Дамудың салалық инвестициялық стратегиясы


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының мемлекеттің инвестициялық портфельді талқылау үнемі экономикалық ғылымның ең өзекті мәселелерінің бірі болған. Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді қаржыландыру және дамуға негізделген объектілер мен субъектілердің даму приоритеттерін анықтауды қамтиды. Бұл ұдайы өндіріс жүйесінде инвестицияларға өндірістік ресурстарды жаңарту мен арттыруда, сәйкесінше экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуде инвестициялардың басты рольге ие болуымен байланысты.
Көбінесе әдебиеттерде “инвестициялық портфель” түсінігі “бағалы қағаздар портфелі” түсінігіне сай келеді делінген. Инвестициялар жалпы тура (нақты) және портфельді болып бөлінетіндігі белгілі. портфельдік инвестициялар - бұл бағалы қағаздарға салымдар. Яғни, «портфельдік инвестициялар» және «инвестициялық портфель» түсініктері арасында өзіндік байланыс бар. Алайда, біздің ойымызша, бұл категориялардың шынайы мазмұнын ескерсек, «инвестициялық портфель» - «бағалы қағаздар портфеліне» қарағанда кеңірек ұғым. инвестициялық портфель - бағалы қағаздардың, депозиттік салымдардың және инвестициялық жобаларды қаржыландыру қаражаттарының белгілі бір жиынтығы. Портфельді басқару өтімділік пен табыстылықтың арасындағы тепе-теңдікті қолдауды қарастырады.
Менің ойымша, портфельдің өтеу мерзімдері бойынша құрылымы - жоспар бойынша өтеу мерзімі болашақта болатын бағалы қағаздардың жиынтығы. Негізгі төрт құрылым бар - қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, балансталған және «гантелтектес». қысқа мерзімді портфельде өтеу мерзімі жақын арада болатын бағалы қағаздар ғана болады.
Инвестициялық портфельді қалыптастыруға қатысты ғылыми негізделген жаңа әдістерді өңдеу, әрекет етуші және жаңа бәсекелік артықшылықтарды белсендендіруге бағытталуы керек. Оларды ынталандыру отандық кәсіпорындарды жақын арада ел экономикасының жаңа технологиялық деңгейіне жеткізеді. Дәл осындай түсінік арқылы Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметімен қабылданатын республикадағы инвестициялық іс-әрекетті белсендендіру бойынша қадамдар жүзеге асырыла бастады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты стратегиясының басымдықтарының бірі - экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын өңдеу және жүзеге асыру. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі «Индустриалды инновациялық даму» стратегиясында да жалпы елдің инвестициялық стратегиясының жақын болашақтағы мүмкіндіктері мен жоспарлары қамтылған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - инвестициялық портфельді қалыптастыру және оның табыстылығын анықтау және оның сапалы жаңа дәрежеге көтерілуімен байланысты.
Инвестициялық портфельдің тиімділігін арттыру, құру және жүзеге асыру мәселесі түрлі экономикалық мектептермен талқыланған, олардың әрбіреуі инвестициялық процесті ұйымдастыруға қатысты өздерінің ғылыми-әдістемелік тәсілдемелерін өңдеген. Инвестициялық процестердің мәні мен заңдылықтарын айқындауда айтарлықтай рольге шетелдік және отандық авторлардың пікірлері ие болды. Олар: С. С. Сатыбалдин, Е. Қарымсақов, Г. Аубакирова, С. Н. Ахметов, М. С. Муханалиева, О. Белоусова, О. В. Данилова, Г. Шөптібаева, Д. И. Данабаев және т. б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - инвестициялық портфельді қалыптастыру және оның табыстылығын анықтаудың теориялық моделін құру, және оның механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды ғылыми негіздеу.
Дипломдық жұмыс мақсатына сәйкес мынадай мәселелерді шешу алға қойылады:
- «инвестициялар», «инвестициялық стратегия» категорияларының экономикалық мәні мен мазмұнын айқындау;
- инвестициялық портфельдің мәнін ашу, қазіргі таңда Қазақстанда инвестициялық портфельді қалыптастырудың теориялық аспектілерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфельдің әдістемелік негіздері және өзара әрекеттесу механизмін талқылау.
Дипломдық жұмысты зерттеу пәні - инвестициялық портфельдің мәселелері мен мақсаты.
Зерттеу объектісі - ұлттық бағалы қағаздар нарығы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі өткізілген зерттеу логикасымен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттердің тізімінен құралған.
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Инвестицияның мәні, мақсат-міндеттері және нарықтық экономикадағы алатын орны
Инвестициялық стратегия түсінігі үш «бағанаға» негізделеді: «инвестиция», «стратегия» және «даму» түсініктеріне [1, б. 56] .
Инвестиция - бұл болашақта табыс алу немесе өзге әлеуметтік, экологиялық, білім беру, инфрақұрылым және т. б. игіліктерді алу мақсатында қаржылық және экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салу.
Стратегия - бұл субъектінің ұзақ мерзімді даму жоспары: ел, аймақ, муниципалды құрылыс, кәсіпорын немесе ұйым. Стратегия түсінігімен жалпыланған немесе бекем сипатты иеленетін, концепция түсінігі жақын.
Концепция - бұл субъектінің дамуының біртұтас жоспары: ел, сала, аймақ, кәсіпорын немесе ұйым. Субъектінің дамуының жалпы стратегиясын ажыратады, мысалы, елдің, аймақтың, корпорацияның даму стратегиясы, және жеке стратегиялар: инвестициялық стратегия, инновациялық стратегия, персоналдың даму стратегиясы, жоғарғы технологиялардың даму стратегиясы, мұнай өнеркәсібінің даму стратегиясы және т. б.
Дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасы - стратегияның бөлшектенген стратегиясы. Тактика - қысқа мерзімді бағдарлама, субъектінің даму жоспары және оперативті және қысқа мерзімді мәселелер мен міндеттерді шешу. Елдің концепциясы, жалпы стратегиясы және даму бағдарламасы инвестициялық стратегияға негізделеді.
Инвестициялық стратегия - елдің алға қойған мақсаттарын, жобаларын және міндеттерін жүзеге асырушы, субъектінің дамуындағы қаржылық және экономикалық ресурстарды салудың ұзақ мерзімді жоспары. Инвестициялық стратегия макро және микро деңгейлерде жобаланады және жүзеге асырылады. Инвестициялық стратегияның келесі түрлері ажыратылады:
- Дамудың мемлекеттік инвестициялық стратегиясы;
- Дамудың аймақтық инвестициялық стратегиясы;
- Жергілікті деңгейде дамудың инвестициялық стратегиясы (муниципалды инвестициялық стратегиясы) ;
- Дамудың корпоративті инвестициялық стратегиясы;
- Дамудың салалық инвестициялық стратегиясы;
- Субъектінің дамуының жалпы инвестициялық стратегиясы;
- Дамудың жалпы стратегиясына енетін, субъектінің дамуының жеке инвестициялық стратегиясы.
Инвестициялық стратегия дамудың басқа да стратегияларымен тығыз байланысты, дегенмен, өзге де стратегиялар ұзақ мерзімді инвестициялық үрдіске және жобалардың формалданған инвестициялық талдау және таңдауына негізделеді. Жеке инвестициялық стратегиялар өзге атауларды иеленуі мүмкін, мысалы, дамудың ақпараттық немесе инновациялық стратегиясы. Мұнымен қатар, жеке стратегиялар инвестицияны негізге алады, яғни нақты жоба және бағдарламаларға қаржылық ресурстарды салу.
Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы - бұл салаға, экономиканың секторлары, кәсіпорындарға, халықтың өмір сапасы мен деңгейін арттыруға, адам капиталының дамуы мен өсіміне, инфрақұрылымның дамуына, елдің институционналды дамуына, елдің жалпы дамуына инвестициялардың ағымын ынталандыру стратегиясы және бағдарламасы. Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді қаржыландыру және дамуға қаланған объектілер және субъектілердің даму приоритеттерін анықтауды қамтиды.
Мемлекеттің инвестициялық стратегиясының негізгі мақсаты - тартымды инвестициялық климат және тартымды кәсіпкерлік климат құру (екі термин мазмұны жағынан синоним) ; бәсекеге қабілетті экономика құру; мемлекеттің тиімділігін жоғарылату; халықтың өмір сүру деңгейінің сапасы мен деңгейін жоғарылату; мемлекеттің айналымдық және геосаяси міндеттерін шешу. Инвестициялық стратегия мемлекеттің жалпы стратегиясымен, ақпараттық стратегиямен және басқа да жеке стратегиялармен тығыз байланысты. Халықаралық деңгейде елдердің инвестициялық стратегиясының жүзеге асуының нәтижесі және субъектінің экономикалық дамуының нәтижесі, елдердің, аймақтың және кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы үш алдыңғы қатарлы халықаралық рейтингтік агенттіктермен бағаланады (Moody , s, Standard & Poof , s (S&P) және Fitch) . Осы компаниялардың рейтингтері экономика субъектілерінде инвестиция ағымдарының көлеміне маңызды әсер етеді. Қазақстан экономикасындағы жағымды өзгерістер Қазақстанның инвестициялық рейтингіне меншіктеу формасында халықаралы танымдықты иеленді [2, б. 33-34] .
Жоғарғы халықаралық инвестициялық рейтинг алу үшін ел мемлекет және оның экономикасының тұрақтылығы мен тиімділігін қамсыздандыру керек.
Елдің инвестициялық тартымдылығы - бұл экономикалық және қаржылық көрсеткіштер, мемлекеттік, қоғамдық, заңнамалық саяси және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша анықталатын, интегралды көрсеткіш. Инвестициялық тартымдылық елге немесе шетелдерге физикалық, қаржылық, интеллектуалды және адам капиталының қозғалу векторын анықтайды. Жетекші әлемдік агенттіктермен елге инвестициялық рейтингті беру үшін базалық фактор және көрсеткіш елдің қаржылық жағдайы, оның экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері, елдегі саяси жағдай болып табылады. Есептеу және бағалау барысында елдің төлем қабілеттілігі, ішкі және сыртқы қарыздың көлемі, ұлттық валюта курсының тұрақтылығы, экспорт және таза экспорт көлемі, алтын валюталық қордың көлемі, инфляция деңгейі, бюджеттік жағдайы және т. б. ескеріледі. Экономиканың өсімінің тұрақтылығы есепке алынады, сонымен қатар саяси және әлеуметтік тұрақтылық назардан тыс қалдырылмайды.
Елдің инвестициялық тұрақтылығы ақша капиталының, тікелей инвестициялардың, қоржындық инвестициялардың, мамандардың, лицензия және жоғарғы технологияның елге ағып келуі немесе ағып кетуін анықтайды.
Рейтингтік агенттіктердің аналитиктерінің негізгі сыни ескертулері елдің голландық ауруымен байланысты. Голландық ауру - бұл табиғи ресурстарды сатудан кіріс есебінен елдің өмір сүруі (негізінен мұнай және газ) [3, б. 25] .
Сәйкес формамен көрсетілген, ұлттық банк жүйесіне, ұлттық валюта - теңгеге, банктік және мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімсіздік елдің жалпы инвестициялық рейтингін және оның инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Егер елдің жетекші қаржылық институттары қоржындық инвестицияларды ел ішінде емес, шетелде жүзеге асырса, онда көрнекті шетелдік инвесторлар мұндай елдің экономикасына құралдар салуда туекелге бел бумайды. Инвестор үшін нақты ереже бар (қаржылық спекулянттарды қоспағанда) : елдің сенімділігін ол ұлттық инвесторлардың іс әрекеті бойынша бағалайды. Және егер жергілікті кәсіпкерлер және қаржылық институттар елден, аймақтан және фирмадан капитал және кірісті алып шақса, онда осы ел, кәсіпорын немесе аймақ шетелдік инвесторлардың сеніміне жатпайды.
Инвестор ел немесе аймақтың инвестициялық тартымдылығын капитал қозғалысы, инфляция деңгейі, саяси, экономикалық, заңнамалық және әлеуметтік тұрақтылық, сонымен қатар адам капиталының деңгейі және сапасы бойынша бағалайды. Соңғылары оның өзіне табиғи сұрақтарға жауап беретіндігін білдіреді: мұндай адамдармен жұмыс істеуге бола ма, оларға өз ақшамды, табысымды, өз болшағымды сеніп тапсыруға бола ма? Инвестициялар мамандарсыз, адамсыз және қажетті деңгейдегі және сападағы адам капиталынсыз өз бетінше жұмыс жасамайды. Сондықтан, қазіргі таңда дамыған елдердегі негізгі инвестициялар адам капиталын дамытуға бағытталады. Жоғары сапалы адам капиталының нақты базасында қандай да болмасын ел, аймақ және кәсіпорын инвестицияны тиімді пайдалануға қабілетті. Қарсы жағдайда адам капиталының жеткіліксіздігі және оның өнеркәсіптегі инвестицияның төмен сапасы барысында нөлдік немесе төмен қайтарым береді.
Елдің инвестициялық тартымдылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі инвляция деңгейі болып табылады. Соңғы жылдары әлемнің көптеген дамушы елдері және өтпелі экономикалы елдер инфляциямен өз мәселелерінің шешімін тапқан. Дамыған елдер инфляцияны төмен деңгейде таргетирлеудің қатаң саясатын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Инвестициялық тартымдылықты жоғарылату үшін қандай да болмасын елге келесілер қажет:
- Саяси тұрақтылық;
- Экономикалық тұрақтылық (ЖІӨ тұрақты өсім қарқыны, ақша бірлігінің тұрақты бірлігі, төмен инфляция) ;
- Әлеуметтік тұрақтылық;
- Тұрақты қаржылық жүйе (несие бойынша орынды пайыз ставкалары, барлық деңгейде баланстанған бюджет, жеткілікті валюталық қор, дамыған қаржылық институтар және нарықтар) ;
- Экономика және мемлекетті дебюрократизациялау және мемлекеттік институтардың тиімділігін арттыру;
- Экономика және мемлекетті декриминализациялау;
- Төмен инфляция;
- Ұлттық валютаның тұрақты курсы;
- Халық өмірінің деңгейі және сапасының тұрақты өсімі;
- Инфрақұрылымның дамуы;
- Экономиканы әртараптандыру;
- Голландық аурудан ел экономикасын «ажырату».
ҚР нарықтық экономиканы қалыптастыру көп жағдайда жоғарыдан «әкімшілік әдіспен» жүзеге асырылады. Бұл әдістер экономиканы қатаң мемлекеттік реттеу атауын алған. Елге инвестицияның маңызды ағымын тарту үшін, тиімді мемлекет және экономика құру үшін шешілуі тиіс келтірілген міндеттер және мәселелердің тізімі қазақстандық, өркениетті нарықтық экономика және оның тиімді қызмет етуінің механизмін құруда мемлекеттің маңызды мәнін көрсетеді.
Әлем елдерінің инвестициялық стратегиясы экономикалық типі және даму деңгейі бойынша келесі елдерді ажыратады:
- Индустрияға дейінгі экономикалы (әдеттегідей, экономикасы шикізат көзінен құрылған елдер) ;
- Индустриалды экономикалы елдер;
- Постиндустриалды экономикалы елдер;
- Аралас экономикалы елдер;
- Инновациялы экономикалы елдер немесе білімге негізделген экономикалы елдер (сонымен қатар, «интеллектуалды экономика», «жаңа экономика», ақпараттық экономика» терминдері пайдаланылады) .
Технологиялық алдыңғы қатарлы елдердің экономикасы үшін индустралды-ақпараттық қоғам түсінігі енгізілген. Г. Клейнер келесі сатыны когнетивті-инновациялық деп атаған («когнетивті» термині білімге айналған конденсацияланған ақпаратты білдіреді) . Жалпы дамуы бойынша әлемдік қоғамдастық елдерін қосымша тағы ішкі бірнеше топтарға бөлуге болатын, келесі негізгі топтарға бөледі [4, б. 56] .
Дамыған елдер - жоғары технологиялы және тиімді экономикалы елдер. Оларға негізінен, Экономикалық серіктестік және даму ұйымының (ЭСДҰ) мүше-елдері жатады. Бұл АҚШ, Канада, Еуропалық елдер, бұрыңғы кеңестік елдерді қоспағандағы Жапония, Жаңа Зеландия, Австралия,, сонымен қатар Израиль, Сингапур.
Дамыған елдерге экономиканың постиндустриалды бағытымен елдер жатады (бағдарламалық қамсыздандыру дамыған, жартылай өткізгіштік технологиялар, компьютерлік ғылым және техника, байланыс жүйелері, ядролық энергетика, энергиямен қамсыздандыру, биотехнология және және т. б) . Бұл елдер экономиканың жаңа қабатына ұмтылады - ақпараттық экономика немес жаңа экономика (экономиканың жаһандануы, интернет-бизнес және интернет-технология, жаһандық ақпараттық технологиялар, жаһандық психибиологиялық технологиялар, молекулярлы электроника және т. б. ) . Бұл технологиялар қазіргі заманғы әдебиеттерде high-tech (жоғары технологиялар) атауын алған [5, б. 23] .
Әлемнің дамыған елдері әлемдік адам капиталының негізгі үлесін иеленеді. Сонымен қоса, дамыған елдер инвестицияның бір бөлігін нақты адам капиталына жүзеге асырады. Бұл оларға технологиялық және интеллектуалды дамуда, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасының алдыңғы қатарлы өсімінде шешуші артықшылықтарды береді.
Дамушы елдер - экономикасы индустралды бейімделген елдер. Олардың қатарына «азиялық барыстар» (Оңтүстік Корея, Тайвань, Тайланд, Малайзия, Қытай және Шығыс Азияның басқа да елдері), кейбір латын американдық елдер (Бразилия, Чили, Мексика және т. б. ) .
Өкшелеп келе жатқан дамыған елдер - әлемнің кедей елдері (негізінен Орталық Африка елдері, аралдық елдер және т. б) .
Дамыған елдерді үш топқа бөлуге болады:
- дамыған фундаменталды және қолданбалы ғылыммен, венчурлы бизнеспен елдер - жаңа және жаңашылдық технологияларды жобалау және сатудағы әлемдік көшбасшылар. Бұл топқа АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания және Франция жатады.
- ғылыми-техникалық потенциалы бойынша осы топқа жақын елдер. Канада, Израиль, Щвеция, Голландия, Австралия, Финляндия.
- дамыған елдер - жеке жоғарғы технологияны жобалаушы, алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланушылар: Италия, Сингапур, Жаңа Зеландия, Люксембург, Греция, Португалия және т. б. [6, б. 138] .
Әлемдік көшбасшылардың стратегиясы (бірінші топ) ғылыми техникалық және технологиялық көшбасшылық күресінде және жағарғы технология нарығында бәсекелік артықшылықтарды орнықтырудан тұрады. Дамыған елдер үшін артықшылықты даму келесілер болып табылады:
- өмір сапасының өсімі;
- адам капиталының деңгейі және сапасының жылдам өсімі,
- ЖІӨ тұрақты және орынды өсімі;
- фундаменталды және қолданбалы ғылымның дамуы және ары қарайғы тереңдей түсуі;
- жаңа технология, жаңа инновациялық өнім, тиімді өндіріс және көшбасшы салалар, әлемдік нарықтағы елдің бәсекелік артықшылықтарын орнықтыру;
- төмен инфляция және тұрақты бағалар;
- халықтық әлеуметтік қорғалуы;
- ішкі және сыртқы сауданың балансы;
- экономиканың жаһандануы;
- жаһандық желілерді қоса алғандағы жаңа инфрақұрылымды құру, дамыту және жетілдіру.
Дамушы елдерді екі топқа бөлуге болады: 1. Әлемнің көшбасшы елдеріне болжанған болашақтағы жан басына шаққандағы ЖІӨ және ғылыми-техникалық даму бойынша жақындау мақсатын алдына қойған, «дамыған экономикалы» елдер (Оңтүстік Корея, Тайвань, бразилия, Мексика, Қытай және т. б. ) . Бұл елдердің стратегиясы көшбасшы елдерден алынған жоғарғы технологияны қамту және олардың негізінде жеке технологияны жасау.
2. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы және жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімімен, экономиканың индустриалды секторын құрумен, шикізат және еңбекті жеткізушілердің рөлімен қанағаттанатын, дамушы елдер (Турция, Египет, Оңтүстңк Африка Республикасы, Чили) .
3. Өкшелеп келе жатқан дамыған елдер. Елдердің бұл тобы дамыған елдердің өздерінің даму деңгейлері бойынша артта қалған және жағдайды өзгертуі мүмкін дамудың нақты стратегиясын иеленбейді [7, б. 213] .
Шариғат заңы бойынша өмір сүретін, ислам елдерінің тобын жеке бөліп қарастыру қажет (Иран, Сауд Арабиясы және т. б. ) . Осылардың көбі салыстырмалы өмір сүрудің жоғары орта деңгейін мұнай және газды сату есебінен алады. Бірақ осы елдердің даму перспективасы анық емес. Шариат заңдары принципінде тиімді экономика құруға кедергі келтіреді (кейбір елдердегі әйел еңбегіне тыйым салу, тікелей коммерциялық несиеге тыйым, қызметтің кейбір салаларында бәсекеге тыйым салу және т. б) . және олардың елдерінің діни сипатты сақтау барысында олар басқа елдермен әлемдік экономикада бәсекеге түсе алмайды [8, б. 99] .
Ел деңгейінде инвестициялық стратегия приоритетті салалар, кәсіпорындар, әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, институционалдық даму, инфрақұрылымның дамуы, азаматтық қоғамның қалыптасуының дамуын қаржыландыру және таңдау міндетін шешеді. «Өкшелеп келе жатқан» экономикалы елдер тарихы қысқа мерзімде тиімді және бәсекеге қабілетті экономика құру міндеті тұр. Сәйкес міндетті экономиканы қатаң мемлекеттік реттеу және әлемнің дамыған елдірінің қолдауымен ғана шешуге болады. Жоғарыда аталған елдерге сәйкес қолдауды АҚШ көрсеткен.
«Өкшелеп келе жатқан» экономикалы елдердің ұзақ мерзімді стратегиясы сатылы сипатты иеленеді. Әрбір сатыда даму приоритетті салалар мемлекетпен анықталады және оларға мемлекеттік қолдау преференцияның түрлі тегінің түрінде көрсетіледі. Шығыс Азия елдерімен бастан кешірілген даму жолын шығыс - азиялық даму жолы ретінде қарастыруға болады. Осы елдердің даму стратегиясы кейбір жалпы белгілермен сипатталады:
- Шығыс-азия елдерінің инвестициялық стратегиясы өнеркәсіптің экспорттық-бейімделген салаларын дамытуға жоғарылатылған салымдарға негізделеді;
- АҚШ және Ұлыбританияның түрлі қолдаулары;
- Төмен мемлекеттік шығындар:
- Төмен салық деңгейі:
- Өте жоғары ішкі және сыртқы инвестиция;
- Сыртқы нарыққа экономиканың бейімделуі;
- Көшбасшы әлем елдерінің жаңа технологияларынан жоғары тәуелділік;
- Инновацияға жоғары қабілеттілік;
- Жоғары қосылған құнмен тауарлардың ішкі бәсекелік нарығының жеткіліксіз дамуы;
- Адам капиталының жоғары деңгейі мен сапасы;
- Нарық талаптарына бейімделудің жоғары қабілеттілігі;
- Экономиканың дамуының артынша мемлекеттік институттарды, басқару жүйесін және демократияның даму деңгейін өзгертуге қабілеттілік;
- Осы елдердегі саяси сфераның демократиялық өзгеруі және экономикадағы либералды реформалар арасында уақытша жалау маңызды орын алады.
Елдің инвестициялық стратегиясы оның дамуының, экономика секторларымен және адам капиталының басқа да жеке стратегияларымен байланысты иеленеді. Инвестициялық стратегия негізі қалаушы стратегия болып табылады, дегенмен басқа да бағдарлама, стратегия және жаспарлардың қаржыландырылуын қамсыздандырады. Осы байланыстардың негізі өмір сүру және экономиканың барлық салаларына жоғары технологияның ендіруді қамсыздандырушы және инновациялық секторды, венчурлық бизнесті, білім берудің тиімді жүйелерін, ғылымды, қаржыландыру жүйесін қамсыздардырудың базалық қызметін атқарады.
Инвестициялар - қандай да бір игіліктің өсімі мақсатында қандай да бір жобаны қаржыландыру (бірнеше игіліктің) немесе осы жобаларға сол мақсатта ақшалық емес ресурстарды салу: бағалы қағаздар, материалдық ресурстар, интеллектуалды ресурстар (лицензия, патент, бағдарламалық қамсыздандыру және т. с. с) [9, б. 36] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz