Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3б
Ι бөлім. Бюджеттен тыс қорлардың мәні.
- Қаржы жүйесіндегі Бюджеттен тыс қорлардың орны . . . 4-7б
- Қазақстан Республикасының Бюджеттен тыс қорлардың әрекет етуі . . . 8-11б
- Бюджеттен тыс қорлардың шетелдерде қалыптасуы . . . 12-14б
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорының әлеуметтік, экономикалық мәні мен көрсеткіштері.
2. 1. Зейнетақы қорының мазмұны, құралу көздері . . . 15-18б
- Қазақстан Республикасында зейнетақы қорының қалыптасуы және дамуы . . . 19-25б
- Зейнетақы қорларының қаржылық көрсеткіштері . . . 26-28б
ІІІ бөлім. Қазіргі бюджеттен тыс қорлардың экономикаға тигізетін әсері, проблемалары және оларды шешу жолдары.
- Қазақстан Республикасының Бюджеттен тыс қорларын дамыту перспективалары . . . 29-33б
Қорытынды . . . 34б
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Кіріспе
Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері жинақ ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дамыған елдерде тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Сондықтан да экономикасы дамушы барлық елдер үшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі - банктік емес қаржы институттарын жедел түрде дамыту маңызды.
Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға бет бұрғалы еліміздің барлық салаларында нарық талабына сай түбегейлі өзгерістер енгізілуде. Нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет жеткіліксіз болып, мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылды.
Курстық жұмыстың мақсаты - өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың қаржы жүйесіндегі орнын, қажеттілігін, мемлекетке тигізетін әсерін анықтау.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде, қаржы жүйесі, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуы, мақсаты баяндалады. Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорының дамуы, қаржылық көрсеткіштері көрініс алады. Үшінші бөлімде, Бюджеттен тыс қорларды дамыту жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыс теориялық және әдістемелік негізі ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Сондай-ақ негізгі оқулықтардан мәлеметтер алынды.
Ι бөлім. Бюджеттен тыс қорлрдың мәні
1. 1. Қаржы жүйесіндегі бюджеттен тыс қорлардың орны
Жалпы мемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. [2; 355]
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жанғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың біріңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды. [5; 198]
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфереларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді. [2; 256]
Бюджеттен тыс қорлардың өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар - аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар:
- жарғылық қызмет;
- артық ақшалардың белгілі бір үйлесін қаржы активтеріне инвестициялау;
- коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар - бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны. [5; 201]
Арналымы - мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:
- арнаулы мақсатты салықтар;
- қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
- қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
- ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
- отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
- арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;
- зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрлымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
- қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.
Бюдджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының - орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады. [2; 257]
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
б) кеден баждарын төлеуден босату
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы тұрақты да, сондай-ақ ауқытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, онымен бірге бағалы қағаздарға салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы рыногының қатысушылары болады. [2; 256-257]
Сонымен, бюджеттен тыс қсрлар қаржы жүйесінде беделді орын алып отыр. Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны деп те айтуға болады. Бюджеттен тыс қорлар заң жүзіде бекітілген, әр түрлі көздерден құралып, қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландырады.
1. 2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының әрекет етуі
Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың формасы болып көрінеді.
Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады. [5; 199]
Қаржы институттарының - бөджеттн тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады. [2; 359]
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:
- Зейнетақы қоры
- Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры
- Әлеуметтік сақтандыру қоры
- Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ)
Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлі қоғам формасында құрылады. Олар уәкілетті органның келісімімен өз филиалдарын ашуға құқы бар. Міндетті зейнетақы жарна төлеу үшін жинақтаушы тек бір қорды таңдауға және сол қормен зейнетақылық қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт пайымдауға міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті жарна төлеуден зейнеттік жасқа жеткен тұлғалар босатылады. [4; 189]
Зейнетақы қоры. Олардың негізгі міндеті:
- балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
- халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
- өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту.
1993 жылдан бастап ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 жылы зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, төрт айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.
Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын - Зейнетақы қоры. 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.
Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, Қазақстан Респуликасы Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді. [5; 200]
Қазақтан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртібі бойынша агенттер жинақтаушы қорларға міндетті зейнетақы жарналарын мезгілінде есептеп және төлеп отыруға міндетті. [4; 193]
Жинақтаушы зейнетақы қоры өз міндеттемелері бойынша алымшылар мен салымшылар арасында тек меншікті мүлігімен жауапты. Қорлардың инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымдардың және банк-кастодианның жайапкершіліктердің тәртібі мен шарттары заңнамалық актілер және келісімшарттармен анықталады. Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы қорландыру сомасының азаюы қордың, ұйымның және банк-кастодианның кінәсі нәтижесінде болса, онда сол сома міндетті түрде қор қаражаттары арқылы толтырылады. [4; 195]
Әлеуметтік сақтандыру қоры - аумақтық дәл осындай, осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құрылады. Әлеуметтік сақтандыруқорының қоржысы еңбекке төлеу қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылымдары есебінен қалыптасады 19930 - 1995 жж. Аралығында осы аталмыш қорға аударымның жалпы сомасының 15%-ы түсті. 1996 ж 1 қаңтарынан бастап, бұл сан 5%-ы төмендеді. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы әр түрлі төлемдерге (еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүкті езде және босанғанда, бала туғанда бірмезгілдік, жерлеуге) емдеу-сауықтыру орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың негізгі шығындарының үлесі жәрдмақы төлеуге тиеді. [2; 359]
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шарларының өткізілуін қаржыландыру үшін арналып жұмыпен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 ж. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры құрылды. Қаулыда анықтап көрсеткендей оның қаржысы бюджеттің құрамына енбейді, яғни қор бюбжеттен тыс болып есептелінеді. Соған қарамастан қор 1993 ж. Бюджетке енгізілді, оның қаржылық жағдайының жақсылығымен және артық қаржыны бюджеттің қажеттілігіне жұмсалуының мүмкіндігімен түсіндірілді. 1995 жылдың мамырынан бастап, Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қалды.
Оның қаржылық көздерін қамтитындар:
- Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, еңбекке төлеу (296) қорының белгіленген мөлшерінен және шаруашылық жүргізу мен меншік түрлерінің формаынан тәуелсіз, өзге де жұмыс берушілер мен кооперативтердің міндетті аударымдарынан;
- мемлекеттік бюджеттен дотациялар және де олардың ұсыныстары нақтыланған жоқ;
- отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың ерікті жарналары, коммерциялық қызметтің табыстары мен басқадай түсімдер. [5; 200]
Міндетті медициналық сақтандыру қоры. Қазастан Республикасы Үкіметінің жанынан 1995 ж. 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1295 қаулысымен Міндетті медициналық құрылған болатын. Қазақстан Республикасының заңында азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өзін сақтандыруға құқылы екендігі және осы саладағы мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру үшін және оны әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ететіні қарастырылған. Сонымен қатар жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мен Қазақстанның барлық аумақтарындағы сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын және оның көлемін теңестіру үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржылай қаражатының медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет меншігінде. Ол бюджеттің және басқа қордың құрамына кірмейді, сондықтан да тиесінше алынуға жатпайды. Олар мыналардың есебінен құралады:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген міндетті медициналық сақтандырудың көлемінде жұмыс берушінің сақтандыру бөлімінің төлемдерінен;
- мөлшерленген басы артық (запас) сақтандырудың қаржылай қаражат қоры;
- қордың уақытша босаған қаржысын пайдаланудан түскен табыстардан;
- ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың сыйлықтарынан;
- Қазақстан Республикасы заңында тыйым салынбаған басқа тусімдерден. [5; 201]
1. 3. Бюджеттен тыс қорлардың шетелде қалыптасуы
Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елдермен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі - банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор. [5; 198]
Ресей Федерациясының қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар РСФСР заңына сәйкес қалыптасты.
Бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуының алғышарты - қоғамға қажетті маңызды шығындарды жабатын табыстар көздерімен қамтамасыз ету. Бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуы туралы шешімдерді Ресей Федерациясының Федералдық жиналысы шешеді.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қарамағында болады, бірақ олар автономды болып келеді. Бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздері:
- арнайы салықтар;
- шаруашылық субъектілердің табыстарының бір бөлігі;
- бюджеттік әдістер;
- банктік несиелер.
Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы. Бюджеттен тыс қорлар қалыптасу уақытынан бастап экономикалық мазмұнына қарай үлкен 2 топқа бөлінді.
- әлеуметтік қорлар, оларға жатады: Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры, Міндетті медициналық сақтандыру қоры, Тұрғындарға әлеуметтік жәрдем көрсету қоры.
- Экономикалық қорлар: жолдық және т. б. [6; 386]
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары.
1. Зейнетақы қоры. Зейнетақы қорының маңызды принципі - ұрпақтан ұрпаққа берілетін жауапкершілік. Оның міндеті адамдардың жұмыс істеп жинаған табыстармен болашақта қамтамасыз ету. Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры негізгі үш көздерден қалыптасады: жұмысшылардың және жұмыс берушілердің сақтандыру қаражаттарынан, федералдық бюджеттен сигменттелуінен. Сонымен қатар, қорлар өз еріктерімен салымдарды тартады.
Зейнетақы қорының сақтандыру мөлшерлемелерінің салымдары 1999 жылы құрылған:
- жұмыс берушілер - мекемелерге, кәсіпорындарға 28 % мөлшерінде;
- жұмыс берушілер - колхоздарға, совхоздарға, ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушыларға 20, 6 % мөлшерінде;
- тұрғындарға және жеке тәжіребиемен айналысатын тұлғаларға ( аудиторлар, нотариустар және т. б ) 28 % мөлшерінде;
- жұмысшыларға 1 % мөлшерінде; [6; 387]
Ресей Федерациясының зейнетақы қоры - бұл Ресей Федерациясының азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында қаржылық песурстардың қалыптасуымен бөлінуін қамтамасыз ететін мемлекеттің орталықтандырылған қоры. Ресейдің зейнетақы қорының функцияларына мыналар жатады:
- сақтандыру ;
- Қор жайлы заңда қарастырылған шығындарды қаржыландыру;
- Ресей зейнетақы қорының қаражаттарының капитализациясы және оған жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналарын тарту;
- Сақтандыру жарналарының толық және уақытында түсуін, Ресей зейнетақы қорының қаражаттарының дұрыс және рационалды шығысталуын бақылау;
- Сақтандырылған тұлғалардың индивидуальді есепті ұйымдастыру және енгізу;
Ресей зейнетақы қорының басшылығы басқаруды жүзеге асырады және оның үнемі қызмет ететін атқарушы органы - атқарушы дирекция. [6; 388]
Ресей зейнетақы қорын басқарудың мақсаты мыналар болып табылады:
- бюджетті, шығындар сметасын, Ресей зейнетақы қорының еңбекақы төлеу қорын және оның органдарын қоса, олардың орындалуы туралы есепті, сонымен қатар оның құрлымын және шарттарын бекітеді;
- Ресей зейнетақы қорының атқару деректорын және оның орынбасарларын ревизиялық комиссия председателін және бөлімше бастықтарын қызметтен босату және тағайындау;
- Ресей зейнетақы қорының аймақтық органдарының және ревизиялық комиссияның, атқарушы дирекциясы жайлы жағдайды бекіту;
- Ресей зейнетақы қорының қызметіне қатысты сұрақтар бойынша нормативтік актілерді қабылдау.
2. Әлеуметтік сақтандыру қоры.
1991 жылы 1 қаңтарда қалыптасты. Тұрғындардың анықталған топтары үшін әлеуметтік сақтандыру мен материалдық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету үшін қалыптасты.
Әлеуметтік сақтандыру қоры келесілерден қалыптасады:
- мекемелердің, кәсіпорындардың, шаруашылық субъектілердің сақтандыру салымдарынан;
- азаматтардың өз еріктерінің салымдарынан және т. б.
3. Міндетті медициналық сақтандыру қоры. Олар сақтандыру салымдарынан және бюджеттен қаржыландырылады. Төлеушілер ретінде мекемелер, кәсіпорындар, басқару органдары болады. Ресейдің барлық тұрғындарына мекен жайына немесе жұмыс орнына байланысты сақтандыру полисі беріледі. Олар ақысыз медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
4. Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры. 1991 жылы 19 сәуірде қалыптасты. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. [6; 391]
Осылайша Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары әрекет етеді.
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорының әлеуметтік, экономикалық мәні мен көрсеткіштері
- Зейнетақы қорының мазмұны, құралу көздері
Зейнетақы (лат. Pensio - төлем) - азаматтарды қартайғанда, еңбек ету қабілетінен толық немесе ішінара айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, сондай-ақ еңбек қызметінің белгілі бір саласында белгіленген жұмыс стажына жетуіне байланысты материалды жағынан қамсыздандыру үшін төленетін кепілдікті тұрақты ақшалай төлем. Зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсалатын ресурстардың мөлшері факторлардың екі тобымен айқындалады, олар: демографиялық факторлар тобы (ғұмырдың орташа ұзақтығы және сонымен байланысты адамдардың қартаю процесі) және экономикалық факторлар тобы (зейнетақымен қамсыздандыру мен жалықының арақатынасы, олардың ең төмен деңгейі, еңбектің ерекше жағдайы үшін қосымша төлем) . Зейнетақының мынадай түрлері бар: еңбек зейнетақысы - жасына, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылғанда, еңбек сіңірген жылдар үшін төленетін зейнетақы еңбек зейнетақысын алуға құқығы жоқ еңбек етуге қабілетіз азаматтардың бәріне төленетін әлеуметтік зейнетақы [18; 96 бет] .
Зейнетақы қоры - мемлекет ауқытында зейнетақымен қамсыздандыру қаржысын басқаратын дербас қаржы - банк жүйсі.
Нарықтық экономиканаң негізгі элементтерін енгізе отырып, мемлекеттің зейнетақы бойынша көзқарасы да сан алуан өзгеруде. Қаншалықты мемлекет зейнетақы жүйесіне қатысуын анықтау барлық мемлекеттердей туындайтын негізгі мәселе болып табылады. Зейнетақы жүйесінің кездесетін үлгілері: ынтымақтастық және жинақтаушы. Ытымақтастық зейнетақы жүйесіне сәйкес, бүгінгі зейнеткерлерді мемлекеттік бюджет не басқа да бюджеттен тыс қарлар қамтамасыз етеді. Ал, нақты зейнетақы төлеу бойынша ауыртпалықты жеке не заңды тұлғаларға түседі. Көбінесе, бұл арнайы салықты енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жинақтаушы үлгіге сәйкес, әр адам зейнет жасына дейін болашақтағы зейнетақы жинақтарын қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz