Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны мен табиғи ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

І. Тарау. Агробизнестің теориялық және әдістемелік негіздері.
1. аграрлық өндіріс пен агробизнестің табиғи ерекшеліктері мен
экономикалық мазмұны.
2. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені және аграрлық кәсіпкерліктің
қалыптасуы мен дамуы.
3. Аграрлық бизнестің дамуындағы әлемдік тәжірибелер.
ІІ. Тарау. Қазақстан республикасының негізгі даму тенденциясы және
агробизнестің қазіргі жағдайы.
2.1. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайын талдау және
оның негізгі даму бағыттары.
2.2. Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы меншік түрлерінің дамуы.
2.3. Қазақстан республикасындағы агробизнес жүйесін мемлекеттік реттеу.
ІІІ. Тарау. Қазақстандағы агробизнесті мемлекеттік қолдау және реттеу
мәселелері.
3.1. Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибелері.
3.2. Қазақстандағы аграрлық бизнесті мемлекеттік қолдау және реттеу жүйесін
жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Әдебиеттер.

Кіріспе

Экономикадағы дағдарыстың жалғасып келе жатқаны, әлеуметтік
шиеленістің өсуі, болашаққа деген үміт отының біртіндеп сөнуі және
басқа да жағымсыз құбылыстар жүргізіліп отырған реформа барысын
қайта қарап шығуды талап етеді.
Бұл жағынан алып қарағанда Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы бір жұтым таза ауаны ғана емес, ол сонымен бірге
жаңа және қуатты өмірлік мәні зор қарқын береді.
Нарықтық қатынастарға өтудің жалпы бағыты болжамастай қатаң
болуы қажет. Бұл аксиома емес, бұл адамзат өркениетінің тарихи
сабағы болып табылады. өйткені ол дамыған нарықтық механизмсіз
тиімді экономика бола алмайды. Бұл жай жүйенің өзгеруі ғана емес,
шаруашылықты жүргізудің сапалы жаңа моделі, ол әлемдік жобалары
тенденцияларға арқа сүйейді.
Біртұтас авторитарлық мемлекет ретінде КСРО-ның өмір сүруін
тоқтатуы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы күн тәртібінен
осы бұрынғы одақтық республикалардың халқын азық-түлікпен
қамтамасыз ету мәселесін алып тастамайды, керісінше, оның
өзектілігін күшейте түседі, өндірістің әлеуметтік тәсілі, қоғамның
барлық мүшелерін азық-түлікпен қамтамасыз ету шын мәнінде
орындалмас міндетке айналды. Біршама жетістіктерге қол
жеткізгенімен жоспарлы экономика шын мәнінде өндіріс құралдарынан
шеттетілді және өзі өндірген өнімнің қожайыны бола алмады. Соның
нәтижесінде, ауылшаруашылығына салынған ірі капитал салымы,
егіншілік, мал шаруашылығы, механизация, агрохимиядағы ғылыми-
техникалық прогресс уәде етілген азық–түлікпен өнеркәсіп үшін
шикізаттың мол қорын құруға айтарлықтай ықпал ете алмады.
Жоспарлы, әкімшілік экономикадан нарықтық қатынастарға өтудің
бастапқы кезеңінде көрсеткендей, меншікке қатысты, шаруашылық
жүргізудің формалары мен әдістері, яғни бүкіл экономикалық
қатынастардың өндіріспен, бөлу, айырбас және тұтынуға байланысты
комплекстері күрделі және терең жаңарулар жасауды қажет етеді.
Бұл мәселе әсіресе экономиканың аграрлық секторы үшін маңызы
зор, өйткені ауылшаруашылығының жағдайынан, онымен аралас
агроөнеркәсіп комплексінің жағдайынан нарықтық бағдарламалардың
сәтті болуы байланысты болады.
Азық-түлік жағдайын жақсартпайынша, нарықтық механизмді игеру
бойынша күш жұмсау бекер. Егерде халық ашығып, өмір сүру қиындай
түссе, ең болмаса керемет деген бағдарламалар да қолдау таппай, жоқ
болады.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту немесе
әлеуметтік шиеленісті азайту, дауылдың алдын алып, мұнай, газ және
басқа да табиғи ресурстардың экспортқа шығарылуын қысқартып,
инфляцияны жойып, қаржылық және ақшалай жүйені сауықтырады.
Бұл міндеттерді шешу тікелей агробизнестің пайда болуы,
қалыптасуы мен жан-жақты дамуына, яғни ауылшаруашылығы өнімін
өндіру мен қайта өңдеуге байланысты кәсіпкерлікке де тікелей
байланысты болып келеді, біздің республикамызда агроөнеркәсіп
өндірісіндегі кіші және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау
диплом жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды.
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың саяси ретінде, ауыл
шаруашылығы, бірқатар өзгерістерге ұшырады, ол елеміздің әлеуметтік
даму ерекшеліктері, оның бағыты мен талаптарына байланысты болып
келеді. Диплом жұмысында экономиканың ауылшаруашылығы секторының
негізгі көрсеткіштерін аналитикалық талдауға агробизнесті
мемлекеттік қолдау бойынша саясаттың тәжірибесін зертеу және шет
елдердегі аграрлық кәсіпкерлердің кейбір мәселелерін шешу жолдарын
талдауға әрекет жасалды.
Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіп комплексінің аграрлық секторының теориялық
аспектілерін зертеу негізінде республикадағы агробизнесті
мемлекеттік қолдау мен реттеудің механизмін зерттеу болып табылады.
Алға қойған мақсатты орындау үшін мына төмендегі
міндеттерді шешуге әрекет жасалды:
• Аграрлық өндірістің табиғи ерекшеліктері мен экономикалық
мазмұнын зерттеу;
• Қазақстан Республикасындағы агробизнесті дамытудың тарихи
аспектілерін зертеу:
• Дамыған елдердегі аграрлық бизнесті дамыту тәжірибесін зертеу;
• Қазақстан қазіргі заманғы агроөнеркәсіп жағдайын талдау және
экономикалық агроөнеркәсіп секторын дамытудың негізгі
бағыттары;
• Қазақстанның ауылшаруашылығындағы меншік формасын дамытудың
негізгі кезеңдерін қарап шығу;
• Қазақстан Республикасындағы агробизнесті мемлекеттік реттеудің
негізгі формаларын зерттеу;
• Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік қолдаудың әлемдік
тәжірибесін зерттеу;
• Қазақстандағы агробизнесті мемлекеттік қолдау мен реттеудің
жүйесін жетілдіру;
Алға қойған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы
бойынша қажетті теоретикалық мәліметтер мен статистикалық
мәліметтер жүйеге келтіріліп, жетекші экономисттердің теориялары
мен ғылыми көзқарастары зерттелді.
Диплом жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспе
бөлімнен, үш тараудан және қортынды бөлімнен тұрады. Диплом
жұмысында 7 таблица, 3 схема бар.
Бірінші тарауда аграрлық бизнестің теоретикалық негіздері,
Қазақстандағы агроөнеркәсіп комплексін дамытудың негізгі кезеңдері,
агробизнестің даму тәжірибесі мен әлемдік тәжірибесі, дамыған
елдердегі аграрлық кәсіпкерліктің басты мәселелерін шешу жолдары
зерттелді.
Екінші тарауда қазақстанның қазіргі заманғы агроөнеркәсіп
комплексінің жағдайына талдау жасалды. Сонымен бірге, Қазақстандағы
меншік формасының даму процесі зерттелді. Және аграрлық
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі формалары қарастырылды.
Үшінші тарауда агробизнесті мемлекеттік қолдау мен дамытудың
шетелдік тәжірибесі және Қазақстан Республикасындағы аграрлық
бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін жетілдіру жолдары
қарастырылды.
Қорытынды бөлімде диплом жазушы студент үшін зерттелген
тақырып пен пайдалылығын бағалау бойынша негізгі қортынды жасалды.

І-Тарау Агробизнестің теориялық және әдістемелік негізі.

1. Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны
мен табиғи ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы
экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерің
рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас
салалармен тығыз топтасып келуі ауыл шаруашылығындағы
экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек
қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен,
агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әістемелік негіздерін
дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі
туады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас
салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше
“агроөнеркәсіптік кешен”атауы пайда болып, ғылыми және
практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы - қор
шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауы
шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және
өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен
байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне
қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз
табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да
агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (1-
схеманы қараңыз)
Агробизнес кешені.

IVсфера Агросервис:
Мемлекеттік,

Кооперативтік,
Жеке

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып
тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады.Бірінші
сфераға (I) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен,
тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-
дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз
ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шара
өндірісін дамыту мүмкіндік беретін қаржылық ресурс-несие де
кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашылығы үшін ресурстар нарығын
қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін
анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне
несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл
шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл
сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндіріс
жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша
ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік
байланыста болады.
Сфералардың үшінші тобы (III) егіс даласынан өнімдерді
тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын
қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық
салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және
бөлшек сауда, қайма биржа, аукцион жүйелері және т.б.)
қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін
өндіріс сала – тамақ өнер кәсібінің болуымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтің сфераның
орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-
түлік сервисінің дамуына байланысы ол онан сайын өсе
түсуде.
Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның
жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін
агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның
ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған
қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды
дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды
енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар.
Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік
құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, нарықты реттеу
ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және
тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс
істейтін, агробизнетің бірден-бір сферасы болып табылады.
Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл
сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке
сферада агроөнеркәсіптік кешеннің сервистік қызметінің
техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық
қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және
ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық -
техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа
қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен
кәсіпорындарына сондай-ақ шаруа және фермерлік ұйымдар
одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына
шаруашылық , экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені
құрамымен өте ұсақ және ол үш негізгі сфераның басын
құрайды. (2-схеманы қараңыз)

Агроөнеркәсіптік кешен.

I II
III

Бірінші сфераға (I) трактор және ауыл шаруашылығы
машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен
малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс,
өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ
суландыру құрылыс сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.
Екінші сфераға (II) таза ауыл шаруашылық өндірісінің
салалары- егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл
шаруашылық (өндірістіктен айырмашылығы бар) мал азығын өндіру
жатады.
Үшінші сфера (III) әдетте ауыл шаруашылығы
шикізаттарын дайындау , тасымалдау, сақтау және өңдеуді
қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып
табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды ,
сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрлымның салалары
ретінде өздігінше , жеке төртінші сфераға (IV) жатқызып жүр.
Құрамындағы талдау жасау көрсетіп отырғандай,
агробизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан
болсын, сапалық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір-
бірінен ерекшеленеді . Өздерінің қарауындағы салалар немесе
қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл
айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.
Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге
таңқаларлықтай болып көрінетін бір жай , агросервис құрамында
мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды
айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік
кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі
көрсетілген жоқ . Өйткені , әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік
реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін
экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да
түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік
реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған
экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және
экономикалық процестерді қамтамасыз етуді басқарушы және
үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.
Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген
сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден,
агроөнеркәсіп кешенінің түпті өнімі жасаудағы олардың
әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда,
агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы
жекелеген салалар мен сфералардың рационалды арақатынасынан
айқындалатын болғандықтан, бұл кешендерді ішкі тепе-теңдік
құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда
маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және
өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл
шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы
болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 пайызы
ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі
өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру
көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізде аса қуанта
қоймайды. АҚШ-та Агроөнеркәсіп кешенінің түпті өнімінің 70
пайыздан астамы маркетингтік сфераның, тек 10 пайызға жуығы
ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда
ауылшаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр.
Оның үлесіне АҚШ-та 3 сфераның өзінде сауда жүйесі басым,
ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.
Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа
елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының
75 пайыздан астамы ауылшаруашылығының тыс жерлерде жасалады.
Скандинавия елдерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің
үлесі 65 пайыздан құрайды. Батыс елдері
агроөнеркәсіп кешені құрылымның қозғалысына тән бір жайт,
мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы
санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар
аралығында мұндай қысқару 30 пайызға жуық болды. Мұның өзі
негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр.
Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе
түсуде. Аталған АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп
кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны
бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар
(агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған
техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының
бір-бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың
жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы
өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің II сферасы ) үлес
салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде
салааралық және ішкі салалық сәйкестіктің жоқтығын
аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес.
Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын
реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың
сәйкессіздігін қатты сезініп отыр.
Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымды жүргізілетін
өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа
қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді.
Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп
өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы
мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.
Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда
агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою
әрекеті 80-жылдардың өзінде рет бой көрсеткен.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру
мақсатында азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік
өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс
орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл
міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіп кешен сияқты
кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей
нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен
ғана жасауға болады.
Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция
меншікке құқық пен жерде шаруашылық жүргізу құқығын бір-
бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп береді.
Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар-ұжымшар
моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының
елдерінде дами алмады.
Өткен жылдар ішінде біздер соншалықты ұмтылған
қоғамдастырудың деңгейін арттыру жұмысшының меншіктен
алыстатылу масштабын одан сайын арттыра түсті. Өндірістің
көлемін қалай дегенде де көбейтуге тырысушылық аграрлық
өндірістің ішкі табиғатына қарама-қарсы қайшылықта болатынын
кеш ұқтық.
Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы
өндірісі - өте нәзік, жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет
ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа салғанды көтермейді. Ауыл
шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті болғанына,
жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген
факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды
басынан кешіреді. Мысалы, әзірге адамның бақылауына аз
көнетін табиғи фактор , оның ішінде ауа райының жағдайын
алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз құбылыстар
жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтарлықтай зиян әкеледі
немесе тіпті жоққа шығарып тынады.
Нарықтық экономика ауыл өндірушілердің табысын
маусымдық ауытқулар мен ауа-райы климаттық қолайсыздықтардан
қорғаудың белгілі бір тегершігін жасады. Биржалық
бизнесмендердің тұтас бір тобы пайда болады. Олар ауыл
шаруашылығы табыстарының қолайсыздығын өз мойындарына алады.
Алайда, мұның өзі жеткіліксіз, сондықтан да көптеген
мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және
фермерлік табыстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесі кеңінен
тәжіибеге енгізілген.
Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс
пайдаланған жағдайда тозбайтын, қайта керісінше құнарлана
түсетін, өндірістің айырбастауға келмейтін ең басты мәңгілік
қоры –жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің
құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей
жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі
айырмашылықты туғызады. Осыдан барып жер рентасы және
табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық жерлерінің
шектелу проблемалары туады.
Өндірістің ерекше саласы ретінде ауылшаруашылығының
ерекше белгісі онда өндірілген өнім (тұқым, жем, малдың төлі,
органикалық тыңайтқыш және басқалар) онан әрі өнімді көбейту
үшін қолданылатындығы болып табылады. Биологиялық факторлар
мен тірі организмдерді пайдалануға негізделетін
ауылшаруашылығында бұл жағдайда оның өндіріс технологиясының
да ерекшелігін білдіреді.
Өнеркәсіпте өндіріс және еңбек процесі көбінесе
үздіксіз жүреді. Бұлай болатын себебі техниканың,
технологияның және өндірісті ұйымдастырудың жетілдірілуін
қамтамасыз етуде жатыр. Агроөнеркәсіптік өндірісте
экономикалық процесс өнім шығаруды жеделдету мен көбейтуді
төтенше шектейтін табиғи –биологиялық факторлармен тығыз
байланысты. Көп жағдайда ауыл шаруашылығындағы бірқатар табиғи
процестерді қысқарту өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалы,
ауыл шаруашылығы дақылдарының пісіп-жетілу мерзімін айтсақ та
жеткілікті.
Табиғи –биологиялық фактор өндірістің тиімділігін
анықтауда, технологияны таңдауда ең басты факторы болып
саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын
сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың
тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан
техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай
ыңғайланады. Осы жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика
кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем-шөп базасы
жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым
агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді
мелиорацияларға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының
өнімдері мен шикізатын жоғалтуға алып келеді.
Ең жетілдірілген техника, озық технология және
өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді
белгілі бір “биіктіктен” асыруға мүмкіндік бермейтін мал
мен өсімдіктің табиғи-генетикалық потенциалы сияқты ауыл
шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.

Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи
ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен
жұмыс кезеңінің тура келмеуін тудырып, жыл бойы жұмысшы
күшімен материалдық-техгикалық ресурстардың тепе-тең
пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла
қылады. Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін
техниканы пайдаланудың қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат
көздерін көп керек ететіндігі тұрақты капиталдың жоғары
үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін
жағдайда тұрақты шығынның деңгейі, сонымен бірге жалға
төленетін ақы себебінен де өсіп отырады.
Тұрақты шығынның жоғары үлесі шаруалар мен
олардың өндірістік стратегиясына да әсер етеді.
Өнеркәсіпшіге қарағанда, ауылдағы іскерге нарықтық
конъюнктура тиімсіз болған жағдайдың өзінде де өндірісті
күрт қысқарту тиімсіз, өйткені тұрақты шығындар өндіріс
көлеміне қарамастан өтелуге тиісті.
Табыстың түсуінің маусымдық мәнде болуы барлық
өндірістің циклдың өн бойында шығарылатын шығынның орнын
толтырудың өте қажет көзі ретінде ауыл шаруашылығы
өндірісін несиелік ресурстар алуға итермелейді. Көптеген
ауыл шаруашылық салаларында бұл циклдың ұзақ уақытқа
созылуы ұсыныс көлемінің қысқа мерзім ішінде азайтылуына
немесе көбейтілуіне мүмкін бермейді. Осының өзі ауыл
шаруашылығы өндірісі мен аграрлық рыноктың тағы бір
маңызы ерекшелігі болып табылады.
қиыншылықтар. Алайда, бұл факторлар - ауыл шаруашылығы
өндірісіндегі қиыншылықтардың мұз таудың су бетінде көрініп
тұрған басындай ғана. Мұнымен қатар мұз таудың су астында
көрінбей тұрған бөлігіндей тағы басқа көптеген қиындықтар
бар. Мұның қатарында “шаруа – еңбек - жер ”жүйесін құрайтын
әлеуметтік, экономикалық және психологиялық қарым – қатынастар
аясындағы.
Қызметкерлердің немесе өнеркәсіп жұмысшының,
құрылысшының еңбегін ұйымдастыру, есебін жүргізу, бақылау
және әділетті еңбек ақысын төлеу өте оңай шаруа. Ал, тек
қана жұмыс уақытысы емес, барлық өмірі ауыл шаруашылығын
жүргізу жағдайына бағындырылған ауыл еңбектерінің жағдайы
тіптен басқаша.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде
шаруа уақытпен санаспай, демалыссыз, демалыс және мерекелік
күндерсіз ауа райының қолайлы сәттерін қалт жібермей,
қымбат уақытты тиімді пайдалану үшін жан - тәнін салып жұмыс
істеді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта
шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы
алғанда, шаруа норма немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже
үшін жұмыс істеді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы
еңбектерінің психологиясында, табиғатында әрбір дән немесе
түп үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егісті өңдеу
барысында ол бірде-бір өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін
жинау кезінде өнімнің ысырап болуына барынша жол бермейді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі дәл осында
жатыр деп батыл айтуымызға болады.
Сөз жоқ шаруаның еңбегі ауыр, бірақ ол
шығармашылық мазмұнға мол
болғандықтан, адамды өзіне тартып, қуаныш сыйлай береді.
Өнеркәсіп жұмысшысы мен қызметкерден ауыл еңбеккерінің бір
айырмашылығы – ол өз жұмысына бар жан – тәнін сала отырып,
тұқым себуден бастап өнім алуға дейінгі жасампаз еңбек
процесіне бастап аяқ қатынасады.
Алайда, соңғы онжылдықтарда ауылшаруашылығында
қалыптасқан өндірістік қарым – қатынастар шаруа еңбегінің осы
тұстарын есепке алмай, ғасырлар бойы келе жатқан әдеттер
мен дәстүрлерді құртып тынды. Ұжымшарларда немесе
кеңшарларда шаруалар бүгін бір егістік басында жұмыс істесе,
ертесіне басқа жерді өңдеуге жегілетін болды. Сондай-ақ
оның еңбек құралы да жиі ауыстырыла берді. Соның
қортындысында ол өз еңбегінің түпкі нәтижесін көре алмай,
бірте – бірте жер мен өндіріс құралдарына деген өзінің
қожайындық (тіпті ұжымдық қожайындық ) сезімін жоғалта
бастады. Онан соң тек ілкі сәттегі табыс үшін ғана, бүгінгі
еңбекақы үшін ғана жұмыс істеуге бойын үйретіп алды.
Оның үстіне әр шаруашылықта кездесетін
төмендегідей жағдайлар да шаруаның жақсы жұмыс істеуіне
мұрындық бола алмады. Мысалы, іскер шаруа егістіктегі
өзінің бөлігін жақсы өңдейді ал оның қасындағы жалқау шаруа
өз жұмысын жүрдім – бардым атқарады. Мұндай жағдайда әлгі
жауапкершілікпен жұмыс істейтін еңбеккер өз көршісін адами
және диқандық абыройға кір келтірмеуге шақырып, әңгіме
айтқан болады. Бірақ, бұдан ол ешқандай нәтиже шықпайтынын,
сондай-ақ өндірістік - экономикалық қарым – қатынастар пәрменді
материалдық және моральдық шара қолдануға ешқандай да
мүмкіндік бермейтінін түсінгеннен кейін бірте – бірте өзіне
келіп, бейжайлыққа бойын үйретеді. Ал, содан кейін әлгі
еңбекқор шаруаның өзі түпкі нәтиже үшін емес, тек бүгінгі
тапсырманы орындаумен шектеліп, жалақы жазылатын құжаттан өз
аты – жөнін табу үшін ғана жұмыс істейді.
Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған
ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен тығыз байланысы, ауа
райы мен жер бедері жағдайларының әр түрлілігі шаруа
еңбегінің ерекше мәнде болуы өз бойында іскер – қожайын,
басқарушы – менеджер және жұмысшы – орындаушы сияқты үш
қасиетті жинақтаған ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап
етеді. Агробизнес дамыған елдердің фермерлік
шаруашылықтарындағы тұрақтылық пен тиімділік дәл соларға
арқа сүйейді. Шаруалық отбасы шаруашылықтары көптеген ауыл
шаруашылықтары үшін ең ыңғайлы өндірістік шаруашылық бірлігі
болып табылады. Өйткені мұнда ауыл шаруашылығы өндірісі
мен еңбектің ерекшеліктері толық қарастырылған. Отбасы
өндірістік ұжым ретінде өз бойына өндірістік қызметтің
іскерлік, басқару және орындаушылық міндеттерін тамаша
жинақтай біледі. Отбасылық еңбек ұжымы пайдалана алатындай
өндіріс ресурстарын (жердің, техникалық және басқалардың
көлемін) сол кездегі өндірістің техникалық және
технологиялық мүмкіндіктері айқындайды. Сондықтан да бір
фермаға шаққанда өндіріс және өндіріс ресурстарының
көбеюі ғылыми – техникалық өркениеттің дамуымен жүзеге
асады.

1.2. Қазақстандағы агробизнес пен агроөнеркәсіп кешенінің
қалыптасуы мен дамуы.
Басқа біреудің еңбегін пайдалану қазақ ауылында дағдылы
шаруа болып саналды және кішігірім тұтынушы шаруашылықтарда
орын алды.
Байлардың шаруашылығында қор жинау деңгейіне
қарай капиталистік даму байқала бастады, өйткені олар
негізінен жалдамалы еңбекті пайдаланды. Нақ осы жерде
көлемі жағынан өте жоғары қосымша өнім мөлшері жасалды.
Алайда, Қосымша өнім өндіріс өрісіне тартылмағанын айта
кету керек. Ол әлеуметтік тұтынуды жүзеге асыру көзі болды
немесе сол сияқты өндірістік емес өріске өсім алушылыққа,
делдалдық саудаға және т.б. жұмсалды. Бұдан , XIXғ. аяғы
мен XX ғ.Басында байлар шаруашылықтарының басым көпшілігі
тұтыну бағытында болғандықтан, ал сырттан жалданылатын
жұмыс күші қосымша құн өндірмегенін көруге болады.
Қазақ ауылында барлығын тұтас қамтитын негіз
ретінде қауымдық қоғамның көшпелі түріне тән жеке адамға
байланысты себептер мен ынтасы орын алды. Капиталистік
өзгерістерге дейінгі жіктеу әр түрлі ерекше экономикалық
механизмімен жалпылай сипатқа ие болды. Оның нәтижесі - ұсақ
натуралды өндіруші жарлы – жақыбайға айналдыру еді.
Сондықтан қазақ ауылында халықты жарлы – жақы байландыру (
пауперизация ) тенденциясы басты рөл атқарды. Ауыл халқының
нақ осы бөлігі жалдамалы жұмыс күшін қалыптастыру мен
толықтырудың негізгі көзі болды. Бұл әлеуметтік топ өз
шаруашылығы есебінен ең төменгі күнкөріс қажеттілігін
қамтамасыз ете алмады, сондықтан сырттан қосымша табыс
іздеді. Экономикалық ғылымда оларды “ маржиналды өндірушілер
”деп атайды. Олар өндіріс пен тұтынуды маржиналдаудың
барысында пайда болып, өз шаруашылығын жүргізуді жалданып
еңбек етумен ұштастырды, оның үстіне соңғысы жиірек
күнкөріс қорының негізгі көзі ретінде болды.
Бұл процесс қазақ ауылында қауымдық
идеологияның әсерін жоюдың құрамдас бөлігі еді. Жоғарыда
аталған халықтық бөлігі әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан
түпкілікті өзгерістерге әзірленді.
Енді қазақ қауымдық қоғамында жеке кәсіпкерлік
қызметің таралу деңгейін қарастырайық.
Тарихи даму капиталистік құрылыстың негізгі –
ұсақ тауарлы өндіріс екендігін көрсетті. Ал қазақ ауылында
жеке кәсіпкерлік құрылымның өзінің ұдайы өндірісі үшін
берік негізі болмады. Сондықтан да қазақтардың дәстүрлі
қоғамында капиталистік құрылыстың өзіндік даму (өзіндік
таралу ) мүмкіндігі шамалы еді. Қазақ ауылындағы өндіріс
құралдарын әдеттегі иеленушілер өндірістік қызметін
жеке кәсіпкерлік шаруашылық жүргізу бағытына қайта
бейімдеуге ұмтылмады, яғни олардың тұтынудағы қол
жеткізген деңгейі өздерін толық қанағаттандырады. Нақ осы
жағдай экономикалық ынтаны арттырмай, қосымша құнның
жасалуын тежеді.
Жеке - кәсіпкерлік қызмет қазақ ауылында
капиталдың төменгі формаларында, мысалға делдалдық
сауда мен өсім алушылық түрінде болды. Екеуі де айналым
өрісінен шықпады және өндіріс тәсіліне ешқандай дерлік
әсер етпеді. Бұл тұрғыда саудагерлердің, алыпсатарлар
мен делдалдардың экономикалық әсері күшті еді.
Осылайша жеке кәсіпкерлік құрылым қазақ
ауылында бірқатар өзіне тән өзгешеліктерге ие болды. Ол
нақты капитализмдегідей таза күйінде болмады. Мысалы,
кейде шаруашылық өндіріс мақсаты бойынша капиталистік
үлгіге жақынырақ болса, ал оларға жету тәсілдері бойынша
дәстүрлі қоғам деңгейінде қалып қойды. Жеке кәсіпкерлік
құрылым шаруашылықтардың капиталистік өзгерістерге дейінгі
түрлерімен ұштасып, көп құрылымды (укладты) шаруашылық
сипатына ие болды.
Пайда болған шаруашылық жүргізу түріне
қазақ ауылында төменгі әлеуметтік - экономикалық және
ұйымдық – техникалық деңгей тән еді. Аграрлық секторда
экономикалық қызметтің жаңа түрлерінің таралуы шамалы
болды. Бұл жалдамалы жұмысшылар саны мен оларды
пайдаланған шаруашылықтар мөлшері туралы мәліметтермен
дәлелденеді. Мысалы, XX ғасыр басында Қазақстанның
солтүстік аймақтарында жалдамалы еңбекті “тұрақты”
шаруашылық деп аталатындардың 16%- і пайдаланған.
Ауыл шаруашылығының әлемдік тәжірибесі К. Маркстің,
өндірістің капиталистік тәсілі “егіншілік пен өнеркәсіптің,
олардың қарама – қарсы дамыған формаларының негізінде, жаңа,
жоғары бірігуінің материалдық алғышарттарын жасайды” – деген
болжамын дәлелдеп берді.
XX ғасырдың ортасынан бастап ауыл шаруашылығы
мен өнеркәсіптің қарқынды бірігуі, ауыл шаруашылығы
үшін шығарылатын өндіріс құралдарын тұтастай шаруашылыққа
біріктірген өзара байланысты салааралық құрылымдардың
қалыптасуы, оған техникалық қызмет көрсету, ауыл
шаруашылық өнімін өндіру, сақтау, тасымалдау, өңдеу мен
өткізу жүзеге асырады.
Агроөнеркәсіптік кешен көптеген алдыңғы қатарлы
капиталистік елдерде ұйымдастырылған . АҚШ – та ол
“Агробизнес ”деп аталады. Оның ерекшеліктерін біздің
экономистеріміз 60 – жылдардың аяғы мен 70 – жылдардың
басында қарастырған.
Алғашқы агроөнеркәсіп кешендерін (АӨК) 60 – жылдардың
аяқ шенінен бастап, КОКП ОК – ның наурыздағы (1965 ж.)
Пленумның шешімі бойынша аграрлық өндіріске жұмсалатын
күрделі қаржы күрт арттырылып, ауыл шаруашылығын
техникамен, электр энергиясымен, тыңайтқыштармен жабдықтайтын
өнеркәсіп салалары шапшаң қарқынмен дами бастаған
кезде қалыптастыру жүзеге асырады.
Алайда бұл процесс стихиялы түрде өтіп
жатты, ал ведомстволық салалық бытыраңқылық пен
қалыпты тауар – ақша қатынастарының болмауы үлкен
қиыншылықтармен баяу дамуға себепші болды. АӨК – тің
барынша қарқынды дамуы 70 – жылдардың екінші жартысында
басталды.
1976 жылы мамырда КОКП Орталық Комитеті
“Шаруашылықаралық кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция
негізінде ауыл шаруашылық өндірісінің мамандануы мен
шоғырлануын одан әрі дамыту туралы” қаулы қабылдады.
Онда, “кеңінен бірлестіру негізінде ауыл шаруашылық
өндірісінің мамандануы мен шоғырлануы, оның заманға сай
индустриялды негізге ауысуы – бұл социалистік ауыл
шаруашылығының одан әрі дамуының магистралды бағыты,
дамыған социализм жағдайында лениндік кооперативтік
жоспарды іс жүзіне асырудың жаңа кезеңі ” - деп
атап көрсетілді.
Қаулыда бұл құбылыстың пайда болуы мен
кооперацияның жаңа формаларын жүзеге асыру қажеттілігінің
объективті алғышарттары анықталды. Мамандану мен шоғырлану-
жоспарлы түрде ұйымдастырылатын шара деп түсіндірілді. Барлық
ұжымшарлар мен кеңшарларға (шағын, ірі, экономикасының әр
түрлі деңгейімен) қоғамдық шаруашылықтың дамуында, кеңейтіліп
ұдайы өндірістің жоғары қарқынына қол жеткізуіне тең
мүмкіндіктер бере отырып, бұл процесс шаруашылықтар арасында
еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, мамандану мен кооперацияның
әлдеде барынша жоғары деңгейімен ауыл шаруашылығы мен
өнеркәсіп арасында тікелей байланыстар орнатумен қатар жүзеге
асырылуы тиіс.
Қазақстан шаруашылықаралық кооперация мен
агроөнекәсіптік интеграцияның даму қарқыны және көлемі
бойынша бұрынғы КСРО – ның өзге республикаларынан артта қалып
келді. Оның негізгі себебі - республиканың ауыл
шаруашылық өндірісінің өзгешелегінде болса керек:
шаруашылықтардың ірі көлемді болуы, олардың аумақтық
бытыраңқылығы, әртүрлі ведомстволарға бағыныштылық, инфрақұрылымның
нашар дамуы, нарықтық қатынастар дамуымен байланысты
мәселелердің жеткіліксіз зерттелгендігі еді. Қазақстан
Компартиясы ОК – ның Пленумдарында, облыстық және аудандық
партия комитеттерінің отырыстарында, ғылыми және ауыл
шаруашылық ұйымдардың ұсыныстарын талдау негізінде аймақтық
және шаруашылықаралық кооперация мен мамандану жөнінде
ұсыныстар жасап дайындалды. Республика шаруашылықтарында
өткен жылдарда көпсалалы шаруашылықтарда орын алған негізгі
тауарлы өнімнің 10-14 түрінің және мал шаруашылығындағы 4-
5 түрінің орнына бес түрден артық өндірілмейтін болды, ал
мақта, күріш пен қант қызылшасының өндірісі толықтай
мамандандырылған шаруашылықта шоғырланды. Қазақстанда құс
шаруашылығы өндірісі бойынша шаруашылықтарды бірлестіру
кеңінен дами бастады.
Шаруашылықаралық бірлестіру мал шаруашылығында
барынша кеңінен таралды. Мұнда өндірістің өнеркәсіптік
әдістерін қолдану оңай және тиімдірек болды.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісімен
айналысатын алғашқы шаруашылықаралық бірлестіктер Орал
облысында пайда болды. Ең жақсы арнайы шаруашалық
бірлестіктерінің бірі - Желаевское еді. Оған орал ауданының
12 ұжымшары мен 3 кеңшары кірген. Арнайы шаруашалық
бірлестігінің 1975 жылы бордақыда 5 мың бас ірі қара
малы болған. Оны 10 малшы мен 4 механизатордан тұратын бір
бригада күтіп - баптаған. Бір адамға 350 бас сиырдан
келген. Еңбек ақы төлеу аккордты (жұмыс уақытына емес,
көлеміне қарай) - сыйлықты жүйе бойынша жүргізілген.
Алайда, келесі жылдары орын алған азық қоры
мен мал басының саны арасындағы сай келмеушілік жағдайында
(фермалар астық пен жем – шөп қажеттіліктің жартысында да
жетпейтін мөлшерде алған ), шаруашылық жүргізудің
экстенсивтік әдістерінің басым болып, АӨК өрістерінің өзара
байланысы экономикалық механизмінің жетілдірілгендігінен
бұл саланың айқындалған артта қалушылығы тұрақты құбылысқа
айналды және күні бүгінге дейін Қазақстанда шешімін таппай
отыр.
Ірі, кей жағдайда зор, ауқымды көлемдегі
шаруашылықтардың шағын әрі бір салалы бағытқа ауысуы
нәтижесінде, іс жүзінде ұжымшарлар мен кеңшарлардағы
тұтастай экономикалық қатынастар саласы – еңбек және
материалдық қорларды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық
өнімінің жергілікті, ішкі нарығын нығайтуға мүмкіндік
беретін алаларды ұтымды үлестіру – назардан тыс
қалды. Мұнай жағдай әлеуметтік сипаттағы мәселелердің
туындауына себепші болды, айталық, шаруашылық шошқа
бордақылауға маманданады, ал оның халқының кейбір бөлігі
ежелден тек қой мен жылқы етін пайдаланады. Екінші бір
шаруашылықта қой өсіреді, ал мұнда малдың өзге түрлері
мен көкөністер жоқ. Осыдан келіп жергілікті нарықтарда
әр түрлі тауарлар тапшылығының өсуі мен республикада
және елімізде (бұрынғы КСРО) тұтастай Азық – түлік
бағдарламасын орындаудағы қиыншылықтар туындады.
Мал шаруашылығында шаруашылықаралық
кооперацианың кеңінен дамуы мен оны “өнеркәсіптік
негізге” ауыстыруға жасалған әрекетке байланысты,
барынша өзекті мәселелер қатарына өнім өндіру, азық
сапасы мен тиімділігі де қосылды.
Мал шаруашылығының ойдағыдай табысты дамы
үшін азықтық қордың мал басы мен оған қажетті азық
мөлшерінен салыстырғанда кем дегенде 20-30%-ға артық болып,
ілгері дамуы қажет деп саналады . Жекелеген кеңшарлар мен
ұжымшарлар шеңберінде ғылымның ұсынған қуатты азық
өндірісіне қол жеткізу мүмкін емес деп жорамалдаған КОКП
ОК – нің шілдедегі (1978 ж.) Пленумы азық өндірісіне
мамандандырылған сипат беру керек деген шешім
қабылдайды. Мұны қалай істеудің мәнісін жете түсінбей
– ақ партия ұйымдары азықтық қор жинау жоспарының
орындалуын қатаң талап ете бастады. Бірақ
мемлекеттік жоспарды тек кейбір шаруашылықтарға
ғана орындады.
Қазақстанда 80 – жылдардың ортасында ауылда шаруашылық
жүргізудің жаңа формаларының пайда болуы – осы
жағдайды өзгертуге жасалған әрекет еді. Қысқа мерзім
ішінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың барлық өндірістік
бөлімшелерін, АӨК – тің өңдеуші жіне басқа да
кәсіпорындарын шаруашылық есеп пен ұжымдық
мердігерлік жағдайларына көшіру ұйғарылды. 1986 жылы
мамырға қарай осындай жағдайларда 16 мың бөлімшелер
мен өндірістік ұжымдар жұмыс жасады. Өндіріс
жоғары қарқынмен дами бастады, жұмыстың сапалық
көрсеткіштері жақсарып, еңбек шығындары мен өнімнің
өзіндік құны төмендеді. Алайда АӨК – тің қызмет етуінде
ведомстволық – бюрократтық жоспарлар мен тар көлемді
салалық мүдделерге байланысты экономикалық
сипаттағы күрделі қайшылықтар пайда болады. Мысалға, АӨК-
тің I өрісінің кәсіпорындары КСРО Мемлекеттік
Агроөнеркәсіптік комитеті (Госагропром) мен оның
республикалық және облыстық деңгейлердегі құрылымдарынан
тысқары қалды, яғни оларға бағынышты болмады. Ал
келесідей министрліктер – ауыл шаруашылық машиналарын
жасау, су медициналық – биологиялық мәселелері бойынша
оңашаланған жағдайда болды. Әрбір ведомство, өздеріне
қарайтын салалардың шапшаң дауының ерекше өзектілігін
дәлелдей отырып, партия мен үкіметтің механизациялау мен
мелиорацияларды қарастырған ауыл шаруашылығын қарқынды
даму жолына көшіру жөніндегі талаптарына өз
мақсаттарын кіргізуді көздейді. Ол мақсаттары
қарсылықсыз дерлік орындалады.
Бірақ министрліктерді ауыл шаруашылығының
мәселелері толғандырмады, қатаң қалыптасқан ой –
пікірлер, жоспарлау мен басқарудың ведомстволық -
бюрократиялық тәсілі, пайдакүнемдік пен тар
ведомстволық мүдделеріне мүмкіндік берген экономикаға
шығындылық ықпалының сақталуы басымдық танытты.
АӨК өрісінің құрамына кірген, ауыл
шаруашылығы салаларының материалдық негізін жасау мен
жетілдіруге тиісті болған салалар тұтастай өзара
байланысты шаруашылық бірлестігіне қалыптастырылмаған
еді. Олар аграрлық өндірістің нақтылы
қажеттіліктерін қанағаттандыру мен оның жұмыс тиімділігін
арттыру үшін мақсатты бағытталмай және біріктірілмей
ғана қойған жоқ, сонымен қатар оған қарама – қарсы
қойылды, өйткені онымен көп мақсатты бағытталған қорлар
(күрделі қаржы, энергия, жұмыс күші және т.б.) бойынша
бәсекелес болды.
Жоғарыда аталғандай министрліктер нарықты
экономикасы дамыған елдерде де бар, бірақ онда олар өз күш-
жігерін мүмкіндіктерін ғылыми-техникалық саясатты жасап-
дайындауға, ішкі және сыртқы нарықтарды зерттеуге, ақыл-кеңес
беру жұмыстарын, болжауды және т.б. жүзеге асыруға
бағыттайды. Ал біздің министрліктер көптеген жылдар
бойы тек жоспарлы нұсқауларды әзірлеумен айналысты.
Агроөнеркәсіптік кешендерде де еңбек етуші тауар
өндірушілер қоғамында мәжбүр етіп әкімшілік қысым көрсету
емес, шаруашылық дербестік қағидасы үстем болуы тиіс.

1.3 Аграрлық бизнестің дамуындағы әлемдік тәжірибелер
Нарықтық қатынастарға өту жағдайында алуан мәселелерді
зерттеу мен талдау үшін басқа елдердегі аграрлық бизнестің
даму тәжірибесі мен ерекшеліктерімен танысу керек. Белгілі
болғандай, кез – келген елдің агроөнеркәсіп кешені
экономиканың негізгі саласы болып табылады, сондықтан да
агробизнестің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау мен
қолдау көрсету мемлекеттік бірінші кезектегі міндеті болып
табылады.
Жалпыға мәлім болғандай, ауылшаруашылығындағы басты
өндірістік фактор жер болып табылады, сондықтан да жерді
жалға алудың әлемдік тәжірибесін зерттеудің маңызы зор.
Жерді жалға алу жер қатынастарының жүйесінде көрнекті орын
алады.
Жалға алудың кеңінен таралуы нақты әлеуметтік экономикалық
жағдайларына байланысты.
Атап айтқанда, жалға алынған жердің үлесі Бельгияда –
68 %, АҚШ - та -66 %, Францияда – 53 %, Германияда – 38 %,
Нидерландыда – 37 %, Ұлыбританияда – 28 %, Грецияда – 21 %, Италия
мен Португалияда – 20 %, Данияда – 18 %, Иорданияда 8 %. Жалға
алынған жерлердің басым бөлігі ауылшаруашылығы өнімдерін
беретін шаруашылықта шоғырланған.
Жалға алынған объектінің түріне байланысты жалға
алудың екі формасы бар: қосымша немесе аралас. Көбінесе
жалға алудың аралас формасы басым болып келеді, мысалы,
Испанияда оның үлесіне жалға алған жердің 23 бөлігі
тиеді.
Шет елдердегі жерді жалға алу жеке меншік құқығына
негізделеді, ол сол елдің заңымен кепілдендіріледі. Жалға
беруші болып кез келген жерге меншік келері , корпорациялар,
шіркеулер, қоғамдық ұйымдар бола алады . Ұлыбритания, АҚШ,
Францияда жалға берілетін жердің басым бөлігі ұсақ және
орта шаруалардікі болып табылады. Ал, Нидерландыда негізгі
жерді жалға беруші мемлекет болып табылады.
АҚШ пен Канада да бірыңғай жалға беру заңдылығы жоқ,
әрбір штат жалға берудің өзіндік заңын белгілейді.
Жалға беру туралы заңдар , нормативтік актілер жалға
берушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған. Егерде жерді
жалға алушы шаруашылықты жақсы жүргіссе, жалға алу ақысын
уақтылы төлеп тұрса, онда жердің қожайыны жалға алу мерзімі
біткенше үзе алмайды. Ал, жалға алушы жалға алған жерден
кез келген уақытта бас тарта ала алады, ол үшін жердің
қожайынына алдын ала хабарлауы тиіс.
Алайда, жалға алушыға талап қою заң жүзінде
реттеледі. АҚШ – тың кейбір штаттарының заңы бойынша ферманы
жалға алушының арнайы ауылшаруашылығы білімі болуы керек,
сондай – ақ іс тәжірибесі кәсіби біліктілігі, жалға алған
жерді тиімді пайдалану бағдарламасы болу тиіс. Ұлыбритания
мен Нидерландының заңы бойынша, жалға алушының жасы 35 – 40
жастан аспауы керек, және шаруашылықты жүргізу үшін міндетті
түрде бастапқы капиталы болуы кере.
Көптеген жалға алу заңдарында жалға алудың ең
төменгі мерзімі белгіленеді. Италияда – 15 ж, Францияда – 9 ж,
Португалияда – 10 ж, Нидерланды, Швеция, Максембургта – 6 ж,
Австрияда – 5 ж, Грецияда – 4 ж.
Жалға алу, беру заңдылықтары жалға алу қатынастарының
жалпы белгісін анықтап, белгілейді. Жерді жалға алу келісім-
шарты мына төмендегі ережелерді қамтиды: келісім-шарт
тараптары, жалға алу объектілерін нақты сипаттау, тараптардың
кепілдігі мен жауапкершілігі, жалға алу мерзімі, келісім
шарттың тоқтатылу шарты, жалға алу ақысын төлеу тәртібі,
суару жұмыстары мен жөндеу қалпына келтіру бойынша шығынды
бөлу, келісім – шарт объектісін беру және қайтару шарты,
келісім шартты ұзарту шарты т.б.
Шетелдерде жалға алу ақысының мына төмендегідей
формалары қолданылады: ақшалай – келісім шартта көрсетілген
түрде ақшалай сома төлену белгіленеді; натуралды -
ауылшаруашылығы өнімінің белгілі бір мөлшері төленеді;
солқылдақ ақшалай төлем немесе натуралды ақшалай төлем.
Көптеген елдерде төлем формасы еркін және тараптардың
қалауы бойынша жүргізіледі. Мысалы, Ұлыбритания мен
Германияда жалға алу ақысы тікелей ақшалай фермерде заң
жүзінде жүзеге асырылады.
Барлық елдердің аграрлық саласындағы инвестицияны
бюджеттік ынталандыру фермерлік шаруашылықта тиімді дамытуға
жағдай жасайды және елдегі шаруашылығы өндірісінің
экономикалық мәселелерін шешеді.
Австрияның ауылшаруашылық өндірісіндегі капитал
салымдарының бюджеттік ынталандыруы екі бағытта жүргізіледі:
1. Жеңілдікпен несиелендіру.
2. Салымның бөлігін дотациялау.
Инвестициялық ынталандырудың басты мақсаты – күрделі
табиғи – экономикалық елдің жағдайын шаруашылық, әлеуметтік
және экономикалық талаптарды есепке ала отырып, қалыптасқан
шаруалар, шаруашылығын сақтау.
Инвестицияның бюджеттік дотациялау фирмаларға шартты
түрде 350 мың шиллингтен артық берілмейді. Пайдалы жер 1
гектарды құрауы мүмкін, бірақ шаруашылықта міндетті түрде
екеуден кем емес мал басы болуы шарт.
1990 жылы Австрияның шекара маңындағы аудандарында
жол салуға бөлінген қаржының үштен бірі бюджеттен төленді.
Фермерлерді жерді жалға бергені үшін сыйлық формасындағы
дотациялау 629 га ауылшаруашылығындағы тарамды жерлерді
айналымға келтіріліп, 180 фермер шаруашылықтарын кеңейтуге
мүмкіндік берді. Ғылыми – техникалық жаңалықтар енгізу мен
жетілдіруге жұмсалған шығынның жартысынан астамын қайтарусыз
берілген субсидиялар құрайды.
Жеңілдікпен несие беру механизмі банк – несиелердің
пайыздық ставкасының бюджеттік қаражаттық есебінен
төмендеуіне негізделген . 1991–1991жылдар аралығында бюджеттік
жеңілдікпен несиелендіруді субсидияландыру 1,6 есе артты
және 810 млн. шиллинг құрады немесе Австрияның ауыл және
орман шаруашылығының бюджеттік қаражатының 5 % - ын құрады.
Қазіргі кезде жеңілдікпен несиелендірудің екі түрі
бар: аграрлық инвестициялық несие және арнайы
ауылшаруашылығы несиесі. Аграрлық инвестициялық несие
өндірістік қызметтің барлық саласын қамтиды.
2000 – 2001 жылдары жеңілдетілген аграрлы инвестициялық
несие 8159 фермерге 2,8 млрд шиллинг көлемінде төленген.
Жеңілдетілген несиелендіруді пайдаланатын негізгі ағымдарға:
фермалардың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру – 40 %,
тұрғын және шаруашылық ғимараттарын салу және жөндеуге – 27,3
ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру – 11,7 %, өнімді
сатуға ықпал ету – 4,6 %
Қазіргі таңда фермалардың 60 %-ға жуығы аграрлық
инвестициялық несие алады. Арнайы ауылшаруашылығы несиесін
шаруашылығының құны 1,2 млн. шиллингтен аспайтын фермерлер
алады.
Арнайы ауылшаруашылығы несиесінің мөлшері сатып
алынған техниканың бағасының 70 % - нан аспайды, мерзімі 5
жыл – 300 мың шиллингке дейін, 8 жылдан да жоғары.
Австрияның аграрлық саласындағы инвестициялардың
бюджеттік ынталандыру фермерлік шаруашылықты тиімді дамытуды
қамтамасыз ететін және ауылшаруашылық өндірісін белсенді
түрде сақтауды қамтамасыз ететін бағыттар бойынша ұлғайтуға
және қайта бөлуге жағдай жасайды. Бюджеттік ынталандыруда
маңызды орынды жеңілдікпен иелендіру алады.
Бүкіл әлемдегі және бүкіл елдегі тұрғындарды тұрақты
түрде қамтамасыз ету орасан зор инвестицияны талап етеді .
Мұнымен бірге өндірісті ынталандыруда мемлекеттің ролі арта
түседі .
Ауылшаруашылығы мен тағам өнеркәсібін мемлекеттік
субсидиялау көптеген елдердегі азық – түлік өндірісін күрт
ұлғайтуда шешуші роль атқарды , қазіргі таңда азық –
түліктің ірі экспортерлеріне АҚШ, Канада, ЕО елдері жатады.
Бұрынғы КСРО – дағы аграрлық сектордың тұрақтылығын
қамтамасыз ететін маңызды фактор – мемлекеттік субсидиялар
болды. Бірақта субсидия түріндегі орасан зор қаражаттар
өндірістің дамуын ынталандыра алмады, ол азық – түліктің сатып
алу мен сату бағасы арасындағы айырмашылықты жабуға кетті.

2 Тарау. Қазақстан Республикасының негізгі даму тенденциясы
және агробизнестің қазіргі жағдайы.
2.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Агробизнес туралы
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымы
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Пәндер