Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы


Мазмұны
Кіріспе3
1 Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері. 5
1. 1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік
аймақтық басқару негіздері5
- Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және
мәні. 9
- Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік
реттеу15
2 Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданының экономикасын мемлекеттік реттеу ерекшеліктері. 20
- Үржар ауданының әлеуметтік - экономикалық даму жағдайын
талдау20
2. 2 Үржар ауданының әлеуметтік - экономикалық жағдайын көтеру жөніндегі индикативтік жоспары28
- Аймақ экономикасын инвестициялау ерекшеліктері мен
проблемалары37
- Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді
жетілдіру45
3. 1 Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқару механизмін жетілдіру жолдары45
- Аймақтық дамудың негізгі басымдылықты бағыттарын
анықтау48
Қорытынды55
Пайдаланылған әдебиеттер58
Қосымшалар60
Кіріспе.
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік - экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың мәнi ерекше. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.
Бұл жұмыстың мақсаты - аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады.
Аймақтық экономиканың пәні Қазақстан Республикасының өндіргіш күштері әлеуметтік -экономикалық аумақтың орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақарлық, ішкі аймақтық және мемлекет аралық экономикалық байланыстарды зерттейді.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика- математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.
Бұл бітіру жұмысындағы барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалары:
- бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
- жеке аймақтарды депрессифті жағдайдан шығару:
- әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
- экономиканы тұрақтандыру:
- аймақаралық көлік жүйесін дамыту:
- экалогиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
- кәсіпкерлікті дамыту.
Жалпы, аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Бітіру жұмыстың құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы аймақ, аймақтық саясат түсінігі, оларды жүзеге асыру қарастырылған. Екінші бөлімінде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайын талдау және аймақты дамыту жөніндегі индикативтік жоспар құрылымы қарастырылған. Үшінші бөлімде аймақ экономикасын жетілдіру басымдықтары жазылған. Және қорытынды, кіріспе, пайдалынылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Жалпы аймақ экономикасын дамыту, елiмiздiң әлеуметтiк - экономикалық жағдайын жақсарту маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады.
I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері.
- Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару негіздері.
Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету жолдары алады.
Аймақтық экономика - бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Аймақтық экономикалық пәні Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу болып саналады.
Аймақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспектіде әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады, сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын зерттеумен айналысады.
Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды. Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының құрылмдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырады (1) .
Аймақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория - бұл географиялық жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір территорияны сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. Әртүрлі белгілері бойынша басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты бүтінділікке ие территорияны анықтайды. Аймақ территориядан белгілі бір мақсаттары жәнее тапсырмаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде өзінің критериялары қолданылады:
- экономикалық-әкімшілік басқару диспозициясы;
- еңбекті аумақтық бөлудегі рөлі;
- әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу;
- экономикалық кеңістік - бұл олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік инженерлік торабы және тағы басқа.
Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады:
- тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи ресурстар) ;
- орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық қызмет) ;
- байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар, капитал, еңбек қозғалысының жағдайы) .
Аймақтық экономика - бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды зерттейтін ғылым саласы болып табылады (2) .
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканы дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс-әрекетімен тығыз байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған ғана емес, мемлекетпен ретелетін нарық қүру болып табылады. Осындай реттеу жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек. Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жұргізу үшін аймақ таңдау) баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс. Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін, оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканы зерттеудің ерекше әдісі картографиялық әдіс болып табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек зерттеу обънктісі ғана емес, ол сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы ақпарат алудың көзі болып есептелінеді. Карталарды, картоестелерді, картограммаларды, картодиаграммаларды қолдану арқылы орналастыру ерекшеліктері ғана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын статистикалық мәлімметер де есте қалады.
Жүйелік талдау - бұл проблемаларды, шаруашылық құрылымын және ішкі қарым-қатынастарды кешенді зерттеу, олардың өзара әрекеттерін зерттеумен толықтырылып соңғы қорытынды тікелейжәне кері байланыстарды бікіртіру негізінде жасалынатын ғылыми зерттеу әдісі. Жүйелік талдау кезеңділік қағидасын қолданушы жан-жақты талдау болып табылады. Ол мақсатты құрудан, тапсырмаларды анықтаудан, ғылыми гепотиза жасаудан басталып, өндірісті орналастырудың тиімді нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеумен аяқталады. Мұнда оптималдық қағидасы тиімділік, яғни халықтың қажеттілігін көбірек қанағаттандыру болып саналады.
Өндіріс кұштерінің қозғалысы және аймақтардың шаруашылық даму проблемалары күрделене түсуде, ал салалық және территориялық байланыстарды нарық жағдайында басқару қиындап баруда. Сондықтан маңызды проблемаларды қамтитын экономика-математикалық моделдерді әзірлеу және қолдану қажеттілігі туындайды. Территориялық экономикалық процестерді экономика-математикалық моделдеуді негізгі бағыттарын келесідей бөлуге болады:
- елдің экономикалық дамуындағы территориялдық пропорцияларды моделдеу;
- шаруашылық салалары бойынша орналастыруды моделдеу;
- аймақтардың шаруашылық етуші кешендерін қалыптастыруды моделдеу (3) .
Математикалық аппараттардың терең өңделуіне қарамастан, ұзақ мерзімді салдарлар ескерілмей қалуда. Сондықтан аймақтық экономикада статистикалық әдіс, яғни стратегиялық мәліметтер негізінде индекстерді есептеу, корреляциялық талдау, сонымен қатар таңдап зерттеу әдісі, бастылау (генерализация) қолданылады. Барлық ғылыми әдістер бір-бірімен тығыз байланысты және олар бірін-бірі толықтырады.
Нарықтық жағдайда аймақтардың рөлі және қызметі халықтың өмірінің қызметі арасында экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрінеді. А. К. Осипов аймақтық рөлін толығырақ сипаттап, оның қызметтерін бөлді:
- институтционалды қызметтер - бір жағынан экономикалық дербесті, екінші жағынан, халыққа еркін өмір сүру, қай жерде өміп сүруінен тәуелсіз және әлеуметтік және заңды қорғамауына конституциялық құқықты кепілдейтін, мемлекеттің жалпы экономикалық бірлігінің саясатын анықтайды;
- экономикалық қызметтерді, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық қызметті еркін жүзеге асыруға мүмкіндік және жағдай туғызуға бағытталған;
- әлеуметтік қызметтері, халықтың әлеуметтік дамуын, аймаққа экономикалық потенциалын қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен құқығын кепіл етеді;
- экологиялық қызметтері, халықтың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етеді, табиғи қорғау және басқа да қоршаған ортаны жақсарту бойынша шараларды жүзеге асырады (4) .
Қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне негізделеді.
Реттеудің нарықтық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі мен экономикалық тұтқалары мен ынталары арқылы мемлекеттік реттеуден шығады.
Мақсаттар мен тапсырмалар жүйесі көзқарасынан қарайтын болсақ, аймақтық экономика өзінің мазмұны бойынша қайшы, ал ең алдымен жалпы республиканың мүддесі үшін дамиды. Осы кезде аймақтық ерекше экономикалық, әлеуметтік және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып аймақтық мүддені қолдау қажет. Осыған байланысты аймақтық экономика, аймақтық экономикалық субъектілердің мүддесін қолдап қана қоймпй, жеке аймақтардың мүддесін ескеретін механизмнің рационалды қызмет етуіне жетуге мүмкіндік жасауы керек.
Қазіргі уақытта әрбір аймақ нарыққа кірудің әртүрлі стартты деңгейіне ие. Сондықтан, аймақтық саясатта аймақтық экономикалық қайшылықтарын жоятын әкімшілік және саяси шараларды қолдану ерекше маңызды.
Аймақтық экономиканы зерттеудегі басты артықшылықтары аймақтардың экономикасына әсер ететін процестерді білу, әсіресе: еңбек бөлінісін жетілдіру, аймақтық шаруашылықтарды территориялдық ұйымдастыру, экономика құрылымдық қайта құру, халықаралық қауымдастықты және жеке аймақтардың өндіргіш күштерін орналастыруды дамыту болып табылады. Нарықтық қатынастардың құрылуы және даму барысында мамандану және шаруашылықтың кешенді дамуы деген түсінік қалыптасады, яғни қазіргі кезде Қазақстанның жалпы шаруашылық кешенінің қызмет етуін жақсарту үшін әр аймақтың жинақ қорын көтеру ғана емес, сонымен қатар әрбір аймақ тұрғындарының мүдделерін біршама толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету қажет.
Аймақтардың дамуын болжау әдістемесі он бес жылға дейінгі кезеңді қамтитын өндіргіш күшті орналастыру мендамытуды ретроспективті талдаудың міндетті түрде жүргілуін қарастыруы керек. Бұл әдісте ретроспективті кезеңде аймақтардың әлеуметтік даму аспектілерін бағалау, ішкі аймақтық дифференциясын ескере отырып маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру деңгейі қарастырылуы тиіс. Табиғи, экономикалық және ғылыми ерекшеліктерін ескеріп халықтың өмір сүру деңгейі бағалануы тиісті (1) .
Экономикалық талдаудың басты бағыттары болып депрессивті зоналар мен экономикалық өсуі тез территориялардың пайда болуы, аймақтық шаруашылық кешенін құру және аймақтық ресурстарды пайдалану тиімділігіне нарықтық маманданудың әсер етуін анықтау болып табылады.
Аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
- Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат - көпмағыналы ұғым, әртүрлі мәндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі үш проблеманы көрсетуге болады:
- Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
- Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға мемлекеттің араласуы;
- Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар (5) .
В. С. Жихаревич келесідей анықтама береді: “экономикалық саясат - құрастырылған мақсаттарға жету мүддесінде аймақта өткізілген белгілі бір концепцияны, экономикаға реттеуші әсер етуші”. Аймақтық экономикалық саясат үш құраушылардан тұрады: субъект, объект және мақсаттар. Аймақтардың өздерімен жүргізілген аймақтық саясат - бұл нақты бір территорияда жергілікті жағдайларды қосқанда кеңістіктегі тараптайтын сферасының барлық элементтердің өзара және келісілген бұзылмайтын дамыту үшін жасалуы тиіс. Мемлекеттік аймақтық саясат жерлерде аймақтық саясаттық қабілетсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақтық саясаттың объектісі - аймақ арасындағы өзара байланытар және қатынастар.
Қазақстанның басты аймақтық мүддесі қазіргі кезде, жергілікті құрылымдарды қолдау ретінде, Қазақстан Республикасының әрбір аймағы өзінің ішкі потенциалын максималды қолдануы және мемлекеттік көмек мүмкіндіктеріне көп сенбей жалпы қазақстандық жағдайлар құру болып табылады.
Орталық үкімет аймақтық саясаты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырылады және экономика жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде экономикалық мақсаттарды иеленеді, экономикалық өсу кезеңінде - әлеуметтік мақсаттар болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттарына төмендегідей түрлерін пайдалану пайдалы және мүмкін болып есептеледі:
1. Әр аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайы деңгейін теңестіру. Еліміздегі жүргізілген реформалар аймақтық бөліністердің тез көтерілуіне әкелді.
Аймақтық экономикасын дамыту ерекшеліктеріне төмендегідей негізгі факторлар әсер етеді:
- өнеркәсіптік дамудың табиғи-шикізаттық база ерекшелiгi;
- еңбек потенциалының сипаты және тұрғындары;
- аймақтық шаруашылық жинақталған құрылымы;
- аймақтың шаруашылық жағдайда жиналған дәстүрлері;
- еліміздің басқа аймақтарымен экономикалық байланыстарды дамытудың болмауы немесе қолда бар мүмкіндіктері.
- Аймақтық даму мақсаты - дипрессивті аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетінімен ерекшеленеді. Депресивті аймақтарды қөұрылымдық қай құру тек ірі жалпы мемлекеттік юағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда бұл тапсырманы орындай үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған территорияларды жоғары дамудағы аймақтардың деңгейіне дейін көтерілу, бірақ халықтар зардап шекпеуі тиіс.
- Аймақтардың кешенді дамуы бірдей деңгейде жалпы мемлекеттік сияқты экономикалық дамудың жеке аймақтық мақсатымен сәйкес келеді. Жергілікті аймақтық мүдделер берілген территорияның барлық элементтерінің тепе-теңдік дамуымен келісіледі.
- Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Бірақ бұл мақсатты жүзеге асыруда ауырлық түсіп тұрған аймақтарға экономикалық өсуді көтеру қажеттілігін ұмытпау керек (6) .
Мемлекеттің аймақтық саясаты - мемлекет пен аймақ арасындағы өзара қатырастар ретінде әсер ететін және кеңістіктік, аймақтық аспектіде еліміздің экологиялық. әлеуметтік, экономикалық, саяси басқару бойынша қызмет сферасы болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні және тапсырмалары бар және оларды жүзеге асырудың тәжірибелік жолдарының көзқарастары бар. Аймақтық саясат тапсырмаларын нақты қою үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегідей:
- еліміздің жеке аймақтарындағы кәсіпкерлікті және табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың продуктивтілігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және масштабы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, пайдалы қазбаларды шығару ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың терең немесе қатпарлы жағдайы, соның әсерінен көлік шығыны, баға өсуіне әкеледі. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің нашарлығына оның экономикалық дамуын қиындатады;
- инновация енгізумен артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- агромеграциондық артықшылық (аймақтағы салааралық байланыстардың қиылуы) және агромеграциондық жетіспеушіліктер (қайта орналастыру) ;
- елдің экономикалық дамудағы тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму стадиясы;
- жалпы және аймақтық саясаттың формалары, саяси жағдайы; институтционалды факторы: аймақтық автономия деңгейі, аймақтық даму тарихы және басқалары;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерін қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;
- жергілікті кәсіпкерлермен негізделген фирманы үлкен сыртқы бақылау немесе фирманың шағын салмақ үлесі;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және тағы басқа;
- орталықпен жүргізілетін экономикалық макросаясатты жүргізудің аймақтық есепке алынбауы;
- орталық пен аймақ арасындағы құқықтары мен міндеттерін шектеу процестерінің аяқталмауы;
- аймақтық жүйеде және жеке аймақ арасында халық кірістерінің диференциа процессінің бақыланбауы.
Нарықтық қатынастар экономикалық елдерде аймақтық дамытуда мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- “әділдік”, яғни барлық аймақ тұрғындары жақсы тұрмыс-жағдайға жетудің тең мүмкіндіктерінде экономикалық қызметті орналастыру болып табылады;
- “тиімділік”, жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайы мақсатында әр аймақтың өндірістік потенциалын тиімді пайдалануды талап етіледі. Бұл екі мақсат қарама-қайшы да біріңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат болса, дағдарыс кезеңінде - екінші мақсатты қолданады (5) .
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылуы керек, бірақ, бұған қоса федеративті мемлекеттердің аймақтық саясат қағидаларымен сәйкес келуі қажет. Біріншіден, аймақтық экономикалық саясат, орталық үкіметпен сияқты аймақтық биліктерімен де жүргізілуі тиіс. Бізге белгілі қазіргі кезде негізі пайда өндіруші салаларда, әсіресе отын-энергетикалық кешенінде қалыптасады. Тек орталық үкіметте жалпы елдің экономикалық өсуді ынталандыру, жалпы әлеуметтік шиеленісуді азайту үшін аймақ және сала арасындағы пайданы тиімді қайта бөлуді, елдің экономикалық дамудағы терең аймақтық және салалық диспропорцияны қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығуға, республиканың іс белсенділігін дамытуды көздейді. Сондықтан, Қазақстанның қазіргі даму этапының проблемасы болып аймақтық экономикалық саясат шығару және механизмдерін жасау болып табылады.
Екіншіден, барлық аймақтарда жалпы мемлекеттік қаржылық ресурстарына қол жеткізу және тең құқық болуы керек, сонымен қатар, макроқұралдарды пайдалануда тең құқықтық монетарлы, фискалды және сауда саясаты болуы тиіс.
Аймақтық экономикалық саясат құжаттарымен шешуге мүмкін болатын Қазақстанның қазіргі даму этапының негізгі проблемаларына біздің көзқарасымызға байланысты төмендегілер жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz