Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Қысқартпалар . . .

Кіріспе . . .

I. Миграция мәселесінің теориясы мен әдіснамасы

  1. Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері . . .
  2. Қазақстан Республикасының миграция мәселесінің тарихы мен қоғамдағы алатын орны . . .

ІІ. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының мемлекеттің миграцияны реттеу саясаты

2. 1 Қазақстан Республикасының ішкі миграция үрдістері . . .

2. 2. Қазақстан Республикасының иммиграциялық және эмиграциялық саясаты . . .

Қорытынды . . .

Ұсыныстар . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

жұмыстың өзектілігі : Қазіргі замандағы жаһандану және транснационализация үрдістеріне байланысты қоғамда миграция толқынының географиялық шекарасы кеңеюде, осыған байланысты әлемдегі әр мемлекеттік алдынға күнтізбелеріне миграция мәселесі бірінші кезекте қойылып отыр. Көшіп - қону қоғамның дамуына өте үлкен ықпал етеді. Мәселен, 2008 жылғы 200 млн адам, яғни әлемнің 3 % өз отандарынан тыс жерде өмір сүруде[1, р. 7] . . Олардың ішінде, жоғары квалификацияланған білікті мамандардың, ғалымдардың («ақылдылар ағымы»), спортсмендердің («бұлшықеттер ағымы»), заңсыз мигранттарды айтуға болады. Дәстүрлік пайым бойынша миграция ғылымы социология және демографияның зерттеу пәні болып табылады, дегенменен миграция ғылымы саяси қоғамдық өмірмен де тығыз байланысты. Адамзаттың пайда болуыменен, көші-қон үрдістеріде бір пайда болды. Бірақтан, миграцияға терең саяси зерттеулер тек ХХ ғасырдың аяғында таман пайда болды. Миграциялық үрдістерді зерттеуде мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саясаты бірінші орынға қойылады. Біріншіден, мемлекет өзі келген миграциялық ағымдарды реттеуменен айналысады, соның ішінде өз қалауымен жаңа кезген тұлғаларға азаматтық беру үрдістерінде жүргізеді. Екіншіден, қажеттілік миграциясы әлеуметтік - экономикалық себептерменен (яғни, өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатымен қоныс аудару, жақсы жұмыс іздеу және т. б. ) саяси себептергеде (идеологиялық, рассалық, діни, репатриация, соғысқа байланысты қоныс аудару үрдісі) душар болып отыр. Үшіншіден, миграция тікелей қауіпсіздікпен байланысты. Бір жағынан, заңсыз миграция мемлекеттік экономикалық базисін жоюя мүмкін, яғни фундаментализ немесе терроризм қауіпін алып келсе, екінші жағынан, иммиграция халықтың туу көрсеткіші төмен мемлекеттердің демографиялық дисбалансты жояды немесе донор-мемлекеттің ішіндегі жұмыссыздықты қысқартады.

Бұл жұмыстың ішінде миграцияның конфликтогендік потенциалынада көп көңіл бөлінген, айтар болсақ депривациялық қақтығыс (күту менен болу мүмкіндігі арасындағы айырмашылық), мүдделер қақтығысы (түрлі әлеуметтік субъектілер аралсындағы мүдделер қақтығысына негізделген), әлеуметтік идентификация қақтығысы және т. б. [2, с. 416] .

Осыған орай, күллі мемлекеттердің алдында тұрған актуальдық проблема ол - қоғамдағы иммигранттардың инкорпарациясы. Бұл әрине қақтығыстың алдын-алуменен қатар, иммигранттардың қоғамға сіңісуіңе алып келеді. Бәріміз білетіндей, ірі диаспоралар өз мүдделерін ұлттық мемлекеттің айнасында ғана емес, сонымен күллі әлемгедік деңгейгеде қойып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бір мезетте донор-мемлекет және раципиент-мемлекет болып отыр. Сондықтанда, көші-қон заңнамаларын дұрыс саяси бағытта ұстау біздің мемлекетіміздің бастапқы приоритеттері. Өйткені қоғамның дамуы мен тұрақтылығы көбінесе мемлекеттің миграциялық саясатын шешуімен тікелей байланысты. Шетел тәжірбиесін оқумен қатар оны дұрыс пайдалану біздің жас тәуелсіз - Қазақстанға аса қажетті екенін ұмытпағанымыз жөн.

Бүгінгі таңдағы миграциялық саясаттың ерекше проблемаларының бірі - құқықтық қарама-қайшылық болып отыр. Азаматтық алу ұлттық мемлекеттің қоғамдық өміріне араласудың негізгі құралы. Қазіргі таңда әлемде қос азаматтық кеңінен қолданылуда, өйткені кейбір ғалымдардың айтуы бойынша қос азаматтық эмигранттардың санын азайтады және де этностар арасындағы қарама-қайшылықты азайтар еді. Соңғы уақыттары «әлем азаматы» немесе «мультиазаматтық» моделін құру туралы жие айтылып жатыр, өйткені қандайда бір ұлттық азаматтық тұлғаны белгілі - бір нақты этносқа немесе белгілі - бір мемлекетке жатқызады, ал либералдық - демократиялық принциптер бойынша барлық адамдар өзінің шығу тегіне қарамастан толық құқықпен қамтамасыз етілуі тиіс. [4, с. 13],

Қазақстанның 2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты бағдарламасында Қазақстан Республикасының заңдарын Еуропалық тәжірбиені ескере отырып жетілдіруді қарастырған, әрине соның ішінде миграцияны реттеу, еңбек және заңсыз миграция қарастырылған [5], Орталық Азия мемлекеттері үшінде көші-қон заңнамаларын реттеу қиын мәселелердің бірі болып отыр.

жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы әлеуметтік көші - қон мәселелерін қарастыра отырып, олардың шешу жолдарын анықтау және де көші-қон саясатына тереңірек тоқталалу және бұл жұмыстың барысында халықаралық миграция теорияларын қолдана отырып Қазақстанға қолайлы теория бойынша миграциялық проблемаларды шешу жолын табу қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының миграция саясатының негізіне аналитикалық талдаулар жасалынған.

жұмыстың міндеттері:

  • Әлеуметтік көші-қон мәселесін теоретикалық зерттеу;
  • Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон мәселесінің тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайына тоқталу:
  • Қазақстандағы көші-қонды реттеу жұмыстарын қарастыру.

жұмыстың зерттеу объектісі: қоғамдағы миграция процесіндегі мәжбүрлі көшіп-қонушылар мәселесі танылады.

Миграция қоғамның дамуына өте үлкен ықпал етеді. Бүгінгі таңдағы көшіп - қону процесі мемлекеттердің, тіпті дүниежүзілік өркениеттің өрлеуіне әкеледі.

Осы процестің жылжуына 1948 жылы қабылданған «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» аса үлкен ықпал етеді. Себебі, бір елдің ішінде немесе мемлекеттер арасында еркін қоныс аудару құқығы адамзат баласының жеңіп алған ең негізгі құқықтарының бірі болып табылады. «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» барлық мемлекеттер үшін заңды түрде міндетті құжат болмаса да, осы құқық туралы ең алғаш айтылған құжат. Сөзіміз дәлелді болу үшін қабылданған «Адам құқықтарының жалпы декларациясының» 13-бабында былай делінген:

  1. Әрбір адамның еркін қозғалуына және кез келген мемлекеттің негізінде өзіне тұрғылықты жер таңдап алуына құқығы бар.
  2. Әрбір адамның кез келген мемлекетті, сонымен қатар өз мемлекетін де, тастап кетуіне және өз мемлекетіне қайтып оралуына құқығы бар [2] .

Аталмаш құжат қабылданған соң, бұл құқық көптеген халықаралық конвенцияларда, сонымен қатар, көптеген мемлекеттердің конституциялары мен заңдарында көрініс тапты. Оған мысал ретінде «Саяси және азаматтық құқықтар туралы» халықаралық пактінің 12-бабы, «Нәсілдік кемсітушіліктің (дискриминация) барлық түрлерін жою туралы» халықаралық конвенцияның 5-бабы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабы. Бұл бапта:

  1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
  2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Еркін жүріп-тұру құқығына: «Мемлекет ішінде еркін жүріп-тұру, кез келген мемлекеттен шығу және өз мемлекетіне кіру құқығы жатады» делінген [2] .

Еліміз егемендігін алып, халықаралық қауымдастық деп аталатын ұлы мұхитқа еңселеп енгелі неше түрлі терминдермен күнделікті өмірде тікелей жолығатын болдық. Соның бірі «миграция, мигрант» деп аталады. Қазақстан шекараны ашқаннан бастап-ақ кең байтақ дала да, азғантай қала да мигрант дейтіндерге тола бастады. Бір көңіл аударарлығы БҰҰ мигранттарға жағдай туғызуды әлемнің барлық мемлекеттерінен бірдей талап етеді. Олардың жүріп - тұруына заң бұзылмаса, тосқауыл болмауы тиіс. Бір елдің азаматы екінші бір жерде жұмыс істеуге құқылы. Әрине, бұл мәселе төңірегінде үкіметаралық нақты келісімдер болуы қажет. Бұл заңды миграция деп аталады. Ал заңсыз миграция бұл күндері ешқандай мемлекеттің әлі келмейтін үлкен тасқынға айналды. Сол әлсіз мемлекеттердің бірі - Қазақстан болып тұр. Дәл қазір Қазақстанда нақты қанша мигрант жүргені белгісіз. Заңдылары мемлекетаралық келісім бойынша тіркелген. Ал тіркелмеген заңсыз мигранттарды құқық қорғаушылар қайта-қайта тауып, елден қуып жатады. Бірақ олар таусылатын емес секілді. Бізге белгілісі еселенген қарқынмен жүріп жатқан құрылыс нысандарында негізінен мигранттардың жұмыс істейтіні. Базарлардағы қосалқы шаруаларда да мигранттар еңбегі пайдаланылады. Темекі өсірушілердің көбі мигранттардан көмекші ұстайтыны баршаға белгілі. Не керек, мигранттардың арзан еңбегі пайдаланылмайтын жерді табу қиынға айналып бара жатыр.

Еліміздің сонау ғасырлар қойнауында жатқан өткені мен бүгінгі тәуелсіздік туын көтеріп, егемендік жариялаған заманы арасында азаттық үшін жан қиярлық табанды күреске толы қаншама оқиғалар болғаны белгілі. Соның ішінде өткен 20 ғасыр отандық тарихымызға үлкен өзгерістер енгізген дәуір ретінде кіргенін тілге тиек ету керек. Бұл ғасыр қазақ елі үшін қанша қасірет пен зобалаңға толы уақыт десек те, ғасырлар бойы бостандықты ту етіп, егемендік үшін күрескен халқымыздың мақсатына - тәуелсіздікке жеткен уақыты болды.

Біз өз тарихи отанымызда ежелден бері қоныстанып отырған түп қазық - халықпыз. Қазақты басқа бір жермен немесе басқа бір жат елмен этнос ретінде байланыстыратын ешбір тарихи негіз жоқ. Ал, екінші жағынан, шетелдердегі біздің қандастарымыз қайдан шықты, сол елдерге қалай барды деген сауал да біздің әрқайсымызды ойландырса керек.

Біз әлі өркениетті ұлт ретінде толық қалыптасып, етек - жеңімізді жиып үлгерген жоқпыз. Шартараптағы бауырлардың басын қосып, ата-бабаларымыз өмір бойы аңсап өткен қазақ мемлекетін құрып нығайту - тек зиялылардың ғана емес, барша қазақтардың абыройлы да ардақты борышы. Мұндай күрделі де ауқымды, ұлттық мән мағынасы зор үрдіске қалай болса солай қарауға хақымыз жоқ.

Қоғамдағы көші - қон үрдісі аумағындағы мәселелерді шешу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып отыр. Қазіргі уақытта оларға назардың күшеюі сыртқы, сондай-ақ ішкі сипаттағы себептермен байланысты.

Қазақстандағы 20-ғасырдың 90-жылдарындағы бірден қиындаған демографиялық жағдай табиғи өсімнің төмендеуінен, республикадан халықтың белсенді көші-қонуы, туудың төмендеуі және өлімнің өсуінен көрінді. Соңғы он жыл ішінде Қазақстан халқының саны бір миллионнан астам адамға кеміді. Сәтсіз демографиялық үрдістердің ішінде халықтың көші-қоны ерекше орын алады. Осы және тағы да басқа құбылыстарға байланысты біздің елімізде қазіргі таңда көші - қон мәселесі өзектілікке ие болып отыр.

Қазақстаннан халықтың көшіп - қонуы масштабтылығы немесе айқын этникалық таңдамалылығынан ғана емес, және де елден білікті мамандардың кетуімен де сипатталады.

Құраушы деңгей бойынша эмигранттардың республикадан кету анализі олардың жартысын жоғары білімді, жоғары білімін аяқтамаған және орта білімді тұлғалар құрайтынын көрсеткен. Интеллектуалды, шығармашылық потенциалды адамдардың кетуі Қазақстанға едәуір кемістік тигізуде, әсіресе негізінен 20 жас пен 49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар кетеді. Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында халықтың қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етуші ретінде сәтсіз демографиялық факторлар туралы айта келе, мықты көші - қон саясатын біздің жас мемлекеттің жетекші приоритеттер рангысына ығыстыру жайлы кездейсоқ айтпаған.

Қазақстан Республикасындағы көшіп-қону саясатының ерекшілігі мемлекеттің көп ұлтты болуымен байланысты. Бұл саясатқа дүниежүзіндегі халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастың тереңдеуі көп ықпал етті. Соған қатысты Қазақстанда көшіп - қону үрдісі елеулі түрде көркейе түсуде.

I. Миграция мәселелерін теориялық - әдістемелік зерттеу жолдары

1. 1. Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын жетілдіру принциптері.

Қазіргі кезде халықаралық масштабтағы аса ірі проблемалардың бірі - халықтардың миграциясы болып отыр, өйткені миграция үрдістері шың мәнінде нашар бақыланылады және қиын болжамдалынады. Жалпы көші - қон процестері мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, қоғамдағы күрделі әлеуметтік - экономикалық өзгерістермен тығыз байланыста екендігі белгілі. Әрине, бұл бір жағынан көші-қон саясатын зерттеудегі пәндер жүйесін қарастырса, екінші жағынан көші-қон феноменінің жеке теориялық-әдістемелік негізін құрып, оны ғылыми тұрғыдан зерттеуге жол ашады. Жалпы әлемдік қоғамтану және саясаттану ғылымдарында миграция процестерін зерттеу ісінде түрлі көзқарастар мен ғылыми тұжырымдар қалыптасқан. Соның ішінде көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің теориялық және практикалық позицияларының ұқсастығы мен бір-біріне деген қарама-қайшылығыда аңғарылады.

Адамзаттың бүкіл даму тарихында, сонау антика заманынан бүгінгі күндерге дейін қоғам, билік, мемлекет сияқты түсініктер, жалпы осы түсініктерге қатысты бар нысандар аясында қызу ғылыми тартыстардың орын алуы заңдылық. Бұл тартыстар негізінен философия мен құқықтану шеңберінде жүргенімен, барлық қоғамдық ғылымдардың дамуының алғышарттары.

«Мигрант», «босқын» және «көшіп-қонушы адамдар» терминдері өзінің этимологиясы бойынша жақын және жалпы тұрғыда өзінің тұрғылықты жерін өзгерткен адамдарды білдіреді. Бірақта халықаралық құқық пен бірқатар мемлекеттердің заңдық жүйесінде бұл ұғымдардың анықтамасы әр түрлі болып келеді. Мигранттармен әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі аспектілері мен мазмұны көбіне детермеленеді, ол оның қай санатқа жататындығы мен анықталады. Келесі санат түрлерін айтуға болады :

- өзінің әлеуметтік және құқықтық статусы бойынша мигрант статусы;

- иммигрант статусы;

- босқын статусы;

- көшіп-қонушы адамдар мен орын ауыстырушылар статусы бар.

Көші-қон (миграция ) сөзінің ата-тегі латын тілінің migrato - басқа жерге қоныс аудару деген сөзі. Қазіргі кезде ол термин әр түрлі салада қолданылып жүр. Мысалы, биологияда жан-жануарлардың, құстардың көшуі, ал әлеуметтану, экономика, құқық салаларында тұрғылықты халықтың көшіп қонуы мағынасында айтылып жүр. Біз осы терминнің әлеуметтану, экономика, құқық салаларына қатысты мағынасына тоқталамыз.

Миграция екіге бөлінеді: ішкі миграция - ол бір мемлекет ішінде бір жерден екінші жерге қоныс аударуы. Сыртқы миграция - ол бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшуі.

Көші - қонның бірнеше түрін қарастыруға болады:

Аумақтық сипатына қарай тұрғылықты халықтың көшіп-қонуы - ішкі, сыртқы, маусымдық болып бөлінеді.

Ішкі көшіп-қону - халықтың бір мемлекет ішінде әр түрлі мақсатпен қаладан ауылға, ауылдан қалаға, ауылдан ауылға қоныс аударуын білдіреді. Дәл қазіргі кезеңде Қазақстанда ауылдардан қалаларға көшу етек алған. Оның негізгі себебі - ауыл шаруашылығын жекешелендіру нәтижесінде ұжымдық шаруашылықтар мен кеңестік шаруашылықтардың таралуынан кейін пайда болған жаппай жұмыссыздық және соның негізінде халықтың әлеуметтік жағдайының күрт төмендеп кетуі. Өкінішке орай, ірі ауыл шаруашылық субъектілерінің орнында құрылған шаруа қожалықтарының бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының әлеуметтік экономикалық қажеттерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болмай отыр.

Сыртқы көшіп-қону дегеніміз - адамдардың бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекетке қоныс аударуы. Ол өз кезегінде екі түрлі болады - көшіп келу (иммиграция) және көшіп кету (эмиграция) . Бұл енді бір-біріне қарама-қарсы процесс.

Көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелден немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын жеке тұлға.

Көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың уақытына немесе тұрақты тұру үшін бір мемлекеттің аумағына келуі, яғни, мемлекет аумағына кіруі. Бүгінде мемлекет аумағына уақытына немесе тұрақты тұру үшін, екі жақты немесе көп жақты мемлекетаралық шарттардың негізінде оралмандардың Моңғолия, Қытай, Түркия, Иран ішінара басқа елдерден де келуі негізінен таралған процесс. Сонымен қатар соғыс болып жатқан елдерден келген босқындар да осы категорияға жатады (шешен, тәжік босқындары) .

Босқындар- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, өздеріне зорлық-зомбылық жасалуы немесе өзге де нысандарда қуғындалуы не нәсілі немесе ұлты, діни танымы, тілі, саяси сезімі, белгілі бір әлеуметтік топқа тиістілігі белгісі бойынша тек өзіне ғана қатысты емес, сонымен бірге өзінің отбасы мүшелеріне де қарсы қуғынға ұшыраудың нақты қаупі тууы, сондай-ақ қарлы және ұлтаралық жанжалдарда қуғынға ұшыраудың нақты қаупі себепті өзінің тұрақты тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болып басқа (шет) мемлекет аумағында жүрген адам.

Босқын - репатарианттар - кезінде Қазақстан саяси ұлттық діни және басқа да дәлелдер бойынша қудалау салдарынан күштеп немесе заңға қарсы қуылған, қазіргі кезде Қазақстан Республикасына қоныс аударуға мәжбүр болған адамдар (оның ұрпақтары) .

Мәжбүрлі қоныс аударушылар - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын өздеріне жасаған зорлық - зомбылық немесе өзге де нысандардағы қуғындау, не нәсілі немесе ұлты, діни-нанымы, тілі, саяси сенімі белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі белгісі бойынша тек өзіне ғана қатысты емес, сонымен бірге өзінің отбасы мүшелеріне қарсы қуғынға ұшыраудың нақты қаупі тууы себепті, сондай-ақ егер зорлық-зомбылық жасалудың немесе қуғындалудың арасында байланыс болса не қарулы және ұлтаралық жанжалдарда қуғындауға ұшыраудың нақты қаупіне байланысты өзінің тұрақты жерін тастап кетуге мәжбүр болған, басқа мемелекет аумағында тұрып жатқан адам.

Репатрианттар - репатриация бойынша қайтып оралған жеке адамдар. Репатриация әскери тұтқындардың қонысы ауыстырылған адамдардың, босқындардың, эмигранттардың, оралмандардың Отанға қайтып оралуы.

Репатриант (отандас) - жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де іс-әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамдары, сондай-ақ оның ұрпақтары.

Реэмигрант - эмиграцияда болып, отанына қайтып оралушы адам. Сондай-ақ, осы қарастырылып отырған қоғамдық құбылыстың жағымсыз жағын да айтып өткен абзал. Өйткені, соның нәтижесінде мемлекетке өз беттерімен келіп, есірткі тәрізді зиянды заттар әкеліп, болашақ ұрпақтың дамуына кедергі келтіріп жүргендері де аз емес. Осыған сәйкес, Қазақстан республикасының 1997 ж. 18-желтоқсандағы «Тұрғылықты халықтың көшіп-қонуы туралы» заңында осы мәселелерді шешу мақсатында, жасырын көшіп келушілердің анықтамасы берілген.

Жасырын көшіп келушілер мемлекеттің аумағына өз бетімен, өкіметті органның тиісті рұқсатынсыз келген, немесе оны алдау жолымен алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар. Қазіргі кезде көшіп келушілердің бұндай түрі Алматы қаласында кең таралған. Олардың көпшілігі Ауғанстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары.

Көші-қон саясатының негізгі бағыты Республика ішілік халықтың таралуы, тепе-теңдіксіз халықтың Республикадан кетуі салдарынан болған көшіп-қону үрдістерінің жаңа тенденцияларын анықтау болып табылады.

Көші - қон саясатының басты мақсаты ішкі және сыртқы миграцияны реттеу, қоғамдағы азаматтың келісім мен тыныштықты ұстау, және де Қазақстан Республикасы территориясында пана іздегендер мен мигранттардың құқығы оларға гумандық жағдай туғызатын шартты жасау.

Маусымдық көшіп-қону: экономикалық және әлеуметтік себептерге байланысты адамдардың бір аймақтан екінші аймаққа уақытша көшуін білдіреді.

Экономикалық себептерге адамдардың жат жерде табыс табу, өзінің материалдық жағдайын жақсарту, профессионалдық дайындық дәрежесін ұлғайту үшін белгілі бір мерзімге көшуі жатады. Бұл көшіп-қонудың мемлекет ұшін пайдасы өте зор. Өйткені ол республикаға қосымша валюталық қаражат әкеледі, мамандардың кәсіби шеберліктерін арттырып оралады, ал оның мемлекет экономикасы үшін маңызды екені баршамызға мәлім.

Әлеуметтік - мәдени себепке: туризм, емделу, білім алу мақсатын енгізуге болады.

Білім алу мақсатымен көшіп - қону. Бұл бір мемлекеттің азаматтары өзіне қарағанда дамыған басқа мемлекетк е, бірнеше айға немесе жылға мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың шақыруы бойынша жаңа мамандық иесі болу немесе жаңа технологиямен танысу мақсатында баруы. Әдетте, көшіп-қонудың бұл түрінде адам саны аз болады. Мақсаты - басқа мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарынан алынған білімді, тәжірибені өз мемлекетінде пайдалану. Оған мысалға біздің мемлекетіміздегі президенттік «Болашақ» бағдарламасы, әртүрлі шетелдік, халықаралық ұйымдардың (Сорос қоры) Қазақстан азаматтарын дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқытуға болады.

Көші - қон бірнеше қоғамдық ғылымдардың қарауына жататын мәселе. Мысалы, оны жалпылама алып қарайтын болсақ, ол тек әлеуметтік мәселе. Ал, егер еңбек күшінің қоныс аударуы туралы айтатын болсақ, ол экономикалық мәселе. Немесе көшіп- қонуды заң актілері арқылы реттеуді алсақ, бұл құқықтық мәселе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Көші - қонның шарықтау шегі
Заңсыз иммигранттар
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясының динамикасы мен себептері және оның елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz