Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне Қазақтүрікмұнай ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономика факультеті

Экономика кафедрасы

Курстық жұмыс тақырыбы:

ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

Астана - 2006

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

  1. Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде . . . 6Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары . . . 6Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері . . . 10Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері . . . 12

2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау . . . 16

2. 1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және басқару жүйесі . . . 16

2. 2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері) . . . 19

2. 3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 - 2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау . . . 24

3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары . . . 36

3. 1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері . . . 36

3. 2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары39

Қорытынды . . . 41

Қолданылған әдебиеттер . . . 44

Қосымшалар . . . 45

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлік отандық экономиканы дамытудағы маңызды құрал екендігі айқын.

Нарықтық экономикаға көшу монополизмнің алдын алу, бәсекелікті дамытуға бағытталған өндіріс құрылымын қайта құру тәрізді радикалды өзгерістерді талап етті. Ал бұл әлемдік тәжірибе көрсеткендей меншіктің, ұйымдық-құқықтық формасының әр түріне бағытталған кәсіпкерліктің дамуынсыз нәтиже бермейді.

Қайта құруға дейінгі кезеңде сыртқы экономикалық байланыстарды басқару елімізде макродеңгейде, яғни мемлекет деңгейінде жүзеге асты. Сыртқы саудада және сыртқы экономикалық қызметтің монополия жағдайында мемлекет қандай ұйымдар, қандай салада, қандай көлемде операция жүргізуін бекітіп отырады, елдің экспорттық-импорттық жоспарын анықтайды. Мемлекет экспорт және импортты рұқсатқағаздар жүйесі арқылы реттеп отырады. Тек 80 арнайы сыртқы экономикалық ұйымдар әлемдік нарықта экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы болды.

Қайта құру кезеңі басталысымен (нақты 1987 жылы) сыртқы нарыққа кез келген өнімі әлемдік нарықта бәсекеге ие отандық кәсіпорындар мен фирмаларды шығаруға құқық беретін мәміле қабылданды. Қазір әрбір ұйым заңнамалар шегінде өзі сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырып, оны микродеңгейде басқара алады. Мемлекет бұл жағдайда реттеу, үйлестіру, бақылау және әсер ету қызметтерін атқарады.

Фирма деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару сыртқы экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын әзірлеу, шетелдік нарықтағы фирманың тәртібін, сыртқы сауданың жоспарын құру, сыртқы экономикалық қызметті басқару органдарының тиімді құрылымын қалыптастыру, оның фирманың басқа қызметтерімен үйлестіру, шетелдік серіктестермен экономикалық қатынастар шешімін ақпаратпен қамсыздандыру сияқты мәселелерді шешуді талап етеді.

Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің негізі экспорттық өнім өндіру болып табылады. Экспорттық өнім өндірушілер мен қызмет ұсынушылардың өз тарапынан сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік беру сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) жаңа формаларының дамуына ғана емес, сонымен қатар шетелдік серіктестермен тікелей өндірістік қатынастар орнату мен фирмааралық, бірлескен кәсіпорындар негізінде бірлесу, жаңа ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдардың пайда болуына себеп болды. Сыртқы нарықпен қатынас орнатуға сонымен қатар басқа да бағыттар әсер етті. Экспорттық стратегияны әзірлеуде маркетинг пен жарнамаға жоғары назар аудару, сыртқы нарыққа шығу және сыртқы сауда қатынастарына түсу процедураларының ережелерін білу және орындау, сонымен қатар инвестициялық-шаруашылық саясат және елде және сырт елдерде мемлекеттің реттеу механизмі. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру жағдайында елімізде меншіктің әр түрлі формалары пайда болды. Меншіктің әр түрлі жаңа формаларының арасында отандық экономиканың дамуына әсер етуге бағытталған, белгілі орын алатындарының бірі - бірлескен кәсіпорындар. Бірлескен кәсіпорындар - салыстырмалы түрде халықаралық кәсіпкерліктің жаңа ұйымдық-әлеуметтік формасы. Көптеген экономикалық әдебиеттерде бірлескен кәсіпорындар деп шетелдік серіктесі бар, өндірістік, ғылыми-техникалық, сыртқы сауда және т. б функцияларды атқаруға қолданылатын материалдық және қаржылық ресурстарға ортақ меншіктік қатынас орнатылған шаруашылық және құқықтық әріптестік формасын атайды.

Қазақстанда құрылып жатқан бірлескен кәсіпорындар елге жаңа техника мен технологияны, халықаралық маркетингтің қазіргі әдістерін және алдыңғы қатарлы басқару тәжірибесін тартуда позитивті маңыздылыққа ие болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған мәселелер курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты - бірлескен кәсіпорындардың қызмет ету және оны жүзеге асыру механизмдерінің негізін теориялық зерттеу, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу негізінде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметтерін жетілдіруге ұсыныстар жасау.

Сондықтан курстық жұмыс барысында келесі міндеттер қойылды:

  • Бірлескен кәсіпорындардың теориялық негізін зерттеу;
  • Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың әрекет ету механизмінің құқықтық базасын қарастыру;
  • «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу;
  • Мұнай саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің шетелдік тәжірибесіне тоқталу;
  • Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірлескен кәсіпорындардың қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары мен механизмдерін айқындау.

Курстық жұмыстың теориялық бөлімінде бірлескен кәсіпорындар түсінігі, олардың мұнай саласындағы қызмет ету механизмінің құқықтық негіздері, Қазақстан өнеркәсібіндегі маңызы талқыланды.

Екінші, сараптамалық бөлімде Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне талдау жүргізу «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу мысалында жүзеге асты. Кәсіпорынның құрылу тарихынан бастап, басқару жүйесіндегі ерекшеліктерге назар аударылды. Есеп беру жүйесіндегі, салық жүйесіндегі, баға қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктер қарастырылды. Соңғы үш жылдағы қаржылық, экономикалық көрсеткіштеріне сараптама жүргізілді.

Үшінші бөлімде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК даму перспективасы мен проблемамалары қарастырылып, жалпы мұнай-газ секторындағы бірлескен кәсіпорындардың дамуындағы кедергілерді жою, олардың қызмет ету аясын жетілдіру бағытына ұсыныстар жасалды.

Курстық жұмыстың теориялық негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, монографиялары, мақалалары, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері қарастырылды. Курстық жұмыстың ақпараттық базасы - ҚР-ның статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің мәліметтері, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның қаржылық қызметінің есебі, интернеттегі ақпараттық сайттар.

Жұмыс барысында ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық, салыстыру, талдау және синтез, индукция, дедукция, жалпылау, топтастыру, математикалық әдістері қолданылды

Қорытынды

Отандық кәсіпкерлікті дамыту 1992 жылдардан бастау алады және күні бүгінге дейін оның интенсивті бағыттарын жетілдіру жолдары ұсынылып, жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанның алдыңғы қатарлы елу бәсекелес елдің қатарына енуі де, алдымен ішкі нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп, сыртқы нарыққа сенімді түрде жетістікке жете алатын отандық кәсіпкерлердің «таңдаулылары» шығуы тиіс. Ол үшін кәсіпкерліктің меншік, ұйымдық-құқықтық формаларына, қызмет аясына байланысты әр түрінің, яғни кәсіпкерлік инфрақұрылымының жан-жақты дамуы қажет. Отандық кәсіпкерлікте бірлескен кәсіпорындардың маңызы артып келеді. Себебі олар алдыңғы қатарлы технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, өткізу тәжірибелерін ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, экспортты диверсификациялау, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде жеңіл конверттелетін валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге, өндірістік күштерді , яғни халықаралық еңбек бөлінісінде артықшылықтарды неғұрлым тиімді пайдалануға, мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтан сырғыту, олардың монополиялық мүдделерін жоюда техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болуға, сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдермен шығуға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс аясында мемлекетіміздегі мұнай саласындағы бірлескен кәсіпорындар қызметін кеңірек ұғыну және олардың қызмет етуінің даму перспективасын, проблемаларын айқындау мақсатында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жасалған болатын, ол мемлекетіміздегі мұнай саласындағы тиімді жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Бірлескен кәсіпорын қызметіне Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән экономикалық, саяси және әлеуметтік тәуекелдер елеулі әсер етеді. Бұл тәуекелдерге үкімет саясатының нәтижелері, экономикалық жағдайлар, салықтық және құқықтық сферадағы өзгерістер, валюта бағамдарының тербелістері, келісімшарттық құқықтардың жүзеге асу мүмкіндіктері жатады.

Бірлескен кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мұнай өндіруші компанияларға бекітетін жыл сайынғы экспорттық квотасына тәуелді. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдай Үкіметтің уақыт өткен сайын отандық мұнай өңдеуші компанияларды экспорттық бағадан әлдеқайда төмен бағалы мұнаймен қамтамасыз ету мақсатындағы мұнай өндіруші компаниялар қызметіне мейлінше әсер етуге тырысуымен сипатталады. 2005 жылы, мысалы, ішкі нарықта сатылған мұнай бағасы экспорттық бағадан жарты құнына төмен болған. Бірлескен кәсіпорын өндірген мұнайдың 98%-і экспортқа шығарылған, яғни жалпы өндірілген 340 986 тонна мұнайдың тек 16 000 тоннасы ішкі нарықта сатылған.

Бірлескен кәсіпорын қызметіне әсер ететін мәселелердің бірі - тасымалдау мәселелері. Кәсіпорын өндірген мұнай Қазақстандық жақтың еншілес компаниясы «ҚазТрансОйл»-ға тиесілі мұнай құбырларымен тасымалданады. «ҚазТрансОйл» мұнайды тасымалдау нарығында монополист болып табылғандықтан, бірлескен кәсіпорынның экспортқа шығаруға мүмкіндігі бар мұнай көлемінің тасымалдау шығындарына елеулі әсер етеді. Соңғы жылдарда «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау компаниясы өзінің тасымалдау тарифтері тұрақтылығын ұстап тұруға күш салып келеді, мысалы биылғы жылы бір тонна мұнайды 1000 шақырымға тасымалдау тарифі 19, 5 АҚШ доллары көлемін құрады.

Бірлескен кәсіпорын Қазақстандағы барлық мұнай өндіруші компаниялардан талап етілетін пайдалы қазбаларды пайдалануға байланысты заңдарды және Келісімшартта айқындалған шараларды орындауға міндетті. Жүргізілген аудиторлық бақылау нәтижелері бойынша бірлескен кәсіпорын заң талаптары мен шарттарды орындап жатыр деген қорытындыға келуге болады.

Жалпы кәсіпорын құрылған күнінен бастап 216 357 метр бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, 116 барлау және 5 өндіру ұңғыларын тамамдады. 1993-2005 жылдар аралығында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-і 400 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК мемлекетіміздегі мұнай саласындағы тиімді жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Әр түрлі мұнай өндіруші елдер тәжірибесінде мұнай өндіру саласындағы шағын және орта бизнес - бұл біріншіден, саланың шектен тыс монополизациялануына қарсы әрекет етуші фактор, екіншіден, шағын, рентабельділігі өте төмен, қиын игерілетін қорларға ие кен орындарын игеруге және қалдық мұнай қорларын игеруге әсер етуші негізгі өндірістік күш. Шикізаттық базаның табиғи тозу процесі, максималды көлемде көмірсутектерді алуға кепілдік беретін пайдалы қазбаларды рационалды пайдалануға ұмтылу, жеке мүддені қолдаудағы мемлекет саясаты мұнай өнеркәсібіндегі шағын компаниялардың пайда болуына, даму және өркендеуіне себеп болған факторлар болып табылады.

Көптеген мұнай өндіруші саладағы бизнестің шағын формаларын белсенді дамытып отырған елдердің тәжірибесін талдау және біздің елдің нақты жағдайларына үйлестіре қолдану, олардың қателіктерін, шектеулерін ескеру, отандық заңнаманы оперативті жетілдіру Қазақстанның мұнай-газ секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ескі мұнай- кен орындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұнай-газ секторындағы институционалдық қайта құрулар мынадай сипатта болуы тиіс:

  • Ірі интегрцияланған құрылымдардың әлсіреуі барысында жеке аймақтар шеңберінде мұнай-газ секторының ұйымдастырушылық құрылымының дамуы;
  • Ірі компаниялардың мұнай-газ өндіру қызметінің олардың тиімді қызмет етуі жағдайларының төмендеуіне байланысты басқа перспективті аймақтарға ауысуы.

Осы бағыттағы институционалдық қайта құруларды жүзеге асыруға бағытталған құқықтық және экономикалық алғышарттар ұлттық шаруашылық айналымына ұсақ мұнай кен орындарын тартуға, көмірсутектерді өндіруді тұрақтандыруға, жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашуға, қорларды қолдану тиімділігін арттыруға, жалпы жаңа кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін ұлғайтуға себеп болады.

Негізгі түйін отандық кәсіпкерлікті дамытудың көздері тиімді құқықтық база, кәсіпкерлер құқықтарын ұлғайту, мемлекеттік бюрократиялық, жемқорлық кедергілерді жою, ақпаратқа, қаржыға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуде екеніне келіп тіреледі.

  1. Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретіндеБірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары

Көптеген өтпелі экономика кезеңіндегі елдерде бірлескен кәсіпкерлік формаларының даму үрдісі байқалады. Бірлескен кәсіпкерлік - екі не одан артық елдердің бірігу арқылы білім, өнімді өндіру және өткізу сферасындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және т. б қызметтердегі күштерді біріктіру негізіндегі ортақ өндірістік-шаруашылық қызметі.

Бірлескен кәсіпкерлік құрудағы негізгі мақсаттар мен міндеттер елге алдыңғы қатарлы технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, өткізу тәжірибелерін ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, экспортты диверсификациялау, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде жеңіл конверттелетін валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асыру нысандары болып бірлескен кәсіпорындар табылады. Бірлескен кәсіпорындар дегеніміз - қатысушылардың мүлкін келісілген түрде бірлестіре отырып, шаруашылық қызметті басқаруды бірлесе отырып жүзеге асыруға, алынған экономикалық пайданы кәсіпорын капиталындағы үлеске байланысты бөлуге бағытталған екі немесе одан бірнеше елдер кәсіпорындарының бірлестігі [5] .

Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар заңдық тұрғыдан акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде құрыла алады. Бірлескен кәсіпкерліктің халықаралық әріптестіктің бір түрі ретінде пайда болуы өндірістік күштерді , яғни халықаралық еңбек бөлінісінде артықшылықтарды неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін процеске негізделеді[6] .

Бірлескен кәсіпорындардың басқа әріптестік түрлерінен ерекшеліктері:

  • Қатысушылардың шаруашылық қызметтің бірнеше сферасы - шикізатты игеру, өңдеу, ақырғы өнімді өндіру, технологиялық қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен әзірлемлер, өндірісті қаржыландыру, өнімді өткізу және т. б қызметтер бойынша ұзақ уақытқа (5-10 жыл және одан артық) бағытталған әріптестігі.
  • Ортақ мақсатқа жету үшін серіктестіктердің меншіктерін (ақша, ғимарат, құрал-жабдықтар) біріктіруі;
  • Жарғылық қорды және кәсіпорынның басқару органдарын бірлесіп қаржыландыру;

- Құрылтайшылар арасында жарғылық қордағы үлеске сәйкес алынған пайданы бөлу;

- Ортақ тәуекел және мүмкін болатын шығындарды олардың шаруашылық шараларға қатысу үлесі бойынша ортақ шектеулі жауапкершілік.

Сондықтан, халықаралық әріптестіктің басқа формаларына ерекшеленетін бірлескен кәсіпкерліктің айрықша белгілері ортақ мүлік, пайда мен тәуекелді сәйкес бөлу тәрізді элементтер болып табылады.

Жоғарыда айтылған ерекшеліктер сыртқы нарыққа шығу стратегиясында белгілі артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік туғызады:

  • Өндіріс көлемін ұлғайту, бірлескен кәсіпорынның негізгі құралдарын модернизациялауға серіктестердің жоғары қызығушылығын туғызу;
  • Өндірістің тиімділігін, өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуге серіктестердің жауапкершілігін арттыру;
  • Серіктестердің тауарды өндіру, сату алдындағы, өткізу, сатылғаннан кейінгі операцияларда күштерін біріктіруге ұмтылуы.

Бірлескен кәсіпорындарды құру өтпелі экономика кезеңінде жұмыссыздықты жоюға, әлемдік нарықта әрекет ету үшін шетелдік серіктестердің маркетинг саласындағы тәжірибелерін игеруге, шетел капиталын тарту, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу, халықтық тұтыну тауарларының елде тапшыларын сол ел территориясында өндіруге, яғни импортты төмендету арқылы валюта шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді [7] .

Ел экономикасындағы қатердің бірі ірі компаниялардың монополизациялануы болып табылады. Бірлескен кәсіпорындар құру монополизммен күрестің бір құралы бола алады. Мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтан сырғыту, олардың монополиялық мүдделерін жоюда бірлескен кәсіпорындар техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болады.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей бірлескен кәсіпорындар отандық кәсіпорындармен сәтті бәсекеге түсіп, оларды өнім сапасын көтеруге, өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр етеді.

Бірлескен кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық мәні меншік иелерінің құралдарының бірігуінен шығады. Яғни аналық компанияның меншігі белгілі деңгейде биліктік сипатқа ие болады. Бірлескен кәсіпорын бірнеше заңды тұлғалар арасындағы келісім нәтижесінде құрылады және тіркеуден өткеннен кейін заңдық тұлға сипатына ие болады. Бірлескен кәсіпорын жеке заңды тұлға бола отырып, өзінің міндеттемелеріне толық жауапкершілік алады. Өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптері бойынша әрекет етіп, толық шаруашылық есеп жүргізеді.

Кәсіпорын өз тарапынан шаруашылық қызмет бағдарламасын жасайды және төмендегідей басқару органдарына ие:

Басқару (правление) - кәсіпорынның жоғарғы басқару органы. Ол кәсіпорынның техникалық және шаруашылық бағдарламасын айқыдайды, ассортиментті жаңарту, құрал-жабдықтарды модернизациялау, пайданы бөлу және т. б мәселелерді шешеді.

Дирекция - атқарушы басқару органы. Кәсіпорынның ағымдық қызметін басқарады, оның құрамы жоғарғы басқару органы арқылы қазақстандық және шетелдік азаматтардан құралады. Жоғарғы басқару органының өкілі болып шетел азаматы қабылдануы мүмкін.

Ревизиялық комиссия - жылдық балансты, бухгалтерлік есепті жүргізу реттілігін тексеретін бақылау органы [2] .

Серіктесті таңдау шетелдік серіктестермен сыртқы экономкалық байланыс ақпараттарына қатысты жүзеге асырылады. Серіктесті іздеу барысында инвестициялық климатты (экономикалық, саяси және елдегі құқықтық жағдайлар) және оның жақсару мүмкіншіліктері есепке алынуы тиіс.

Бірлескен кәсіпорын қызмет етуінің бірінші белгісі бұл олардың жарғылық капиталының қалыптасуы болып табылады. Яғни, ол - қатысушылар салымының негізінде қалыптасатын негізгі немесе айналым капиталы (теңгеде немесе шетел валютасымен) . Жарғылық қордың қалыптасу реті және оның маңызы қазақстандық және шетелдік қатысушылардың келісімімен құрылтайшылық құжаттарды есепке ала отырып бекітіледі. Көптеген арнайы банктердің есептеуі бойынша бірлескен кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы оның жарғылық қоры кәсіпорынды құруға және қызметтің алғашқы кезеңін қамтамасыз етуге кеткен жалпы шығындарға тең болса, не оның 50% құрағанда ғана қамтамасыз етіледі.

Қажеттілік туындаған жағдайда БК несие құралдарын пайдалана алады.

БК пайдасы деп оның экономикалық қызметінің нәтижесін айтады. Пайданың көп бөлігі негізінен отандық қатысушыда ұлғаймалы өндірісті кеңейту, қоғамдық тұтыну қорларын құру және жалпы мемлекеттік шығындарды шешу сияқты мәселелерді жүзеге асыру үшін қалдыру көзделеді.

Жарғылық қордағы үлесіне байланысты шетелдік қатысушы өз пайдасын алады, ал елден алып қайтқанда пайдаға салық салынады.

Бастапқы кезеңде үкімет шетел капиталын тартуды көздейді де, БК қызметіне белгілі жеңілдіктер енгізеді.

Бірлескен кәсіпорындардың қызмет әрекетінің тоқтатылуы келесі жағдайлар нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін:

  • Қызмет ету мерзімінің аяқталуы;
  • Көзделген мақсатқа жету;
  • Қатысушылар арасындағы өзара келісіммен және т. б заң, жарлық, құрылтайшылық құжатта ескерілген мәселелер бойынша [2] .

Бірлескен кәсіпорынның жойылуы оның құрылтайшыларымен бекітілген ликвидациялық комиссиямен, ал егер банкроттық жағдайында сот үкімімен сайланған ликвидациялық комиссиямен жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпорын ұлттық экономикадағы жеке экономикалық бірлік ретінде өзіне тән сипатты белгілері мен ерекшеліктері бар. Оларды белгілі критерийлер бойынша, яғни пайда болу сипатына, ұйымдастыру формасына, серіктестердің үлестік қатысуна, әріптестіктің кешенділігіне, қатысушылардың басқаруға әсер ету және экономикалық кезеңдердің байланысу түрлеріне қатысты жіктеуге болады [8] .

Пайда болу сипатына байланысты олар белгілі шетелдік үлестік қатысу нәтижесінде жаңа кәсіпорынның пайда болуын немесе қайта құрылудағы бірлескен кәсіпорынның еншілес немесе филиалдарының қалыптасуын сипаттайды.

Көбінесе бірлескен кәсіпорындар шетелдік капиталды бұрын құрылған кәсіпорындар мен ұйымдардың өндіріс масштабын кеңейту, тиімділігін арттыру үшін тарту нәтижесінде құрылуы мүмкін. Бұл шетелдік серіктестің жалпы капиталға салымы не қазақстандық кәсіпорынның акцияларын иемдену арқылы жүзеге асырылады. Осындай жолмен құрылған БК-дар арасындағы келісім өндіріс көлемін анықтау, өнімді бөлу және өткізу, салықтарды төлеу реттілігі, басқару жүйесі және әріптестік мерзімі тәрізді мәселелерді қамтиды.

Жаңа кәсіпорын құру немесе ескі кәсіпорынды кеңейтуге серітестердің қаржылық ресурстары жетпеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда инвестициялық банктер араласады. Олар кәсіпорын қызметін жобалау үрдісінен бастап, оны жүзеге асырғанға дейін қаржыландыруы мүмкін. Мұндай қаржыландыру көптеген дамушы елдерде қолдау тапқан. Оның мәні бірлескен кәсіпорынның тек өмірге қабілетті жобаларын ғана шетелдік қаржылық мекеме жергілікті үкіметтің және банктің кепілдігінсіз қарызға қаржыландырады. Несиегерлердің қаржылық кеңесшілері ұтылып қалмас үшін жобаның экономикалық параметрлерін толығымен қарастырып, оның жүзеге асуының соңына дейін бақылау жүргізеді. Бұл бірлескен кәсіпорын формасы құрылыс саласына көбінесе тән, себебі объектінің толық уақыт мерзімінде қаржылық қамтамасыз етілуіне кепілдік береді және құрылыстың аяталуын жылдамдатады. Көптеген елдердегідей бұл форма Қазақстанда да кең қолдау таппаған[9] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның қарыз капиталын басқару
Мұнай сферасындағы маркетинг
Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу
Қазақстанның мұнай газ саласы
Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Түркия Республикасының тоғызыншы
КӘСІПКЕРЛІК БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДЕМЕУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Өндірісті ұйымдастыру типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz