Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры нарығының құрылымы


Тақырыбы: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларының ролі
ЖОСПАР
Кіріспе1
І-бөлім. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының жалпы сипаты3
1. 1 Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері4
1. 2 Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік - экономикалық дамуындағы атқаратын қызметтері мен құқықтық негіздері6
1. 3 Шетел тәжірибесінде мемлекеттік емес зейнет ақы қорының экономикада қолдану механизмі12
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметіне талдау жүргізу16
2. 1. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптасу мен дамуына баға беру24
2. 2 Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін бағалау35
ІІІ-бөлім. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларын дамыту және жетілдіру жолдары43
Қорытынды54
Қолданылған әдебиеттер57
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы маңызды рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі.
Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік - экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе деп санаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан-жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.
Қазақстанның мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы ролі мен оны талдай отырып, оған нақты баға беру және ролін арттыру жолдарын қарастыру алға койған мақсат болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде магистрлік жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу керек:
1) . Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының жалпы сипатын суреттеу үшін оның бірінші - мәні мен мақсатын атқаратын міндеттерін бірінші бөлімде айта кеткенім жөн деп есептеймін.
2) . Мемлекеттік емес зейнетақы қорының қандай әлеуметтік - экономикалық маңызы бар, ол қандай қызмет атқарады және бүгінгі таңда қандай құқықтық негіздермен қамтылған деген сияқты мәселелер бұл қордың сипатына бір бояу түс береді деп ойлаймын.
3) . Еліміздің мемлекеттік емес зейнетақы қоры өз сипаты мен ерекшелігіне ие болса, шетел тәжірибесіндегі осы қорлар қандай сипатқа ие деген салыстырмалы көзқарас, олардың қандай механизм арқылы іске асатыны зертеу тақырыптың маңызды бір бөлігі.
4) . Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қалай қалыптасқан және оның ары қарай даму негізі қалай, бұл қорлардың салымшыларының саны, қаржы құралдарының жұмсалысы, айналысы, қорлардың тұрақтылығы мен қалыптасып келе жатқан санына баға беру оның даму болашағын анықтайтын мәселе деп есептеймін. Сондықтан бұл жұмыстың екінші бөлімі осы мәселеге арналған.
5) . Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары нарықтық ортада маңызды орынға ие. Халықтың сеніміне нарықтық ортада ие болу, оның қаражаттарын жинақтау бұл қорлар үшін басты мәселелерінің бірі. Олардың болашақта дамуын бүгінгі күні бағалау анықтаса жетілдіру жолдарын әлемдік тәжірибе жан-жақты жұмыстары анықтайды.
Жұмыстың зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жатады. Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік ғалым экономистердің осы тақырыпты зерттеуге бағытталған ғылым еңбектері жатады. Соның ішінде: отандық экономистер Нұрмағанбетов Е. Е. , Алибаев А. С. , Гастенко Г. Н. шетелдік М. Абухадба, Ч. Виплош және т. б.
І-бөлім. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының жалпы сипаты
Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні, басқа қаржы нарығының сегменттерінен айырмашылығы, тұрақты түрде дамуы.
1997 жылғы 20 маусымда Қазақстанда еліміздегі алғашқы жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың негізі болған "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңы қабылданды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ескіден қалған азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жинақтаушы жүйемен қайта қалыптастырды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалаудың қаншалықты артықшылықтары мен оңтайлы жақтары болғанымен әлі күнге дейін көптеген мәселелері шешімін тапқан жоқ.
Жалпы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, сандарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, осындай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті және осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтері жөніндегі компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға. /1, б. 30/
Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып зейнетақы төлемін алушының пайдасына зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерінің (салымшылары мен зейнетақы жарналары, зейнетақы активтері мен жинақтары), зейнетақы жүйесі бойынша көрсеткіштердің жалпы көлеміндегі үлесінің тұрақты өсуі, тұтастай алғанда мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына халықтың сенімінің өсуін куәландырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша комитет нормативтік құқықтық актілер жасап және де өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады.
1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 5 жыл асып отыр. 2002 жылдың 1 тоқсанына Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы зейнетақы активтерінің өсуімен де, сонымен қатар нарықтық қатысушыларының сандық құрамы мен жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелінің тұрақты дамуымен сипатталады.
1. 1 Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Қазақстанда зейнетақы реформасының басталғанынан бері 5 жыл асып барады. Оны жүргізу объективтілік қажеттілік негізінде болады. Бірақ реформаның нәтижелері мен жүзеге асу әдістері біркелкі бағалануы мүмкін емес. Елдегі болған зейнетақы реформасын бағаламас бұрын зейнетақы жүйесін қайта құрудың әйгілі варианттарына және кейбір аспектілеріне тоқталып өтейін. Көптеген әрекет етуші зейнетақы жүйесін үлестіру принципіне негізделеді, яғни зейнетақы зейнеткерлердің өздерінің жинақтары есебінен емес, жұмысшылардың жарналары есебінен төленеді. Зейнеткерлер санының жұмысшылардың санына қатынасының ұлғаюымен байланысты үлестіруші зейнетақы жүйесі кезіндегі жалпы экономикаға және халыққа деген ауыртпашылық өсті. бұдан бірқатар әлеуметтік - экономикалық саяси мәселелер туындайды, оны тек зейнетақы берушідің негізі болып табылатын принциптерді түбегейлі өзгерту негізінде шешуге болады. Бұл жүйе бойынша зейнетақы қамсыздандырудың деңгейі тікелей зейнетақы аударымдарының тарифімен, зейнеткерлермен жұмысшы халықтың саны және оның еңбекақы деңгейімен қатынасы байланысты.
Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесі болып табылады. Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына жарналарын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы инвестициялауға қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке зейнетақы мен қамтамасыз етуіне кетеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бір миллиардтан аса АҚШ долларын шоғырландырған, ал оларға болса біздің елде қолдану мүмкіншілігі мүлдем жоқ деуге болады. Реформаның мақсаты, айта кетсек, болашақтағы зейнеткерлерге дивиденд алуды кепілдендіретін тек салымдарды зейнетақылық жинақтау ғана емес, сонымен қатар дұрыс инвестициялауда да болған. Жинақтаушы зейнетақылық қордың мәні - бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің немесе Ұлттық банкісінің бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды обьектілерге инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрылысына салсақ, олар 20 жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67% мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегеніміз мемлекеттік қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұндай "жиналымдар" болса ерте де кеш қирайды.
Енді мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттеріне тоқталсақ, олар:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуі бойынша зейнетақы активтерінің төлемдерін жүзеге асыруға;
- жеке зейнетақы активтерінің қорының есебін жүргізуге;
- зейнетақы алушы мен салымшылардың қорлары туралы өздеріне мәлімет беруге;
- зейнетақықорының жағдайының мәліметтерін құпияда сақтауға;
- зейнетақы қоры заңға сәйкес жүргізілуіне;
- зейнетақы алушының өтініші бойынша оның зейнетақы қорын басқа қорға аударуға;
- зейнетақы активтерін инвестициялық бақылау үшін зейнетақы активтерін басқаратын компаниялармен келісімге тұру (мемлекеттік жинақтаушы қорынан басқа) ;
- мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімге тұрған азаматтарға бірдей қызмет көрсетуге және т. б. міндетті. /2, б. 28/
1. 2 Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік - экономикалық дамуындағы атқаратын қызметтері мен құқықтық негіздері
Кәрілік алдындағы қорқыныш бұл әр адамға табиғатпен берілген деп айтылады. Кез келген адам жылдар өткен сайын ең алдымен материалдық мәселелердің болуынан қашады. Қазіргі таңдағы шындық бұл әрбір қазақстандық азамат өзінің болашақтағы кедейшілік күн кешпеуіне жағдай жасап және өзіне жеткілікті кәрілікті қамтамасыз етуі қажет. Себебі әлеуметтік бағдарламалар үшін бюджет қаражатының жетіспеушілігі және халықтың тұрақты қартаюы мемлекет тарапынан мәңгілік көмектің болуына үміттенуге сендірмейді. Осыған орай біздің қоғамдағы өте маңызды әлеуметтік мәні бар зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға кез келген өзгертулер Қазақстанның әрбір азаматын толғандырмай және қызығушылығын тудырмайтыны болмайды.
2002 жылдың соңында Қазақстандық азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негізін анықтаушы және де осы жүйенің қызмет етуінің барлық құқықтық аспектілері мен зейнетақылық қызмет көрсету нарығының барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасын реттеуші зейнетақы заңдылығы маңызды өзгертуге ұшырады. Алғаш рет өзгертулер мен толықтырулар 1998 жылы 22 желтоқсанда (№328-1 заң), яғни жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет етуіне 1 жыл өтпей жасалды. Екінші рет елдің зейнетақы заңдылығы 1999 жылы 5 сәуірде (№364-1 заң), өзгерту енгізілді. Осыдан кейін жаңартылған "Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы" заңы 4 жылдай мерзімде қызмет етті және 2002 жылдың соңында оған тағыда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер №369-11 реттік номеріне ие, заң формасында қабылданып, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы заңы деп аталды. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бірінші жасалған екі өзгертулер мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік реттеуші органдардың енгізуге байланысты туындаса, ал зейнетақы заңдылығына енгізілген соңғы түзетулер (2002 жылдың 29 желтоқсаны) өзінің негізгі бөлігінде кейбір мемлекеттік емес субъектілерге оның ішінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бағыттылған және дайындалған. Себебі, бұл өзгертулер тұжырымдық және барлық зейнетақылық қызмет көрсету нарығы үшін өміршеңділік сипатқа ие болды, олардың заңдылық сүзгіден өтуі оңай болмай 1 жылға дейін созылды.
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 369-11 заң екі ғана баптан тұрады, бірақ көптеген маңызды өзгертулерден тұрады. /3, б. 22/
Зейнетақы заңдылығындағы басты жаңалық бұл жеке ерекше институт ретінде бөлініп келген мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қоры мәртебесінің алынып тасталынуы. Зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңдағы жаңа түзетуге байланысты жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінбейді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң алдында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорында және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорында бірдей құқыққа ие. Бірақ бұл зейнетақы қорының мемлекеттік қатысуымен болмайды дегенді білдірмейді. Егер бұрын мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының бірден бір құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі болса, заңға сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылары мен акционерлері ретінде Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар және де Қазақстан Республикасының заңында бекітілген (№369-11 заңының 1-ші бабы 28-ші тармағында) талаптарды ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі бола алады. Осыған орай мемлекет Үкімет тарапынан тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының ғана емес сонымен қатар бірнеше зейнетақы қорының жарғылық капиталындағы акция пакеттерінің жеке үлесінің немесе толығымен иесі бола алды. Бұл мемлекеттік зейнетақы нарығын бақылауды күшейту мақсатында жасалуы мүмкін. №369-11 заңының 1-ші бабы 30-ші тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры атауында "мемлекеттік " сөзі егер жарғылық капиталының 100%-ы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі болғанда ғана қолданылуына болады. Енді мемлекет (егер қажет етсе) бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорын өзінің 100% қатысуымен құра алады және оның бәрі мемлекеттік деп атауға құқығы болады. Біздің еліміздегі қаржы нарығының даму тәжірибесі мемлекеттік нарықтың кез келген сегментін жекешелендіре отырып, оған қайта баруына болатындығын көрсетеді. Егер жақын арада мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры толығымен жекешелендірілсе де, бұл мемлекеттің зейнетақылық қызмет көрсету нарығы мәңгілікке тастады дегенді білдірмейді. Ол жаңа мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру арқылы қайта орала алады.
Жаңартылған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы зейнетақы активтерін басқару түсінігіне бірнеше өзгертулер енгізді. Егер оның ескі баспасында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы активтер сөз тіркесі толық емес түрде берілсе, қазіргі кезде ол бұдан да толығырақ зейнетақы активтері инвестициялық басқару сөз тіркесімен ауыстырылды. Жаңа өзгерістерге сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания (ЗАБК) "зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деп аталатын болады. Яғни біздің құлағымызға үйреншікті зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания сөзі зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым сөзімен ауыстырылатын болады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңның ескі баспасы бойынша 51 бап сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің басқарудағы ерекше құқығын қарастырды. Жаңа өзгерістерге зейнетақы нарығы қатысушыларының көптен күткен өзгертуі зейнетақы активтерін басқарудың баламалы құқы енгізілді. Сонымен 2003 жылдан бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының өкілетті органмен бекітілген осындай қызметпен айналысуға құқық беретін сәйкесінше лицензиясы болуы кезінде дербес жүзеге асырады.
Бұл жаңа енгізілген өзгерістен мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры ұтысқа шықты.
Жақын арада кейбір жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшетінін күтуімізге болады. Себебі, жинақтаушы зейнетақы қоры үшін қызығушылық үлкен зейнетақы жарнасынан және инвестициялық табыстан түсетін комиссиондық сыйақының зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен бөлісу керек емес. Оның ішінде, зейнетақы заңдылығындағы жаңа түзетуге сәйкес инвестициялық табыстан алынатын комиссионың шекті мөлшерлемесі 10%-дан 15%-ға дейін көбейтілді. Бірақта, зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшу процессі көптеген жинақтаушы зейнетақы қорлар үшін келесідей себептерге байланысты ұзақ әрі қиын болуы мүмкін.
Біріншіден, өкілетті орган - лицензиялар тарапынан қатаң нормативтік талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензия алу іс-әрекетінің өзі қиынға түседі. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компания лицензиялау тәжірибесі көрсетіп отырғандай лицензия алу үшін жеткілікті ұзақ мерзімді қамтуы мүмкін (бірнеше айға созылуы) . Яғни, осы жылдың ішінде қандай-да бір жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға көшуі бола қоймас деп тұжырымдауға болады.
Екіншіден, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында зейнетақы активтерін басқару құқығы үшін бәсекелестік күрес қалыптасты. Бұрыннан қызмет етуші зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниясы бай тәжірибе, жоғары сауатты мамандарды және қазіргі бағдарламалық - техникалық қамтамасыз етуді иемдене отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруда жинақтаушы зейнетақы қордан нақты артықшылығы болады. Кез келген зейнетақы активтерін басқару бойынша компания зейнетақы активтерін басқарудағы маңызды бөлігін және сәйкесінше нарықтағы үлесін жоғалтқысы келмейтініне мүдделі.
Тағы да бір зейнетақы заңдылығына енгізілген маңыздырақ өзгерістердің бірі міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру. Соңғы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекет тек мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Осы жағдайдағы жаңалық мемлекеттің алушыға (салымшыға емес), жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуы жағдайында міндетті зейнетақы жарнасының номиналдық құнын ғана қайтармай, сонымен бірге инфляция көлеміндегі өтемақыға кепілдік береді. Заңдағы егізілген түзетуге сәйкес, зейнетақы төлемін алушы зейнетақы орталығымен бекітілген және жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы алуға құқығы бар жеке тұлғалар болып табылады, яғни заңдағы берілген мағынаға қарай, мемлекет жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы жағдайында жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы ала бастаған зейнеткерлерге ғана зейнетақы жарнасын қайта қалыптастыруға кепіл бола алады.
Егер 2003 жылға дейін зейнетақы жарнасының жүйесі екі бөліктен - міндетті және ерікті жарнадан тұрса, қазіргі таңда зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес зейнетақы жарнасынан үшінші түрі - ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы пайда болды. Олар ерікті жарналар секілді, айырмашылығы, оларды жинақтаушы зейнетақы қорға жұмыс беруші өзінің жұмысшысының зейнетақы шотына Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған мамандық тізімі бойынша аударатын болатындығында.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет етудегі 5 жылдың ішінде ерікті зейнетақы жарналары кеңінен қолдануын алған жоқ және зейнетақы активтерінің ішінде де өте төмен үлеске ие. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2002 жылдың қорытындысында міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар саны 15, 399 млн. адамды ал ерікті зейнетақы жарналарының салымшылар саны небәрі 25, 1 млн. адамды, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі салымшылардың жалпы санының 0, 5% -ын ғана құрайды. Осыған орай, Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі қазіргі таңдағы көрінісі міндетті жинақтаушы жүйені көрсетеді. Ерікті жарналардың танымалсыздығы біріншіден, тұрғындардың негізгі бөлігінің қандай да бір сызбаға немесе жаңа зейнетақы жүйесіндегі инвестициялау шегіндегі құралдарға сенімсіздігі және еш нәрсеге сенбеушіліктің үлкен үлесіне қатысты менталитетімен түсіндіріледі.
Бұл жерде тағыда бір маңыздырақ факторлардың ретінде тұрғындардың көп бөлігінің жағдайының даму деңгейінің жетіспеушілігін айтуға болады.
Зейнетақы заңдылығы негізгі өзгеріс ретінде зейнетақылық қызмет көрсету нарығында зейнетақыны сақтандыру институтын ендіру болып табылады. Жақын уақыттарда зейнетақы нарығының негізгі қатысушылары ретінде өмірді сақтандыру келісімшартын жасау және атқару бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары болатыны сөзсіз. Оларға зейнетақымен қамтамасыз ету туралы жаңа баспасында ерекше роль берілген.
2003 жылдың басынан бастап зейнетақы заңында 2002 жылдың 29 желтоқсанында шыққан № 369-11 заңының көмегімен зейнетақы нарығы үшін "Зейнетақы аннуитетінің келісім шарты" (1 бап, 2 тарау, 12 тармақша), "сатып алу сомасы" (1 бап, 2 тармақ, 7 тармақша), "сақтандырушы" (1 бап, 2 тарау, 34 тармақша ) секілді жаңа түсініктер енгізілген.
Зейнетақы заңындағы жаңа өзгерістерге сәйкес қызмет етуші зейнетақы жинақтарын ерікті сақтандыруға зейнетақы жинақтарын сақтандыру бойынша қосымша шараларға алушының таңдауына сәйкес толық көлемде немесе ішінара зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін жасауы болуы тиіс. Әзірше мұндай жүйенің қалай болары белгісіз. Банктің депозиттерді кепілдендірудің қоры нақты қосымша қор құрылуы мүмкін, яғни жақын арада "Зейнетақы қорының қоры" пайда болуын күтуге болады.
Сақтандыру компанияларының басқа зейнетақы заңдағы өзгеріске сәйкес нарықта жаңа қатысушы - "міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенті" пайда болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz