Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар


«Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеудің мәселелері мен перспективалары»
Мазмұны.
Бет.
Кіріспе. 3
- Шағын және орта бизнестің даму негіздері. Шағын және орта бизнестің дамуы және нарықтық
экономикадағы рөлі5
- Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті
несиелеудіегі мәні және мақсаты. 14
- Екінші деңгейлі банктердің шағын және бизнесті несиелеудің
мәселелері мен перспективалар.
2. 1. Шағын және орта бизнесті несиелеуді талдау. 20
2. 2. Шағын және орта бизнестегі инновациялық ахуал және
оны басқаруды талдау. 35
3. Шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары.
3. 1. Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін
проблемалар. 44
3. 2. Шағын және орта бизнесті тиімді дамыту жолдары55
Қорытынды. 66
Қолданылған әдебиеттер тізімі71
Кіріспе.
Диплом жұмысының өзектілігі. Нарыкка эту кезеңi әлемдегі қай елдiң мысалында да оңай болмаған. Өтпелi уақыттың өзiне тән қарама-кайшылықтары жетерлiк. Әкiмшiл-әмiршiл жүйеден, әрбiр кәсiпорын мен кәсiпкердiң нарықтың сұранысына орай iс-қимыл жасау тәртiбiне ауысуы жеңiлrе соққан жоқ. Нарықтык экономикаға өту - ұзақ үрдiс. Оның сыртында бiрыңғай мемлекеттiк меншiк түрiнен, жекеменшiкке өту кезеңi де коғамда өзiндiк қолтаңбасын калдырды.
Қазақстанда жүргiзiлiп жатқан экономикалык реформалар нарыктың әлемдiк дамуының заңды жалғасы болып табылады. Өтпелi кезеңнiн өзiн объективтi қажеттiлiк қана емес, дүниежүзiлiк экономикалық өркениеттiң табиғи бiр тармағы деуге болады. Нарықка өтудiң жолдары әрбiр елде әр кезеңде, әртүрлi тәсiлдермен жүзеге асырылды.
Жекеменшiкке өту - нарықтың ең негiзгi белгiсi болып саналады. Жекеменшiктiн өзi - жаңа меншiк иелерiмен қатар, кәсiпкерлiктi қоғамдык өмiрiмiзге ала келдi. Кәсiпкерлiктi дамыту - кез-келген елдiң өтпелi кезеңiнде экономиканы сауықтырудың қозғаушы күшi, әлеуметтiк дағдарыстарды жұмсартудың басты кiлтi болды. Дамыған әрi өркениеттi мемлекеттердiң де, дамушы елдердiң де тэжiрибесi кэсiпкерлiктiң мұндай маңыздылығын анық дэлелдеп бердi.
Әсiресе, кәсiпкерлiктiң шағын түрi өзiнiң ықшамдылығымен, әрi колайлылығымен ерекшеленедi. Iшкi және сырткы нарық конъюктураларынын жылдам өзгерулерiне дер кезiнде бейiмделе бiлу - шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң өмiршеңдiгiн айқындайды. Сондай-ақ, шағын кэсiпкерлiк пен бизнестiң белгiлi бiр өнiм түрiн өндiруге мейлiнше тез және сапалы бейiмделуi мен жаңа технологияларды ендiруте жылдам ықшамдала бiлу қасиеттерi - кэсiпкерлiктiң бұл түрiнiң экономикалық табыстардың ең шешушi кепiлi болатындығын дэлелдедi. Сондықтан, шағын кэсiпкерлiк пен бизнестi дамытуға мемлекеттiк қолдаудың қажеттiлiгiн туғызды.
Диплом жұмысының мақсаты. Әлемдiк тэжiрибелерге сүйене отырып, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдау
мен баскарудың Қазақстан жағдайына лайықты ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау жэне оны отандык шағын кәсiпкерлік пен бизнес нысандарына қолдануға ұсыну.Жұмыста қойылған мәселелер. Шағын кэсiпкерлiк пен бизнес нысандарын құрудың объективтi алғышарттарын зерделеу, нарықтық қатынастардың калыптасу жағдайындағы шағын кәсіпкерліктің рөлін анықтау, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қалыптастыру мен басқарудың шетелдiк тәжiрибелерiне шолу жасау, елiмiздегi кәсiпкерлiк үрдiстерiне, оның қалыптасқан жолдары мен шарттарына, түрлерi мен әдiстерiне талдау жасау; республикадағы шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi басқарудың бүгiнгi жағдайын бағалау мен оның дамуынын негiзгi бағыттарын белгілеу, экономиканың түрлi салаларында шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi жүйелi
дамыту үшiн оны мемлекеттiк колдау мен баскарудың жолдарьш ұсыну.
Зерттеу пәні. Талдау мен болжау әдістері арқылы шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен басқарудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау және оны жетілдірудің озық үлгілерін іздестіру. Зерттеу объектісі ретінде екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеудің мәселелері мен преспективалары қарастырылды.
Методологиялық негізі. Нарық эқономикасының алғашқы жылдарынан-ақ бұл мәселе Қазақстан үкiметiнiң назарында болды. Ел басшысының арнайы жарлықтарымен 1991-1994 жылдар мен 1995-1996 жылдарға арналған кэсiпкерлiктi қолдаудың екi мемлекеттiк бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылды. Кейiнiрек, әзiрленген "Шағын кэсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудын 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" 1998 жылдың 31 желтоқсанында кабылданды. Бұл - шағын бизнестi қолдау жөнiндегi үшіншi бағдарлама болатын. Қазақстан Yкiметi соңғы жылдары шағын кэсiпкерлiк пен бизнестi қолдауды өзiнiң басым мiндеттерiнiн қатарына кіргiздi. Бұл мәселе ел басшысының "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзiмге арналған енбегiнде де көрiнiс тапты.
Жұмыстың құрамы. Дипломдық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде шағын және орта бизнестің даму кезеңдеріне, нарықтық экономикада алатын орнына және де екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеудегі мәні мен мақсатына тоқталдым. Екінші бөлімде екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеудің мәселелері мен перспективаларына талдау жасадым. . Үшінші бөлімде шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдарында кездесетін проблемаларды және де тиімді дамыту жолдарын қарастырдым.
- Шағын және орта бизнестің даму негіздері.
1. 1. Шағын және орта бизнестің дамуы және нарықтық экономикадағы рөлі.
Шағын кэсiпкерлiк пен бизнестi қолдау мен дамыту - Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық мiндеттерiнiң қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры республика үкiметiнiң бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Қазақстан басшысының "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзiмдi стратегиялық еңбегiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарының бiрi ретiнде кәсiпкерлiктi қолдау атап өтiлдi. Кәсiпкерлiк пен бизнестi тиiмдi қолдау мен дамыту - жекелеген тұлғаның, кәсiпорынның немесе шаруашылық саласының ғана емес, тұтас мемлекеттiң экономикалық болашағын айқындап беруге қабiлеттi. Әлеуметтiк басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға талпынған бiздiң мемлекетiмiз үшiн шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң мэнi мен құрылымын, ортақ тиiмдi үрдiстерiн зерттеп - зерделеп алу пайдалы. Сондықтан, шағын кэсiпкерлiк пен бизнестiң әлемдiк тарихына шолу жасау аса қажет.
Адамзат дамуының қай кезеңдерiнде де кәсiпкерлiк әлеуметтiк-экономика ғылымының назарынан тыс қалмаған. Тек маркстiк теория ғана кәсiпкерлiктi адамзатты қанау үғымымен бiржақты түсiндiрiп, ондаған жылдар боны бұл сала, тiптi, ғылыми терминологиядан да шығып қалды.
Нарықпен қатар бiздiң өмiрiмiзге енген "кәсіпкерлiк пен бизнес" ұғымы бүгінгi таңда ешкiмдi таң қалдырмайтын, етене жақын дәрежеге жеттi.
Жалпы, француз тiлiнен тараған "кәсiпкерлiк" (епttrерrепеur) үғымын -экономика теориясына тұңғыш XVIII ғасырда ағылшын банкирi әрi экономисi Р. Кантильон енгіздi. Р. Кантильон "кәсiпкер" деп - бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайында тауарларды сатып алу мен сату процестерiне қатысатын, бiрақ, кiрiстерiнiң жалпы сомасын бiле бермейтiн адамдарды (саудагерлердi, шаруаларды, қолөнершiлердi т. б. ) атаған. Кантильонның пiкiрiнше, кәсiпкердiң басты ерекшелiгi ретiнде тәуекелшiлдiк қарастырылады.
Кәсiпкерлiк ұғымын зерттеуге тұңғыш ден қойғандар "саяси экономиканың" ғылым ретiнде қалыптасуының iргесiн қалаған физиократия мектебiнiң өкiлдерi болды. Аталмыш мектептiң негiзiн салушы Ф. Кенэ (1694-1774), өнiм өндiрушi -фермерлерге әрқашан жоғары баға бердi. Физиократтардың пайымдауынша, жердi жалға алып, ауыл шаруашылығын өнiмдерiн өндiрушi кәсiпкер-шаруа қоғамдық өнiмдi өткiзуде басты рөл атқарады. Бүл бағытты француздың мемлекеттiк қайраткерi әрi экономисi А. Тюрго (1721-1781) жалғастырған, ол кәсiпкерлердi үш топқа бөлдi: өнiм өндiрушi (жердi жалға алушылар), меншiк иелерi (жердi жалға
берушiлер) және өнiм өндiрмейтiндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы) . Соңғы топты А. Тюрго тағы да екiге бөлiп қарастырады: а) кәсiпкер - мануфактурашылар, фабрика басшылары жэне қарапайым қолөнершiлер; ә) еңбек ақы алатын қарапайым жүмысшыларға аванс беретiн кэсiпкер - капиталистер, яғни тiкелей өнiм өндiрушiлер. Ақырында, А. Тюрго кәсiпкер белгiлi бiр дәрежеде тәуекел етiп қана қоймайды, сонымен қатар, кәсiпкердiң белгiлi бiр дәрежеде басқарушылық қабілетi де болуға тиiс, деген түйiн жасайды.
Саяси экономия өкiлдерiнiң бiреrейi, француз экономисi Ж. Б. Сэй (1767-1832) "кәсiпкердi өз есебiнен, өз тәуекелiмен, өзiне пайда табу үшiн өнiм шығарушы адам", - деп түсiндiрдi. [28] . Fалымның ойынша, кәсiпкерде -тұрақтылық» айналадағы жағдайды сезriштiк, адамдармен түсiне алушылық қасиеттерiмен қатар, өндiрiстiң үш факторын: табиғатты, еңбек пен капиталды бiрiктiрiп, iске қоса алатын мықты қабiлеттiлiк болуы тиiс.
Кейiнiрек ағылшын оқымыстысы А. Маршалл (1842-1924) "кәсiпкердiң жаңашылдығын (инновация) ", немiс ғалымдары М. Вебер (1864-1920) мен В. Зомбарт (1863-1947) "кәсiпкерлiк рухты" дэріптедi. М. Вебер "кәсiпкерлiк дегенiмiз - iс адам үшiн емес, адам iс үшiн өмiр сүру тәсiлi" десе, В. Зомбарт кәсiпкерлiкпен сәттi айналысу үшiн "әр заманның өзiне тән рухын терең сезiнiп, дөп баса бiлу керек, тек осылай өткенде ғана кәсiпкердiң iсi оңға басады, деп түсiндiрдi.
Кәсiпкерлiк теориясына аса маңызды үлес қосушылардың бiрi - австро-американдық экономист - социолог И. Шумпетер (1883-1950) екенiнде дау жоқ. М. Вебер мен В. Зомбарттың капитализмдегi "адам факторын" зерттеу дәстүрлерiн жалгастыра отырып, И. Шумпетер кэсiпкердi төл теориясының дiңгегi етiп қарастырды да, оларды шаруашылық субъектiлерiне жатқызып, олар "өндiрiстiң негiзгi факторларын пайдалана отырып", экономикалық процестерге қатысушылар, деп тұжырымдады, Кәсiпкерлер тұлғасына маңызды мэн берген И. Шумпетер "өз кейiпкерiн" әлемдiк өркениеттiң қозғаушы күшi, XX ~ ғасырдағы экономикалық өсiп-өркендеу мен ғылыми- техникалық прогрестiң кош бастаушысы деп үғынды. Сондықтан, И. Шумпетердiң "кәсiпкерлiк теориясының атасы" аталуы тегiн болмаса керек.
ХХ-ғасырдың орта шенiне дейiн жаңа жұмыс орындарын тек iрi кәсiпорындар ғана ұсынады деген түсiнiк темiрдей бекiген болатын. Дегенмен, ірi американ экономисi Ф. Дракердiң "кәсiпкерлер қоғамы" тұжырымдамасы, ескi түсiнiктiң iргесiн сөгiп қана қоймай, экономика ғылымына жаңа кейiптегi кәсiпкерлiктi ала келдi. Ф. Дракер iрi өндiрІс орындарының нарықтық өзгермелi iс-қимылына қолайсыздыгын дэлелдеп, бұл кемшiлiктiң орнын дер кезiнде толтыратын шагын кәсiпкерлiк пен бизнес екендiгiне коз жеткiздi. Fалымның тұжырымдауьшша, еркiн кәсiпкерлiктiң негiзiнде - өзiн - өзi басқарудағы еркiндiк жатыр.
Шағын кәсiпкерлiктiң басты екi экономикалық ерекшелігiн атайық: а) өндiрiстi ұйымдастыру нарықтың мағынысына сай жүргiзiлетiндiктен, шағын кәсiпкер соңғы тұтынушыға лайықтап қана өнiм шығарады; э) шағын кэсiпкерлiк - бәсекелестiк ортада катализатор рөлiн атқарады. Ол-ол ма, шағын кәсiпкерлердiң неғұрлым көбiрек жиынтығы - iрi бизнеспен де бәсекелесе алады. АҚШ-тағы 1965-1985 жылдар аралығындағы шағын бизнестiң дамуы мәлiметтерiне талдау жасаған Ф. Дракер "Америкадағы басқару экономикасында (iрi компаниялардың менеджерлерi билiгiн жүргiзген кезең) кәсiпкерлiктiң екiншi сатыға жылжығанын, мүның өзi АҚШ тарихында бұрын - соңғы кездеспеген революция" екендiгiн атап көрсеткен.
Нарық экономикасы жеткiлiктi дамыған елдердiң өзiнде соңғы уақытта кәсiпкерлiк белсендiлiгi артып отыр. Шағын кәсiпкерлiпен айналысуға бел буған адамдар бизнестi, әдетте, өзiнiң жекеменшiк iсiмен бастауда. Айталық, АҚШ - та 1950 жылдары жыл сайын, орташа есеппен, 130 мың фирма тiркеуден өтсе, оның мөлшерi 60-шы жылдары - 200, 70-шi жылдары - 350, ал 90-шы жылдары - 600, 2005 жылдары - 900 мыңға жеткен.
Кәсiпкерлiктiң жандануына жоғары сапалы технологиялардың көбеюi де, қоғамдағы және жеке адамдар арасындағы қажеттiлiк те қатты әсерiн тигiзуде. Болашағы зор көптеген идеялар көбiне шағын фирмаларда дүниеге келiп, дәл сонда өндiрiске қосылып жатады. Мәселен, жаңашыл идеялар АҚШ-тың iрi компанияларынан гөрi шағын фирмаларында 2, 5 есе көбiрек туындайды екен.
Шағын кэсiпкерлiк пен бизнеске арналған АҚШ Конгресiнiң құжаттарында былай деп атап өтiлдi: "Бүгiнri таңда экономикалық прогресс - кәсiпкерліктiң белсендiлiғiмен және жаңа шағын фирмалардың пайда болу деңгейiмен анықталады. Бұл екi бағыт та жаңашылдықтың дамуының шешушi шарты болып табылады" .
Жалпы, кәсiпкерлiктiң өзi о баста - шағын бизнестен, кәсiпкерлiк белсендiлiгiнен пайда болғанын атап айтуымыз керек. Дамыған елдерде өнеркэсіптегi жұмыс iстейтiндердiң 45-80 пайыздай мөлшерi шағын кәсiпкерлiк пен бизнесте шоғырланған. Мұның өзi өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырады, қосымша бәсекелестік туғызады, яғни, шығарылған өнiмнiң сапасы жақсара түседi.
Нарық қатынастарын қалыптастыруда шағын кэсiпкерлiк пен бизнестi дамыту шешушi рөл атқарады. Өйткенi, нарық реформаларының басты тұлғасы -кәсiпкер болып табылады. Батыс мамандарының пайымдауынша, қоғамның еңбекке жарамды мүшелерІнiң 14-18 пайызы кәсiпкерлiкпен айналысса, бұл мәлiметтiң өзi жоғары дәрежелi есептеледi. Ал, соңғы мәлiметтерғе сүйенсек, қазiргi ТМД елдерiнде бұл көрсеткiш, шамамен, 20-25 пайызды құрайтын көрiнедi. Кеңестiк жүйеде шағын кәсiпорындар тиiмсiз деп саналып, оларды тез жоюдың көздерi iздестiрiлдi. Олардың өркендеуi үшiн күрделi қаржы бөлiнбедi, шикiзат, жартылай фабрикаттар сатып алу үшiн, құрал-жабдықтармен жабдықтау мен қайта құруға, өндiрiстi жаңарту процестерiне тосқауыл қойылды. Мұның бәрi өндiрiстiк, техникалық және технологиялық базалардың артта қалуына, өндiрiс мәдениетiнiң кешеуiлдеуiне, жұмысшылардың еңбек жағдайының төмендеуiне, қол еңбегі үлесінің жоғары болуына, бiлiктi мамандардың кәсiпорындардан кетуiне және олардың мамандылық шеберлiктерiнiң төмендеуiне әкелiп соқты.
Елiмiздегi нарық қатынастарының тереңдеп дамуына байланысты шағын кәсiпорындардың денi тұтынушылардың сұранысын тиiмдi қанағаттандыру үшiн күресiп бағады. Сондықтан, тауарлы-акша қатынастарына негiзделген нарық жүйесi шағын кәсiпорындардың үзiлiссiз дамуы мен толығуын тынымсыз талап етедi.
Қазақстанда шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамыту мәселелерiн зерттеу нарық реформаларының басталуына тұспа-түс келдi. Республикада кәсiпкерліктiң қалыптасу теориясын әзiрлеуге Мамыров H. Қ., Қошанов A. Қ., Кенжеғозин M. Б., Оқаев Қ. О. жэне т. б. ғалымдар үлкен үлестерiн қосты. Олар кәсiпкерлiктi экономикалық дамудың түйiндi мэселесІ, ел нарығын отандық тауарлармен толтырудың көзi, халықты жүмыспен қамтамасыз етудiң бiрден-бiр жолы, деп санады. Ал, макро жэне микродеңгейде кәсiпкерлiктi дамытудың әлеуметтік-экономикалық мэселелерiн қарастырумен Ихданов Ж. О, Бiрәлиева H. Б., Күлекеев Ж. A., ӘлІмбаев A. A., Сәбденов О. Қ сияқты ғалымдар айналысты. Fалымдардың алғашқы тобы кәсiпкерлiктi экономикалық дамудың қозғаушы күшi десе, екiншi тобы кәсiпкерлiктi зерттеудiң тәжiрибелiк - әдістемелiк жағына баса назар аударды.
Талас жоқ, нарық экономиксының ең қысқа түсiнiгi - еркiн кәсiпкерлiк экономикасы. Сол себептi, кәсiпкерлiктiң саналуан түрлерi мен нысандарының дамуынсыз толыққанды нарық реформаларын жүргiзу мүмкiн емес.
Отандық кәсiпкерлiктiң пайда болу тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең - комсомол ұйымдарының жанынан құрылған жастардың fылыми - техникалық шьығармашылық орталықтарында қалыптасты. Екiншi кезең - 1988 жылдың маусымындагы "Кооперация туралы" одақтық заңның қабылдануымен тығыз байланысты. Бүл уақытта шамамен екi жүз мыңнан аса адамдар көлеңкелi шағын кәсiпкерлiкпен айналысып, қоғамда кәсiпкерлiк шапшаң дамып келе жатты. Yшіншi кезең - жалға беру туралы, бірiккен кәсiпорындар туралы, банк iсi туралы, шаfыh кәсiпорындар туралы, шағын бизнестi қолдау туралы жэне т. б. заңдар шоғырының қабылдануына байланысты болды. Төртiншi кезеңді - КСРО-ның күйреп, жаңадан құрылған тәуелсiз мемлекеттердiң өзiндiк жаңа заңдарын қабылдай бастаумен байланыстырсақ, қателеспеймiз. Қазақстан экономикасында кәсiпкерлiктiң қалыптасуының мүлдем жаңа кезеңi - жекеменшiктiң пайда болуымен жалғасын тапты. Бүrінгi таңда шағын кәсiпкерлік пен бизнестiң ел экономикасының құрамдас бiр бөлiгi болып қалыптасқаны шындық.
АҚШ-та шағын кәсiпкерлiк пен бизнес нысанына қызметкерлер саны 500 адамнан аспайтын кәсiпорындар жатады. Осы елдiң шағын бизнес әкiмшiлiгi жылдық түсiмнiң көлемiне қарай оларды салалар бойынша жіктедi. Мысалы, көлiк саласында жұмыс iстейтiн фирмалар үшiн шағын бизнес категориясына жылдық түсiм көлемi 3, 5-нaн 20 млн. АҚШ долларын, қүрылыста 9-21 млн. АҚШ долларын, көтерме саудада - 15-35 млн. АҚШ долларын, қызмет көрсетуде - 2, 5-14, 5 млн. АҚШ долларын қүрайтын кәсiпорындар жатады
Франция мен Италияда шағын кәсiпорындарға адам саны 200-гe дейiн қызметкерлерi бар кәсiпорындар жатады. Сонымен бiрrе, Францияда шағын кәсiпорындар туралы кең ауқымды түсiнiк жоқ, дегенмен, оның қызметiнiң кейбір тұстарын қамтитын, мәселен, салық немесе бухгалтерлiк, әлеуметтiк немесе өндiрiстiк жақтарын қарастыратын анықтамалар бар. 1978 жылғы 4 қаңтардағы және 1979 жылғы 3 сәуiрдегi №79291 декретке сэйкес шағын кәсiпкерлiк пен бизнес кәсiпорындарына Францияда 500 адам жұмыс iстейтiн немесе жылдық айналымы 100 млн. франктен аспайтын кәсiпорын түрлерi жатады. Кейiн бұл цифр 1984 жылқы 16 қаңтарындағы №84-36 декретіне сэйкес 200 млн франкке көтерiлдi. Әйтсе де, экономиканың әртүрлi салаларында шағын фирмалардың шамасы әр алуан деуге болады. Еrер, ауыл шаруашылығында және тамақ өнеркәсiбiнде оларда жүмыс iстейтiн адамдардың саны 200-дeн асса, б:p - iрi өндiрiске, ал, құрал-жабдық кәсiпорындарында қызметкерлер саны 500-ден асса -шағын бизнес кэсiпорнына жатқызылады
Ал, Австрияда шағын фирманың жоғары деңғейi 100 адамнан аспауы тиiс.
Швецияда шағын бизнеске 200 адамға дейiн қызметкерлерi бар фирмаларды жатқызады. Бiрақ, шағын бизнес кәсiпорындарының жiктемесi үшiн келесi көрсеткiштер қабылданады:
- өсу сатысы (бастапқы саты, аман калу сатысы, өсу сатысы) ;
- салаға жатуы;
- қызмет етуІнiң географиялық аясы (толық қамтитын, аймақтық жэне ұлттық ауқым) ;
- басқарушылар мен бизнес иелерiнiң арнаулы сипаттамалары;
кәсiпорынға тән өзектi мәселелердiң түрлерi (мысалы, қаржыландыру, сананы басқару жэне т. б. )
Сайып келгенде, шағын бизнестiң қатып қалған қағидасы жоқ. Әдетте, кәсiпорындардағы қызметкерлер санына орай кэсiпкерлiктi - шағын, орта жэне iрi бизнес деп шартты түрде үшке бөледi. Әлемнiң әр түрлi елдерiнде қызметкерлер саны әрқалай. Бiрақ, шамамен, оның ортақ белгiлерi мынадай:
- iрi бизнес: жүмыскерлер саны 500-дeн асады;
- орта бизнес: жүмыскерлер 100-дeн 500-гe дейiн;
- шағын бизнес: жұмыскерлер 100-гe дейiн.
Елiмiздеғi 1997 жылы қабылданған шағын кәсiпкерлiкті қолдау жөнiндегi заңдар мен қаулылар шоғыры мемлекеттiң бұл саланы дамытуға шындап кiрiскенiн байқатады. 1997-шi жылдың 19 маусымында жарияланған "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңда шағын кәсiпкерлiк нысандарына жыл бойына орта есеппен жұмыскерлер саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлға немесе заңды тiркелмеген жеке тұлға жататындығы белгiленғен. Қазақстанда шағын кәсiпкерлІк субъектiлерi кұқықтық - үйымдық нысанда беске бөлiнедi:
- Толық серiктестiк
- Коммандит серiктестІғi
- Жауапкершiлігi шектеулi серiктесiтiк
- Қосымша жауапкершiлiктi серiктестiк
- Өндiрiс кооперативі.
Заң түрғысынан алғанда елiмiздегi кәсiпкерлiк - кезкелген республика азаматының айналысуға құқы бар қызмет түрi. Табысты кәсiпкер болу үшiн денсаулық, бiлiм, қабiлеттiлiк, күш-жiгер, басқарушылық қасиеттер қажет. Сондай-ақ, кәсiпкерлiк қызметтiң ерекше белгiлерi: ынталылық, дербестiлiк, жауапкершiлiк, iзденушiлiк, шапшаңдылық, мәмiлешiлдiк т. б.
Шағын кәсіпкерлiк пен бизнестi басқару тек оның басшыларының белсендiлiгiмен ғана шектелмейдi. Басшы кәсiпорынның әрбiр кызметкерiн кәсiпкерлiк рухқа жүмылдыруға тиiс. Әрбір қызметкер өзiнiң жеке қабiлетi мен жаңашыл қасиеттерiн жүзеге асыруға ұмтылу керек. Мәселен, жапондык «Омрон» компаниясыньщ тәжiрибесiнде ұжымның әрбiр қызметкерi мынадай үш үран бойынша қызмет iстейдi: "Әркiмнiң өз өнiмiн сата бiлуi керек", "Жағдайға жылдам бейiмделуi керек", "Тез қимылдауы керек".
- "Әркiмнiң өз өнiмiн сата бiлуi керек", яғни, әрiптестер өнiмiнiң сапасыменбәсекелесе бiлуi - әркiмнiң еңбегiнiң тиiмділiriне байланысты. Егер өнiм нарықтакең сұранысқа ие болса, кәсiпорынның табысы артады, ұжымның әрбiр мүшесiнiңматериалдық әрi моральдық жағдай жақсарады.
- "Жағдайға жылдам бейiмделуi керек", яғни, тұтынушының талаптарын жiтiқадағалап, сұраныстың өзгеруiне бейiмделе бiлуi керек.
- "Тез қимылдауы керек", яғни, кәсiпорын нарықтың жаңару қарқынынан қалысқалмау үшiн жаңашылдықты әрдайым қолдап, жетiлдiрiп отыруы керек.
Нарықта шағын кәсiпорын оның жеңiмпазы атануға ұмтылуға мiндеттi. Бұл мақсатқа "кәсiпкерлiк басқару" функцияларын игергенде ғана жетуғе болады.
Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi басқару функцияларына мыналар жатады:
а) жоспарлау;
э) ұйымдастыру;
б) мотивация (сенiмдiлiк орнықтыру) ;
в) бақылау;
ғ) үйлестiру
Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi басқаруда шынайы шығармашылық қабiлет, үнемi белсендiлiк корсету, жаңашылдыққа үмтылу, дэстүрден тыс тың мүмкiндiктер мен шешiмдердi тынымсыз iздестiру қасиеттерi тэуекелшiлдiкпен қатар жүрiп отырады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz