ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
ЖОСПАР
КIРIСПЕ 3
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ АЙМАҚТЫҚ РЕТТЕУДIҢ
ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК АСПЕКТIЛЕРI 5
1.1 “АЙМАҚ” ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНI 5
1.2 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРI МЕН ӘДIСТЕРI 10
1.3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
16
II АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 25
2.1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 25
2.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОБАЛАР 29
2.3 АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ 40
III АЙМАҚТАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДI ЖЕТIЛДIРУ 48
3.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ
ЖОЛДАРЫ 48
3.2 АЙМАҚТЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГIЗГI БАСЫМДЫЛЫҚТЫ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ 52
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 61
КIРIСПЕ
Радикалды эканомикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық
қатынастың дамуы қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық эканомика ие
болып отыр. Аймақтық эканомика - бұл өндіргіш күштердің қозғалысы, аймақ
эканомикасы туралы ғылыми білім ортасы.
Қазіргі кезде негізгі шауашылық қызмет аймақтарда жүзеге
асырылады. Оларға өздігінен эканомикалық мәселесін шешуге, аймақаралық
байланыстар жасауға мүмкіндік берілген.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың
қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің
шаруашылық құрылымына, эканомикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие.
Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр
орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін эканомикалық
бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан-
жақты зерттеуден құрылады.
Аймақ эканомикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат
пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың
мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық
мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек
аймақтың барлық табиғи, эканомикалық, демографиялық, геогрфиалық және
тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу
ғана эканомиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтық эканомиканың дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі
тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі. Аймақтың дамуын
реттеудің негізгі мақсаты – аймақтарға эканомикалық өсуге жету арқылы
бүкіл республиканың эканомикасын жақсартуды қамтамсыз ету.
Жұмыстың мақсаты – аймақтардың әлеуметтік-эканомикалық дамуы
ерекшеліктерін ескере, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын
іздестіру, аймақтық эканомиканы басқару ерекшеліктерін анықтау.Қойылған
мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу қажет:
1) ең алдымен аймақ түсінігінің мәнін ашып, Қазақстан
Республикасындағы аймақтарға жалпы сипаттама беру;
2) аймақтарды басқару әдістерін, қызметтерін, ерекшеліктерін
анықтап, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
3) Қазақстан Республикасындағы аймақтардың дамуын бағалап,
эканомикалық потенциялын көтеру жолдарын анықтау;
4) Алматы қаласының дербес аймақ ретінде дамуына сипаттама беріп,
эканомикалық даму жолына талдау жасап, эканомикасын реттеу
ерекшеліктерін қарастыру;
5) Қазақстан Республикасындағы аймақтарды басқарудың
артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, басқару жүйесін
жетілдіру жолдарын іздестіру, аймақтардың басымдылықты
бағыттарын анықтау.
Бұл мәселені қарастыру аймақ эканомикасы, оны басқару туралы
білімді кеңейтіп, оның қазіргі уақытта өте өзекті проблема екенін
анықтайды. Аймақ эканомикасын тек дамытып қана қоймай, оны қолдап,
реттеп, басқарып отыру керек.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан республикасындағы
эканомиканы аймақтық реттеудің теоретикалық және әдістемелік
аспектілерді қарастырылған. Бөлім аймақ түсінігінің мәнін ашып,
аймақтық эканомиканы басқарудың қызметтері мен әдістерін анықтап,
Қазақстан Республикасының аймақтарының дамуының эканомикалық
потенциялын бағалауға арналған.
Екінші бөлімде аймақтық эканомиканы мемлекеттік реттеудің
тәжірибе жүзінде асырылуы қарастырылған. Мұнда Алматы қаласының
эканомикалық ерекшеліктері, оның эканомикалық потенциялын көтеруге
қатысты әзірленген стратегиялық жоспарлар мен жобалар, сонымен қатар
аумақты инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелері қарастырылған.
Үшінші бөлімде аймақтардағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру
мәселері қамтылған. Бөлім Қазақстан Республикасының аймақтағы басқару
жүйесін жетілдіру жолдары мен аумақтық дамудың негізгі басымдылықтарын
анықтауға арналған.
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ АЙМАҚТЫҚ РЕТТЕУДIҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК АСПЕКТIЛЕРI
1.1 “АЙМАҚ” ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНI
“Аймақ” түсінігі экономикалық және саяси практикаға толығымен енді.
Арнайы әдебиеттерде экономикалық аймақтын мәнін анықтау бірнеше бағыттар
қалыптасты. Оларды негізінен үш топқа бөлуге болады: әкімшілік шаруашылық
көзқарас, экономика географиялық және ұдайы өндірістік. Әкімшілік
шаруашылық бағыт бойынша кез келген әкімшілік территория экономикалық
ауданмен негізделеді. Кейбір авторлардың ойынша, аймақ – бұл бірлікпен және
халықтың тұрақты еңбек, әлеуметтік және мәдени байлагысты жақсы
қалыптасқан, транспорттық және әлеуметтік инфроқұрылымның дамуының
салыстырмалы жоғарғы деңгейімен сипатталған әкімшілік территорялық
бірлестік. Бұл бағыт жеткілікті түрде аймақты зерттемейді. Себебі ең
алдымен мұнда әкімшілік аудандардың шекарасы экономикалық аудандардың
келісімімен сәйкес келмеген жағдай қарастырылмаған.
Экономикалық географиалық бағытты қолдаушы ғалымдар аймақ деп бірдей
немесе әртүрлі табиғи, экономикалық ұлттық ерекшеліктері және өндіргіш
күшінің бағыттылығы тән елдің ірі негізін территориясын сипаттайды. Фейген
А.А. аймақтын келесі анықтамасын береді: “Аймақ – бұл өндірістің, табиғи
және адам ресурстарының мамандануы мен құрылуымен, сонымен қатар экономика
географиялық жағдаймен елдің ішінде ерекшелінетін экономикалық аудан,
шаруашылық етуші территория.”
Алампаев П.М. “Аймақ – бұл бүтін территория, елдің халық шаруашылығының
бөлімі және өзіне тән өндірістің мамандануын, еңбекті қоғамдық
территориялық бөлідің басқа бөлудің басқа бөлімдерімен үздіксіз байланысы
және экономикалық қатыснастар бар аудан. Бірақ экономика географиялық
бағыттың анықтамасын толығырақ Н.Н. Некрасов берді. Оның ойынша аймақ – бұл
қалыптасқан және перспективті материялдық-технологиялық негізіне өндірістік
және әлеуметтік инфрқұрылымына сай табиғи ресурсар кешені негізінде
өндірістік күштердің даму бағыттылығы тән және бір қалыпты жағдайлары бар
елдің ірі территориясы. Аймақтарды бөлудің негізгі критериясы табиғи
ресурстарды пайдалануға алдын-ала белгіленген немесе лоындалған жиынтыққа,
шаруашылық қызметінің тарихи қалыптасқан құрылымына немесе экономикалық
дамудың жоспарлы құрылымына негізделген халық шаруашылығын тапсырмалапының
жалпыға бірдей болуы болып табылады. Бірақ ұдайы өндірістік бағытты
ұстанушы ғалымдардың еңбектерінде экономика географиясының бағыт аймақтағы
ұдайы өндірістік процесстерді және олардың әлеуметтік факторлармен
байланысқанын ескермеген және аймақтардың бүтіндігін тек өндірістік
күштердің кешені ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өндіріс
жүйесіндегі ұйым ретінде бейнелемеген. Ұдай өндірістік бағыттың позициясы
бойынша, аймақтар еңбекті қоғамдық бөлу процессі кезінде территориялық
өндірістік жиынтығы ретінде бөлініп шығатын және ұдайы өндірістің барлық
фазаларында оның жалпыға бірдей және ерекше салыстырумен, өндірістік-
технологиялық және экономикалық өзара байланыстың жоғары деңгейімен,
олардың элементтерін құраушылармен байланысы, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымның бірлігімен, жоспарлау және басқару облысындағы бірдей
тапсырмаларымен сипаталатын аудан ретінде салыстырылады. А.И.Добрынин
аймақты біріншіден, елдің территориясының құраушы бөлігі ғана емес,
екіншіден, ұдайы өндірістің айақталған циклі бар халық шаруашылығының
өзіндік бөлігі ретінде, үшіншіден, эндогенді және экзогенді ағымдардың
материялдық және қаржылық ресурстардың өзіндік байланыстарын тудыратын
елдің басқа аудандарының байланыс жасайтын экономикалық аудан, жүйе ретінде
қарастыру қажет деп жазған. Ұдайы өндірістік жүйе сияқты аймақ экономика
географиялық бағыттың кейбір жағдайларымен ерекше жағдайларын қамтиды:
жұмыс кұшінің, өндіріс қатынастарының және жиынтық өнімді бөлудің, ұлттық
табыстың, тұтыну қорымен жинақтау қорының, капитал салудың көздерінің,
ұдайы өндірістік шарттарын реттеу, еңбек ресурстарының қозғалысы және
олардың квалификациясы халықтың нақты ақшалай табысының өсуінің ерекше
жағдайларын реттеу, сонымен қатар тағы басқа әлеуметтік тәртіптегі
фактормен қатары.
Жоғарыда аталып кеткен бағыттардың барлығы бірін бірі толықтырылады.
Әрбір бағыт аймақтың экономикалық зерттеулерінің әртүрлі аспектілерін
жүзеге асыру үшін арналған деуге болады. Мысалы, экономика – географиялық
анықтама территориялық жүйені бөліп көрсетудегі аудандардың және
территорилық өндірістік кешендердің қалыптасуының, сонымен қатар кестелерді
біріктіру кезіндегі өндіріс күштерінің және өнеркәсіп кәсіпорының
қозғалысының негізі болып табылады. Экономикалық бағыт елдің әлеуметтік -
экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын біріктіру және жүзеге асыру
кезіндегі, биліктің атқарушы және өкілді органдарын орталықсыздандыру
(децентрализация) мен қайта құру кезіндегі әртүрлі деңгейдегі аймақтық
конферурацияларды модельдеу бойынша зерттеу жүргізумен байланысты. Бірақ
тек ұдайы өндірістік бағыт аймақтық экономикалық саясатты және аймақтық
инвестициялық саясатты әзірлеу үшін де осы саясаттарды жүзеге асыру үшін
құрал таңдау үшін де қолайлы көрінеді. Ол аймақты ұлттық шаруашылықтың жүйе
асты ретінде және өзіндік ұдайы өндірістік жүйе ретінді сипаттайды.
Сонымен қатар аймақтық зерттеулерде геожүйелік бағыт қолданылады. Ол
бір-бірімен байланысқан қарапайым ұйымдардан тұратын күрделі объектілердің
құрылымын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Геожүйеге бұтін құрылым,
орналасқан жеріне байланысты қызмет ететін міндетті элементтер жиынтығы
тағы басқа жатады. Геожүйе түсінігі табиғи – территориялық және
территориялық-өндірістік кешеннің кеңістікті объектілерін тану үшін
қолданылады. Бұл түсінікті экологиялық, әлеуметтік және экономикалық
бірліктерді кеңейту кезінде де қолданады. Геожүйелік иерархия тән, мысалы,
халық (қала, аудан,ауыл) – аймақ (облыс) – ел Қазақстан. Кезщ келген аймақ
күрделі экономикалық жүйе бола отыра, дамуға көптеген мақсатты бағыттарға
ие. Оның экономикалық қозғалысының траекториясы және жылдамдығы бәсеке
жағдайына, экономикалық жайтына, геодемографиялық құрылымына, жұмыспен
қамту деңгейіне, қаржылық қамтамасыз етілуіне және тағы басқаға тәуелді.
Аймақтық экономика - экономикалық білімінің маңызды салаларының бірі
1.
Аймақтық экономикалық пәні - өндіріс күштерінің әлеуметтік және
экономикалық аймақтық қозғалысын және экономика салаларының дамуын,
аймақтық маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және эклнлмикалық
ерекшеліктерімен, сонымен қатар аймақаралық, аймақ ішіндегі жәнек
мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттеу болып табылады. Басқа
сөзбен айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің аңызды құрайшысы қоғамдық
ұдайы өндірістің кеңістікті аспекілерін зерттеу болып отыр.

Аймақтық экономика білімнің ғылыми облысы ретінде территориялық
аспектідегі өндіріс күштері мен әлеуметтік инфроқұрылымның барлық
элементтерінің заңдылықтарын, қағидаларын зерттеумен, талдаумен және
болжаумен, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың және экономикалыұ
талаптарының жалпы стратегиясын ескере өндіріс күштерінің қозғалысының
бағытын негіздеумен; републиканың және аймақтың экономикасын зерттеумен
айналысады.
Аймақтық экономика елдің және оның аймақтарының табиғи – ресурстық
потенциалын, халқын, еңбек ресурстарын және қазіргі демографиялық
мәселелерін зерттейді 1.
Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалықдаму деңгейлеріндегі
айырмашылықтар әлемнің кез-келген еліне тән объективті болып отыр. Рыноққа
өту кезеңде бұл айырмашылықтар күшейіп кетті. Рынокқа өту кезіндегі
процестерді басқару механизімінің жетілмегендігі республика экономикасын
реформалауды артқа тартты. Басқарудың мемлекеттік және аймақтық
құрылымдарының көлденең және тігінен рыноктық реформаларға сәйкес келмеді
жалпы мемлекеттік саясатты мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Қалыптасқан жағдайда аймақтар дағдарыстан шығудың жеке жолын таңдады.
Басқарудың аймақтық органдары стратегиялық мәселелерді шешу кезінде есепке
алынбаса, шешім қабылдау кезінде жалпы мемлекеттік деңгейде аймақтық
ерекшеліктер толығымен бағаланбай қалады 2.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының эканомикада болып жатқан
қайта құру процестері халықтың өмірінде әртүрлі бейнелене, аймақтық және
жергілікті мүддені қозғай, территория деңгейінде көріне бастады. Аймақтық
айырмашылықтар табиғи климаттық демографиялық өндірістік, географиялық
факторлардың негіздеріне байланысты. Аймақтар арасындағы барлық
экономикаларда бар және ол сол айырымдарды жоюға бағытталған тиімді саясат
жүргізуді талап етеді.
Терең экономикалық құлдыраумен сәйкес келген рынокты қайта құруды
бұрыңғы шаруашылық ету жүесіне қалған деструктивті процестер мен
территориялық диспропорцианы күшейтіп жіберді. Зерттеушілер айытпақшы совет
кезінде аймақтық саясат өз бетінше болған, бірақ ол өндіруші өнеркәсіппен
алғашқы өңдеудің басымдылықты дамынуына бағытталған экстенсивті
индустрализация саясатының жалғасы ретінде қарастырылды. Рыноктық
реформалаудың басталуымен өндіріс процесінің динамикасының төмендеуі мен
әлеуметтік даму көрсеткіштерін азайуында көрсетілген аймақтық теңсіздік тез
тереңдеп кетті 3.
Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ), халықтың жан басына шаққандағы орташа
табысы, адам дамынуының индексі, орташа табыспен өмір сүру минимумы
арасындағы қатынас көрсеткіштермен бағаланатын экономикалық даму деңгейі
бойынша аймақтарды үш топқа бөлуге болады. Орташа республикалық
көрсеткіштерден көп деңгейді дамудың жоғарғы деңгейін сипаттайды. 2001 ж.
олардың ішінде Алматы қаласы (15,4 %), Атырау (12%), Қарағанды (9.9 %)
областары кірді. Бұл аймақтардың экономикасында ірі өнер кәсіп және ауыл
шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған. Лидер аймақтардың үлесіне елдің ЖАӨ-ң
37.3 % келеді. Өнер кәсіптік және аграрлық дамыған аймақтарға орташа
деңгейі тән : Шығыс Қазақстан (88,2%), Павлодар (6), Оңтүстік Қазақстан
(6), Маңғыстау (5,9), Батыс Казақстан (5,1%), Алматы (5%), Қостанай (5%)
облыстары және Астана қаласы (4,7%). ЖАӨ көлеміндегі бұлардың жалпы үлесі
50,7 % құрайды.
Төмен деңгейдегі дамуы бар аймақ тобына Ақмола (3,6%), Солтүстік
Қазақстан (3,3%), Қызылорда (2,9%) және Жамбыл (2,2%) облыстары кіреді.
Олардың жиынтық үлесі – 12% 4.
Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақтардың әр-түрлі типіндегі
ерекшеліктерін ескере әр түрлі жүзеге асырылады 2. Үкіметтің 1996 жылғы
9 қыркүйектегі № 1097 жарлығымен бегітілген Қазақстан Республикасының
аймақтық саясатының концепциясында мемлекетіміздің аймақтары түрге бөлудің
типалогиясы қабылданды. Республикалық аймақтық басымдылықтарды анықтау үшін
оларды 3 топқа бөлді:
1. Табыстың орташа республикалық деңгейінен асатын жан басына
шаққандағы табысы бар аймақтар ( Ақмола, Ақтөбе, Шығыс
Казақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы
қаласы). Бұл аймақтарда салықтың жоғары қойылымы бекітілу тиіс.
2. Табыстың орташа республикалық деңгейіне жақын табысы бар
аймақтар (Атырау, Жезқазған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және
Торғай областары кіреді).
3. Жан басына шаққандағы орта табыстың ең төмен деңгейіне тән
аймақтар (Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Кокшетау,
Семей, Талдақорған, Оңтүстік Қазақстан областары). 3-ші топ
аймақтары әлеуметтік экономикалық дамуының ең төмен деңгейін
сипаттайтын артта қалған облыстар. Оларды аутсайдер деп атайды.
Оларға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігіне сай көмектен тыс
қалмауы керек (2).
Аймақтарды мамандану принципі бойынша бөлуге болады. Оған сай оларды
төрт топқа бөлеміз:
1. Стратегиялық сиппатағы минералды ресурстардың уникалды
заностары және әлемдік шаруашылыққа республика экономикасын
тездеген темпімен интеграциалау мүмкіндіктері бар ғылыми
техникалық потенциалының интенсивті дамуында жеткілікті жоғары
деңгейге ие, бірақ ауылдың экономикалық және әлеуметтік артта
қалушылығы бар аймақтар.
2. Жоғары технологиялық ғылыми сиымдылықты өндірісті оның ішінде
негізінен өзін қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын құрушыш
игілікті экономикалық жағдайы бар, ауыр индустрия салаларының
мамандануы анық көрінетін ғылыми өндірістік потенциалы жоғары
аймақтар.
3. Мемлекеттік азық-түлік қорын калыптастырудағы алдынғы орындағы
агро-өнеркәсіптік кешенді аймақтар.
4. Өте нашар табиғи-климаттық, әлеуметтік экономикалық және
техника-технологиялық жағдайы шаруашылықиың рационалды емес
салалық құрлымы бар, экономикалақ маневрлардың мүмкіндігін
қатаң шектейтін депресивті аймақтар, сонымен қатар
экономикалық дағдарыстағы аймақтар 2.
Сонымен, аймақтық экономика - бұл елдің территорисындағы және оның
аймақтағы өндіріс күштерінің дамуымен жылжыуын, әлеуметтік экономикалық
процестерді табиғи экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты зерттейтін
ғылыми білім саласы.
1.2 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРI МЕН ӘДIСТЕРI
Аймақ экономикасын дамыту мақсаты тек әлеуметтік бағытталған емес,
мемлекеттік реттелінетін рынок қалыптастыру болып табылады. Міне осындай
реттеу ғана аймақтарының халық шаруашылығының аптималды, тиімді кызмет
етудің жағдайы туғызады.
Қазақстан экономикасын рыноктық реформалармен байланысты жалпы халық
шаруашылық кешенінде әрбір аймақтың тиімді қызмет етуі маңызды мәселе блып
отыр.
Қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері
экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне негізделеді.
Реттеудің рыноктық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі экономикалық
рычактар мен стимулдар арқылы мемлекеттік реттеуден шығады.
Мақсаттар және тапсырмалар жүйесі көз қарасына қарайтын болсақ,
аймақтық экономика өзінің мазмұны бойынша қайшы. Ол ең алдымен жалпы
республиканың мүддесі үшін дамиды. Осы уақытта берiлген аймақтың ерекше
экономикалық, әлеуметтік экологиялық және т.б. ерекшеліктерін ескере
аймақтық мүддені қолдау қажет. Осыған байланысты аймақтық экономикалық
субьектілердің мүддесін қорғап кана қоймай, жеке аймақтың мүддесін
ескеретін миханизмнің рационалдық қызмет етуіне жетуге мүмкіндік жасауы
керек 5.
Қазіргі уақытта әрбір аймақ рынокқа кірудің әр түрлі стартты деңгейіне
ие. Сондықтан аймақтың саясатты аймақтық экономикалақ қайшылықтарын жоятын
әкімшілік және саяси шараларды қолдану ерекше маңызды.
Аймақтық дамудың маңызды тапсырмалардың бірі жеке аймақтардағы халық
өмірі деңгейіедегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл тапсырманы
орындау үшін аймақтың экономикалық деңгейі мен ерекшеліктерін ескере жеке
аймақтың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламалардың қолдану үлкен
мәнге ие.
Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтар тапсырмалар-бұл экономиканың
құрылымын реформалау, жеке аймақ депресивті жағдайдан шығару, әлеуметтік
инфроқұрлым жасау, экономиканы тұрақтандыру, аймақ аралық транспорттық
жүені дамыту, экологиялық қауыпсіз жағдай тугызу.
Аймақтық экономика өзінінің зерттеулерінде ғылыми әдістерінің кешенін
қолданады. Оның ішінде маңыздысы баланстық болып табылады. Салалық аймақтық
баланс жасау рфноктық маманданған салалар, территориялық кешенді
толықтырушы, әғни алдағы салалардың да, халықтық қажеттігін қамтамасыз
ететін салалар және қызмет сферамындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты
таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар сонымен қатар рационалды аймақ аралық
және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіп орынның
жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіп орынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс
орнын онақтау, оны шикі затпен, энергиямен, сумен, жылумен еңбек және басқа
ресурстармен қамтамасыз ету есебін жүргізу үшін аймақ таңдау) баланстық
әдістің мазмұнын құрайды. Аймақсыз экономиканың негізіне аймақтық өндіріс
және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық баланстарды құру үшін камералды әдістер қолданған үлкен жобалы
жұмыстар мен экспедициалар алдын ала жүргізілуі тиіс. Салалық және аймақтық
баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейі, оның дамуындағы
диспропорциалардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономикада зерттеудің ерекше әдісі картографиалық әдіс болып
табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек зерттеу объектісі ғана емес, ол
сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы
ақпарат туудың көзі болып есептеледі. Карталарды, карта кестелерді,
картограммаларды, картодиограммаларды қолдану арқылы орналастыру
ерекшеліктері гана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын
статистикалық мәліметтерде есте қалады.
Жүйелік талдау – бұл мәселені шаруашылық құрылымын және ішкі қарым-
қатынастарды кешенді зерттеу олардың өз-ара әрекеттерін зерттеу мен
толықтырылып, соңғы қорытынды тікелей және кері байланыстарды біріктіру
негізінде жасалынатын ғылыми зерттеу әдісі. Жүйелік талдау кезеңділік
принципін қолданушы жан жақты талдау болып табылады. Ол мақсатты қоюдан
тапсырмаларды анықтаудан, ғылыми гипотеза жасаудан басталып, өндірістің
жылжуының аптималды нұсқасының ерекшеліктерін жан жақта зерттеумен
аяқталады. Мұнда оптималдық критериясы тиімділік, яғни халықтың
қажеттігін көбірек қанағаттандыру болып саналады.
Өндіріс күштерінің қозғалысы және аймақтың шаруашылық даму мәселелері
күрделеніп баруда, ал салалық және территориялық байланыстарды рынок
жағдайында басқару қиындап баруда. Сондықтан маңызды мәселелерді қамтитын
экономика – математикалық модельдерді әзірлеу және қолдану қажеттігі
туындайды.
Территориялық экономикалық процестерді экономика – математикалық
модельдеудің негізгі бағыттарын келесідей бөлуге болады:
1) елдің экономикалық дамуындағы территорилық пропорцияларды
модельдеу;
2) шаруашылық салалары бойынша жылжуды модельдеу;
3) аймақтың шаруашылық етуші кезеңдерін қалыптастыруды модельдеу.
Экономика - математикалық модельдер мен компьютерлерді қолдану еңбек
пен уақыттың минимум шығындарын талап ете, мәліметтің орасан зор массивін
өңдеуге, қойылған мақсатқа сай тапсырманы аптималды шешуді таңдауға
мүмкіндік береді.
Математикалық аппараттардың терең өнделуіне қарамастан, ұзақ мерзімді
салдардан ескерілмей қалуда. Сондықтан аймақтық экономикада статистикалық
әдіс ( стратигиялық мәліметтер негізінде индекстерді есептеу, корреляцилық
талдау), сонымен қатар таңдап зерттеу әдісі бастылау қолданылады. Барлық
гылыми әдістер бір - бірімен тығыз байланысты және олар бірін – бірі
толықтырады 2.
Мемлекеттік реттеудің құралдарының жиынтығы келесі негізгі элементтерді
қамтиды:
a. Эканомикалық болжау – экономиканың болашақ және онымен
байланысты сфералар жағдайын көріп білу.
b. Индикативті жоспар әзірлеу – елдің барлық шаруашылық
кешенінің дамуын болжау.
c. Шаруашылық етуші субьектілердің белгілі бір боды бойынша
адрестік жомпар әзірлеу және жүзеге асыру.
d. Шаруашылық етуші объектілерге жанама әсер етуді құрамдарын
қолдану.
e. Елдің әлеуметтік – экономикалық даму басымдылықты
тапсырмаларын шешу бойынша мақсатты кезеңді бағдарламалар
әзірлеу және оны жүзеге асыру.
Экономикалық болжау - әлеуметтік экономикалық даму стратегиясының және
тактикасын әзірлеу, дамудың мақсатын анықтау үшін бастапқы негіз.
Экономикалық дамуды болжау – бұл барлық экономиканаң немесе оның
аймақтарының жеке сферасын, көп салалы кешенінің даму бағдарламасын
әзірлеу және жүзеге асыру.
Бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асырудың қағидалары:
1. Мақсатты бағытталғандығы, яғни алдын ала бекітілген және
сандық анықталған құрылымдарға жетуге бағытталған
шаралар;
2. Жүйелік – мақсатқа тиімді жету үшін қажетті өз ара
байланысқан шаралар жиындаға, осы шаралардың елдің және
аймақтың даму жағдайы мен байланысы.
3. Ресурстармен қамтамасыз етілуі – алдын ала белгіленген
бағдарлама шаралары материалдық, еңбек және қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етіледі;
4. Басымдылық – бағдарламаларды әзірдеу және жүзеге асыру
кезінде мәселенің маңыздылық рангын анықтау 6.
Экономикалық кызметті жүзеге асыруды үнемі сұраныс пен ұсыныстың тепе
теңдігі қамтамасыз етілетін қандай да бір ауытқулар болып отырады.
Сондықтан шаруашылық ету жүйесіне әкімшілік араласу, іскерлік
белсенділікті ынталандыру және ұстап тұру жолымен жетілген рынок
жағдайына максимум жақындауға ғана мүмкіндік бар. Бұл әсер етуді
реттеудің инвестицилық, ақшалай – қаржылық, салықтық, экспортты-импорттық
нормаларға негізделеді. Бірақ аймақтық деңгейде бұл реттегіштер
берілген аймақ өкілдігімен шектелген. Ал тікелей қаржылық ақшалай реттеу
аймақтық деңгейде, несе сақтандыру және басқа қаржылық мекемелердің
жанама әсерін санамағанда, жүзеге асырылмайды.
Рыноктық жағдайда аймақтандырудың ролі және кызметі халықтың
өмірінінң қызметі арасында экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрінеді.
А.К. Осипов аймақтарының ролін толығырақ сипаттап, оның қызметтерін
бөледі:
- институционалды қызметтер – бір жағынан экономикалық дербестікті,
екінші жағынан, халыққа еркін өмір сүру, қай жерде өмір сүруімен
теуелсіз тең әлеуметтік және санды қорғалауына конституциалық
құқықты кепілдейтін, мемлекеттің жалпы экономикалық бірлігінің
саясатын анықтайды;
- экономикалық қызметтері елдің экономикалық қаупсіздігін
қамтамасыз етуге, экономикалық қызметті еркін жүзеге асыруға
мүмкіндік және жағдай туғызуға бағытталған;
- әлеуметтік қызметтері халыққа әлеуметтік даму, аймаққа
экономикалық потенсиалмен қамтамасыз ету мүмкіндігі мен құқығын
кепіл етеді;
- экономикалық қызметтері халықтың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз
етеді, табиғи қорғау және басқа да қоршаған ортаны жақсарту
бойынша шараларды жүзеге асырады.
Аймақтық экономиканы дамытуды тездетуге бағытталған құралдарды екі
көзі бар:
- Сыртқы инвестициалар – экзогенді көз.
- Ішкі инвестициалар - эндогенді көз эндогенді дамытуды ынталандыру
тәсілдері табиғи ресурстарды, “экономикалық ортаны” ( өндіріс,
транспорт, коммуникация, жинақталған экономикалық потенциал және
т.б.) және “адам капиталы” ( білім, квалификация, шығармашылық
потенциалы, кәсіпшілдігі, халықтың жан тазалығы, т.б.) жағдайын
қамтитын мәселені (проблемалы) аймақтың ішкі потенциалын
белсендірумен байланысты.
Қазір бар технология менен өндірісті ұйымдастырудың атақты
тәсілдеріне негізделген эндогенді аймақты дамуды ыенталандырудың мүмкін
болатын әдістеріне келемілерді жатқызуға болады:
- тікелей мемлекеттік реттеу;
- қызмет секторын ынталандыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті кушейту;
- арнайы зоналар құру;
Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделеді,
қазіргі уақытта Қазақстанда меншікті мемлекетсіздендіру әлі жүріп
жатқандықтан, бұл әдістің энодогенді аймақтық дамытуда қолдану киынға
соғуда.
Секторлық ынталандыру құрылымдылық және өнер кәсіптік саясаттың
тапсырмасы ғана болып тадылмайды, кейбір жағдайларда оны аймақтық
экономикалық саясаттың тапсырмалары метінда қарастырылады. Әсіресе бұл
қызмет сферасына қатысты.
Қазіргі күні Қазақстандағы және басқа елдердегі шағын бизнес ұлттық
және аймақтық экономикалақ саясаттың әдістерінің бірі ретінде
қарастырылады. Өзіңнің құрылымдылық өзгерістерге бейімделген мүмкіндігі
мен икемділігіне байланысты көптеген үкіметтер ұлттық және аймақтық
деңгейде шағын фирмаларды қолдайды мұндай қолдау несия бөлуде және
жеңілдіктен қаржыландыруда, кадрларды қайта оқыткға көмек көрсетуде,
қаржы кәсіп орындардың өндірісін басқаруда, инвестицианы ынталанбыруда,
технологиямен қамтамасыз етуде және т.б. көрінеді.
Шағын және орта бизнесті аймақтық экономикалық асясат шегінде
ынталандыру олар экономикалық өсуде мүмкіндік жасаса және аймақта жаңа
жұмыс орнын ашса ғана жүргізіледі. Көмек түрі фирманың ерекшелігіне капитал
сыйымдылықты фирмаларға капитал, қызмет көрсетудің сауда фирмаларда
айналмалы капитал, жаңаға жаңа технология мен құрал қажет және оның өмір
цикліне байланысты.
Аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуына мемлекеттің реттеуші
әсері халықтың, шаруашылық етуші субъектінің өмір сүруінің құқықтық
регламенті жүйесі және жалпы макроэкономикалық (бюджеттік, салықтық ақша –
несие), әлеуметтік экономикалық құрлымдық инвестициалық, сыртқы
экономикалық саясаттарды жүзеге асыру, институционалды құрылымдар жүргізу
арқылы жүргізіледі. Оларды әзірлеу және тәжірибеде жүзеге асыру кезінде
жүзеге асырылатын шаралрдың интеграцалдық аймақтар әсері және олардың
территорисының әлеуметтік экономикалық дамуының жағдайына сәйкестігін
ескеру қажет.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтық
ерекшелігін, олармен шешілетін стратегиалық және тактикалық
тапсырмалардың сипатын ескеретін, икемді және дифференциаланған болуы
керек.
Минералды ресурстардың стратегиалық маңызды түрде бар,
өнеркәсіптің негізгі саласындағы өнімді өндеуге маманданған аймақтар
үшін, сонымен қатар әскери - өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары дамыған
ғылыми өндірістік потенциалы жоғары аймақтар үшін мемлекет реттеу
әдістері аймақ экономикасынын құрылымдылық құру жағдайын тугызу және әсер
етуге бағытталуы тиіс, оның ішінде экспорттық бағытталған өнім мен
халық тутынатын товардарды өңдеуді өсіру мақсатында кәсіпорнды
техникалық жабдықтандыру қажет. Бұл аймақтар үшін сыртқы сауда
сферасындағы, шетел инвестициасын тартудағы, ірі кәсіпорндарды
жекешелендіру жағдайын анықтаудағы мемлекеттік реттеу мәселелері ерекше
орын алады.
Елдің азық – түлік қорын қалыптастыратын аймақ тобы үшін
экономикалық рычактар мен стимулдар халықты жұмыспен қамтуды өсіру
және ауыл шаруашылық өнімін өңдеуді тереңдету, техникалық қызмет
көрсету орталықтарын, көтерме азық – түлік рычагын, сауда үйлері мен
биржаларын, маркетингтің қызмет, лизингтік компания ұйымдастыру
мақсатында шағын және орта биснесті дамытуға мүмкіндік ету керек.
Экономикалық нашар және артта қалған аймақтар, және депресивті
шағын және орта қалалар мен шалғай аудандар үшін мемлекеттер
реттеу әдістері экономиканы белсенбіру және халыққа әлеуметтік
қордау көрсету үшін оларға қажетті көмек көрсету мен экономикалық
және әлеуметтік экономикалық дамуды жақсарту бойынша белгілі бір
жобаларды және мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға,
сонымен қатар шетелдік технологиялық және гуманитарлық көмек тартуға
араласуға бағытталуға керек.
Республикалық билік ең алдымен аймақтық инвестициалық банктер
мен қорлардың қызметін заңды және нормативті – құқықтық қатынассыз
ету арқылы аймақтарға қолдау қөрсетуі тиіс. Экономиканы мемлекеттік
реттеу аймақтың потенциалын анығырақ ашу мақсатында аймақтарды әр
түрлі бағыт принципі бойынша жүргізілуі қажет.
Экономиканы реформалаудың нақты мақсатының негізгі параметрі
аймақ экономикасының әлеуметтік тапсырмаларды шешуге, өмірдің жоғарғы
деңгейіне жетуге бағытталғандығы болып табылады.
Ол үшін Республикалық, аймақтық және жергілікті органдардың
инвестиция обласындағы қызметін заң негізінде шектеу, кәсіпкерлік
қызметті ынталандырудың аймақтық миханизімін әзірлеу, аймақтардағы
жағдайды үнемі маниторингке алу және алған мәліметтерді саясат
әзірлеу үшін уақытылы пайдалану қажет.

Әр түрлі аймақтардың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін
біріктіру негізінде мемлекеттің территориасын кешенді, теңестірілген
дамуына жету мақсатында аймақтың дамуының экономикалық потенциалын
диагностикасы үлкен мәнге ие.
Аймақтық диагностиканың қажеттігі ең алдымен аймақтың мазмұнды “
паспортын” анықтау қажеттігінен көрінді. Рыноктық экономика
жағдайындағы сенімді ғылыми негізделген диагностикалық мәлімет
аймақтың даму стратегиасын қалыптастыру кезіндегі негізгі
аналитикалық құрал бола алады.
Аймақтық дамуды басқару мәселелері тек дамушы ғана емес, дамыған
елдерге, мысалы, АҚШ, ГФР, Жапония және т.б. елдерге тән. Осы елдердің
аймақты экономикасында пайдаланған әдістемелік бағыттарда, олардың
отандық экономика нақтылыгыменен ерекшеліктерін ескере отырап
өзгеруін зерттейтін өзіміз үшін тиімді. Аймақтық потенциалын
дамытудың сандық көрсеткіштердің анықтау әдістемесі жаман
экономистері мен ұсынылған.
Олардың ойынша, аймақтық әлеуметтік - экономикалық даму деңгейінің
нақты мөлшерлері объективті нақтылықтың жеке элементтерінің жағдайын
сипаттайтын фактолардың әртүрлігімен көп жоспарлығын ескергенде ғана
анықтады. Елдің жеке аймақтың экономикалық потенциалын кешенді
бағалауды сипаттау және алу үшін берілген контексте Жапон
экономикстері берілген мәселелер (тапсырмалар) шегіндегі объектінің
жан – жақты синатын беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынады. Барлық
жуйелердегідей, көрсеткіштер жүйесінде олардың өзара байланыстығы мен
қарама - қайшылықтары болуы тиіс.
Таңданған көрсеткіштердің көбісі әттүрлі түрдей өзара байланыс
пен өзара тәуелділікке ие. Салыстырмалы таңдау және болжау мақсаты
үшін әртүрлі көрсеткіштерді тиімді пайдалану өте қиын. Бұл мәселені
шешу жеңілдетеді, егер бұл көрсеткішті бастапқы мәліметтердің улкен
көшелік өңдеу нәтижесінде алынған жалпы көрсеткіштердің аз санына
теңестірсек. Әртүрлі көрсеткіштер аралығы тығыз корреляциясының
шектелген санын таңдауының принципиалды мүмкіндігі туралы
куәландырады. Ұсынып отырған жүйе 3 улкен топқа бөлінген әғ
көрсеткіштен тұрады:
- Жалпы экономикалық көрсеткіштер, яғни аймақтың экономикалық
дамуын сипаттайтын көрсеткіштер оларға территория, жалпы халық
санын, халықтың жұмыспен қамтылған саны, кәсіпорынның саны,
сонымен қатар экономикалық дейімдеуінің табысын жатады;
- Өндірістік көрсеткіштер – көрсеткіштердің берілген тобы 2 тоб
астынан тұрады: ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері мен
өнеркәсіптің даму көрсеткіштері. Мұнда инвестиция көлемі мен
аймақтағы құрылыс жұмыстарының көмегі де ескерілері;
- Экономикалық инфрақұрылым көрсеткіштері аймақтағы трансорттық
әртүрлі түрлерін тасымалдауда ғана емес, сонымен қатар
әлеуметтік сфераның, аймақпен тұтынылатын электроэнергия
көрсеткіштерін шығарады.
Жоғарыда көрсетілген әдістеме аймақтың даму потенциалын аймақтың
әлеуметтік экономикалық даму денгейін анықтайтын және өндіріс
куштері мен территория арасындағы обьективті қатынастарды көрсететін
факторлардың жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл методология
салыстырмалы параметрлерге көшу негізінде сандық көрсеткіштер есебін
ұсынады, себебі қандай да бір арифметикалық операциаларды көп
жоспарлы абсолютты көрсеткіштер арқылы орындау мүмкін емес.
Таңданған көрсеткіштер бойынша берілген жағдайда мемлекет бойынша
әрбір экономикалық аймақтың жалпы көлеміндегі үлес салмағы
анықталынады.
Берілген көрсеткіштерді өте кіші сан сиалау мақсатында 100
көбейтемізде, барлық таңданған көрсеткіштердің орта есептелінген мәні
ретінде анықталған Р аймақ есепті көрсеткішін анықтау кезіндегі
есепті көрсеткішін анықтау кезіндегі есепті көрсеткіш ретінде
пайдаланамыз. Сәйкес есеп жүргізулер әрбір экономикалық аймақтың
ерекшелігін толығырақ ескеру үшін бастапқы көрсеткіштердің 3 тобының
әрқайсысы үшін арнайы формулалар арқылы жүзеге асырылады. Барлық
көрсеткіштер экономикалық зерттеудің жапониялық тәжірбиесінен және
жапониалық аймақтық статистика құрылымын таңдаудан таңдалғанына
қарамастан, олар Қазақстандық экномика үшін актуалды және қандай
экономикалық ауданының болмасын әлеуметтік, экономикалық және ғылыми
- техникалық сферасындағы қызметін анықтаушы (20) көрсеткіш болып
табылады.
Бірақ отандық экономикалық спецификасын және Қазақстандық аймақтың
статистикасының ерекшеліктерін толығырақ ескеру мақсатында берілген
көрсеткіштер жүесіне түзетулер ( коррективалары) енгізілді. Мысалы,
Қазақсатндағы шағын және орта бизнестің дамуын аймақтың экономикалық
даму деңгейін көтеретін фактор ретінде қарастыра отырып, “ жалпы
экономикалық көрсеткіштер ” тобына аймақта тіркеоген заңда тұлғалар
саны, ал “ өндірістік коррективтер ” тобына өнеркәсіптегі кәсіпорындар
саны деген көрсеткіштер енгізілді. “ Экономикалық ауданының табысы
атта көрсеткіш жалпы аймақтық өнім дегенімен алмастырады. Өнеркәсіптің
даму көрсеткіштері тобына да өзгерістер енгізілді. Жапон эканомистері
эканомикалыл үшін тән өңдеуші өнеркәсіпке үлкен мән береді. Қазақстанның
жағдайында үлкен ролді өңдеуші салаға да, тау кен салаларында да беруге
мүмкін емес. Нәтижесінде берілген топқа көрсеткіштер енгізілді.
Экономикалық инфрақұрылым көрсеткіштері тобында электроэнергияны тұтынудың
орнына электроэнергиясын өндіру мен бөлуді есептеген жөн көрінеді.
Сәйкесінше, аймақтың дамуының эканомикалық потенциалын есептеу
әдістемесіне де өзгертулер енгізілді. Есеп екі нұсқа бойынша жүргізілді.
Бірінші нұсқа бойынша потенциял өңдеуші өнеркәсіпті, сонымен қатар тау кен
өнеркәсібінің ескеру арқылы есептелінді. Содан кейін ғана осылардың
негізінде аймақтың дамуының орташа көрсеткіші (р орт айм) есептелінді. Екi
нұсқа бойынша өңдеуші сала да, тау кен өнеркәсібі де ескерілген интегралдық
өндірістік көрсеткіш анықталды. Сәйкесінше, аймақтың даму потенциялы
көрсеткіші “интегралды” деп таңбаланды.
Қазақстанның облыстарының дамуының эканомикалық потенциялын есептеу
бастапқы статистикалық мәліметтердің көп көлемін өңдеуді талап етті.
Жүргізілген есептеудің нәтижелері бiрiншi нұсқа бойынша 1998-2000 жж.
қамтиды және бірінші суретте көрсетілген (келесi бетте).
Даму потенциялының орташа көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Атырау облыстары алда келе жатыр, Төмен потенциялға Қызылорда,
Манғыстау, Жамбыл және Ақтөбе облыстары ие. Мысалы, 2000ж максималды
көрсеткіш (ШҚО) минималды көршеткіштен (Қызылорда облысы) 4.5 есеге көп.
Бұл облыстың дамуының пропорцианалды емес екенін көрсетеді. 2000 жылдағы
облыстардың кейбіреуінің потенциялы алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмен
екенін атап кеткені жөн (Павлодар,Қарағанды, Ақмола және т.б.). Атырау
және Батыс Қазақстан облысының потенциялы мәнді өскен.
Екiншi нұсқа бойынша аймақтардың дамуының экономикалық патенциалының
есептеу нәтижелері екiншi суретте көрсетілген (келесi бетте). Бұл нұсқа мен
анықталынған потенциял көрсеткіші, біздің ойымызша, дұрысырақ болып
табылады, себебі Қазақстан эканомикасының салалық ерекшеліктерін есептеу
өндірістік көрсеткіші есептеумен байланыстырылған. Бірақ бiрiнші нұсқа
қызығушылық тудырады, әсіресе салыстырмалы талдау жүргізілетін кезде.
Сонымен аймақтық дамудың эканомикалық интегралды көрсеткіші бойынша сол
облыстар, бірақ басқа тәртіпте алда келе жатыр: Қарағанды, Шығыс Қазақстан
, Атырау және Павлодар облыстары. Бірақ Павлодар облысының потенциялы
динамикада төмендеп, Атырау облысының потенциялы өскені анық көрінеді:
төмен көрсеткіштерге Қызылорда, Жамбыл, Солтустік Қазақсатн және
Манғыстау областары ие. 2000 жылы максималды көсеткіштің (Қарағанды
обласы) минимум көрсеткіштен (Қызылорда обласы) өсімі баяғыдай мәнді
– 4.8 есе. Динамикада өс у тенденциасында Атырау және Батыс Қазақстан
областарының көрсеткіштері ие. Мысалы, Батыс Казақстанның 2000 жылғы
потенциалы 1998 жылға салыстырғанда 2.1 есеге көп. Бұл өсу
берілген областағы инвестиция көлемінің өсуі және өндіру
өнеркәсібінің дамынуымен байланысты. Бұндай қорытынды жасау үшін
негіз аралық есептер керек.
Жеке алынған областардың дамуының экономикалық потенциалына әр
түрлі топтарының көрсеткіштерінің әсер ету көрсету мақсатында
потенциалдың интегралды көрсеткіштердің құрлымына талдау жүргізілген.
(үшiншi сурет). Берілген талдау кейбір областардың дамуындағы улкен
диспропорциалар туралы қортынды
жасауға мүмкіндік береді: Мысалы, Атырау және Манғыстау
областарында өндірістік көрсеткіштер экономикалық инфроқұрлым
көрсеткіштері арасындағы мәнді сәйкессіздік байқалады. Областардың
көбісінде экономикалық инфроқұрлым жеткілікті түрде дамымағандығын
атап өткен дұрыс. Мұндай талдаулар аймақ экономикасын дамыту
бойынша басқарудың жергілікті органдары мен сәйкес шешім қабылдау
үшін дұрыс негіз бола алады.
Тәжірибеде мұндай әістемені қолдану Республиканың барлық
областарының олардың әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі бойынша
сипаттап қана қоймай , сонымен қатар аймақтың дамынуының негізгі
бағыттарын анықтауға, елдің дамуының стратегиасын қалыптастыру үшін
ақпаратттық негіз құруға мүмкіндік берелі. Жапон әдістемесінің бұл
бейімделу илеалды және соңғы болып табылмайды. Сондықтан Қазақстан
экономикасы ерекшеліктерін ескере ол әліде жетілдіріледі 7.
Соңғы жылдары аймақтық экономиканың мәні бірден өсіп кетті.
Рыноктық экономикаға өту кезінде аймақтық саясат бағаланбай құлады,
осыған байланысты аймақтарда рыноктық шарушылық етудің көптеген
элементтерімен институттары жеткілікті түрде дамымаған, қазіргі
уақытқа дейін рыноктық экономикасының көптеген институттары жоқ,
өндірістік инфроқұрлым дұрыс дамымаған. Сондықтан да, аймақтың
дамуының экономикасының потенциалын бағалау кезінде аймақтық еңбек
рыноктарына тоқталып кеткенді де жөн санаймыз.
Қазақстанның аймақтық әлеуметтік экономикалық дамуының деңгейі
жалпы аймақтық өнім динамикасымен сипатталады. Барлық аймақтар өзінің
экономикалық потенциалы бойынша ерекшеленеді, қандай да бір табиғи
ресурстарының болуына негізделген әр түрлі өндірістік мамандануға
ие.
Тәуелсіз Казақстанның экономикасындағы рынок қатынастардың
қалыптасуы еғбек рыногының конектурасының өзгеруімен -еркшелінеді,
жұмыс күшінің қызмет етуі, жұмыс күшіне сұраныстың сандық
көрсеткіштері де өзгертілді.
Статистика мәліметі бойынша, аймақтық дамуда еңбекке беосенді
халықтың көп саны Алматы (753,4) мың адам, Шығыс Қазақстан (760,9)
мың адам, Қараганды ( 757,5) мың адам, Оңтүстік Қазақстан (856,6)
мың адам областарында және Алдамты қаласында ( 65,3) мың адам екен.
Ауылдарда экономикаоық бедсенді халықтың деңгейі қалаға қарағанда
төмен (76%- 68,3%) қарсы.
Қазақстанның аймақтары экономикалық өрлеуге бағытталуы мүмкін. Ең
алдымен, бұл өмір сүрудің тиімді дамуын қамтамасыз ететін үлкен
территория; кейін - шикізат пен энерготасымалдаудағы ішкі
қажеттіліктердің басым бөлігін қамтамасыз ететін бай табиғи
ресурстары; өнімді өндіруді қосуға мүмкіншілік беретін еркін
өндірістік күштердің мәнді масштабы квалификацианың жоғарлығына
қарамастан жұмысшы күштің арзандығы; ҒТП – ң жеткілікті түрде
дамымағандығы т.б.
Экономикадағы басты мақсат- барлық әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешу тікелей байланысты болатын жалпы ішкі өнімнің
өсуінің макксималды жоғарғы деңгейіне жету. Тапсырма экономикалық
тұрақты өсу қамтамасыз етуде гана емес, осы өсудің санасында, оның
нәтижелерін дұрыс болуда қортындылады 8.
Әрбір аймақтың эокномикалық потенциалын көтеру үшін тиімді
аймақтық саясат жүргізу керек. Соңғы жылдары областарда аймақтық
бағаларда әзірленуіне жүзеге асыру кезінде оларды қалыптастыру,
жүзеге асыру, маниторинг және бағалау мен, сонымен қатар
тузетулілер мен байланысты мәселелер көріне бастады. Осы мәселелерді
негіздейтін негізгі себептерде келесілерді жатқызуға болады;
1. Институционалды себептер:
- бағдарламалардың, оны орындаушылардың, маниторинг
жүргізушілердің, бағдарламалардың әлеуметтік экономикалық
тиімділігін бағалау мен талдаудың құқықтық мәртебемі.
- бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдастырушылық қамтамасыз
ету.
- бағдарламалардың ведомствовалық жалпылығы.
- Бағдарламаларды конкурсты таңдадың жоқтығы.
2. Ғылыми себептер - жүйелі бағыттардың жоқтығы
3.Қаржылық себептер - қаржылық эокномикалық қамтамасыз
ету.
4.Кадрлік себептер – бағдарламаларды әзірлеу оны жүзеге асыру,
түзеу процестеріне басқарудың жергілікті органдарын аймақтық
өндірістік, қаржы, ғылыми білім саласынан өкілдерді тартусыз
орындаушылар шақыртылған.
5. Ақпараттық себептер - бағдарламаны жүзеге асырудың
мониторингін ұйымдастыру және бағалау, олардың уақытылы
түзетілуі.
Қалыптасқан жағдай аймақтық бағдарламалау мен бюджеттеуді үнемі
жетілдіру қажеттігін анықтайды (9).
Аймақтарды дағдарыстан шығару және оларды тұрақтандыру бойынша
қысқа мерзімді әрекет ету жоспарларын орындау аймақтық инвестициалық
рыноктың қалыптамуының маңызды тапсырмасы болып табылады.
Аймақтық инвестиция рыногі капитал рыногінің құрамды бөлігі бола
отырып, аймақ эокномикасының өндірістік және өндірістік емес
сферасын инвестициалануға кеткен бөлікті көрсетеді (10).
Областардың экономикалық потенциалын ары-қарай көтеру тікелей
нақты бағдарламалардың каржылық қолдауына байланысты. Қазақстан
аймағында инвестициалау процесінің трансформациасы жүріп жатыр.
Аймақтық экономикалық өсуі мен рыноктық трансформация процестері
жалғасып жатқан құрылымдық инвестициалық дағдарысқа байланысты алға
жылжымай отыр.
Аймақтағы инвестициалық жағдайды сипаттау мақсатында
инвестициалық құлдырауды сандық бағалау жүргізілді. Негізгі капиталға
салымдардың аймақтық кесіндісі экономикалық көтерілуімен халықтың
өмір денгейін өсіру үшін ірі инвестициаларды талап ететін
дипресивті аймақтарда инвестиция көлемі төмендеп кеткенін көрсетеді.
Мемлукеттік бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерінің азайуы елдің артта
қалған аймақтарын дәстүрлі тікелей әрі жанама мемлекеттік қолдаудың
әлсіреуіне әкеліп, олардың жағдайын тіптен жамандатып жіберді.
Мысалы, Алматы обласында негізгі капиталда қаржыландыпудың барлық
кзздері есебінен инвестиция 1999 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 7,9
%, Жамбыл обласында - 2,7 ; Қостанайда –9,2 ; Солтүстік Қазақстан
обласында – 4,3 ; Оңтүстік Қазақстан обласында – 3,3 қана құрады
(кесте).
Кесте 1 Алматы қаласының дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер 1998 1999 2000
Экономикалық индакаторлар
Жалпы аймақтық өнім 251,249 320,59 375,8
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 57,8 63,9 69,57
105,9 105,2 125,2
Қаржының барлық көзі есебінен
инвестициялау алдынғы жылға % 139,33 104,93 100,2
қатынасы
Жалпы транспортталған жүк тасымалдау1350,2 1640,4 1530,1
алдынғы жылға % қатынасы
70,0 121,5 173,0
Бөлшек товар айналымы млрд. Теңге, 161,306 187,987 214,8
алдынғы жылға % қатынасы
143,1 114,3
Экспорт көлемі, млрд. теңге 212,03 243,69 701,3
Импорт көлемі, млрд. теңге 529,2 392,66 1120,3
Аталып кеткен аймақтарда инвестиция көлемінде төмендеу деңгейі
мәнді болғандықтан, инвестицианың жалпы көлемінде олардың үлесі
қатты төмендеді. Терең инвестициалық дағдарыс өнер – кәсіптің
диверсификациаланған салалық құрылымы бар, халық тұтынатын және
басқа өнім өндірісі дымыған аймақтарда да байқалды. Оның себебі
инвестициалық және тұтынуға арнаоған соңғы өнімге төлеуге қабілетті
сұраныстың бірден төменлеуіне байланысты өндірістің құлдырау,
сонымен қатар ашық экономикаға бейімделу жолдарындағы оның толық
бәсеке қабілетсіздігі болып табылды.
Аймақтардың экономикасын инвестициалау сферасындағы жағдайды
талдау терең инвестициалық дағдасыстың бар екенін көрсетеді. Оның
ары-қарай төмендеуі өндірістің қайтіп орнына келмес құлдырауына
әкеоуі мүмкін. Аймақтарда осы күнге дейін өзінің жеке өндірістік
потенциалы мен өндірістік емес сферасын дамытуды жаңарту үшін нақты
бағытта жасалмаған. Республика мен салыстырғанда жеке аймақтардың
эокномикасындағы капитал салымдарын аслыстырмалы өсуі, негізінен,
экологиялық шикі зат және отын энергетикалық секторы есебінен өскен
болатын.
Мұндай жағдай аймақтардың экономикалық потенциалын көтеру үшін
игіліксіз болып табылады. Сондықтан да аймақтық саясатты дұрыстау
экономикалық потенциалды көтерудің алғы шарты.
II АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
2.1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Бүгінгі таңда Алматы Қазақстандағы ғана емес, орталық - азиялық
аймақтағы ірі мегаполистердің бірі болып табылады.
Астана қаласына астана ауыстырумен басқарудың республикалық
органдары көшкен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz