Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық жағымдарының бағалануы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
I бөлім
Қазақстан Республикасының инновациялық және инвестициялық іскерлік дамуының
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .7-27
1.1инвестиция мен инновация туралы жалпы түсінік және оның
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7 -11
1.2 Инновациялық және инвестициялық дамуындағы нормативтік-құқықтық базаның
жүзеге
асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...11-21
1.3 ҚДБ-Лизинг АҚ –ң қысқаша экономикалық сипаттамасы ... ... ... 21-
27
II бөлім
Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық дамуының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-36
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық жағымдарының
бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-29
2.2 Инвестициялық және инновациялық белсеңділігінің ,кәсіпорын
қаржыландырудың қайнар көздерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .29-33
2.3 ХҚЕС сәйкес өту барысындағы кәсіпорынның инвестициялық іскерлігінің
есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .33 -36
IIl бөлім
Қазіргі замаңғы инновациялық және инвестициялық іскерлігінің жетілдірудің
негізгі бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37-59
3.1 Инновациялық іскерлігінің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...37-41
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық белсеңділігінің жетілдіру бағыттары..41-44
3.3 Инновациялық және инвестициялық жобаның нәтижелігінің экономикалық
бағалануы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...44-59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 0-63
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
-65
Қосымшалар
Кіріспе

Дипломдық жұмыс кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық
іскерлігін талдауына арналған. Бұл тақырыптың өзекті болып табылады,
өйткені өндірістің көркеюі, дамуы оның технологиясына, бір сөзбен айтқанда
инновацияға және күннен күнге өзгеріп жатқан әлемнің жаңа технологияларына
байланысты.
Инвестициялық потенциалдың сипаттамасы ,оның құрылуының қайнар
көздері,сонымен қатар инвестициялық іскерлігінің сипаттамасы және оның
нәтижелері ,экономиканың бүкіл салаларына инвестициялауы ,қазіргі кезде
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы өте маңызды рөл
атқарады.Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қаржыландырудың қайнар
көздерін іздеу,оның нәтижелерін бағалау,елдің жалпы өндірістік даму
перспективаларында өте өзекті болып табылады.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы-қысқа және түсінікті нысанда
негізігі мазмұнын ,инвестиция түсінігі ,қазіргі инновациялық және
инвестициялық іскерлігінің басқару жүйесін қара отырып,оның отандық
кәсіпорындарда пайдалану тәжірибесін бағалау.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттары:
-инвестициялар және инвестициялық процесс,инновация және инновациялық
процесстерді зерттеу,оларға әртүрлі нысанындағы классификация беру;
-инвестициялық іскерлігінің мемлекеттік реттеу нысандарын қарастыру;
-капиталдық салымдардың ,олардың қаржыландыру қайнар көздерін және
динамикасын талдау;
-кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық іскерлігінің нақты
жақсарту ,жетілдіру жолдарын ұсыну;
Зерттеу обьектісі ретінде Қазақстанның Даму Банкі акционерлік
коғамының еншіліс ұйымы ҚДБ-Лизинг болып табылады.
Акционерлік коғам және оның Қазақстан Республикасының 2003-2015
жылдарына арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы негізінде
құрылып,еліміздің бүкіл салаларынды өз қызметін атқарып жатқан ұйымдардың
жұмысын ,одан әрі дамыту үшін техника мен технологияларды өзіне жағымды
шарттар негізінде лизингке алуға бағытталған.

I бөлім
Қазақстан Республикасының инновациялық және инвестициялық іскерлік дамуының
теориялық негіздері

1.1 Инвестиция мен инновация туралы жалпы түсінік және оның
классификациясы

Инвестиция – дегеніміз экономиканың әр түрлі саласына, оны сақтау және
көбейту мақсатында салынатын ұзақ- мерзімді капитал салымы. Инвестициялық
қызметінің түпкі мақсаты- пайда табу және экономиканың дамуына ықпал ету
болып табылады.
Инвестицияның объекті бойынша - 2 түрін ажыратуға болады: нақты және
қаржылық.
Нақты инвестициялар – бұл жаңа ғимараттар салуға, құралдарды
техникалық жаңалау және қайта құру және т.б. мақсатқа салынатын капитал
салымы (капитал жиналатын).
Қаржылық инвестициялар қоржынды (портфелді)- бұл мемлекеттің басқа да
кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың акцияларын және басқа да бағалы
қағаздарының сатып алу үшін салынатын капитал салымы.
Нақты инвестициялық салымдар жағдайында инвесторлардың кәсіпорындардың
өз салымын сала отырып, негізгі өндірістік қор капиталының яғни өзінің
өндірістік капиталын көбейтеді. Ал қаржылық инвестицияның салымдар
жағдайында инвестор бағалы қағаздан дивиденд ала отырып, өзінің қаржылық
капиталын көбейтеді.
Сонымен қатар инвестицияларды инвестициялық процесске қатысуына қарай
тікелей және жанама деп бөледі.
Тікелей капитал салымы - инвестициялық объектті таңдау кезеңдерінде
инвесторлардың тікелей қатысуымен анықталады. Көбінесе тікелей инвестор
кәсіпорын жарғылық қорына капитал салымы болып табылады. Бұл
инвестициялауды көбінесе тәжірбиелі инвесторлар және инвестициялау
объектісі туралы мәліметтері жеткілікті болған жағдайда инвесторлар іске
асырады.
Жанама инвестициялар- инвесторлар өздері емес , олардың сенімді
тұлғалары арқылы капитал салымын іске асыру.
Инвестициялау кезеңіне қарай: қысқа және ұзақ мерзімінде инвестициялар бар:
- қысқа мерзімді – 1 жылға дейінгі капитал салымы.
- ұзақ мерзімді – 1жылдан астам уақытқа арналған капитал салымы.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестициясының негізгі формасы ретінде оның
негізгі қуралдарға капитал салымымен анықталды.
Инвестицияланатын капиталдардың меншік түріне қарай жеке меншік және
мемлекеттік деп бөлінеді.
Инвестициялардың аймақтың орналасуына қарай ұлттық (ішкі) және
шетелдік инвестициялар деп бөледі.
- Ұлттық және ішкі инвестициялар - сол территориядағы инвестициялау
объектісіне капитал салымы.
- Шетелдік инвестициялар - резидент еместер (заңды және жеке тұлғалар)
арқылы салынатын капитал салымы.
Коммерциялық тәжірибе бойынша инвестицияның келесі типтерін ажыратуға
болады:
- активтерге салынатын инвестициялар;
- ақшалай активтерге салынатын инвестициялар;
- Материалды емес активтерге (МЕА) салынатын инвестициялар.
Жеке активтерге: өндірістік ғимараттар, үйлер, 1 жылдан астам уақыт қызмет
жасайтын машиналар, құрал-жабдықтар және т.б. кіреді
Ақшалай активтер- банктердегі депозиттер, облигациялар, акциялар, несие
және т.б.
Материалды емес активтерге (МЕА) – сауда белгілерін өндеу, патент алу,
өнеркәсіптік үлгілер, өнім түріне сертификат, ноу-хау және т.б.
бағдарламаларды жүргізу. [27қ.105-109б]
Инвестициялардың әрбір типі кез-келген фирманың қызметі үшін, яғни
оның дамуы үшін өте маңызды болып табылады.
Сонымен қатар кез-келген инвестициялық қызмет тәуекелділікпен байланысты
екені белгілі. Осыған орай, инвестиция типтері тәуекелділік деңгейіне
байланысты болады.
1 тип - тиімділікті жобаларға салынған инвестиция
2 тип - өндірісті кеңейтуге салынған инвестиция
3-тип - жаңа өндіріс салуға салынған инвестиция
4 тип - мемлекеттік органдардың талабын қанағат мақсатында салынған
инвестиция.
Инвестициялық қызмет- белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру
барысында, пайда табу мақсатында инвесторлардың атқаратын кызметі болып
табылады.
Инвестициялардың объектілерін келесі белгілеріне қарай бөлінеді:
- жобаның масштабы бойынша (шағын жобалар және мега жобалар);
- жобаның бағыты бойынша (коммерциялық, әлеуметтік, мемлекеттік);
- инвестициялық циклдың мазмұны мен сипатына қарай;
- мемлекеттің қатысу деңгейі және сипатына қарай (мемлекеттік капитал
салымы, акция пакеті, салық жеңілдіктері, кепілдіктер және т.б.).
Инновациялық қызмет – нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестік
қабілеттігі үшін пайдалынатын өндірістің және қоғамды басқарудын әр түрлі
салаларына жаңа идеяларды, ғылыми идеяларды , ғылыми білімдерді ,
технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет.
Инновация – инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген
технологиялық процесс түрінде іске асырылған нәтижесі, сондай-ақ қоғамдық
қатынастын әр түрлі саласында өндірістін және қоғамды басқарудын әр түрлі
салаларына прогрессивті ықпал ететін ұйымдық- техникалық, қаржы –
экономикалық және тағы да басқа шешімдер.
Кез келген инновациялық қызмет инвестициялық жобамен реттеліп отырады
. Инновациялық жоба инновацияға қол жеткізуге бағытталған ғылыми , ғылыми
–техникалық тәжірибе констукторлық , маркетингтік зерттеулер мен жұмыстар
кешенін техникалық-экономикалық көрсеткіштерден тұратын құжат болып
табылады.
Кез келген мемлекетте инновациялық қызметті жүзеге асыру барысында,
яғни оны дамыту мақсатында инновациялық қызмет қалыптасады. Инновациялық
қор – инновациялық қызметті дамытуға инновациялық жобалар мен
инфрақұрылымды қаржыландыру сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес өзге де қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесетін заңды тұлға.
Инновациялық қызмет түрлеріне келесілер жатады:
1. қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми идеяларды енгізу;
2. экономикалық айналымда іске асырылатын жаңа немесе жетілдірілген
өнімді жасауға бағытталған ғылыми зерттеу, жобалау, ізденіс және
технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3. инновациялық тауарларды өткізу нарығын ұйымдастыру;
4. өндірісті технологиялық қайта дайындауды жүзеге асыру;
5. инновациялық қызмет нәтижесін тарату;
Инновацияның объекті мен субъекті :
Инновациялық қызмет субъектілері келесілер болып табылады:
1. инновацияны жасаушы және іске асырушы жеке және заңды тұлғалар;
2. негізгі қызметті инновацияларды жасауға және оларды өндірістің және
қоғамды басқарудың әр түрлі салаларына беруге бағытталған инновациялық
қызметтің мамандырылған субъектілері;
3. инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекетттік органдар және
т.с.с.
Объектілері:
1. инновациялық жобалар мен бағдарламалар;
2. интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;
3. технологиялар, жабдықтар мен процесстер;
4. өндіріс пен кәсіпкерлік инфрақұрылымы;
5. өндірістік, басқарушылық, коммерциялық немесе өзге процесстің
сапасы тиімділігін едәуір жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық – техникалық;
қаржы-экономикалық шешімдер.
Инновациялық қызмет субъектілері инновациялық жобалар мен
бағдарламалардың тапсырып берушілерінің және орындаушыларының,
инвесторлардың, инновацияларды тұтынушылардың сондай-ақ инновациялық
қызметке қызмет көрсететін және инновацияларды игеру мен таратуға
жәрдемдесетін ұйымдардың функцияларын орындай алады. [27қ.105-109б]

1.2 Инновациялық және инвестициялық дамуындағы нормативтік-құқықтық
базаның жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтудің басында ең
бірінші мақсат халық шаруашылығын коммерциализациялау болып табылды.Ғылыми-
техникалық өнімдеріне сұраныс болмай,жалпы қалыптастыра жүрген экономика
жүйесіне қалтырылды.Мемлекеттік құжаттарды заңдық негізде бекіту кезінде,
бір кезде инновациялық саясат және ғылыми-техникалық фактор бір да бір сөз
болмаған.Сондықтан да инновациялық саясат пен арнайы мемлекеттік
бағдарламаны заңдық нысанда бекітудің өз тарихы бар.
1992 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Ғылым мен
мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы заңы қабылданып, құқықтық,
экономикалық және әлеуметтік шарттарын, республиканың ғылымын жүзеге
асырылуын,фундаменталдік ғылыми зерттеулердің дамуын,ғылым
қызметкерлерінің және ғылыми ұйымдардың құқығын қорғауды бекітті. [7қ.1-
10б.]
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен өзгерістер
енгізілді,ал 1996 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының концепциясы үкіметпен
бекітілді.Бірақ бұл концепциясының нақты жұмысын 1999 жылдан бастап айқын
көруге болар еді.Бұның бәрі мемлекеттік бюджеттің арнайы қаражат аздығымен
және болмауымен түсіндіріледі.
1999 жылы Қазақстан Республикасының патенттік заңы қабылданды, ал
үкіметпен Қазақстан Республикасының инновациялық саясат концепциясы
,2000 жылы Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық
саясаты концепциясы бекітілген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының
үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының 2001-2015 жылдарына
арналған инновациялық дамуы бағдарламасы қабылданды, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының Ғылым туралы жаңа редакциядағы заңы
қабылданды.Бұл заңда мемлекеттік саясаттың ғылым саласында негізгі
принциптер көрсетіліп, оның ғылыми-техникалық іскерлігінің субьекттері ,
интеллектуалдық меншік субьекттерінің құқықтары анықталды. [2қ.15-17б.]
2002 жылы Инновациялық іскерлігі туралы заң қабылданды.Жалпы
елімізде инновациялық іскерлік белсеңділігін мемлекеттік саясатын
анықтайтын 50 заң мен актер қабылданды. Қазақстан Республикасында
инновациялық дамуы бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге
асырады.
1) инновация - өндiрiстiң және қоғамды басқарудың түрлi салаларына
енгiзiлуi экономикалық тұрғыдан тиiмдi және (немесе) әлеуметтiк,
экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлiк меншiк объектiсi
болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi;

2) инновациялық грант - инновациялық жобаның тәжiрибелiк-
конструкторлық әзiрлемелерiн орындау, техникалық-экономикалық негiздемесiн
дайындау, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет мемлекеттерде және (немесе)
халықаралық патенттiк ұйымдарда патенттеу үшiн грант берушi мен грант алушы
арасындағы шартпен көзделген жағдайларда бюджеттен берiлетiн трансферт;

3) инновациялық жоба - инновацияларды енгiзуге бағытталған және
инвестицияны көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске
асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;

4) инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық
қызметiнiң бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын мамандандырылған
субъектiлерiнiң жүйесi;

5) инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды
қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету
арқылы инновациялық қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн заңды тұлға;

6) инновациялық қызмет - инновацияларды өндiрiстiң және қоғамды

басқарудың түрлi салаларына енгiзу арқылы пайдалану;

7) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi - технологиялық
бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор;

8) инновациялық қызметтiң субъектiлерi - инновациялық қызметтi жүзеге
асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

9) сенiмгер уәкiл - тапсырма шартының негiзiнде сенiм бiлдiрушi атынан
және оның есебiнен әрi оның нұсқауларына сәйкес инновациялық гранттар
берумен байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындайтын заңды тұлға;

10) технологиялар трансфертi - құқық иесiнен инновациялық қызмет
субъектiлерiне Қазақстан Республикасында және (немесе) шет елдерде
патенттелген инновацияларды пайдалану құқықтарын беру процесi;

11) технологиялық бизнес-инкубатор - инновацияны құру, қорғау
құжаттарын алуға өтінімдерді ресiмдеу және инновациялық жобаны дайындау
үшiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және
өзге де қызметтер ұсыну жөнiндегi қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға;

12) технологиялық парк (бұдан әрi - технопарк) - негiзгi қызметi
инновациялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi жұмыстар мен қызметтердi ұсыну
болып табылатын бiртұтас материалдық-техникалық кешенге меншiк құқығы бар
заңды тұлға немесе консорциум;

13) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiктер шегiнде инновациялық
қызмет саласындағы басшылықты және үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк
орган.

2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметтi
               мемлекеттiк қолдау туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау
туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi,
осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.

3-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың
              мақсаты мен принциптерi

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты инновациялық
қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
      Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
      1) инновациялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде ұлттық мүдделердi
сақтау;
      2) ұлттық экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және ұлттық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн инновациялық қызметтiң басымдығы;
      3) мемлекеттiк қолдау алу кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнiң
теңдiгi;
      4) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың
экономикалық тиiмдiлiгi және нәтижелiлiгi;
      5) инновациялық қызметтi ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми-
техникалық қызмет субъектiлерi мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты
өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiк және жүйелiлiк;
      6) инновациялық қызметтi жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету
болып табылады.

4-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың
              негiзгi бағыттары

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн ұйымдық және
экономикалық, соның iшiнде инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн
жағдайлар жасау арқылы инновациялық қызметтi ынталандыру;
      2) инновациялық даму басымдықтарын айқындау;
      3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
      4) мемлекеттiң инновацияларды құруға және енгiзуге қатысуы;
      5) отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжыту;
      6) технологиялар трансфертiн қоса алғанда, инновациялық қызмет
саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

5-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың
              нысандары

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:
      1) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға
қатысу;
      2) мемлекеттiк даму институттарын құру, қызметiн үйлестiру және жұмыс
iстеп тұрғандарын одан әрi дамыту;
      3) инновациялық жобаларды бюджет қаражаты есебiнен iске асыру;
      4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Заңда
айқындалған шарттармен инновациялық гранттар беру;
      5) инновациялық қызметтi кадрлық қамтамасыз етудi, соның iшiнде
инновациялық менеджмент негiздерiне оқыту арқылы ұйымдастыру;
      6) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн
инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық, құқықтық және
экономикалық жағдайлар жасау.

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
              саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi
бағыттарын әзiрлейдi;
      2) инновациялық қызметтiң басым бағыттарын айқындайды;
      3) инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған мемлекеттiк
бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады;
      4) инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған салалық (секторлық)
бағдарламаларды бекiтедi;
      5) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердi аккредиттеу
ережелерiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      6) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар беру және
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы
есеп беру ережелерiн бекiтедi;
      7) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар алу өтiнiмдерiне
мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық сараптама жүргiзу
ережелерiн бекiтедi;
      8) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құру үшiн
жағдайларды қамтамасыз етедi;
      9) пайдаланылуы ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiмен байланысты
зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықтар алу тәртiбiн айқындайды;
      10) инновациялық гранттар беру мақсатында сенiмгер уәкiлдi және оның
сыйақы мөлшерiн айқындайды.
      2. Уәкiлеттi орган:
      1) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру
мен iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне инновациялық қызметтiң басым
бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      3) инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған мемлекеттiк, салалық
(секторлық) бағдарламалар әзiрлейдi;
      4) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар беру және
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы
есептер беру ережелерiн, инновациялық қызметтiң мамандандырылған
субъектiлерiн аккредиттеу ережелерiн, бюджет қаражаты есебiнен инновациялық
гранттар алу өтiнiмдерiне мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама және
экономикалық сараптама жүргiзу ережелерiн әзiрлейдi;
      5) мемлекеттiк органдардың инновациялық қызметтi дамыту жөнiндегi
қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      6) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердi аккредиттеудi
жүзеге асырады;
      7) персоналға және технологиялық бизнес-инкубаторлар мен
технопарктердiң кеңсе, өндiрiс үй-жайларына қойылатын талаптарды
айқындайды;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне инновациялық қызметтiң
мамандандырылған субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      9) инновациялық қызметтi ынталандыру жөнiнде Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң
жобаларын әзiрлейдi.
      3. Өзге де орталық атқарушы органдар:
      1) өз өкiлеттiктерi шегiнде инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк
саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) өз өкiлеттiктерi шегiнде инновациялық қызметтi дамытуға
бағытталған мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларды iске асырады.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) өз өкiлеттiктерi шегiнде инновациялық қызметтi дамытуға
бағытталған өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi, iске асырады және оларды
құқықтық, ұйымдық және өзге де қолдауды қамтамасыз етедi;
      2) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға
қатысады.

7-бап. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған
              субъектiлерi

1. Мемлекет инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн
құруға қатысуға құқылы.
      2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар инновациялық қызметтiң
мамандандырылған субъектiлерiнiң құрылтайшылары бола алады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттiң қатысуымен
құрылған заңды тұлғалар инновациялық қызметке жәрдемдесу мақсатында
инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiнiң жарғылық капиталына
қатыса алады.
      3. Технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай қызмет түрлерiн жүзеге
асырады:
      1) шарт жағдайында инновациялар құруға қажеттi материалдық-техникалық
база ұсыну;
      2) шарт жағдайында зияткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау құжаттарын
алуға өтiнiмдер ресiмдеуге қажеттi жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
      3) инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн және
инновациялық жобаны қаржыландыруға арналған құжаттарды әзiрлеуге жәрдем
көрсетудi қоса алғанда, шарт жағдайында инновациялық жобаны әзiрлеу үшiн
қажеттi жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
      4) инновациялық жобаларды iске асыру үшiн инвестициялар тартуға
жәрдем көрсету;
      5) инновациялық қызметтi жүзеге асырушы шағын және орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiн ұйымдастыруға жәрдем көрсету.
      Технологиялық бизнес-инкубаторлардың инновациялық қызмет
субъектiлерiне жұмыстар мен қызметтер ұсыну үшiн тиiстi бiлiктiлiгi бар
персоналы, сондай-ақ инновацияларды құру үшiн жеткiлiктi кеңсе және өндiрiс
үй-жайлары болуға тиiс.
      4. Технопарктер мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
      1) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау және тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сериялық өндiрiсiн бастау
мақсатында тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер, сынақтар жүргiзу кезеңiн
қоса алғанда, инновациялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi кеңсе үй-жайлары
мен өндiрiстiк базаларды берудi, зертханалық жабдыққа, коммуникацияларға
және басқа да объектiлерге қол жеткiзудi қоса алғанда, шарт жағдайында
материалдық-техникалық базаны ұсыну;
      2) инновациялық жобаны iске асыру үшiн шарт жағдайында жеке және
заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық қызметтер ұсыну;
      3) инновациялық менеджмент негiздерiн оқыту;
      4) технопарктiң аумағында орналасқан шағын және орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне консультациялық қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту үшiн
жағдайлар жасау;
      5) кәсiпкерлiк субъектiлерiне отандық және шетелдiк ғылыми және
технологиялық ақпаратты тарату.
      Технопарктер осы баптың 3-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге
асыруға құқылы.
      Технопарктердiң инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдем көрсетуге
қажеттi меншiк құқығындағы немесе тұрақты немесе уақытша ұзақ мерзiмдi жер
пайдалану құқығындағы жылжымайтын объектiлердi қоса алғанда, материалдық-
техникалық базасы болуға тиiс.
      Технопарктерде сараптау кеңестерi құрылуы мүмкiн.
      Сараптау кеңесi:
      1) инновацияларды әзiрлеушiлерден, кәсiпкерлерден түсетiн өтiнiмдер
мен жобаларды алдын ала талдауды жүзеге асырады;
      2) жобаның жаңалығын және техникалық орындалуын, құрылатын
инновацияның нарықтық тартымдылығын, оның экономикалық орындылығын
бағалайды.
      5. Инновациялық қорлар мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
      1) инновациялар құруды және енгiзудi қаржыландыру;
      2) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық қызметтi
iске асыруы үшiн қаржы қаражатын iздестiру және тарту;
      3) инновациялық қызметтiң субъектiлерiне маркетинг, консультация және
басқарушылық қызметтерiн көрсету.
      Инновациялық қорлар жылдық қаржылық есептiлiк аудитiн жүргiзуге
мiндеттi.

8-бап. Технологиялық бизнес-инкубаторлар мен
              технопарктердi аккредиттеу

1. Уәкiлеттi орган технологиялық бизнес-инкубаторлар мен
технопарктердi аккредиттеудi жүзеге асырады.
      2. Технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердi аккредиттеу
ерiктi болып табылады және олардың өтiнiштерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестiгi технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердi
аккредиттеудiң негiзi болып табылады.
      4. Аккредиттеу туралы куәлiк алған инновациялық қызметтiң
мамандандырылған субъектiлерi туралы немесе куәлiктердi керi қайтарып алу
туралы ақпарат уәкiлеттi орган арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресми басылымдарда жарияланады.

Инновациялық іскерлігіне жауапты орган ретінде Қазақстан
Республикасының ғылым және білім министрлігі болып табылады.Сонымен қатар
басқа лауазымды органдар ретінде Қазақстан Республикасының индустрия және
сауда министрлігі ,ауыл шаруашылығы министрлігі, энергетика және минералды
ресурстар министрлігі,көлік және коммуникация министрлігі және жергілікті
мемлекеттік органдар [2қ.15-17б.].

1.3 АҚ –ның қысқаша экономикалық сипаттамасы

Қазақстанның Даму Банкі акционерлік қоғамының еншілес ұйымы ҚДБ-
Лизинг АҚ заңдық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы
Қабанбай батыр даңғылы, 22.
Шаруашылық субьектісінің толық атауы Қазақстанның Даму Банкі-
Лизинг акционерлік қоғамы Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Астана-жаңа қала арнайы экономикалық аймағы ,Қабанбай
батыр даңғылы 22. [3қ.1-10б.]
Ұйымдастыру құқықтық формасы: Акционерлік қоғамы Қазақстан Даму Банкі-
Лизинг
Кәсіпорын Астана қаласының Салық комитетінде салық төлеуші ретінде
тіркеуден өтті және оған салық төлеу номері берілді.
• ҚДБ-Лизинг акционерлік қоғамы Қазақстанның Даму Банкінің еншілес
ұйымы болып табылады және Қазына Тұрақты даму қоры АҚ жүйесіне
кіреді. Компания Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық
даму стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстанның Даму Банкі
ұсынған инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту
мақсатында 2005 жылдың 6 қыркүйегінде құрылды.
ҚДБ-Лизинг АҚ бірден-бір құрылтайшысы Қазақстанның Даму Банкі АҚ
болып табылады, оның 100 % Қазына Тұрақты даму қоры АҚ қарасты.
ҚДБ-Лизинг компаниясы мемлекеттің индустриалдық саясатын іске асыру
үшін құрылды. Алға қойылған Қазақстан экономикасының басым салаларын
дамыту міндеті Қазақстанның Даму Банкінің және оның еншілес компаниясы
ҚДБ-Лизинг акционерлік қоғамының ел экономикасындағы маңызды рөлін
айқындап берді. ҚДБ-Лизинг акционерлік қоғамының серпінді өсіп
жатқан жарғылық капиталы бүгінгі таңда 6,5 млрд. теңгені құрайды.
[6қ.16-20б.]
Даму Банкі өзінің мүмкіндіктері мен жоғары несиелік рейтингін
пайдалана отырып, еншілес лизингілік компаниясы үшін өзіне қойылатын
шарттар бойынша қарыз капиталын тартуға мүмкіндік туғызады. Төмен
пайыздық мөлшерлемесі, ұзақ мерзімге қаржыландырудың және басқа тиімді
шарттардың себебі осында жатыр.
Басқа коммерциялық лизингілік компанияларға қарағанда ҚДБ-
Лизинг пайда табуды емес, республиканың индустриалды-инновациялық
даму стратегиясына сәйкес келетін кең көлемді жобаларды
инвестициялауды көздейді. Экономиканың басым секторлары өңдеуші
өнеркәсіп, өндіруші және көлік инфрақұрылымдары болып табылады. ҚДБ-
Лизинг қызметіндегі басты бағыт – халықаралық маңызы бар тың
жобаларды іске асыру; қосылған құны жоғары, болашақта қазақстандық
өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызатын,
технологиялық өзара байланысты өнімдер шығаратын өндірістер желісін
құратын жобаларды іске асыру.
Қазіргі уақытта ҚДБ-Лизинг АҚ Индустриалдық Лизинг
тұжырымдамасын әзірледі, мұнда бірқатар жаңа өнімдер енгізілген:
несие + лизинг, консалтинг + лизинг, аумақтық лизинг, венчурлік
лизинг, Трансұлттық корпорацияларды тарту лизингі, дайын өнеркәсіп
ғимараттары лизингі, корпорация үшін лизинг пакеті, ҚДБ-Лизингтің
жоғары технологиялы жабдықтарын технологилар + жабдықтар
сызбанұсқасы бойынша импорттау үлгілері. Бұл өнімдер басқа даму
институттарымен, коммерциялық ұйымдармен, Трансұлттық
корпорациялармен, индустриалдық аймақтармен және технопарктермен тығыз
ынтымақтастықты мақсат етеді. Мұндай ынтымақтастықтың лизингілік қарым-
қатынастардың сапасын әлденеше есе арттыра түсетіні анық. [5қ.20-26б.]
ҚДБ-Лизинг АҚ қызметінің басым бағыттары:
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу тоқыма және тігін өнеркәсібі
былғары және былғары бұйымдарын өндіру кокс және мұнай өнімдерін
өндіру химия өнеркәсібі резина және пластмасса бұйымдарын өндіру көлік
инфрақұрылымы электр жабдықтарын өндіру электронды және оптикалық
жабдықтар өндіру металлургия өнеркәсібі машиналар мен жабдықтар өндіру
көлік құралдары мен жабдықтарын өндіру құрылыс материалдарын өндіру
ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын өндіру целлюлоза-қағаз өнеркәсібі
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде ҚДБ-Лизинг
акционерлік қоғамы алдына ауыл шаруашылығы техникасын лизингіге беру
міндеті қойылған, бұл өңірдің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне өз
өндірістерінде қазіргі заманғы агротехнологиялар мен жоғары өнімді
техниканы пайдалануларына мүмкіндік береді.
ҚДБ-Лизинг АҚ Шымкент қаласындағы өкілдігі Оңтүстік Қазақстан
облысындағы кәсіпорындарды лизингілік қаржыландыру жөніндегі
компанияның саясатын жергілікті жерде іске асыруда. ҚДБ-Лизинг АҚ
аталған облыстағы мақта шаруашылықтары мен мақта өңдеу кәсіпорындарын,
дайын тоқыма өнімдерін өндірушілерді қаржыландыруға басым көңіл
бөледі.
Мақта-тоқыма өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда негізгі құрал-
жабдықтарды жаңарту мен кеңейту еліміздің ішкі рыногында да, сыртқы
рыногында да олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа жұмыс
орындарын құруға, өнімдердің қосылған құнын барынша арттыруға
мүмкіндік береді.
Тоқыма кластерінің бағдарламасын дамыту мақсатында ҚДБ-Лизинг пен
Оңтүстік арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік
мекемесі "Ынтымақтастық пен әріптестік "туралы меморандумға қол қойды.

Бұл Меморандумның мақсаты тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда дайын
бұйымдар өндірісін дамытуға мүмкіндік туғызу.
Міндеттер:
Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар
жүйесіне кірігуін жандандыру; АЭА аумағында мүмкіндік беретін
жеңілдіктер мен артықшылықтарды, жағдайларды пайдалана отырып, дайын
тоқыма өнімдерін өндіруге байланысты инвестициялық жобаларды жүзеге
асыруға өзара тиімді ынтымақтастық шартымен әлемдік сауда маркаларын
өндірушілерді тарту; жоғары технологиялық өндіріс құруға, АЭА
аумағында өндірілетін дайын тоқыма өнімдерінің сапасын арттыруға және
түрлерін кеңейтуге жағдай туғызу. [4қ.30-35б.]
Акционерлік қоғамының құрылу мақсаты болып табылады: қазақстандық пен
шетел ұйымдарының техника ,құрал-жабдық қажеттіліктерін толық және сапалы
қанағаттандыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы экономикасында
материалдық және қаржылық ресурстарды тарту және тиімді пайдалану.
Негізгі қызмет түрі болып келесілер табылады:
- лизинг .
Негізгі емес қызмет түріне жататындар:
негізгі қорлар обьектілерін жалға беру ( ғимараттар, көлік құралдары
және т.б.);
- басқа да қызмет түрлері.
Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады және Қазақстан
Республикасының заңына қайшы келмейтін кез – келген қызмет түрімен
айналысуға құқы бар.
ҚДБ-Лизинг АҚ – нің құрамында 45 адам жұмыс істейді.
ҚДБ-Лизинг АҚ – нің есеп саясаты мына құжаттарға сәйкес жасалған:
1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және шаруашылық
есеп беру туралы заңы
2. Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары
Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына және шаруашылық
операцияларды орындау кезінде заңның сақталуына кәсіпорын басшысы жауапты
болып табылады. Бас бухгалтер кәсіпорын басшысына бағынады және есеп
саясатын жасауды; бухгалтерлік есепті жүргізуді және шаруашылық есеп беруді
дер кезінде орындауды, толық өз жауапкершілігіне алады. Мүлік,
міндеттемелер және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі Қазақстан
валютасында жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспары мен жүйелік
шоттарды қолдана отырып журнал – ордер формасында жүргізіледі. Мұның өзі
кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің толық көрсетілуі үшін және
мүліктік, қаржылық жағдайды білдіру үшін қажет боп саналады. [1қ.7-18б.]
Бизнестің кез-келген саласының нәтижесі қаржылық ресурстардың болуы
және оларды пайдалану тиімділігіне қатысты болады, сондай-ақ кәсіпорынның
өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Келтірілген кестедегі
мәліметтерге қарап кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне баға беруге
болады.

Кесте 1 ҚДБ-Лизинг АҚ-ң 2005 жылдың нәтижелері
Атауы мың теңге
Проценттік пайда 58,530
Жалпы әкімшілік шығындар 44,544
Салық төлеуге дейінгі табыс 13,986
Табыс салығы бойынша шығындар 8,171
Таза пайда 5,815

Кесте 2 ҚДБ-Лизинг АҚ-ң 2006 жылдың нәтижелері
Атауы мың теңге
Проценттік пайда 449,304
Проценттік шығындар 12,420
Таза проценттік табыс 436,884
Комиссия мен қызмет көрсетуден түскен табыстар 15,622
Шетел валюталармен өткізілген операциялар 8,064
нәтижесіндегі шығын
Басқа табыстар 38,0
Таза проценттік емес табыс 7,596
Операциялық табыстар 444,480
Операциялық шығындар 108,512
Табыс салығы бойынша шығындар 29,496
Таза пайда 79,016

Жалпы алғанда дебиторлық берешек пен тауарлы материалдық
құндылықтардың өсуі оң бағаланғанымен, бұл өтпейтін запастардың болуы мен
күмәнді қарыздардың көбеюі, айналыс қаражаттарының айналымдылығын кемітеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайтын болсақ ол меншікті және
заемдық капиталдың қатынасына тәуелді болады.
Теориялық бөлімнің нәтижелерін шығарсақ ,бұл бөлімде инновация мен
инвестициялардың талқыламасы мен олардың классификациясы беріліп, Қазақстан
Республикасының инновациялық және инвестициялық дамуындағы нормативтік-
құқықтық базаның жүзеге асырылу процессін бейнелеп, ҚДБ-Лизинг
акционерлік қоғамының 2005-2006 жылдарының экономикалық нәтижелерінің
сипаттамасын берілді .
II бөлім
Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық дамуының қазіргі жағдайы

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық жағымдарының бағалануы

Инвестициялық жағымдық бір жағынан инвестициялық потенциалымен,ал
екінші жағынан тәуекелден құралады.
Негізгі факордың іріктеуі сапалық талдау арқылы жүзеге
асырылады,өзіне әр түрлі көрсеткіштер мен коэффиценттерді енеді.Олардың
есебі ең біріншіден стратегиялық инвесторлардың маңыздылығымен
түсіндіріледі.Сондықтан да субьективизмді минимумға дейін жеткізу үшін,
кәсіпорынның қаржылық жағдайдың кешендік бағалауы жүргізіледі.
Инвестициялық тартымдылығының бағалауы кезінде келесі көрсеткіштерді
пайдаланылады:
- төлемақы көрсеткіштері
- қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері
- табыс (шығын) көрсеткіштері
Қаржылық көрсеткіштерінің өзгеруімен тікелей байланысты қаржылық есеп
элементтеріне келесілер жатады:
1.Табыстар – бұл есепті кезеңде экономикалық табыстың ұлғаюы, яғни,
кәсіпорын капиталының ұлғаюына әсер ететін активтердің көбеюі немесе
міндеттемелердің азаюы нәтижесінде туындайды.
1. Шығындар – бұл есепті кезеңде экономикалық табыстың төмендеуі.
Ол кәсіпорын капиталының азаюына әсер ететін активтердің
төмендеуі немесе міндеттемелердің көбеюінен пайда болады.
Активтер, міндеттемелер және капитал – бұл бухгалтерлік баланстың
элементтері.
Табыстар мен шығындар – бұл табыстар мен шығындар туралы есеп берудің
элементтері.
Төлем қабілеттігі-бұл өзінің міндеттемелер бойынша уақытылы төлем
жасауы.Төлемақы қабілеттілігі кәсіпорынның қаржылық жағдайының сыртқы
көрінісі және оның тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады.
Ағымдық ликвидтілік коэффициеті (қарыздарды өтеу коэффициенті) бүкіл
ағымдық активтер сомасы бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер жалпы
сомасының қатынысы бойынша анықталады.Ол ағымдық активтер ағымдық
пассивтер өтеу бағасын көрсетеді.Теориялық жағынан оның мәні-2-2,5
жеткілікі болып табылады.

2.2 Инвестициялық және инновациялық белсеңділігінің, кәсіпорын
қаржыландырудың қайнар көздерін талдау

Инвестициялық белсеңділік мағынасында капиталдық құйылымдардың келуі,
яғни қанша кәсіпорынның белсеңді инвестициялық обьектілеріне салымдарды
жүргізеді.Қазіргі замаңғы инвестициялық саясатының негізгі мақсаты-
экономиканы интенсивті даму жолына аудару.Жалпы мағынада капиталдық
құйылымдар негізінде бүкіл салымдарды түсінуге болады, жаңарту ,
жетілдірумен байланысты.
Капиталдық салымдар келесі элементтерден құралады:

1. Капиталдық құрылысқа инвестициялар;
2. Әр түрлі машиналармен жабдықтарды сатып алуға арналған инвестициялар;
3. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар;
4. Материалдық емес активтерге инвестициялар (патенттер,лицензиялар,мүлік
құқықтар және басқа интеллектуалдық құндылықтар);
Капиталдық құрылыс-бұл өндірістік және өндірістік емес қорларды құру
үшін жасалған өндірістік процесс .Капиталдық құрылысты қазақстандық
мердігерлер жүргізеді, халықаралық стандарттарына сәйкес осындай
жұмыстарды жүргізе алса.
Машиналар және жабдықтар –негізгі өндірістік қорлардың бөлігі ,
өндірістік процессте тікелей қатысады.Олардың құрамына : әртүрлі
механизмдер , қуат машиналар мен жабдықтар, өлшеу құралдары және басқа да
өндірістік ,шаруашылылық инвентарь болып табылады.Қаржылық тәуекелдік
коэффиценті қарыз қаражаттарын оның жалпы капитал сомасы бөлігін
сипаттайды.Неғұрлым бұл көрсеткіштері жоғары ,соғұрлым банктер мен
кредиторларға үшін сенімді болады.Бұл коэффициент 1-ден кем болмау керек.
Маневрлеу коэффициенті өз айналым коэффициенті оның жалпы сомасындағы
бөлігін сипаттайды.Ол өз капиталдың қандай бөлігін айналымда болатыны, бұл
қаражаттың еркін пайдаланатынын .Бұл коэффициенттің мәні 0,5 –ке тең боуы
тиіс.
Жылдам ликвидтілік коэффициенті ағымдағы активтерінің ағымдағы
пассивтер құндылықтарын алғанда қатынастарын анықтайды.Бұл коэффициенттің
мәні 0.7-1 қатынасын қанағаттандыруы тиіс .Абсолютті ликвидтілік
коэффициенті ( ақша резервтер нормасы) өткен көрсеткіштерді
толықтырады.Ақша қаражаттардың қысқа мерзімді міндеттемелер қатынасын
анықтайды.Коэффициенттің мәні толық деп есептеледі ,егер ол 0,2-0,25 болса.
Таза айналым капиталы бұл ағымдық активтердің ағымдық пассивтердін
үлкен болған жағдайда қатынасын көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық – бұл шаруашылық субьекттілердің даму және
жұмыс істеу қабілеттілігі.
Кәсіпорынның өзіндік капиталымен қамтамасыз етуі оның өзін-өзі
қаржыландыру қабілеттілігін түсіндіріледі.Ол кәсіпорынның тәуелсізідігінің
негізі болып табылады.Өзіндік қаражаттың аздығына байланысты қарыз
капиталын тарту керектігі пайда болады. Сондықтан да кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер : автономдық (тәуелсіздік)
коэффициенті, қаржылық тәуелділік коэффициенті,қаржылық тәуекелділік
коэффициенті,қаржылық коэффициенті,маневрлеу коэффициенті.
Қаржылық автономия (тәуелсіздік) коэффициенті- бұл өзіндік капиталдың
,оның жалпы сомасындағы бөлігі.Жалпы капитал өзіндік сомасының және қарыз
капиталын көрсетеді,яғни баланстық нормативтік мәні 0,5-0,6 деп саналады.
Материалдық емес активтер –бұл патенттер,лицензиялар,сауда
маркалар,тауар белгілері,табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану
құқықтары ЭЕМ үшін бағдарламалық өнімдер,жаңа технологиялар мен
технологиялық шешімдер.
Кәсіпорынның инвестициялық іскерігі келесідей боп тұжырымдалады:
-кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ХҚЕС –ке аудару;
-халықаралық аудитін жүргізу;
-бағалы қағаздар нарығына шығу;
Қор нарығына шығу 2 кезеңді ескере отырып
-I кезең В листингке кіру;

Ақпараттық технологиялар

ҚДБ-Лизинг акционерлік қоғамының негізінде корпоративтік ақпараттық
жүйені енгізу,ERP стандартын қолдайтын (кәсіпорынның ресурсын жобалайтын)
есепті автоматтандыру ортақ жүйесі негізінде кешендік енгізу,бірінші
кезеңде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру,келесі кезеңдерде ERP жүйесін
енгізу.
Егер де қандай да кәсіпорын инвестициялау процессін жүзеге асыруға
дайын болса, ол белгілі бір қаржы ресурстарына ие болу керек және олар
активтерді сатып алуға бағытталады.Көбінесе инвестициялайтын кәсіпорын
бірнеше альтернативті қаржыландыру қайнар көздеріне ие болып , оларды
тәжірибе жүзінде бірігіп пайдалануын білуі тиіс.Қаржы ресурстардың тұтынуы
қысқа және ұзақ мерзімді қажет етеді.Кәсіпорынның негізгі қайнар көздері
өзіндік (ішкі) және қарыз (сыртқы) ақша-қаражаттары болып табылады.
Өзіндік капитал қаржыландырудың негізгі қайнар көзі болып
табылады.Оның құрамына: жарғылық капитал,жинақтауыш капитал (резервтік және
қосылған капитал ,жинақтау қоры,бөлінбеген табыс) және басқа да түсімдер
(мақсатты қаржыландыру,қайырмдылық және т.б.)
Жарғы капиталы- ол бастауыш капитал болып табылады және
акционерлердің салымдардардың негізінде құралады.Салымдар ақша қаражаттар
негізінде ,мүліктік нысанда және материалдық емес активтер бола алады.
Резервтік қор-форс-мажор жағдайлардың шығындарын өтеу үшін
құрылып,пайда негізінде құрылады.
Қосылған құн-мүлікті қайта бағалау немесе акцияларды номиналдық
бағадан жоғары сатудан түскен қаражаттар негізінде құрылады.
Бөлінбеген пайда – көбінесе ұзақ мерзімді қаржыландыру қайнар көздері
болып табылады және бөленбеген өткен жылдардың пайдасынан құралады.Оны
бөлінгенге дейін кәсіпорынның айналымында пайдаланылады.
Арнайы бағыттарға қаражаттар және мақсатты қаржыландыруы-бұл
қайтарымсыз берілген құндылықтар,сонымен қатар кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған бюджеттік ассигнованиялар.
Қарыз капиталы –қаржы ұйымдардың және банктердің несиелері, заемдар,
қысқа мерзімді несие ,лизинг және т.б.Ол ұзақ мерзімді (1 жылдан астам)
және қысқа мерзімді (1 жылдан кем) болып табылады.
Лизинг-инвестициялық қаржыландырудың бір түрі.Ұзақ мерзімді мүліктің
жалы жалберушінің меншік иесі құқығының сақталуымен.Ол кәсіпорынға өзінің
қарамағына өндірістік құралдарын алуға мүмкіндік береді,сонымен оны сатып
алмай және оның меншік иесі болмай.
Негізгі құралдарды сатып алу және жалға алу капитал
пайдаланылады,материалдық активтерді ,өндірістік және өндірістік емес
нысандары ,шикізатты сатып алу, материалдар, отын, энергия,жұмысшылардың
еңбек ақысы, несиелер бойынша пайыздар мен салықтарды төлеу,яғни ол ұзақ
мерзімді және ағымдық активтерге салынуы мүмкін.Баланстың пассивінде
көрсетілген мағлұматтар өзіндік және заемдық капитал құрылымдары болған
өзгерістерге қол жеткізуге болады, кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімді
заемдық қаражаттары салынған ,яғни пассив қайдан ақша қайдан алынды және
кімге ол қарыз екенін көрсетеді.

2.3 ХҚЕС сәйкес өту барысындағы кәсіпорынның инвестициялық іскерлігінің
есеп саясаты

Кәсіпорынның инвестициялық іскерлігінің есеп саясаты ХҚЕС 28
шоғырландырылған ұйымдарға инвестициялар атты стандарт инвестицияларды
шоғырландырылған ұйымдарға есептеу үшін пайдаланылады.Стандарттардың
нысаны шоғырландырылған ұйымдарға салынған инвестицияларға пайдалануды
көздемейді :
- тәуекелдік капитал ұйымдарға;
- инвестицияларды сақтандыратын қорлар немесе пайлық инвестициялық
қорлар және басқа да ұйымдардан;
Осындай инвестициялар IAS 39 Қаржылық құралдар –тану мен бағалау
сәйкесінше бірінші әділетті бағасы бойынша бағаланып,есеп беру кезінде
табыстар мен шығындар бөлігінде көрсетіледі.
Стандартта келесі анықтамалар қолданады:
Шоғырландырылған ұйым –егер де инвестор еншілес ұйым болып табылса,меншік
иесі болмайтын, бірақ елеулі ықпал әсер ететін біріккен іскерлік жасайтын
ұйымды атайды.
Шоғырландырылған қаржылық есеп- біріккен ұйымның есебі ретінде келтірілген
топтардың қаржылық есебі.
Бірікккен бақылау- келісім-шартпен бекітілген ,экономикалық іскерлікті
ақылдасып бірігіп бақылау.
Жеке қаржылық есеп- келісім шартпен бекітілген экономикалық іскерлікті
ақылдаса бөліп бақылау.
Маңызды ықпал- ұйымдардың қаржы және операциялық саясатының шешімдерді
шығару кезіндегі қатысу мүмкіндігі.
Еншілес ұйым- басқа ұйыммен бақыланаын ұйым.
Егер инвестор ұйымның 20% акциялардың тура немесе жанама түрде
иеленсе, онда ол ұйымның шешімдеріне ықпал жасалатының туралы айтуға
болады.Ал егер де инвестор ұйымның 20% акциясын иеленбесе, онда ол ұйымға
ықпал жасай алмайтындығы туралы айтуға болады.
Басым ықпал келесі жолдар арқылы жүзеге асырылады:
- ұйымның басқарудағы директорлар кеңесіндегі тікелей қатысу;
- шешімдерді қабылдау кезіңдегі және ұйымның саясатын аңықтау
кезінде қатысу мен ықпал ету;
- инвестор мен инвестициялау обьектінің арасында үлкен
операцияларды жүргізу,
- басқару персоналмен есеп-айырысу;
- маңызды техникалық ақпаратты ұсыну;
Егер де ұйым қаржылық және операциялық саясатының шешімін шығаруға
ықпалынан айырылса , оңда инвестициялық обьектіге ықпалынан айырылады.
ҚДБ-Лизинг акционерлік қоғамының есеп саясаты келесі стандарттарға ие :
IAS 14 Сегменттік есеп, IAS 19 Жұмысшылардың сыйақысы ,IAS 20
Мемлекеттік субсидиялар есебі және мемлекеттік көмек ақпаратын ашу
Белсеңді нарығындағы Ағымдық нарық бағасы
айналымдағы қаржы
құралдары
Белсеңділі нарығының айналымдағы Құнның пайдаға қатынасы оның
болмайтын қаржы құралдары сипаттамаларын ескергенде
Дебиторлық берешек Алынуға бағытталған дисконтталған
сома
Шикізат пен материалдар Ағымдағы қайта құру бағасы
Жер учаскелері мен ғимараттар Нарық бағасы
Машиналар мен жабдықтар Есеп жолымен анықталатын нарық
бағасы
Материалдық емес активтер Белсеңді нарық жоқтығында белгілі
бір келісімді жасау үшін төленген
сома
Салық активтері мен IAS 12 стандартына сай біріккен
міндеттемелері кәсіпорындарды бағалау үшін
пайдаланылады
Үшінші жақпен өзіне қабылдаған
шартты міндеттемелер және осы соманы
Шартты міндеттемелер анықтаған
Гудвилл Танылмайды

IAS 26 Зейнетақы бағдарламалары бойынша есебі және есеп беруі, IAS
29 Гиперинфляция кезіндегі қаржылық есеп беруі , IAS 30 Банктердің
қаржылық есебі және басқа да қаржылық ұйымның есеп беруі туралы ақпаратты
ашу, IFRS 1 ХҚЕС бірінші рет қабылдау , IFRS 2 Бөлшек құралдарының
негізінде төлемдер , IFRS 3 Сақтандыру келісім шарттары .Еншілес
ұйымдар өзінің жеке есеп саясаты болуы мүмкін , өйткені олар аналық
ұйымның есеп саясатына негізделе отырып,өзінің есебін жүргізе алады.
Еншілес ұйымның аналық ұйымның есеп саясатын қолданатыныны туралы
еншілес ұйымның арнайы уәкілетті орган шешім шығарады.
Кәсіпорынның бағасының бөлуі мақсатында , кәсіпорын сатып алушы әділетті
бағасының келесі сапалық көрсеткіштерін ұсынуы қажет.
Жоғарыда көрсетілген стандаттары мен олардың сипаттамалары қазіргі
көптеген елдерінде пайдалынатын ХҚЕС , оларды да инновацияларға жатқызуға
болады ,өйткені ол көптеген шағын және орта бизнес салаларына
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУ
Инвестициялық саясат туралы
Кәсіпорында инновациялық қызметті басқару стратегиясы және инновациялық стратегияны таңдау
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бизнесті моделдеу»
Инвестициялық жоба,оның құрылымы және өмірлік циклі
Негізгі өндірістік қорлар
Инновациялардың инвестициялық негізі
Инновациялы инвестициялық жобалар және оларды бағалауға арналған программалық пакеттер
Пәндер