Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары


Кіріспе
Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып азаматтарды зейнетақымен қамтудың ескі жүйесін жинақтаушы жүйеге өткізуді реформалауды бастады. 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заң елдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуына бастама болды.
Бастапқыда реформа бюджеттік жүктемені алу және зейнетақымен қамтудың барынша әділ жүйесін құру үшін ойластырылды және жүргізілді. Зейнетақы қоры жаппай мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, көптеген инвестициялық жобаларды жүргізуге мүмкіндік берді.
Республикада “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заң тоғыз жылдан бері әрекет етуде. Осы жылдар аралығында Заңға бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар оның қызмет ету тәжірибесін есепке ала отырып енгізілді. Соңғы түзетулер 2002 жылдың аяғында және 2006 жылдың наурызында болды.
Зейнетақы реформасы, отандық және шетелдік эксперттер алғашқы онжылдықтағы жүргізілген мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың ішіндегі ең жақсысы ретінде бірауыздан бағалаған елдің саяси және экономикалық өмірінің барлық сфераларына позитивті әсер етті. Бүгінде республикада 400 млрд. теңгеден астам жалпы капиталы бар отандық инвестор бар.
Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің табыстылығының төмендеуіне қарамастан, соңғы жылдардағы геосаяси тәуекелдің күшеюімен және Қазақстанның қарқынды экономикалық дамуымен пайда болған, таза инвестициялық табыстың үлесі зейнетақы жинақтарының жалпы сомасында 25-30 %-ды құрайды. Бұл реформаның жүргізілуі кезіндегі зейнетақы активтерін тиімді басқаруды көрсетеді.
Зейнетақы нарығының болашақта жетістікті дамуы көптеген факторларға тәуелді. Бұлар зейнетақы қорлары мен олардың салымшыларының күшіне тәуелді емес. Бірақта, қазіргі және болашақ ұрпақты қамтамасыз ету үшін зейнетақы жүйесін реформалау мемлекеттік құрылыстың маңызды тапсырмаларының бірі болып қалады және табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйе бюджет тапшылығын жояды, қор нарығының қалыптасуы және дамуы үшін жақсы катализатор болады, монетарлық саясатта буферлық функцияны атқарады және қазақстандық мемлекеттік құнды қағаздардың өтімділігін қолдайды.
Зейнетақы активтері осы жылдар ішінде бірнеше рет мемлекет үшін заимдандырудың көзі болды, әртүрлі сфералардағы, соның ішінде экономиканың нақты секторында үкіметтік бағдарламалардың басым бағыттарын жүзеге асыру үшін қолданылды.
Бірақта, жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформаландырудың маңызды және оң нәтижелеріне қарамастан, оның көптеген мәселелері әлі де шешімін таппай отыр. Осы және басқа да көптеген мәселелер дипломдық жұмыстың негізгі бөлімдерінде тереңірек қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі- қазіргі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жағдайы мен мәселелері, қорлардың ел экономикасына инвестиция құюдағы қызметі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен оның даму перспективаларына баға беру.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сай оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бүгінгі жағдайына мінеездеме беру;
- Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қорларының пайда болуы;
- Шетел тәжірибесі негізінде Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасып тұрақтануына жағдай туғызу;
- Қазіргі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне дейінгі солидарлық зейнетақы жүйесіне сипаттама беру;
- Қазақстандағы зейнетақы реформасының жүргізілу процесіне талдау жасау;
- Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне талдау жасау (“Атамекен”ЖЗҚ” АҚ деректері негізінде) .
Қойылған тапсырмалар дипломдық жұмыстың құрылымын қамтиды.
Дипломдық жұмысты жазудың ерекшелігі болып ҚР-ның экономикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеуші құқықтық және нормативтік актілер толық қолдану табылады.
1-бөлім. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық аспектілері мен негізі
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Достастық елдері арасында ең алғаш жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырды және енгізді. Аталған жүйе инвестициялық жобаларды, мемлекеттік бағдарламалар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Барлық жинақталған қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарға, ірі қазақстандық компаниялардың акциялары мен облигацияларына инвестицияланды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде барлық қоғамның қызығушылығы бар. 1990 жылдардың басындағы зейнетақының төленбеу мәселесі және сонымен байланысты тұрғындардың қаржылық мекемелерге сенбеуі мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты қысқарту, тұрғындардың қаржылық институттарға позитивтік қатынасы жаңа зейнетақы жүйесін құруды туғызды.
Жинақтаушы жүйе банктік және сақтандыру секторларының дамуын ынталандырды. Тұрғындардың басым бөлігінде бірнеше мыңдаған, жүз мыңдаған, миллиондаған теңгеден есептелген жинақтар пайда болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ақпараттық кеңістікте өз орны бар. Әлемнің ақпараттық агенттерімен және бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді қызмет істейді. Зейнетақы реформасының Қазақстандық тәжірибесі зейнетақымен қамсыздандырудың әлемдік тәжірибесінің ажырамас бір бөлігі болды.
1980 жылдары Чили және Латын Америкасында жасалған жеке жинақтар және капиталдандыру жүйесіне негізделген жеке зейнетақы қорларының жүйесі, жаңа жүйенің жұмыс бастамасы бүгінгі күнге дейінгі маңызды табыстарға жетті.
Бұл нәтиже салымшылар санының қазіргі өсуінен де көрінеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі басқа да елдерде табысты қызмет етуде. Бұл қорлардың өмірлігі және бәсекеге қабілеттілігі отандастардың тағдырына азаматтық жауапкершілігіне ғана негізделмеген. Онда комиссиондық сыйақы есебінен құрылған сенімді материалдық база бар. Чилиде заңдылық шектеулер жоқ, көзі- еңбек ақы қорынан анықталды. Нарықтық қалыптасқан комиссия бұрын айлық еңбекақы қорының-2, 8 % құрады. Қазір бұл айына 2, 5%, 50%- қорға таза комиссия түрінде, ал 50%- асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша резервті қалыптастыруға жұмсалады. Польшада зейнетақы жарналарынан комиссия заңмен шектелмеген, зейнетақы активтерінен 0, 6% шектеу бар, яғни айына 0, 05%. АҚШ-та не қаражат, не шектеулер белгіленбейді. Олар коммерциялық және бәсекелік тәсілмен анықталады-бұл басқаруда миллиардтаған доллар активтері бар жүздеген пайыздар.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мақсаты мынада, салымшылардың ақшалары күннен күнге, екі, үш, төрт және одан да көп ондаған жылдарға жұмыс істесе, онда ол бірнеше дүркін көбейтілген бұл қаражаттар материалдық тәуелсіздік және кедейсіз салымшылардың болуы үшін негіз болар еді.
Ұзақ мерзімді бағытта жүргізілген реформаның нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі мынадай әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды шешуді қамти алады:
1) болашақ зейнетақы мөлшері және жинақтаушы зейнетақы қорлары жарналары арасындағы тәуелділікте егде адамдардың табыстарын сақтаудың тиімді және әділ ұйымдастырылуы;
2) нашар демографиялық жағдай кезінде мемлекет пен салық төлеушіден міндеттемелердің бір бөлігін алу;
3) экономикаға «ұзын ақшалар» құйылуы.
Зейнетақы жүйесін дамыту Бағдарламасының негізгі бағыттары болып:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеуді жетілдіру;
- салымшылар құқығын қорғау;
- зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін көтеру;
- зейнетақы төлемдері схемасын жетілдіру;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің субъектілерін қадағалаудың тиімділігін арттыру және көтеру табылады.
Қазақстандағы тұрғындарды зейнетақымен қаматамасыз ету жүйесі де, кез келген басқа қалыптасқан жүйелер сияқты өзгерістерге ұшырады, яғни өздерінің салымшыларының мүддесін қолдайтын құрылымға үйлестірілді.
1991 жылдан бастап Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға сәйкесті, зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа құрылымы мен қағидалары әрекет ете бастады. Қазақстандағы зейнетақылық қайта құрулар бағдарламасының бағыттаушы нүктесі болып “1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы” Заңның қабылдануы табылды. Бұл Заңда бірінші рет (функционалдық және қаржылық жоспарда) зейнетақыны кәрілігі бойынша, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы, сонымен қатар әлеуметтік зейнетақы деп бөлу енгізілді.
Келесі қадам болып 1995 жылы бекітілген зейнетақымен қамтамасыз етудің Концепциясы табылды. Ал 1997 жылы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заң қабылданды. Соңғы үш жыл-аралас модел бойынша, яғни мемлекеттік-жеке, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасу және жүзеге асырылу кезеңі. Алғаш рет зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар пайда бола бастады. Енгізілген жүйенің мақсаты анықталды: тұрақтылықты қамтамасыз ету, зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін көтеру және елдегі бюджеттік-қаржылық тепе-теңдікті қамтуға қатысу. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қолданылуы екі функциядан көрінді- әлеуметтік тұрақтандырғыш (стабилизатор) және қаржылық делдал.
Сонымен зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі графикалық түрде келесідей үлгіде көрсетілген (сызба 1) .
Сызба 1
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық сызбасы
Құрылған модулге сәйкесті, Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі үш заңды тұлғаға жүктелді. Оның басында ҚР-ның мемлекеттік Зейнетақы қорының құқын қабылдаушы болып табылатын зейнетақыны төлеу бойынша Мемлекеттік орталық тұрды. Ол оперативтік басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын түрінде қызмет етеді. Мұнда бұрынғы солидарлық жүйе бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлерге зейнетақыны төлеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу, заңды түрде бекітілген ішкі істер органдарының жұмысшылары мен әскери қызметкерлерге зейнетақыны төлеу жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар, жұмыс істеушілерге- әлеуметтік жеке кодтарды (ӘЖК) беру жүзеге асырылады. ӘЖК- жеке зейнетақы шоттарын жүргізу және зейнетақы жарналарын есепке алу үшін қажет. Сонымен бірге, осы орталықта жұмыс берушілермен зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуын бақылау үшін салық органдарына мәліметтерді беруге негізделген деректер банкісі құрылды.
Басқа заңды тұлға, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - бұл әрекет етуші жүйедегі орталық үзбе. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылармен мынадай жұмыстарды ұйымдастырады: зейнетақы келісімшарттарын жасайды, ерікті және міндетті зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асырады, инвестициялық табыстан және міндеттемелерден алынған зейнетақы жарналарының жеке есебін жүргізеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры- салымшылардың тек қана міндетті зейнетақы жарналарын қабылдайтын және ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіпте алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
Өтпелі кезеңде “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңмен зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейінің құқықтық қарым-қатынасы реттелінеді: базалық (әлеуметтік) зейнетақы, солидарлық және мемлекеттік емес.
Бірінші- әлеуметтік зейнетақы, мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттерден төленеді және үкіметпен бекітілген өмір сүру минимумының көлемін кепілдендіреді. Ол әртүрлі себептерге байланысты еңбек өтілі (стажы) жоқ қартайған азаматтарға, жетімдерге, мүгедектерге беріледі.
Екінші- солидардық (бөлінетін) зейнетақы, ол еңбекақы мөлшеріне және еңбек өтілінің ұзақтылығы есебіне сәйкесті тағайындалады. Бұл зейнетақы жеке және заңды тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының есебінен және мемлекеттік бюджеттен тікелей ассигнациялау (трансферттік төлемдер) жолымен қаржыландырылады.
Міндетті зейнетақы жарналары заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорынан 15 пайыз мөлшерінде анықталған, ал кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалар үшін айлық табыстың 5 пайызы.
Солидарлық зейнетақымен қамтамасыз ету 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 айдан кем емес жұмыс өтілі бар азаматтар және зейнеткерлікте тұрған ұрпақ өмір сүргенге дейінгі уақыт аралығында қызмет ете береді.
Ұшінші деңгей - азаматтардың ерікті және міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан мемлекеттік емес зейнетақы. Ол адамның белсенді қызмет етуінің барлық кезеңі ішінде жинақталады және ЖЗҚ-на аударылады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын үкіметпен қабылданған зейнетақы сферасын реформаландыру туралы шешімнің бүкіл ел үшін тарихи маңызы бар. Қазақстан, ТМД елдері арасында ең алғашқы болып азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ескі жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жоспарлы шартты көшіруді бастады. Бұл реформа бюджеттік жүктемені алу және зейнетақымен қамтудың барынша әділ жүйесін құру үшін ойластырылды және жүргізілді. Сонымен қатар оның негізгі мақсаты анықталды- салымшылардың зейнетақы жарналарын сақтау мен көбейту.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып зейнетақы активтерін есептеу және сақтау функциясын атқаратын банк-кастодиан, инвестициялық саясатпен айналысушы зейнетақы активтерін инвестициялы0 басқару ұйымдары және зейнетақыны төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыратын ұйым- жинақтаушы зейнетақы қоры. Осы үш қатысушы өздерінің арасындағы өзара қарым- қатынас айтылатын кастодиондық келісімшартты өзара жасайды.
Барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары бірдей өнім түрін ұсынады. Бірақ та көбі осы өнімді ұсынуда оның сапасы мен құнына тәуелді болады. Зейнетақы қорларында дәл қазіргі уақытта көруге немесе ұстап қарауға мүмкін емес өнім бар. Яғни әрбір салымшы оны тек зейнеткерлік жасқа жеткенде, алғашқы зейнетақы төлемдерін алғанда ғана көреді, біледі.
Зейнетақы қорлары арасындағы бәсекелестік бірінші кезекте салымшылардың өздері үшін тиімді. Аталған қорлардың көптігі өзінің өнімінің сапасын қалай жақсарту керектігін әлсін - әлсін ойлауды, яғни клиентті қалай өзіне тарту және оны ұстауды талап етеді және жайбарақаттануға мүмкіндік бермейді.
Мемлекет зейнетақылық жинақтарды сақтауды қорғауда мынадай күшті механизмді құрды:
- мемлекеттік институттардың көмегімен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қатаң қадағалауды қалыптастыру- ҚР халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша комитеті (бұрын бұл комитет Ұлттық зейнетақы агенттігі деп аталды), ҚР Ұлттық банкінің тұлғасы ретіндегі құнды қағаздар нарығын реттеу бойынша өкілетті орган (2001 жылдың ортасына дейін өкілетті орган болып Ұлттық комиссия табылды) және зейнетақыны төлеу бойынша Мемлкеттік орталық;
- жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларының үш негізгі топтары- жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар және банк-кастодиандар арасында өзара бақылау жүйесін құру және олардың функцияларына нақты заңды шектеулер қою;
- зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдар тізімін қатаң анықтау және пруденциалдық нормативтерді заңды қалыптастыру.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты үзбесі болып зейнетақы қорлары табылады, және олардың бүгінгі таңдағы саны- 14, олардың ішінде біреуі-мемлекеттік (МЖЗҚ), екеуі-корпоративтік («Қазақмыс»және «Филлип Моррис Қазақстан») және он бірі-ашық мемлекеттік емес. Бұл- қорлардың бәсеке жағдайында қызмет етуін білдіреді.
Зейнетақы жүйесінің тікелей қатысушыларына үш қоғамдық бірлестік жатады. Олар: ҚР зейнетақы жүйесінің қатысушылар Одағы (бұл өзіне мемлекеттік емес зейнетақы қорларын, банк-кастодиандарды, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ұйымдары, зейнетақы сферасы үшін бағдарламалық өнімдерді дайындаушыларды біріктіреді ), зейнетақы қорларының Ассоциациясы, сонымен қатар активтерді басқарушылар Ассоциациясы. Толық құқты мүшелері болып қорлар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ұйымдары табылатын ҚР-ның қаржыгерлер Ассоциациясының позициясында атап өту керек. Бұл жүйемен сонымен қатар коммуникациялық қызметтер ұсынушы компаниялар, әртүрлі жеткізушілер, клиенттер жұмыс істеуде.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні- салымшылардың қаражаттарын сақтау және көбейту, яғни нақты өндіріске инвестициялар. Оның қызметінің механизмі келесіден көрінеді: жұмыс берушілер ай сайын міндетті зейнетақы жарнасы түрінде еңбекақыдан, жалақының барлық түрінен, әртүрлі сыйақылардан, қосымша ақыдан, үстеме ақыдан 10 пайызын аударып отырады. Осы көздер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларыеың зейнетақы жинақтары қалыптасады. Салымшылар немесе оларға жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарнасына қосымша- көлемі шектелмеген ерікті зейнетақы жарнасын қоса алады; олар біруақытта немесе бірнеше рет, тұрақты немесе тұрақсыз, қолма-қол ақшалармен немесе аударымдар түрінде қосылады.
Зейнетақы жарналары Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына немесе мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша, зейнетақылық келісімшарт негізінде ашылған жеке зейнетақы шотына және жеке нөмірге- әлеуметтік жеке код (ӘЖК) бағытталады.
Салымшылардың жинақталған жарналарын зейнетақы қорлары өкілетті банк (кастодиан) арқылы, қаражаттарды құнды қағаздарға, банк депозиттеріне және басқа да қаржылық құралдарға орналастыратын зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ұйымдарына береді. Орналастыру кезінде алынған табыс инвестициялық табыс деп аталынады, жинақ қаражаттарының сомасына сәйкесті салымшылардың жеке шоттары бойынша бөлінеді. Осындай үлгімен, зейнетақы жасына келген кездегі төленетін салымшылардың зейнетақы жинақтары қалыптасады.
“ҚР-ғы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” жаңа Заңның енгізілуіне байланысты ҚР-да жұмысшыларға өзінің кәрілік шағына қаражат жинау мүмкіндігі ұсынылған, бірақта реформаланған жүйе қандай да бір басқа бағдарлама бойынша қаражаттарды альтернативті жинауға мүмкіндік бермейді, ол тек қосымша бекітілген міндетті жарналардың қосымша сомасын аударуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның зейнетақы жүйесі көптеген қағидаларға негізделеді:
1. Жинақтың қайтарымдылық қағидасы. Ол жалпы қоғамның, сонымен қатар, әрбір азаматтың әл-аухатын көтеруге мақсатталған әлеуметтік-экономикалық қалыптасулардың біруақытта әрі бағыттаушысы, әрі ынталандырушысы бола отырып, басқалардың іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Бұл қағиданың қызметі бұрынғы еңбек еткен ұрпақтың зейнетақыларын алуынан көрінеді. Бұдан басқа, оларға өздерінің жарналары қайтарылады, олар өздерінің жеке зейнетақы қаражаттарын инвестициялағаны үшін өздерінің кәрілік шағын қамтамасыз етуге жеткілікті сыйақыны алады. Бірақ қайтарымдылық қағидасының мәнінде қарама-қайшылықта кездеседі, ол жыныстық белгілерге байланысты. Мысалы, әйел адамдардың еңбекақы деңгейі ер адамдармен салыстырғанда төмен, демек, зейнетақы жарналарының көлемі мен зейнетақы жинақтарының сомасы да аз. Бірақ әйел адамдардың өмір сүру ұзақтығы ер адамдарға қарағанда көп.
Қазақстандағы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы- 70, 4 жыл, ерлердікі- 60, 45. Сөзімізді дәлелдеу үшін мынаған назар аударайық (кесте 1) .
Кесте 1
ҚР-ғы тұрғындардың өмір сүруінің орташа ұзақтығы
Елдің тұрғындарының өмір сүру ұзақтығына қатысты тенденция- оң. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін жағымды жағдай, қаншалықты жалпы әлемдік деңгейге әлі қол жеткізілмесе де, сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі деректерге назар аударайық (кесте 2) .
Кесте 2
Әлемнің кейбір елдеріндегі тұрғындардың өмір сүруінің күтілген ұзақтылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz