық табиғаты бойынша ерекшеленетін және әр қашанда салыстыруға болмайтын ресурстар мен шығындардың әр түрлілігімен байланысты.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері жеке және жалпы болып бөлінеді. Тиімділіктің жеке көрсеткіштерінің санына өндірістің көлемін және өнімнің сапасын, еңбектің өнімділігін, жер қайтарымын, фондтық қайтарымды, материалдық қайтарымды, өнім өндірісінің шығындарын және басқаларды жатқызады.
Өндірілген өнімнің саны мен сапасы - бұл көрсеткіштер нәтижелік болып, көп жағдайда нәтижелікті көрсетеді, нарықтың өніміне деген қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған, өнеркәсіптің өндіріс мақсатын іске асыруды көрсетеді. Сондықтан өндірістің экономикалық тиімділігін тек үнемділігіне ғана байланыстырсақ, оның мәнін және критерийін құруға арналған өндірістің әсерін анықтайтын мақсатын жоққа шығаруды білдірер еді.
Ескеретіні, жалпы әсер (нәтиже) өндірістік өнімнің тек қана санымен ғана емес, сондай-ақ қойылған мақсаттарға байланысты басқа көлемдік көрсеткіштермен байланыстыруға болады. Сонымен, жалпы өнімнің көрсеткіші оның тұтынушылық құнды құру- басты міндетін шешу көзқарасынан, ауыл шаруашылығы өнімімен нарықтың тұтынушылығын қанағаттандыру ұстанымынан - тауарлық өнім, екі жақтың біртұтастығы жоспарында өндірістің тиімділігін өлшеу үшін - таза өнім (жалпы кіріс), қайта шығару үрдісінде - тұтыну және жинау, кәсіпорынның мүддесін қанағаттандыру көзқарасынан өндірістің тиімділігін бағалау үшін - табысты сипаттайтын болады.
Онымен бірге, тұтынушылық сұранысты қанағаттандыру деңгейі өндірудегі өнімнің санымен ғана емес, сондай-ақ оның сапасына да байланысты.
Бірқатар жағдайларда өнімнің сапасын арттыру азық өнімдері санының көбейуіне тең, ал жеңіл өнеркәсіп үшін ауыл шаруашылығы шикізатының сапасының жақсаруы нарықтық сұранысты толық қанағаттандырудың қажетті шарты болып табылады.
Еңбектің өнімділігі немесе еңбек сиымдылығы өндіріс үрдісінде тірі еңбектің жұмыс уақытының бірлігіне белгілі өнімнің санына шығынның тиімділігін сипаттайды. Жердің қайтарымы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында басты құрал болып табылатын жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.
Фондтың қайтарымы өндірістік негізгі құралдарда затқа айналдырылған, бәрінен бұрын машиналарда өткен еңбектің шығындары қаншалықты тиімді қолданылатындығын көрсетеді.
Материалдың қайтарымдығы материалдық айналымдық құралдарда затқа айналған бұрынғы еңбектің пайдаланылған шығындардың тиімділігін көрсетеді. Жалпы түрде өнімді өндірудің шығындары (өнімнің 1 теңгесіне шығын) тұтынылған барлық өндірістік ресурстардың пайдаланылуының тиімділігін сипаттайды, өнеркәсіптерде қандай шығындармен өнімдер өндірілетіндігін көрсетеді.
Респрстар мен шығындардың бөлек түрлерін қолданылуын сипаттайтын келтірілген көрсеткіштер өндірістің абсолютті тиімділігінің негізгі көрсеткіштері болып таыблады. Олардың әр қайсысы ресурстар мен шығындардың нақты түрлерін қолданудың деңгейін сипаттайтын басқа бірқатарларына бөліне алмайды. Мысалы, фондық қайтарымның көрсеткіші өндірістік негізгі құралдардың- тракторлер, комбайндар, өнімділігі жоғары малдар және басқалары, материал қайтарымдылығы - тұқымды, жемді, отынды және басқаларды пайдалану бөлек түрлерін қолданудың тиімділігінің көрсеткіштеріне дифференцияланады.
Келтірілген жеке көрсеткіштер, бірге мәлімі жалпы әсердің (нәтиженің) кәсіпорынның бөлек өндірістік ресурстарының (шығындар) түрлерінің өлшемдеріне қатынасымен анықталады. Онымен қатар, аталған мақсаттар және
ауыл шаруашылығы саласындағы өнеркәсіптерде өндірістің экономикалық тиімділігі көптеген және әр түрлі факторлардың және шарттардың әсерінен құрылады. Экономикалық тиімділігін арттыру проблемасының қиындығы бұл факторлар оңаша емес, ал керісінше таза түрінде болғандығында.
Сонымен ауыл шаруашылығы өнеркәсіптерінде өндірістің экономикалық тиімділігінің барлық факторлары негізгі үш аспектіде жіктеу дұрыс: өндірістің ресурстары мен шығындары бойынша, өндірістің экономикалық тиімділігін құрудың негізгі бағыттары бойынша, осы бағыттарды шаруашылықтың әр түрлі деңгейлерінде іске асыру бойынша.
Ресурстар және шығындар бойынша жіктеу өндірістің тиімділігінің артуының бастауын анықтауға мүмкіндік береді. Ол қандай ресурстар немесе шығындар есебінен еңбектің үнемділігіне қол жеткізуге болады, кәсіпорынның өндірісінің тиімділігін жоғарылату секілді сұрақтарға жауап береді. Мұндай жіктеуге байланысты ресурстар мен шығындар бойынша өндірістің экономикалық тиімділігінің негізгі факторлар болып: еңбек сиымдылығы, фонд сымдылығы және материал сыймдылығы табылады.
Экономикалық тиімділікті құрудың негізгі бағыттары - оның көмегімен өндірістің тиімділігінің өсуі қол жеткізілетіні. Олар да барынша әр түрлі, олардың ішінде маңыздырағы - технология, өндірістің специализациясы және концентрациясы, еңбекті ұйымдастыру, ғылыми-техникалық жетістік және алдыңғы қатарлы тәжірибе.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің факторларын іске асырудың деңгейіне байланысты оларды халық шаруашылықтық, салалық және ішкі шаруашылықтыққа бөледі.
Халық шаруашылықтық факторларға: ауыл шаруашылық өніміне бағаны құру, материалдық ресурстардың сапасы мен құны және басқаларын реттеуді жатқызады. Салалық факторларға, салалық маңызы бар ғылыми зерттеу және техника, аграрлық салада өндіріспен басқару және басқалары жатады. Ішкі шаруашылық -бұл тікелей кәсіпорынның өзіндегі факторлар: өнімнің саны мен сапасы, прогресшілік технология, өндірістің механизациясы және ұйымдастыруы.
Өндіріс факторларының жетілгендігіне қарамастан, өндірістегі экономикалық тиімділік бұл ресурстар толық және интенсивті қолданылады деген шартында қатынасты жоғары болуы мүмкін.
Онымен қатар өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігінің келтірілген факторларын іске асыру, жалпы қарағанда материалдық-заттық элементтер көзқарасынан, тек егер тиесілі өндірістік қатынастар болған жағдайда мүмкін.
Егін шаруашылығының негізінде бастапқы құжаттар алынған егіс бойынша бірнеше әдіс бойынша есептеледі. Кәсіпкер жыл басында есеп саясатын құрған кезінде қай әдісі бойынша есептелетінін шешуі қажет.
Бірінші әдіс. Егінді жөнелту реестірі бойынша № 77- 3. 1 форма бойынша. Егінді шабар алдында бухгалтерия әр бір комбайнерге қолхат алып реестр беріледі, бұнда кәсіпорынның атауы, комбайнердің нөмірі, оның тегі, аты және жөні, агрегаттың нөмірі. Барлық реестрлер блокнотта нөмерленуі қажет және кәсіпорының басшысы мен бас бухгалтердің колдары және мөр мен бекітілуі қажет.
Кезектің басында әрбір көлікке (тракторге) көлікке жүк тиеу кезінде комбайнер реестр үш данада жазып береді. Оның ішінде күні, бөлім нөмірі, көлік жүргізушінің тегі, алынған егістің атауы. Бірінші дана комбайнерде қалады, екіншісі көлік жүргүзушіде, ал үшіншісі тоқ меңгерушісіне береді.
Жүкті арту кезінде комбайнер көліктің нөмірін, прицептің нөмірін, комбайнер өзінің бірінші данасына көліктің нөмірі мен бункерлік бидайдың массасын жазады, ал көлік жүргізуші комбайнердің реестірінде қол қояды: өнімді алдым деп. Ал көлік жүргізуші өзінің екінші данасында комбайнның нөмірін, кімнен алынғанын және бункерлік массасын жазуы қажет, ал комбайнер растығын растау үшін қолын қояды.
Бидайды тоққа жеткізгеннен кейін, тоқ меңгерушісіне реестрдің үшінші данасы беріледі, онда тоқ менгерушісі масса, брутто және неттосын қабылдаған бидайдың көлемін жазады. Тоқ менгурішісі көлік жүргізушінің реестрінде өнімді қабылдап алдым деп қолын қояды, ал көлік жүргізуші тоқ менгерушінің реестрінде өнімнің бергені жайлы қолын қояды. Реестрлердің барлығы бухгалтерияға тапсырылады.
Екінші әдіс . Бұл әдіс бойынша егістік басынан бидайды алып келуі үшін көлік жүргізушіге сапар парағы беріледі №77- 3. 2. формасы бойынша. Сапар парағын үш данада комбайнер толтырады, көшірме арқылы, үшінші данасы комбайнерде қалады, ал екіншісі көлік жүргізушісінде, ал бірінші данасы тоқ меңгерушісіне береді, ол онда тура массасы, тарасы мен неттосы шығарылып сапар парағында белгілейді.
Үшінші әдіс. Бидайды жөнелту үшін егістік басынан тоққа көлік үргізуші талон табыс етеді № 776 формасы және № 77в формасы бойынша талондардың түсі әр түрлі болады.
Талондар алдын ала қажетті түрде және белгіленген әдіс бойынша толтырылады. Онда міндетті түрде мөрмен бекітіліп кәсіпорынның
басшыларының қолдары болуы қажет (кәсіпорын басшысы және бас бухгалтер) . Талондар тіркеу журналында № 188 формасы бойынша барлық берілген талондар осы журналда міндетті түрде тіркелуі қажет.
Тоққа түскен бидайды өлшейді, кейін көлік жүргізуші тоқ меңгерушіге комбайнер берген талонды табыс етеді. Содан соң көлік жүргізуші мен тоқ менгерушісі екеуі есеп реестріне тіркейді және бұл реестр көлік жүргізушіде ғана болады.
Тоқта автокөлікті және прицебін өлшегеннен кейін тоқ меңгерушісі көлік жүргізушісінен алынған талон комбайнердің нөмірі мен көлік жүргізушінің тегі мен автокөліктің нөмірі тоқ меңгерушінің түскен бидайды тіркеу журналына енгізеді № 78а формасы бойынша және бір данада ғана толтырылады.
Осы тіркеу журналы арқылы тоқ меңгерушісі ведомастар № 80 форма бойынша мен бидайдың қоймадағы жылжыуы туралы есеп жүргізеді № 40 формасы бойынша.
Бухгалтерия да 78а мен 71а формалары күн сайын тексеріліп отырады.
Тоққа түскен бидайды кептіріп және тазартудан өтіп сорттарға бөлінеді. Сорттап болғаннан кейін бидайдың кептірілуден кейінгі салмағы өлшеніп және қалдықтар есебін лабороториядағы акті бойынша № 82-3. 6 формасы бойынша бейнеленеді.
Бидайдың белгілі бір бөлігін егістіктің басынан астық қабылдау пунктісіне жөнелтеді № 1 бидай СХ формасы бойынша.
Тоқтағы бидайдың қозғалысы туралы және бидайдың кірісі мен шығысы № 80-3. 4 фомасында бейнеленеді.
Бұл құжаттардың барлығы жұмыс күннің аяғында бухгалтерияға табыс етіледі әрине, алдын ала қоймадағы есеп жүргізу құжаттарына бейнеленгеннен кейін.
Тұқымның есебі.
Өсімдік өнімің тұқымдыққа алдырған көлемнің бухгалтерияда бөлек есеп жүргізеді. Бұл жағдайда арнайы құжаттар толтырылып есебі бөлек жүргізіледі. Тұқымдыққа арналған бидайдың көлемін арнайы түрде қоймада сақтайды. Тұқымдық бидай қоймаға келіп түскенде бөлек құжаттар толтырылып сонымен қатар, актіде толтырылады. Тұқымның қоймадан егістік басына жіберілу кезінде шығындар актісі толтырылады №119-3. 16 формасы бойынша. Осы формаға сәйкес тұқымды жоюға құжат болып табылады.
Шығындар есебі мен өсімдік өнімнің өзіндік құнын бағалау.
Ауыл шаруашылығында шығыстар есебімен өнімнің өзіндік құнын есебін санау өте күрделі жұмыс болып табылады. Шығыстар есебімен өзіндік құнын бағалау үшін тәжіребиесі бар санасы, білімі жоғары қызметкер есебін жүргізуі қажет.
Шығыстар есебі мен өнімнің өзіндік құнын бағалау есебін жыл сайын жүргізіп отырылуы қажет. Егер кәсіпорынның өзінің қызметтін рентабелді екенін санау үшін және өткен жылдарға салыстырғанда ауыл шаруашылық кәсіпорының астық алу денгейі өсті немесе төмендегені туралы толық мәліметтер мен бағдарлама алып отыруы үшін.
Шығыстар есебін өнімді шығару есебінде бухгалтерияда шотардың бас жоспарының 9 бөлімінің шотары арқылы жүргізіледі.
Шығыстардың аналитикалық есебі әрбір өсімдіктің түрі бойынша бухгалтерияда және қоймада бөлек есеп жүргізіледі. өсімдіктің шығыстарының аналитикалық есебін жүргізу кезінде келесі нәрсеге көніл аудару қажет. Олар ауыл шаруашылық жұмыстар (жер жырту, егу, ору және т. б. ) бұлардың есебі көбі- несе гектарда жүргізеді.
Өсімдіктанудан алынатын өнім негізгі, қосалқы және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі өнімге бидай, картоп, орамжапырақ және т. б.
Қосалқы өнімге көп жылдық шөптен- шөп алады, бидайды орғаннан кейін қалған сабақты- сабан және басқада өсімдіктерден тұқымдықтар қалдырады.
Көмекші өнім- бұндай өнімдерге ауыл шаруашылығында мынадай өнімдер жатады: бидай өнімінің қалдықтары, ботва және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz