Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 6
1. 1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні . . . 6
1. 2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік . . . 13
1. 3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы . . . 19
2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . 48
2. 1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi. . 63
2. 2 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау . . . 48
2. 3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары . . . 54
3 АЙМАҚТА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ . . . 25
3. 1 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы талдамасы . . . 25
3. 2 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шаралары. . 35
3. 3 Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау . . . 42
Қорытынды . . . 68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72
ҚОСЫМШАЛАР . . . 75
Кіріспе
Қазақстан өз дамуының жаңа белестеріне көтерілді. Еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдер қатарына кірудегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту алдымызда тұрған ең үлкен мақсаттарымыздың бірі болып саналады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту - ел экономикасының тірегі әрі халық дәулетін еселейтін тіршілік көзі деп айтуымызға толық негіз бар. Жаңа негізде шаруашылықты дамыту үшін бәсекелестікті жандандыруда шағын кәсіпкерліктің едәуір әлеуетінің елеулі мәні бар. Біз Қазақстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру керек. Бүгінгі әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып отырғанда, бұл тұрғыда тиімді бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады.
Шағын кәсіпкерлік қызметі қазіргі кезде елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының бір саласы болып табылады. Ол: «Кәсіпкерлік - кемел келешек кепілі» демекші, біздің кәсіпкерлер Отанымызды осы замаңғы өркениетті елдер қатарына кіруде өз үлестерін көптеп қосуда.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды 30 бағыттарының ішінен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылды өзекті мәселелер қатарына қосады.
Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынталандыратындай, сондай-ақ кәсіпкерліктің «көлеңкеден» шығуына жәремдесетіндей етіп одан әрі жетілдіре түсу қажет.
Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын «жасырын» монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстарды әзірлеуді тапсырылды.
Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды қайта құрылымдау мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек.
Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру үдерісін жетілдіру қажет. Мәселен, «жалғыз терезе» жүйесі шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күннің ішінде тіркете алатындай жағдай туғызу керек.
Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді экономикалық өсу үшін біздің Қазақстанның шағын кәсіпкерліктің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызушы катализатор ретінде мемлекет пен мемлекеттік компаниялардың ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз қажет.
Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялы конкурстық негізде дамыту үшін арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар жаңа кәсіпкерлікті қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет «Самұрык-Қазына» қорына қатысты деп ойлайды елбасымыз.
«Самұрық-Қазына» өзінің құрамына кіретін барлық институттар мен ұйымдар қызметінің ортақ стратегиясын тұжырымдап, іске асыруы керек. Бәрінің мақсаты бірыңғай болуға тиіс, ол - Қазақстанның шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін көмек көрсетілуі мен ынталандырылуын, халықаралық серпінді жобаларды қамтамасыз ету және экспорттық тауашаларды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі мемлекеттің операторы болып табылады.
Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік - нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімінің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл сектор өзінің мәні бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті экономикалық-статистикалық талдау оны мейлінше Қазақстан Республикасында дамыту мәселелерін шешуге көмектеседі. Бұл мәселелердің маңыздылығын ескере отырып дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпкерліктің мәнін, оның жетістігін мен кемшілігін, қазіргі жағдайын, тенденциясын және даму жолдарын, аймақта шағын кәсіпкерлікті зерттеудің қазіргі тәртібін қарастыру, шағын кәсіпкерлік субъектілерінде есеп жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Бұл жұмыста мақсатпен тығыз байланыста болып келесі міндеттер қойылған:
- шағын кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық аспектерін ашу;
- оның нарық шаруашылығы үшін маңыздылығын анықтау;
- Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен реттеу үрдісінің ерекшіліктерін қарастыру;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерін зерттеу;
- кәсіпкерлік секторының одан әрі нығайуы үшін қажетті шарттарды анықтау;
- аймақта шағын кәсіпкерлікке талдау жүргізу;
- аймақта шағын кәсіпкерліктің даму барысына қолдау жасау шараларын қарастыру;
- салық режимін және несиелеуді қарастыру;
- шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдарын іздеу.
Жоғарыда қойылған міндеттерге сәйкес жұмыстың бірінші бөлімі теориялық зерттеулердің тарихын оқу, сонымен қатар шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын және оның дамуындағы объективтік қажеттіліктерді анықтау арқылы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін анықтауға арналды.
Екінші бөлімде қазақстандық кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңдері қарастырылып, Қазақстан Республикасы мен Қарағанды облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы талданды.
Республикамызда кәсіпкерліктің сәтті дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен жағымсыз факторларды жеңуге бағытталған шаралар және де оны ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi осы жұмыстың үшінші бөлімінде көрсетілді.
Осы жұмысты жазу барысында келесі материалдар: Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1999 жылдың 19 маусымындағы Заңы, сонымен қатар отандық, рессейлік және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды.
Қозғалып отырылған мәселелерді толығырақ қамту үшін материалдарды баяндауда нормативтік құжаттар, ғылыми әдебиеттері және кезеңдік басылымдар мен статистикалық жинақтың мәліметтері, графиктер, кестелер, суреттермен қосақтала беріледі.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні
Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылымның назарын аударуда. Кәсіпкерлік әр түрлі елдерде әр түрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік мәнінің бірдей түсінігінің болмауы, оны экономистер, философтар, социологтар және құқықтанушылар әртүрлі талқылайды.
Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі - кәсіпкерлер. «Кәсіпкер» ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Кантильон енгізді және келесідей анықтама берді: «кәсіпкер - тәуекел шартында қызмет ететін адам». Кәсіпкер заңмен тиым салынбаған кез келген шаруашылықтық қызметпен айналысады, сату-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар жүргізеді. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады. Бұдан кейінірек француздың белгілі экономисті Ж. Б. Сэй «Саяси экономиканың трактаты» атты еңбегінде кәсіпкерлік қызметінің анықтамасын: өндірістің үш факторының - жер, капитал мен еңбектің қосындысы деп берді.
Кәсіпкерлік нарықтық экономикада шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін А. Смит былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздегенмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықта ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Батыс елдерінде қазіргі кәсіпкерлік негізінде жаңа мүмкіндіктерді әрдайым іздестіру, инновацияларға бейімделу, қойылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі көздерден ресурстарды қатыстыру және қолдана білу іскерлігі жатқан шаруашылық жүргізудің ерекше, жаңашыл стилі. Американдық ғалым Р. С. Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік - бұл байлықты өсірудің өсіңкілік процессі. Байлық өз ақшасын, мүлкін, карьерасын ең көп тәуекел ететін, өз ісін құруға уақытты аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар немесе қызмет көрсетуді ұсынатындармен құралады.
Экономиканың тұрақты болуы және бәсекелес сипатының қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- кәсіпкелік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқықтығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
- кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны;
- кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциалық табысқа жету бағдарын ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрлым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қолдануы қажет.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын болып табылады.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Басқаша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту, тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларлы жаңарту және өркендету. Мұндай өзгерістердің түрлері әр-алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі кәсіпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін ұйымдастыру немесе ескілерін жою, модификациялау әрекеттерімен байланысты. Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі - новаторлык, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын жүйелеу болып табылады.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы - ол шағын және жеке кәсіпкерлік.
Шағын кәсіпкерлік - бұл мемлекеттік органдар және басқа да өкілетті ұйымдар көрсеткіштерімен, заңмен бекітілген анықтама негізінде нарықтық экономика субъектілерімен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсеткендей әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарды шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде анықтайтын негізгі критерийлерге, бірінші кезекте, есепті кезенде кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады.
Бірқатар ғылыми еңбектерде шағын кәсіпкерлік - бір меншік иесімен басқарылатын кәсіпорындағы аз ғана топтың жұмыс істеуі деп түсіндіріледі. Негізінде шаруашылық қызмет субъектісін шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызу кезіндегі өте маңызды көрсеткіш болып персонал саны (жұмыспен қамтылған жұмысшылар), жарғылық капитал қоры, актив мөлшері, айналыс көлемі (табыс, кіріс) табылады. Әлемдік банк мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызатын көрсеткіштер саны 50-ден жоғары. Бірақ көп қолданылатын көрсеткіштер келесілер болып табылады: кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны, жыл сайынғы айналым, актив мөлшері. Бірақ барлық дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызудың негізгі көрсеткіші жұмыскерлер саны болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызудың негізгі критерийлерге мысал келтірейік. Сонымен, Ұлыбританияда, мысалы, шағын кәсіпкерлікті анықтау жұмыскерлер саны мен айналым мәліметтеріне сүйенеді. Өте шағын кәсіпорындарға 1-24 адамға дейінгі жұмысшылары бар фирмалар жатады, шағын кәсіпорындарға 24 тен 99-ға дейінгі жұмысшылары бар фирмалар жатады. Орташа жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны - 50 адам.
Шағын кәсіпкерліктің маңызы өте жоғары Жапонияда жеке кәсіпорындарды жетіге бөліп қарастырады (1-4, 5-9, 10-29, 30-49, 50-99, 100-299 және 300-499), яғни заң бойынша шағын кәсіпорын болып - өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, байланыста, коммуналдық шаруашылықта 300-ге дейін жұмыскерлері бар заңдық жеке кәсіпорындар танылады.
Еуропада шағын кәсіпкерлік деп - 200 жұмыскер бар, орта деп - 200-500 дейін жұмыскерлер бар кәсіпорындар танылады. Ірі топтастырулар Германияның статистикалық мәліметтерінде кездеседі (20-49, 50-99, 100-199, 200-499) . Венгрияда осындай шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың саны 350-адамнан аспауы қажет, ал Болгарияда - 50 адамды құрайды.
Францияда шағын кәсіпорынға жұмыспен қамтылғандар саны 500 аспайтын және қортынды балансты жабу сәтінде жылдық айналым 200 000 000 франктен төмең болмауы қажет. Сонымен қатар әр түрлі экономика салаларында фирма мөлшері әр түрлі бағаланады. Егер ауыл шаруашылығында және тамақ өнеркәсібінде - 200 адам жұмыспен қамтылған болса, онда ол шағын кәсіпкерлікке жатқызылады.
АҚШ-та «small business» түсінігіне жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден аспайтын ұсақ фирмалар кіреді. Бұл фирмаларға жеке меншік, аз топ толғалар меншігі (серіктестік), корпоративтік меншік (акцияның көп бөлігін ұстанушының жоғары категориясы иемденеді) тән. Мысалы, «Мак Греухилл» компаниясында 50 жұмысшыға дейін жұмыс істейтін кәсіпорынды шағын кәсіпорындарға, 100-ге дейін - орта, ал 100-ден жоғары және одан да көп - ірі кәсіпорындарға жатады.
Анықтаманың сапалық нұсқалары бірнеше сандық көрсеткіштермен қосымшалауға болатын сапалық критерийлерді қолдануды қарастырады. Бірақ мұндай көзқарас та субъективті талқылаулар мен тәжірибеге сүйенеді, және «индуктивтік» тән компаниялар айырымына акцент жасалады. Сонымен бірге «әсерлесу» немесе ықпал ету нәтижесі мөлшерінің фирма қызметінің сипатына әсерін қарастыру арқылы кәсіпорындардың «шағын», «орта», «ірі» мөлшерін анықтау мүмкіндігі жасалады.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан шағын кәсіпкерліктің бір қатар үлкен артықшылықтары бар екендігін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Үлкен емес кәсіпорындардың көп санын құру жұмыссыздық мәселесін әлсірете алады, дұрыс бәсекелік орта құра алады, қаржы нарығын жандандыра алады, халықтың сатып алушылық қабілетін жоғарлата алады және бар нарықтың дамуы мен кеңеюін қамтамасыз ете алады.
Мысал ретінде Голландия экономисті Ван Хорнның анықтамасын қарастыруға болады. Шағын кәсіпорындардың стратегиялық болжау ерекшіліктерін талдағанда ол шағын кәсіпорындарға тән 5 қасиетті атап көрсетеді:
- өндірілетін өнімнің қатысты аз саны (технология, қызмет, «ноу-хау») ;
- салыстырмалы шектелген ресурстар мен қуат (капитал, адамдар және тағы басқалары) ;
- компанияның стратегиялық жағдайын болжау және бақылау үшін қажетті басқарудың, әкімшілік процедуралардың, технологияның дамыған жүйесі;
- менеджменттің жүйесіздігі, тренингтік және оқыту бағдарламаларына формалды емес қатынас;
- басты басқару орындары мен акцияның көбісі кәсіпорындардың негізін салушылармен және ұстаушыларымен ұсталады.
Осы критерийлер негізінде Ван Хорн Нидерландыда орта кәсіпорын деп 50-ден 500-ге дейін жұмыскері бар және 1 миллионнан 33 миллион фунт стерлинг айналымы бар кәсіпорынды атауды ұсынады.
Экономикалық анықтамаға сәйкес шағын кәсіпорынға келесі шарттарды қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады:
- кәсіпорынның нарықтық кеңістікте қатысты кішкене үлесі бар;
- кәсіпорынның иемдеушісі бар адам басқарады;
- кәсіпорын тәуелсіз деп саналады (ірі кәсіпорынның бір бөлігін көрсетпейді) .
Батыс елдердегі мамандардың арасында шағын кәсіпкерлік анықтамасының мәселесі бойынша дебаттар әлі де аяқталмаған, ал Қазақстанда олар енді басталып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жеделдету және мемлекеттік қолдау шараларын күшейту туралы» өкімді қабылдағанға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілердің арнайы статусы болған жоқ. Республикада шағын кәсіпкерлік субъектісін анықтайтын критерийлер болмағандықтан және осы көрсеткішті насихаттайтын заңның қабылдануы кешіктірілгендіктен шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен 1997 жылдың сегізінші сәуірінде №499 қаулы қабылданды. Ол қаулыда шағын кәсіпкерлік түсінігі, жұмысшылар саны мен шағын кәсіпорындардың жалпы активтер құнының шегі көрсетілді. Бұл қаулымен алғашқы рет Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің статусы анықталды.
Шағын кәсіпорындар деп жоғары қаржы-шаруашылық тәуелсіздікке ие, салыстырмалы жоғары емес шаруашылық айналымы және өз шаруашылық бөліністерін тез қайта құруға мүмкіншілігі бар кәсіпорындарды айтуға болады.
Шағын кәсіпкерлік дегеніміз - барлық экономика саласында кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалармен, сонымен қатар тұрақты сандық және сапалық көрсеткіштермен анықталатын кез келген ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпорындармен жүзеге асырылатын қызмет түрі болып саналады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қолдаумен қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» Заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, орташа жылдық жұмыскерлердің саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына 60 мың еселік айлық есептік көрсеткішті құрайтын кәсіпорындар саналады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
- қоғамдық қажеттілктерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасының жоғарлауы;
- экономиканың құрылымдық қайта құру ықпалы;
- өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;
- жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;
- қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;
- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
- мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алу немесе қолға алу.
Шағын кәсіпкерліктің осындай және басқада әлеуметтік-экономикалық функциаларын дамыту мәселелерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономиканың субъектісі ретінде шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын кәсіпкерліктің сипатын зерттей отырып, келесі артықшылықтарды көрсетуге болады:
- жергілікті жерде шаруашықты жүргізу жағдайына тез бейімделу;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;
- шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;
- салыстырмалы түрде аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;
- жеке тұлғаның өз идеяларын іске асыруда зор мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;
- қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез еңгізу мүмкіндіктері;
- капитал айналымының жоғары болуы.
Шағын кәсіпкерліктің бірқатар кемшіліктері де байқалады. Олар:
- тәуекелдің жоғары болуы;
- нарықтаға тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;
- ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы;
- басшылық біліктілігінің төмеңгі деңгейі;
- қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтар.
Кәсіпкерлік - осы қызметке барлық қатысушылар үшін өзара пайдалы нәтижелер мен табыстарға жету мақсатында жеке меншік және басқа қаражат пен мүліктің есебінен, қауіп-қатермен жасалатын бастамашылық шаруашылық қызметі. Кәсіпкерлік дәрежеде өзіндік, өтімділік, бастамашылық белсенді іздестіру, динамикалық, мобильділік тәрізді белгілермен сипатталады. Осының бәрі жинақталып келіп, экономикалық қызметке тән болуы керек. Кәсіпкерлік қызметтің жалпыға тән түрлі әрекет етуге бейім әрі нақты қабілеті, білімі, жұмыс істеу шеберлігі бар кез келген азамат кәсіпкер бола алады.
Басқа коммерциялық емес құрылымдардан кәсіпкерлік қызметтің айрықша ерекшелігі кіріспен шығындар арасындағы айырмашылық ретінде пайда табуға болады. Пайда табуға жеке жұмыс істейтін, шаруашылық есептегі барлық кәсіпорындар бағытталған. Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға түрткі болатын фактор, яғни өндіріс факторлары мен ресурстарын ұтымды пайдалану, өндірісті дамыту мен қалыптастыру, кәсіпкерлік қызмет өнімін жасау және нарыққа шығару, тиімді коммерциялық байланыстар және басқашаралар жасау, қысқаша айтқанда пайда түсіру.
Кәсіпкерлікті төрт айқын сатыдан құрылатын процесс ретінде қарастыруға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz