Мұнайгаз саласы құрылымын жетілдіру жөніндегі теориялық мәселелер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ6
1. МҰНАЙГАЗ РЕСУРСТАРЫН ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ САЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ8
1. Мұнайгаз саласы құрылымын жетілдіру жөніндегі теориялық мәселелер8
1. 2 Қазақстанның мұнайгаз саласындағы вертикальді-интегралды құрылымдардың қалыптасу алғы шарттары17
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП САЛАНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫНА ТАЛДАУ22
2. 1 Қазақстан мұнайгаз ресурстарының қазіргі және болашақтағы потенциалдары22
2. 2 Қазақстандағы мұнай- газ ресурстарын пайдалану тенденциясы. 31
3 ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙГАЗ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ40
3. 1 Мұнайгаз кешенінің шағын жүйелеріндегі интеграциялық процесстердің күшеюі40
3. 2 Мұнай компанияларын көліктік жүйелермен өзара әрекет ету болашағы48
3. 3 Мұнайгаз шикізатын тиімді пайдалану жобаларын жүзеге асырудың эколого-экономикалық тиімділігі52
ҚОРЫТЫНДЫ60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ62
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейтестілігі. Мұнайгаз кешені Қазақстан экономикасының желісі болып табылады. Мұнайгаз өнеркәсібіне Қазақстан дамуының 2030-стратегиясында үлкен роль берілген, өйткені энергетикалық ресурстар және оларды нәтижелі пайдалануына басымдық мән берілген. Мұнай, ұлттық экономиканың алдын ала және бұдан әрі дамуын белгілейді. Қабылданған стратегияға сәйкес мұнайгаз секторы елдің экономикалық көтерілуінің негізі, келешекте экономикалық өсудің ең белсенді негізі болуы тиіс.
Соңғы жылдары мұнайгаз кешені шетелдіктердің қатысуымен елеулі сипатталады, өйткені көмірсутек ресурстарын пайдалану стратегиясы ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту, қазіргі технологияларды, экспортты құбырларды құру және энергетикалық инфрақұрылым жасауында негізделеді.
Стратегияның негізгі ережелері бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын белгілейді. Осы Ережеде экономиканы сауықтыру, жасалған келісім-шарттар мен міндеттердің сақталуын бақылау, халықаралық сауданың дамуын қамтамасыз ететін көлік және коммуникациялық нысандар құрылысын аяқтау бойынша көптеген салалық мәселелердің шешілуін көздейді, экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.
Мұнай кешенінің құрылымын қайта құру негізгі принциптер ретінде нарықта мұнай мен мұнайөнімдерін, құрылыс пен өндіріс үшін қаржы, техникалық және материалды ресурстарды қарқынды қолдануға қабілетті, кен орындарын меңгеру, мұнайөнімдерін шығару және өткізу процесін біріктіретін ірі интегралды компанияларды құруын көздейді. Сонымен қатар, мұнай компаниясын қалыптастырудың негізгі критериялары болып мыналар табылады:
- мұнай шығару көлемінің баланстығын қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының мұнайөнімдеріне қажеттілігін жабу және оның қайта өндірілуінің өндірістік-технологиялық мақсатқа сәйкестігі
- көлік потоктары мен шаруашылық қатынастарды сақтау
- мұнай және мұнайөнімдердің ішкі және сыртқы нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейтестілігі отандық вертикальді-интегралды мұнайгаз компаниялары көмірсутек ресурстарын нәтижелі қолдану жолдарын, өндеуді, мұнайгаз, мұнайхимиялық өнімдеріне ішкі қажеттіліктерді, оның экспорттық бағытын және Қазақстанның әлемдік мұнай бизнесіне кіруіне, сондай-ақ республика мемлекеттік бюджетінің көмірсутек шикізатының әлемдік бағасына тәуелділігін азайтуға әсер етеді.
1. МҰНАЙГАЗ РЕСУРСТАРЫН ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ САЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Мұнайгаз саласы құрылымын жетілдіру жөніндегі теориялық мәселелер
Мұнай саласының қызмет етуінің жаңа бағытқа ауысуы аса маңызды мәселелердің шешілуін талап етеді. Оның шеңберінде іс-әрекеттің ұйымдастыру және басқару нысандары, көмірсутек шикізатымен операциялар жүргізудің құқықтық нормалары әзірленіп, жүзеге асырылуы тиіс. Мұнай потенциалын ғана емес, сондай-ақ оны шығару кезінде болған компоненттерді кешенді пайдалану бағдарламасы әзірленді. Ол көмірсутек құрамы өнімінің және өзге құрамының кеңе ассортиментін алғаннан кейін суммарлы әсер шығарудің перспективті мүмкіншілігі сенімді белгілеуге мүмкіндік береді.
Нарық экономикасының заңы елдің шикізат саласына ендірілуінің сол немесе өзге қарқындылығымен жаңа ұйымдастыру нысандарын қалыптастыру қажеттілігін белгіледі. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның мұнай саласында ұлттық компаниялар, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар құрылды, олардың өндірістік-шаруашылық іс-әрекеті жаңа сындармен, нақты коммерциялық параметрлер бойынша жүзеге асырылған жобалардың анализінде негізделген көрсеткіш жүйелерімен бағаланады /1, 2/.
Көмірсутек шикізатына бай бірқатар елдердің қазіргі жағдайын талдай отырып, жалпы ішкі өнім /ЖІӨ/ өсуінің темпін, энергияға бағытталған ғылым салаларының даму деңгейін белгілей отыра, олар табиғат байлығын ысырапты пайдалану іс-әрекеттің бағыты басқа қазіргі өндірістің құрылуына, өнімкәсіптің реструктуризациясына, мұнайгазхимиялық профильдегі ірі тоннажды қайта өндейтін кешендердің қалыптасуына күш салуын шоғырландыруға мүмкіндік бермейді деген қорытындыға келді.
Әдетте, осындай қорытындыларды растау үшін ұлттық экономиканың Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурда және шикізат ресурстары жоқ басқа да қалаларда жүзеге асырлыған реструктуризация процесстері келтіріледі. Бірақ-та, менің ойымша, осы мемлекеттердің даму жолдарын әлемдік нарыққа ресурстарды жеткізушілердің шаруашылығының дамуындағы бағыттарға қарсы қою қажеттілігі жоқ.
Бірақ та, әлемдік практикада мұнайгаз ресурстарын иелену ұлттық экономиканың дамуында елеулі қорытындыға себеп болған жағдайлар бар. Осындай өзгерудің бір өкілі болып Норвегия табылады, ол Солтүстік теңіз кен орынның көмірсутек ресурстары есебінен осы шикізатты өзі ұлкен пайдамен қолданумен қатар, сондай-ақ қысқа мерзім ішінде мұнай жабдықтарын және технологиясын өндіру және шығару бойынша әлемдік лидер болып шыға алды.
Яғни, ірі мұнайгаздың бар болуы және оларды шығару мемлекет алатын табыс өздері қалыптастырған тұрақты валютамен, білімнің жоғары деңгейімен, төмен салықпен сипатталатын жүйеде қолданылатын шартта ғана өндірістік күштердің дамуына қуатты импульс береді. Мемлекет берікті нәтижелі экономикалық жүйе құрған кезде, сондай-ақ экономиканың реформалануын жүргізуге ықпал ететін табиғат байлығы болған жағдай ең жақсы болып табылады.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес өз билігінде жер қойнауының қорлары, әсіресе мұнайгаз қорларының елеулі мөлшері бар мемлекеттердің экономикалық дамуындағы сәттілік шығаратын салармен қатар технотронды салаларда жеткілікті потенциалды құру, категриясына ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мұнай- және газөндіру, мұнайхимия, негізгі химия жататын ғылым және азқалдықты өндіріс даму жағдайларында ғана болады.
Соңғылардың экономикалық дамудағы басымдылықтарының ауысуы әр-түрлі жүзеге асырылды. Егер де олардың кейбіреуі әлемдік нарық қайта өндірілетін салалардың өнімдерін жүзеге асыру қажеттілігін байқаған, жанармай материалдарына, әсіресе көмірсутектің нақты жеке фракцияларына -этан, пропан, бутанға мүдделіліктің кенет өсу кезеңін дер кезінде байқаса, онда басқалар өздерінің сыртқыэкономикалық операциялары негізін бастапқы шикізат ресурстарында көрген.
Дамудың түрлі жолдарынан алынған нақты артықшылықтарды өзгерген конъюнктурада бағыт ала алған және де экономиканың қайта өндіру секторында қаржыларын көбейткен елдер мен мұнай компаниялар алды.
Нефтехимиядағы ірі ғылыми жаңалықтар жаңа өндірістің жасалуына қозғау болып қызмет етті. Оның ақырғы өнімі болып шексіз пайдалану ареалы бар полимер материалдардың жүздеген түрлері табылады. Әрине, олар біріншіден, авто-, ұшаққұрылыс салаларының, тұрмыстық құралдардың, электрониканың, жеңіл өнеркәсіптің өндірісінің қызметін қыздыруының жаңа кезеңі, екіншіден капиталды қайта өндіру салаға аудару бағыттағы ірі мұнай компаниялардың қаржылық іс-әрекетінің қайта бағытталуына ұшыратты.
Ең алдымен, оларды негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі нарықта бірінші орын алу, өзін мұнайхимиялық өндіріс өнімінің жаңа түрлеріне тұрақты тұтынушылармен қаматамасыз ету, ал содан кейін өз ресурстарын жеке қондырғылардың, цехтардың, үшінші елдер компанияларына арналған зауаттардың құрылысына қаржы салу.
Қысқа мерзім ішінде әс-әрекет етудің осы саласында лидерлер белгіленді, олар он әлемдік мұнай компаниясы - «Шеврон», «Тотал», «Тексако», «Мобил», «Амоко», «Эксон», «Арко», «Бритиш Петролеум», «Шелл», «Эльф Акитэн». Олар шығаратын көмірсутектің суммарлы өндірісі жыл сайынғы әлемдік шығарудың /мұнай баламада жылына 800 млн. т. жуық/ 15 пайызын құрайды.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған компаниялар саланың барлық өндірістік жүйелер бойынша барлау жұмыстардан бастап шикізат пен дайын өнімді өндеу және өткізуге дейін жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, олар басты назарын мұнайхимиялық өндірісіне бөледі.
Бұл процесс әлі күнге дейін жалғасуда. 2000 жылдың ақпан айында «Филипс Петролеум», «Шеврон» америка мұнайгаз компаниялары 6 млдр. Доллар астам активпен бірлескен кәсіпорын ашу туралы хабарлады. Осы құрылымға жататын әр серіктестікке кәсіпорынның бір жартысы беріледі. Құрылған БК хош иісті заттардың, стирол, полистирол шығаруға пайдаланылатын олефин мен полиолефин шығаратын бес әлемдік өндірісшілердің ішінде бірінші орын алған әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының даму стратегиясында негізі ірі мұнайгаз қайта өндіретін және мұнай химиялық ппотенциалды құруда негізделетін түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру қажет, ал шикізат ресурсының көзі болып көмірсутек шикізаты - мұнай, табиғат және жолаушы газ табылады.
Қазақстан Республикасындағы шығаратын және қайта өндіретін өндірістің, көлік коммуникацияның активтері берілген «Казмұнайгаз» ұлттық мұнайгаз компаниясындағы білім мұнай өніпкәсібі реструктуризациясының ісін алдыға жылжытуы мүмкін. Ол үшін төменде келтірілген нақты мүмкіншіліктер бар.
Біріншіден, мұнай операциясын жүргізу үшін болашақ жобаларда жасалған келісім-шарттардың шарттары өзгертілуі керек. Оған көптеген мұнай шығаратын елдерде сияқты қаржы салушыларды объект құрылысына тікелей қаржы есебінен қалай, солай қаржы салушы кен орнын әзірлеу процесінде алатын табыстың бөлігін реинвестирлеу жолмен қайта өндіретін өндірістің дамуына белсенді қатысуын міндеттейтін тарауды енгізу қажет.
Екіншіден, Қазақстан қайта өндіретін зауаттарға мұнай жеткізу бойынша байланыстарын нығайтуын болжамдаған мемлекеттерге қатысты экономикалық стратегияны өзгерту керек. Мысалы, украин заводтарының куаттылығын күштей отыра, республика «Казмұнайгаз» ННГК атынан Херсон және Лисичанский мұнай қайта өндіру зауаттар сияқты кәсіпорындардың акцияларын иелену құқықта меншікті сатып алу процесіне қатыса алады. Осы бағыттаға келесі қадам болып Констанца қаласында /Румыния/ қазіргі уақытта қуаттылығы 30 пайызға күшейтілген ҚӨЗ акцияларының пакеттерін иелену табылады. Жақын арадағы жылдарда, «Трасека» көлік жобасына сәйкес Қазақстан Ақтау-Баку-Қара теңіз порт-Констанца трассасы бойынша Еуропаға мұнай жеткізуін жүзеге асыруды болжамдайды.
Көмірсутектер экспортының осы варианты Қазақстан Республикасының және Батыс Еуропа елдерін энергожеткізушілермен жабдықтау базасы болып табылатын бір еуропа мемлекеттерімен тығыз және нәтижелі ынтымақтасуда ғана емес, сондай-ақ Румыния ҚӨЗ жекешелендіру процесіне тікелей қатысудың бастапқы жері бола алады.
Отандық көмірсутектік шикізатты нәтижелі пайдаланудағы келесі қадам үшінші, төртінші, бесінші қайта жасау мұнайгаз шикізатынан табыс алу үшін осы еуропа елдерінде химиялық профильдегі кәсіпорындардың акция үлестерін алу болып табылады.
Ел және әлемнің региондары бойынша мұнайға сұраныс көрінісі үлкен деңгейде сауда сипатында маусымдық тұрақсыздықпен күрделенеді. Жанармай тұтынудің максималды деңгейі жазғы уақытта жетеді, ал жылыту мұнай өнімдеріне сұраныстар өз деңгейіне қысқы мерзімде жетеді. Жеке мұнайөнімдерін тұтынылуының өсуі түрлі елдерде кәсіптік өсудің ерекшеліктеріне байланысты альтернативті көздер есебінен энергия алу мүмкіншілігі жоқ болған салдарынан, қуаң кезеңнен кейін немесе қоршаған ортаның ластануын шектеу бойынша өкіметтік іс-шаралар және электростанцияны отынның басқа түрлеріне ауыстыру салдарынан құбылады.
Осы пікірлер әлемнің ірі мұнай компанияларының негізгі ерекшеліктерінің сенімді практикалық түсініктемесі болып қызмет етеді, нақтылау айтқанда іс-әрекеттің мұнай шығарудан бастап жанармайдың көтерме саудасына дейін барлық кезеңдерінде олардың көлденең ықпалдасуы. Он жылдар бойы қалыптасқан және нарықтарды қазіргі жағдайларға келтірген мұнай сатудың әлемдік саудасындағы жағдайлар ірі көпұлттық интегралды мұнай компанияларын құруды талап етті.
Компаниялар өз ықпалының саласын кеңейте отыра, кешенді кәсіпорын ретінде мұнай айыратын зауаттардың құрылысын жүзеге асырды. Онда өнімге жұмсалған капиталды және эксплутационды шығындардың максималды төмендету және сұраныс сипатына сәйкес мұнай шығару саласында максималды оралымдылыққа жету мақсатта бірінші қайта өндеу, риформинг, платформингт және гидрокрекингтің барлық процестерімен үйлеседі. Компаниялар ел ішінде мұнайды қайта өндіретін объектілерге мұнайды және ірі мұнайбазаларға мұнай өнімдерін тасу үшін ірі магистральды құбырлардың ірі құрылысына өз күштерін біріктірді /8/
Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, кейбір Таяу Шығыс елдері мұнайөнімдері алмасатын, ал жабдықтарды сұраныс сипатындағы тұрақсыздықты жою мақсатында өзара қолданатын үлкен интегралды нарыққа бірте-бірте айналуда /9/
Мұнай бизнесінде интегралды компанияларды қалыптастырылуы Жақын және Орта Шығыс, Африка, Оңтүстік Африка мұнайларының ірі қорын иеленген елдер әлемдік ірі компаниялармен мұнай операциясын жүргізу барысында стратегиясын өзгерткеннен кейін жедел түрде жүзеге асырыла бастады. Осындай жағдайда соңғылар геологобарлау және шығару жұмыстарды жүргізу кезінде иеленген артықшылықтарын жоғалтып, осы елдердің көмірсутек ресурстар бақылауын жоғалтып, әсер ететін оралымдық шараларды қолдануға мәжбүр болды. Олар көрсетілген елдерде мұнайды қайта өндіретін, мұнай шығаратын және мұнайхимиялық бағыттағы жобаларды қаржыландыра бастады. Бұл әрекет өз компаниялары үшін белгілі жеңілдіктер ғана емес, сондай-ақ шикізат ресурстарын пайдалану рұқсатын алуға мүмкіндік берді. Олар жүзеге асыратын интергационды процесс осымен аяқталған жоқ, өйткені ірі мұнайгаз потенциалына жеткілікті қамтамасыз етілген жаңа мемлекеттер пайда болды, олардың дамуы үлкен қаржылық салымды талап етеді.
Қазіргі уақытта әлі пайдаланылмаған, бірақ та біртіндеп басымды мағынасын жоғалтатын “жеке капиталдың құны” немесе “акциялардың құны” ұғымынан айырмашылығы бар “компанияның құны” ұғымы кеңінен таныла бастады. Кейбір жағдайларда, “компанияның баланстық құнын” пайдаланады, ол инвестиционды капиталдың мөлшеріне сәйкеседі. Оған:
- меншіктік капитал
- суммарлы борыш
- миноритарлы акционерлердің үлесі
- компанияның нарықтық құны жатады.
Соңғысы оның кәдімгі акцияларының нарықтық капитализациясының, борыштық нарықтық құнының, артықшылықты акциялардың капитализациясының, миноритарлы акционерлердің баланстық құнының жиынтығын білдіреді.
Сонымен, мұнай компанияның құны оның запастарында негізделеді. Өндірістік іс-әрекеті мұнай шығаруда және оны жүзеге асыруда кідіретініне байланысты мұнай компанияның құны әзірленген кен орындарынан мұнайды жүзеге асырудан түскен ақша сомы “ағымдағы таза құны” (АТҚ) ретінде белгіленеді.
Мұнда
СК - компанияның құны;
СТА - несие берушілер-компаниясының барлық қаржы салушыларына (оның ішінде корпоративті облигациялардың иелеріне), кәдімгі облигациялардың иеленушілеріне суммарлы таза ақша;
КОӨҚ - капиталдың орташа өлшенген құны немесе бизнестің ұзақмерзімді қаржыландыруының барлық көздерінің құны.
Т - дисконттаудың кезеңі;
АТҚ есеп айырылысуы бірнеше өзге түрде ұсынылуы мүмкін
СК= [Q · (Ц-(
+
-
(А+q
Equation. 3
) ) ] : (1+ КОӨҚ)
, (2)
мунда
Q - запастың ағымдағы мөлшері;
А - мүліктік емес активтерден, жабдықтардың тозуынан түскен амортизационды есептердің шамасы;
q
Equation. 3
- запастардың аяқталуына байланысты шығарылымның бірлігіне келетін шығындардың шамасы;
Ц - мұнайдың ұзақмерзімге құны;
І - мұнай шығарылуының бірлігіне келетін қаржы салымының мөлшері;
Equation. 3 - операционды шығындардың шамасы;
КОӨҚ - осындай белгілеуде сараптау жолмен қабылдануы тиіс және мұнай компанияның инвестиционды жобалардың рентабельділігінің ішкі нормасының ұзақмерзімді мағынасына сәйкесуі керек;
T - запастардың өндірістік қуаттылықтарын қамтамасыз ету кезеңі.
Сонымен, толық негізбен көлденен интегралды мұнай компаниялардың құрылуы және қызмет етуі көп профильді өндірісті ұйымдастырудың ең нәтижелі нысаны болып табылатынын белгілеуге болады. Олардың басқа құрылымдар алдында басты артықшылықтары:
- нарық конъюнктурасының өзгеруіне уақытылы көңіл бөлу қабілеті
- жаңа шешімдерді қабылдау кезде жеткілікті тактикалық оралымдылық
- шикізат ресурстарының жоғары жылдамдығы;
- техникалық, қаржы немесе консалтингтік көмек көрсету қажеттілік пайда болған аймақтарда экспансионистік мақсаттарды жүзеге асыру мүмкіндігі;
- басымдылықтарды кардиналы өзгерту кезінде ең нәтижелі инвестиционды жобаларды жүзеге асыру;
Отандық мұнайгаз кешендерінің нәтижелі қызмет етуіне мұнай және газды шығару бойынша кәсіпорындардың күштерін біріктіруінде, оларды кешенді пайдалануда және өндірісте шығындардың үнемдеу және базада жаңа технологияларды ендіру мақсатында оларды қайта өндіру және өткізуде мүдделілік құру маңызды болып табылады. Осындай өзара мүдделілікті қамтамасыз ету нысандарының бірі интегралды мұнайгаз құрылымын құру болып табылады.
Интегралды мұнайгаз құрылымдары біртұтас өндірістік-экономикалық жүйе. Мұнда мақсатқа нәтижелі жету үшін іс-әрекеттің қираған, бірақ өзара байланысқан түрлері тұтас өндіріске айналу процесі жүреді.
Интегралды компаниялардың артықшылығы ол өткізу баланстылығы. Мұнайгаз шикізатына баға түскен кезде, шығаратын бөлімшелердің табысы түседі, бірақ та мұнайды қайта өндіру және мұнайхимиялық өндіріс табысты өсіреді, өйткені бір бөлімше әсері жоғалуы басқалардың табыс өсуімен өтеледі.
Әлемнің бірқатар жетекші мұнай елдерінің интегралды ұлттық компаниясының қалыптасу және бұдан әрі даму ерекшеліктерін талдай отырып, бірінші кезекте осылардың бәрі тікелей мемлекетпен құрылғанына ерекше көңіл бөлу қажет. Ал ол өзінің өкілетті органдары арқылы барлық салалар бойынша олардың іс-әрекетін бақылауын жүзеге асырады. Осындай жағдай «Казахойл» ННК құрылу процесіне сай келеді. Оған өкіметтік құжаттарға сәйкес көмірсутек шикізат қорларына, оны шығару және қайта өндіруге, сондай-ақ тасуға байланысы активтер берілген.
Сонымен қатар, шетелдік интегралды және отандық компаниялардың өндірістік құрылымында елеулі айрмашылықтар байқалады. ҚР мұнайгаз саласында ірі шетелдік инвесторлар пайда болуына байланысты елде барланған және шығарылған қорлардың бөлігі оларды меншігіне берілді, бұл жағдай «Казахойл» ННК шикізат базасының әлсіреу ахуалына ұшыратты.
Сондай-ақ, «Казахойл» ННК -нің мұнайды өндеуге байланысты звеносы өндірістің жоғары табысты және перспективті разрядына жатуы мүмкін емес, өйткені ол іс-әрекеті алпыс жыл бойы жүзеге асырылатын шамалы қуаттылығы бар ескі жалғыз технологиялық мұнай өндіру объектісінде негізделеді. Тіпті Украинаның қайта өндіру зауаттарының бір бақылау пакетін сатып алынуы осы сферада компанияның позициясының бекітпейді. Жақын уақытта «Казахойл» ННК /қазір «Казмунайгаз»/ құрылымында қайта өндеу звеноны ұлғайту бағытта елеулі өзгерістерді жүзеге асыру қажет. Біздің ойымызша, компанияның ішкі және сыртқы нарығындағы қамтамасыз етудің ең нәтижелі варианты болып қуатты қайта өндейтін кешеннің құрылысы табылады. Ол нақты фракцияларға мұнай және газ шикізаттарын бөлуін жүзеге асырады. Кешеннің өнімі - жанармай материалдары, полимер шикізаты, пластмассалар және тауардың басқа да сұраныстары.
Көрсетілген айырмашылықтардың тұйықтаушы звеносы болып «Казмунайгаз» ННГП жоқ көлденең интегралды омпаниялардың маңызды бір құрылымы аталуы мүмкін, нақтылау айтқанда ғылыми-зерттеу және жобалы-құрылымдық сфера. Ол дамымаса, ұлттық компания солай көп жылдар бойы ірі өндіруші-компаниялар ұсынатын ескі техникалық өнімдер мен технологияның тұтынушысы болып жүре береді. Жеке мұнай кәсіпорынның осындай «Қайтақарулану» рәсімі белгілі: өткен жылдары жаңа жабдық ретінде мұнайды қайта өндіру тұтас кешендері сатып алынған болатын, олар эксплутацияға өткізілгеннен кейін нәтижесі және экологиялық тұрғыдан қауіпті болып табылды.
Өткен жылдары, тіпті қазіргі уақытта да экономикалық және стратегиялық ұғыныс күрделі қаржы салу диверсификациясына қозғау болып табылады. Көліктік құралдар мен нарықтарды жабдықтау көздері халықаралық компаниялардың қызмет ету негізі болып табылады. Мұнай сату масштабы, табыстың абсолютты көлему өзгеруіне қарай мұнай компаниялары жеткілікті жоғары және тұрақты кіріс қамтамасзы ететін химиялық өнімдердің өндіріс саласына ену үшін жолдар іздеуге мәбжүрлі.
Қуатты көлденең интегралды құрылымдарды құру жиналған әлемдік тәжірибе егер де мұнай компанияның құрылымында өндірістің техникалық деңгейін көтеру мүмкіндігін болжамдайтын құралдар жоқ болса, онда ол өз шикізат активтерін жағымды толтырумен әлемдік нарықта ешқашан тең құқықты қатысушысы бола алмайтынын куәландырады.
Ұлттық мұнайгаз құрылымдардың қалыптасуы трансұлттық интегралды мұнайгаз құрылымының даму жолын қайталайды. Қалыптасқан трансұлттық интегралды мұнайгаз құрылымына қарағанда, Қазақстанның экономикасы үшін ерекше мүде болып Ресейдің қайта құрылған және дамыған көлденен-интегралды мұнайгаз компаниясы, сондай-ақ Қазақстандағы «Харрикейн Хайдкарбонс» канада компаниясының іс-әрекетінің тәжірибесі табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz