Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚР-ғы шағын бизнестің даму тенденциясы (менеджмент)

Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
:
: l
Кіріспе: Әлемдік экономикада шағын кәсіпкерліктің даму мәселелері.
:
: 1. 1.
Кіріспе: Шағын кәсіпкерлік: түсінігі және мазмұны.
: 7
: 1. 2.
Кіріспе: Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі.
: 12
: 11.
Кіріспе: Қ Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму тенд тенденциясына талдау.
:
: 2. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы.
: 28
: 2. 2.
Кіріспе: Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары.
: 36
: 2. 3.
Кіріспе: “Март” ЖШС-нің қаржылық - экономикалық қызметін талдау.
: 43
: 111.
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары.
:
: 3. 1.
Кіріспе: Қазақстан Респуликасында кәсіпкерлік ортаның қалыптасуы.
: 56
: 3. 2.
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің ұйымдық - құқықтық нысандары.
: 66
:
Кіріспе:
:
:
Кіріспе: Қорытынды.
: 76
:
Кіріспе:
:
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
: 80
:
Кіріспе:
:

Кіріспе.

Нарықтық экономика жүйесінің негізгі бағыты, мемлекеттің меншігіндегі экономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделгендіктен экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы өркениетті елдердің қай - қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық - әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Себебі шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, халықтың әл - ауқатын, әлеуметтік статусын жоғарылатумен қатар нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, нарықтық бәсекелестік қатынастардың дамуына, іріктелген тауар көбейіп толығуы жергілікті шикізат қорын пайдалануына өз ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік қызметтің динамикасын зерттеу, оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: шағын бизнестің дамуы, оны мемлекеттік қолдауды және жетілдіру жолдарын анықтау, шағын бизнестің даму тенденциясын зерттеу. Шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдауда нормативтік - құқықтық базаны жетілдіру.

Дипломдық жұмыс міндеті кәсіпкерліктің мазмұны мен түсінігін, оның шетелдік тәжірибесін анықтау, шағын бизнестің ҚР -да дамуы, оны мемлекеттік қолдау шараларын анықтау және шағын кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық нысандарын анықтаудан мәселелерін шешуден тұрады.

Сондықтан да шағын кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Әлемдік тәжірибеде шағын кәсіпкерліктің теориялары мен тәжірибелерін Ж. Веттонның, Л. Коранның, Р. Коуздың,

К. Макконелдің, Ф. Хайектің, Р. Хизричтің, соңғы он жылдықта ТМД елдерінің Л. Абалкин, В. Алехин, Ю. Осипов, В. Радаев сияқты ғалымдарының еңбектерінен, ал Қазақстан Республикасында А. Есентүгелов, Р. Каренов, Ж. Кәрібжанов, К. Бердалиев, А. Көшербаева, Тоқсанова, А. Қаңтарбаевалардың еңбектерінен көре аламыз.

Бүгінде Республикамызда әлеуметтік өркендету, экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып жандандыру және олардың ұйымдық - экономикалық нысандары, ұйымдық - құқықтық нысандары мен мемлекеттік - құқықтық әдістерін жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекте қойылып отыр. Оған куә ретінде Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан жасалып жатқан кәсіпкерлікті қолдау, жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай - ақ осы шараларды материалдық және құқықтық актілерді атап өтуге болады. Сондықтан біз кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күштері деп білуіміз қажет. Осыған орай айта кететін жайт, мемлекетіміздің кәсіпкерліктің жан - жақты қолдау табуын тек кәсіпкерлікті әлеуметтік дамыту үшін ғана деп түсінбей, сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесінің де қомақты екенін естен шығармауға тиістіміз. Демек нарықтың өрлеп, өркендеуі кәсіпкерлердің қызметтеріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады. Тағы бір ескеретін жайт, бұрынғы тоталитарлық Қазақстан экономиаксының жеке меншікке негізделген нарықтық экономикаға түрлендіруі кәсіпкерлік қызметті дамытып, жандандырудың таптырмас көзі ретінде көрініс тауып отыр.

Кәсіпкерлік қызмет біз үшін, бүгінгі таңда әлеуметтік тұрғыдан айтарлықтай, толығымен қамтамасыз етіле қоймаған өте тың құбылыс болып табылады.

Дамыған елдердің экономикалық құрылымдарында шағын және орта бизнес нысандарының үлесі 80 - 90 пайызға дейін жетеді. Шағын кәсіпорындардың мобильділігі тұтынушылық сұранысты қанағаттандырудың негізгі көзі, экономикалық өсудің және ҒТП - тің жол бастаушысы болып табылады. Оның дамуы қажетті сападағы тауарлар мен нарықты толтыруға, жаңа қосымша жұмыс орнын құруға, яғни көптеген экономикалық - әлеуметтік және тағы басқа мәселелерді шешеді.

Еліміздің экономикалық - әлеуметтік дағдарыстан шығуды қамтамасыз етудің қажетті шарты, кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастарды дамыту және жетілдіру болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, 11 кестеден және 1 диаграммадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Әлемдік экономикада шағын кәсіпкерліктің даму мәселелері.

  1. Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және мазмұны.

Әлеуметтік - экономикалық дамудың қазіргі кезеңі экономика құрылымының қайта құрылуын алдын - ала айқындайды, өз кезегінде кәсіпкерліктің жылдам дамуына бағытталған. Қоғамдық қажеттіліктерін және өндіріс құралдарының нақты жалпылануының әртүрлі деңгейіндегі әртүрлі сипаттамалары түрлі өндіріс түрлерінің тиімділігі экономикалық маштабын объективті түрде күшейтеді. Белгілі бір шарттарға байланысты экономикалық пайдалылық және тиімділік ірі және ұсақ өндірісте бола алады.

Әртүрлі саладағы шағын және орта кәсіпорындарды біріктіретін бұл сфера әлемдік және біздің тәжірибеде жалпылама шағын бизнес немесе шағын кәсіпкерлік деген атауға ие болды.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңында кәсіпкерлік азаматтардың өз меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген азаматтардың өзінің немесе жауапкершілігі мен тәуекелділігін өз мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген.

Біз “ Нарықтық кәсіпкерлік” кітабында кәсіпкерлікке берілген анықтамаға қызығушылық білдіріп отырмыз. Онда кәсіпкерлік табыс алу мақсатында өзінің жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет делінген.

Осы анықтамаға сәйкес кәсіпкерлікке келесідей:

Кәсіпкерлік қолданып жүрген заңдар шеңберінде, азаматтардың өз меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген азаматтардың өзінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін өз мойнына алып, өзінің жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама беруге болады.

Кәсіпкерліктің бұл анықтамасы кәсіпкерліктің тек қана белгілі бір қызметпен айналыса алу қабілеттігін ғана сипаттамай белгілі бір қызмет түрі екендігін анықтайды.

“Шағын кәсіпкерлік” түсінігі әртүрлі меншік нысандарын және шаруашылық жүргізуін ерекше көрсететін экономикалық субъектілерін қоса көрсетеді. Бұл кооперативті және жеке, ашық - жабық және ашық типтегі, жанұялық және ұжымдық кәсіпорындар және тағы басқалар.

Шағын кәсіпкерлік - нарықтық экономика негізі. Ол экономикалық реформалардың магистральді бағыты бола алады.

Біздің шартармен жақын шет елдерде шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізі болып саналады, негізгі шаруашылық жүргізу нысаны болып табылады. Оған қолайлы кестесін құрады, яғни:

  • әртүрлі экономикалық ынталар;
  • шаруашылық қызметтерге ауқымды еркінділікпен қамтамасыз ету;
  • бәсекелесті қолдау;
  • жеңілдетілген несиелер;
  • еркін түрде баға құру;
  • инвестицияларға қолайлы жағдай жасау.

Шағын кәсіпкерліктің дамыған сферасын құру бұл экономикадағы нақты салықты реформалаудың қажетті шарты және компаненті болып табылады. Шағын бизнес осы уақытқа дейін экономикалық реформалар және экономикалық жеке бөліктер үшін қосымша құрал ретінде қарастырылу жолында болған, тек өмірге қабілеттілік қана емес, сонымен қатар шаруашылық қызмет көптеген сфераларында өз жағдайын жақсартып дәлелдеді. Шағын және орта бизнес бұл қазіргі экономикадағы жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі алғышарты екені анықталды. Сыртқы экономикалық орта белгісіздігінің өсуі, бәсекелес күрестің жаһандануы мен көбеюі, салалық құрылымының прогрессивті ғылыми көрінісі технологияның қайта қалыптасуы ірі корпорацияларды екінші жоспарға шеттетті.

Жетістікке жетудің маңызды факторлары жаңалықтарға деген икемділік, мобильділік және нарықтық орта өзгерістеріне жылдам бейімделу болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізін талдау кезінде елдегі экономикалық қатынасты дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесін зерттеуге қызмет ету тәжірибесі және қазіргі экономикасы жоғары дамыған елдердегі шағын фирмалардың алатын орны мен роліне сүйенген жөн.

Шағын және орта кәсіпорындардың нарық жағдайында дамуын ірі кәсіпорындармен салыстыра отырып талдайтын болсақ, тек қана әлсіз жақтарын емес (мүмкіндігі шектелген нарықтың көп деңгейлілігі, басқа фирмаларға тәуелділігі, менеджмент деңгейінің жоғары еместігі, бейімделу деңгейінің төмендігі, әріптестердің сенімсіздігі және т. б. ), сонымен қатар күшті жақтарына тоқталған жөн.

Шағын және орта кәсіпкерлік ірі массалық өндіріске қарағанда ең алдымен сұраныстың әртүрлілігін және өзгергіштігімен байланысты, сонымен қатар шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындардың қызығушылықтарын тудырмайтын нарықтағы сегменттерге негізделген.

Қазіргі батыс әдебиеттерінде кәсіпкерліктің 3 қызметін бөліп көрсетеді:

  • Ресурстық (еңбекшілірдің капиталын мобилизациялау, материалдық және ақпараттық ресурстар) ;
  • Ұйымдық (өткізу өндірісін ұйымдастыру, маркетинг, жарнамалар) ;
  • Шығармашылық (жаңашылдық және инициативаларды қолдану, тәуекелге бой бұру) .

Шағын және орта кәсіпкерлік нарық конъюктурасының өзгерістеріне оперативті әсер ала отырып нарықтық экономикаға қажетті икемділік береді, тұрғындардың өндірістік және қаржы ресурстарын қайта іске қосады. Бұл қатынастардың мүмкіндіктері туралы экономикадағы көрсеткішткрі бойынша жетекші және маңызды орын алатын өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі бойынша айтуға болады.

Шағын бизнес қызмет көрсету және сауда сфераларының дамуында, сонымен қатар жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде ролі ерекше және де бәсекелестік ортасының қалыптасуында маңызды үлес қосады. Ол өз кезегінде экономикада бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

Бір жағынан, шағын өзінің қосымша элементтерімен және олардың жоғарғы қозғалысы аз мөлшерде монополизацияға ұшырайды, басқа жағынан, мамандандырылуды және жаңа технологияны қолдануды шектеуде ең күшті бәсекелес ретінде болады, әлеуметтік шиеленісуді жеңілдетеді және нарықтық қатынастарды демократияландырады.

Кәсіпкерліктің аса маңызды міндеті - шағын іскерлікті жүзеге асыру және шағын кәсіпорынды қажет етеді, бұл ҒТР және оның нәтижелерін өндіріске тез енгізу, жаңа идеяларды іздеу және өңдеу, жаңа технологияларды құру және игеру, осы облыстағы делдалдық және жаңа идеялар, технологиялар, өнімдер нарығын игеру және өндіріс.

Тұтынушы кәсіпкерлік процесте негізгі рольді атқарады. Кәсіпкерлік қызмет тұтынушылар тауарды сатып алуға дайын болған жағдайда, яғни тұтынушы тауарға оң баға берген жағдайда ғана тауарды таратуға құқылы. Басқаша айтқанда сіздің өндірген тауарыңызды тұтынушылар сатып алуға дайын болса, немесе сатып алып жатса, онда сіздің тауарыңыз оң бағаланғаны. Егер де сіздің өніміңізді сатып алмаса және оны ешкім сатып алуға тырыспаса, яғни тауар пайдаланылмаған күйде қалса бұл оның тұғырнамасының теріс бағаланғандығын көрсетеді. Кәсіпкер қызметін жоспарлап, ұйымдастырған кезде тұтынушылардың көңіл күйіне, қалауына, мүддесіне, күтуіне, бағалауына ешқандай әсер ете алмайды.

Сонымен кәсіпкердің мақсаты тұтынушыларды жаулап алу арқылы өзіндік тұтынушылар ортасын құру.

Әрбір кәсіпкердің кез - келген ойы мамандандырылған жұмысшыларсыз жүзеге аспайтындығы белгілі. Кәсіпкер бизнес жоспар жасаған кезде қажетті жұмысшылардың тартылу мүмкіндігін ескереді. Кәсіпкер жаңа күрделі бағдарламаға көшкен кезде жұмысшыларды қайта дайындаудан өткізуді немесе сырттан жұмысшыларды тартуды ойластырады. Кәсіпкер мен жалдамалы жұмысшыны алатын болсақ олардың ойларының бір бөлігі бір - бірімен сәйкес келсе (мысалы, неғұрлым пайда көп болса, соғұрлым еңбекақы жоғары болады), бір бөлігі қарама - қарсы сипатта болады (кәсіпкер еңбекақының жоғарылауына қызығушылық білдірмесе, ал жалдамалы жұмысшы керісінше еңбекақының жоғарылауына қызығушылық білдіреді) .

*/ Тукаев А. А. “Анализ развития малого бизнеса в Казахстане” аль Пари Ν 2, 1998ж., 69бет /.

1. 2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға байланысты үлкен тәжірибе жинақталған. Осы елдердегі сондай проблемаларға әкімшілік 50-ші жылдардың соңынан бастап көңіл бөле бастады. Себебі, бұл маңызды әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешу қажеттілігін туындатады.

Егер АҚШ - ты алсақ, бұл елде шағын кәсіпкерлікке көмектесу мемлекеттік экономикалық саясаттың жеке бөлігі болып табылады. АҚШ конгресі өкілдерінің Палата және сенатында шағын бизнес комитеттері қызмет етеді, Сауда Министрлігі басқа министрліктер де және әкімшілік ведомстволарда шағын бизнес топтарына көмектесудің мақсаттық бағдарламаларын жүргізетін орталықтар бар. Одан басқа шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуді АҚШ-тың Сауда палатасы және әртүрлі кәсіпкерлік ассоциациялары жүзеге асырады. Бірақ, көмектің әртүрлі түрлерінің бағдарламасын толық шағын бизнес бойынша әкімшілік (АМБ) жүзеге асырады. Ол АҚШ Конгресінің шешімі бойынша 1953 жылы құрылды. Оның құрамына 10 аймақтық және 68 жергілікті бөлімшелер кіреді. Көмек шағын бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жүзеге асырылады. Негізінен кепілделінген несиелер арқылы және кәсіпкерлердің квалификациясын жоғарылату арқылы жүзеге асырылады.

Әкімшіліктің қызметіне төмендегілер кіреді:

  • Тұтынушыларға телефон арқылы, жазбаша және жеке көмек көрсету;
  • Қызмет көрсету шығындарын төмендету;
  • Кәсіпкерлерге әріптестермен қатынасу туралы кеңестер беру;
  • Кәсіпкерлерге жергілікті маштабтағы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы техникалық көмек көрсету;
  • Кәсіпкерлер мен тапсырушылар арасындағы жұмыс қатынастарын федералды агенттіктер арқылы қолдау.

АҚШ - та шағын бизнесті ынталандырудың несие - қаржылық механизмі жасап шығарылды. Оған тура және кепілделінген займдар, субсидиялар, әртүрлі салық жеңілдіктері, жеделдетілген амортизациялар кіреді. 1978 жылы Шағын бизнес туралы заң қабылданды. Ол заң бойынша шағын фирмаларға 10 мың доллар сомасында өндірісте федералды келісім - шарт алуға кепілдік берілді. *

70 - ші жылдардың соңында АҚШ Конгресінің бастамашылығымен шағын бизнес үшін инновациялық зерттеу бағдарламасы (ИП ИМБ) жасалып шығарылды. 1982 жылы зерттеу проектілеріне субсидияларды жоғарылатуды қарастыратын шағын фирмалардың инновациялық дамуы туралы заң қабылданды. Бағдарлама осы заңның шегінде 1983 жылы белсенді қызмет көрсете бастады.

1986 жылы АҚШ -та салық реформасы бойынша корпорацияның пайдасына салынатын салық жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізген жаңа заң қабылданды. Солай 74 мың доллардан асатын табыс сомасына салынатын салық 34% құрады. Жаңа салық ережелері шағын бизнестің қызмет етуіне қолайлы ортамен қамтамасыз етті және оның дамуына үлкен көмек көрсетті.

АМБ -ның іс -әрекеті федералдық бюджеттен қаржыландырылады. 72% шағын бизнесті дамытудың дәстүрлі бағдарламаларын несиелеуге бағытталған; 19. 6% модернизацияға және ары қарай дамуға бағытталады; 7. 4% немесе одан да көбі компаниялардың бірге құрған кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталады; 0. 5% микро несиелерге бағытталады, олар әдетте қайтарылмайды. Сонда да АМБ қызмет көрсететін клиенттерінің жалпы санының 85%- тен астамы бір жылдан кейін дағдарысқа ұшырайды.

*/ Разумнова И. И. Мелкие фирмы в США, экономика и управление - М. : Наука, 1987г. С. 94. /.

Шағын бизнестің дамуында жергілікті (муниципальді) құрылымдардың рөлі аз емес. Мысалы, Сиэтлдің муниципалитеті шағын бизнеске қатысты жасалған саясаттың арқасында осы провинциялық қалашықты дамыған орталықтардың біріне айналдырды. Тағы бір факт, компьютерлік бағдарламалардың өсуі бойынша ең үлкен Сиэтлде орналасқан дүние жүзілік “Майкрософт” компаниясы өзінің қызметін 20 шақты жыл бұрын үш жұмысшысы бар шағын кәсіпорын ретінде бастады.

Сиэтл муниципалитетінің негізгі міндеті - қаланың барлық аудандарының дамуына қажетті жағдай жасау.

Сиэтл муниципалитетінің басшылығымен бір қатар жобалар жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең перспективалысы - “Жаңа ғасырдың аяғындағы күшті шешім” деп аталатын бағдарламалар кешені. Жобаның негізі - нарықтық процестерді басқару қажеттігі туралы ереже, адамдардың еңбек ету және ақша табуға ұмтылуын қолдау, экономикалық тұрақты емес кәсіпорындардың дамуына көмектесу. Қалалық әкімшілік жоба шегінде 1997 жылдан бастап 3 бағдарламаны жүзеге асыра бастады:

  1. “Ақша табуға дайын ”қала бағдарламасы. Бұл бағдарлама қайта оқытуды қажет ететін потенциалды жұмыссыздар болып саналатын қызметкерлері бар, табыс көлемі төменгі дәрежедегі компанияларға қатысты.
  2. Бизнесті қолдау орталықтары және компания дамуын несиелеу. Сиэтл Банкі арқылы шағын бизнесті несиелеу көмегімен шағын бизнесті дамытуды қолдаудың 2 бірдей жобасын жасап шығарды. Қолдау объектісі болып жергілікті тәжірибесі жоқ, өзінің қазіргі жағдайымен (табыс деңгейімен, жұмыс сипатымен және тағы басқа) қанағаттанбайтын және оны өзгерткісі келетін жұмысқа қабілетті халық табылады. Бағдарламаның мақсаты - шағын кәсіпорындарға несиелік қызмет көрсету жолымен қаланың кедей және аз дамыған аудандарындағы шағын бизнесті дамытуды қолдауға бағытталған жеке және қоғамдық ұйымдардың күш салуларын үйлестіру және біріктіру. Әдетте, бұл - несие негізінде кәсіби оқыту, техникалық және басқа да көмектер. Қолдау орталығы қажетті құрылғыны, технологияны, әріптестерді және тағы басқаны іздеуге көмектеседі, ал несиелеу орталығы қысқа мерзімді микронесиелер мен кепілдіктерді табады.
  3. Сиэтлды комуналды дамыту достастығы. Бұл бағдарлама корпорациялар және мемлекетпен бірге жасап шығарылған және ол үй салғысы келетін бірақ қаржысы жетпейтін адамдарға немесе қаржысы бар бірақ кепілдеме және кеңесті қажет ететін адамдарға көмек көрсетуді қажет етеді. Тәжірибелердің дәлелдеуі бойынша, бұл - жаңа жұмыс орындарын жасаудың, жаңа қызмет түрлерін шығарудың, салық салынатын базаны кеңейтудің және инвестиция үшін құралдар алудың ең жақсы жолы.

Көріп отырғанымыздай, осы бағдарламалардың мақсаты - адамдарды әділетті ақша табуға және өзі тапқан ақшасын ақылды жаратуға үйрету.

Ссуда туралы айтатын болсақ, қор оны жеңілдік негізінде бермейді, банктік пайыздан 1. 5 есе артық береді. Жалпы қызмет көрсетілетін клиенттердің 76 бәсекелестік күресте тірі қалады. Көріп отырғанымыздай әртүрлі деңгейдегі ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері бірдей, бірақ оларды жүзеге асыру әдістері әртүрлі.

Бұндай тәсілдер біреудің асырауында блушылықты болғызбайды және шығармашылық ізденісті ынталандырады.

*/ Юсупова Н. Поддержка малого бизнеса предпринимательства США //Мировая экономика и международные отношения - 2001г. N5, с. 88.

Ұлыбританияда 1971 жылы шағын кәсіпкерлік секторындағы жағдайды зерттеу үшін және сәйкес ұсыныстарды жасап шығару үшін Болтон комиссиясы құрылды. Ұлыбритания үкіметі қазіргі күнге дейін шағын бизнесті дамытуға байланысты қабылданған заңдар мен бағдарламаларды қолдауды жалғастырып жатыр. Шағын және орта бизнес мәселелерімен министр рангіндегі шенеуліктермен басқарылытын департамент айналысады. Департамент жұмысына сауда және өндіріс, экология, денсаулық сақтау, жұмысбастылық, әлеуметтік қорғау және тағы басқа министрліктер қатысады.

Ұлыбританияның үкіметі шағын кәсіпкерлік сферасында кәсіпкерлік іс - әрекетті жалпы әлеуметтік - экономикалық жағдайлармен қамтамасыз ету, сонымен қатар тікелей қолдаудың әртүрлі экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолдану арқылы әсер етеді. Мемлекеттің бюджет саясаты шағын кәсіпкерлікті ынталандыруда басты рөлді ойнайды.

Ұлыбританияда ақысыз немесе төменгі төлемге шағын кәсіпкерліктің қызмет етуіне және құрылуына қатысты кеңестік қызмет, ғылыми - техникалық ақпарат және мәлімдемелермен қамтамасыз ететін тармақталған ұйымдар желісі қызмет етеді:

“Ұсақ фирмалар қызметі”, іскерлік әлемнен және биліктің сайлау органдары өкілдерінен тұратын жергілікті кәсіпкерлік агентстволары, жұмыссыздарға өз ісін ұйымдастыруға көмектесетін “Еңбек орталықтары” және тағы басқалар.

Жекелеген министрліктер (сауда және өнеркәсіп, жұмысбастылық, экология, энергетика) шағын бизнеске көмектесу бағдарламаларының 4 категориясын жасап шығарды:

* / Сорокина В. Государственное регулирование малого бизнеса: опыт Великобритании // Проблемы и теории практики управления 1998г., N2, с. 101. /.

  1. Жаңа және қызмет етіп тұрған фирмаларға кеңес беру бағдарламалары;
  2. Қаржылық көмек көрсету бағдарламалары;
  3. Ұсақ фирмаларға көмек көрсетудің аймақтық бағдарламалары;
  4. Ұсақ фирмалардың экспорттық қызметін қолдау бағдарламалары.

Шағын бизнес қаржылық көмекті ұлттық және жергілікті банктер, мемлекеттік - коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлікті қолдаудың әртүрлі бағдарламалары, қайырымдылық ұйымдар тарапынан алып тұрады.

Сондай бағдарламалардың ішінде 1983 жылы құрылған “Кәсіпкерлікті қолдау схемасы” маңызды орын алады. Ол бағдарламаның мақсаты - жұмыссыздарды өз бизнесін ұйымдастыруға тарту болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсақ бизнес деген ұғым және оның маңызы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі
Шағын бизнес және оның құрылуы
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Мемлекет пен бизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz