Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І. Бюджет құқығының ұғымы . . . 6-21
- Бюджет құқығының пәні және бюджеттік құқықтық нормалар . . . 6-12
- Бюджеттік құқық құрылымы және қайнар көздері . . . 12-18
- Бюджеттік құқықтық қатынастар . . . 19-21
ІІ. Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны . . . 21-30
2. 1 Қазақстан Республикасының бюджеттік құқығы - қаржылық құқығының негізгі бөлімі ретінде . . . 21-24
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
«Бюджет» терминін ғылыми-құқықтық тұрғыдан алып қарасақ, оның өзіне тән құқықтық және экономикалық маңызына байланысты бірнеше мағынадан көрініс табатынын байқаймыз. Материалдық мағынада , бюджет дегеніміз мемлекеттің шығыстарына жұмсауға арналған орталықтандырылған ақша қоры, сондай-ақ жергілікті денгейдегі шығыстарды қамтамасыз етуге арналған жергілікті орталықтандырылған ақша қорлары. Экономикалық мағынада бюджет деп, мемлекеттік орталыктандырылған ақша қорын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, сондай-ақ жұмсау барысындағы экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Құқықтық мағынада, бюджет дегеніміз, мемлекеттің ең басты, негізгі қаржылық жоспары, былайша айтқанда кіріс және шығыс балансы. Ал заңды-техникалық мағынада бюджет деп, мемлекеттің негізгі қаржылық заңын, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардын қаржылық-құқықтың актілерін айтамыз.
Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың маңызды бөлімі болып табылады. Бюджеттік құкық қаржылық институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер бөлінеді, сондай-ақ осы бюджеттер мемлекеттік қазынаның құрамдас бөлігі болып есептелінеді . .
Бюджеттік құқық деп мемлекет аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ осы бюджеттерден бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз. Мемлекетіміздің бюджет жүйесінен әр түрлі, әр деңгейдегі бюджеттер өз орындарын алады. Олар республикалық бюджет, облыстық бюджет, аудандық бюджет, қаладағы аудандық бюджет және т. б.
Мақсаты - мемлекетіміздегі бюджетті қалыптастырып, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерін реттеп, қарау, бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының, бюджеттік қатынастардың тиісті қаржылық-құқықтық актілердің, бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық процесін жетілдіріп, мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру.
Міндеті -- бюджет кірістерінің құрамын анықтау, бюджеттің шығыстарының бағытын (құрамын) анықтау, мемлекеттік бюджеттін. құрылысын анықтау, республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау, бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу, бюджеттің жобасының атқарылуына бақылау жүргізу.
Құрылымы - курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Бюджет құқығының ұғымы
1. 1 Бюджеттік құқықтың пәні және бюджеттік құқықтық нормалар
Бюджеттік құқықтың пәніне Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын ұйымдастыру және оның тиісінше жұмыс істеуін қаржылық әрі құқықтық негіздеу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерді құру - қалыптастыру, бөлу -қайта бөлу, пайдалануды (жұмсауды) үйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар - ұйымдастыру және материалдық бюджеттік қатынастары жатады.
Бюджеттік-құқықтық реттеу аясындағы бюджеттік (қаржылық) қатынастар:
- республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірісі мен шығысын қалыптастыруға байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында туындайды;
- әрқашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс табатын ақшалай қатынастар болып саналады;
- әрдайым республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісіне түсетін ақша сипатындағы құнның және аталған бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысынан бөлінетін ақша қаражаттарының біржақты қозғалысын білдіреді;
- мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры және жер гілікті әкімшілік-аумақтық құрылыстар көлемінде орталықтандырылған ақша қорлары арқылы қалыптастырылатын және бөлінетін бюджеттік ресурстар нысанындағы ақша қаражаттарының ағымын көрсететін базистік қатынастарға жатады;
- әрдайым Қазақстан Республикасының және оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің негізгі кіріс және шығыс баланстарының заңи нысанда болуына байланысты бюджеттік-құқықтық қатынастар сипатында көрініс табады.
Бюджеттік құқықтың мемлекеттің бюджеттік қызметі, республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ бюджеттік қатынастар жөнінде баяндалған экономикалық және заңи мән-жайларға орай қоғамдық-мемлекеттік маңызы зор негізгі құқықтық құралым ретінде қаржылық құқық жүйесінен орталық орын алуы:
1) Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысының негізін құрайтын бюджетгік жүйенің айрықша маңызымен шар-тталған материалдық және ұбюджеттік қатынаста-рын дербес қүқықтық реттеу жөніндегі қоғамдық-мемлекеттік, сондай-ақ жалпы мемлекеттік қажеттіліктің болуына;
2) бюджеттік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың және бюджеттік қүқықтық реттеу әдістерінің өздеріне тән ерекшелігін нақтыландыру арқылы шартталған дербес құқықтық реттеу пәнінің болуына;
3) негізгі ұғымдар мен категориялардың айрықша жүйесінің, сондай-ақ бюджеттік жүйе мен бюджеттік құқықтың заңнама жүзінде бекітілген принциптерінің болуына;
4) бюджеттік құқықтың арнайы қайнар көздері жүйесінің болуына қарай айқындалып, негізделеді.
Бюджеттік құқықтық нормалар өздеріне тән мынадай белгілермен ерекшеленеді:
1) олар бюджеттік заңнамалық актілер қабылдау жолымен белгіленеді;
2) олар уәкілетті (бюджеттік қүзыретке ие) мемлекеттік органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік биліктік (императивтік) сипатта болады;
3) олар реттелінетін бюджеттік қатынастар ауқымында заң-дық режимін және бюджеттік (қаржылық) құқықтық тәртіпті белгілейді және қамтамасыз етеді;
4) олар республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару мән-жайларына қатысты және бүлжытпай орындалу мақсатында
5) олар мемлекеттің бюджеттік кызметінің (мемлекеттік шаруашылық жүргізу) аясындағы қоғамдық-мемлекеттік құқықтық мүдделерді көрсетеді және нысаналайды;
6) олар тек материалдық және ұйымдастыру бюджетгік қаты-настарына қатысушылардың іс-әрекеттері мен қызметін әрі мінез-құлықтарын реттейді;
7) олар Қазақстан Республикасының қүкық жүйесіндегі баска құқықтық нормаларға қарағанда өздерінің тікелей әлеумет-тік-экономикалық басымды бағыттарымен, өздерінің жүйесін-дегі императивтік және құзыреттік, сондай-ақ есептеу норма-ларының болуымен өзгешеленеді;
8) олар республикалық және жергілікті бюджеттердің кірісі мен шығысының тиісінше қалыптастырылуына үдайы әрі жан-жақты ат салысады;
9) олар материалдық бюджеттік қатынастардың тиісті субъек-тілерінің республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ мемлекет алдывдағы қаржылық міндеттемелерін туындатады;
10) материалдық бюджеттік құқықтық нормалар көбінесе тиісті қаржылық заңнаманың белгіленген уақыт бөлігінде, адам-дардың (түлғалардың) айқындалған шеңбері бойынша және кеңістік ауқымында жүмыс істеуіне байланысты тек қаржы жылының көлемінде ғана зандық күшіыде әрі қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік құқығы:
1) Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысының ірге тасын және толығымен алғанда экономикалық-қаржылық сәулетін қалыптастыратын бюджеттік жүйенің әлеуетін, сондай-ақ заңи режимдерін айқындауға;
2) Республикалық деңгейде және жергілікті ауқымдарда бюджеттік жоспарлау процесін үйымдастыруға, оны жүзеге асы-ру тәртібін белгілеуге және стадияларын регламенттеуге;
3) Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері мен салыққа жатпайтын өзге де түсімдерінің құрамын айқындауға;
4) Қазақстан Республикасы Үлттық қорының салыктық және өзге де түсімдерінің қүрамын айқындауға;
5) Жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдері мен салыққа жатпайтын өзге де түсімдерінің қүрамын айқындауға;
6) Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер шығысының нақтылы жұмсалу бағыттарын (қүрамын) айқындауға;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры шығысының басымды бағыттарын айқындауға;
8) Қазақстан Республикасының бюджеттік құзыретін айқындауға әрі белгілеуге;
9) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық құрылыстарының бюджеттік құзыретін айқындауға әрі белгілеуге;
10) Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің ауқымын-да жүзеге асырылатын бюджеттік реттеу тәсілдері мен принциптерін белгілеуге қызу ат салысады.
Бюджеттік қүқықтың қүрамында өзара тығыз қарым-қатынаста болатын қаржылық (бюджеттік) құқықтыұ нормалардың жиынтығына қоса өзара тығыз байланысқан құқықтық идеялар, нақтылы институттар және тек бюджеттік қүқыққа тән принциптер жүйесі көрініс табады.
Бюджеттік құқықтың нормалары көбінесе бюджеттік құрылыс пен бюджеттік жүйе ауқымындағы, бюджеттік жоспарлау процесіндегі, сондай-ақ республикалық (орталықтандырылған ақша қорын) бюджетті және жергілікті (орталықтандырылған ақша қорларын) бюджеттерді қалыптастыру, оларды кірісі мен шығысы бойынша атқару аясындағы көптеген ұйымдастыру әрі материалдық мазмұнды бюджеттік қатынастарды реттеулеріне қарай материалдық және ұйымдастыру бюджеттік құқықтық нормалары болып бөлінеді.
Сонымен, Бюджеттік құқық ұғымын Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын (бюджеттік жүйе мен мемлекеттің құрылысы негізінде) ұйымдастыру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында жыл сайынғы бюджеттік жоспарлауды (процесті) жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қызметі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды (мемлекеттік қаржылық қатынастарды) реттейтін Қазақстан Республикасы қаржылық құқығының негізгі (орталық) бөлімі деп айқындауға болады.
Бюджеттік құқық республикалық және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының балансты болуын; бюджеттік жүйенің балансты болуын және оның тиімді жұмыс істеуін; бюджеттік инвестициялық жобалар негізінде жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялаудың дамытылуын; қабылданатын бюджеттердің түсінікті, шынайы және айқын болуын; республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарын ұтымдыландырылуын, сондай-ақ олардың басымды бағыттар бойынша ықшамдалуын; республикалық және коммуналдық ауқымдардағы бағаларды бюджеттік реттеу арқылы олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді; бюджеттік саясат пен салықтық, ақша-кредиттік саясаттың бірыңғайлығын қамтамасыз етуді ешқашан да назардан тыс қалдырмайды әрі өзінің реттеуші әлеуетімен оларды өркениетті қамтуға ат салысады.
Бюджеттік құқық өзіне тән реттеуші функцияны жүзеге асыру барысында бюджеттік қатынастарға және оларға қатысушылардың мінез-құлықтары мен іс-қимылдарына реттеуші ықпалын тигізетін құқықтық құралдардың немесе тәсілдердің жиынтығын пайдаланады.
Аталған құқықтық ұ(әдістер) негізінен қатысушы бір тараптың заңи ерік-ықтиярының қатысушы екінші тараптың заңи ерік-ықтиярына қарағанда белгілі бір көлемде (дәрежеде) басымды болуына негізделетін бюджеттік қатынастарды реттеуге арналады.
Мемлекеттің бюджеттік қызметінің және бюджеттік құқық пәнінің ауқымындағы мән-жайларға сай айқындалатын бюджеттік құқық әдістерінің шынайы әлеуеті:
1) реттелінетін қоғамдық қатынастың міндетті қатысушысы тарапынан білдірілетін мемлекеттік билік ерік-ықтиярының бір жақтылығын көздейді және ол мемлекеттің биліктік нұсқамаларында анық көрініс табады.
2) өзінің биліктік ерік-ықтиярына және бір жақтылығына қарамастан, диспозитивтік негізде, бірақ міндетті түрде бюджетах құқық нормасында көзделген жағдайлар шеңберінде билік жүргізуші не тәуелді (бағынышты) тарапқа нақтылы іс-қимылдар бойынша тандау мүмкіндігін беруге байланысты анықталады.
Бюджеттік құқықтық реттеудің (биліктік өктем) императивтік әдісі:
1) мемлекет бюджеттік қатынастың нақтылы субъектілерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін бюджеттік (қаржылық) заңнамалық актілерде көрініс тапқан біржақты биліктік нұсқамаларды пайдалану жолымен мұқият айқындайды;
2) мемлекеттің бюджеттік құрылысы саласындағы биліктік әрі міндетті нұсқамаларын тиісінше орындау мемлекеттік мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етілген;
3) мемлекеттің бюджеттік жүйесіндегі тараптардың - уәкілетті мемлекеттік органдар мен заңи міндеттерін орындаушы бағынышты тұлғалардың биліктік, бір жақты әрі міндетті мемлекеттік нұсқамаларды орындаудан бас тартуға хақылары жоқ;
4) Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысының мән-жайларына, республикалық және жергілікті бюджеттерді кірісі мен шығысы бойынша атқаруға тікелей қатысы бар мемлекеттің биліктік нұсқамасын орындамау кінәлі тұлғаларды және лауазымды адамды заңи жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.
Ал бюджеттік құқықтық реттеудің диспозитивтік (келісімді шарттық) әдісі мынадай ерекше белгілерімен сипатталады:
1) қаржылық құқықтық шарт (келісім) бюджеттік қатынастардың заңи нысаны ретінде көрініс табады;
2) қаржылық құқықтық шартты (келісімді) жасасқан тараптарға мемлекет және тиісті бюджеттік қатынас бойынша оның контрагенті жатады;
3) бюджеттік қатынастағы тараптардың құқықтары мен міндеттері қаржылық құқықтық шарттың негізіндегі екі жақтың келісімінің мәніне қарай мүмкіндігінше теңестірілген;
4) мемлекет пен нақтылы бюджеттік қатынас бойынша оның контрагентінің арасындағы қаржылық құқықтық шарт тек бюджеттік (қаржылық) заңнамалық актілерде тікелей көзделген мәселелерге байланысты жасалады;
5) бюджеттік қатынас субъектілерінің екі жақты актілерінің негізінде шарттық нысандағы бюджеттік қатынас туындайды.
Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы бюджеттік құрылысы бюджеттік құқықтық реттеу әдістерінің ауқымында жұмыс істейтін бюджеттік жүйенің ұйымдастырылу принциптері мен механизмін бюджеттік қатынастардың барлық субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделері тұрғысынан құруға ат салысады.
Мемлекеттің бюджеттік жүйесінің тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы даму ерекшеліктері мен халықаралық стандарттар - талаптарға сай қоғамдық-мемлекеттік және корпоративтік (және жекеменшік) мүдделердің балансын нысаналайтын ұтымды құқықтық механизмге, б. а. бюджеттік құқықтық реттеу әдістерінің тиімділігіне тікелей байланысты болады.
Сонымен, мемлекеттің бюджеттік қызметінің аясындағы негізінен материалдық және тиісті көлемдегі ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты біртұтас құқықтық құралым ретінде қалыптастырады.
Бюджеттік құқықтың институттары негізінде бюджеттік құқықтың пәні ретінде көрініс табатын материалдық және ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарының топтары жатады. Демек, бюджеттік құқықтың тиісті институттарын құрайтын қаржылық құқықтық нормалар материалдық немесе ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарын реттеу белгілеріне байланысты біріктіріледі, соңдай-ақ олар бюджеттік құқықтық материалдық және ұйымдастырылу құқықтық нормалары сияқты өзара тығыз байланысқан аса ірі топтарын құрайды.
Бір-бірімен аса тығыз байланыста бола отырып, өздері реттейтін материалдық және ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарына қарай жүйеленген түрде, сондай-ақ белгіленген тәртіп негізінде жалпы және ерекше бөлімдерде орналасқан бюджеттік құқықтық нормалар арқылы көрініс табатын бюджеттік құқықтың ішкі құрылысы бюджеттік құқықтың жүйесін білдіреді.
1. 2 Бюджеттік құқық құрылымы және қайнар көздері
Құқықтық құралым ретіндегі Бюджеттік құқықтың Жалпы бөлімі:
1. Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысының құқықтық негіздері;
2. Республикалық бюджет саласындағы мемлекеттік басқару;
3. Жергілікті бюджеттер саласындағы мемлекеттік басқару;
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару;
5. Бюджетаралық қатынастардың құқықтық негіздері;
6. Республикалық бюджетті жоспарлаудың құқықтық негіздері;
7. Жергілікті бюджеттерді жоспарлаудың құқықтық негіздері;
8. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлаудың құқықтық негіздері;
9. Бюджеттік есептіліктің құқықтық негіздері;
10. Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері тәрізді институттардан құрылады.
Бюджеттік құқықтың Жалпы бөлімінің нормалары мемлекеттің бюджеттік жүйесінің ауқымын толығымен қамти отырып, негізінен ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарын құқықтық реттеуге ат салысады, сондай-ақ олар Ерекше бөлімнің тиісті құқықтық институттарында нақтыландырылады.
Ал бюджеттік құқықтың Ерекше бөлімінің құрылымында:
1. Республикалық бюджеттің кірісін құқықтық реттеу;
2. Жергілікті бюджеттердің кірісін құқықтық реттеу;
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу;
4. Республикалық бюджеттің шығысын құқықтық реттеу;
5. Жергілікті бюджеттердің шығысын құқықтық реттеу;
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу;
7. Мемлекеттік қарыз алуды және мемлекеттік борышты құқықтық реттеу;
8. Бюджеттік кредиттеуді, бюджеттік инвестицияларды, гранттарды құқықтық реттеу сияқты негізінен материалдық бюджеттік қатынастарды реттейтін институттар орын алған.
Сонымен, Жалпы және Ерекше бөлімдердегі құқықтық институттардың өзара тығыз байланыстырылған құқықтық нормаларының, тиісті мақсаттары мен міндеттерінің және функцияларының бірыңғайлығына қарай қисындылық зандылықтары мен тәртібін сақтай отырып орналасқанына көзімді жеткіздік деп санауға болады.
Бюджеттік құқық жөнінде баяндалған осындай мән-жайларға арқау болған бюджеттік қүқықтың әр алуан нормалары әдетте нормативтік қаржылық құқықтық актілерде (көбінесе бюджеттік заңнамалық актілерде), нақтылы айтқанда олардың құрамында көрініс табады. Аталған нормативтік қаржылық құқықтық актілер (бюджеттік заңнама, заңға тәуелді нормативтік қаржылық құқықтық актілер) бюджеттік құқықтың қайнар көздеріне жатады.
Бюджеттік құқықтың қайнар көздері уәкілетті мемлекеттік билік органдары шығарған қаржылық заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің құрамындағы мемлекеттің бюджеттік қызметінің, сондай-ақ бюджеттік құрылыстың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қамтиды.
Бюджеттік құқықтың қайнар көздерінің қатарына:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы сәуірдің 24-індегі Бюджет кодексін;
3. Қазақстан Республикасының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеті туралы Заңын;
4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы маусымның 12-сіндегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексін) ;
5. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы сәуірдің 5-індегі Кеден кодексін;
6. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 23-іңдегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын;
7. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы шілденің 1-індегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңын;
8. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздың 30-ындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңын;
9. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы сәуірдің 25-індегі «Қазақстанның Даму банкі туралы» Заңын;
10. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы қаңтардың 8-індегі «Инвестициялар туралы» Заңын;
11. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы маусымның 19-ындағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңын;
12. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Заңын;
І3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы Ережені (ҚР Үкіметінің 2004 жылғы қазанның 28-індегі Қаулысымен бекітілген) ;
14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы Ережені (ҚР Үкіметінің 2004 жылғы қазанның 28-індегі Қаулысымен бекітілген) ;
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы Ережені (ҚР Үкіметінің 2004 жылғы қазанның 29-ындағы Қаулысымен бекітілген) ;
І6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті туралы Ережені (ҚР Үкіметінің 2004 жылғы қазанның 29-ындағы Қаулысымен бекітілген) ;
17. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ережені (ҚР Үкіметінің 2004 жылғы қазанның 29-ындағы Қаулысымен бекітілген) ;
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті туралы Ережені (ҚР Үкіметінің 2004 жылғы қазанның 29-ындағы Қаулысымен бекітілген) ;
19. Республикалық бюджет комиссиясы туралы Ережені (ҚР Президентінің 2004 жылғы тамыздың 24-індегі Жарлығымен бекітілген) ;
20. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті туралы Ережені (ҚР Президентінің 2002 жылғы тамыздың 5-індегі Жарлығымен бекітілген) ;
21. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әзірлеу және табыс ету Ережелерін (ҚР Президентінің 2004 жылғы қыркүйектің 17-сіндегі Жарлығымен бекітілген) және т. б. бюджеттік құрылысқа, бюджеттік қызметке, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетке қатысы бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жат-қызуға әбден болады.
Демек, бюджеттік құқықтың қайнар көздері құрамында бюджеттік құқықтың материалдық немесе ұйымдастыру құқықтық нормалары бар оның сырттай нысандарының жүйесін білдіреді.
Бюджеттік заңнама негізінде жүзеге асырылатын бюджеттік реттеу ауқымы мемлекеттік шаруашылық жүргізу (республикалық және жергілікті бюджеттер) аясын толығымен қамтиды.
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап тиісінше ақша болу туралы актілері (осы актілердің қайтарымды негізде ақша болу туралы ережелерін қоспағанда) ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы зандар, мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Ресістеу механизмі мен принциптерш және непзгі ережелерін белгілейді.
Сонымен бірге бюджеттік құқықтың қайнар көздері қатарында, оларды (қайнар көздерді) заңи мән-жайлары бойынша топтастыруға орай, кезекті қаржы жылы сайын әзірленіп, бекітілетін әр түрлі жоспарлы-қаржылық актілер де көрініс табады.
Мемлекеттің бюджеттік жүйесінде пайдаланылатын бюджеттік құқықтық реттеу әдістеріне байланысты бюджеттік құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік, ал бюджеттік құқықтық реттеу пәніне орай материалдық және ұйымдастыру бюджеттік құқықтық нормалары болып бөлінеді.
Аталған бюджеттік құқықтық нормалармен реттелген бюджеттік қатынастар бюджеттік құқықтық қатынастар болып табылады. Бюджеттік құқықтық катынастар мемлекеттің біржақты биліктік ерік-ықтиярына және қоғамдық - мемлекеттік (ұлттық) маңызы бар мүдделерге сай бюджеттік құқықтық нормалардың негізінде пайда болады.
Бюджеттік құқықтық қатынастар әлеуметтік-экономикалық маңызы аса зор, басымды әрі күрделі қоғамдық қатынастар қатарына жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz