КЕҢҚИЯҚ МҰНАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ7
1 КЕҢҚИЯҚ МҰНАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ10
1. 1 Кен орны туралы жалпы мәліметтер10
1. 2 Геологиялық-физикалық зерттеулердің және кен орнын игерудің тарихы11
1. 3 Ауданның литологиялық-стратиграфикалық сипаттамасы12
1. 4 Тектоника15
1. 5 Мұнайгаздылығы16
1. 6 Жер асты сулары17
1. 7 Кен орнының қысқаша тарихы мен игерудің қазіргі жағдайы18
1. 8 Ұңғылар қорының сипаттамасы18
1. 9 Мұнай мен газ өндіру динамикасы20
1. 10 Ұңғыларды пайдалану коэффициентінің динамикасы22
1. 11 Құмдар білінуімен күрес тәсілдерінің жалпы жағдайы22
1. 12 Құмдарға қарсы сүзгілер23
1. 13 Кеңқияқ кен орнында қолданылатын құмдар білінуімен күрес әдістері24
1. 14 Сымды сүзгі сипаттамасы және қолданылуы25
1. 15 Титанды сүзгі сипаттамасы және қолданылуы26
1. 16 Металлқыш сүзгісі сипаттамасы және қолданылуы27
1. 17 Ұңғыларды шайырлы-құмды қоспалармен бекіту29
1. 18 Бекітудің негізігі сипаттамалары29
2 КЕҢҚИЯҚ МҰНАЙ КЕН ОРНЫН ИГЕРУ БОЙЫНША ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ30
2. 1 Мұнай кен орындарын игеру жобаларының негіздері30
2. 1. 1 Инвестиция экономикалық категория ретінде32
2. 1. 2 Инвестицияның экономикалық тиімділігінің мәні, көрсеткіштері және жетілдіру жолдары38
2. 2 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау туралы жалпы мәліметтер43
2. 3 Кенкияк кен орнындағы соңғы бес жыл ішіндегі экономикалық көрсеткіштерді талдау56
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ69
3. 1 Қауіпсіздік техникасы69
3. 1. 1 Қауіпсіздіктің жалпы шаралары69
3. 1. 2 Электр қауіпсіздігі71
3. 2 Өндірістік санитария72
3. 3 Өртжарылыс қауіпсіздігі73
3. 4 Атмосфераны, гидросфераны және литосфераны (топырақ, жер қойнауы) ластайтын көздер ретінде технологиялық үрдістерді талдау74
3. 4. 1 Атмосфераны ластау көздері75
3. 4. 2 Литосфераны ластау көздері75
3. 4. 3 Апаттар76
3. 5 Биосфера компоненттерін қорғау бойынша инженерлік-техникалық шаралар76
3. 5. 1 Атмосфералық ауаны қорғау77
3. 5. 2 Литосфераны (топырақты, жер қойнауын) қорғау77
3. 5. 3 Жануарлар әлемін қорғау78
3. 6 Мұнай қалдықтарын жою78
ҚОРЫТЫНДЫ80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР82
Қосымша А84
Қосымша Ә85
Қосымша Б86
Қосымша В87
Қосымша Г88
Қосымша Ғ89
КІРІСПЕ
Отандық мұнайгаз өнеркәсібінің дамуына негіз болған алғашқы мұнай көзінің қазақ жерінде пайда болуына жүз жылдан астам уақыт өтті.
Қазіргі уақытта мұнай өнеркәсібі Қазақстан Республикасының материалдық өндірісінің ең негізгі саласы болып табылады. Бұл өнеркәсіптің даму қарқыны мен деңгейіне байланысты құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылықтары дамып, бүкіл халық пен еңбекшілердің жақсы тұрмыс халі өрлейді.
Дипломдық жобаның объектісі Кеңқияқ мұнай кен орны болып табылады.
Кеңқияқ кен орны Қазақстанның бұрыннан бері игеріліп жатқан кен орындарының қатарына жатады.
Бұл дипломдық жобаның мақсаты Кеңқияқ мұнай кен орнын игерудің инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау.
Кеңқияқ кен орнының басты міндеті бір тонна мұнай өндіруге жұмсалатын шығындарды мейлінше азайту жолымен бекітілген бағдарламаға сәйкес мұнай мен газ өндіру көлеміне жеткізу болып табылады. Ал басты міндетті орындау үшін Кеңқияқ мұнай кен орны жоспарлы көрсеткіштерді, экономикалық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ жасалған ішкі шаруашылық келісім-шарттарды басшылыққа ала отырып, өз қызметін ұйымдастырады.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуіне, өнім сапасын өсіруге, шығындарды төмендетуге, өндірістік қуаттылығын кеңейтуге, өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға және нарықтағы өз орнын тұрақтандыруға күрделі қаржылар талап етіледі және олар тиімді салынуы қажет. Ол үшін қойылған мақсатқа жетуге аса қымбатқа соқпайтын инвестициялық жобаны дайындау керек.
Жыл сайынғы өнеркәсіптің барлық салаларына бағытталған ірі инвестициялар, оларды барынша рационалды және экономикалық тиімді пайдалануды талап етеді.
Инвестицияның экономикалық тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігін арттыруда, яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуінде және ұлттық табыс көлемінің өсуінде көрінеді. Инвестицияның көлемі мен бағытталуы көбінесе прогрессивті салалардың ең бастапқы дамуына жағдай жасау керек, өнеркәсіптің дамуында оптималды пропорциалар мен өндірісітің максималды өсу қарқынын қамтамасыз ету керек. Сондықтан да инвестицияның экономикалық тиімділігін дұрыс бағалау негізінде, күрделі салымдарды пайдаланудың ең жақсы жолдарын анықтау қажеттілігі туады.
Инвестицияны мақсатты пайдаланудың, құрылыс жұмыстарын арзандату мен жеделдетудің және негізгі қорлардың қайтарымын көбейтудің нәтижесінде, оның тиімділігін барынша көбейту мұнай өндіру өнеркәсібінің табысты және қарқынды дамуының басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар мен салалар бойынша инвестицияның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін салыстыру үшін олардың есебін бір әдіспен
жүргізу керек. Тек осы шартты орындағаннан кейін ғана инвестицияның дұрыс бағытталуын, объектілердің жаңаларын құрудың кезектілігін және жұмыс жасайтындардың кеңеюін, жаңа күрделі құрылыс жобасының көбінесе прогрессивті және экономикалық нұсқасын анықтауға мүмкін болады.
Инвестицияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін бағалау жаңа күрделі құрылыс немесе инвестицияның бағытталуының барынша экономикалық мақсатты нұсқасын таңдау үшін қолданылып, минималды шығындарды кетіріп, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Салыстырмалы тиімділіктің есебі шаруашылық немесе техникалық шешімдердің нұсқаларын салыстырғанда, кәсіпорындар мен олардың кешендерін орналастырғанда, өзара алмасатын өнімді таңдағанда, техниканың жаңа түрлерін енгізгенде, кәсіпорындардың жаңаларын салу немесе жұмыс істейтіндерін қайта өңдегенде жүргізіледі.
Мұнай кен орнын игерудің жобасын экономикалық бағалау кезінде осы жобаланған кен орын бойынша күтіліп отырған техника-экономикалық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстырып отыру талап етіледі. Ал ол қазіргі уақыттағы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы жасалады. Бұл салыстыру осы аймақта жеткен көрсеткіштерге жаңа кен орынды игеруді енгізгенде қалай әсер ететіндігін және де бұл кен орынның эксплуатациясы қандай экономикалық эффект беретіндігін білуге қажет.
Инвестициялық жобаның техника-экономикалық зерттеулеріндегі басты орынды мақсатқа жетудің критерилері алады.
Инвестициялық жоба көптеген факторлармен бағалануы мүмкін: инвестордың кәсіптік қызығушылымен, инвестиция нарығындағы жағдаймен, жобаның қаржылық тұрақтылығымен және тағы басқалармен. Бірақ жобалардың инвестициялық тартымдылығын анықтаудың әмбебап әдістері бар, олар өз кезегінде берілген жобаға қаржы салу тиімді ме жоқ әлде тиімсіз бе деген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобаның күрделілік деңгейіне тәуелсіз бағалауды жүргізудің жалпы тәртібі негізінен келесі іс-әрекеттерді орындауға тіреледі: бастапқы мәліметтерді дайындау, алдын-ала есептеулерді жүргізу мен жобаның қаржылық жағдайын бағалау, алдын ала есептеулер мен қаржылық бағалаудың нәтижесінде бастапқы мәліметтерді толықтыру мен түзету, соңғы есептеулерді дайындау, инвестицияның тиімділігі мен тәуекелділікті бағалау.
Бірақ жобаны жүзеге асырудың әр түрлі кезеңдеріндегі талқыланған экономикалық және қаржылық көрсеткіштердің негізі әр түрлі болу мүмкіндігін атап айту қажет.
Ірі немесе кіші өндірісті ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін алдын ала бағалауды жедел алу мүмкіндігі, яғни қойылған мақсатқа, пайдаға жетуге кеткен инвестициялық, өндірістік және коммерциялық шығындардың негізделген шектерін орнату жаңадан басталған жобаның бірінші және ең басты мақсаты болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін инвестициялық стратегиясын терең зерттеп және оны үнемі жетілдіріп отыру керек. Жобаға жұмсалған шығындар мен оны жүзеге асырғаннан кейін алған нәтижелерді салыстыру негізінде барлық жобаларды бағалау керек. Сонымен қатар, күрделі қаржы салымының табыстылығының негізі критериялары бойынша инвестциялық жобаға талдау жасау қажет. Ол үшін инвестжобаның негізгі көрсеткіштерін, күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігін анықтап, жылдық өндіріс шығындарын және кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу қажет.
1 КЕҢҚИЯҚ МҰНАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
1. 1 Кен орны туралы жалпы мәліметтер
Кеңқияқ мұнай кен орны Орал - Ембі тұзды-күмбезді обылысының солтүстік-шығыс бөлігінде және Ақтөбе қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 250 км қашықтықта орналасқан.
Әкімшілік қатынас жағынан Кеңқияқ аумағы Қазақстан Республикасы, Ақтөбе обылысының Темір ауданының құрамына кіреді.
Кеңқияқ кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс бөлімінде және төбешікті жазық дала болып келеді. Рельефтің ең жоғарғы абсолютті белгілері +250 м, ал ең төмеңгі абсолютті белгілері +174, 2 м болып келеді.
Кеңқияқ аумағының онтүстік-шығыс бөліміне қарай Көкжиде сілімінің барханды құмдары жалғасады, осы Көкжиде құмдары солтүстігінде Темір өзенімен, ал шығысында Ембі өзенімен шектеледі.
Кен орны ауданының гидрографикалық Ембі өзені бассейнімен көрсетілген. Темір өзені осы Ембі өзенінің оң ағымы болып табылады, онтүстік-шығыс бағыты бар және Кеңқияқ аумағының дәл орта бөлігінен өтеді. Темір өзенінің суы тұщы, сонымен бірге қоректендіру және техникалық мақсаттарға қолдануға жарамды. Көктемдегі тасқын кезінде өзеннің ернеуі едәуір қашықтыққа еріген қардың суымен көтеріледі, осы күйі мамыр айының соңына дейін сақталады. Территория климатының ерекшелігін анықтайтын негізгі факторлар; су бассейндерінен алыстығы, салыстырмалы төмен далалықтар, жасдағы арктикалық максимум мен түркістандық минимумдардың және қыстағы азиялық антициклон, оларға ілесе жүретін құрғақшылық пен боран. Осы көрсетілген ерекшеліктер салдарынан территориядағы климат тым құрылықтық; қысы-суық, боранды, ал жазы-ыстық, құрғақ болып келеді. Жауын-шашынның жылдық аздаған мөлшерімен, маусымдық және тәуліктік температуралар үлкен өзгерістермен, көп булану және жиі болатын қатты желдермен сипатталады. Аумақтық климаты Темір қаласы, Қожасай, Ембі, Қарауылкелді поселкелері метеостанцияларының мәліметтері бойынша зерттеледі.
Ең ыстық шілде айы - орташа айлық температурасы +24 0 С, ал ең суығы қантар айы - орташа айлық температурасы -18 0 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 225 мм. Ауаның абсолюттік ылғылдылығы қыста 1, 1 сб, ал жазда 13мсб дейін өзгереді. Салыстырмалы ылғалдылық жазда 45-80%. Желдер негізінен шығыстық және солтүстік-шығыстық болып келеді. Желдің жоғарғы жылдамдылығы ыстық жазғы күндері байқалады, көбіне құйындар мен шаңды борандар, ал қыста қарлы борандар болып тұрады.
Кен орны аумағында екі елді мекен - Сарыкөл мен Кеңқияқ поселкелері орналасқан. Халықтың құрамы көпұлтты. Темір қаласы асфальтті жолмен 70 км қашықтықта орналасқан. Жақын мұнай кәсіпшілігі және аудан орталығы Шұбарқұдық, Кенқияқтан 120 км қашықтықта орналасқан. Кен орнынан мұнай құбырларына дейінгі қысқа арақашықтық-82 км. Қандағаш - Атырау және Ақтөбе - Алматы теміржол жүйесі (Шұбарқұдық және Ембі станциялары) Кеңқияқтан жай жолмен 110 км қашықтықта жатыр.
1. 2 Геологиялық-физикалық зерттеулердің және кен орнын игерудің тарихы
1930-1932 жылдары В. И. Серова мен Р. М. Базюк Кеңқияқ поселекесі ауданында гравиметриялық маршрутты түсіру жүргізді, нәтижесінде Кенқияқ тұзды күмбезіне сәйкес келетін Мәулімберді гравитациялық минимумы табылды.
1942 жылдан 1948 жылға дейін Кеңқияқ ауданында Л. К. Булавкин, В. И. Яшкин және тағы басқаларының басшылығымен геологиялық және аэрогеологиялық түсіру жүргізілді. Ауданның геологиялық картасы құрастырылды.
1952 жылы Л. Я. Пушканов 1:2 масштабымен гравиметриялық түсіру жүргізді.
Геологиялық құрылымды зерттеу мақсатында 1952 жылы қазан айында Кеңқияқ төбесінде құрылымды-іздестіру бұрғылауы басталды. К-17, К-27, К-34 және басқа ұңғыларды бұрғылау кезінде юра және төмеңгі триас жасанды мұнайға қаныққан құмдар мен құмтастар алынды.
1959 жылдың жазында К-17 және К-34 ұңғыларынан мұнайдың фонтанды ағыны алынды. Кеңқияқ күмбезінде мұнай ағынын алу аумақтық құрылымды-іздестіру жүргізуге негіз болды. Құрылымды-іздестіру бұрғылаумен қатар кен орнында 1:25000 масштабымен геологиялық түсірумен шағылысқан және сынған толқындар әдісімен сейсмикалық зерттеулер жүргізілді.
1959 жылдың аяғында «Ақтөбемұнайбарлау» тресті барлау бұрғылау жұмыстарын бастады. Ол бұрғылау жұмыстары 1961 жылы тұздық шөгіндінің үстінде аяқталды. Осы уақыт ішінде Кенқияқ аумағында жалпы метражы 28019 м болатын 42 барлау ұңғылары бұрғыланды. Олардан басқа П-12 параметрлік ұңғы бұрғылауы басталды.
1960 жылы ақпан айында барлау бұрғылау жұмыстарын жүргізу нәтижелері Кеңқияқ төбесі тұзды күмбез екендігін көрсетті. Тұздың үстіндегі шөгінділердің (триас, юрағ бор) стратиграфикалық қимасында мұнайдың бар екендігі анықталды.
1962 жылы ұңғыларда байқау және сынау, оларды байқаудан өткізіп пайданлану жұмыстары жүргізілді.
Тұздың үстіндегі қимада ашылған мұнай беткейлерін игреу мақсатында Кеңқияқ кен орнында пайдалану бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
1963-1965 жылдары аралығында Кеңқияқ кен орны консервацияда болды. 1966 жылы желтоқсан айынан бастап кен орнын бақылау-пайдалану жұмыстары басталды. 350-400 м тереңдікте ортаңғы юра беткейінде пайдалану ұңғылары бұрғыланды.
1970 жылы 1 желтоқсанға қарай кен орнында 243 пайдалану және барлау ұңғылары бұрғыланды, оның ішінде 24-і жойылды. 1972 жылы юра өнімді беткейін жылулық тәсілмен тіреу жобасына мәліметтер жеткіліксіздігіне байланысты кен орнының геологиялық құрылымын анықтау жайында сұрақ қойылды.
1979-1980 жылдары Кеңқияқ кен орнында 20 бағалау ұңғыларын бұрғылау қарастырылды. Бағалау ұңғыларының негізгі міндеті - коллекторлардың физикалық қасиеттерін анықтау, мұнайға қаныққандық сипаты мен қабат қазбасының дәрежесін және де грабен алқабы мен соған жақын жатқан басқа бөліктерде кен орнының геологиялық құрылымын анықтау болып табылады.
Кеңқияқ кен орнының геологиялық құрылымын зерттеу тарихын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең, 1958 жылға дейінгі зерттеулерді қамтиды, ол кезең құрылымды-іздестіру ұңғыларын бұрғылау кезінде Мәулімберді гравитациялық минимумына юра және төменгі триасты мұнайдың көп білінгендігінің жергілікті көтерілуі сәйкес келетіндігі анықталды.
Ол кезеңді үлкен кен орнын ашуға кеткен бүкіл жұмыстардың тез бұрылыстарымен сипаттайды.
Кеңқияқ аумағының геологиялық құрылымын зерттеуді екінші кезеңнің басы деп есептеуге болады.
Ал кен орнын игерудің үшінші кезеңі зерттеу мен барлау объектісінің ауысуымен сипатталады.
1967 жылдан бастап геологиялық жұмыстардың бүкіл көлемі тұздың астындағы шөгінділер комплексіне шоғырланды. Кеңқияқ кен орны мұнайының қоры өсімін терең ұңғы қазу сұрақтары мен осы тұздың астындағы шөгінділерді бақылау жұмыстары ұйымдастару шешімдеріне байланысты болды.
1. 3 Ауданның литологиялық-стратиграфикалық сипаттамасы
Орал-Ембі обылысы бөлігімен салыстыра отырып, Кеңқияқ мұнай кен орны ауданының геологиялық құрылымының ерекшеліктеріне тоқталуға болады:
- Кунгур ярусының тұзды шөгінділері қалыңдығының қысқаруы.
- Тұз астындағы шөгінділердің салыстырмалы терең емес 3500-3800 м тереңдікте жатуы.
- Юра және бор шөгінділері қалыңдығының азаюы.
- Күмбез аралық көлемді төбешіктердің болуы.
Кеңқияқ кен орнында төменгі пермьнен жоғарғы бордың кампан ярусына дейінгі шөгінділер қимасы ашылған.
Палеозой тобы PZ
Кеңқияқ ауданының игеріліп жатқан бөлігінің палеозой тобының ашылған бөлімі тек қана пермь жүйесінің шөгінділерімен көрсетілген.
Пермь жүйесі Р
Жүйенің шөгінділері төменгі және жоғарғы бөлімдерге бөлінеді. Төменгі пермь (Р 1 ) тек қана кунгур ярусының жыныстарымен көрсетілген. Кунгур ярусы (Р 1 К) екі литологиялық қабатшалардан құралған: жоғарғы терригенді-сульфатты және төменгі галогенді.
Терригенді-сульфатты қабатша ангидрит, гипс және құмтастар қабатшалары қабатталған саздар мен аргиметтерден құралған.
Галогендік қабатша гидрохимиялық шөгінділерден құралған. Тастың тұздары көбіне мөлдір түсті, азырақ қызғылтырақ, сұр және ашық түсті болып келеді. Ярустың қалыңдығы 150 м-ге дейін жетеді.
Жоғарғы пермь бөлімі (Р 2 ) тіліктің жоғары бөлімінде қатысты алевролиттер мен қабатшалары бар саздар мен аргиллиттермен көрсетілген. Қиманың төменгі бөлігі конгломераттар, гравелиттер, құмтастардан тұрады. Бөлімнің қалыңдығы 140 м-ден 200 м-ге дейін.
Мезозой тобы MZ
Кеңқияқ кен орнында мезозой тобының қимасы үш жүйемен көрсетілген: триас, юра, бор.
Триас жүйесі Т
Триас жүйесінің шөгінділері тек қана төменгі триас бөлімінің жыныстарымен көрсетілген.
Төменгі триас бөлігі (Т) алевролиттер, конгломераттар және әктастар қабаттарынан құралған. Оның табанында конгломераттар және кварцтық малта тастары бар құмтастар жатады. Саздар мен аргилиттер ала түсті, құмтасты және әктасты болып келеді. Құмдар ашық-сұр, кірпіш түстес, қоныр-сұр, әртүрлі малта тастар, аргилиттер, құмтастар мен кремнийлі жыныстардан тұрады. Осы шөгінділер палеозой тобының жыныстарының шайылған бетінде жатады. Триастың қалыңдығы 390 м-ге жетеді.
Юра жүйесі J
Юра жүйесінің шөгінділері екі бөлімнен көрсетілген: төменгі және ортаңғы. Төменгі юра бөлімінде (J 1 ) шөгінділер едәуір стратиграфикалық үйлесімсіздікпен триас пен пермь жүйелері жыныстарының эрозиялық бетінде жатады. Олар саздар, құмдар мен құмтастардан құралған. Саздар сұр, реңі қара сұр, қолға ұстағанда майлы болатын құмдар мен аз кездесетін көмірленген өсімдік қалдықтары болып келеді. Төменгі юра бөлімінің қалыңдығы 68 м.
Төменгі юра бөлімінің шөгінділері қоныр көмір қабатшалары мен көмірленген өсімдік қалдықтарының көп мөлшерлі құмды жыныстарымен көрсетілген.
Ортаңғы юра шөгінділері қалыңдығына үш мұнай беткейлері бөлінген. Саздар сұр, қара-сұр, қара қоңыр, қатпарлы және алевролиттер. Құмдар ашық сұр, әктасты. Бөлімнің қалыңдығы 100м-ден 134 м-ге дейін.
Бор жүйесі К
Бор жүйесінің төменгі және жоғарғы бөлімдері бар. Төменгі бор бөлімі (К 1 ) өзіне готерив, баррем, апт және альб ярустарын қамтиды. Готерив ярусы (К 1 g) шығу тегі теңсіздік жасыл сұр жыныстардың қабатшасымен көрсетілген. Олар негізінен алевролиттер, құмдар, құмтастар, мергелдер мен әктастардың аз кездесетін қабатшалардағы саз балшықтары. Готерив ярусының шөгінділері юра жүйесі жыныстарының шайылған бетінде жатады. Ярустың қалыңдығы 60 м-ге жетеді.
Баррем ярусы (К 1 br) ала түсті, құрылықтық шөгінділердің қабатшасымен көрсетілген. Қиманың жоғарғы жағы көбіне алевролиттер, құмтастар және арасында әктас қабатшалары бар саздардан тұрады. Құрылымның төбелі бөліміндегі құмды беткей-мұнайлы. Ярустың қалыңдығы 38 м-ден 82 м-ге дейін болады.
Апт ярусы (К 1 а), бұл ярустың шөгінділері баррем жыныстарында үйлесімсіз жатыр және құмдар мен құмтастар қабатшалары бар саздармен көрсетілген. Саздар қара-сұр қараға жақын, қатпарлы алевритті, слюдалы болып келеді. Құмдар мен құмтастар жасыл-сұр және сұр, кварцты-глаукониттік, ұсақ түйіршікті болады. Ярустың қалыңдығы 68 м-ге дейін жетеді.
Альб ярусы (К 1 al) . Оның шөгінділері апт ярусының жыныстарында үйлесімсіз жатыр. Олар көбіне құрғақ құм-сазды шөгінділермен көрсетілген. Құмдар сұр, сары-сұр, сарғылт, сазды, полимикті, орташа түйіршікті және ірі түйіршікті болады. Саздар сұр, күлді сұр, құмдар мен ұсақ көмірлі өсімдік бөлшектері бар. Ярустың қалыңдығы 300 м-ге дейін жетеді.
Жоғарғы бор бөлімі (К 2 ) сантон мен кампан ярустары жыныстарымен көрсетілген.
Сантон ярусы (К 2 st) төменгі және жоғарғы ярустарға бөлінеді. Төменгі сантон ярусшасы қара-сұр, ірі түйіршікті құмтастар мен фосфорит малта қабаттарынан құралған. Қимада малталы қабатша жатыр, ол қабатша жақсы таңбалайтын беткей болып табылады.
Жоғарғы сантон ярусшасының шөгінділері сары-сұр, жасыл реңді және қатты әктасты саздармен көрсетілген. Шөгінділердің қалыңдығы 29 м айналасында болып келеді.
Кампан ярусы (К 2 кm) Кеңқияқ күмбезінің тек қана батпақ бөлімдерінде таралады, төменгі және жоғарғы ярусшаларға бөлінеді.
Төменгі кампан ярусшасы саздар мен мергель қабатшаларынан құралған. Оның негізінде өте көп фауна мен фосфорит малта тастары бар жасыл-сұр қабатшалары көрінеді.
Жоғарғы кампан ярусшасы арасында тыс қосылған сазды құмдарға ауысатын әктасты және әрқилы құмтастылы, сұр саздардан құралған. Ярустың қалыңдығы 76 м-ге дейін жетеді.
Кайнозой тобы KZ
Кеңқияқ шегінде кайнозой шөгінділері тек қана палеоген жүйесінде сазды ойпаттармен көрсетілген.
Төрртік жүйе Q
Бұл жүйе алювиальды, делювиальды және элювиальды шығу тегі бар жыныстардан құралған. Алювиаль жыныстары балкаларда және Темір өзенінің аңғарында таралған. Олар саздар және құмдармен көрсетілген. Саздар сұр, қоңыр, иілімді және түйілмелі. Құмдар ашық сұр және сары болып келеді. Алювиальдың қалыңдығы 41 м-ге дейін.
Делювий және элювий шөгінділері су тармақтары мен жыралар беткейлерін жауып жатыр. Олар жасыл-сұр және қоңыр-сары саздармен көрсетілген. Олардың қалыңдығы 0, 5-1, 7 м-ді құрайды.
1. 4 Тектоника
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz