АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
АЙМАҚТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУЫН ЖЕТІЛДІРУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1. ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1. Әлеуметтік қорғаудың экономикалық мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Әлеуметтік қорғау белгілерінің
сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік саясаттың құрамы
секілді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

2. АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
1. Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік
қамтамасыздандыруға
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 32
2. Қарағанды облысындағы әлеуметтік көмекке талдау
... ... ... ... ... ... ... .47
3. Аймақ бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесін бағалау
... ... ... ... ... .56
4. Аймақтағы зейнетақымен қамтамасыз ету қорын дамытуға
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

3. АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ... ... 69

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .82

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..85

КІРІСПЕ

Қазақстан өз азаматтарына өмірдің жоғары стандарттарын жасай отыра,
әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына енуі тиіс. Біз бұған
халқымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда қол
жеткіземіз - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
2005 жылдың 18 ақпанындағы халыққа жолдауында анықталған болатын. 1, б. 2-
3
Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканы құру тиімді әлеуметтік
саясатты жүзеге асыруға қатысты.Әлеуметтік қорғау жүйесін құру – әлеуметтік
саясаттың негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа ұйымдық құқықтық
формаларын дамыту қажет.
Халықты әлеуметтік қорғау конституция шегінде қоғамның өз азаматтары
алдындағы белгілі міндеттері ретінде анықталады. Әлеуметтік қорғау жүйесі
осы міндеттерді орындауға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.
Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі
құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін
төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын
әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар
жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау
арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-
нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік
саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз
етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол
жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік
қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге,
қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге
ұмтылады.
Қазақстан Республикасы бірінші орынға адам факторын, тұрғындардың
жағдайын, адамдар денсаулығын, жанұяға қамқорлығын қоя отырып әлеуметтік –
бағытталған экономика құруға ұмтылады. Осы аталғандардың барлығы мемлекет
Констиутциясында былай деп айтылған: Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, құқықтық және де әлеуметтік мемлекет деп бекітеді. 2.
Елбасымыз өзінің 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
жолдауында айтқандай: Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол
нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі
болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға
міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең
алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер. Ең пәрменді
әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын
жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай
да бір себептермен жұмысынан айрылып қалған адамдардың еңбекке оралуына
нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай
жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында  жұмысшы мамандықтарының,
әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды
қайтадан қолға алуымыз қажет 3.
Қазақстан Республикасының қоғамдық дамуындағы қазіргі әлеуметтік-
экономикалық шарттарында әзірге әлеуметтік қорғаудың кей бөліктерінде
сәйкессіздік болып отыр. Бұл орташа өмір сүру деңгейінің төмен болуына,
әлеуметтік қамтамасыз ету рөлін арттыруға, әлеуметтік- экономикалық және
демографиялық процестерге, қоғамдағы саяси тұрақтылық пен азаматтық әлемге
үлкен әсер етуші себептердің бірі.
Мемлекеттің экономикалық дамуындағы қайта құрулар барлық адамдар
өміріне қатысты: олардың қызығушылығы мен бағыттары ауысады, тұрғындардың
табыс дифференциациясы артады, рухани құндылықтар өзгереді, қоғамдағы
әлеуметтік дезинграция процесі күшейеді. Сондықтан нарықтық механизмдерді
енгізуде адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, олардың қаржылық қамтамасыз
етілу шаралары қоса жүруі тиіс, сонымен қатар азаматтық әлемді және
ұлтаралық келісімді де назардан тыс қалдырмау қажет.
Сондықтан бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы біздің еліміздің аз
қамтамасыз етілген азаматтарын әлеуметтік қорғаудың қаржылық қамтамасыз ету
жағынан өте ұшқыр мәселелерге тап болуы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні Қазақстан Республикасында тұрғындары әлеуметтік
қорғау жүйесі болып табылады.
Зерттеу объектісі аймақтағы әлеуметтік қорғау жүйесінің жүзеге асырылуы
мен оларды құру механизмі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты аймақтағы тұғындарды әлеуметтік қорғау
жүйесіне талдау жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелерді шешу керек:
- тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың теориялық негізін қарастыру;
- аймақта тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін талдау;
- міндетті ілеуметтік сақтандыру қоры қызметін бағалау
- зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесін зерделеу;
- әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделін дамыту перспективаларын
анықтау.
Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдістемелік негізі болып
Қазақстан Республикасының заң актілері, осы тақырыпқа зерттеу жүргізуші
ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы бойынша статистикалық
мәліметтер және Қарағанды облысы акиматының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің мәліметтері алынды.

1 ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Әлеуметтік қорғаудың экономикалық мазмұны

Тарихи және логикалық көзқарастардың бірлігі нарықтық экономика
шарттарында құралатын экономикалық категорияның, олардың күрделі ішкі
құрылымын талдауды талап етеді. Жаңа категориялар экономикалық қайта құрылу
нәтижесінде туындап, дамиды. Мемлекеттер арасында, мемлекет ішінде,
азаматтар арасында байланыстардың өзгеруі мен дамуы қандай да бір дәрежеде
олардың әлеуметтік-экономикалық түріне, яғни экономикалық категорияға
ықпалын тигізеді. Олардың құрылымын, өзара байланысын, өзара негізделуін
анықтау және де сәйкес элементтердің өзара ықпалы категория мазмұнын ашуға,
логикалық негіздеме құруға мүмкіндік береді.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау түсінігі экономикалық категория
статусын алады, себебі ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғаудың
қазіргі заманғы атаулы жүйесін құруға, адам құқығын сақтауға, тұрғындардың
аз қамтылған бөлігіне көмек беруге, денсаулық пен білімге назар аударуға,
қылмыскерлікпен күреске және де әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға
қабілетті әлеуметтік мемлекет ретінде даму және нығаюының негізгі
мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді. 4, б.65
Экономикалық категорияның құрылымын, оның құрамдас элементтерінің өзара
негізделуін анықтау ең алдымен категорияның әлеуметтік-экономикалық түрлері
мен мазмұнын жекелеген элементтерге мүшелеуге, оларды танымның тіреуші
пунктері ретінде талдауға әкеледі.
Әлеуметтік қорғау категориясы ғылыми әдебиетерде қандайда бір
келіспеушіліктерге ие. Ең көп таралған көзқарас бойынша әлеуметтік қорғау
дегеніміз ол Тұрғындардың нарық барысына не мүлде қатыса алмайтын, не
болмаса денсаулығына, жас мөлшеріне, еңбекке қабілеттіліктің жеткіліксіз
мүмкіндігіне ғана ие болуына байланысты шектеулі қатысушылыққа ие болатын
және т.б. бөлігіне көмек беру. 5, б. 95
Өзге авторлардың пікірі бойынша әлеуметтік экономикада қалыптасқан
дәстүрді бейнелейтін әлеуметтік қорғау (әлеуметтік қызмет көрсету) жүйесі
қоғамның әлеуметтік-кемшіл мүшелеріне мемлекеттің қамқорлық көрсету
принципіне сүйенеді. Ол анықтамаға дифференциаланған тәсіл қарастырады.
Тұрғындардың аз қамтылған тобы қажеттілік дәрежесіне қарай тегін әлеуметтік
көмек алады. 6, б. 217.
Осы мәселе бойынша негіз болатын құжат ретінде әлеуметтік қамтамасыз
етудің минималды нормасы туралы 1955 жылы күшіне енген №102 МОТ
Конвенциясын санауға болады.
Нақты осы құжатта қорғау түрлерінің атауы мен оның деңгейі анықталған
әлеуметтік қорғау термині қолданылады. Одан әрі әлеуметтік қамтамасыз ету
саласында тең құқықтық пен құқықты сақтау туралы Конвенциялар қабылданды
(№118, 1962 ж. және № 157, 1982 ж. және т.б). № 102 Ковенция әлеуметтік
қорғаудың тоғыз түрін қабылдап біріктіреді: медициналық қызмет көрсету,
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, қарттық бойынша зейнетақы, өндірістік
жарақат бойынша жәрдемақы, мүгедектік бойынша жәрдемақы, асыраушысынан
айырылғандықтан берілетін жәрдемақы, жүктілік пен бала туу бойынша
жәрдемақы, денсаулыққа байланысты жәрдемақы, жанұялық жәрдемақы. 4, б.
218.
Біздің көзқарасымыз бойынша егер әлеуметтік қорғау жүйесі -
тәуекелділікті төмендету жүйесі болса, онда оның негізгі функциясы күрделі
әлеуметтік жағдайға түскен адамға көмек беру немесе мүмкін қиындықтардың
алдын алу, оны жеңуге қол ұшын тигізу болып табылады. Күрделі әлеуметтік
жағдайларды тудыратын себептердің бастауы сол нарықтық экономикалық жүйе
негізінде жатыр. Олар әлеуметтік даму мен бас еркіндігіне негізделген
қалпына келмейтін қайшылықтар мен экономикалық тәртіптің үйлесімінің
қажеттілік сыныбына жатады. Жүйенің экономикалық тиімділігінің үйлесімдік
шарттары мен жеке тұлғаның әлеуметтік қорғалуы туралы Л. Эрхард өзінің
бағдарламалық еңбегінде келесідей ой түйген: адамдар шаруашылық үрдіс және
өндірістің жетістігіне негізделген жағдайдың ұжымдық кепілдендірілген
қамтамасыз етудің жүйесімен үйлесімсіз екенін мойындағылары келмейді. Еркін
шаруашылық біраз уақыт бойына ұсталып тұруы мүмкін, егер ұлттың әлеуметтік
өмірі максималды еркіндікпен қамтамасыз етілсе және максималды түрде
әркімнің өзін өзі қамтамасыз ету ынтасы болса және әрі қарай әлеуметтік
қамтамасыз ету әрине ол игілік, ол да жоғары деңгейде қажет, алайда ол
әркімнің жеке талпынысына, жеке ұмтылысына, жеке жетістіктеріне негізделген
болуы керек. Әлеуметтік қамтамасыз ету барлығына арналған әлеуметтік
сақтандыруды, жеке адамның жауапкершілігін қоғамға артуды білдірмейді. Ең
алдымен әркімнің жеке жауапкершілігі болуы тиіс. Жалғыз жауапкершілік
азшылық танытқанда немесе ол нәтижесіз болғанда мемлекеттік міндеттер
немесе адамға қатысты қоғам күшіне енеді. 7, б. 66.
Азаматтарды, оның ішінде қарияларды, еңбекке жарамсыз жандарды, аз
қамтамасыз етілген тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі Социалистік
Кеңес Үкіметі кезінде 70 жыл шамасында құрылған және де толығымен
мемлекеттік қаржыландыруға негізделді. Оның құрамына тегін медициналық
қызмет көрсету, бастауышпен орта және кәсіби білім алу, қартайған шақта
қамтамасыз ету, өте төмен пәтерлік ақымен тұрғын үй беру, ақысы
жеңілдетілген демалу қызметі, тамақ бағаларына мемлекеттік жеңілдіктер,
бала мен қарттарға арналған тамақтарының түрлері және т.б. енгізілді.

Осындай жүйе кезінде мемлекеттің үлкен ресурсы қолданылды және бұл
жүйені жалпы басқару аса қымбатқа түсті. Оған құқықтық база күрделілігі,
басқару құрылымын ұйымдастырудың шамадан тыс үлкен болуы септігін тигізді.
Қоғам басқа заңдылықпен дамитын нарықтық қатынастарға өтуі кезінде
экономиканы, әлеуметтік қамтамасыз етуді, қоғамдық және мәдени өмірдің
басқа да салаларын түбірлі өзгерту қажеттілігі туындайтыны сөзсіз.
Нарықтық қатынастың құрылуы ұзақ уақыт болатынын тарихи тәжірибе
көрсетті және бұрыңғы кезеңдерде инфляция, жұмыссыздық, тұрғындардың өмір
сүру деңгейінің біршама төмендеуі, әлеуметтік дифференциацияның күшеюі
байқалады.
Ауысу кезеңінің жалпы ерекшеліктері төмендегілер:
- меншіктің бірнеше түрлерінің пайда болуы, тұрғындардың табысына
міндетті түрде өзгеріс әкелетін жұмыспен қамтамасыз етілу құрылымының
өзгеруі;
- экономикадағы дағдарыс құбылыстары табыстарды бірқалыпты үлестіруді
бұзғанда экономикалық дамудың цикліне де өз әсерін біршама деңгейде
көрсетеді;
- нарық жағдайында мемлекет пен қоғамның әр мүшесі арасындағы
тұрғындардың материалдық қамтамасыз етілуі үшін қатынас өзгерген кезде
табыстарды үлеструдің жаңа механизмін құру;
- азаматтарға қосымша табыс көзін іздеуіне әкеліп соқтыратын келесі
жайттар: өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендеуі, бағаның өсуі мен
кедейшілік шекарасының кеңеюі. Оған сәйкес әртүрлі қорлардан төленетін
әлеуметтік төлемдер көлемі артады.
Нарыққа өту әр адамға өмір сүру деңгейінің мүмкін төмендеуіне жол
бермейтін жоғары әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ете алатындай
экономикалық, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктің жаңа жүйесін құруды
талап етті. Бұл жүйе ешкімді алаламастан барлық азаматтарды қамтуы тиіс
және де адамның өмір сүретін барлық уақытын еңбекке қабілеттілігіне,
әлеуметтік тобына, кепілдікті таңдауына қарамастан қамтуы тиіс.
Бүгінгі күнде Қазақстандағы әлеуметтік сала алдына қойылып отырған
маңызды мәселе нарықтық экономикаға өту кезінде қажет етілген қорғаныстың,
мемлекеттік шығындарды азайту мақсатында жалпы бюджеттік мәселелерді
қысқартудың тиімді әрекетіне қатысты. Бұл жерде басылымдық тек нақты
мемлекет қолдауына зәру және өзіне өмір сүру минимумын таба алмайтын
кедейлер мен тұрғындардың жекелеген топтарына берілуі тиіс (қариялар,
зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер және т.б.).
Олардың материалдық жағдайы- біздің қоғам қол жеткізген әлеуметтік
көрсеткіші.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және де әлеуметтік мемлекет деп
бекітеді де ондағы ең жоғары құндылық адам мен оның өмірі, құқығы мен
еркіндігі болып табылады деп көрсетілген. 8, б.25
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік қорғау туралы екі түсінік
кездеседі:
- жеке тұлға өзіне және өз отбасына қажет өмірлік жағдайларды өзі жасай
алатыны, кең мағынада, алғанда әлеуметтік қатынастар жүйесі ретінде
қарастырылады;
- мемлекет өзінің жағдайын жақсарта алмайтын қандайда бір тұрғындар
тобын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жүйе ретінде
қарастырылады. 6, б. 217
Халықаралық құқық нормаларына сүйене Конституция мемлекеттің әлеуметтік
саясатты нығайту бойынша міндеттерін бекітеді де, саясаттың келешекте әрбір
қазақстандыққа қажет өмірлік деңгейді қамтамасыз етуі керек екенін баса
көрсетеді.
Әлеуметтік саясат – мемлекет пен тұрғындардың әлеуметтік топтарының
қатынасымен байланысты қызмет саласы. Ол әлеуметтік әділеттілік негізінде
жүзеге асырылуы тиіс. Бір жағынан бұл қызмет барлық әлеуметтік мәселелерді
шешуге бағытталған болса, екінші жағынан ол билік пен мемлекеттің бекуін
мақсат етеді.
Нарыққа көшу кезінде әлеуметтік саясат өзгерулерді бастан кешірді.
Бұрын мемлекет атқарған көптеген негізгі функциялар меншіктің әртүріне
жататын мекемелер мен кәсіпорындарға берілді де тікелей әр адамға
аударылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті
тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеу.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге
асыру саласында міндеттер қояды. Олардың бір түрі: әлеуметтік қорғау,
қолдау, әлеуметтік сақтандыру және тұрғындарды қамтамасыз ету. Әлеуметтік
қорғау жалпыланған түр болып табылады. Сақтандыру мен қамтамасыз ету -
жеке, алайда оған енетін қызметтер ұқсас. 5, б.155
Көптеген отандық мақалаларда әлеуметтік қорғау категориясы әртүрлі
жазылатынын айта кету керек. Бұл мәселе бойынша шетел тәжірибесі біздің
елімізде тек кейінгі уақытта ғана тарала бастады, бізге келетін
аспектілерді тәжірибеде тексеріп барып қолданысқа енгізуге уақыт
жеткіліксіз өтті. Сондықтан кейбір авторлар әлеуметтік қорғауды әлеуметтік
саясатпен және әлеуметтік теңдікпен жалпылайды. Нақты айтқанда жоғарыдағы
ұғымдардың бірнеше ортақтастықтары да бар, дегенмен де оларды синонимдер
деп санауға болмайды. Теңестірілген түсініктер қандайда бір дәрежеде жалпы
қабылданған сипатқа ие емес. Мысалы, В. И. Патрушев әлеуметтік
кепілдіктерді білімнің, мәдениеттің, медициналық қызмет көрсетудің және
тұрғын-үйдің, қарияларға қамқорлық етудің, аналар мен балаларға жәрдем
берудің қол жетерліктей болуымен қарастырады. Л. Э. Кунельский әлеуметтік
кепілдік ретінде мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін қызметтерді
түсінген. Дамыған елдерде мен қорғаныс деген де түсінік бар. Францияда
мемлекеттік деңгейде жанұялық саясат туралы айту қабылданған, ол жерде
балаларды қорғауға алу басты назарда болады. Еңбектің халықаралық мекемесі
еңбек етушілердің әлеуметтік қорғау деңгейін, ассоциация еркіндігін, түрлі
қаралымдарды, қинап еңбек еткізуге жол бермеуді айыру керек екенін ұсынады,
сонымен қатар олардың физикалық құндылығын сақтау қажет: техника
қауіпсіздігі мен еңбек тазалығы; бала еңбегі туралы заңдылық және т.б.,
оларға қоса Әлеуметтік қорғау ұғымында ел экономикасының тиімділігі
ескеріледі және де қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және
психологиялық тұрақтылығы да сол экономика тиімділігінен тәуелді. 7, б.
185.
Жоғарыда аталған түсініктерді ажырата түсіндіру қажет. Аталған
атаулардың арасындағы мағынансы жағынан ең кеңі ол әлеуметтік теңдік -
бұл моралдық-құқықық түйсіктің әлеуметтік-саяси категориясы. Бұл түсінік
адамның ажырамас құқығы туралы тарихи және ауыспалы пікірлерімен
байланысты. Ол мүгедектер, әлеуметтік топ және олардың әлеуметтік нақты
жағдайының, еңбек пен оның төленуі, құқық пен міндеттер және т.б.
талаптарға сай болуын түсіндіреді. Бұл тұстағы сәйкес келмеушілік теңсіздік
ретінде бағаланады. 8, б. 79; 9, б. 64
Түрлі мемлекеттік саяси жүйелерде әлеуметтік әділдіктің өзіндік ерекше
сипаттары болады. Бүгінгі таңда Қазақстан ұмтылып отырған қоғамның
демократиялық құрылымы нарыққа өту жолы арқылы әлеуметтік әділдікті жүзеге
асыруға көп мүмкіндіктерге ие болады. Алайда демократия өте жоғары
жетістікке жеткен кездің өзінде әлеуметтік әділдіктің барлық принциптері
жүзеге асырылмайды. Нақты түрде бұл категоияның тәжірибемен толығуы уақыт
бойынша ауыспалы және де қоғамның мәдени даму деңгейімен тұрғындардың өмір
жағдайымен тығыз байланысты.
Әлеуметтік қорғау (әлеуметтік қауіпсіздік) теримині алғаш рет 1935
жылы АҚШ– тың Әлеуметтік қауіпсіздік бойынша Заңының актісінде
қолданылды, ол өз кезегінде қарияларға, еңбекке жарамсыздарға және
жұмыссыздарға көмек беру бағдарламасын құруға шақырды. Осы шара аясында
одан әрі әлеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз ету, жұмыскерлердің минималды
табысын кепілдендіру жұмыстарын, сонымен қатар еңбекті қорғау мен еңбек
ақыны төлеу жағынан істерді кеңейте түсу қажет болды. 10, б. 53
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау экономикалық категориясының анықтамасын
беруге тырысамыз; себебі экономикалық сөздіктерде, анықтама кітаптарында,
мақалаларда бұл анықтама жоқ деуге болады.
Әлеуметтік қорғау категориясының тұжырымдамасы құрамына келесі атаулар
енеді: табыс деңгейін қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету саласында қызмет ету,
жұмыспен қамтамасыз ету бойынша сұрақтарға жауап беру, кәсіби дайындық пен
шағын кәсіпкерлікті дамытуды қоса есептегендегі біліктілікті арттыру
бағдарламалары және т.б. Мысалы С. Баккулов келесі анықтаманы береді:
Әлеуметтік қорғау- ол қоғамдық дамудың нақты шарттарына сәйкес әлеуметтік
қорғанысты қамтамасыз ететін мемлекеттік және тағыда басқа құралдарды
тарату механизмі мен басымдылығы.11,б. 3. С. Шеденков әлеуметтік
қорғауды тек адамдарға қиындық уақыты түскенде ғана емес ондай жағдайлардың
алдын алу үшін де көмек беру әрекеттер жүйесі ретінде қарастырады. 12, б.
7
В. Кравченко пікірі бойынша әлеуметтік қорғау өмір деңгейін сақтауды
қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік құқықты сақтауға қажет заңды,
экономикалық, әлеуметтік және әлеуметтік- психологиялық кепілдіктер жүйесін
көрсетеді. Бұл жағдайда кепілдіктер тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында
мемлекеттің өз міндеттерін орындайтын әдістерінің бірі болып табылады. 13,
б. 11.
Бірін бірі толықтыратын келтірілген анықтамалардың мазмұнын жалпылай
келе біз бұл категорияға өз ұсынысымызды жасаймыз.
Экономиканы қайта құру кезінде, оның ішінде әлеуметтік секторды қайта
қарастыру кезінде, тұрғындарды әлеуметтік қорғау терминін кең және
кішірейтілген мағыналарда қарастыру қажет.
Кең мағынада алғанда бұл түсінік өмірдің барлық салаларындағы
азаматтарды тұтынушылықпен қамтамасыз ету үшін тиімді жағдайлар жасайтындай
қамтамасыз ету құрамына барлық әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін
қамтиды.
Кішірейтілген мағынада қарастырсақ - әлеуметтік қорғау өмір сүрудің
қалыпты шарттарын қамтамасыз етуді өзгелердің көмегінсіз жасай алмайтын
тұрғындар тобы үшін әлеуметтік кепілдік жүйесін құруды білдіреді.
Бұл анықтамалар біздің пікірімізше аталған категория мағынансын
толығырақ көрсетеді, себебі тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тұтқасы
– атаулы болып табылады, яғни қоғамның нақты азаматтарының іс жүзіндегі
қолдауы.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау біздің пікірімізше тұрғындардың түрлі
қабаттарына қарай болады: қоғамның барлық мүшелеріне ол кепілдендірілген
өмір сүру минимумын, денсаулық пен азаматтардың мүліктерін, сатып алуға
қабілеттілігін және т.б. қорғауды қамтамасыз етуі керек; тұрғындардың
еңбекке қабілетті деңгейі үшін басты шарттардың бірі белсенді де өндірісті
еңбекке қажет жағдайларды жасау, оның еңбек ақысын қамтамасыз ету, еңбек
пен тұрмыс жағдайын жасау, меншіктің кез келген түріндегі кәсіпорындарда
жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, уақытша еңбекке жарамсыз жандарға
жәрдемақы төлеу, еңбекке жарамсыз адамдарға әлеуметтік көмек түрлерін беру.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі дәстүрлі
түрде жүзеге асыратын тұрғындарды әлеуметтік қолдау қоры есебінен жүзеге
асырылады. Олардың орындалуын ұйымдастыра келе тұрғындарды әлеуметтік
қорғау органдары соғыс және еңбек ардагерлері кеңесімен, мүгедектердің
қоғамдық ұйымымен, Қызыл Крест қоғамының ұйымдарымен, Балалар Қорымен және
т.б. өзара әрекетте болады.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдары мемлекеттік деңгейде қызмет,
жеңілдіктер, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін заңды түрде бекітілген
кепілдендірулермен қамтамасыз етеді.
Аймақтық деңгейде – жергілікті мүмкіндіктерді ескере келе (облыс, қала,
аймақ) заңды түрде тоқтау қойылмаған нормалар бойынша қамтамасыз ету
деңгейін қосымша көтеру мәселесі шешіледі.
Әлеуметтік қолдау әрбір нақты жағдайға байланысты болады және де
қайғылы жағдайға байланысты субъект кінәлі не болмаса кінәсіз екені
қарастырылмастан көмек жасалады.
Осылайша, әлеуметтік қолдауды көмектің уақытша нақты түрі ретінде
қажеттілік дәреждесіне қарай қарастыруға болады. Ол белгі тұрғындардың
сәйкес қабатын кедейлер санынан шығару мақсатында емес, ал адамдар үшін
барынша күрделі болған жағдайларда көмек етуге бағытталған. Одан өзге
әлеуметтік қолдау адамға қоғамның шаруашылық өмірінде өзіндік әрекет ету
мүмкіндігін берілуі керек. Оған қоса бұл шаралардың барлығы мемлекет
бекіткен әлеуметтік кепілдендіруге қатысты заңдарға сәйкес жүзеге асырылуы
тиіс.
1.2 Әлеуметтік қорғау белгілерінің сыныптамасы

Әлеуметтік қолдау алу құқығы азаматтарға олардың табысы мен өмірдегі
материалдық-тұрмыстық шарттарын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын төмендегі
критерийлер бойынша тексергеннен кейін беріледі: өмір сүру қаражатының
болмауы; жиынтық табыстың аймақ үшін бекітілген өмір сүрудің минималды
сомасынан төмен болуы; жалғыздық пен өзіне өзі қызмет етуге жарамсыз болуы;
материалдық кемшіліктер мен қайғылы жағдайларға байланысты денсаулығында
кемшіліктің болуы; тұрақты өмір сүру орнының болмауы; еңбек табысын жұмысқа
жарамсыздық не болмаса мүгедектік салдары т.б. себептермен қажетті мөлшерде
алуға қабілетсіз болуы; балаларға қарауға және оларды қамтамасыз етуге
мүмкіндіктің болмауы.
Жоғарыда аталғандай тұрғындарды әлеуметтік қорғау ол әлеуметтік
қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру арқылы жүзеге асыру болып
табылады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету экономикалық категория ретінде қоғамның
еңбекке қабілетсіз мүшелері үшін тұтынуға қажет өнімдерді құру, тарату және
қолдану жайлы қатынастардың жиынтығын, жұмыс күшінің артуын береді. 14, б.
189
Әлеуметтік қамтамасыз етуді дамыту мақсаты еңбекке қабілетсіз
азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылатын объективті үрдіс.

Еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз ету ақшалай түрде, табиғи өнімдермен
қамтамасыз ету түрінде бекітіледі: зейнетақы мен жәрдемақылар төлеу,
қариялар үйіне орналастыру, үйінде қызмет көрсету, мүгедектерді жұмысқа
орналастыру, түрлі жеңілдіктер мен қызмет түрлерін ұсыну.
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша төлемдер бекіту тек қиын жағдайлардан
кейін (ауру,т.б.) өмір сүруге қаражат бөлу дегенді ғана білдірмейді сонымен
қатар ондай төлемдердің берілуі өмірлік деңгейдің қажет өтімділігін
сақтауға көмек етеді және т.б. Ол үшін қойылған мақсаттар жүзеге асырылу
үшін құрамына зейнетақы төлеу, жәрдемақы беру мен ұйымдастырушылық-құқықтық
түрлерін анықтау секілді әлеуметтік- экономикалық шаралар қолданылады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық түрде жүзеге
асырылады, олардың арасында негізгілері: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру,
сонымен қатар республика бюджетінен тікелей шоттан алу арқылы.
Әлеуметтік сақтандыру нарықтық экономиканың көптеген әлеуметтік
мәселелерін шешетін әлеуметтік қорғаудың тиімді экономикалық механизмін
береді де онымен бір уақытта әлеуметтік- құқықтық қатынастардың барлық
негізгі субъектілерінің қызығушылығын келістіру болып табылады.
1991 жылға дейін әлеуметтік сақтандырудың Отандық жүйесі төмендегідей
сипатталады:
- жұмысберушінің моносубъектілі болуы;
- барлық қабаттар бойынша қаржыландыру (мемлекеттік бюджет
дотациясынан);
- сақтандыру әдістерінің жоқ болуынан (олардың орнына- әлеуметтік
қамтамасыз ету).
Қазақстандағы экономикалық қайта құрудың бастауы (1991 ж.) әлеуметтік
сақтандыру моделіне өзгерістер әкелу қажеттігін туындатты.
Адамдардың жұмыс күші нарығынан шыққан деңгейлерінің көбеюі немесе
жұмыссыз қалу қауіпі төнген жандар санының артуы салдарынан кедейлік
сипатқа түскен тұрғындар тобына мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы өскен
сайын әлеуметтік кепілдіктер кең тарала бастады.15, б.2.
Әлеуметтік сақтандырудың жаңа модельдерін іздеу жоғарыдан басқарудан
бас тартуға мұқтаж етеді.
Қазақстандағы әлеуметтік сақтандырудың дамуында екі кезеңді
ерекшелеуге болады. Бірінші кезең 1991- 1994 ж.ж. аралығында әлеуметтік
сақтандыру жүйелерінің сипатына көп дәрежеде әлеуметтік қамтамасыз ету
принциптері тән болды, ол әсіресе сақтандыру жарналарын анықтауға,
жәрдемақы төлеу мерзімдері мен көлемін тағайындау және т.б. Мемлекет
зейнетақымен қамтамасыз ету және де тұрғындардың түрлі топтарын
(мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жару зерттеулері мен
экологиялық қиындықтардан зардап шеккен азаматтар және т.б.) әлеуметтік
қорғау мәселелеріне баса назар аударады.
Сақтандыру механизмі бойынша кемшіліктердің болуы төменде атаулары
берілген жағымсыз тенденциялардың артуына жол берді:
- жұмыскерлердің (олардың отбасының) әлеуметтік қорғалу деңгейінің тез
құлдырауы;
- экономиканы қайта құру құрылымы бойынша болған кешіктірулер салдарынан
сақтандыру жүйелеріне келтірілген кемшіліктер.
Қайта өндіру процесіне ықпал ететін реттеу механизмін қолдан шығара
отырып тұрғындар демографиялық жағдайға, түрлі аурулардың артуына,
кедейшілік пен қоғамдағы кейбір қиындықтарға тап болды.
Екінші кезең 1994-1997 ж.ж. аралығында аталу бойынша көмек беру,
әлеуметтік сақтандырудың бюджеттік емес қорларының құрылуы, әлеуметтік
сақтандырудың жаңа түрлері байқалды.
Бұл аралықта жоғары тиімді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін
әлеуметтік сақтандырудың негізгі деген түрлері болып келесілер саналды:
- зейнетақымен қамтамасыз ету;
- уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша берілетін жәрдемақылар;
- жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету;
- міндетті медициналық көмек және т.б.
Табысы аз отбасыларына, балалық шақтан мүгедектерге берілетін
жәрдеммақылардың барлығы әлеуметтік қорғау түрлері болып табылады да
табиғаты жағынан сақтандыру болып саналмайды; олар мемлекеттік әлеуметтік
көмек жүйесі және тағы да басқа мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар арқылы
қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік сақтандырудың қазіргі жүйесіне тән бірнеше
кемшіліктер бар:
- әлеуметтік сақтандырудың жалпы жүйесі аясынан сақтандырудың жеке
түрлерін ажырататын әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жалпы бірыңғай
қағидалардың болмауы;
- сақтандыру жарналарының дифференциациясының болмауы. Бұл
жұмысберушінің экономикалық қызығушылығы механизмін сақтандыру
тәуекелділігі мен оған қатысты төлемдерге араластыруға жол бермейді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыруға қатысты
мәселелердің қиындықтары туындап жүр және де ол төмендегі тенденцияларда өз
көрінісін табуда:
- сақтандыру жарналарын аударуға ықпал ететін жұмыскердің жалпы табысы
көлеміндегі еңбек ақы үлесі азайып келеді;
- жұмыс істеушілердің сақтандыру жүктемесін арттыруды тудыратын
зейнеткерлер, жұмыссыздар үлесі артып келеді.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қайта құрудың қазіргі кезеңі келесі жаңа
жолдар құрумен сипатталады:
- қаражаттар түсуінің үш бағытты сызбасын қарастыратын қаржыландыру;
оған сәйкес жүктеменің басым бөлігі жұмысберушіге келеді де аз бөлігі
сақтандыру түріне қарай төленетін жарналар арасында бөлінеді;
- сақтандыру жарналарының дифференциасын қамтитын сақтандыру жарналар
жүйесі шығындар шамасы мен сақтандыру түрлеріне қарай болады;
- мемлекеттік емес салада ұқсас субъектілердің пайда болуы, жеке
сақтандыру мекемелері, шетелдік инвестициялар үшін ішкі сақтандыру.

Әлеуметтік төлемдерді қайта құру орташа жылдамдықпен алғанда негізгі
төмендегідей екі басымдылықпен жүзеге асырылады деп болжанады:
а) әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің еңбек ақы мөлшеріне, еңбек
тәжірибесіне, сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша аударылған сақтандыру
жарналар мөлшеріне сәйкес экономикалық тұрғыдан негізделіп бектілуі;
б) әлеуметтік жәрдемақылар алуға қойылатын талаптарды реттеу.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін нарықтық экономиканың белсенді
субъектісіне айналдыруға экономикалық саланың төмендегі шаралары ықпал
етеді:
- еркін жеке сақтандыру бойынша жеке компаниялардың желісін дамыту, жеке
сақтандыру шоттарын ашу;
- әлеуметтік сақтандыру қорларының қаражаттарын экономикада айналымнан
пайда табу мақсатында инвестициялау.
- Заң саласында:
- сақтандыру жарналары мен төлемдерінің тариф мөлшерлерін бекітетін жаңа
заңдар қабылдау;
- шағын және орта бизнесті қолдау үшін өзара сақтандырудың қоғамын
құруды заңды түрде бекіту.
Институциялық салада:
- сақтандыру қорларын қаржыландырудың жаңа түрлеріне ауысу сәйкес
институционалдық құрылымдар жасақтауды талап етеді. Ол құрылымдар
комиссия мен қаражаттардың жұмсалуына қадаға жасауы тиіс және де
олардың құзырында экономиканың қай саласынада тәуекелділік аз екенін
бақылай отыра сол салаға қаражат салуға бағдар береді.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қайта құру стратегиясы жаңа көпдеңгейлі
жүйе құруды қарастырады. Ол тек көпсубъектілі ғана сипатта емес сонымен
қатар олар тең құқылы да болады: барлық әлеуметтік тәуекелділіктің
жекелеген түрлерін тіркеу, әлеуметтік сақтандыруда мемлекеттің шағын да
болса үлесі болуы. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан толығымен бас тарту
кейбір қажетсіз жағдайларды туындатуы мүмкін.
Әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік
қамтамасыз ету нақты формалар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік
қамтамасыз ету жүйесі бір жағынан еңбекке жарамсыз азаматтарды өмір сүруге
қажет қаражаттармен қамтамасыз етуді қамтыса, екінші жағынан тұрғындарға
әлеуметтік қызмет көрсету және қолдауды білдіреді. Әлеуметтік сақтандырудан
әлеуметтік қолдау келесі белгілері бойынша ажыратылуы тиіс: нақты бір
көмектің белгіленуі адамға қажет анықталған бір мөлшердегі қаражаттың
бөлінуін білдіреді. Оларды қаржыландырудың анықтаушы көзі салық болып
табылады, сонда сақтандыру қоры секілді тұрғындар мен кәсіпорындардың
сақтандыру жарналары есебінен шотта жинақ пайда болады. 16, б. 58
Біз әлеуметтік қолдау тұрғындардың барлық қабаттары үшін барлық
аймақтарда кең мағынада қолданылуы тиіс деп санаймыз: қиын шақтарда жеке
азаматтарға не болмаса оның отбасына көрсетілетін көмектер, еңбекақысы
төмен отбасыларына көмек, еңбекке жарамсыз тұрғындарға жәрдемақы төлеу және
т.б.
Нарықтық кезеңде әлеуметтік қолдау саясатын 1-суретте көрсетілген жалпы
принциптер негізінде құру дұрыс болуы тиіс. 15, б. 162

Әлеуметтік қолдаудың негізгі принциптері

Дифференциалданған тәсіл
Белсенді бағыт
Дайын болатын әлеуметтік қолдауды экономика саласына
араластыру
Мақсат сипатының толықтығы
атаулық
облыстық қалалық және аудандық деңгейде функцияны шектеу

нормативтік базаны қолдану (базалық норматив ретінде өмір
сүрудің минимум бюджеті қолданылды )

Сурет 1

Әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру үшін қаражаттар көзі мен механизмі
белгісіз болуы мүмкін емес. Нарықтық қатынастардың даму деңгейі мен онымен
байланысты процестерге қарай экономика тиімділігінің өсуі мен қорғауды
қажет ететін тұрғындар құрылымының өзгеруіне сәйкес түзетулер мен
әлеуметтік қорғау бағдарламаларын енгізу.
Осыған байланысты заңдар мен жарғылардың ең жақсы құрылған нұсқасының
өзі тұрғындарға дәстүрлер, тәжірибелер және басқа да көптеген факторларды
ескере келе әлеуметтік қорғауды кепілдендіре алмайды.
Әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жеке адаммен, отбасымен немесе
тұлғалар тоымен жүргізілуі тиіс. Сондықтан әлеуметтік қолдау объектісінің
нақты анықтамасы қажет. Ол қаражаттарды үлкен нәтижелерге қол жеткізе отыра
қолданудың басты жолы болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтік қолдау
объектісі динамикалы, тұрақты түрде оның қозғалысына бақылау жасап отыру
керек. Әлеуметтік қорғаудың жалпы критериі еңбекке қабілетті азаматтар мен
Қазақстанның әлеуметтік кемшілігі бар тобын қорғау болуы тиіс. Ондай
топтарға өмір сүрудің минималды сомасы кепілдендірілуі тиіс. Ол негізі
әлеуметтік қорғаныс деңгейі болып табылатын көрсеткіштер жүйесімен
сипаттала алады.
Әлеуметтік қолдаудың критериі кедейлер санына жататын қиыншылық басына
түскен тұрғындардың нақты көмек көргеннен кейін жасаған қорытындысы болуы
тиіс.
Әлеуметтік қолдауға зәрулерді тіркеу базасы үйшаруашылығы туралы
ақпараттан болуы тиіс, яғни нақты экономикалық ұяшықтар. Зәрулік дәрежесі
материалдық жеткіліктілікті көрсететін барлық компоненттерді ескере отырып
анықталуы керек, жай тіркеудегі жұмыстан түскен қаражат көп ескеріле
бермеуі тиіс. Ондай компоненттер санына жататындар: мүлік жағдайын бағалау,
саяжайдың бар болуы, бақ орыны болуы, автокөлік ұстау сонымен қатар басқа
да қосымша көздерден табылатын қаражаттар. Егер өмір сүру минимумынан төмен
емес табысқа қажеттілік танытатын барлық азаматтардың табыс деңгейін
тексеру қажет болса, онда қажеттілікті тексеруден ешкім бас тарта алмайтын
болар.
Нарықтық экономика елдерінде, оның ішінде АҚШ-та, әлеуметтік қолдау
көрсету тұрғындардың нақты бір тобына бағытталған арнайы бағдарлама арқылы
жүзеге асырылады: аз қамтылған, жалғыз басты аналар, зейнеткерлер және т.б.
Оларға көрсетілетін көмек түрлері барынша әртүрлі және де ең бастысы қатаң
қадағалауда болады. Ол тек үнемді ғана емес сонымен қатар әлеуметтік
жағынан алғанда әділ, себебі біреуге масыл болуға жол бермейді. 17, б. 29

Бізде жәрдемақы, жеңілдіктер, дотация көлемі жинақ табысының шамасымен
еш байланысты емес. Соңғы көрсеткіш ең алымен аналитикалық мақсатқа
бағытталған, әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінде ол жұмыс істемейді десек
те болады (аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына берілетін жәрдемақыны
ескермегенде).
Тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар құрастыру арнайы
бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарай болуы тиіс. Онсыз кедейлік
шегін анықтау мүкін емес, сонымен бірге тұрғындар арасындағы аз
қамтылғандар мен қорғауға зәрулер санын да есепке алу қажет.
Әлеуметтік қорғауда болу мәселесі экономикалық қайта құру кезінде
табыстарды жасыруға көптеп соқтырды. Себебі осы жол арқылы зейнеткерлерге
зейнетақы, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға жәрдемақы, тұрғындардың кей
топтарына көмек алынды. Алайда Қазақстан Республикасында әлеуметтік
қорғаудың объектілері ретінде қоғамның барлық мүшелері алынбайды, ал оның
жекелеген категориялары саналады. Мұндай жол әдетте нарық жағдайында әрбір
еңбекке қабілетте адам өз отбасының жағдайын көтеруге, әлеуметтік жағынан
қорғалған болуына өзі ат салысуы керек дегенді алға тартады. Қалай дегенмен
де шетелдер тәжірибесі өзін өзі материалдық тұрғыдан қамтамасыз етудің
мұндай жүйесі өздігінен қалыптаспайтынын айтады, олар қоғамның барлық
мүшелерін қатитын макроэкономиканың қандайда бір салдарынан туындайды.
Ондай салдарды туындату - экономиканы мемлекеттік реттеудің функциясы.
Материалдық жағынан қорғалған болудың материалдық негізі әрбір елде
оның экономикалық потенциалы құрайды. Баса айта кететін жайт ол: әлеуметтік
кепілдендірудің кешенді бағдарламасынсыз тұрақты экономикалық өсу, ғылыми-
техникалық прогресс шартын құру мүмкін емес. Бұл тұрғындардың материалдық
тұрғыдан өзін- өзі қорғауды қамтамасыз етуі үшін Қазақстанда
макроэкономикалық шарттар кешенін құрудың маңыздылығы туралы мәселе
көтеруге мүмкіндік береді. Бұл мәселенің қойылуы қоғамның барлық мүшелеріне
қатысты болатын әлеуметтік қорғау мәселесін басқа деңгейге көтеру сұрағын
туындатады.
Алғашқылар қатарына төмендегі шаралар жатады:
- әрбір адамға өз жеке басына сәйкес салада қызмет етуіне мүмкіндік
беретіндей жұмыспен қамтамасыз етілудің, мамандар дайындау мен қайта
даярлаудың тиімді жүйесін құру;
- алынатын сыйақы деңгейі адам еңбегінің сапасы мен нәтижесі арқылы, ол
еңбек етіп орырған экономика саласынан тәуелсіз түрде анықталатын
табыстар табу жүйесін тиімді етіп құру (мемлекеттік мекеме, шағын
бизнес, кооператив, жалға алу кәсіпорыны және т.б.);
- салықсалу, салықты жоспарлау, тұрғындарды жоғары кәсіби және
әлеуметтік қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс табыс пен жеке
тұтыныстағы дифференциация процесін макроэкономикалық реттеу;
- өмір сүру минимумын ақшалай түрде сонымен бірге тұтынушылық қоржыны
түрінде тұрғындардың табысы мен шығындарын ескере отырып нақты түрде
бекіту;
- сату нарығынан тұтынушы нарығына өтуге байланысты тұтынушы
қызығушылығын түрлі әлеуметтік-экономикалық инновациялар көмегімен
қорғау; бұл жерде экономиканың тұтынушылық секторын дамыту және т.б.
басты жолға қойылады.
Жалпы әлеуметтік қорғаудың аталған сызықтары тұрғындардың жекелеген
арнайы топтарына көмек беруге арналған арнайы шараларымен толықтырылуы
тиіс. Ондай шаралар қатарына ең алдымен табысы тұрақты түрде мемлекеттік
бюджеттен түсетін жұмыскерлер жатады, сонымен қатар ол қатарды қандайда бір
объективті салдарға байланысты қоғамдық пайдалы жұмыспен айналыса алмайтын
не болмаса оған тек шектеулі түрде қатысатын жандар да жатады
(зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектер, студенттер және т.б.). тұрғындардың
тек соңғы тобын қорғауға алу қоғамның барлық мүшелері үшін қажет әлеуметтік
кепілдендіруді тудыра алмайтыны түсінікті. Ондағы мақсат зейнетақы,
жәрдемақы және т.б. ең біріншіден өмір сүру деңгейінен төмен болмауы тиіс,
ал екіншіден уақытылы төленуі тиіс, ал үшіншіден бағасы арзан тауарлар мен
қызметтермен материалдық түрде қамтамасыз етілуі керек. Барлық тұрғындарды
әлеуметтік қорғау ол шараларға жатқызылмайды, себебі олар материалдық
қамтамасыз етуді жүзеге асыруда еш жағдай жасамайды.
Осылайша, әлеуметтік қорғауды екі позициядан қарастыруға болады.
Кең мағынада алғанда бұл түсінік өмірдің барлық салаларындағы
азаматтарды тұтынушылықпен қамтамасыз ету үшін тиімді жағдайлар жасайтындай
қамтамасыз ету құрамына барлық әлеуметтік- экономикалық қатынастар жүйесін
қамтиды. Кішірейтілген мағынада қарастырсақ - әлеуметтік қорғау өмір
сүрудің қалыпты шарттарын қамтамасыз етуді өзгелердің көмегінсіз жасай
алмайтын тұрғындар тобы үшін әлеуметтік кепілдік жүйесін құруды білдіреді.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау біздің пікірімізше тұрғындардың түрлі
қабаттарына қарай болады: қоғамның барлық мүшелеріне ол кепілдендірілген
өмір сүру минимумын, денсаулық пен азаматтардың мүліктерін, сатып алуға
қабілеттілігін және т.б. қорғауды қамтамасыз етуі керек; тұрғындардың
еңбекке қабілетті деңгейі үшін басты шарттардың бірі белсенді де өндірісті
еңбекке қажет жағдайларды жасау, оның еңбек ақысын қамтамасыз ету, еңбек
пен тұрмыс жағдайын жасау, меншіктің кез келген түріндегі кәсіпорындарда
жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, уақытша еңбекке жарамсыз жандарға
жәрдемақы төлеу, еңбекке жарамсыз адамдарға әлеуметтік көмек түрлерін беру,
міндетті түрде медициналық сақтандыру және т.б.

1.3 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік саясаттың құрамы секілді

Қазіргі құқықтық мемлекет тұрғындарды тамақпен, киіммен, баспанамен
қамтамасыз етуі, денсаулығына қажет медициналық қызметпен, жұмыссыз не
болмаса ауырған, мүгедек болған және тағыда басқа адам еркінен тыс
жағдайларға түскен жағдайда әлеуметтік жағынан тыс қалмайтынын қамтамасыз
етуді ескеретін өмір деңгейіне құқық кепілдендіруі тиіс.
Сондықтан мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басты бөлімді тұрғындар
табысын құру саясаты алады. Табыс ұғымы экономикалық қызметтер
нәтижелерінің көрсеткіштерін береді. Экономикалық әдебиет табыс ұғымын
өндірілген өнім бағасын өндіріске кеткен шығындар көлемінен арттыру деп
түсіндіреді, сонымен қатар әрбір класстың, әлеуметтік топтың немесе жеке
тұлғаның өндірілген өнімдегі өзіне тиесілі үлесі. Қоғам мүшелерінің табыс
деңгейі олардың өмір сүру дәрежесінің маңызды көрсеткіші болып табылады,
себебі жеке тұлғаның материалдық және рухани мүмкіндіктерін анықтайды:
демалыс, білім алу, денсаулығын сақтау, өз тұтынушылықтарын қанағаттандыру.

Тұрғындар табысы шамасына тікелей әсер ететін факторлар арасында таза
еңбек ақыдан басқа нарықтың тауарлармен толығуы, баға динамикасы және т.б.
бар. Ақшалай табыстардың негізгі үш көзін ерекшелеуге болады: еңбек ақы,
меншіктен түсетін табыстар (дивидендтер, пайыздар рента), әлеуметтік
төлемдер (зейнетақы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және т.б.).
Тұрғындар табысының құрылуына барынша әсер ететін тағы да бір жайт ол-
мемлекеттік көмек бағдарламалары бойынша төлемдер. Сол қаражаттар есебінен
зейнетақымен қамтамасыз ету, уақытша еңбек етпейтін азаматтарды қолдау,
түрлі жәрдемақыларды төлеу жүзеге асырылады (баламен отыру, медициналық
қызмет көрсету, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу, аз қамтамасыз етілген
отбасы балаларына жәрдем).
Тұрғындар табысы қатынасында трансфертік төлемдер және еңбекақыны төлеу
үлесі жеке тұлғаның экономикалық қатынасын, оның еңбекке деген
қызығушылығын құруда маңызды рөл атқарады.
Табыстың жалпы сомасын құруда жеке кәсіптен түсетін еңбекақы рөлі басым
болып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар сызығы бойынша төлемдер рөлі артқан
кезде өндірістік қызмет қатынасының әлсіреуі кездеседі.
Табысты таратудағы теңсіздік байқауымызша біздің елімізде де нарықтық
экономика елдеріндегі секілді өтуде.
Мұндай кедейлік секілді ұшқыр әлеуметтік мәселені шешу мемлекет қызметі
бағыттарының бірі болып табылады және де өзін өзі қамтамасыз ете алмаған
тұрғындарды ең болмағанда өмір сүрудің минималды деңгейімен қамтамасыз ету
оның міндетіне енеді. Кері жағдайда кедейлер санының өсуі әлеуметтік
төңкеріске және қоғам өмірінің қалыпты болмауына алып келуі де ықтимал.
Кедейлер санын қысқарту- нарықтық экономика елдеріндегі мемлекеттің
әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Алайда табысты теңестіру
саясатын нақты түрде жүзеге асыру күрделі мәселелердің кеңеюімен
байланысты. Мемлекет өз мойнына әлеуметтік ахуал үшін жауапкершілікті ала
отырып өз әрекеттерінің кейбір қарама- қайшылықтарына тура келеді.

Тұтыну деңгейіндегі әртүрлілік еңбектің ішкі қасиетіне, жұмыскердің
сапасына тән емес факторлардан да тәуелді болуы мүмкін. Ең алдымен ондай
факторларға жататындар: отбасы мөлшері, жұмыс істейтін жандар мен тұрғындар
санының қатынасы, денсаулық жағдайы, жағрапиялық және ауа- райы жағдайлары
және т.б.
Мемлекеттің ұлттық табысын қайта таратушы негізгі функцияның басты
мақсаты ол айырмаларды азайту, қоғамның барлық мүшелері үшін барынша
қолайлы материалдық өмір жасау. Ол мақсатты жүзеге асыру түрі өнімдер мен
қызметтерді қайта тарату, сонымен қатар табысты тұрақтандыру бойынша
мемлекеттік бағдарламалар болып табылады.
Бағдарламалар бойынша көмек төлеу табыс деңгейін жеңілдетуге
бағытталған, оған себеп табыстың нақты еңбекке ғана қатысты болмауында.
Тұтынушылықтарды қанағатандыру әдетте табысқа байланысты болатыны анық:
жоғары мәдени деңгейге қол жеткізу, денсаулық сақтаудың қол жетерлік болуы,
зейнетақымен қамтамасыз ету.
Таратудың бұл түрі қоғамның қызығушылығына және де сол қоғамның әр
мүшесінің қызығушылығына қатысты болғандықтан сол саладағы мемлекеттік
саясат барынша белсенді болуы керек.
Табыстағы теңсіздік қандайда бір деңгейде нарықтық баға механизмінің
объективті әрекетінен туындайтынын естен шығармаған дұрыс. Табыстар
дифференциациясын толығымен жоюға ұмтылу нарықтық механизмнің өзін толық
қирату дегенді білдірер еді.
Әлеуметтік саясатта мемлекет тарапынан маңызды мағына алған жайт ол
әлеуметтік масыл болудан әлеуметтік кепілдікке өту. Ол кепілдіктер
мыналарды білдіреді: еңбекке деген құқықты қорғау, тұрғындардың еңбекке
қабілетсіз жағын жәрдемақымен қамтамасыз ету, азаматтардың жеке басының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек қызметі мен жәрдемақы табыстары
есебінен қалыпты өмір деңгейін қамтамасыз ету. Ол мақсатты шешудегі негізгі
әдістер – мемлекет көмегімен әртүрлі қоғамдық және экономикалық түрлерде
азаматтардың өзін өзі қорғау қатынасын дамыту; олардың арасында еңбек
етушілердің әлеуметтік қорғаныс функциясын жүзеге асыратын кәсіподақ,
сақтандыру қорлары, жергілікті және орталық басқару органдары бар.
Осылайша мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асырудың нарықтық
шаруашылықта ерекше шарттары болуы тиіс: бір жағынан ол әлеуметтік
тұрақтылықты дамытса, екінші бір жағынан ол ешқашанда жоғары табысты
кәсіпорындардың ұмтылысын баспауы тиіс.6, б.83. Бұл қызметті бақылаушы
негізгі субъект мемлекет болады.
Тұрғындардың табысын мемлекеттік реттеудің шетелік тәжірибесі
мемлекеттің әлеуметтік салаға араласуы біртіндеп артып келе жатқанын
көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешуге мемлекеттің араласуына
шек қою туралы мәселе көтеріледі. Сонымен, әлеуметтік төлемдер мөлшері
мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерімен, оның бюджетімен келісілген болуы
тиіс. Егер әлеуметтік төлемдер бюджеттік дефицит немесе инфляцияға айналса,
онда мұндай қайта тарату номиналды табыстардың инфляциялық өсуіне әкеледі.
Сондықтан мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қатысу шекаралары
ең алдымен экономика жағдайымен анықталады. Әлеуметтік төлемдердің көлемі
мен мерзімдерін анықтау кезінде мүмкін болатын жағымсыз салдарды да ескеру
қажет. Мысалы, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек кезінде адамдардың жұмыс
орынын әлсіретіп алмайтындай етіп жәрдемақы көлемі мен оларды төлеу
мерзімін бекіту маңызды. Мемлекет әлеуметтік саясатты әлеуметтік
шығындардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері туралы
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Жалақының теңестірілген деңгейі
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Отбасы қатыгездіктегі жедел көмек
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары
Муниципалдық тұрғын үй саясаты
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕШЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Пәндер