Адам капиталы экономикалық категория ретінде



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I-ТАРАУ. АДАМ КАПИТАЛЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI

1.1 Адам капиталы экономикалық категория ретінде ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Адам капиталы және соған салынатын инвестиция негізі ... ... ... ... ... 8
1.3 Адам капиталының жүйе құрушы статусы теоретикалы-
экономикалық зертеу пәні ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

II-ТАРАУ. БIЛIМ – АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI

2.1 Адам капиталы теориясы көзқарасы тұрғысынан білімге салынған
инвестиция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2. Қазақстан Республикасындағы адам капиталының білім беру
компоненті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУДIҢ
НӘТИЖЕСI
3.1 Бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi ... ... ... 38
3.2 Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жетістіктер мен
кемшіліктер. 1992-2003 жж. “аналитикалық материал” ... ... ... ... ... .46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

КIРIСПЕ

Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып отыр. Қазіргі
экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-
жақты қолдану қажеттігі туындайды.
Экономикалық стратегияның бағытын, басымдылыәын таңдауда жеткізуші
мақсатты қойылымды анықтап, әлемдік тенденцияларды ескеру арқылы қоғамдық
өмір мен экономикада не болып жатқанын түсінген дұрыс. Қазіргі таңда
қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы
болып отыр.
Біздің ойымызша жаңа менталитеттiң құрылуы мен экономикалық қайта
өңдеудiң, шаруашылық субъектiлердiң ойлауы мен әрекетiнiң идеологиялық
негiзiнiң бiрi, адам капиталы теориясы болу керек, ол қазiргi күндегi
нарықтық экономика жағдайын есептеп, ондағы ғылым мен бiлiм орнын
анықтайды, халықтың әлеуметтiк қарым-қатынасын құрудағы тұрақты теориялық
база бередi.
Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына
байланысты. Өтпелі кезеңде әсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам
капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның
мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі
адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек және
еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін
басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі
күштің бәрі бағытталу керек.
Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі
ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және
автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда
объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол
себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар
қойылуда.
Кез-келген елдегi бiлiм беру жүйесi – ұлттық мәдениеттiң, ұлттық
танымның көрсеткiшi, ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы
өзгерiстердi көрсетiп қана қоймай, өзгерiстерге әсер етедi. Бiлiм тұлғаны
әлеуметтiк-экономикалық процеске тиiмдi қатысуын қамтамасыз ететiн негiзгi
фактор болып табылады. Сол себептi бүкiл әлемде бiлiм беруге ерекше көңiл
бөлiнедi.
Жаңа XXI ғасыр өзінің әлеуметтік-экономикалық кеңістігіне шықты, оның
орталығында - өзінің табиғи және жинаған қасиеттерімен, яғни мүмкіндігі,
іскерлігі, өмірлік мамандық тәжiрибесімен адам тұр.
Дамудың стратегиясын дұрыс таңдап оны әрi қарай дұрыс жүзеге асырудан,
және ең құнды ресурсы – адам капиталын дұрыс қолданудан Қазақстандағы
экономикалық реформа нәтижесі мен болашағы шешіледі.
Тәуелсiз Қазақстан үшiн дамудың жоғары сатысы жеткен деңгейдi
тұрақтандырып, әрi қарай бiлiм берудi дамыту болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы адам капиталының дамуы және құрылуы.
Зерттеудiң негiзгi алға қойылған мақсаттарды шешу:
- Адам капиталы – экономикалық категория ретiнде.
- Адам капиталы – соған салынатын инвестиция негiзi ретiнде.
- Адам капиталының жүйе құрушы статусы теоретикалы экономикалық зерттеу
пәнi ретiнде.
- Адам капиталы теориясының көзқарасы тұрғысынан бiлiмге салынған
инвестиция.
- Қазақстандағы адам капиталының бiлiм беру компонентi.
- Бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi.
- Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы жетiстiктер мен
кемшiлiктерi.
Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі
ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және
автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда
объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол
себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар
қойылуда.
Қоғамның модернизациялануының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік
біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала
отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел
ақпараттануы, өзгерістердің динамикасының өсуі болып табылады. Адам
капиталын қоғам модернизациясы үшін қолданудағы жақсы жақтар төмендегідей.
1. Қўндылықтар құру арқылы нарықтық ортада әлеуметтілікті жеңілдету,
негізгі әлеуметтік жетістіктерді, экономика және әлеуметтік
қатынастар саласындағы тәжiрибелік біліктілікті игеру арқылы өз
жағдайы мен қоғам жағдайы үшін жауапкершілігі.
2. Алкогольді, наркомания және қылмыстылықтыѕ тарауына қарсы тұру,
әлеуметтік емес жат қылықтарды болдырмауы тағы басқалары.
3. Жас өспірімдердің әлеуметтік және экономикалық рөлдерінің жедел
өзгертуін игеру арқылы, соның ішінде денсаулығы шектеу қоятын
тұлғаларға арнайы білім беруді дамыту арқылы, әлеуметтік шығу
тегіне қарамастан талантты, пысық жасөспірімдерді қолдау арқылы
қоғамдағы әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету.
4. Ғаламдық әлемге, ашық ақпараттық құрылымға кіруге жас талаптардың
енуiне қолдау көрсету.
5. Өзіне инвестиция құйып, білім алатын әр адам үшін қоғам еркіндік
ресурсы мен таңдауға мүмкіндік беру керек.

Білімге әлеуметтік тапсырыс мемлекет тарапынан жасалатын тапсырыс емес,
жанұя және кәсіпорындардың қызығушылығының да жиынтығы болу керек.

I-ТАРАУ. АДАМ КАПИТАЛЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI

1. Адам капиталы экономикалық категория ретiнде
Экономикалық өсуге адам капиталы тұрғысынан жақындау экономикалық
мәселелердi тәжiрибелiк шешудегi өзiн-өзi жылжытудың шыәармашылық көзiн
бiрiншi орынға қояды. Бүгiнгi таңда қазiргi өндiрiстегi индивидтiң орны
мен рөлiн “адамды орталықтандырып” қайта қараған жөн, себебi адам
дамуының басты шарты ретiнде жұмысшы күшiнiң факторлы рөлiнiң азайып,
оның мақсаттылық, бақылау және басқару функциялары өсуде.
Дәстүрлi көзқарастан бас тарту тек экономикалық өсудiң жаңа теориясын
жасау және дамыту жолында ғана мүмкiн. Ол жиналған адам капиталының мөлшерi
мен динамикасын, оның қоғамдық байлық құрылымындағы орны мен рөлiн, даму
перспективасы мен тенденциясын анықтауға ғана мүмкiндiк берiп қана қоймай,
сонымен қатар өндiрiстiң материалдық факторына салынған инвестициямен
салыстырғандағы адамға салынған салымның экономикалық тиiмдiлiгi мен
әлеуметтiк мәнiн бақылауға мүмкiндiк бередi.
Бүгiнгi таңда экономикалық өсудiң көптеген модельдерi мен теориялары
жасалған, олар екi топқа бiрiктiрiлген:
1. Өсудi қамтамасыз ету көздерiне, факторларына, шарттарына басты назар
аударатын қайта өндiру мәселесiн көтерiп отырған теориялар.
2. Институтционалды-әлеуметтiк теориялар, онда басты назар әлеуметтiк
тенденцияға өсу бағасы мен нәтижесiне аударылған, соның iшiнде
“институтционалдық құрылғы” рөлi мен оның тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге.
Бiздiң ойымызша үшiншi топты атап көрсетуге уақыт келдi.
“Адам капиталы” теориясын, ол өз көзқарасын адамға инвестициялаумен
байланысты жаңа көздермен өсу факторларына бағытталған. Яғни экономикалық
өсудiң құрылып келе жатқан типiнiң динамикасы өндiрiсте қолданылатын
материалдық жағдайына емес, ақпараттық, басқарушылық “адам” ресурсын
дамытуға байланысты, бұл индивид қажеттiгi мен мүмкiндiгiн әмбебап
дамытуды қажет етедi. Жұмысшының жеке тұлға ретiндегi потенциалын
басымдылықты дамытуға, бүкiл адам индивидуалдығын қоғамдық өндiрiс iс-
әрекетiне енгiзуге бағытталған, бұл көзқарас қайта өндiру процесiне
жақындауды, “адам өндiрiсi” оның мүмкiндiктерi байлығы тұрғысынан күрт
өзгертедi. Сонымен қатар, әлеуметтiк қажеттiгiнiң бүкiл спектрiн
қамтамасыз етуге бағытталған адамға деген салым экономикалық өсудiң жаңа
типiн қамтамасыз ететiн шарт ретiнде көрiнедi. Адамды экономикалық
талдаудың жүйелiк орталығына орналастыру “жоспарлы экономика” ғылыми-
техникалық прогреске қойылған ставка уақыттарындағы нақты бейнесiн ашады.
Iсте даму абстрактылы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам капиталының iс-
әрекетi. Ол тек материалды негiзгi қорды құрып оның ғылыми-техникалық
“негiзiн” көбейтiп қана қоймай, сонымен қатар тұтынуға деген мүмкiндiктi
қоғамдылық қажеттiлiк жүйесiнiң құрылымы мен сипатын кеңейтедi.
Экономикалық өсудiң жаңа типiн камтамасыз ету көбiне шыәармашылыққа
және бейiмдiлiкке тәуелдi. Жеке бастың шеберлiгi, еңбекке ынталылығы,
мамандану деңгейiнiң жоғарылығы және тағы басқалары жоғары бағаланады.
Мұнда жаңа шаруашылық жүйе жайында сөз қозғалып отыр. Басты орында тәрбие
мен бiлiм сапасы, демалыс пен жалпы мәдениетi, денсаулығы қоғам лидерлiгi,
шаруашылық егемендiгiне қолдауға бағытталған экономикалық ортадағы
ұстамдылығы тағы басқалары маңызды рөл атқарады.
Индустриалдықтың орнына келген экономикалық өсудiң жаңа типi мына
көзқарас тұрғысынан альтернативтi:
1. Өндiрiстiң материалдық жағдайына емес, адамға деген инвестициялар
көздерiнiң өсуi.
2. Материалдық қор мен еңбек құралдары емес, интеллектуалдық,
ақпараттық ресурстар секiлдi факторлардың бастылығы.
3. Құндық формаға емес, адам капиталына мақсатты бағыттау.
4. Нәтиженi бағалау критериi – адам қажеттiгiн қанағаттандыру
дәрежесi, ең бiрiншi шыәармашылық еңбек пен еркiндiк қажеттiгiнде.
Бұл негiз экономикалық өсудiң жаңа типiн анықтауға мүмкiндiк бередi
және адам - құрал емес мақсат деген ойға әкеледi.
Экономикалық өсудi адамдық өлшеуге көшу адамды өндiрушi және тұтынушы
ретiнде әлеуметтiк-экономикалық механизм ортасына қоюға мүмкiндiк бередi.
Бұл өз алдында экономикалық ғылымның категориялық ақпаратында өзгерiстер
болатынын байқатады. Тек бұрын қалыптасқан категорияларды қайта ойластыруға
емес, жаңаларын жасауға соның iшiнде қоғамдық өндiрiске, оның адамдық
өлшемiн беретiн фундаменттiк категорияны жасауға мүмкiндiк бередi. Мұндай
фундаменттiк категориясына “Адам капиталы” категориясы да жатады. Адам
капиталы түсiнiгi интенсивтi түрде әлемдiк экономикалық ғылымда
қолданылады, ол адам туралы, интеллектуалдық әрекет рөлi туралы, адамға
деген салымның жоғары тиiмдiлiгi мен қажеттiлiгi туралы адам өмiрiнiң
негiзгi формасы ретiнде еңбектi гумманизациялап байыту туралы бiрқатар
жағдайларды жоғары бағалады.
Адамның әрекет етуi оны қолданудағы қайтарымдылық субъектiнiң еркiн
қатысуымен негiзделген оның жеке қызығушылығымен оның материалдық және
моральдық қызығылушығымен, жауапкершiлiгiмен, мәдениет және экономикалық
көзқарастың жалпы деңгейiмен негiзделген.
Көпшiлiк күрделi қозғаушы күшi ретiнде тек әр индивид өзiн жеке тұлға
ретiнде көрсете ғана алады.
Кез-келген қоғам саласыныѕ – экономикалық, саяси, әлеуметтiк әрекет
етуi ең алдымен адамдарға байланысты. Бұл адамдардың мүмкiндiктерi қандай
болса, саласы қандай болса – жүйе де сондай болады.
Ұлттың байлығы оның адам капиталына негiзделген жапондар олардың өмiр
сүруi табиғи емес адам ресурсына байланысты екенiн әрқашан да бiлген. Бұл
жерде адам капиталын экономикалық категория ретiнде қарастыру керек екенiн
ойлау керек. Өндiрiс пен экономиканың дамуының жаңа заңдары мен
тенденцияларына сәйкес индивидтiң өндiрiстiк мүмкiндiктерiнiң параметрлерi
мен аспектiлерiн көрсету тек категория жүйесiн қолданса ғана мүмкiн
болатынын айтқан жөн. Ал “адам капиталының” мәнiн толық ашу үшiн “адам”,
“адам потенциалы”, “жұмысшы күшi”, “адам ресурсы” түсiнiктерiмен бұл
категорияның орнын анықтауымыз керек.
Бiздiң ойымызша “адам капиталын” талдаудағы методологиялық нәтиже
“адам” болып табылады.
Себебi адам – нақты түсiнiк, ал адам капиталы одан туындап отыр, бұл
түсiнiктiң бар болуына адамның болуы әсер етедi. Қоғамдық тарих адамның
пайда болуынан және қауымдастықтан басталады.
Адамдар қоғамның бiрiншi қажет алғы шарты, ал адам – қоғамдық
өзгерiстiң көзi мен алғы шарты, материалдық өндiрiс негiзi. Яғни адам –
барлық адамдар iс-әрекетiнiң, барлық адамдар қарым-қатынасының базисi болып
табылады.
“Адам ресурсы” түсiнiгiмен қатар “Адам потенциалы” түсiнiгi жиi
кездеседi.
Адам капиталы – тәрбие және бiлiм алу процесiнде құралатын адамның
өндiрiстiк потенциалы. Н. И. Захаровтың айтуынша “адам потенциалы” “адам
капиталына” қарағанда кең ұғым. Оған елдiң барлық тұрғындары мәдени тарихи
тәжiрибесiмен, бiлiмiмен, мүмкiндiктерi кiредi.
Бiздiң ойымызша “Адам капиталы” “Адам потенциалы” ұғымының бiр бөлiгi.

Қазiргi экономикада ғылымында басқа да түсiнiктер қолданылады: еңбек
ресурсы және адам ресурсы.
Еңбек ресурсы еңбекке қабiлеттi жастағы тұлғалар және еңбекке
қабiлеттi жастан асқан, бiрақ жұмыс iстейтiн тұлғалар жатады.
Бұл категория маңызды ғылыми танымдық мәнде, “адам ресурсы” терминi
ресурстарға толық жақындауды, сонымен бiрге бастысы адаммен жақындауды
бiлдiретiндiктен маңызды болып саналады.
Бұл анықтамалардан көрiп отырғанымыздай адам капиталы түсiнiгi К.
Маркстiң жұмыс күшi анықтамасына жақын әкелiнген. Алайда қарастырылған
түсiнiктер бiрдей емес.
Методологиялық негiз жасау мақсатында әрi қарай талдау үшiн бұл
түсiнiктер қандай жағдайда тұрғанын анықтау керек. Олар қоғамдық қайта
өндiрiстiң бiр ғана факторын сипаттаса да, оны әр түрлi көзқараспен,
экономикалық нақты жағдайды талдаудың әр түрлi сатысында сипатталған “Жұмыс
күшi” техника-экономикалық тәртiптегi категория, ал адам капиталы қоғамдық
қайта өндiрiс категориясына жатады.
Жұмыс күшi – бұл еңбекке қабiлеттiлiгi, ал адам капиталы – бұл
қабiлеттiлiктi жүзеге асыру, бiрiншi жағдайда ол ұстаушының потенциалдық
мүмкiндiктерi, ал екiншi жағдайда нақты ұстаушы көрiнiп тұр.
“Адам капиталын” сипаттағанда келесi ерекшелiктердi ескерген жөн.
1. Қазiргi жағдайда адам капиталы экономикалық өсудiң басты факторы болып
отыр. Д. Грейсон айтқандай: “Адам капиталы – ең тиiмдi ресурс, ол табиғи
ресурс немесе жиналған байлыққа қарағанда маѕызды” “Завод, құрал жабдық
және өндiрiс запастары емес адам капиталы бәсекелестiк қабiлет пен
экономикалық өсу және тиiмдiлiктiң көзi болып отыр”.
2. Адам капиталын құру, адамның өзiнен және бүкiл қоғамнан шығынды талап
етедi.
3. Адам капиталы мүмкiндiгi мен бiлiктiлiгi түрiнде нақты запас болады,
яғни жинақтаушы болады.
4. Адам капиталына салынатын инвестиция оның иесiне болашақта жоғары табыс
алуын қамтамасыз етедi.
5. Адам капиталына салынатын салым көлемдi, уақыт бойынша ұзақ және сипаты
бойынша интегралды экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк бередi.
6. Адам капиталында физикалыққа қарағанда инвестициялық кезең ұзағырақ.
Кемiнде ол 1-5 жылға дейiн құрайды, ал бiлiмге деген инвестициялық кезең
12-20 жыл құрайды.
7. Адам капиталы физикалық капиталдан өтiмдiлiк дәрежесiмен
ерекшеленедi. Адам капиталы оны ұстаушыдан тiрi жеке тұлғадан бөлiнбейдi.
Осылайша “Адам капиталы” категориясы экономика ғылымындағы негiзгiлер
қатарына жатады. Оны жасау өндiрiс қызметiмен, бүкiл экономикалық-
әлеуметтiк жүйемен байланысты кең көлемдегi мәселелердi шешуге мүкiндiк
бередi.
“Адам капиталы” категориясын талдау және оның дамуымен, әрекет етуiмен,
қайта өндiруiмен байланысты мәселелердi талдау, әлеуметтiк- экономикалық
даму моделi мен парадигмасын өзгерту кезеңiнде ерекше өзектiлiкке ие
болады.

2. Адам капиталы және соған салынатын инвестиция негізі

Адам – қоғамның басты өндiрушi күшi. Бұл тезиспен барлық экономистер
келiскен. Тек адам ғана өндiрiстiң заттай факторларына жан беруде, яғни
капитал мен жерге.
Адам капиталы теориясында бастысы адамды капитал салымы ретiнде,
экономикалық iс-әрекет объектiсi ретiнде негiз деп тану.
Адамға салынған капитал, өндiрiске салынған инвестиция сияқты басты
капиталын құрайды, ол өз алдына қазiргi мен болашақтың арасында байланыс
тудырады.
Адам капиталы адамның бойындағы табыс әкелу қабiлетiнiң өлшемi. Адам
капиталына туылғаннан берiлген бойындағы қабiлетi мен таланты және де
бiлiмi мен бiлiктiлiгi кiредi. Бұл нақты айтылған нақ осы айтылған сөз адам
капиталының мағынасын толық көрсетуде.
Адам капиталы инвестициясы дегенiмiз – бiлiктiлiк пен қабiлттi
жоғарылату мақсатындағы кез-келген iс-әрекет, басқаша айтқанда
жұмысшылардың еңбек өнiмдiлiгi.
Сонымен адам капиталы кең көлемдi, философиялық және әлеуметтiк
түсiнiк, себебi бұл анықтамаға кiрмейтiн адам өмiр сүруiнiң аспектiсi жоқ.

70-жылдардағы даәдарыс, дамыған капиталистік елдерде қалыптасқан
жалдау қарым-қатынасының бәсекенің жаңа формасы мен инвестициялық процестің
алға қойылған модификациясының үйлеспейтіндігін көрсетті. Бұл кезеңде батыс
әдебиетінде либералдық бағыт аналитиктері жұмыспен қамтамасыз ету
саясатының қиындықтары – артық регламентация мен нарық талабына кешігіп
әсер етудің нәтижесінде деп тұжырымдады. Бұл жерде кәсіпкерлер динамизмі
баланстық жұмыс пен қамтылуға жедел өсуде база құру үшін адам ресурсын
басқару сферасын күшейіткен жөн. Ғылыми-техникалық революция қазіргі
кезеңінде жоғары тиімділікпен жұмыс істейтін жапон фирмалары болып отыр,
олардың тәжiрибесінде жұмыскерлердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері
мен ұлттық дәстүрлеріне бағытталып, адам ресурсын “жеңіл” басқаруға көңіл
бөлу ұлғаюда. Басшылық баәыты мен ўжымдаәы жеке қарым-қатынас сипаты
кадрмен жұмыс істеудің маңызды компоненті болып табылады. Сонымен қатар
жапон практикасында еңбек өнімділігі мен рационализациясын өсіруді
ынталандыруда жедел жұмыс топтары мен кішігірім ұйымдар рөлінің жоғары
екені дәлелденген. Мұның бәрі өнеркәсіп төңкерісі кезеңінен келе жатқан
экономикалық әдебиеттерде көрсетіліп келе жатқан орындаушылық және
ұйымдастырушылық функцияларды бөлу идеясына аз сәйкес келеді.
Еңбек қарым-қатынасын талдау саясатында да маңызды Өзгерістер болуда.
Еңбекпен қамтылудың фирма ішіндегі саясаты ол жүріп жатқан әлеуметтік-
экономикалық орта ғана емес, өзі де әсер етеді. Еңбек факторының
мәселелерін кешенді және объективті талдауда “адам капиталы” теориясын
жақтаушылар жұмысы басқа зерттеулер арасында бөлінеді. Бұл теория
өнімділікті өсіру мен жұмыскерлердің кәсiби потенциялының дамуын
байланыстыра отырып, жұмыспен қамтылудың макроэкономикалық талдау саласын
кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жаңа типті жұмыскерлердің ең құнды қасиеттері, олардың жаңа өндіріс
құралдарын игеру мүмкіндіктері, әр түрлі техникалық және экономикалық
параметрлерді салыстыра отырып қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауы. Бұл
талаптарға сай болу үшін, жұмыскер кәсіпорынның техникалық жүйесі қалай
жұмыс істейтінін түсіну керек, технологиялық процестің жүру барысын
сипаттайтын күрделі ақпаратты талдап алу керек. Еңбек функцияларының мұндай
интеграциясында көп нәрсе әріптестерімен маманданған түрде қарым-қатынас
жасауына, өндіріс сұрақтарын конструктивті талқылауына байланысты болады.
Атқарушы деңгейдегі жұмыскерлердің коллективтік сипаты күшеюде, бұл жай
да Жапонияның шаруашылық тәжiрибесінде көрінуде, онда өндірістік
ұыймдастырудың базалық бірлігі индивид емес топ болған. Жұмыс жүргізу топ,
бригада тапсырма алады, оны бөлшектеу дирекция бақылауынсыз өз ішінде
жүргізеді. Мұндай тәртіп жаңа күрделі техника енгізу шарттарына сай келеді,
яғни басқару қызметі өндірістік іс-әрекетінің көп түрлерін тікелей
басқарудан босайды, ол жұмысты жаңа құрлымдық түрлерге тапсырады – ерекше
типтегі бригадаларға, яғни “новатор бригадаларға”, “супер бригадаларға”
және “кең ауқымды бригадаларға”.
Қазіргі жағдайда білімнің, бiлiктiлiк және күрделі еңбектің әлеуметтік-
экономикалық мәнін түсінуге “адам капиталы” әсер етті, ол жұмыскерлердің
жалпы және арнайы білімін капиталистік өндірістің тиімділігі өсуінің
маңызды факторы ретінде қарастырады.
“Адам капиталы” жайлы ең алғаш Чикаго экономисті Теодор Шульц айтқан.
Оны талдауға итермелеген Э. Денисон жұмысының айналасындағы дебаттар болды,
онда көптеген статистикалық материалдар арқылы келесі дәлелденді,
техникалық жаңалықтар және еңбекті қолдану және өндірістік құрал-жабдық
масштабын кеңейту XIX әасыр АҚШ-тағы iшкi ўлттық өнiмнің тек жартысын ғана
ұлғайтуды қамтамасыз еткен. Экономикалық өсудің қуаттылығы сәйкес келетін
басқа бір факторды табу қажет болды. Кері жағдайда барлық экономикалық
факторлардың баланстық трансформациясы туралы классикалық емес пастулаты
күдік туғызады. (Ештеңе жоғалмайды және ештеңеден бір нәрсе туындамайды).
Кей зертеушілер өндірісті ұйымдастыруға көңіл бөлген жөн десе,
екіншілері – еңбекті, ғылыми-техникалық жетістіктерді, экономикалық саясат
тиімділігін арттыру интенсификациясына көңіл аударды. А.Т. Шульц білім
беруді бөліп көрсетті. Оның айтуынша білім алу арқылы Тейлор интелектін
малмен салыстырған шойыннан қалып құйғыштың өзі жағдайды талдай алатын,
сынық және ақауы болмайтындай алдын алу шарасын жасай алатын
жауапкершілікті және инициативті жұмыскер бола алады.
Шульцтың айтуы бойынша жұмысшы күшінің сапасының процесі білімге
қосымша салымның қарапайым нәтижесі болып табылады. Мұндай көзқарас
классикалық мектеп дәстүріне сәйкес келіп, экономикалық өсудің факторларын
сандық талдауға нақты жол ашқан. Мәселені талдау кілтін А. Смит “Халық
байлығы” еңбегіндегі 10-бөлімінде атап көрсеткен, оның жазғаны: “көп
еңбектеніп уақыт бөліп бір мамандықтың қыр-сырын оқып үйренген адамды
машинамен салыстыруға болады. Яғни ол оқып үйренген еңбек, еңбек еткені
үшін төлемақыдан басқа, оқуға кеткен барлық шығындарды жабады деп
күтіледі. Бұл білімге, іскерлікке, мүмкіндікке тәуелді қосымша табыс көзін
“адам капиталы” деп, оның түрлерін, басқа өндіріс параметрлеріне әсерін,
құрылымын және өндірістің өсуіне әсерін зерттеуге кірісу керек. Жаңа
теорияның категориялық аппаратын талдауға, оны қолдану аймағын кеңейтуге
көп еңбегін сіңірген тағы бір Чикаголық экономист Гари Беккер. Ол “адам
инвестициясына” жалпы және мамандық білім беруді ғана емес денсаулық,
ақпарат іздеу, жұмысты өзгерту, бала бағу тағы басқалары адамның еңбек
өнімділігіне әсер етуші факторларды да енгізді.
Беккер бойынша әр адам саналы есепті түрде өз мамандық потенциалын
жоғарылату стратегиясын анықтап, мүмкін болған сәтке дейін білім және
дамудың басқа да факторларына инвестициялар салады. Өз мінездемесіне қарай,
яғни интеллектуалдық мүмкіндік, қаржылық жағдайы, жасы тағы басқалар
адамдар шығындарын болашақ табыстың дисконттық өлшемімен салыстырады, яғни
өзін бір іске ақша салған жағдайдағыдай ұстайды. Сөйтіп ішкі және сыртқы
еңбек нарығында бәсекелестік туындайды деп күтіледі. Жұмыс орындарының
және әр түрлі әлеуметтік шектеулердің оѕтайлануы жағдайы өлшенген
сәйкестіктер їйлесiмiн бұзады.
Беккер және оның шәкірттеріннің идеяларында классикалық қалдықтар
көрінеді. Ғсіресе А. Маршалл еңбектерінде көп ұқсастықтар байқалады.
Алайда, бұрынғы экономистерге қарағанда, адам капиталы мектебі (Дж. Минсер,
К. Лонкастер, Р. Уиллис, М. Коллингсворт) адамға инвестицияның мәнін жалпы
талдап қана қоймай, сандық анализ тәсілін қолдану арқылы, бұрын
экономикалық категория көмегімен зерттеуге ешкім беттемеген, әлеуметтік
процесс пен институтқа шаруашылық өмірдің әсерін тағайындауға тырысқан.
Мысалы, мектепті жақтаушылар оқу мерзімі, өндірістік тәжiрибе, жеке
мүмкіндіктері сияқты параметрлердің еңбекақы мен еңбек өнімділігіне әсерін
білу үшін теңдіктер мен регрессия сызығын қолданады. Дәл осы тәсілмен адам
капиталына салынған салым түрі мен мөлшері арасындағы байланыс пен жанўя
үлкендігі, өнім деңгейі, қылмыскерлік деңгейі анықталады. Ең басты көңіл
білімнің экономикалық өсуге әсеріне бөлінеді. Мұның басты көрсеткіші
жұмыскердің білім деңгейінің өсуіне қарай, оның еңбек ақысының өсуі. Адамға
білім беруге салынған салым тиімділігін анықтаған барлық зерттеулер
көрсетуінше оқу мерзімі жоғарылаған сайын оның тиімділігі де артқанын
көрсетті, оның ассигнациялау рентабельділігі физикалық капиталға салынған
салым пайдасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсеткен. Бұл шешімдер дамыған
капиталистік елдерде кадрларды дайындау және білім беру сферасын дамытудың
теориялық негізі болды. Білім алуға шыққан шығын инвестицияның тиімді түрі
болып қабылдана бастады. Адам капиталы мектебінің саны қоғамның еңбек
тиімділігін арттыру факторларына және осы бағыттағы ғылыми ізденістер
тәсілін жетілдіруге көңіл аудартты. Беккер оппоненттерінің бір ойлылығы
мынада, білім алу түрімен ұзақтығын анықтауда басты орынды жиі таңдау емес
әлеуметтік механизм тұр. Логикалық ұйымдастыру мен құрлымдық бастау
бұлардың сабында жеке рационализм алдында тұр. Бірақ осымен ұқсастық
шектеледі. Адам капиталы теориясына альтернативті бір текті әлеуметтік-
экономикалық доктрина құрылмады. Сол себепті адам факторының басқа да
экономикалық өмір параметрлерімен байланысын терең түсіне отырып олар
қолданып отырған зерттеу тәсілдері мен аргументтерін жақсартып
күрделендірді.
“Фильтр теориясын” жақтаушылардың білімге салынған салым тиімсіздігі
және олардың мамандық жетістікке жетуге байланысы аздығы туралы
аргументтері адам капиталын “жалпы” және “спецификалық” деп бөлу туралы
ілім даму барысында теріске шығарылды. Жалпы адам капиталын кең спектрдегі
мамандықтар мен жұмыс орындарында қолдануға болады ( заңды білу,
информатика негіздері, шет тілін білу тағы басқалары.), ал спецификалық –
еңбек өнімділігін тек шектеулі шаруашылық аймақта ғана көбейтеді (кәсіпорын
клиенттерін, аймақ ерекшіліктерін, еңбек коллективінің жұмысшылардың,
басқарушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін білуде).
Жалпы адам капиталы жас кезінде, оқу орнында оқығанда жиналады, ал
спецификалық – еңбек активтілігі барысында жинақталады. Алайда, бұл
заңдылық абсолютті емес. Техникалық лицейде және университет
лабараториясында спецификалық тәжiрибе жинауға болады, ол тәжiрибе жұмысы
адамды кең көзқарасты білім алуына мүмкіндік береді (өз мүмкіндіктерін
тиімді қолдануға үйретеді).
Өз кадрларын өндірістік оқытуды тәжiрибе ретінде қолданатын фирма өзін
қолайсыз жағдайға қояды, себебі қосымша бiлiктiлiк алған жұмыскер шеттен
жұмыс табуы мүмкін. Көбінесе оқу бергенде келісімде оқу үшін нақты жыл
жұмыс iстеу керектігі көрсетіледі. Соған қарамастан экономиканың
динамикалық секторлары дамыған елдерде дайындыққа кеткен шығындар өсуде.
Адам капиталы теориясы шаруашылық тәуекел ассиметриясын келесі формулаға
сүйене отырып трактаттайды: білім алғаннан кейінгі жұмыскер өнімділігінің
өсуі, кәсіпорын рентабельділігін қамтамасыз ете отырып оның шекті еңбек
ақысынан жоғары болу керек. Алайда, еңбек ақы ол басқа кәсіпорыннан ала
алатын табыстан жоғары болу керек, себебі кәсіпкерлік білім беру кезіндегі
алған білім терең спецификалық болып табылады. Бұл алдыңғы қатарлы жетілген
өндірісте жақсы көрінеді, онда кәсiби білім технологиялық процестің
тәжiрибелік перманентті реновациямен араласып кетеді. Бұл жағдайда адам
капиталына салынған инвестицияның негізгі бөлігі жұмыскерді оның жұмыс
орнына икемдеуге бағытталады. Жауапкершілікті шешім қабылдау үшін ол
кәсіпорынның барлық қызметтерімен байланыста болып, ол немен тыныс алып
жатқанын білу керек, біртұтас кешенді жұмыс ішіндегі машина және еңбек
операцияларының кең ауқымын талдап алу керек. Басқа жұмысқа ауысқанда
мұндай жұмысшы өзінің кәсiби потенциялының біршама бөлігін жоғалтады. Адам
капиталының көшпейтінін жинақтау, жұмыс берушіні жоғары ағымнан және
бiлiктi кадрларды жоғалтудан сақтайды. Жұмыскерлер де жұмыстан босап қалу
қаупінен сақтандырылады.
Адам капиталы категориясын талдау еңбекақы динамикасын зерттеуге де
мүмкіндік берді және инновациялық циклдың әлеуметтік аспектілерін жаңаша
талдауға әкелді.
Экономистерді көптен бері жұмысшы еңбек ақысын көтеру мен оның еңбек
стажы арасындағы байланыс принципі жайлы сұрақ мазалаған. Бұл байланыстың
экономикалық зерттелуі де ғылымы анализ талабына сай емес. Көбіне оның
қайту пункті болып бір iрі кәсіпорын ішінде есептелген еңбекақы деңгейі мен
еңбек стажы арасындағы ара қатынас болып табылады. Мұндай статистикалық
көрсеткішке негізделіп жасалған тұжырым әр түрлі факторлардың жасанды
байланыста екенін көрсетуге болады. Мысалы: еңбекақы төлеуде стажы есепке
алынбайтын бір кәсіпорында тұрақты жоғары еңбек ақы алатын жұмыс орындары
бар делік. Осы жерде – тұрақсыз төмен еңбек ақылы орын да бар. Жүргізілген
есеп еңбек стажы мен еңбек ақы арасындағы тәуелділікті жасанды құрастыру
екенін көрсетеді.
Еңбек стажы мен еңбекақы арасындағы нақты байланысты білу үшін күрделі
аналитикалық процедураны жүзеге асыру керек: уақыттық параметр енгізу
керек, төлем көрсеткіштерін баға өзгерісі әсер етуіне босату керек, елдегі
орташа еңбекақы өзгерісін есепке алу керек. Өткен онжылдық аяғында бұл
факторлар есепке алынып зерттелген көрсеткіштер еңбекақының еңбек стажына
тәуелділігінің аздығын көрсетті. Еңбекақыға көбінесе жалпы білім беру
деңгейі, өндірістік білім алу мерзімі әсер етеді. Бұл шешім спецификалық
адам капиталын жұмыс күшін қайта өндіру сәті ретінде қарастырған
экономистер позициясын күшейтіп теориялық ізденісті тереңдетуге әсерін
тигізді.
Адам капиталы теориясы болып жатқан өзгерістерді концептуалды ойлауда
басқа талаптардан өзгерісі, талдау контекстін кеңейту үшін їлкен
перспективалар ашады. Еңбекті ұйымдастыру модификациясы мен адам капиталына
салынған салым динамикасы арасындағы байланысты түсіну үшін кадрлардың
бiлiктiлiгi потенциялының өсу тенденциясын анықтайды, Мемлекеттік
инвестициялық саясат есебі, жаңа технологияны бағалау мүмкіндігі енетін
қарым-қатынас деңгейі қажет.
Бұл көзқарас уақыт талабына сай. Коллективті икемділік өндірістерге
баулитын адам ресурсын басқарудың жаңа стратегиясын нарықтың дәл уақыттағы
сұранысына бағыттап жүзеге асыруына болмайды. Экономикалық сәт талабына
жұмыспен қамтылу саясатының ыңғайлануының жұмыстан босату, еңбекақыны
төмендету сияқты түрлері еңбек мобильділігінің мәселелерін шешудегі
қолайсыз тәсілдері болып табылады. Жаңа технологиялардың жоғары икемділігі
және сұраныстың сапалы мобильділігінің жоғарылығы басқа тәсілдердің
перспективтілігін негіздейді, жұмысшы ўжымныѕ шыәармашылық потенциялының
жүзеге асуы мен жинақталуына бағытталған тәсілдерге. Жоғары технологиялық
капиталистік фирмалардың экономикалық стратегиясында алдыѕғы жоспарға адам
ресурсын белсендi ету мәселесін қоюына жұмыс күшін қайта өндіруді нарықтық
басқару даәдарысы әсер еткен. Ол микро және макроэкономикалық деңгейде де
жақсы көрінген. Өндірістік кадрларға ұсыныс еңбек ұсынысын бұрынғыдай оңай
қалыптастырылмайды.
Адам капиталы теориясы еңбек ресурсына салымның жоғары тиімділігінен
шығып отырды, оның құнын құрудың нарықтық емес элементтері мәнінің өсуі
мүмкін болып отырды. Себебі адам капиталының жинақталуы қарама-қайшы
процесс. Жұмыскер бір жағынан қосымша табыс ретінде жедел қайтатын іскерлік
белсендiлiк формасы мен болашақта еңбекақының өсуін қамтамасыз ететін білім
алу арасында таңдау жасайды. Оның іс-әрекетінде саналы есеп жүзеге асады.
Ал екінші бір шеттен адам капиталының көп бөлігі еңбек өмірі процесіндегі
жиналған тәжірибе жолымен құрылады. Мамандалған белсендiлiктiѕ бұл өнімінің
құнын анықтау мүмкін бола бермейді.
Нақты еңбектің тәжірибе жасалмаған түрлері жайлы сөз болғанда, кез-
келген тәжірибелік іскерлікке бейімделу үшін уақыт және ынта қажет, бұл
шығындарды алдын-ала болжап білуге болмайды.

1. сызба.
Өндірістің техникалық модернизациясы мен адам капиталының
спецификалық жинағының бір-бірімен байланыстылығы.

Алғашқы импульс.
Жаңа көп функциялы құрылғыны Жұмыс күшінің жедел және тиімді
енгізумен байланысты бейімделуінiң қажеттілігі.
технологиялық өзгерістер.

Еңбекақы қисығы кезіндегі күрт Ұйымдық-техникалық қайта құру
көтерілу. және бірқатар өндірістің адам
факторына инвестициямен
шақырылған өнімділіктің өсуі.

Жұмысшы күшінің географиялық Күрделі және жаңа техниканы
мобильділігін қысқарту, әсіресе ендіру. Жұмыспен қамтылуды икемді
тәжірибелі және жоғары басқару және жаңартулар тез
бiлiктiлiктi. Оның қызығуы қайтарым жасауда тиімділікті
болашақта өндіріс тиімділігі мен артыру үшін өндірістік қайта
шеберлікті жоғарылатуда. оқытуды интенсификациялау.

Жоғарыдағы сызбада көрсетілгендей, алдыѕғы шептегі өндіріс
жағдайындағы бүгінгі таңда техникалық модернизация мен спецификалық адам
капиталының жинақталуы біркелкі кумулятивтік процеске құйылу тенденциясын
ұстанады.
Жоғары тиiмділікті ерекше технологиялар жасап, кадрларды құрал
жабдықтарды әрқашан модернизациялап, оның қызмет көрсету тәсілдерін
жетілдіріп отыруға тартқан кәсіпорындар, жаңа күрделі бұйым шығаруда еш
бәсекелестікке қатыспайтын, өздігінен құрылатын циклға тартылады. Бұл жерде
бiлiктiлiктi жоғарылату сипатының өзгертуі анықтауыш мәнде болады, ол өз
алдына спонтандық және шыәармашылық дамитын өзін-өзі оқытуға айналады.
Авангарттық фирмадан өндірістің техникалық жағын тұтастай көшіріп алған
потенциалдық бәсекелестер, спецификалық квалификациясы бар жұмыскер табуы
қиынға түседі.
Алайда бұл тек бір жағы, екінші жағынан өте iрі алғы шептегі кәсіпорын
нарықтың тек шекті сегментін ғана игере алады.
Қазіргі экономикадағы сұраныс сипаты қозғалысты және көп жақты, ал
техникалық прогресс ұсынысы альтернативті, сол себепті жаңа тауар жасау
үшін көп мүмкіндіктер ашылуда. Экономикасы дамыған бүгінгі таңда сапалы
тауар өндіру үшін басты шарт: кадрларды жалпы дайындаудың қажетті деңгейі,
кәсіпорынның несие көзі мен дамыған инфрақұрылымға қосылуы және
ұйымдастырушылар интуициясы. Адам капиталына қосымша салымдар мен
персоналдық техника ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қатысуын күшейту
алғы шептегі кәсіпорындарда ғана маңызды емес, бәріне қатысты. Мұндай
ынталанулар болашақ технологиялық коммерциялық жағдайда аутсайдерлердің
лидер позициясына шығуына мүмкіндік береді.

3. Адам капиталының жүйе құрушы статусы теориялы-экономикалық
зерттеудің пәні ретінде

Адам капиталы экономикалық теорияда орталық, жүйе құрушы орын алады.
Бұл жағдайдың себебі, адам цивилизациялық дамудың экономикалық аспектісінің
басты және соңғы пункті болып табылады.
Көрінуі жағынан цивилизациялық даму ағымдарының өз ерекшеліктері болса
да, өзінің материалдық және рухани айналысын жасаушы ретінде адамның
біркелкі табиғаты анықтайтын біртектес маңызды байланысқа сүйенеді.
Қазақстан қазіргі таңда күн көруі үшін Батыс пен Шығыс елдеріне тең
келетіндей дамыған ел болудан басқа амалы жоқ. Өз мүмкіндігіне,
ерекшелігіне, тарихына және қолында бар адам, табиғат және мәдени
ресурстарына қарай өркениеттi даму қажеттігінен ешқайда қашпайсың.
Біздің ойымызша жаңа менталитеттiң құрылуы мен экономикалық қайта
өңдеудiң, шаруашылық субъектiлердiң ойлауы мен әрекетiнiң идеологиялық
негiзiнiң бiрi, адам капиталы теориясы болу керек, ол қазiргi күндегi
нарықтық экономика жағдайын есептеп, ондағы ғылым мен бiлiм орнын
анықтайды, халықтың әлеуметтiк қарым-қатынасын құрудағы тұрақты теориялық
база бередi.
Қазіргі дамудың стратегиялық доктринасы адам мүмкіндіктерінің көп көрім
ашылуы концепциясымен негізделеді дегенмен келісе аламыз. Адам еңбегі
капиталдың икемді түрі болып табылады, өйткені жұмыскер өзгеріп отырған
өндіріске тез бейімдеуге болады. Адамның бұл қасиеттеріне қарай
автоматтандырылған өндіріс өкініп қалды. Көптеген жоғары автоматтандырылған
өндірістік кешендер, жай ғана механикаландырылған кәсіпорындар жанында
тиімсіз болып қалды. Кең жарнамаланған болашақтың зауыттары жоғары
абсентизм мен кадр ағымына тап болып, еңбек өнімділігі төмендеді. Толықтай
автоматтандырылған өндіріс түсінігі тығырыққа тіреліп, қазіргі кездегі
дамыған автоматика әлеміндегі адам орны жайлы сұрақ көтерілді.
Машиналық өндіріс жағдайында адам бұйрықты дұрыс орындауы талап етілді.
Адамның жеке инициативасына жол берілмеді. Инновациялық өндіріс жағдайды
өзгертті. Өндіріс пен өнімнің жедел өзгеруі, тауардың сапасы мен
бәсекелестік қабілеті мәселесінің мәні, ғылыми әрекеттің негізгіге айналуы
мүлде басқа жұмыскерді талап етті. Инновацияға қабілеті, жаңа идеялар
техника, технологиялар ашып оны жетілдіру адамды жоғарлатты. Менеджерлердің
негізгі мақсаты жұмыскер өзінің бар мүмкіндіктерін көрсете алу үшін оған
ұйымдасқан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасап беру. Ол үшін сапа
үйірмелері, жұмыскерлердің ротациясы, шешім қабылдауда жұмыскерлердің
қатысуы, өндірістік жарыстар, еңбек процесін реконструкциялау сияқты
формалар қолданылады.
Ғылыми-техникалық прогрестiң экономикадағы рөлі өскен сайын
экономистердің жұмыс күшін қайта өндіруге көзқарасы да өсті. Ғалымдардың
өзекті мәселесі сапалы жаңа жұмыс күшін құру болды. Индустриалдық елдердегі
құрылымдық өзгерістер қазіргі адам капиталы концепциясының құрылуының
объективтік негізі болды. Адамның жаңа өндірісте тұрақтануына ұзақ мерзім
кетті.
Осылайша біз мынандай шешімге келдік, қоғамның модернизациялануының
негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың
игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік
әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің
динамикасының өсуі болып табылады. Адам капиталын қоғам модернизациясы үшін
қолданудағы жақсы жақтар төмендегідей.
1. Құндылықтар құру арқылы нарықтық ортада
әлеуметтілікті жеңілдету, негізгі әлеуметтік
жетістіктерді, экономика және әлеуметтік
қатынастар саласындағы тәжiрибелік біліктілікті
игеру арқылы өз жағдайы мен қоғам жағдайы үшін
жауапкершілігі.
2. Алкогольді, наркомания және криминалдықтың тарауына қарсы тұру,
әлеуметтік емес жат қылықтарды болдырмауы тағы басқалары.
3. Жасөспірімдердің әлеуметтік және экономикалық рөлдерінің жедел
өзгертуін игеру арқылы, соның ішінде денсаулығы шектеу қоятын тұлғаларға
арнайы білім беруді дамыту арқылы, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан
талантты жасөспірімдерді қолдау арқылы қоғамдағы әлеуметтік мобильділікті
қамтамасыз ету.
4. Ғаламдық әлемге, ашық ақпараттық құрылымға кіруге жас таланттардың
кіруіне қолдау көрсету.
5. Өзіне инвестиция құйып, білім алатын әр адам үшін қоғам еркіндік ресурсы
мен таңдауға мүмкіндік беру керек.

Білімге әлеуметтік тапсырыс мемлекет тарапынан жасалатын тапсырыс емес,
жанұя және кәсіпорындардың қызығушылығының да жиынтығы болу керек.

А .В Бузгалин және А .Ш Колганов айтуынша, қоғамдық эканомикалық өмірді
әлеуметтендіру мен гуманизациялаудың тенденциясының болуы ғана кез-келген
жетілген трансформациялық процестің негізі бола алады. Ал бұл біздің
түсінуімізше, материалдық өндірісті адам капиталы итеріп шығаратын, адамның
инновациялық потенциялы басты шыәармашылық ресурс болып табылатын қоғамға
көшу болып табылады.
Мұндай жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сапалық элементтерінің
көбеюінің шартты түрде ”экономика үшін адамнан” “адам үшін эканомикаға” өту
деп көрсетуге болады.
Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып тұр.
Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам
капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды.
Экономикалық стратегияның бағытын, басымдылыәын таңдауда жеткізуші
мақсатты қойылымды анықтап, әлемдік тенденцияларды ескеру арқылы қоғамдық
өмір мен экономикада не болып жатқанын түсінген дұрыс. Қазіргі таңда
қоғамдық дамудың басты факторы әылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы
болып отыр. Экономикалық дамуы, жетістіктерінің нәтижесі, өмір деңгейi тағы
басқа көрсеткіштер бойынша елдерді сапқа тұрғызды, оның бәрі 100% адам
капиталының сапасына тікелей тәуелді болады. Бүгінгі таңдағы адам дамуы,
адам капиталына сапалы салым салу қоғамдық прогрестің басты факторы болып
табылады.
Тарихта алғаш рет күшті фактор пайда болды, ол фактор – адамның үлкен
және өсіп отыратын материалдық мүмкіндігі. Ю.М Осипов жазғанда: ”шаруашылық
өндірістің басты жүзеге асырушысы – адам болып табылады. Ұйымдастырушы
адамына ұйым, өндіруші адамнан өндіріс, ал шаруашылық адамына шаруашылық
шығады. Адам – оның орындалуының ұстаушысы да күш көзі де, ол және де іс-
әрекетті жүзеге асырушы да”.
Жиырмасыншы ғасыр аяғында табиғи ресурстар азайды. Сол уақытта адам
принципиалды жаңа маңызды ресурстар – адам ресурсы, ақпараттық және
технологиялық ресурстарды ойлап тапты.
Оның бәрі ғылым мен өндірістің білім мен технологияны қолдану арқылы
дамуына байланысты.
Еңбекті біліммен басу ұдайы жүріп отыруда, сөйтіп адам дамуы кез-
келген шаруашылық прогрестің маңызды шарты болып отыр. Сол себепті жинақтың
негізгі саласы адам капиталы болып отыр және табиғи ресурсқа кедей елдер
әлемдік бәсеке күресінде бәсекелес болуы әбден мүмкін.
Новаторлық потенциялы бар жұмыс күші, алғы шептегі технологиядан да
өндірістің маңызды факторы болып отыр. Кез-келген жаңа өнім қымбат тұрады
және де сахнадан тез кетеді, өте жоғары шыәармашылық мүмкіндігі дамыған
адам күші корпорацияға салыстырмалы түрде арзан болады және ол одан әрі
интеллектуалдық өсуге ынталанады.
1995 жылы әлеуметтік даму бойынша әлемдік конференцияда әлемдік
қауымдастық экономикалық өсу темпіндегі акценті адамды тұрақты дамытуға
аударып, осы тұрғыда дамудың жаңа мақсатын құру керектігін айтты. Ерекше
теориялық схема және мемлекеттік басқару тәжiрибесіне сүйенген методология
ретінде адам дамуы концепциясы қоғамдық прогрестің ақшалай табысқа
айналмауы немесе материалдық байлықты көбеймеуі деген тұжырымнан шығады.
Қоғамдық прогресс адамның басты үш мақсаты жүзеге аспаса мүмкін
болмайды: ұзақ және дені сау өмір сүру; білім алып кеңейтіп, жаңартуы;
жақсы өмір деңгейін қамтамасыз ететін өмір сүруге қажетті нәрселерге қол
жеткізуі. Мұның бәрі ғылым алдында жаңа мәселелер ашты. Оның негізінде
жатқан принцип экономика адам дамуына орай болуы, керісінше адам экономика
дамуы үшін емес.
Бүгінгі таңның өзекті мәселесін адамның өзін зерттемей, оның өндірістік
мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің құрылымын, мүмкіндіктерінің құрылу
механизмі мен халық қажеттігін қамтамасыз етуді талдамай шешу мүмкін емес.
А Печчи өз кітабында айтқандай адам қажеттігі мен оны қамтамасыз етуге
бағытталған концепциядан негізінде адам дамуы жатқан, басты мақсаты адамның
мүмкіндіктерінің дамуы және толық ашылуы болатын басқа түсінікке көшу.
Бұл концепция адам мәселелерінің өзегіне оның өмір сүруі жолдарын
қояды. Оның ойынша адамда ашылмаған көптеген рухани және мәдени
мүмкіндіктері жатыр, оларды дамытуға өзін толық арнаса оларды ашуға болады.
Адам өз мүмкіндігі және ынтасымен дамудың басты жылжытушы күші, соның
ішінде экономикалық. Білімге, ғылымға, мәдениетке тағы басқа салым қоғамдық
игіліктің шығыны емес, адам капиталына алғашқы салым екенін ескерген жөн.
Бұл салаға салым өте тиімді. Көпшілік ойлауынша, мектеп пен білімді
үнемдеп, басшы еңбекақысын көбейтіп бюджет тапшылыәын төмендетуге болады.
Алайда ол дұрыс емес, мектеп, ғылым, білім, мәдениетке шығындалу жоғары
нәтиже береді. Адам даму стратегиясымен кең масштабтағы жай байланысы бар
басшылық шаралар қатынасына халықтың позициясы. Басшы саясатын халықтың
қоғамдық және әлеуметтік қолдау мәселесі жайында сөз болып отыр.
Бүгінгі ғылыми публицистикалық басылым беттерінде айтылғандай Қазақстан
қазіргі дәуір технологиясын қабылдауға дайын емес, әылыми-техникалық
прогресс жетістіктерін ел экономикасын көтермейді және әлемдік өркениеттен
жоғарғы орын алу өте қиын. Бұл туралы аргументтердің көбімен келіспеу
мүмкін емес. 1997 жылдан бастап Қазақстан адам капиталы мәнінің
басымдылыәын түсініп келеді. Құжаттарда халықтың әлеуметтік мұқтаждықтарына
көбірек көңіл аударылуда. Мысалы: Қазақстан – 2030 стратегиясы, бұл
стратегияның бір бөлігі “Қазақстан халқының денсаулығы білімі және
тұрмыстық жағдайына” арналған және “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және
саяси жедел жаѕару жолында” Қазақстан Республикасыныѕ Қазақстан халқына
Жолдауында (18 ақпан 2005 ж.) XXI әасыр деѕгейiнде бiлiм беру мен кәсiптiк
даярлау мәселесiн жоәарылатуәа көп көѕiл бөлiнген.
Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына
байланысты. Өтпелі кезеңде әсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам
капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның
мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі
адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек және
еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін
басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі
күштің бәрі бағытталу керек.
Жаңа XXI ғасыр өзінің әлеуметтік-экономикалық кеңістігіне шықты, оның
орталығында - өзінің табиғи және жинаған қасиеттерімен, яғни мүмкіндігі,
іскерлігі, өмірлік мамандық тәжiрибесімен адам тұр.
Бүкіл экономикалық өмір біліктілік процесіне адамды тартуға байланысты,
яғни өнімді іс-әрекетке, оның мазмұны, оның білімін, біліктілігін тартады,
оның қызығушылығына қарай потенциялын ашады. Бұл байланыстардың жүзеге асуы
адам потенциялы сияқты еңбекте жүзеге асады. Егер ол қоғамдық еңбекке
қатыспаса, оның адамгершілік қасиеті, ой-санасы, мүмкіндігі, танымы,
тәжiрибесі мен бүкіл біліктілік потенциялы жүзеге аспай қалады, сөйтіп
қоғам үш мәрте қиындыққа тіреледі. Адамның еңбектен қысқаруы, яғни шығуы
бұл елдің өндірістік күшінің базасын әлсіретеді, еңбекте жоқ халықты
материалдық қолдауда қосымша өнімді қайта бөлуді талап етеді, мұның бәрі
өндірісті жаңартуға капиталдық салымды азайтуға әкеледі.
Адамның өндірістік потенциалының жоғалуы елде экономикалық және
әлеуметтік шығындармен бірігеді, халықтың денсаулығы және эканомикалық
белсенділігі төмендейді.
XXI әасыр талабы бойынша экономикалық өсу темпінен акцентті адамды
тұрақты дамытуға аудару керек, бұл базада дамудың жаңа мақсаттары құрылуда.
Мұндай қайта бағыт алу ғылым алдында жаңа міндеттер ашты, осылайша қайта
өндірудің басты факторы материалдық игілікті жинақтау емес, халық өмірінің
сапасын сипаттайтын білім, тәжірибе, біліктілік, денсаулық тағы басқаларды
жинақтау болып отыр. Біздің ойымызша қазіргі кездегі транзиттік экономика
жағдайында Қазақстан халқының көтерілуі үшін адам капиталының тұтастай
концепциясын құру дұрыс болып табылады. Бүгінгі Қазақстан экстенсивтік
дамудың барлық мүмкіншіліктерін тауысты, әлем жоғары технологиялар дәуіріне
өтті, өзінің адам капиталын дамытып бағалай алатын елдер ғана тұрақтанып
қала алады.
Дамудың стратегиясын дұрыс таңдап оны әрi қарай дұрыс жүзеге асырудан,
және ең құнды ресурсы – адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам капиталы теориясының методологиялық аспектiлерi
Адам капиталының қалыптастырушы факторлар
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Қазақстан Республикасындағы несие нарығы мен несие ресурстарының жағдайы
Капитал нарығы
Қоғамдық өндіріс негіздері
Капитал нарығы экономикалық негізгі нарықтың бірі ретiнде
Экономика пәнінен дәрістер жинағы
Несие экономикалық категория ретінде
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі
Пәндер