Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды құру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісімен

(ғылыми жәрежесі)

Лисенков А. А.

«___» 20___г.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы

Рецензент: Жетекші

ғылыми дәрежесі ғылыми дәрежесі

Д. А. Айтжанова Қ. Б. Дауылбаев

«___» 20__ж. «___» 20__ж.

Стандартизация Студент: Бұхарбаев А.

бойынша кеңесші Мамандығы: 522230 Тобы: ММб-03-1қ

ғылыми дәрежесі

Д. И. Данабаева

«___» 20__ж.

АЛМАТЫ 2007

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 7

Бөлім-I Дүние жүзі мен Қазақстандағы инвестициялық процестердің теориялық негіздері . . . 12

  1. Инвестициялар, елдің экономикалық дамуының құрамдас бір бөлігі ретінде . . . 12
  2. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының рөлі мен орны . . . 22
  3. Қазақстандағы шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеудің механизмдері мен құралдары . . . 34

Бөлім-II ҚР шетелдік инвестицияларды тартудың тәжірибесі мен проблемалары . . . 46

  1. ҚР-ғы инвестициялық саясатқа талдау жасау, оның бағыттары, қағидалары және басымдықтары . . . 46
  2. ҚР инвестициялық ахуалды бағалау . . . 52
  3. Шетелдік инвестициялауды Қазақстан экономикасының дамуының ажырамас бағыты ретінде интенсивтендіру . . . 66

Бөлім-III ҚР шетелдік инвестицияларды тарту мен оның дамуының болашақтағы бағыттары . . . 76

3. 1 Негізгі капиталға салынған қаражаттардың құрылымы . . . 76

Қорытынды . . . 100

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 104

Кіріспе

Республика экономикасын түбегейлі реформалау бүгінгі таңда күрделі проблемалармен бірге өрбуде. Шаруашылық әрекеттің дағдарысты жағдайлары көптеген кәсіпорындарды тоқтап қалудың немесе банкроттықтың шегіне жеткізді. Жекешелендіруге артылған үмітке қарамастан, ол өндіріс тиімділігінің едәуір түрде артуына жағдай жасаған жоқ.

Бүгінде инвестициялар дағдарыстан шығудың, ұзаққа созылған тоқыраудан экономикалық өрлеуге өтудің бірден-бір жалғыз тетігі болып қалуда. Президент пен Үкіметтің республикадағы инвестициялық процесті жандандыруға бағытталған соңғы қадамдары осы мәселені жете түсінуден келіп туындап отыр. Мәселен, ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік Комитеті құрылды. 1995 жылы Үкімет тарапынан реформаларды тереңдетудің 1996-1998 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасы жасалған болатын. Оның басты мақсаты - макроэкономикалық тұрақтандыру мен құрылымдық-институциялық қайта құруларды аяқтау, өндірістің құлдырауын тежеу және де осының негізінде - кең көлемдегі инвестициялар арқылы экономиканың өрлеуі мен халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Осы себептен Үкімет 1999-2000 жылдары мемлекеттік меншікті жекешелендіруді аяқтап, осылайша экономикада инфляция деңгейін жылына 6-9%-ға кеміте отырып, қуатты жекеменшік секторын қалыптастырды.

Бағдарламаның міндеттерінің бірі отандық инвестицияны және сондай-ақ шетелдік инвестицияны да тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндіріске тартуда оларға қосымша қолайлы жағдайларды қалыптастыруды көздейді. Бұл Қазақстанның инвестициялық рейтингін көтеруге, республиканың дүние жүзілік экономикалық интеграцияға қосылуына мүмкіндік береді. Әділ, әрі ешкімді де алаламайтын әкімшілік тарапынан айқын, тиімді және қатаң түрде сақталатын заңдары бар ашық немесе либералды инвестициялық саясат - бұл шетелдік инвестицияны тартудағы ең қуатты ынталандыру болып табылады. Осындай саясатты қалыптастыру біздің ең басты міндеттеріміздің бірі болуы тиіс, себебі Қазақстанның, шетелдің капиталынсыз, технологиясы мен тәжірибесінсіз экономикалық өрлеу мен жаңғыруға қол жеткізе алатындығының өзін көзге елестету қиын.

Қазіргі таңда халықаралық инвестициялардың импорты республикадағы инвестициялық процесті жандандырудың ең тиімді және жедел жолдарының бірі болып отыр. Бұл мұнай өндіру мен өңдеу өнеркәсібі секілді басым салаларда құрылымдық-инвестициялық саясатты жүргізу үшін қажетті қаражаттың жетіспеушілігімен үндесіп жатыр. Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының ең маңызды элементі болып табылады және де оның мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады.

Халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың мемлекеттік саясаты экономикалық реформалардың логикасына сәйкес, оның дағдарыс пен жоғары инфляция жағдайында өндірісті құрылымдық қайта құруға, сондай-ақ нарықтық бетбұрысты дамытуға, мемлекеттік және жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін елеулі түрде арттыруға барынша көмектесудің қажеттілігінен туындап отыр.

Батыс елдері сарапшыларының пікірі бойынша, Қазақстандағы инвестициялық ахуал тұтастай алғанда қолайлы, алайда төрешілдік тосқауылдар, қаржылық тәуекелділік, нормативті-құқықтық базаның жетілмегендігі түріндегі айтарлықтай кедергілер шетел капиталы мен инвестицияларының ағылып келу процесін тежеуі мүмкін. Бір жағынан алғанда Қазақстан шетел инвесторлары үшін іскерлік ахуалдың ең негізгі параметрлері бойынша қолайлы рынок болып есептелінеді: республикадағы аса ірі рыноктық мүмкіндік, табиғи және еңбек ресурстарының мол болуы тән. Инвестициялардың мүмкін боларлық пайдалылығы Қазақстанға салынған инвестициялардан мол пайда алуды көздейтін инвесторлар үшін елеулі фактор болып отыр. Мұның бәрі белгілі бір дәрежеде шетелдік капиталдың бүгінгі таңда экономикадағы ең маңызды факторға айналуына септігін тигізді. Экономикадағы қол жеткізілген шағын өсімнің өзі ел экономикасында едәуір және ұзақ уақытқа орын алған шетелдік капиталмен байланысты. Шетел инвестициясының қаржысына тауар сатып алу республика экономикасының құрамдас бөлігіне айналды. Сонымен бірге мынаны айта кету керек: қол жеткізілген нәтижелер шынайы мүмкіндіктерден әлі де болса алшақ жатыр.

Мұның себептерінің бірі мынада:

Экономика ғылымының өзінде осы уақытқа дейін шетелдік инвестицияны тарту мен оны тиімді пайдаланудың дүние жүзілік тәжірибесі жүйелі түрде талданған жоқ, осы саладағы мемлекеттік саясаттың қағидалары, мемлекеттік реттеудің әсерлі механизмдері әлі де болса жасалған жоқ. Шетел капиталының табиғаты мен рөлін, оны ел игілігіне пайдаланудың қағидаларын ғылыми тұрғыдан айқын сезінбестен, қателерден ада мемлекеттік саясатты жүргізу мүмкін емес.

Бүгінгі күнде республикада шетелдік капиталды тарту үшін қажетті экономикалық орта мен кепілдемелер жүйесі негізінен қалыптасты. Нақты келтіретін болсақ олар мыналар: Азаматтық, кеден, салық кодекстері қолданысқа енгізілді, ҚР 27. 12. 94 жылғы №266 «Шетел инвестициялары туралы» заңды қабылданып жетілдіруде; сыртқы экономикалық қызмет барынша ырықтандырылды; басым инвестициялық жобалар үшін үкімет кепілдіктерінің институты жұмыс істеуде.

Үкімет тарапынан өнеркәсіпке салынатын инвестициялық салымдардың басым бағыттары анықталды, олар бәрін қосқанда мынадай мәселелерді шешеді: қара және түсті металлургияның шикізат базасын дамыту және арттыру, экспорттық бағыттағы өндірісті прогрессивті, экологиялық таза технология мен жабдықтардың негізінде түбегейлі қайта құру және жаңарту, кәсіпорындарды қайта жарақтандыру және дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті тауарларды өндіру.

Сондай-ақ өзге елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетел капиталы оң жағымды роль де, экономика мен елді ауыр борыш дағдарысына душар ететін кері жағымсыз роль де ойнауы мүмкін. Бұл жерде мәселе - салымдарды тиімді пайдаланып, оларға оң мультипликативті әсерді беру болып отыр, ал бұл өз кезегінде, осының салдарынан өскен экономикалық даму деңгейіне шамалас жаңа капиталды тартуға, содан соң инвестициялардың өзін-өзі қаржыландыруына өтуге мүмкіндік берер еді.

Дегенмен әрине, инвестицияларды тарту мен оларды пайдалану жолында қателіктерге жол беруде біршама тәжірибе жинақталды. Прогрессивті адамзат өзгенің қателігінен сабақ алса, ал біз сол қателіктерді істеуге ұмтыламыз. Сонымен бәрін бірдей ескере беру мүмкін емес, қателеспейтін адам - ол ештеме істемейтін адам.

Елімізге шетел инвестициясын тарту және оны пайдалану, маңызды бағыт болып табылады. Отандық инвестицияның жеткіліксіздігі салдарына ел үкіметінің инвестициялық саясаты шетел инвестициясын тартуды жолға қоюға қарай бағытталған. Осыған байланысты таңдап алынған тақырып көкейтесті болып табылады. Бұл тақырыптың көкейкестілігі мынада: елдегі экономикалық өсім белгілі бір дәрежеде өзара байланысты және бұл дүние жүзілік тәжірибеде дәлелденген. Осы еңбекте шетел инвестициясының ағылып келуін мұқият қарастырып оны талдап көруге тырысамыз.

Жұмыстың мақсаты экономикалық механизмді талдау, елдің экономикалық өрлеу жүйесіндегі инвестициялардың рөлі мен орнын бағалау, ҚР-ң экономикасына шетел инвестициясын тарту процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынадай келесі міндеттерді орындау қажет:

  • Осы жұмыста келтірілген инвестициялық процестердің теориялық негізін қарап шығу; Дүниежүзілік инвестициялық рыноктағы іс-әрекет тәжірибесін жалпылау және Қазақстандағы шетелдік инвестициялауға талдау жасап шолу; ҚР шетел инвестициясын тарту мен оның дамуының болашағы бар бағыттарды қарастыру.

Бұл жұмыста, Мадияров Д. М, Оспанов М. Т, Мұхамбетов Т. И. секілді қазақстандық ғалымдардың, сондай-ақ ресейлік, шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сондай-ақ кестелер иен суреттер пайдаланылды.

Бірінші бөлімде шетел инвестициясын тартудың түрлері мен формалары, дәрежесі қарастырылады.

Екінші бөлімде шетел инвестициясын тартуға, қазақстандағы инвестициялық саясаттың қағидалары мен басым тұстарына талдау жасалып, шолу жүргізіледі. Елдегі инвестициялық климатқа баға беріледі. Қазақстан экономикасының дамуының бөлінбес бір бөлігі ретінде шетелден келетін инвестицияны белсенді ету мәселелері қарастырылады.

Соңғы бөлімде біз республикада шетел инвестициясын тарту мен дамытудың болашағы бар бағыттарын, шетелдік капиталды тиімді орналастыру мен пайдалану үшін қажетті міндеттерді қарастырамыз. Сонымен бірге инвестициялардың ағылып келуін ынталандыру, шетелдік капиталдың келуін реттеудің тиімдірек әдістерін таңдап алу мәселелері қарастырылады.

Міне осылайша дипломдық жұмыс машиналы жазу түріндегі 90 бетте беріліп, бес кестеден бес суреттен тұрады. Бұл жұмысты жазуда шетелдік және отандық әдебиеттер, заңдар мен заң актілері, мерзімдік басылымдар пайдаланылды.

Бөлім-I Дүние жүзі мен Қазақстандағы инвестициялық процестердің теориялық негіздері

  1. Инвестициялар, елдің экономикалық дамуының құрамдас бір бөлігі ретінде

Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі, ішкі және сыртқы ресурстардың ағылып келуіне қолайлы жағдай туғызған экономиканы тиімді инвестициялау мәселесінің көкейкестілігін арттырды. Кез-келген ел үшін, әсіресе Қазақстан үшін, әлеуметтік-экономикалық саладағы жалпылама өмірлік маңызы бар мүдде ретінде елдің дүние жүзілік қауымдастықта тең құқылы адамдардың ашық өркениетті қоғам ретінде тұрақты дамуы өте маңызды. Экономиканың жаһандануы, барлық елдерді тауарлардың; капиталдардың және қызметтердің дүние жүзілік рыногына тәуелді етеді, елдің ұлттық экономикалық жүйесінің халықаралық интеграция мен бәсекеге қарай бет бұру үрдісін қалыптастырады, дүние жүзілік рынокта өзін бәсекелестік артықшылықтармен қамтамасыз ете алмайтын елдер шеттетіліп, халқы мен ресурстарын отаршылдық қанаудың объектісіне айналады. Міне сондықтан бұл жағдайда ең басты міндет, республиканың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы кезінде тәуекелділікті барынша азайту болып отыр.

Ел экономикасын инвестициялау кезінде республика мүддесінің ел байлығын ұлттық әл-ауқатына зиянын тигізбестен оның сыртқы жағдайын нығайтуға қарай жұмсалуы тұрғысынан қарауымыз қажет.

Сыртқы жағдайлардың өзгеруі ұлттық экономиканың агрессивті реакциясының пайда болуына алып кенсе немесе экономикадағы қалыптасқан жағдайды сақтауды талап етсе, онда бейімделудің қажетті шараларын жасау қажет. Бейімделу қызметтері ішкі экономикалық саланың өзгеруіне ықпал ете отырып, екі бағыттың ішкі және сыртқы ортаның өзара байланысында әрекет етуі тиіс. Сыртқы және ішкі факторлардың өзара қатынасын айқындай отырып бұл мәселеге өндірістік қатынастардың дамуы халықаралық экономикалық қатынастарға қатысу дәрежесі мен экономикалық әлеуетті бағалау тұрғысынан қарау керек.

Барлық елдерге бәсекелестік қабілетті арттыру үшін, жоғары сапалы өнімді өндіріп, соған сәйкес рынокқа шығып отыру және де өз шаруашылығын өзгеріп отырған жағдайға қарай бейімдеп отыру қажет. Ал бәсекелестік қабілетін сақтап қалуға тырысатын кәсіпорындарға негізгі үш көзден - өзіндік активтердің қоржынынан өндірістің орналасуымен байланысты активтердің қоржынынан және барынша көбірек пайда табу мақсатымен осы қоржындардың мүмкіндігін пайдалануға қажетті басқару тәжірибесінен қуат ала отырып, тиімділікті көтеруге тура келеді.

Инвестициялар - мүліктік құндылықтар мен оларға деген барлық құқықтар, сондай-ақ пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік қызмет объектілеріне инвесторлар салатын интеллектуалдық меншікке деген құқықтардың барлық түрі.

«Инвестициялар», «шет ел инвестициялары» ұғымдарына алуан түрлі анықтама беруге болады. Ағылшынның «инвестиция» (investments) сөзінің өзі «капитал құю» дегенді білдіреді. Демек, «инвестициялар» мен «капитал құю салу» терминдері - бұл синонимдер.

Көптеген авторлар капитал құю мен инвестиция арасында алшақтық жоқ деп есептейді. Өз заманында инвестицияларға классикалық анықтама берген Дж. М. Кейнс болды. Ол инвестицияны сол кезеңнің өндірістік қызметінің нәтижесінде капиталдық мүлік құндылығының ағымдағы өсімі немесе тұтыну үшін пайдаланылмаған сол кезеңнің табысының бір бөлігі деп есептеді. Қазіргі жағдай үшін Пол Хейненің мына анықтамасы дәл анық болып табылады. Ол былай деген: «Инвестициялау деп біздің болашақта күтілетін табысқа бола қандай да бір игіліктерді сатып алуымызды айтамыз. Демек, сіздің акцияларды сатып ала отырып қалай инвестицияласаңыз, фирма да жабдықтарды сатып ала отырып, солай инвестициялайды». Міне осылайша, біз инвестиция ретінде материалдық байлықтар мен материалдық емес қоғамдық құндылықтарға тікелей және жанама түрде - қаржы құралдары арқылы инновациялық және әлеуметтік салаларға салынатын инвестициялық ресурстарды айтамыз.

Инвестиция серпінін талдау барысында олардың біркелкі емес екенін және де әртүрлі типтердің қозғалысында елеулі айырмашылықтар табылуы мүмкін екендігін ескеріп отыру қажет. Сондықтан тікелей салынатын шетел инвестициясы мен қаржы құралдары арқылы салынатын қоржындық инвестицияларды ажырата білу қажет.

Тікелей шетел инвестициялары - шетелдік инвестордың ҚР-ң қайта құрылып жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаларында жүзеге асырылып жатқан инвестициялары, шетел инвесторының оларға қатысты заңды тұлғалар тарапынан қабылданатын шешімдерін айқындап беруге құқығы бар.

Қоржындық шетелдік инвестициялар - шетел инвесторының құнды қағаздар арқылы жүзеге асыратын инвестициясы.

Мақсатты бағыты мен айналыс саласына байланысты инвестицияның 3 түрін бөліп көрсетуге болады:

  • Материалдық активтерге салынатын инвестициялар, яғни қаражатты ғимараттарға, қызмет ету мерзімі бір жылдан асқан машиналар мен жабдықтардың кез-келген түрлеріне және материалдық қорларға жұмсау; Қаржы активтеріне салынатын инвестициялар, яғни қаражатты құнды қағаздарды сатып алуға жұмсау; Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар. Инвестицияның бұл түрі қаражатты патенттер, лицензиялар сатып алуға, біліктілікті, өмір сапасын, ұлт денсаулығын және т. б. көтеруге жұмсауды білдіреді.

Инвестициялардың барлық түрі ел шаруашылығының дамуына зор маңызы бар, әйтсе де олардың рөлі әртүрлі болуы мүмкін. Инвестициялардың негізгі капиталды ұдайы өндіруі көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда олар жалпы инвестициялар; таза инвестициялар, яғни негізгі капиталдың молаюына қарай бағытталған инвестициялар; шығынның орнын толтыратын инвестициялар болып бөлінеді.

Инвестициялардың қалыптасуына ықпал ететін факторларға байланысты, экономикалық әдебиетте оларды туынды немесе индукцияланған; дербес инвестициялар деп бөлу жүзеге асырылады.

Инвестициялар сондай-ақ инвесторға байланысты мынадай болып та бөлінеді:

  • Ұлттық инвестициялар - бұл ҚР-да тұрақты түрде тұратын қазақстандық заңды және жеке тұлғалар тарапынан іске асырылатын инвестициялар. Шетел инвестициясы - бұл шетелдік инвестор тарапынан жүзеге асырылатын инвестициялар.

Федоров, Ширшов, Бойко секілді атақты экономистер инвестиция көздерін экономикалық және ұйымдық-қаржылық белгілер бойынша жіктейді.

Инвестициялардың экономикалық көздері амортизациялық қор, халық шаруашылығының таза жинақталған қорлары (кәсіпорындардың түсірген пайдалары, бюджеттің тікелей табыстары), тұрғындардың жинақтары, ұлттық байлықтың элементтері (резервтік, сақтандыру және осы тектес қорлар; қордағы негізгі құрал-жабдықтар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды іске асырудан келетін пайда), кредиттік ақшалардың эмиссиясы мен шетелдік капитал болып табылады.

Сурет1. 1 - Инвестициялар мен экономикалық өрлеудің арасындағы өзара байланыс

Ұйымдық-қаржылық қатынаста күрделі салым көздері кәсіпорындардың өзіндік қаражаты (амортизациялық аударым, шығып қалған мүлікті сатудан түскен пайда, ішкі активтерді жұмылдыру, үлестірілмеген пайда және өзге де ақшалай жинақтар), қарыз қаражаты (банктердің кредиттері, қаржы-инвестициялық құрылымдардың несиелері, кәсіпорындардың құнды қағаздарының эмиссиясын орналастырудан түсетін қаражат, кредиторларға берілетін берешек) .

Орталықтандырылған ресурстар (қайтымсыз бюджеттік қаражаттандырулар мен жеңілдікке ие инвестициялық мемлекеттік кредиттер), шетел инвестициялары (жарғылық қорларға салынатын салымдар және кәсіпорындардың акцияларын сатып алу, шетелдік банк пен халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттері) мен жекелеген азаматтардың қаражаттары болып табылады.

Инвестициялық көздер мен экономикалық даму арасындағы өзара байланысты кестелі түрде 1. 1-ші суретте қарап шығуға болады.

Шетелдік инвесторларға әдетте субъектілердің мына категорияларын жатқызады:

  1. шетелдік заңды тұлғалар (нақтырақ айтар болсақ, өздері тұрған елдің заңына сәйкес құрылған және инвестицияларды жүзеге асыруға құтылы кез келген компанияны, фирманы, кәсіпорынды, ұйымдар мен ассоциацияларды қоса алғанда) .
  2. Шетелдік жеке тұлғалар. Шетел азаматтары. Азаматтығы жоқ тұлғалар.
  3. шетелде тұратын отандық азаматтар.
  4. Шет мемлекеттер.
  5. Халықаралық ұйымдар.

Инвестициялық қызметтің субъектілері мен объектілері арасындағы кестелі байланысты 1. 2-ші суреттен көруге болады.

Шетел инвестициясы жайлы айтқанда ең алдымен мемлекеттік инвестиция мен жеке меншік инвестиция арасындағы айырмашылықты айқындап алуымыз қажет. Мемлекеттік инвестициялар - ол бір немесе бірнеше мемлекеттің өзге бір мемлекетке беретін қарыздары мен кредиттері. Бұл жағдайда әңгіме мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жайлы болып отыр. Бұл қарым-қатынастар халықаралық келісім-шарттармен реттеледі де оларға халықаралық құқық нормалары қолданылады. Сондай-ақ «диагоналды» қарым-қатынаста болуы мүмкін. Қарым-қатынастың бұл түрі, жеке меншік банктер консорциумының (тобының) мемлекетке инвестиция беруін білдіреді.

Жеке инвестиция ретінде бір елдің жеке фирмасының, компаниясының немесе азаматының өзге бір елдің осы тектес субъектісіне беретін инвестициясын айтамыз. Инвестицияның қарым-қатынастардың күрделі және алуан түрлі болғаны сонша, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты болып келеді, мұндай байланыс инвестордың өзінің құқықтары мен талаптарын мемлекетке беретін суброгация жағдайында әбден мүмкін.

Қарым-қатынастың бұдан күрделірек түрі ол борышқор мемлекеттің алған кредиттері бойынша материалдың міндеттемелері (мысалы пайыздар бойынша өтемдер) жеке инвестордың борышқор елдегі мүліктік құқығының толық немесе бір бөлігінің құнының есебінен қанағаттандырылуы (ммысалы, табиғи байлықтарды өндіру құқығын беру) .

Сурет 2. 2 - Инвестициялардың объектілері мен субъектілерінің өзара әрекеті.

Шетел инвестициясын тартудың формалары:

  • Жаңа біріккен кәсіпорындарды құру жолымен БК-да үлестік қатысу, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардағы қатысу үлесін алу; Жекешелендіруге қатысу; Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды құру; Шетелдік қатысушысы бар банктерді құру; Кәсіпорындарды сатып алу; Еншілес кәсіпорындарды, филиалдарды, өкілдіктерді құру; Жерді және өзге де табиғи ресурстарды пайдалану құқығын сатып алу; Құнды мемлекеттік қағаздарды сатып алу; Жергілікті заңды тұлғалардың құнды қағаздарын сатып алу; өзге де мүліктік құқықтарды сатып алу; концессиялық келісім-шарттарды жасау; қабылдаушы елдің заңды тұлғаларымен және азаматтарымен келісім-шарт жасау; еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық әрекеттерді жүзеге асыру.

Инвестициялық процесс - бұл ақша ұсынатындарды сұраныс беретіндермен толықтырудың механизмдері. Екі жақ та қаржы институттарында немесе қаржы рыногында кездеседі. Қаржы институттарына банктер, несие-жинақтау ассоциациялары, сақтандыру компаниялары және т. б. жатады. Акциялар, облигациялар, опциондар рыноктары қаржы рыноктары болып табылады. Ал өз кезегінде қаржы рыноктары ақша және капиталдар рыногы болып екіге бөлінеді.

Мына келесі 2. 3-ші суретте, жоғарыда келтірілген инвестициялау процесін қарап шығуды ұсынамыз:

Көріп тұрғанымыздай қаржы мекемелері бір мезгілде қаржы рыноктарының жұмыстарына қатысып, қаражатты берушілер мен оған сұраныс білдірушілер арасында делдалдық қызметті де атқарады. Әйтсе де суреттегі бағыттауыш сызықтар бағытты ұсыныстан сұранысқа қарай көрсетіп тұрғанымен, инвестициялық келісімдердің кейбір түрлерінде, мысалы облигациялар сатылғанда қарыздың негізгі мөлшері соңында қарыз алушыдан қарыз берушіге (кредиторға) қайта оралады.

Инвестициялық процесс инвестор тарапынан инвестициялар жүзеге асырылатын құнды қағаздарға, инвестициялаудың көлемі мен мерзіміне қатысты шешім қабылдауды білдіреді. Келесі процедура 5 кезеңнен тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕМДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Ел экономикасына шетелдік несие ресурстарын тарту және қолдану
Халықаралық капитал қозғалысындағы несие қатынастарының мәні
Тікелей шетел инвестициялары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау
Кәсіпорын - экономиканың негізгі звеносы
Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz