Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтық түсімдер . . . 7

1. 1 Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және оның экономикалық мәні . . . 7

1. 2. Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтар . . . 16

1. 3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі . . . 24

2. Тараз қаласы Әкімдігінің қаржы бөлімінің қызметіне жалпы сипаттама

  1. Тараз қаласы Әкімдігінің қаржы бөлімінің қалыптасуы, мақсаттары мен міндеттері . . . 31

2. 2 Қаржы бөлімінің ұйымдастыру құрылымы, негізгі бөлімшелерінің қызметтері . . . 35

2. 3 Бюджеттің түсімдерінің қалыптасу көздерін талдау . . . 41

2. 4 Бюджеттің ақша қорларының құрамы мен құрылымын талдау . . . 48

2. 5 Жергілікті бюджеттің ақша қорларының қолдану жағдайын талдау . . . 50

3 Тараз қаласы бюджеттік жүйесінің даму перспективалары . . . 61

3. 1. Бюджеттік жоспарлау және болжау процесстерін дамыту жолдары . . . 61

Қорытынды . . . 67

Қолданылған әдебиеттер . . . 69

Қосымшалар . . . 71

Кіріспе

Мемлекеттік бюджет - бұл жалпымемлекеттік міндеттер мен функцияларды шешуге бағытталған, орталықтандырылған қаржы қорларының қалыптасуы бойынша мемлекет пен барлық формадағы субъектілер және азаматтар арасындағы экономикалық қатынастар ретінде сипатталады. Бұл қатынастарды зерттеу өз кезегінде маңызды, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет арқылы қоғамдық орталықтандырылған ақша қоры қалыптасады және қолданылады. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет аймақтар арасында, өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қорлардың қайта бөлінуін ұйымдастырады және тағы басқалары. Мемлекеттік бюджет жағдайын зерттеу атқарушы мемлекеттік бюджет мекемелері, яғни қаржы бөлімдері, қазынашылық органдары арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты, бюджеттің қалыптасуы, оның кірістері мен шығыстарының құрамын зерттеу және олардың орындалу процесін зерттеу бүгінгі күнде маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Мемлекеттік бюджет саласын зерттеу оны атқарушы органдар қызметтерінің негізінде жүзеге асырылады, яғни жергілікті қаржы мекемелерімен жүзеге асырылады. Осындай жергілікті қаржы мекемелерінің бірі зерттеліп отырған объект - Тараз қаласы Әкімдігінің қаржы бөлімі болып отыр.

Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы оның бюджет жүйесінің қалыптасуымен сипатталады. Мемлекеттік бюджет сол мемлекеттің қаржы ресурстарының қалыптасуы және оларды мемлекеттік әлеументтік-экономикалық қажеттіліктерге жұмсаумен түсіндіріледі. Осыған орай, бюджеттің қалыптасуы, оның кірістері мен шығыстарының құрамын зерттеу және олардың орындалу процесін зерттеу бүгінгі күнде маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты - зерттелетін объект Тараз қаласы Әкімдігінің қаржы бөлімі мәліметтері негізінде бюджеттің қалыптасуы, яғни жоспарлануы, бекітілуі, оның орындалуы, сондай-ақ, бюджет кірістері мен шығыстарының құрамын зерттеу және осы саладағы мәселелер мен оларды шешу, дамытуға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, ұсыныстар беру болып табылады.

Жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді шешу қажет:

  • қаржы бөлімінің даму тарихымен және оның құрылымымен танысу;
  • қаржы бөлімі бөлімшелері және олардың негізгі қызметтері мен міндеттерімен танысу;
  • бюджеттің жоспарлануы және бекітілуі жағдайын зерттеу;
  • бюджет кірістері мен шығыстарының жоспарға сәйкес орындалуын бақылау, зерттеу;
  • бюджеттің тепе-теңдік мәселелерін қарастыру, шешу;
  • зерттелген мәліметтер негізінде теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;
  • қаржы бөлімінің қызметін одан ары дамыту үшін нақты ұсыныстар жасау және тағы басқа.

Осы міндеттерді шешу үшін Тараз қаласы Әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуы туралы есептері және түсіндірме хаттары пайдаланылды. Есеп берудің құрылымы кіріспеден, қаржы бөлімінің жалпы сипатынан, яғни бөлімнің атқаратын қызметтері, мақсаттары мен міндеттерінен, оның кірістері мен шығыстарын талдаудан, түсімдерінің қалыптасу көздері мен ақша қорларының жұмсалу жағдайы және оның қызметінің перспективалық дамыту жолдарын қалыптастыратын ұсыныстардан тұрады.

1. Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтық түсімдер

1. 1 Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және оның экономикалық мәні

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда : кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді :

билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру ;

бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салаларымен халықтың арасында қайта бөлу .

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады. Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы, әкімшілік - аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай - ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті қаржының маңызын дәлелдеп отыр.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30- дан 60 % қайта бөледі және аймақтың өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады :

-олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыру жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді ;

-жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасайды ;

-тұтынудың қоғамдық ( әлеуметтік ) қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың ( аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және аудандардың ( қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50 % аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджеттің жиынтығын құрайды.

Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді :

  1. дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;
  2. қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.

Екінші тенденция жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.

Қаржы қатынастарының әкімшілігін жүргізудің қағидаты қаржының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады : неғұрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржы қатынасы немқұрайды бақылауға берілсе, соғұрлым оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс.

Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп аймақтық басқару органы бектіліп берген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шғыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Басқа жағынан аймақтар белгілі бір матасушылықты болатын бір ыңғай шаруашылық кешенннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. Аймақтық ұдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріс дамуының негізгі заңдылықтарымен анықталады.

Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттігін орынды, өндірістің нақтылы жай - күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Аймақтардың экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады, яғни шешімдер қабылдауда орталыққа тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының кәзіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік - шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтық экономикалық мүдделерінің ең жоғары үмкіндікте іске асыруда болып келеді.

Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидаты былайша тұжырымдалады : экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы централизм, оны іске асырудағы дербестік.

Оперативтік - шаруашылық дербестігі жергілікті буында шығыстардың 50 % кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылықайта бөлу “ фискалдық федерализм” теориясы негізінде жүзеге асырылады.

Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы көп деңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу жәнне олардың сатылас бойынша заңды бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер мыналар :

-мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің оңтайлы саны ;

-басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу ;

-әлеуметтік шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі ;

-биліктің жергілікті органдарын басқаруға және қаржыландыруға орталық үкіметтің араласу дәрежесі ;

-билік пен басқарудың жергілікті органдарының шығыстарын қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі ;

-мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлерінде қаражаттарды жұмсауға бақылау жасаудың нысаны. Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергілікті органдарының орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті бюджеттердің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын дамыту, жалпы мемлекеттік салықтарға үстемелер өндіріп алу немесе меншікті салықтарды ( экологиялық, мүлік салықтары, мұраға салынатын салық, тұтынуға салынатын салық ) белгілеу жөніндегі оларға құқық беру есебінен жетеді. Бұл орайда жергілікті органдарды қаражаттарды тиімді пайдалануға ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.

Басқа елдердегі аумақтық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде биліктің жергілікті органдарына кең құқықтар берудің жергілікті органдарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің жағдайына Қазақстандағы сәйкес фискалдық федерализм ұғымының мәні сақталған кезде “ фискалдық регионализмге” ауыстырылуы мүмкін Бюджеттік реттеу” аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде жалпымемлекеттік салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлігін беру жолымен жүргізіледі. Қазақстанда салықтарды жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты “ бекітілген” және ” реттеуші” кірістер мен салықтар терминдері пайдаланылмайды дей тұрсақта субвенциялар, бюджеттік алынымдар, есеп айырысу баойынша берілетін қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу процесі сияқты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген ; мүлікпен және әкімшілік - аумақтық бөліністің меншігіндегі өзге де мүлікпен бірге әкімшілік - аумақтық, экономикалық және қаржылық негізін құрайды ; түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру

( профицитін пайдалану ) есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімін бекітілген әкімшілік - аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.

Нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті органдарын реформалау жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына әсер етіп отыр.

Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық ситуация : қаржы - бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т. с. с. сан алуан факторлар әсер етеді.

“Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне”, “ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды біріктіреді :

1) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері ( кестені қараңыз ) ;

2) салықтық емес түсімдер ( комуналдық меншіктен түсетін түсімдер ; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның ( облыстық маңызы бар қаланың ) бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар ( жұмыстар, көрсетілетін қызметтер ) өткізуінен түсетін түсімдер ; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері; осы мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер ) ; жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер ( жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер) ;

4) жергілікті бюджеттерге түсетін ресми транферттердің түсімдері.

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай - ақ олардың меншігін құрайтын шарушылық салалары бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл залалды болып табылады және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдық етіп бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына залалды кәсіпорындар немесе шамалы кіріс әкелетіндері берілді.

Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға, жергілікті басқару органдарының заңдарында көзделген өзгеде функцияларына жұмсалатын шығындарда қаржыландырылады.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқаруша органдарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында қаладағы ауданның, аудан ( облыстық маңызы бар қала ) бюджетінің құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың ( селоның ), ауылдық ( селолық ) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың ( селоның ), ауылдық ( селолық ) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдық техникалық қамтамасыз ету ; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету ; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету ; жерлеу орындарын күтіп - ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу ; елді мекендерді абаттандыру көгалдандыру ; мәдениет мекемелерін материалдық - техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру ( 51, 1 % ), экономикалық салалардан - көлікке және байланысқа жұмсалған шығыстар басым болып отыр.

Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс ( төтенше уақиғалар кезінде ) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.

Ресми трансферттерде - жоғарғы бюджетке ( бұл жерде республикалық бюджетке ) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы жоғары.

Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғарғы экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық базасы және тиісінше, салық түсімдерінің жоғары деңгейі бар облыстарда болады. Субвенциялар да, сондай- ақ алынымдар да әкімшілік - аумақтық бөліністердің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.

Жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік - аумақтық бөліністердің әлеуметтік - экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты : өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік тұрмыстық , бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат - климат жағдайлары т. с. с.

Бюджеттерді қалыптастыру жергілікті өкілетті органдар әзірлейтін жергіліктік бюджеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық негіздеу және іске асыру - жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне - жергілікті атқарушы органдар мен оларға бағынышты мемлекеттік мекемелерге жүктелген.

Жергілікті атқарушы органдардың заңи және жеке тұлғалардың, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Үкіметімен ( республикалық бюджеттен кредит алу жолымен ) үкіметпен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қарыз қаражаттарын алуға құқығы бар. Қарыз алу жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару немесе қарыз алу нысанында жүзеге асырылады ; олардың тәртібін Үкімет анықтайды.

Бюджеттік шешімдер қабылдауды оңтайландыру сметаларды нөлдік негізде жасау және бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау ( БЖБ ) жүйесін пайдалану әдісі арқылы мүмкін.

Жергілікті бюджеттің көзін құрайтын салықтар төмендегілер болып табылады:

-Жеке табыс салығы;

-Мүлік салығы;

-Жер салығы;

-Акциздер;

-Әлеуметтік салық;

-Бірыңғай жер салығы;

1. 2. Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтар

Көлік құралдарына салынатын салық тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иеселері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні зор деп айтуға болады.

Көлік құралдарына салынатын салық объектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады.

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептеместен салынады. Ал салық салынатын органға қарай көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады.

Бұл салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектілеріне уәкілетті органда мемлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады.

Жүк көтергішті 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; мамандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады және айлық есептік көрсеткіштен мынандай ставкалар бойынша есептелінеді.

Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет кірістері
Бюджеттік хұқ
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизімін жетілдіру
Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизмін жетілдіру
Жергілікті бюджеттің табыстарын қалыптастыру
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Заңды тұлғалардан ұсталатын салық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz