Мәміле төлқұжатын ресімдеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Негізгі түсініктер мен валюталық операцияларды жүргізудегі
қағидалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2. Қазақстан Республикасының резиденттерінің және бейрезиденттерінің
валюталық
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .15
1.3. Валюталық бақылаудың құрылымы, тәртібі және
принциптері ... ... ... ... .17
1.4. Валюталық заңдарды бұзудағы жүктелетін
жауапкершіліктер ... ... ... ... ... ..18
2. ТАУАРЛАР ЭКСПОРТЫН ЖӘНЕ ИМПОРТЫН ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
2.1. Тауарлар экспортының валюталық бақылаудың мақсаттары және негізгі
құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Мәміле төлқұжатын
ресімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 22
2.3. Валюталық түсімдердің түсуін кедендік - банктік
бақылауы ... ... ... ... ... ...25
2.4. Нормативті – құқықтық актілердегі валюталық заңдарды бұзу
жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.5. Тауарлары шет елден Қазақстан Республикасының территориясына әкелудің
валюталық бақылаудың
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 29
2.6. Импорт бойынша мәміле төлқұжаттын
ресімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.7. Тауаларды төлеу мен әкелулерге кедендік – банк
бақылауы ... ... ... ... ... ...34
2.8. Валюталық заңдарды бұзудың импортшылардың жауапкершіліктері ... ...35
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
3.1. Кеден одағына қатысушы – мемлекеттердің ішкі шекаралары арқылы
валютаның
ауысуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..38
3.2. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...53

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай еліміздің саяси және
әлеуметтік–экономикалық өмірінде үлкен өзгерістер болды. 13 жыл бойы біз
жаңа мемлекет пен жаңа нарықтық экономика құрдық. Көптеген қызмет
салаларымен басқару аяларына өзгерістер енгізілді.

Сыртқы экономикалық қызметтер біздің мемлекетіміздің басты салаларының
бірі, ал кеден ісі мен кеден саясаты бұның негізгі өткізгіші болып
табылады. Олар экономикалық қайта түрлендірулер басталғалы бері өзгеше
сапаға, анағұрлым маңызды мәнге ие болуда, олар жаңа экономикалық
қатынастар мен байланыстарды реттеушісі мен құралы болуда.

Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасында көптеген салалардың мәні,
басқару саласының рөлідері өзгерді. Олардың арасында кеден ісі мен кеден
саясаты. Олардың рөлінің ұлғаюы, келесі нәрселерден тұрады:

- қазақстанның толық шынайы егемендік пен тәуелсіздік алуы, әлемдік
қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде оны мойындау - алға бірқатар
мақсат қояды, солардың ішінде – кеден ісі саласында қоғамдық қатынастарды
реттеу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің анық бағыты бар
саясаты. Әлемдік рынокқа шығу – Қазақстанның кеден катынастарын реттеудің
халықаралық тәртіптерінің орнауының алғышарттары 31.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншікті мойындау және
қорғау. “Қазақстанның экономикасы рыноктық типтегі экономика болды, және
әрі қарай солай дамып келе жатыр. Рыноктық қоғамның қағидалары мен мәніне
байланысты, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс және
басқа заңдарды ескере отырып, меншік иесінің, кәсіпкердің құқықтары,
сонымен қатар, қызмет барысындағы барлық бостандықтары шектелмейді, сонымен
бірге, экономиканың дамуы меншік иесінің баю заңдарына бағынады, және бүкіл
халықтың мүддесі үшін, соны қамтамасыз ететін қағидаларды мемлекет
анықтайды” 1.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне монополиялық күшін жою. Сыртқы
экономикалық қызметті ырықтандыру – өз кезегінде, сыртқы экономикалық
рынокқа шығу мүмкіндгін алған жеке және заңды тұлғалардың санын көбейтті
25.
Қазақстан Республикасының экономикалық егемендігін және экономикалық
қауіпсіздігін қорғау, қазақстандық рынокті кеңейту қажеттілігі. Өйткені,
бұрын “... шикізат өндіруші экономикалық жағынан шектеулі, ... және
бастысы, Президент былай санайды, экономикалық егемендікке қол жеткізудегі
біздің тиянақты жұмыс жасауымыздың арқасында, әсіресе, рыноқтық қарым-
қатынастар септігін тигізеді. Бай шикізат қоры бар Республика кедейлікте
өмір сүрмеу керек...”34.
Бүкіл әлемде болып жатқан инеграциялық процесстер. Сонымен, біз кеден ісі
мен кеден саясатының экономикалық,саясаттық, әлеуметтік себептермен
маңызының өсуін көреміз.
Кеден құқығы, кеден заңнамалары сандық және тұрғыдан құқықтық өте шапшаң
өсіп келе жатқан саласы болғандықтан және соңғы кезенде кеден саласына
мемлекеттік басқару органдары, сондай – ақ Қазақстан қоғамы ерекше назар
аудара бастағандықтан құқықтың осы саласына назар аударушы, оған қызығушы,
зерттеп-зерделеп, ғылыми – теориялық еңбектермен шұғылданушы қазақстандық
заңгерлер мен ғалымдардың саны, олардың кеден саласына арналған
жұмыстарының саны мен сапасы күрт өсуде.
С.Т. Әлібеков кеден құқығы мен заңнамаларына байланысты оқулықтар, ғылыми-
зерттеу еңбектерін жазып, осы салада белсенді, әрі жемісті еңбек етіп
жүрген ғалымдардың бірі. Оның еңбектерінде кеден саласының теориялық, саяси-
құқықтық аспектілері, кеден саласынддағы мемлекеттік басқару мәселелері,
мемлекеттің кеден құқығы мен халықаралық кеден құқығының өзара ықпал етуі,
т.б. мәселелер зерттеу объектісі болады 24.
Кеден құқығы мәселелерімен жан-жақты айналысып жүрген ғалым М.А.
Сарсембаевтың 2002 жылы жарық көрген Кеден құқығы оқулығында
Қазақстанның кеден органдарының құрылымы мен міндеттері, кеден органдары
қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, кедендік ресімдеу, кеден режимдері,
кедендік бақылаудың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері, т.б. кеден ісіне
қатысты жәйттер кең баяндалады 41.
Ғ.С. Сапарғалиевтің редакциялауымен жарық көрген Қазақстан Республикасы
мемлекеті мен құқығының негіздері атты оқулықтың Кеден заңнамаларының
негіздері деп аталатын тарауы Қазақстандағы кеден ісінің мәселелеріне
арналып, онда кедендік бақылауды құқықтық реттеу, кеден органдарының
фискальдық функциясы, Қазақстанның алыс шетелдермен, кеден ісі мен кеден
заңнамаларын жетілдіру, т.б. мәселелер баяндалады 39.
Қазіргі кезде кеден процесстеріне, кеден саясатына, кеден ісінің рөлдері
мен атқаратын қызметтеріне, мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі
мәртебесі мен орны, кеден ісі жүйесіндегі валюталық бақылау, кеден ережелен
бұзу, және Қазақстан Республикасының кеден саясатын құрайтын көптеген басқа
мәселелеріне деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылық арта түсті.
Қазақстанда кеден ісі саласына қатысты, бірқатар заңдар қабылданды.
12.12.1991 жылы қазақстандық кеден қызметі құрылған, ол рыноктық
қатынастарды қалыптастырудығы үлкен роль атқарады, оның міндетіне Қазақстан
Республикасының экономикалық егемендігі және экономикалық қауіпсіздігін
қорғау, халықаралық экономикалық карым- қатынастарды реттеуде және әлемдік
шаруашылық байланыстардағы мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігін
қорғау формалары, азаматтардың құқықтары, шаруашылық субъектілердің,
мемлекеттік органдардың құқықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
олардың кеден ісіне байланысты міндеттерді орындауын бақылау жұмыстары
кіреді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы”
заңы қабылданды, заң күші бар Президент “Қазақстан Республикасының кеден
қызметі туралы” Жарлығы қабылданды, бұлар кеден құқығының негізгі базасы
болды. Сонымен қатар, кеден ісінде бірқатар заң бөлімдерінің актілері бар.
Сонымен, кеден ісінің мемлекет ішінде ғана емес, және Қазақстан
Республикасының белсенді қатысатын, кеден ісі саласында халықаралық
ынтымақтастығында да үйлесім тапты деп айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, “Қазақстан Республикасының кеден ісі,
сонымен қатар, Қазақстан құқығы саласының бірі ретінде кеден құқығын
құқықтық реттеу механизмін теориялық жағынан бекіту қажет”
Мемлекеттің әдеуметтік – экономикалық өміріндегі кеден ісі мен кеден
заңының маңызды рөлін ескере отырып, бүгін, кеден құқығының мәселелеріне
деген қызығушылықтың артуын түсіндіруге де болады. Қазақстан кеден саясаты
жалпы түрде – саяси, әлеуметтік – экономикалық қайта құруды жедел іске
асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, әрі жүзеге
асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және
т.б. шаралар жүйесі.
Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас
бөлігі болып табылады 43.
Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан
келетін құрылымсыз элементтермен басқа да бүлдіргіш әсерлерден қорғауға
міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан- жақты қарастырылған
кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады,
экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арқылы кедендік – банктік
бақылауды іске асыруда келісім – шарт бойынша қозғалыстағы тауарлар мен
валютаны тексеруді күшейту бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік
берді.
Валюталық бақылаудың мәні келісімнің құжатын жасау арқылы тауардың
қозғалысын бақылау, валюталық түсімді толық біліп отыру болып табылады.
Қолданылған шаралар кеден төлемдері мен салықтын жиналуы бойынша жұмыстар
динамикасын толық өзгертті.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы кеден
ісі жүйесіндегі валюталық бақылау сипаттау және талдап – зерттеу болып
табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мен өзімнің алдына төмендегідей
міндеттерді қойдым:
• Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды ұйымдастыру
• валюталық бақылаудың құрылымы, тәртібі және принциптері
• валюталық заңдарды бұзудағы жүктелетін жауапкершіліктер
• тауарлар экспортын және импортын валюталық бақылау
• тауаларды төлеу мен әкелулерге кедендік – банк бақылауы
• кеден одағына қатысушы – мемлекеттердің ішкі шекаралары арқылы
валютаның ауысуы
• Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың құқықтық негіздері

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Негізгі түсініктер мен валюталық операцияларды
жүргізудегі қағидалар

Қазақстан Республикасынының территориясында валюталық операцияларды
жүргізу қағидалары мен ережесі, валюталық операциялардың субъектілерінің
құқықтары мен міндеттері, заңдарды бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілікті
24.12.1996. жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу
туралы” заңы анықтайды.
Қазақстан Республикасынының мемлекеттік валюталық реттеу қызметі
уәкілеттенген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу мекемелері)
келесілердің өткізу шараларын реттейді, бұлар: мемлекеттің төлем
баланстарын нығайтуға, ұлттық валютаның тұрақтылығы, оның орындалуын
бақылалайтын ішкі валюталық рыноктың дамуын, оның ішінде, Қазақстан
Республикасының валютасымен есеп айырысуды, шет елік валютаны сатып алуды,
Қазақстан Республикасының банкілеріндегі резиденттер мен бейрезидент есеп –
шоттарын жүргізу, алрыдң арасында шет елдік валютасымен есеп айырысудың
тәртіптері, ақшаны аудару, әкетулер мен валюталық құндылықтарды
жіберулердің құқығы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасынының
территориясында немесе басқа территорияларда резиденттердің шет елдік
валютасындағы және Қазақстан Республикасынының валютасындағы есеп – шоттар
ашуға құқылары.
Сыртқы экономикалық қызметтің мүшелерінің валюталық операцияларын
мемлекеттік реттеу қызметінің принциптерін қарастырғанда, келесі негізгі
түсініктер қолданады 28:
валюта – оны мемлекет заңды төлем заттары ретінде қабылдаған ақша
өлшемдерінің бірліктері, немесе қолма – қол немесе қолма –қол емес
құндардың ресми стандарттары түріндегі, банкнота, қазыналық билеттер және
тиын, сонымен қатар, қымбат металлдардан (айналымдағы, бірақ ауыстырылуға
жататын, сонымен қатар, айналымнан алынған немесе алып отырған) жасалған
тиындар, халықаралық ақша өлшемдерінде немесе есеп айырысу өлшеміндегі есеп
– шоттардағы қаражаттар;
ұлттық валюта - Қазақстан Республикасынының валютасы;
шет елдік валюта – шет мемлекеттердің валютасы.
Резиденттер:
а) Қазақстан Республикасында тұрақты жері бар, сонымен қатар, уақытша шет
елдердегі немесе Қазақстан Республикасынының мемлекеттік қызмет бабымен шет
елдердегі жеке тұлғалары;
ә) Қазақстан Республикасынының заңдарына сәйкес құрылған, мекен – жайы
Қазақстан Республикасынының территориясындағы, сонымен қатар, филиалдары
мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасынының территориясында немесе оның
территориясынан тысқары, заңды тұлғалар;
б) Қазақстан Республикасынының территориясынан тысқары Қазақстан
Республикасынының дипломатиялық, сауда немесе басқа ресми өкілеттіктері;
Бейрезиденттер: “резиденттер” түсінігіне жатпайтын, жеке тұлғалар, заңды
тұлғалар, немесе олардың филиалдары мен өкілеттіктері;
Валюталық құндылықтар:
а) шет елдік валюта;
ә) номиналы шет елдік валюта түріндегі құнды қағаздар мен төлемдік
құжаттар;
б) тазартылма алтын құймасы түрінде;
в) резиденттер мен бейрезиденттер арасында жүретін операцияларда
қолданатын, номиналы ұлттық валюта түріндегі ұлттық валюта, құнды қағаздар
мен төлемдік құжаттар;
Инвестициялар – бұл ақшалай заттарды, құнды қағаздар, заттарды,
меншікке иелік құқын, сонымен қатар, интеллектуалдық шығармашылық жұмысыың
нәтижелерін, және басқа мүліктерді, мына мақсаттарда беру:
1) инвестициялау объектісінің жарғылық капиталына қатысу;
2) құнды қағаздарды сатып алу;
экспорттық – импорттық келісім – шарттар:
резиденттен бейрезидентке немесе бейрезиденттен резидентке тауарларға
иелік құқығын (инвестициға байланысты келісім –шарттардан басқа) өтуін
қарастыратын келісім – шарттар;
резиденттің бейрезидентке немесе бейрезиденттің резидентке қызметтер
жасауын (жұмыстар жасауын) қарастыратын, келісім – шарттар;
резиденттен бейрезидентке немесе бейрезиденттен резидентке
интеллектуалдық шығармашылық жұмысыың нәтижелерінің құқығының өтуін
қарастыратын келісім – шарттар;
уәкілетті банк - валюталық операцияларды жүргізетін, сонымен қатар,
клиенттердің тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасынының Ұлттық
банкінің банк заңына сәйкес операцияларды жүргізуге берген лицезиясы бар
банктер;
кейбір банк операцияларын жүргізуге уәкілетті мекемелер - Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкінің валюталық операцияларды жүргізуге берген
лицезиясы бар, заңды тұлғалар;
айырбастау пунктілері - Қазақстан Республикасынының Ұлттық банкінің
лицензиясына сәйкес, қолма – қол шет елдік валюталармен айырбастау
операцияларын жасау үшін, арнайы жабдықталған орындар;
валюталық операциялар:
1) меншік құқының валюталық құндылыққа өтуіне байланысты операциялары;
2) кез – келген әдіспен валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына
әкелу немесе жіберу, немесе Қазақстан Республикасынан әкелу немесе
жіберу;
Валюталық операциялар ағымдағы операциялар және капиталдарының
қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операциялар болып мыналар саналады:
1) экспорт мәмілесі бойынша есеп – айырысуларды орындау үшін, төлемнің
немесе тауаларға, қызметтер мен жұмыстарға аванстық төлемдердің мерізімін
120 күннен аспайтын мерізімнен, ұзартуды қарастырып, жіберілетін аударым;
2) мерізімі 120 күннен аспайтын кредиттерді алу немесе беру;
3) дивидентерді алу немесе беру, сыйақылар немесе салымдар (депозиттер),
инвестициялар, қарыздық немесе басқа операциялар бойынша басқа пайда;
4) сауда мәні жоқ, сонымен қатар, гранттар, мұрагерлік сома, еңбек ақы,
зейнетақы, алименнтер және басқа аударымдар;
5) берілген Заң капиталдың қозғалысына байланысы жоқ деп белгілеген
операцияларына жататын, басқа валюталық операциялар;
Капиталдың қозғалысына жататын операциялары болып, мысалы:
1) инвестицияларды орындау;
2) интеллектуалдық меншік объектілеріне толық құқықты толық беруді
қарастыратын, мәмілелер бойынша есеп айырысуға арналған аударым;
3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды төлеуге арналған аударымдар; экспорттық -
иморттық мәміле бойынша есеп – айырысуларды орындау үшін, төлемнің немесе
тауаларға, қызметтер мен жұмыстарға аванстық төлемдердің мерізімін 120
күннен асатын мерізімнен, ұзартуды қарастырып, жіберілетін аударым;
4) мерізімі 120 күннен асатын кредиттерді алу немесе беру;
5) өздері тіркелген мемлекеттің заңдары бойынша, банкілік операцияларды
жасау құқын беретін, шет елік немесе басқа қаржылық мекемелерге салымдарды
салу;
6) зейнеттік активтерді жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша,
халықаралық аударымдар;
7) жинақтық мәні бар қамсыздандыру және қайта қамсыздандыру келісімдері
бойынша, халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды жүргізудегі негізгі қағидалар:
Қазақстан Республикасының валюталық операцияларды жүргізудегі негізгі
қағидаларды, валюталық реттеу және валюталық бақылау органдарының
уәкілеттіліг мен қызметтерін, валюталық құндылықтарға иелік ету және
пайдалану жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері,
сонымен қатар, валюталық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілікті Қазақстан
Республикасының “Валюталық реттеу туралы” Заңы реттейді.
Заңда келесі мәселелер қарастырылған:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативті – құқықтық актілері
қарастырған, сонымен қатар салық және кеден заңдары қарстырған белгілі бір
жағдайлардан басқа, резиденттер арасындағы операциялардардың барлық
төлемдер мен аударымдары тек қана Қазақстан Республикасының валютасы
түрінде жасалуы Тиіс;
2) Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен бейрезиденттердің барлық шет
елдік валютаны сату, сатып алу, айырбастау операциялары, Қазақстан
Республикасынының Ұлттық банкінің белгілеген тәртіптері бойынша тек қана,
банк операцияларының белгілі бір түрлерін іске асыратын, уәкілеттенген
банкілер немесе уәкілеттенген мекемелер, сонымен қатар, олардың айырбастау
пунктілері арқылы іске асырылады;
3) уәкілеттенген банкілер немесе уәкілеттенген мекемелер, сонымен қатар,
олардың айырбастау пунктілерінен тыс, шет елдік валютаны сату, сатып алу,
айырбастау операцияларына тыйым салынады;
4) резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы операциялар бойынша
төлемдер, екі жақтың келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің нормативті – құқықтық актілеріне сәйкес, кез - келген валютада,
іске асырылады;
5) тауар экспорты мен Қазақстан Республикасынан қызметтер үшін, валюталық
түсімдер, Қазақстан Республикасының банктеріндегі резиденттің есеп –шотына
шектеусіз есепке алынады;
6) банктік төлемдер мен аударымдарды Қазақстан Республикасынан шеттен
әкелу және салып жіберулер мына сатып алулар мақсатында іске асырылады:
номиналды құны ұлттық немесе шет елдік валютада есептелетін,
бейрезиденттердің айналысқа шығарған құнды қағаздарын резиденттер, немесе
резиденттердің айналысқа шығарған құнды қағаздарын бейрезиденттер сатып
алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген тәртібі бойынша
және құнды қағаздарды шығару және оларды айналысқа шығару салаларын
реттейтін, мемлекеттік органының келісілуімен, Қазақстан Республикасының
мүшелік ететін, халықаралық келісім – шарт нормаларын есепке ала отырып,
іске асырылады;
7) валюталық құндылықтарды, колма –қол ұлттық валютаны, ұлттық валютадағы
төлем құралдарын шеттен әкелу немесе әкету, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі белгілеген тәртібі бойынша іске асырылады;
8) номиналды құны ұлттық валютада есептелетін, құнды қағаздарды шеттен
әкелу немесе әкету, құнды қағаздарды шығару, оларды айналысқа шығару және
оларды тіркеуді реттейтін, мемлекеттік органдардың белгілеген тәртіптері
бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің келісілуімен іске
асырылады;
9) құнды қағаздарды шеттен әкелу немесе әкетудің кедендік рәсімдеу
тәртіптері, кедн заңдарына сәйкес іске асырылады.

1.2. Қазақстан Республикасының резиденттерінің және бейрезиденттерінің
валюталық операциялары

Резиденттер уәкілеттенген банкілерде шет елдік валютадағы есеп – шоттар
ашуға құқылы.
Тауарлар мен қызметтерге төленген шет елдік валюта түріндегі төлемдер,
сонымен қатар, кредит түріндегі шет елдік валютаны, міндетті түрде, егер
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясында басқа
қарстырылмаса, уәкілеттенген банкілердегі есеп – шоттары есебіне алуға
жатады 11.
Резиденттер шет ел банкілерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің белгілеген тәртібі бойынша, Қазақстан Республикасының валютасында,
және сонымен қатар, шет елдік валютасындағы есеп – шоттар ашуға да құқылы.
Уәкілеттенген банкілердің Қазақстан Республикасының резиденттерінің шет
елдік валютасындағы есеп – шоттарын ашу және жүргізу тәртіптерін Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі белгілейді.
Резиденттер мен бейрезиденттердің арсындағы ағымдағы операцияларын
орындау үшін жасалатын ағымдағы валюталық операциялар, уәкілеттенген
банкілерде шектеусіз жүргізіледі. Капиталдың қозғалысына байланысты
қолданылатын операцияларды іске асыру үшін, және Қазақстан Республикасының
валютасы мен шет елдік валютасын пайдалану арқылы, капиталдың қозғалысына
байланысты валюталық операциялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
белгілеген тәртібі бойынша іске асырылады.
Жеке тұлға – резидент, бұрын Қазақстан Республикасының шеттен әкелінген,
аударылған, немесе жіберілген валюталық құндылықтарды, кеден ережелерінің
шеңберіндегі, олардың Қазақстан Республикасына шеттен әкелінген,
аударылған, немесе жіберілгендігін растайтын мағлұмдау, немесе басқа
құжатта белгіленген тәріптерін орындаған жағдайында, Қазақстан
Республикасынан әкету, аудару немесе жіберуге құқылы.
Қазақстан Республикасының резиденттерінің валюталық құндылықтарды әкету
немесе жіберудін тәртіптерін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының кеден бақылау агенттігімен бірлесе отырып,
белгілейді.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің валюталық операциялары:
Резиденттер шет ел банкілерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің белгілеген тәртібі бойынша, Қазақстан Республикасының валютасында,
және сонымен қатар, шет елдік валютасындағы есеп – шоттар ашуға да құқылы.
Уәкілеттенген банкілердің Қазақстан Республикасының резиденттерінің шет
елдік валютасындағы есеп – шоттарын ашу және жүргізу тәртіптерін
Қазақстан Республикасы белгілемейді.
Бейрезиденттер, кеден тәртіптерін орындай отырып, Қазақстан
Республикасының валюталық құндылықтарды шексіз, шеттен әкелуге, аударуға,
немесе жіберуге құқылы.
Бейрезиденттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген
тәртібі бойынша, шет елдік валютаны сатуға, немесе Қазақстан
Республикасының валютасына айырбастауға құқылы.
Бейрезиденттер кеден ережелерін ұстана отырып, бұрын Қазақстан
Республикасының шеттен әкелінген, аударылған, немесе жіберілген шет елік
валютаны, олардың Қазақстан Республикасына шеттен әкелінген, аударылған,
немесе жіберілгендігін растайтын мағлұмдау, немесе басқа құжаттарды
табыстау арқылы, Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтарды әкету,
аудару немесе жіберуге құқылы.
Бейрезиденттер валюталық құндылықтарды әкету немесе жіберудін
тәртіптерін Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының кеден
бақылау агенттігімен бірлесе отырып, белгілейді 41.

1.3. Валюталық бақылаудың құрылымы, тәртібі және принциптері

Қазақстан Республикасының валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары
мен оның агенттері іске асырады.
Қазақстан Республикасының валюталық бақылау органдары – Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес, валюталық реттеу қызметтерін атқаруға
құқылы, мемлекеттік орган болып табылады. Валюталық реттеу қызметтерін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәкес іске асыратын, негізігі валюталық
реттеу органы - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен басқа мемлекеттік органдар валюталық
реттеу қызметтерін өзінің уәкілеттілік шегінде және Қазақстан
Республикасының заңдарына сәкес іске асырады.
Алынған лицензияларына сәйкес, олардың операция барысындағы валюталық заң
тәріптерін орындауды бақылау жауапкершілігін жүктеген, валюталық бақылау
агенттері - уәкілеттенген банкілер мен уәкілеттенген мекеемелер болып
табылады 11.
Кеден органдарының валюталық бақылау саласындагы уәкілеттіктері
“Қазақстан Республикасының кеден қызметі” Заңының 220 бабында анықталған.
Орталық кеден органы, басқа кеден органдарының валюталық бақылау
жұмыстарының кеден органдарының валюталық бақылаудағы уәкілеттіктері
бойынша іске асырылуы кезіндегі, қызметтері мен уәкілеттіліктерін
анықтайды.

1.4. Валюталық заңдарды бұзудағы жүктелетін жауапкершіліктер

Кеден органдары өз өкілеттерінің шегінде Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы тауарлармен көлік құралдарын өткізу кезінде
Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз
етеді.
Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау мақсатында кеден
органдары:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының
валюталық заңдарының сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді 25;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тауарлардың және
көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлап отырады;
3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық
заңдарының бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін
және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” Заңына сәйкес, заңды
тұлғалар – резиденттер, валюталық заңдардың нормаларына қайшы келетін
валюталық операцияларды жүргізгені үшін, келісім сомасынан 20 пайыз
көлеміндегі айыппұл түрінде, жауапкершілікті жүктейді.
Банктер – Қазақстан Республикасының резиденттері жүргізген валюталық
операциялардың нәтижесін бухгалтерлік есепке белгілемегені үшін, есепке
белгіленбеген сома көлеміндегі айыппұл түрінде, жауапкершілікті жүктейді;
валюталық операциялардың есепке алу мен есеп беру формалары мен тәртіптерін
бұзумен, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу есепке дұрыс алынбаған сомадан 5
пайыз көлеміндегі айыппұл түрінде, жауапкершілікті жүктеу белгіленген.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының валюталық операциялар
барысында анықталған құқық бұзулары үшін, Қазақстан Республикасының
“Қазақстан Респубикасының кеден қызметі туралы” Заңында және “Әкімшілік
құқық бұзулар туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген
тіртіп бойынша жауапқа тартылады 3.
Айыппұлдар сомасын өндіріп алу сот тәртбінде, валюталық бақылау
органдарымен, сонымен қатар, валюталық бақылау агенттерінің ұсынуы бойынша,
іске асырылады.
Валюталық заңдарды бұзған заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Қазақстан
Респубикасының “Валюталық реттеу туралы” Заңы Қазақстан, Респубикасының
валюталық реттеудің негізгі заңдар актісі болып табылады.
Заң Қазақстан Республикасының валюталық операциялардың іске асырудың
негізгі принциптері анықтайды, сонымен қатар, валюталық бақылау
органдарының уәкілетіліктері мен қызметтерін, заңды тұлғалардың міндеттері
мен жауапкершіліктерін де анықтайды.
Қазақстан Республикасының валюталық бақылаудың негізгі бағыттары болып,
валюталық операциялардың заңмен сәйкес іске асырылуын тексеру, және
резиденттердің мемлекет алдында шет елдік валютаға байланысты міндеттерін
орындалуын бақылау болып табылады. кеден органдары Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы арқылы валюталар мен валюталық
құндылықтардың өтуінің, сонымен қатар кеден шекарасы арқылы тауарлардың
валюталық операциялармен байланысын валюталық бақылауды іске асырады.

2 . ТАУАРЛАР ЭКСПОРТЫН ЖӘНЕ ИМПОРТЫН
ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
2.1. Тауарлар экспортының валюталық бақылаудың мақсаттары
және негізгі құжаттары

Тауарлар экспортын валюталық бақылау – валюталық түсімдердің толық және
уақытылы мақсатында жүргізіледі: келісім – шарттары бойынша, экспортталған
тауарлар ақысын төлеу ретінде, бейрезиденттің экспортер пайдасына
аударылған немесе аударуға жататын, Қазақстан Республикасының валютасында
немесе шет ел валютасындағы ақшалай заттар 13.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты болып, мыналар анықталады:
- іске асырылып жатқан экспорттық валюталық операциялардың заңдарға
сәйкестігі және қажетті жағдайларда, лицензияларының немесе тіркеу
куәлігінің болғандығын анықтау;
- төлемдердің негізделгендігін тексеру;
- экспорттық валюталық операциялардың есептерінің толық және
объективтілігін тексеру.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес, әрбір сыртқы экономикалық келісім – шарт
бойынша, отандық экспортшылар, бір мәміле төлқұжатын ресімдейді, оған,
келешекте экспорттан түсімдер түсуі тиіс, резиденттің есеп – шотын
жүргізетін, бір банк қол қояды.
Валюталық түсімдердің, келісім – шарттарда белгіленген мерізімі бойынша,
экспортшы, Ұлттық банкінің сәйкес лицензиясы бар болған жағдайда, шет елдік
банкіндегі есеп - шотына түсуі жіберіледі.
Қазақстан Республикасының территориясында тауарларды кедендік ресімдеу
күнінен түсімдердің 120 күн өткеннен кейін және келісім – шарттарда
белгіленген мерізім ішінде болмау жағдайында, экспортшы Ұлттық банкінің
нормативті – құқықтық актілеріне сәйкес, лицензиялауды іске асыруы тиіс.
Тауарлар экспортына байланысты, валюталық операциялар бойынша құжаттарды
ресімдеу кезінде, негізгі құжаттар болып мыналар саналады:
- мәміле төлқұжат;
- экспорттық мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі;
- экспорт бойынша досье;
- экспорт жөніндегі іс;
- экспорт журналы.
Мәміле төлқұжаты – тауарлар экспортындағы негізгі құжат, төлемдерді
ұлттық немесе шет елдік валютада болуын қарастырады. Ол резидент және
бейрезидент арасындағы келісім – шартындағы (келісім, мәмәле) сыртықы
экономикалық мәліметтерден тұрады (қосымша №1).
Экспорттық мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі – бұл, форматтарға
сәйкес құрылған, кеден бақылау агенттігінің бұйрығы бойынша бекітілген,
мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі.
Экспорт бойынша досье – товарларды экспорттау түсімдерінің түсуін
бақылайтын, арнайы сарапталған құжаттар. Досье әрбір экспорттық келісім –
шарт бойынша кеден органдарымен құрылады.
Экспорт жөніндегі іс – товарларды экспорттау валюталық түсімдерінің
түсуін бақылайтын, арнайы сарапталған құжаттар. Іс әрбір экспорттық келісім
– шарт бойынша құрылады.
Экспорт журналы – валюталық бақылаудың кіріс және шығыс құжаттарын бөлек
есептеу үшін банк, сонымен қатар кеден органдарының жүргізетін журналы
(қосымша №4).

2.2. Мәміле төлқұжатын ресімдеу

Экспортер, алдын ала, келісім – шартты жасасқаннан кейін, екі жақтың кез
келген жағының (резидент немесе бейрезидент) міндеттемелердің орындау
мерзімі басталғанға дейін, банк пен кеден органдарында мәміле төлқұжатын
ресімдеуі тиіс. Келісім – шарт талаптарына қарамастан (Қазақстан
Республикасының территориясында тауарды кедендік рәсімдеуге дейін немесе
кейін төлеу), өзінің тіркелу аймағына байланысты, кеден органдарында мәміле
төлқұжатын ресімдей бастайды (мәміле төлқұжатының көшірмесі қосымша ретінде
қарастырылған).
Мәміле төлқұжаты үш данада толтырылады. Мәміле төлқұжатымен қатар, кеден
органдарына келісім – шарттың бір данасы табысталады, оның негізінде мәміле
төлқұжаты мен экспорттық мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі
жасалған.
Мәміле төлқұжатының бір данасына, кеден органдарының уәкілеттенген
қызметкері қолын қойып, экспортшыға табысталады.
Мәміле төлқұжатының екінші данасына негізделіп кеден органдары экспорт
досьесын ашады.
Мәміле төлқұжатының үшінші данасын кеден органы банкке жібереді, ол
банкке экспорт жөніндегі істі ашуға негіз болады.
Мәміле төлқұжатын алғаннан және оны тексергеннен кейін, уәкілеттенен банк
кеден органына сәйкес хабарлама жібереді, ол банктің мәміле төлқұжатын
вадюталық бақылауға алынғаны туралы растайды.кеден органы, банктен есеп –
шот ашылғаны туралы хабарлама алғаннан кейін, осы мәміле төлқұжаты бойынша
тауарларыд кедендік рәсмдеуге құқылы.
Келісім – шарт талаптарына сәйкес міндеттемелердің орындау мерзімі
басталған жағдайында, экспортшы, кеден органдарымен банктегі уәкілетті
қызметкерлері қолдары және мөрлері қойылған мәміле төлқұжатының бір
дансымен және басқа да қажетті құжаттармен, тікелей, кеден органдарына
(тауарлардың кедендік рәсімделген жағдайында) немесе банкке (төлемдерден
кейін) барады.
Бұрынырақта, осы келісім шарт бойынша, кеден органдары мен банк қол
қойған, мәміле төлқұжатын құрастыру кезінде пайдаланылған мәліметтерге
байланысты, жақтардың келісім – шартқа өзгертулер немесе толықтырулар
енгізу жағдайында, экспортшы берілген өзгертулер енгізілгеннен он күн
мерзімінен кейін, бірақ, төлем өткізуден немесе келісім – шарттарға
енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге негізделген экспортталатын
тауарларды кеден органдарыны назарына табыстаудан кеш емес мерізімде, кеден
органдарына және банкке контарктіге енген толықтырулар мен өзгертулерді
назарына ұсынады; мәміле төлқұжаты бойынша, мәліметтері нақтылануы тиіс,
бірақ тек үш графаны толтырумен құрастырылған, мәміле төлқұжатына қосымша
құжаттарды да табыстайды.
Мәміле төлқұжатына қосымша құжаттардың әрі қарай рәсімделуі мен
пайдалануы мәміле төлқұжатына байланысты қарастырылған тәртіптер бойынша
реттеледі.
Тауарлар экспортының кедендік ресімделуі:
Келісім – шартқа сәйкес, міндеттемелердің орындау мерзімі басталған
жағдайында, экспортшы, экспортталатын тауарлардың кедендік рәсімделуі
өткізетін кеден органдарына, жүк кеден мағлұмдамасын назарға ұсынумен
қатар, мәміле төлқұжатын ұсынуы тиіс .
Мәміле төлқұжатына байланысты жақтардың келісім – шартқа өзгертулер
немесе толықтырулар енгізу жағдайында, экспортталатын тауарлардың кедендік
рәсімделуі өткізетін кеден органдарына, мәміле төлқұжатын ұсынумен қатар,
расталған қосымша құжаттардың көшірмесі де болуы тиіс.
Кеден органдар экспортшының мәміле төлқұжатының көшірмесінің
мәліметтердің дәйектілігін, жүк кеден мағлұмдамасындағы келісім – шарттар
талаптары және басқа қажетті құжаттардағы басқа мәліметтерді тексереді.
Жүк кеден мағлұмдамасы келесі ерекшеліктерді ескерумен толтырылады: 9 –
графа “Қаржылық реттеуге жауапты тұлға”
Бұл графада уәкілеттенген банктегі есеп – шотқа экспорттық түсімдердің
түсуін қамтамасыз етуге жауапты тұлға белгіленеді.
“Қаржылық және банкілік реквизиттер” 28 – графасы
1) мәміле төлқұжатының нөмірі мен датасы;
2) валюталық бақылауды жүргізетін банкінің атауы;
3) банкінің заң мекен – жайы;
4) толтырылмайды.
Қосымша мәлімет ұсынылған құжаттар” 44 – графа
4 - мәміле төлқұжаты негізделген, келісім – шарттың нөмірі мен датасы.
Аталған құжаттарда қайшылық болмай, Қазақстан Республикасының кеден
заңдарының барлық талаптарын орындаған жағдайда, кеден органы тауарларды
экспорта жібереді. Жүк кеден мағлұмдамасы және мәміле төлқұжаты экспорт
бойынша досьеде қалады 5.

2.3. Валюталық түсімдердің түсуін кедендік - банктік бақылауы

Валюталық түсімдерді экспортшының есеп – шотына есепке жатқызу және
импорт мақсатында төлемдерді төлеу жұмыстарын, банк, мәміле төлқұжаты
ресімделгеннен кейін ғана өткізеді.
Түскен сомаларды идентификациялауды жеңілдету үшін, экспортшы шет елдік
төлеушіні берілген келісім – шарт бойынша, экспортер пайдасына қаражатты
аудару кезіндегі төлем құжаттарында, келісім – шарт реквизиттері мен
экспорт бойынша берілген келісім – шарт бойынша, мәміле төлқұжатының
нөмірін белгілеу қажеттілігі жөнінде хабарлайды.
Банк аралық құжатта, түскен қаражатты нақты экспорт бойынша мәміле
төлқұжатына тиісті екендігін растауды қиндататын, тиісті мәліметтер
болмаған жағдайда, банк оны транзитті есеп – шотқа жатқызады да,
экспортшыға сондай, идентификацияланбаған, түсімдердің болғаны туралы
хабарлайды. Экспортшы банктен жазбаша түрдегі хабарламасын алған соң, екі
жұмыс күні ішінде банкке, жазбаша түрде , түскен соманың түрі, келісім –
шарт реквизиттері мен экспорт бойынша мәміле төлқұжатының нөмірі
белгіленген хабарлама жіберуі тиіс.
Экспортшы пайдасына түсімдердің түскенін және импортшының төлемдерді
іске асырғандығын растайтын, барлық бакілік құжаттардың көшірмелерін, банк
экспорт бойынша сәйкес істерге, олардың идентификациялану дәрежесіне қарай,
сұрыптап, үлестіреді.
Кеден органдары есепке дейінгі айдың 5 - күніне дейінгі мерізімде, кеден
шекарасы арқылы тауарлардың жылжуы туралы мәліметтерді банктерге
табыстайды.
Банк ай сайын, айдың 5 - күнінен кеш емес мерізімде кеден органдарын,
осы банкте қызмет көрсетілетін, экспортшылардың мәміле төлқұжаттары бойынша
келіп түскен сомалар туралы айтылған хабарлама жібереді. Валюталық түсімдер
және өтелген төлемдер туралы мәлімет, бақылауға алыну мақсатында, кеден
органы өзінің және банк өзінің құрылған, экспорт бойынша досье ісіне
тіркеледі (хабарлама формасы қосымшаланған №2,3).
Кеден органы, банктен, экспорт бойынша валюталық түсімдер туралы,
хабарламаны алған соң, оны электрондық дерекқорға енгізеді және келісім –
шарт талаптарына сәйкес, төлемдердің толық түскенін тексереді.
Егер келісім – шарт бойынша валюта коды төлемдік валюта кодымен сәйкес
болмаса, экспортшы төлем валютасына келісім – шарт бойынша валюта бағамының
есебін, қажетті түсініктермен, кеден органдарына табыстайды. Кеден органы
белгіленген есепті келісім – шарт талаптары бойынша сәйкестілігі мен
есепте көрсетілген валюта бағамының шынайылығын тексеріп, есептің
көрсеткіштері дәйекті деп саналған жағдайда, бұдан әрі, экспорт бойынша
түсімдердің төлемдерді жаңа валютада түсетінін немесе импорт бойынша
тауардың түсуін назарына ала отырады. Есептер Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі белгілеген ресми валюталық бағамдар, немесе төлем датасына,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген теңгеге шет ел
валюталарының кросс- бағамы арқылы алынады.
Кросс – бағам – валюталар арасындағы қатынас, ол осы валюталардың үшінші
валютаға қатынасы арқылы, бағамы негізінде анықталады.
Экспортер тбсытаған есептің негізделмеген деп танылған жағдайында, кеден
органы келіп түскен соманы экспорт бойынша төлем валютасының дерегімен
немесе, импорт бойынша әкелінген тауардың деректемесі бойынша есептейді,
және ол туралы экспортшыға хабарлама жібереді де, соған сәйкес,
экспортимпорт бойынша досьеде белгі қояды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми валюталық
бағамдары негізінде есептелген, кросс- бағамы мен Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі белгілеген ресми валюталық бағамдарының арасында 10 пайыздан
аспайтын бағамдардың алшақтауы жіберіледі.
Валюталық түсім банкке толық көлемде түспеген жағдайында немесе экспорт
бойынша мәміле төлқұжатының мерізімдерінің бұзушылық жағдайында, экспортшы
валюталық түсімдердің толық түсуі жөніндегі шараларды қолданып, сонымен
қатар, кеден органы мен банкке берілген жөнсіздіктердің себептері
көрсетілген мәлімет жіберуге міндетті.
Берілген келісім – шарт бойынша мәміле төлқұжатын ресімдемеген, шет елдік
сатып алушыдан түскен валюталық түсімдердің болу жағдайында, банк
экспортшыға сондай, идентификацияланбаған, түсімдердің болғаны туралы
хабарлайды да, экспортшыдан келіп түскен соманың сипаты көрсетілген,
келісім – шарт реквизиттері мен экспорт бойынша мәміле төлқұжатының нөмірі
белгіленген мәлімет келіп, түскенге дейін, оны транзитті есеп – шотқа
жатқызады. Экспортер, мәміле төлқұжатын ресімдеген банкке, түскен ақшаның
толық сомасының банкідегі есеп – шотына аударуына тапсырыс беруі тиіс.
Аударуға тапсырысымен қоса экспортшы, банкпен расталған мәміле
төлқұжатынының бір данасын табыстайды, олар түсімді қабылдаған банкке
аударымды іске асырудағы негіз болып табылады.

2.4. Нормативті – құқықтық актілердегі валюталық заңдарды бұзу
жауапкершілігі
Валюталық түсімдердің толық немесе уақытында түспеген жағдайында, кеден
органы экспортшыға, Қазақстан Республикасының заңдары қарастырған, жазалау
шараларын қолдана алады, сонымен қатар, сәйкес мәліметтерді салық, құқық
қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жіберуге
құқылы.
Банктің агентік міндеттерін бұзу жағдайлары анықталған кезде, кеден
органы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкке сәйкес мәліметтерді жіберуге
міндетті.
Экспортшы мәміле төлқұжатын қолдан жасағаны үшін және оны растағаннан
кейін өзгерткені үшін, немесе банк қызметкерінің қолын, және немесе банк
мөрін және кеден органының уәкілеті қызметкерінің қолын, және немесе
республика шегіне тауарларды шеттен әкелу немесе әкетуге рұқсат беретін
оның мөрін жалған жасағаны үшін, мәміле төлқұжатында көрсетілген
мәліметтердің тауарларға сәйкес болмаған жағдайында, сонымен қатар,
валюталық заңдарды бұзғаны және басқа нормативті – құқықтық актілерін
бұзғаны үшін, кедендік, әкімшілік, қылмыстық заңдарға сәйкес,
жауапкершілікке тартылады.
Тауар экспортындағы валюталық бақылау - түсімдерді жасырып қалудың алдын
алу мақсатында және экспорттық операциялар нәтижесіндегі ақшалай жаражаттар
түсімдерінің шет елдік валютада немесе Қазақстан Республикасының
валютасында Қазақстан Республикасының банктеріне түсуін қамтамасыз ету
мақсатында жасалады.
Тауарларды экспорттау кезіндегі валюталық бақылаудың негізгі құжаты
болып, мәміле төлқұжаты табылады, оны кеден органдарында ресімдеп, ақшалай
қаражаттың түсуін қарастыратын, тауарларды келісім – шартқа сәйкес,
экспортқа кеден тәртібі бойынша әкетекенде, уәкілеттенген банктерге
табыстайды.кеден органдары экспортшының банкімен бірлесе отырып, ақшалай
қаражаттың түсуін бақылайды, шет елдік валютанық түсуі жағдайында – оның
бір бөлігін ішкі валюталық рынокта сатылуын да бақылайды.
Бұл әрекеттердің барысында валюталық заңдардың бұзылу жағдайында кеден
органдары экспортталатын тауарларды жібермеуге құқылы. Белгіленген уақытта
валюталық түсімдердің толық көлемде келіп түспеуін, экспорт тәртібінің
кедендік тәртіптерін бұзу деп саналады, және “Қазақстан Республикасының
кеден ісі туралы” Заңына сәйкес, жауапкершілікке тартылады.

2.5. Тауарлары шет елден Қазақстан Республикасының территориясына
әкелудің валюталық бақылаудың мақсаттары

Тауарларды шет елдерден Қазақстан Республикасының әкелудің валюталық
бақылауының масаты болып, сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша шет елік
валютадағы қаражаттар мен теңгені жұмсаудың құқық бойынша және негізделген
болуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының шекарасына валюта
ағымының алдын алу болып табылады.
Валюталық бақылауының негізгі бағыты болып мыналар саналады:
- іске асырылатын импорттық валюталық операциялардың қолданыстағы заңға
сәйкес болуы мен қажеттілік жағдайында, сәйкес лицензиялар мен тіркеу
куәлігінің болуын қадағалау;
- төлемдердің негізделгендігін тексеру;
- импорттық валюталық операциялардың есептерінің толық және
объективтілігін тексеру.
Берілген тәртіптер - ұйымдастыру – құқық формаларына қарамастан, мәміле
жасасқан барлық Қазақстан Республикасының резиденттеріне байланысты.
Тауарларды шет елдерден Қазақстан Республикасының әкелудің валюталық
бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының кеден органдары мен
уәкілеттенген банктерге жүктеледі.
Импортшы, төленген сомасына сәйкес, Қазақстан Республикасына тауарларды
әкелу жөнінде барлық шараларды қолдануы тиіс, ал тауардың немесе өнімнің
келісілген уақытта жеткізілмеген жағдайында, егер Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкінің берген лицензиясы басқа шараларды қарасырмаса, бұрын
аударылған ақшаны келісім – шарт белгілеген мерізім ішінде, бірақ аударудан
бері 120 күннен кеш емес, қайтары алады.
Заңды тұлғалар – резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы операциялар
бойынша төлемдер тек қана ақшасыз есеп айырысу түрінде ғана бола алады.
Импортшы болып табылмайтын үшінші тұлғаның импортталатын тауарларға
төлемдер жасауы, тек қана импортшы мен үшінші тұлғаның – төлеуші арасындағы
келісім бойынша іске асырыла алады.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес, әрбір сыртқы экономикалық келісім – шарт
бойынша, импортшылар, бір мәміле төлқұжатын ресімдейді, оған, келешекте
импорттан түсімдер түсуі тиіс, резиденттің есеп – шотын жүргізетін, бір
банк қол қояды
Тауарлар импортын валюталық бақылаудың негізгі құжаттары:
Тауарлар импортына байланысты, валюталық операциялар бойынша құжаттарды
ресімдеу кезінде, негізгі құжаттар болып мыналар саналады:
- мәміле төлқұжаты;
- импорттық мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі;
- импорт бойынша досье;
- импорт жөніндегі іс;
- импорт журналы.
Тауарларды сатып алу – сату сыртқы экономикалық келісімдері бойынша
тауарлар импортын кедендік ресімдеу үшін, импортшылар (келісім – шарт
иелері) кеден органдарында импорт бойынша мәміле төлқұжатын ресімдеуі
тиіс.
Мәміле төлқұжаты – валюталық бақылаудың негізгі құжаты болып табылады.
Оны импортшы толтырады, ол сыртқы экономикалық мәліметтерден тұрады.
Импорттық мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі – бұл, форматтарға
сәйкес құрылған. Кеден бақылау агенттігінің бұйрығы бойынша бекітілген,
мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі.
Импорт бойынша досье – товарларды импорттау түсімдерінің түсуін
бақылайтын, арнайы сарапталған құжаттар. Досье әрбір импорттық келісім –
шарт бойынша кеден органдарымен құрылады.
Импорт жөніндегі іс – товарларды импорттау валюталық түсімдерінің түсуін
бақылайтын, арнайы сарапталған құжаттар. Іс әрбір импорттық келісім – шарт
бойынша құрылады.
Импорт журналы – валюталық бақылаудың кіріс және шығыс құжаттарын бөлек
есептеу үшін банк, сонымен қатар, кеден органдарының жүргізетін журналы
28.

2.6. Импорт бойынша мәміле төлқұжаттын ресімдеу

Мәміле төлқұжатын ресімдеуге қоятын талаптар Қазақстан Республикасының
кеден шекарасынан өтетін тауарларға да қатысты болып табылады, сонымен
қатар, есеп айырысуларды қарастыратын, уақытша әкелу, кері импорт, кеден
территориясында қайтадан жасалу және қызметтерге байланысты келісім – шарт,
еркін айналымды кедендік тәртіп бойынша іске асырылуын қарастырады.
Импортер, алдын ала, келісім – шартты жасасқаннан кейін, екі жақтың кез
келген жағының (резидент немесе бейрезидент) міндеттемелердің орындау
мерзімі басталғанға дейін, банк пен кеден органдарында мәміле төлқұжатын
ресімдеуі тиіс, келісім – шарт талаптарына қарамастан (Қазақстан
Республикасының территориясында тауарды кедендік рәсімдеуге дейін немесе
кейін төлеу), кеден органдарында мәміле төлқұжатын ресімдей бастайды.
Мәміле төлқұжаты үш данада толтырылады. мәміле төлқұжатымен қатар, кеден
органдарына келісім – шарттың бір данасы табысталады, оның негізінде мәміле
төлқұжаты мен экспорттық мәміле төлқұжатының электрондық көшірмесі
жасалған. Егер, рәсімделетін импорттық мәміле, келісім – шарт бойынша екі
жақтың біреуінің міндеттемелерін орындаудын баста күнінен 120 күннен асатын
мерізімде ,тауарлардың әкелуін немесе ақшаның аударылуын қарстырған
жағдайда, импортшы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің және
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нормативті – құқықтық
актілеріне сәйкес, мәміле төлқұжатын ресімдеуге дейін, сәйкес лицензия
немесе тіркеу туралы куәлігін алуы тиіс, олардың көшірмесі мәміле
төлқұжатына қосымшаланады.
Мәміле төлқұжатының бір данасына, кеден органдарының уәкілеттенген
қызметкері қолын қойып, оның жеке нөмірлік мөрімен расталып, импортшыға
қайтарылады.
Мәміле төлқұжатының екінші данасына негізделіп кеден органдары импорт
досьесын ашады.
Мәміле төлқұжатының үшінші данасын кеден органы банкке жібереді, ол
банкке импорт жөніндегі істі ашуға негіз болады.
Мәміле төлқұжатын алғаннан және оны тексергеннен кейін , уәкілеттенен
банк кеден органына сәйкес хабарлама жібереді, ол банктің мәміле төлқұжатын
валюталық бақылауға алынғаны туралы растайды. (импорт бойынша мәміле
төлқұжаты қосымша №5 берілген) табысталғанжәне ресімделген импорт бойынша
мәміле төлқұжаты импорт бойынша досьеге қосымшаланады.
Бұрынырақта, осы келісім шарт бойынша, кеден органдары мен банк қол
қойған, мәміле төлқұжатын құрастыру кезінде пайдаланылған мәліметтерге
байланысты, жақтардың келісім – шартқа өзгертулер немесе толықтырулар
енгізу жағдайында, импортшы берілген өзгертулер енгізілгеннен он күн
мерзімінен кейін, бірақ, төлем өткізуден немесе келісім – шарттарға
енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге негізделген импортталатын
тауарларды кеден органдары және банкке табыстаудан кеш емес мерізімде,
кеден органдарына және банкке келісім – шартқа енген толықтырулар мен
өзгертулерді назарына ұсынады: мәміле төлқұжаты бойынша, мәліметтері
нақтылануы тиіс, бірақ тек үш графаны толтырумен құрастырылған, мәміле
төлқұжатына қосымша құжаттарды да табысталады.
Мәміле төлқұжатына қосымша құжаттардың әрі қарай рәсімделуі мен
пайдалануы мәміле төлқұжатына байланысты қарастырылған тәртіптер бойынша
реттеледі.
Келісім – шартты үшінші тұлға - резиденпен төлеген жағдайда, мәміле
төлқұжаты төрт данада ресімделеді (бір – бірден, импортшы, үшінші тұлға,
кеден органы және үшінші тұлға банкі ). Бұл жағдайда кеден органдарына
мәміле төлқұжатын ресімдеуге табыстауды импортшы мен үшінші тұлға бірге
іске асырады.
Сонымен қатар кеден органы мәміле төлқұжатының данасын банкке бағыттайды,
ол кеден органдарына үшінші тұлғаның есеп – шоты мен қолдарының
сәйкестілігі туралы хабарлама жібереді, ал кейін, кеден органдарына
жасалған төлемдер туралы да хабарлама жібереді. Импорт мақсатында
төлемдерді өткізуді банк тек, мәміле төлқұжатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар
Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Шетелдік валютамен
Сыртқы сауда
Тауарларды сату есебі, оларды кірістеу және төлеу
Қазақстан Республикасы аймағындағы тауарлардың кедендік бақылауы
Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны
Банк несиелері мен қарызға алынған қаражаттардың есебі мен аудиті
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Пәндер