Мұнай - газ саласындағы импортығыстыру саясаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1 Импортығыстыру саясатының теориялық және практикалық негіздері4

1. 1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі импортығыстырудың объективті қажеттілігі және тиімділігі4

1. 2 Жаңа индустриалды елдердегі импортығыстыру саясаты11

Қазақстан Республикасында импортығыстыру саясатының негізгі бағыттары және жүзеге асыру жолдары21

2. 1 Қазақстанда импортығыстыру стратегиясын ендіру алғышарттары және жағдайлары21

2. 2. Импортығыстыруды мемлекеттік реттеу шаралары31

3. Мұнай-газ саласындағы импортығыстыру саясаты39

3. 1 Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі бойынша экономикалық талдау39

3. 2 Мұнай-газ саласындағы импортығыстыру стратегиясын ендіру перспективалары44

Қорытынды65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі67

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы тұрақты сипатта болып отыр. Мамандардың айтуы бойынша еліміз өтпелі кезеңнен өтіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ үкіметі Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныды. Қазақстан экономикасы ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда. Бірақ бұл орайда біздің елде шешілмеген бірқатар мәселелер бар екенін айта кеткен жөн.

Қазақстанда қалыптасқан экспортқа бағытталушы шикізат моделі - ішкі сұранысты жанар-май энергетикалық ресурстардың қызметі қамтамасыз етуіне әкелді. Бұл бағыт экономиканы әлемдік нарық коньюнктурасынан тәуелді етіп қана қоймай, елімізді экономикалық прогрестен алшақтатты. Экономиканың өңдеуші салалары артта қалып, өндірісте диспропорциялар қалыптасты. Сол себепті республикада импортығыстыру саясатын қолданудың объективті қажеттілігі туындады.

Импортығыстыру үрдісі туралы айтып кетер болсақ, бұл ішкі нарықтан белгілі бір тауарлар импортын ұқсас отандық тауарлармен, немесе импорттық тауарлардан тұтыну қасиеті жоғары бірақ құны төмен тауарлармен ығыстыру арқылы импортты қысқарту немесе тоқтату үрдісі.

Қазақстан Республикасында импортығыстыру саясаты негізінен ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнеркәсібі салаларында жүзеге асырылды.

Тақырыптың өзектілігі мынада болып отыр. Ғаламдану және интеграция жағдайында Қазақстан әлемдік аренада орнын табуы үшін экономиканы басқа сарынға бұруы қажет. Яғни негізгі салалар арасында байланысты қалпына келтіріп, тиімді экономикалық модель бойынша даму бағытын таңдау. Ал бұл өз кезегінде импортығыстыру арқылы экспортқа бағытталған экономикалық модельмен даму жолы.

Менің бұл дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым - еліміздің маңызды экономикалық салаларындағы импортығыстыру саясатының іске асырылу мәселесін ашып көрсету болды.

Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде импортығыстыру саясатының теориялық жағын негізге ала отырып, глобализация және интеграция жағдайындағы импортығыстырудың қажеттілігі; жаңа индустриалды елдердің тәжірибесі және транзитті елдердегі импортығыстыру тиімділігі мәселелерін қарастырдым.

Екінші бөлімде импортығыстыру саясатының негізгі бағыттары мен жүзеге асыру жолдары туралы ақпарат берілген.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібіндегі импортығыстыру мәселелері қозғалды. Мұнай-газ саласы экономикада ең маңызды сала болып отыр. Бұл экономикалық өсімді қамтамасыз етіп отырған негізгі қозғаушы сектор болғандықтан, осы саладағы импортығыстыру мәселесін терең зерттеуді жөн көрдім.

Қазақстандағы импортығыстыру саясатының ендірілуінде көптеген артықшылықтар мен кемшіліктер бар.

Бұл тақырыпты зерттеу барысында көптеген қызықты мәліметтер алып, мәселенің маңыздылығы мен мәнін тереңінен түсіндім.

1 Импортығыстыру саясатының теориялық және практикалық негіздері

1. 1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі импортығыстырудың объективті қажеттілігі және тиімділігі

Импортығыстыру - бұл ішкі нарықтан белгілі бір тауарлар импортын ұқсас отандық немесе жоғары тұтыну қасиеттеріне ие және импорттық тауарлардан құны жоғары емес тауарлармен ығыстыру арқылы импортты қысқарту немесе тоқтату.

Импортығыстыру үрдісін түсіндіруші көптеген теориялар бар. Соларды 3 бағытқа бөлуге болады:

1. Кейнсиандық бағыт - «үлкен итеруші күш» теориясы. Оның өзі 2 қарама-қарсы бағытқа бөлінеді: теңдестірілген экономика теориясы және теңдестірілмеген экономика теориясы. Бұл бағыттың өкілдері Розенштейн-Родан, Х. Либенштайн, Р. Нурксе, Зингер, Хиршман. Бұл теорияны алғаш рет 1943 жылы Розенштейн-Родан Шығыс және Оңтүстік -Шығыс Европа елдерінің экономикасын қалпына келтіруші модель ретінде ұсынды. Бұл теорияның негізінде экономикалық өсуге алып келетін 3 теңдестік қарастырылды. Бірінші түрі - көлденең теңдестік. Мұнда синхрондық капитал салымдары және тұтыну тауарларын өндіруші өндірістік салаларды дамыту қарастырылады. Екінші теңдестікте өндіріс және оған қызмет етуші инфрақұрылымның порпорционалды дамуы қарастырылады. Үшінші теңдестік - тік теңдестік. Мұнда өндірістік диверсификация қарастырылады.

2. Неоклассикалық бағыт - дуальді экономиканың даму стратегиясы. Өкілі Льюис, дуальді экономика теориясында дамушы елдер экономикасының дәстүрлі және қазіргі секторының ара-қатынасын түсіндіргісі келді. Бұл концепцияның негізгі идеясы жан басына ЖІӨ-ді өсіру болды. Льюистің ойынша дамушы елдердің экономикасы тек бір секторды ғана дамытып дами алмайды. Дамытудың бір ғана саласын таңдау бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінде теңсіздікті тудырады. Егер бір сала дамып алдыға шықса, қалған салалардағы дағдарыс оны да жоққа шығарады. Ең алдымен экономиканың негізгі салалары дамытылуы қажет: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қызметі көрсету саласы.

3. Периферийлі экономика теориясы. Өкілдері Р. Пребиш, С. Фуртадо, С. Амин. Пребиштің ойынша дамушы елдер жағдайында халықаралық сауданың классикалық теорияларын қолдану тиімсіз. Бұл теорияның қалыптасуының алдыңғы кезеңі дайын өнімге қатысты шикізат бағасының түсуі болды. Пребиш мұны техникалық прогресс нәтижесінде табыстың теңсіз бөлінуінен екенін тапты. Пребиштің айтуынша орталықтың табыстары перифериядағыға қарағанда жоғарғы қарқынмен өседі, себебі оларда өнеркәсіптік өндірісте еңбек өнімділігінің өсуі бағаға әсер етпейді. Онда монополиялар өз пайдасын жібермейді, ал синдикаттар жалақыны өсірмейді, сондықтан халықаралық саудада алғашқы өнімнің бағасы түседі. Талдау нәтижесінде Пребиш мынадай тұжырымға келді: Мұндай жағдайдан шығу үшін мемлекет протекционистік шараларды өз пайдасына қарастыратын импортығыстырушы өнеркәсіптендіруге бағытталған экономикалық саясат жүргізуі қажет. Пребиш осы тұрғыда басқарушы және мемлекеттік аппаратты модернизациялауды, техникалық погрессті алғашқыда шетел инвестицияларын тарту арқылы қолға алуды ұсынды. Сосын инвестицияларды минимизациялап, ішкі нарықты кеңейтіп, оны дамыту қажет. 1) Егер өндіріс шығыстарының икемділігі экспорт бағаларының икемділігінен төмен болса, онда импортты ығыстырған жөн. 2) Кедендік қорғау деңгейі өндіріс шығыстарының айырмашылығына сәйкес болып экспортты қысқартпаса протекционизм тиімді болады.

Алайда көптеген экономистер, сонымен қатар Әлемдік Банк, Халықаралық Валюталық Қор, Әлемдік Сауда Ұйымының мамандары дамудың импорталмастыру моделін пайдасыз деп тапты. Олардың ойынша жоғары кедендік баж қойып жүзеге асырылған импортығыстыру саясатының арқасында тек бәсекеқабілетсіз және іске қосылуы қымбат өндірістер дамиды. Нәтижесінде мұндай стратегия тиімсіз экономика, сауда балансының тапшылығына және экономикалық дағдарысқа алып келеді. Әлеуметтік-экономикалық үрдістердің интернационализациясы және әлемдік экономиканың глобализациясы жағдайында экономикалық өсуді тек экспортқа бағыттап әлемдік шаруашылыққа интеграциялану арқылы ғана жетуге болады. Глобализация артықшылықтарын пайдалана білген елдер ғана экономикасын дамыта алады. Алайда глобализация үрдістеріне қосылу дамитын және дамыған, экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің арасындағы экономикалық алшақтықтықты көбейтеді.

Біріншіден, глобализация үрдісі бірнеше проблемалар тудырады:

- глобализация артықшылықтарының тең емес бөлінуі;

- тауар және қызметтердің халықаралық нарықта жағымсыз үрдістер

пайда бола қалғанда ұлттық шаруашылықтың зардап шегіу. Мысалы 1997 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда басталған қаржы дағдарысы 2 жылда Ресей, ТМД елдеріне, Бразилияға тарады.

- ел үкіметінің ұлттық экономиканы бақылау мүмкіндігінен айрылуы және бақылаудың қуатты мемлекеттер және трансұлттық корпорациялар қолына өтуі;

- иммигранттардың көп келуіне байланысты дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің көтерілуі.

Экономикалық және технологиялық жағынан ел неғұрлым бай болған сайын, ол глобализациядан көп артықшылықтарды алады. Ғылыми-техникалық, өңделген өнімді экспорттап шикізатты импорттай отырып, дамыған елдер әлемдік шаруашылықта жасалған қосылған құнның көп бөлігін иемденеді.

Планетамыздың ең бай 20% халқына әлемдік табыстың 83%-ті келеді, қалған 80% халыққа 17% табыс, ең кедей бөлігіне 1, 4 % табыстың үлесі тиеді екен. Ең бай 20% елдер мен ең кедей 20% елдер мен ең кедей 20% елдердің арасындағы алшақтық 1960 жылы 30:1, 1990 жылы 60:1, ал 2000 жылы 100:1 болды. Постиндустриалды әлем азаматтарын қалған халықпен салыстырғандағы номиналды жылдық табыстары 1960 жылы 5, 7 мың доллардан 1993 жылы 15, 4 мың долларға өсті. Нәтижесінде глобализация әсерінен бірнеше мемлекет әлемдегі өндіріс пен тұтыну үлесінің маңызды бөлігін елдерге саяси және экономикалық қысым көрсетпей-ақ бақылап отыр.

Кесте 1.

1995 ж. Елдер топтары бойынша жалпы әлемдік өнімнің бөлінуі

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Барлығы: Барлығы
Табысы жоғары елдерде: Табысы жоғары елдерде
Көрсеткіштер: жоғары
Барлығы: орташа
Табысы жоғары елдерде: төмен
Көрсеткіштер: Жалпы әлемдік өнім, трлн. доллар, %
Барлығы:

24

100

Табысы жоғары елдерде:

19, 2

80

3, 6

15

1, 2

5

Көрсеткіштер: Елдер саны
Барлығы: 132
Табысы жоғары елдерде: 24
63
45
Көрсеткіштер: Халық, %
Барлығы: 100
Табысы жоғары елдерде: 13, 5
31, 5
55
Көрсеткіштер: Жан басына шаққандағы ЖІӨ, доллар
Барлығы: 4300
Табысы жоғары елдерде: 23200
200
324
Көрсеткіштер: Бір жұмысбастыға шаққандағы ЖІӨ, доллар
Барлығы: 9700
Табысы жоғары елдерде: 51318
5714
836
Көрсеткіштер: Жан басына шаққандағы тұтыну, доллар
Барлығы: 2714
Табысы жоғары елдерде: 14800
1440
236
Көрсеткіштер: Жан басына шаққандағы жалпы инвестициялар, доллар
Барлығы: 1470
Табысы жоғары елдерде: 3650
520
84
Көрсеткіштер: Жан басына шаққандағы экспорт көлемі, доллар
Барлығы: 700
Табысы жоғары елдерде: 3600
410
50
Көрсеткіштер: Жан басына шаққандағыИИК, доллар
Барлығы: 450
Табысы жоғары елдерде: 2350
250
32

Кесте 1 мәліметтері көрсетіп тұрғандай 24 дамыған елге ЖІӨ-нің көп көлемі, тұтыну, инвестициялардың, экспорттың маңызды бөлігі келіп отыр.

Постиндустриалды елдерде табыстың 1/5 бөлігі экспортқа тәуелді болса, дамушы елдерде 1/3 бөлігі тәуелді. Дамыған елдерде экспорттық квота 5-8%, ал Бразилияда 18%; Мексикада 23, 5%; Қытайда 21, 9%; Индонезияда 21, 9%; Оңтүстік Кореяда 26, 8%; Сингапурде 132, 9%. Дамушы елдер дамыған елдерге қарағанда үлкен экспорттық квотаға ие бола тұра, постиндустриалды елдерге қарағанда төмен табыс алады. Мысалы Қытай экспортының құны Бельгиядан төмен.

Екіншіден, интернационализация және глобализация тұрғысында аймақтану үрдісі жүріп, әр түрлі әлемдік нарықтан тәуелсіз интеграциондық топтар құрылып жатыр.

Глобализация мен аймақтану бір үрдістің нәтижесі болса да жиі-жиі бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген елдер соңғы жылдары топтанып ішінара экономикалық ареалдар құрып жатыр. Интеграциялық топтың мүддесін қорғау қалған әлемдік шаруашылық мүддесінен маңызды болып отыр. Мұндай топтар ӘСҰ, БҰҰ сияқты ұйымдардың нұсқауларын қабылдамауы да мүмкін.

Көбіне ішінара интеграциялық топтарды постиндустриалды елдер құруға тырысады. Ю. Шишковтің ойынша бұл аграрлі және мұнай өндіруші елдерде жоқ дамыған экономикалардың құрылымды түрде бір-бірімен толықтырумен байланысты. Мысалы Европалық Одақ және НАФТА-ны алсақ болады. Бұл топтардағы сауда үлесі жыл сайын ұлғаюда. ЕО-та елдер негізінен экспортқа бағытталған тауарлар өндірісіне маманданғанмен, операциялардың көп бөлігі аймақ ішінде болады. 1958 жылы ЕО-та сауда айналысы 36% болса, бүгінгі күнде ол 74%. /26, б. 75-78/ 20-шы ғасырдың 90-шы жылдары ЕО-тың сыртқы саудасында Оңтүстік-Шығыс Азия мен Японияның үлесі 13%, Латын Америкасының үлесі 2, 5%, Африка елдерінің үлесі 2, 8%. Интеграциялық үрдіс тереңдей берген сайын ЕО-тың АҚШ-тың импорттық тауарларынан тәуелділігі азайды. 1970 жылы АҚШ-тың ЕО-қа экспорты оның жалпы экспортының 25%-ін құраса, 1998 жылы ол 19, 6% боды. /9/ Қазір бұл көрсеткіш …14, 7%. Бұл әрине ЕО экономикасына әлемдегі дағдарыстарға максималды төтеп беруіне мүмкіндік беріп отыр. Мұндай саясатты НАФТА-да ұстанып отыр. АҚШ, Канада және Мексика арасындағы сауда операциялары бұлардың барлық сыртқы саудасының 49, 1% -ін құрап отыр. Канада және Мексика АҚШ-қа 74% және 69, 3% экспортын бағыттайды және 67% пен 68% импорттайды. АҚШ-тың сыртқы саудасында НАФТА қатысушыларының үлесі 46, 3%. /29/. Мұндай экономикалық жүйелердің құрылуы арнайы сауда саясатын жүргізу арқылы пайда болды. Яғни топ ішіндегі елдер арасында кедендік бөгеттерді алып тастап, өндірісі ішкі нарықта бар және сұранысты қанағаттандыратын немесе ұлттық монополиялардың мүддесін қорғайтын басқа елдер тауарларына портекционистік саясат жүргізу. Протекционистік саясат алдымен номиналды орташа кедендік тарифтен 2 есе артық қойылым қою, тарифтік эскалация жүргізілумен байланысты. Соңғы жылдары кедендік емес бөгеттер қолдануда, яғни импортты лицензиялау, мемлекеттік сатып алу, сандық шектеу.

Интеграциялық топтар қолданатын портекционистік бөгеттер бұл топтарға кірмейтін дамушы және экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерге 100 млрд. доллар шығын келтіреді. Бұл сома дамыған елдер дамушы елдерге көрсаететін көмектен 2 есе артық.

Сонымен бірге ЕО және НАФТА елдері аймақтық мүдделерді қорғауды басқа елдерден импортқа қатысты белсенді импортығыстыру саясатын жүзеге асырады. Сауда бөгеттерін алып тастау преференциалды сауда аймақтарының пайда болуына әкелді. Мұндай саясат ЕО және НАФТА-ның өз экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және басқа елдерден тауарлар мен қызметтердің енуінен сақтау үшін қолданылды. /24 /

Нәтижесінде әлемдік жалпы өнімнің үлкен бөлігі жергілікті қауымдастықтар шегінде өндіріледі, мысалы европалықтар сатып алатын автокөліктердің 80% -ті Европада жасалған. АҚШ-та бұл көрсеткіш 85%. Мұндай көрсеткіштер химиялық, металлургиялық және электротехникалық өнеркәсіпте, қызмет көрсету саласында және құрылыс саласында орын алып отыр.

Аймақтық топтар шегіндегі импортығыстыру тәуелділікті төмендетіп, ішкі тұтынымды ғылыми-техникалық және инновациялық өніммен өз өндірісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл постиндустриалды елдер алғашқы және төмен технологиялық өнеркәсіп өнімдері нарығын үшінші елдерге бәсеке үшін ашса, интеграциялық топ шегінде жоғары технологиялық өндіріс нарығын белсенді түрде қорғайды деген сөз. Мұндай тендецияны ғылыми зерттеулерге кеткен инвестициялар көлемінен байқауға болады. Мұндай мақсаттарға ЕО және НАФТА елдері, сонымен бірге Жапония жыл сайын 400 млрд. доллар құртады. Мұның 42, 8%-ті АҚШ пен Канада үлесінде. 90 жылдары Латын Америкасы мен Африка бұл соманың 1%-ін ғана осындай мақсаттарға жұмсайтын. Нәтижесінде “Үлкен жетілік” мүшелері жоғары технологиялық өндірістің 90, 5%-ін, әлемдегі компьютерлік техниканың 80, 4%-ін қамтамасыз етеді. 1993 жылдың соңына тіркелген 3, 9 млн. патенттің 87%-ін осы елдер бақылайды. Американ интеллектуалдық меншігінің шетелге сатылуы 1986 жылы 8, 1 млрд. доллар болса, 1995 жылы 27 млрд. долларды құрады, технологиялар импорты өссе де 6, 3 млрд. доллардан аспады, сауда балансының оң сальдосы 20 млрд. доллар болды. /8, б. 102-104 /

Сонымен қазіргі әлемдік нарық тенденциялары постиндустриалды елдердің глобалды нарықты құруға қатысқысы келмей, қалған әлемнен тәуелділігін төмендету және жоғары технологиялық өнімді импортығыстыру арқылы аймақтануға бағытталумен сипатталып отыр. Бұл әрине дамушы және экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерде интеграциялық құрылымдарға және импортығыстыруға қажеттілікті көрсетіп отыр.

Алайда дамушы елдер тиімді интеграциялық топтар құрып, үлгі көрсетіп отырған жоқ. Ұлттық экономикалардың өзара интеграциялануға қабілеті олардың құрылымды түрде бір-бірін толықтыра алатындығымен байланысты. Дамушы елдердің құрылымдары ұқсас болғандықтан олар толықтырушы емес бәсекелес сипатта болып табылады. Экспорттық ресурстардың шектеулілігі, төмен сапалылық өзара сауданы шектейді. Көбіне дамушы елдер интеграциясы формальді болып келеді. Мұндай жағдай посткеңестік кеңістікте байқалады. Формальді түрде қол қойылған көптеген келісімдер ТМД елдерінде өндірілген тауарлардың бірегей салық салу тәртібінің құрылуына, капитал мен қызмет және жұмысшы күшінің еркін қозғалуына әкелмеді.

Егер ұлттық шаруашылықтардың интеграциялану деңгейіне, жалпы сауда айналысындағы өзара сауда айналысына баға берсек, ТМД интеграциясын нәтижелі деп айту қиын. (кесте 2)

Тіпті өзара сауда көлемінің өскен жылдардың өзінде ішкі аймақтық сауда 27, 6% қана болды, қалған елдердің үлесі 72, 31%. Ең көп көлемде ТМД елдерінің ішінде Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина елдерімен сауда айналысы төмендеді. Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстанда бұл көрсеткіш 20-30%. Белоруссияның ішкі аймақтық сауда үлесі 2000 жылы 60% болды. Алайда 1990 жылы 70% болған ішкі аймақтық сауда айналысы қазіргі күнде 3 есе азайды. /22/

90-шы жылдары экономикалық қарым-қатынас негізі кәсіпорындар арасындағы кооперациондық байланыстар болса, қазір қарым-қатынастың ең төмен сатысы тауарлар айырбасы орын алып отыр. Қазіргі күнде ЕврАзЭс-тің құрылуы да нәтижелі болып отырған жоқ.

Кесте 2

2000 жылы ТМД елдерінің ішкі аймақтық сауда қатынастарының мәні .

Елдер: Елдер
Экспорт: Экспорт
Импорт: Импорт
Елдер: Көлемі, млн. доллар
Экспорт: %-тік үлесі
Импорт: Көлемі, млн. доллар
%-тік үлесі
Елдер: бар-лығы
Экспорт: ТМД
Импорт: қал-ған елдер
ТМД
қал-ған ел-дер
бар-лығы
ТМД
қал-ған ел-дер
ТМД
қал-ған ел-дер
Елдер: ТМД
Экспорт: 146140
Импорт: 29710
116430
20, 3
79, 7
82205
33525
48680
40, 8
59, 2
Елдер: Армения
Экспорт: 300
Импорт: 75
225
25
75
886
165
720
18, 6
81, 4
Елдер:

Азербай-

жан

Экспорт: 1750
Импорт: 235
1515
13, 4
86, 6
1390
375
1015
27
73
Елдер: Беларусь
Экспорт: 7380
Импорт: 4465
2915
60, 5
39, 5
8485
6015
2470
70, 9
29, 1
Елдер: Грузия
Экспорт: 330
Импорт: 135
195
40, 9
59, 1
725
250
475
34, 5
65, 5
Елдер: Қазақстан
Экспорт: 9140
Импорт: 2340
6800
25, 6
74, 4
5050
2535
2515
50, 2
49, 8
Елдер: Қырғыз-стан
Экспорт: 505
Импорт: 205
300
40, 6
59, 4
555
300
255
50, 2
49, 8
Елдер: Молдова
Экспорт: 470
Импорт: 275
195
58, 5
41, 5
775
245
530
31, 6
68, 4
Елдер: Ресей Федера-циясы
Экспорт: 105200
Импорт: 14600
90600
13, 9
86, 1
45500
13695
31805
30, 1
69, 9
Елдер: Тәжікстан
Экспорт: 780
Импорт: 370
410
47, 4
52, 6
675
560
115
83
17
Елдер: Түркмен-стан
Экспорт: 2700
Импорт: 1500
1200
55, 6
44, 4
1400
460
940
32, 9
67, 1
Елдер: Украина
Экспорт: 14575
Импорт: 4490
10085
30, 8
69, 2
13955
8025
5930
57, 5
42, 5
Елдер: Өзбекстан
Экспорт: 3010
Импорт: 1020
1990
33, 9
66, 1
2810
900
1910
32
68

Қайнар көзі: Іnternatіonal Trade Statіstіcs2001. //http//www. wto. org/statіstіc.

Өз топтары шегінде приоритетті өнімің импортын ығыстыруды ынталандыратын постиндустриалды елдерге қарағанда ЕврАзЭС елдері экономикалық қатынасты ұлғайтудың мұндай тәсілін аз пайдаланады. Интернеттегі мақалаларға жүгінсек, Ресей, Беларуссия және Қазақстанда өнеркәсіптік қайта құрудың жолы импортығыстыру деп көрсетілген.

Интеграцияның алғашқы платформасы кедендік одақтың құрылуы -аймақтағы импортығыстыру белсенділігін арттыруы қажет. Экономикалық саясатта интеграция және импортығыстырудың тіркесі бұлар жеке-жеке болғаннан тиімдірек нәтиже береді. Елдерді жекелей алғанда олардың ішкі нарығы импортығыстыруды жүзеге асырып өнеркәсіпке масштаб эффектісін қолданып, өндіріс шығыстарын төмендететіндей жеткілікті сыйымды емес. Сондықтан интеграцияны қатысушы елдер арасында рационалды еңбек бөлінісінің ынталандыратын механизм ретінде қарастырған жөн. Интеграциялық құрылымдардың потенциалы мен тиімділгіне келсек, одан түскен пайданың теңдей емес бөлінуі дағдарыс тудыру мүмкін. Мысалы ЕО-та өнеркәсіптік сектордағы өндірісті көтеру нәтижесінде өндіріс жоғары дамыған аудандарға көшірілді.

Сонымен қатар ең гүлденген (Париж ауданы) және ең артта қалған (Италияның оңтүстігі) аудандарының ара қатынасы 50-ші жылдары 2:1 болса, 20-шы жылдан соң 6:1 болды.

Ғалымдардың ойынша ЕврАзЭС елдеріндегі дифференциация одан да көп болуы мүмкін. ЕО-та ЕврАзЭС-тегі Ресей сияқты лидер болған жоқ. НАФТА тәжірибесі көрсетіп отырғандай интеграциялық топта ең дамыған партнер оларда АҚШ, пайданың маңызды бөлігін иемденеді. Біздің жағдайымызда бұл Ресей болады.

Қазақстанда 2001 жылы ТМД елдерінен импортталған өнім үлесі 50, 2 % болды, оның үлкен бөлігі Ресейге келеді. Ресейдің машина жасаушы, жеңіл және химиялық, мұнай химиясы салаларының, ауыл шаруашылығының өнімдері Қазақстанмен салыстырғанда бағасы және сапасы бойынша бәсекеқабілеттілігі жоғары. Ресейде ауыл шаруашылығы субсидияланады, ал Қазақстанда мұндай инвестициялау түрі жоқ. Сондықтан сауда бөгеттерін толығымен алып тастау жаңағы өндірістердің тоқтатылуына әкеледі. Интеграциядан пайданың теңсіз бөліну мәселесінің өнеркәсіптік қарым-қатынас арқылы шешуге болады. Мысалы АСЕАН елдері 1976 жылы аймақтағы тауарларға қажеттілікті қанағаттандыратын бірнеше біріккен кәсіпорындар құрды. Жергілікті шикізатты пайдалаушы, жұмысбастылықты көбейтетін, елдің экономикасына кумулятивті әсері бар кәсіпорындарға артықшылық берілді. Сонымен Сингапурда теледидар құрылғыларын жасаушы, дизелді двигательдер жасаушы зауыттар, Тайландта кальцийленген сода шығаратын, Филиппинда суперфосфатты зауыт ашылды. Қабылдаушы ел қаржыландырудың 60%-ін мойнына алды, ал қалған 40%-і қатысушы елдер арасында бөлінді.

ТМД және ЕврАзЭС шегінде өнеркәсіптік бірін-бірі толықтырушы механизм әлі нашар бірақ бар. 1994 жылы ТМД елдерінің басшылары біріккен өндірістік, коммерциялық, несие-қаржылық, сақтандыру ұйымдарын құру туралы келісімге қол қойды. Қазақстан және Ресей қатысуымен 2 ФПГ құрылды: ”Интеррос” химиялық тыңайтқыштар, алюминий, никель, мыс өндірісі мен экспортына бағытталған, ”ТАНАКО” трансұлттық алюминий компаниясы. Алайда қазақстанның өнеркәсіптік мамандануына мұның әсері шамалы болып отыр. Қазақстан әлі де шикізат экспортына бағытталған кәсіпорындардың қатысушысы. Посткеңестік аймақта жоғары қосылған құн өндірістерін іске қосуға мүмкіндік бар. Мысалы Ресейлік комбайн жасаушы Россельмаш 95% бөлшектерін Қазақстаннан алатын. Сондықтан өнеркәсіптік қатынастың механизмдерін пайдалану постиндустриалды елдердің ХЕБ-не қатысу тиімділігін жоғарлатады.

1. 2 Жаңа индустриалды елдердегі импортығыстыру саясаты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және даму болашағы
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
Қытайдың энергетикалық сыртқы саясаты
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
«Қазмұнайгаз» ақ кадрлық қызметін талдау
Электр энергетикасы саласын дамыту
Сыртқы экономика
Өнеркәсіптік маркетингтің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz