Банкноталарды айырбастау тәртібі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының теңгенің
пайда болу тарихы және бүгінгі таңдағы жағдайы.
I Бөлім. Қазақстан Республикасының валютасы
1.1 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының теңгенің
пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4-5
1.2 Банкноталардың негізгі айыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .6-20
II Бөлім. Қазақстан Республикасының банкноталары және ұлттық валютаның
қазіргі жағдай.
2.1 Банкноталарды айырбастау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-26
2.2 Ұлттық валютаның бүгінгі таңдағы жағдайы ... ... ... ... ... .27-36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .37
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 38

I Бөлім. Қазақстан Республикасының валютасы
1.1 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының теңгенің пайда болу
тарихы
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық
валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет
енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық
валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта
елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің -
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15
қарашадағы жарлығынан басталды.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын)
мынадай номиналдардан тұрды:
• 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
• 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар
• 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан
жасалған).
Кейіннен айналысқа:
• 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы
үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;
• 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
• 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
• 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

• 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
• 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік
банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы:
• 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар
(дизайны өзгертілген );
• 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара
өзгертілген );
• Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001
жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;
• 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара
өзгертілген ).
 2002 жылы:
• 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
• 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны
ішінара өзгертілген ) шығарылды.
- 2003 жылы:
• 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және
ескерткіш монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар
оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен
мәдени - ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі
таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет
елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

1.2 Банкноттардың негізгі айыру ерекшеліктері

2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер
бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан.
Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық
мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат
ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі -
қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік
ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған.
Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың
сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы
бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде
сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада
ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда
номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында
тігінен, номиналы  1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде
сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН
ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000
және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-
қарсы екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында  ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі
заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының
контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота
номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік
белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ"
деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған. Банкноталарды
қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң
анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ
бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі
қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге
дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000
және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір
қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда
арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін,
сондай-ақ саусақтың ұшымен  анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің
барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық
құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша
белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым  анықтауға негізгі акцент
жасалған.
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа
тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және
банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші,
үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар
және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық
орындағы полимерлік лентадағы сурет.
Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында
басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас
суретті құрап, дәл сәйкес келеді
Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл
бояуы бар қорғаныш элементі,  түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде
қорғайды.
Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында
саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер
бар.
Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы
өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап
айтқанда, АҚШ долларында бар.
Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға
болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен
орындалған.
Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі
тордың сызықтары бұзылады.
Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі
бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара
бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі
әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған
жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.
Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған
кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.
Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп
өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.
Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып
табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен
орындалған бейне.
Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт
талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін
өзгертеді.
Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы
банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Осы жыл аяқталғаннан
кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық
Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады.  Осыдан
кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк  ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап,
оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.
Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына
қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас
тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық
туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа
жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша
Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға
уәкілетті.
6.08.2001 жылдан № 301 1993 жыл үлгісіндегі банкноттар мен
монеталарды (теңге) ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы және
25.07.2006 жылдан № 71 1993 жыл  үлгісіндегі ұлттық валютадағы
банкноттарды ақша айналымынан алу туралы Қазақстан Республикасының  Ұлттық
Банкінің Басқармасының Қаулыларына сәйкес:2006 жылдың 15 қарашасынан бастап
айналымдағы ақша белгісінің  басқа түрлеріне айырбастау үшін, сонымен қатар
банк шоттарына есепке алу үшін 1993 жыл үлгісіндегі банкноттар тек Ұлттық
банктің филиалдарында және екінші деңгейдегі банктерде қабылданады:    
Екінші деңгейдегі банктердің міндеттері:
1) 1993 жыл үлгісіндегі банкноттар мен монеталарды (теңге) жеке және заңды
тұлғаларға операциялық кассалардан беруді тоқтату;
2) 12 ай мерзім ішінде, яғни 2007 жылдың 14 қарашасына дейін банк шоттарына
есепке алу үшін  немесе айналымдағы ақша  үлгісінің басқа түрлеріне
айырбастау үшін жеке және заңды тұлғалардан операциялық кассаға кедергісіз 
қабылдауды қамтамасыз ету;
3) 1993 жыл үлгісіндегі операциялық кассадағы қалған банкноттарды Ұлттық 
Банк филиалдарына өткізу.Ұлттық Банк филиалдары:
1) Жеке және заңды тұлғаларға, екінші деңгейдегі банктерге айналым
кассасынан 1993 жыл үлгісіндегі банкноттарды  беруді  тоқтату;
2) Ұлттық банкте  банктік шоты бар заңды тұлғалардан және екінші деңгейдегі
банктерден ешбір кедергісіз 1993 жыл үлгісіндегі банкноттарды айналым
кассасына қабылдайды, құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және эмиссия
кассалық операциялардың  жүргізілу тәртібін реттейтін Ұлттық банктің
нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктердің сәйкес
банктік шотына кезектегі қолма-қолсыз барабар аударылады.
3) 5 жыл мерзім ішінде, яғни 2012 жылдың 14 қарашасына дейін жеке және
заңды тұлғалардан 1993 жыл үлгісіндегі банкноттар мен монеталарды (теңге)
қабылдайды және түпнұсқасын растағаннан кейін ешбір кедергісіз айналымдағы
ақша белгісінің басқа түрлеріне айырбастайды.        
2006 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнотаның сипаттамасы.

Банкнота өлшемі 126х64 мм қағазда дайындалған.Бет жағы: басым түсі
сарғыш-жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде Астана-Бәйтерек
монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында көк, қоңыр және жасыл
жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының
фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің
контуры ақ сызықтармен жүргізілген. Бәйтерек монументінің сол жағында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.
Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі
оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі
орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы
мемлекеттік тілде ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ орналасқан, оның астында жалған
ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен
қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.Сырт жағы: басым
түсі сарғыш-жасыл, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан
картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация
министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған
қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау.
Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал
орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында
жоғары жағында ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ жазуы және эмитент банктің логотипі
басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот
преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол
жақ бұрышында орналасқан. Банкноталарды айырбастау тәртібі.
Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста
қатар жүру кезеңі 1 жыл болады.
Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі
заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз
банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдануға
тиіс.Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі
аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын
тоқтатады.Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі ақша
белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және
жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және
айырбастауға міндетті.Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі
банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа
үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші
деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға
сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына
сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
филиалдары екінші деңгейдегі банктердің ескі үлгідегі банкноталарды
айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жыл бойы  оларды заңды және жеке
тұлғалардан қабылдауды жалғастырады және олардың сараптамадан
түпнұсқалылығы расталғаннан кейін қолданылып жүрген ақша белгілеріне
айырбастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және
жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың
көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.
1999 жылғы үлгідегі құны 200 теңгелік банкноттың сипаттамасы.

200 теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
Бет жағы: негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870-950
ж.ж.) қырынан салынған портреті. Портреттің оң жағына ою-өрнек әшекейі
салынып, металл бояумен орындалған "200" саны интаглио бояуымен
алмастырылған және банкнотты қай бұрышынан қарауға байланысты "200" санының
бейнесі көрінетін болады. Банкноттың бет жағындағы оң жақ жоғарғы және
төменгі бөлігіндегі металл бояумен салынған өрнек "200" саны жазылған
микрошрифтке ауыстырылған.
Сырт жағы: негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі

1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнот.
Көлемі 144х69 мм.
Бет жағы: басым түстер - қоңыр, қызыл. Оң жағына философ, ойшыл, ғалым
Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті бейнеленген. Сол
жағына қызыл-қоңыр түсті "Қазақстан Ұлттық Банкі" деген жазу бар.
Портреттің сол жағында су тамғы белгілер: Әль-Фарабидің қырынан салынған
бейнесі бар және ақшаның номиналы жазылған. Портреттің сол жағында
металсыздандырылған жіпке "Қазақстан" деп жазылған және "200" саны
көрінеді. Портреттің сол жағына алтын бояумен "500" саны екі рет салынған
және немесе банкнотты қай бұрыштан қарауға байланысты пайда болатын
қазақтың ою-өрнегі.
Портреттің оң жағына тігінен қызыл бояумен салынған көлемі әр түрлі
реттік нөмір қойылған. Жоғарыда, портреттің сол жағына көлденеңінен қара
бояумен реттік нөмір салынған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен
және әріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.
Сырт жағы: Басым түстер - қоңыр, қызыл. Негізгі бейне - Қожа Ахмет
Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағында ақшаның номиналы
санмен және жазумен көрсетілген. Жоғарғы оң жағына "Қазақстан Ұлттық Банкі"
деп жазылған

2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Банкнота өлшемі 130х67 қағазда дайындалған.
Бет жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – тігінен. Орталық
бөлігінде Астана-Бәйтерек монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында
қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге
номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. Бәйтерек
монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
көк түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан
бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік
тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында
эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ
орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін
"Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі
жазу орналасқан.
Сырт жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі
бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда ҚР Қаржы
министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жоспарда теңіз
үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының
сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі
орналасқан. Ортасында жоғары жағында ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ жазуы және
эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін
ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі
жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

1991 жылы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Бірінші болып бізді Түрік
Республикасының танып, құттықтағаны жұртшылықтың есінде шығар.
Тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық рәміздерімен қоса ұлттық
валютамызды енгізуіміз керек еді. Қазақ газеттері сонда ұлттық рәміздердің
қалай конкурстан өткенін суреттеп, үздіктерін жариялаумен бірге ұлттық
валютаның енгізілуін тұңғыш көтерген еді. Және қазіргі Астанымыздың бас
қала болу мәселесі де “Халық кеңесі” беттерінде “Қазақ әдебиеті” газетімен
бірге алғаш рет жазылды. 90-шы жылдардың басындағы саяси баспасөзде “ұлттық
пәтерлер бойынша таратылу” атты кең тараған тіркес жиі кездесетін. Осы сөз
сол жылдардағы орталықтан безіну үрдістерін дәлірек бейнелеуші еді.
Кезіндегі мыңдаған шаруашылық байланыс жіптерімен өрмектелген мызғымас
мемлекет шартты түрдегі құрамдастарға – жекелеген республикаларға ыдырай
бастады. Бірнеше ондаған жылдар бойы КСРО-ның қаржылық-экономикалық жүйесі
біртұтас организм болды. Республикалар тәуелсіздік алған соң жаппай
экономикалық дағдарысқа ұшырады.
Осы күнгі күйзелісіміздің тамыры біздің өткен күнімізде. 1991 жылы
өндіріс көлемінің жалпы Одақ бойынша қысқаруы орын алды. Сонан кейін 1992
жылдың қаңтарында Ресейде басталған бағаның ырықтануы – есеңгірету
терапиясы сол кезде Қазақстан кірген рубль аймағына таралды. Рынокқа көшуді
жылдамдату үшін жасалынған осы шара біртұтас халық шаруашылығы кешенін іс
жүзінде едәуір ойсыратып жіберді.
Содан бері 17 жылдай уақыт өтті. Бүгінде Қазақстан экономикасы
көтеріліп келеді. Барлық салаларда негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі
байқалады. Мәселенің мәнісі өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа
салаларындағы дәл осылай тұралау кезінде бізге төл валютамызды енгізуге
тура келгенінде. Бір сөзбен айтқанда, жүйелік дағдарыстың орын алуы
жағдайында Қазақстанның қаржылық жүйесі қалыптасты.
Сексенінші жылдардың аяғында банк аясында реформалар басталды.
Мамандандырылған банктер “Өнеркәсіпқұрылысбанк”, “Тұрғынүйқұрылысбанк”,
“Несиелік әлеуметтік банк” және “Агроөнеркәсіпбанк” бөлініп шықты. 1992
жылы біздің Мемлекеттік банк Ұлттық банк болып қайта аталды.
Сол тұста әртүрлі пікірлер, топшылаулар белең алды. Көптеген
қазақстандық экономистер рубль аймағында одан әрі де қалғысы келді. Ал,
Ресей төл экономикасын нығайтуға бағытталған өз жолын таңдады да рубль
аймағы қысқара берді. 1992 жылы Қазақстаннан басқа төлем құралы ретінде
рубльді екі-ақ республика – Ресей мен Тәжікстан пайдаланды. Мұнымен қоймай
ресейліктер таяу уақытта кеңес сомының орнына ресейлік рубль болады деп
ескертті. Сонымен, рубль аймағын бөлу бастамасы Ресейден шықты. Біз қанша
тырысқанмен ұлттық валютаны енгізу шынайы қажеттілік болды.
Банкнот шығаратын елдер аз-ақ, олар – ең алдымен дамыған батыс
мемлекеттері. Осы мәселенің көшбасшысы Ұлыбритания екен. “Томас Делару”
атты ағылшын компаниясы, мысалы, банкнотты әлемнің 90 елі үшін басып
шығарады.
1992 жылдың сәуірінде Англиядағы “Харрисон және оның ұлдары” атты
кішігірім компаниясының басшылары елімізге келді. Осы фирманың банкнот
фабрикасы пошта маркалары мен банкноттарды төрт ғасыр бойы шығарып келе
жатқаны анықталды. “Харрисон” ұсынған нұсқа біз үшін тиімді болды.
Бізге керегі құпиялық болатын, оны осы ағылшын фирмасы қамтамасыз ете
алған. Ендігі керегі – ақшаның дизайны.
Бұл жұмысқа талантты суретші әрі ұйымдастырушы, сондай-ақ
“Қазақстанның дизайн орталығы” ЖШС бас директоры Хайролла Ғабжәлелов
тартылды. Ол қазақстандық ұлттық теңге дизайнының бірден-бір алғашқы авторы
болып табылады. Оның қасында бірқатар суретшілер болды. Өткен жылдарға көз
салсақ, қазақстандық валютаға әзірлік туралы мемлекеттің санаулы адамдары
ғана білген екен. Кейінірек, әлбетте, хабардар жандардың шеңбері
кеңейтілді, оған ғалымдар, Үкімет мүшелері де кіріпті. Суретшілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының валютасы
Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі
Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау
Ұлттық валюталық жүйе
Теңге тарихы
ҚР ақша жүйесі жайлы
Ақша - кең қолданылатын төлем құралы
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
ҚР валютасы және оны тұрақтандыру мәселелері
Пәндер