Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе3

I Тарау. Зейнетақы жүйесiнiң реформалаудың теориялық негіздері4

1. 1 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi4

1. 2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері немесе әлемдік тәжірибе7

1. 3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi12

II Тарау. ҚР зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі15

2. 1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі16

2. 2 Қазіргі жағдайға талдау20

2. 3 Жинақтаушы зейнетақы қоры iрi институциональдық инвестор ретiнде28

III Тарау Зейнетақы жүйесiн реформалаудың даму перспективасы39

3. 1 Капитал рыногының дамуы және экономикалық өсу39

3. 2 Мемлекеттің рөлі, зейнетақы жүйесін реттеудің перспективалы бағыттары43

Қорытынды46

Пайданылынған әдебиеттер48

Кiрiспе

Елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi бес жыл уақыт жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесiн зерттеуге бiраз материалдар жинақталды десек те болады. Жинақтаушы жүйе мiндеттi болғандықтан, ол барлық жұмыс iстейтiндердi қамтиды. Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде қабылдап жатыр. Бұл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан, ол актуальды тақырып болып табылады. Мен болашақ квалификациялы жұмысшы күшiн ұсынушы болғандықтан, менi бұл мәселе өте қаты қызықтырады. Менiң диплом жұмысымның мақсаты жүйенiң iс-әрекетiне зерттеу жүргiзiп, онымен байланысты айқынсыздықты жою.

Орындалатын жұмыстың мiндеттерi:

-"Ескi" мен "Жаңа" жүйенi салыстыру;

-шетел тәжiрибесiне көз жүгiрту;

-Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесiнiң құрылымын, iс-әрекетiн талдау;

-жүйенiң экономикалық перспективасы туралы және экономикаға тиетің әсерiне нақты мәлiметтер нәтижесiнде талдау қарастыру;

Диплом жұмысы үш тараудан тұрады.

Бiрiншi тарауда екi жүйенi салыстыру, Чили тәжiрибесi мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңына көз жүгiртiледi. Шет елдегі мемлекет тарапынан зейнетақы жүйсілерің қарастырылады.

Екiншi тарауда жинақтаушы жүйенiң құрылымы туралы сөз қозғалып, олардың iс-әрекетiне талдау жасалады.

Үшiншi тарауда реформаның даму перспективалары туралы қарастылып, жүйенiң капитал рыногы және өндiрiспен арасындағы байланысына көз жүгiртiледi.

Қорытынды бөлiмiнде жұмыстан қорытынды шығарылып, осы жинақтаушы жүйенiң алдындағы мәселелерi мен оны шешу жолдары ұсынылады.

I Тарау. Зейнетақы жүйесiнiң реформалаудың теориялық негіздері

1. 1 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi

Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа зейнетақы жүйесi жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесiне көшудiң себебiне жауап берсек, ең алдымен, бұрынғы яғни “ынтымақтастық” жүйенiң механизмiн зерттейiк. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақылар кәсiпорындардың өз қызметкерлерiне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы есебiнен төлендi. Бұл жүйеге келесi факторлар әсер етедi:

  1. түу көрсеткiшi.
  2. жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер санының арақатынасы.
  3. өмiр сұру ұзақтығы.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн экономикалық байланыстар үзiлiп, экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өстi, яғни жұмыс iстейтiндер саны азайып, зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқысы бар адамдар өстi және еңбек ресурсының көбеюiне әсер ететiн туу көрсеткiшi де тым төмендеп кеттi. Бұл жұмыс iстейтiндер мен зейнеткерлер санының арақатынасына керi әсер еттi. Қазiргi кезде 1 зейнеткерлерге 1, 7 жұмыс iстеушi келедi. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақы үздiксiз берiлiп тұруы үшiн 1 зейнеткерге бiрнеше жұмысшы сәйкес келуi қажет және жарна уақытында бюджетке аударылуы тиiс. Ол жарналардың үзiлiсiне және оның аз мөлшерде түсуiне әкелiп зейнетақы қоры iс жүзiнде банкротқа ұшырады. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң кризиске ұшырауының негiзгi себептерiн келтiрейiк.

а) халықтың қартаюы, туудың төмендеуi, жұмыссыздықтың көбеюi, жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер арасындағы қатынастың төмендеуi. Бұл көрсеткiш қазiр 1 ге 1, 7 болып табылып, әлiде төмендей түсуде. /1

б) бюджеттiк емес қорларға аударылуы тиiс мiндеттi жарналардың жоғары болуы (жиынтық көлемi 32%-ке дейiн жететiн) және төлем байланыстарының жоқ болуы уақтылы төлемеуге, төлеуден жалтаруға, бюджеттiк емес қорларға беретiн есепте минимальды табысты көрсетуге, тiптi салық органдарында тiркелуден қашып, бiрақ та белсендi түрде жұмыс iстеуiне әкелiп соқтырды. Осыдан келiп мемлекеттiк зейнетақы қорына барлық кәсiпорындардың қарызы 35-40 миллиард теңгенi құрады. Төлемдердiң аз түсуiне байланысты декларацияда көрсетiлген табысқа, салықты көбейту қажеттiлiгi туындап, ол өз кезегiнде әлi де болса уақтылы төлеп жүрген кәсiпорындардың салықтан жалтаруына итермеледi.

в) зейнетақы жарналарын жеке тiркемеудiң жоқ болуы әркiмнiң өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етудегi ынтасын жойды.

г) бюджеттiк емес қорлар қаражатының жұмсалуын дұрыс қадағалау.

е) барлық облыстардың жергiлiктi түсiмдерден зейнетақы төлеу мүмкiндiгi бiрдей емес. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк жақтан қорғау Министрлiгi түсiмдердi қайта бөлу механизмiн жасады. Ай сайынғы жиналған жарналардың 30%-тi республикалық шотқа түседi. Министрлiк бұл шотта жиналған қаражатты тапшылық бар облыстар арасында бөлiстiредi. Облыс бойынша зейнетақы көлемiнiң әр түрлi болуы әдiлеттiкке жатпайды, және көп түсiм түсетiн облыстың жарналарды жинауға көп ынта көрсетпейдi, себебi артығы басқа облыстарға бөлiну үшiн кетедi.

ж) орталықсыздандыру әкiмшiлiк жұмыстардың қайталануына әкелдi. Аумақтық тұрғыда операцияларды министрлiктiң бөлiмшелерi жүргiзедi, ал екiншi жағынан барлық аумақтық бөлiмшелер әкiмге бағынады.

Мiне бiз жоғарыда көрсетiлген себептердiң нәтижесiнде ҚР-да зейнетақы жүйесiнiң нелiктен дағдарысқа ұшырағанын бiлдiк. Осымен ҚР жаңа жинақтаушы жүйеге көштi. Ал ендi жинақтаушы жүйенiң бұрынғы “ынтымақтастық” жүйемен арасындағы айырмашылығының артықшылығын қарап көрейiк.

Бiрiншiден “ынтымақтастық” жүйеде әртүрлi жеңiлдiктер көрсетiлiп, осыған байланысты бiреулер 60 жаста емес, одан ерте шығады, яғни бұл 60 жаста зейнетақыға шыққан адамнан гөрi көбiрек уақыт зейнетақы алады.

Екiншiден жұмыс iстейтiн адам еңбек стажының көп бөлiгiнде орташа жалақы алып, кейiн бiрден жоғары жалақы алып зейнетақыға шықса, оның зейнетақысы сол жоғары жалақының мөлшерiне сәйкес болады. Ал басқа адам көп жылдар жоғары жалақы алып, сол бойынша зейнетақыға шығады. Салыстырып қарасақ екеуiнiң зейнетақысы бiрдей, бiрақ соңғы адам алдыңғыға қарағанда көбiрек әлеуметтiк жарна аударды. Бұл әдiлеттiлiк деп айту қиын. /2

Үшiншiден. Екi адам бiр кәсiпорында жұмыс iстейдi, бiреу жоғары еңбек өнiмдiлiгiн көрсетсе, екiншiсiнiң еңбекке ынтасы аз. Бiрақ зейнетақы алар кезде олар бiрдей зейнетақы алады. Жинақтаушы жүйенiң осы жердегi бiр артықшылығы әр адам өзiнiң болашақ зейнетақысы үшiн өзi жауапты. Ол алатын зейнетақы мөлшерi жұмыс iстегенiне, тапқан табысына байланысты.

Төртiншiден. “Ынтымақтастық” жүйеде зейнетақы беру шегi, алушының қайтыс болуымен аяқталады. Бұл адам зейнетақыға шыққаннан кейiн, күтпеген жағдайларға байланысты ғана дүниеге кетсе, еңбек еткен кездегi аударған жарналары текке кеттi деген сөз. Ал жинақтаушы жүйеде өмiр бойы жинаған жарнасын, салымшы қайтыс болса, оның мұрагерi алады, яғни артындағы отбасы өз керегiнше пайдаланады.

1. 2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері немесе әлемдік тәжірибе

Жалдамалы жұмыскерлерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру ХIХ ғасырдың соңында Германияда пайда болды. Қаттығы жөніндегі және мүгедектігі бойынша зейнетақы мен қамсыздандыру мәселелерімен арнайы сақтандыру органдары айналысты. Зейнетақымен қамсыздандырудың бұл түрінің қоры сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлердің тең үлесте төлеген жарналары есебінен қалыптасты.

Сақтандырылған адамдар тобын молынан қамтитын міндетті мемлекеттік сақтандыру туралы заңдар Германиядан кейін Еуропаның басқа да елдерінде қабылданды. Алғашында олар өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру саласын, кейін сырқаттығына, қарттығына, мүгедектігіне және жұмыссыздығына байланысты зейнетақыларды қамтиды. Кейбір елдерде сақтандыру туралы жалпы заңдар қабылданды: жазатайым оқиғалардан және сырқаттығы бойынша (Ресейде), сырқаттығы мен мүгедектігі бойынша (Англияда) .

Англияда 1911-1913 жылдары заң негізінде сырқаттығы және мүгедектігі бойынша бірлескен сақтандыру жүйесі жүзеге асырылды. Сақтандырылған адамдар үшін жарнаның бір бөлігін мемлекет төледі (ерлер үшін көбірек, ал әйелдер үшін - азырақ) . Зейнетақыны сақтандыру қаражаты жәрдемақыға, зейнетақыға, дәрігерлік көмекке, дәрі дәрмектерге, санаториялық емделуге жұмсалатын болды.

Францияға 1911 жылы күшіне енгізілген заң негізінде қарттығы жөніндегі зейнетақымен қамтамасыздандырудың негізгі ерекшелігі ай сайын мемлекет тарапынан зейнетақыға 100 франк мөлшерінде қосымша төлем төленіп отырды. Ал сақтандыру жарналарын сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлік тең үлесте және тұрақты сомада төледі.

Швеция қарттығына және мүгедектігіне байланысты міндетті сақтандыру туралы заң 1913-1915 жылдары енгізілді. Зейнетақыны төлеу қоры сақтандырылған адамдар мен мемлекеттік көмек қаражаттары (субсидия) арқылы жиналды. Жарналардың мөлшері өте төмен және табыс сомасына тәуелді болды. Сақтандырылған адамдар жарнаны қауымдарға төледі, олар төлемнің уақтылы төленуін қадағалап отырды. /3

АҚШ-та зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі Еуропа елдеріне қарағанда едәуір кеш басталды. Жазатайым оқиғалардан, жұмыссыздықтан және қарттығы жөніндегі сақтандыру жүйесін енгізу және оны кеңейту жұмыстарына ұзақ уақыт қажет болды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жүмыс орнында мертігіп, жарымжан болып қалуына байланысты өтемақы төлеу туралы заң кейбір штаттарда 1911 жылдан бастап енгізілді. Ал қарттығы жөніндегі сақтандыру туралы алғашқы федеральды заң 1920 жылы ғана қабылданды. Оның әрекеті тек федеральды заң органдардың қызметкерлерімен ғана шектелді. Соғыс ардагерлері де федеральды дәрежеде зейнетақы алды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезенде көптеген елдерде мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыздандыру реформасы жүзеге асырылды. Мұндай реформаның мысалы ретінде ағылшын үкіметі 1946-1948 жылдары қабылдаған заң актілерін айтуға болады. Онда жалдамалы еңбектегі барлық тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерін, сонымен бірге жеке еңбек ететін тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру қаралды; оларға ең төменгі ұлттық стандарт дәрежесінде, тапқан табысына байланыссыз, тұрақты мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін белгіледі. Сондай-ақ ауралығына байланысты жәрдемақы мен жұмыссыздығына және қарттығы жөніндегі зейнетақы мөлшерінің арасындағы сәйкессіздікті жойды. Бұл сияқты реформалар қазіргі әлеуметтік қамтамасыздандыру, оның ішінде, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің негізгі базасын жасады. /4

Чили зейнетақы жүйесi 1981 жылдан бастап реформалана бастады. Бұл ынтымақтастық жүйенiң рөлi төмендеп жеке жинақтаушы жүйенiң күшеюiмен сипатталады. Бұл елде әрбiр салымшы өзiнiң кәрiлiгiн өзi қамтамасыз етуге жауапты. Мемлекет тек ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ғана бере алады. Жинақтаушы жүйенi енгiзген кезде, чилилiктердiң бiздердiкi сияқты мемлекеттiк және жеке қорлардың арасында таңдауы болмады, олар тек зейнетақы қорларының Администраторы (АРР) деп аталатын жеке қорлар арасында таңдау жүргiздi. Ал кейбiр жағдайларға байланысты жинақтаушы жүйеге енбей қалғандар бұрынғы жүйеде қалды. Оның атынан қазiр зейнетақының қалыптастыру институты жұмыс iстейдi. Оның жұмыс iстеуi 2040 жылдарға дейiн созылуы мүмкiн. Бұнымен бiздегi мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығын салыстыруға болады.

Жаңа жүйеге енгендер бұрынғы жүйемен байланысын үзедi. Олар бұрынғы жүйеден “мойындау” бонусын алады да, оны сатуға немесе жинақтаушы жүйеге беруге құқы бар. Көпшiлiк жағдайларда олар жинақталған қаражаттарға қосылып, зейнетақы тағайындалғанда есептеледi. Бiздiң модельде, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн адамның 6 айдан кем емес еңбек стажы бар болса, онда ол еңбек стажына пропорциональды түрде ынтымақтастық жүйеден зейнетақы алуға құқылы. Зейнетақы қорларының администраторлары толық операторлар болып табылады. Олар зейнетақы жарналарын жинақтаумен бiрге, оларды қаржы құралдарына инвестициялаумен айналысады. Зейнетақы қорлары администраторының (ЗҚА) қызметiн ЗҚА Басқармасы қадағалайды. Бағалы қағаздар рыногi мен кастодиандарды қадағалауды Чили Орталық банкi iске асырады.

ЗҚА ең төменгi табыстылық бойынша талапты орындауы қажет. Егер ол талап орындалмаса, онда ол айырманы ЗҚА зейнетақы жинақтарының 1% арқылы құрылатын резервтi қор есебiнен толтыруы тиiс. Ал резервтi қордың қаражаты жетпесе, онда айырманы мемлекет жауып қор жұмыстан тоқтатады да, зейнетақы жинақтары басқа қорларға ауыстырылады. Зейнетақы активтерiн ЗҚА басқаратын болғандықтан, кастодиан бағалы қағаздардың есебi мен сақтауын жүргiзiп, оған зейнетақы жинақтарын орналастыруды қадағалау жүктеледi. /5

ЗҚА Басқармасында классификациялық комиссия құрылып, оған ЗҚА Басқармасы, банк және қаржы институттары басқармасы, сақтандыру компанияларының басқармасының өкiлдерi және ЗҚА-ның төрт сайланған өкiлi кiредi. Комиссия келесi қызметтердi жүзеге асырады:

-зейнетақы қорларының қаржыларына алынған бағалы қағаздарды қолдайды немесе қабылдамайды, тәуекелiн анықтайды;

-“Қозғалмайтын мүлiк және басқа бағалы қағаздар” бойынша акционерлiк қоғамның акциясын қабылдау процедурасын орнатады;

-Халықаралық рыноктардағы классификацияланған бағалы қағаздармен салыстыру эквивалентiн орнатады, халықаралық классификация институттарының орнатқан классификациясын қабылдайды немесе қабылдамайды.

ЗҚА зейнетақы жарнасынан комиссиондық сыйақы алады. Оның мөлшерi орнатылмай, ол рынок бойынша анықталады. Орташа қалыптасқан сыйақы жалақыдан 3% көлемiнде.

2000 жылдың 1 қаңтарында Чили зейнетақы қорларының барлық зейнетақы активтерi $34, 5 млрд құрады. 1999 жыл бойынша жылдың табыстылық көрсеткiшi 16, 3% (инфляциядан жоғары) . Ал жүйе iске асырылғаннан бергi зейнетақы активтерiнiң орташа жылдық табыстылығы 11, 2%. 2000 жылдың 1 қаңтарында салымшылар саны 6096573 адамды құрады, оның iшiнде белсендi салымшылары 3252643 адам. Ал еркiн зейнетақы жүйесiнде 987959 шот болып, оның жалпы мiндеттi жарналарға қатысты үлесi 16, 20%. Жинақталған ақша қаражаттары $220 млн.

Ал зейнетақының инвестициялық қоржынына келсек, ол мынадай:

-34, 6% мемлекеттiк бағалы қағаздар

-18, 3% компания акциялары

-33, 7% банктегi депозиттер және қаржы институтының бағалы қағаздары

-13, 4% шетелдiк бағалы қағаздар

Толығырақ тоқталсақ:

-30, 01% Чили орталық банкiнiң нотасы

-16, 10% банк депозиттерi

-15, 10% кепiлдеме нотасы

-2, 02% қаржы институтының облигациясы

-12, 41% компания акциялары

-9, 11% айнымалы табысты шетелдiк бағалы қағаздар

-4, 31% орнатылған табысты шетелдiк бағалы қағаздар

-2, 58% инвестициялық қорлардың акциялары.

-3, 79% облигациялар

-3, 58% қалыптандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру институтының облигациясы.

Зейнетақы жүйесiнде қызмет жасап отырған қорлар санына тоқталайық:

1980 жылы 12 қор тiркелiп жұмыс iстесе, 2000 жылдың 1 қаңтарына қарай қорлар саны 8 болды. Қорлар санының өсуi өзiнiң шарықтау шегiне 1993 жылы жетiп 22 қорды құрады. /6

1. 3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi

ҚР үкiметi зейнетақы жүйесiнiң дағдарысқа соғылғанын аңғарып, оның себептерiне зерттеу жасай отырып, “ынтымақтастық” жүйенiң қызмет етуi жауап астында деп шештi. Осы және басқа да жағдайларға байланысты ҚР парламентi 1997 жылдың 20 маусымында “Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңын қабылдады. Бұл заң бойынша зейнетақы жүйесi жинақтаушы принципiне негiзделедi.

Бiрақта “ынтымақтастық” жүйесi бiрден жойылып кетпей, ол 2040 жылдарға дейiн бiрге қызмет етедi. Себебi, Заң бойынша адамның 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн ең кемiнде еңбек стажы 6 ай болса, онда ол орталықтан еңбек стажына пропорциональды түрде зейнетақы алуға құқысы бар. Жаңа заң бойынша зейнетақыға шығу жасы да ұлғайтылған, ерлерге 63 жасқа дейiн, ал әйелдерге 58 жасқа дейiн. Бiрақ бұл бiрден бола қоймайды, ол ақырын жүредi яғни:

Кесте 1.

Жылы, күні: Жылы, күні
ерлер: ерлер
әйелдер: әйелдер
Жылы, күні: 1998 жылдың 1 қаңтарда
ерлер: 61 жаста
әйелдер: 56 жаста
Жылы, күні: 1998 жылдың 1 шiлдеде
ерлер: 61, 5 жаста
әйелдер: 56, 5 жаста
Жылы, күні: 1999 жылдың 1 шiлдеде
ерлер: 62 жаста
әйелдер: 57 жаста
Жылы, күні: 2000 жылдың 1 шiлдеде
ерлер: 62, 5 жаста
әйелдер: 57, 5 жаста
Жылы, күні: 2001 жылдың 1 шiлдеде
ерлер: 63 жаста
әйелдер: 58 жаста

Рынок ценных бумаг Казахстана. 1999 г

Сонымен бiрге орталықтан толық көлемде зейнетақы алуға құқысы бар:

а) ерлер - егер 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы 25 жылдан кем болмаса;

б) әйелдер - егер 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы 20 жылдан кем болмаса.

Заң бойынша зейнетақы жарналарын жинау және салымшылармен жұмыс iстеумен айналысатын жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) болып табылады. Ал зейнетақы активтерiн басқару зейнетақы активтерiн басқарушы компанияға (ЗАБК) жүктеледi. Ал ақша қаражаттарын сақтау мен есебiн банк-кастодиан жүргiзу. /7

Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) заң бойынша жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) ретiнде құрылады. МЕЖЗҚ-ның келесiдей түрлерi бар:

  1. ашық
  2. корпоративтi

Ашық қорлар кез келген салымшыдан жарна қабылдайды, ал корпоративтi қордың салымшысы болып, сол қордың құрылтайшылары немесе акционерлерiнiң жұмысшылары табыла алады.

Ашық қор құрылған кезде, құрылтайшылары тiкелей немесе жанама акция пакетiнiң 25%-нен астамын бақылауға құқығы жоқ. Iс-әрекет етуi кезiнде, өкiлеттi орган рұқсат берген жағдайлардан басқа кезде, құрылтайшылары тiкелей немесе жанама акция пакетiнiң 25%-нен астамын бақылауға құқығы жоқ. Заң бойынша зейнетақы жарналарын сақталуын қамтамасыз ету шараларын қарастырсақ, ол келесiдей:

  1. ЖЗҚ-ң зейнетақы жарналарын жинау мен зейнетақы төлеу iс-әрекетiн лицензиялау;
  2. ЗАБК-ң қызметiн лицензиялау;
  3. Банк-кастодиан қызметiн лицензиялау;
  4. ЗАБК-ң iс әрекетiне пруденциальды нормаларды орнату;
  5. ЖЗҚ-ң iс әрекетiне сәйкес нормалар мен шектеулер қою арқылы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн реттеу жүргiзу;
  6. ЗАБК мен ЖЗҚ-ң құрылтайшыларына, басшы мен қызметкерiне, тағы оның меншiктi капиталының көлемi мен құрамына талаптар қою;
  7. Ақша қаражатының тек банк кастодианда сақтау талабы;
  8. Зейнетақы жарналарын бiр-бiрiмен және банк-кастодианмен байланысы жоқ, ең кемiнде, үш банкiге депозитқа салу;
  9. Меншiк капиталы мен зейнетақы активтерiнiң есебiн бөлек жүргiзу және олардың мақсатты орналастыруына бақылау жасау;
  10. ЖЗҚ-ң зейнетақы активтерiн басқару қызметiн ЗАБК-ға беру;

11) Бағалы қағаздар рыногiн реттейтiн өкiлеттi органның ЗАБК-ң инвестициялық қызметiне, зейнетақы активтерiн орналастырғандағы тәуекелдi диверсификациялау және төмендету бойынша талаптар қою;

12) ЖЗҚ-ы алатын комиссиондық сыйақы мөлшерiне шектеу орнату;

13) ЖЗҚ-ң және ЗАБК-ң жылдық қаржы есебiне мiндеттi түрде аудиторлық тексеру жүргiзу;

14) ЖЗҚ мен ЗАБК-ң өкiлеттi мемлекеттiк органдар алдында күнделiктi қаржы және статистикалық есеп беру;

15) Салымшыға 1 жылда екiден астам емес рет бiр қордан екiншi қорға салымдарын аудару құқығы;

16) Салымшының таңдауы бойынша зейнетақы жарналарын толықтай немесе жартылай сақтандыру. /8

Ендi әлеуметтiк жарналар туралы сөз қозғайтын болсақ, онда қазiргi 26%-к әлеуметтiк жарнаның 10%-тi ЖЗҚ-ға аударылса, қалғаны зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталыққа (ЗТМО) түседi. Одан түскен жарналар қазiргi зейнеткерлердiң алдындағы қарызды жабу үшiн жұмсалады. 10% зейнетақы жарналарының Мемлекеттiк емес ЖЗҚ-на түсуi үшiн, зейнетақы шарты болуы шарт. Егер ол жоқ болса, зейнетақы жарналары МЖЗҚ-на аударылады.

II Тарау. ҚР зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі

Қазақстан Республикасының “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңы бойынша үш субьектi жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң толыққанды мүшесi болады. Олар жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқарушы компания, банк-кастодиан. Олардың қызметiн реттеп, қажеттi нормативтi құқықтық актiлер шығарып қадағалайтын үш мемлекеттiк орган бар. Олар мыналар:

  1. ¦лттық банк (¦Б) ;
  2. Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия (БҚ¦К) Бұл мемлекетік орган ¦лттық Банктің департамент ретінде қосылып енді Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі депортаменті;
  3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттейтiн комитет (ЖЗҚIРК) бұлда ¦лттық Банк департаменті болып қосылып енді Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеттің реттеу департаменті.

¦лттық банк банк-кастодиандардың қызметiн бақылап, оларға лицензия беру және одан айыру iстерiмен айналысады.

БҚ¦К қор биржасындағы бағалы қағаздарға ЗАБК-ң инвестициялау әрекетiн бақылап, олардың iстерiн қадағалайды. ЖЗҚIРК ЖЗҚ-ң iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiлiгiн және салымшылар мен арақатынасын бақылау, қажеттi нормативтi құқықтық актiлер жасаумен айналысады. Жоғарыдағы айтылған қадағалаушы мемлекеттiк органдар, бұл негiзгi қызметiнен басқа да iстермен айналысады. Ендi жинақтаушы жүйенiң iс жүзiне асу, аспауының негiзгi гаранты болып табылатын субьектiлерге тоқталайық. /9

2. 1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы
Шет ел мемлекетінің зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
Зейнетакы
Зейнетақы реформасы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау
Зейнетақы жүйесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz