Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ2

I ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ - ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ4

1. 1 Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар4

1. 2 Валюталық бағам және оған әсер етушi факторлар7

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫ ЖАҒДАЙЫ12

2. 1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары12

2. 2 Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері20

ҚОРЫТЫНДЫ23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ24

  1. КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал-жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Валюталық бағам дүниежүзілік валюта жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердің қозғалысы кезінде, дүниежүзілік және ұлтық нарықтардың бағаларын, сонымен қатар әр түрлі елдердің ұлттық немесе шетелдік валюталарға шаққандағы құндық көрсеткіштерді салыстырған уақытта, фирмалардың және банктердің есепшоттарын шетел валютасымен қайта бағалағанда валюталарды өзара айырбастау үшін валюталық бағам өте қажет. Валюталық бағам - шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы.

Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi “Валюталық бағам және оның экономикадағы рөлі” деп алынды. Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып отыруына байланысты еліміздің сыртқы экономикалық қатынастарындағы беделінің жоғарлауы, ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін көрсеткіштердің бірі болып табылатын теңгенің шетел валютасына қатысты бағамының тұрақталуы және нығаюының қажеттігі туындап отыр. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.

Бұл тақырыптың мақсаты бiрiншiден, жалпы және отандық валюта жүйесінің түсiнiгiне және құрылымына, оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын жақсарту шаралары мен орын алып отырған мәселелерді және оны шешу жолдарын қарастыру және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн айқындау болып табылады.

Жұмысты орындау барысындағы міндеттері :

  • Әлемдік валюта және қаржы жүйесінің дамуын, олардың әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын атап өту;
  • Әлемдік валюта рыноктарының элементтеріне сипаттама беру;
  • Валюталық реттеу және валюталық саясат туралы қарастыру;
  • Валюталық бағамның елдің сыртқы экономикалық қызметіне әсерін және сыртқы байланыстағы маңыздылығын ашып қарастыру;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің әлемнің дамыған елдерінің қолданып отырған стандарттарына біртіндеп өтуіне байланысты оның валюталық бағамды тұрақтандыру және нығайтудағы атқаратын шараларын талқылау;
  • Еліміздегі валюталық бағамның егемендік алған жылдардан бергі экономикалық сипатын, даму кезеңдерін көрсетіп кету болып табылады.
  1. I ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ - ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

1. 1 Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар

Валюта ( италиян сөзi, сөзбе - сөз - құн ) - елдiң ақша бiрлiгi, оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру - мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңесiне әсер еттi.

Әлемдiк шаруашылық байланысы, өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң өзара қарым қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi. Әлемдегi елдердiң қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие иегi жылдан - жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады.

Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие - қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:

1-шi кезең , жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

2-шi кезең , жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.

3-шi кезең , толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.

Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi.

Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:

  1. ұлттық валюталық жүйе;
  2. дүниежүзлiк валюталық жүйе;
  3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе;

Ұлттық және дүниежүхлiк валюталық жүйенiң

негiзгi элементтерi

Ұлттық валюталық жүйе: Ұлттық валюталық жүйе
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Дүние жүзлiк валюталық жүйе
Ұлттық валюталық жүйе: 1. Ұлттық валюта.
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Резервтік валюталар, халықаралық есептесу валюталық бiрлiктер .
Ұлттық валюталық жүйе: 2. Ұлттық валютаның алмастырылу шарты .
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Валюталардың өзара алмастырылуы
Ұлттық валюталық жүйе: 3. Ұлттық валюта паритетi.
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Валюталық паритеттiң ортақ режимi
Ұлттық валюталық жүйе: 4. Ұлттық валюта бағамының режимi
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы.
Ұлттық валюталық жүйе: 5. Валюталық шектеудiң, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы .
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Валюталық шектеудi мемлекет аралық реттеу
Ұлттық валюталық жүйе: 6. Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн реттеу.
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет аралық реттеу.
Ұлттық валюталық жүйе: 7. Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу.
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Халықаралық несиелiк айналыс құрылыстарды пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы
Ұлттық валюталық жүйе: 8. Елдiң халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу.
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Халықаралық есеп айырысудың негiзгi формаларының бiр тұтастығы
Ұлттық валюталық жүйе: 9. Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногiнiң режимi.
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Дүниежүзлiк валюталық рыноктар мен алтын рыноктарының режимi.
Ұлттық валюталық жүйе: 10. Елдiң валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтiн ұлттық ұйымдар.
Дүние жүзлiк валюталық жүйе: Мемлекет аралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар.

Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.

Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзлiк валюталық жүйе ХІХ ғасырдың ортасына қарай құрылған.

Дүниежүзлік валюталық жүйе - бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды.

Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, еуропалық валюталық жүйе - бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы - экономикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi.

Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi.

Экономикалық ағымдағы төлем балансында көрiнетiн өзгерiстер түбiнде келiп валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтiк бiлдiрмей, белсендi түрде экономикадағы процестерге әсер етедi. Мемлекетiк валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерiне қатынасуының әр түрлi дәрежесiмен сипатталады.

1. 2 Валюталық бағам және оған әсер етушi факторлар

Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытында қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.

Валюталық бағам - бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағалы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады;

Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т. б.

Экономикалық , халықаралық тәжiрибеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;

Психологиялық : жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т. б.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.

Монометализм тұсында - алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылды, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.

Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде ауытқиды. ХВК-ның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытырын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады:

  • фундаментальдi,
  • техникалық,
  • қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық коператив арқылы анықталады.

Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша жүзеге асады. Мерзiмдi валюталық мәміленi жасағанда валютаны айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағамы бойынша жүзеге асады.

Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: бiріншісі - коммерциялық , екiншiсi - қаржылы қ операциялар бойынша.

Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағамдар - сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық ортасы. Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ, бiрақ оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.

Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған. Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық қоржындар болады.

Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi тауарлардың бәсекелестiк қабiлеттiгіне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағымдарына әсер ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда баланысына әсер етуiн бағалау үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын көрсетедi.

Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған .

Нақты валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағамының индексiн бiлдiредi. Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталған топқа жататын елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi .

Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағамының индексi номиналды және нақты түрде есептеледi.

Валюталық бағам дүниежүзілік валюта жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердің қозғалысы кезінде, дүниежүзілік және ұлтық нарықтардың бағаларын, сонымен қатар әр түрлі елдердің ұлттық немесе шетелдік валюталарға шаққандағы құндық көрсеткіштерді салыстырған уақытта, фирмалардың және банктердің есепшоттарын шетел валютасымен қайта бағалағанда валюталарды өзара айырбастау үшін валюталық бағам өте қажет.

Валюталық бағам - шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.

Сырттай қарағанда валюталық бағам айырбасқа қатысушылар үшін валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны екіншіге қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлтық бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың тиімділік дәрежесі айқындалады.

Капиталдың халықаралық қозғалысының шұғыл көбеюіне байланысты валютатық бағамға тауарларға және қаржы активтеріне қатынасына қарай валютаның сатып алуға қабілеттілігіне әсер етеді.

Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады:

1. Құнсыздану қарқыны . Сатып алу қабілетіне қарай құндылық заңының әрекетін бейнелейтін валюталар арақатынасы валюталық бағамның өзіне тән қызмет етеді. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Бөгде факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Аталған беталыс орташа және ұзақ мерзімді жоспар бойынша бақылауға алынады. Валюталық бағамды теңестіру, оны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігіне сәйкес тәртіпке келтіру орташа екі жылдық ішінде жүзеге асады.

Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.

  1. Төлем базасының жай-күйі. Активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
  2. Әр түрлі елдердегіпайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдың қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.
  3. Валюталық нарықтағы жәнеалып - сатарлық валюта . Егер қандай бір валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.
  4. Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.
  5. Валюталық бағамдық арақатынасына сондай-ақ төлемдерді жеделдету және кідіріс те әсер етеді.
  6. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенім дәрежесі. Ол елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге дилер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сондай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.

Кез-келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс атқарады. Елдің халықаралық валюта- қаржы және несие қатынастарына қатысуының, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады. Қазіргі кезда халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесі әрекет етеді:

  1. Валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен еркін өзгеретін құбылмалы бағамдар;
  2. Орталық банктердің басшылық шектері арқылы бағамдардың ауытқуына шек қоятын валюталық дәліздер;
  3. Алдын-ала белгіленген шамада бір бағытта тұрақты өзгеріп отыратын шектеулі құбылыс;
  4. Күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамды орталық банк ұстап тұратын реттелмелі құбылыс;
  5. Таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның тіркелген бағамын қолдануға ақша-несие саясаты айрықша бағытталатын валюталық басқару;
  6. Бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
  7. Елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру саясаты;

Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртіптемесін валюталық бағамды реттеудің маңызды құралы болып саналады. Валюталық ауыстырымдылық дәрежесі валюталық нарыққа қатысушылардың санына және жүзеге асырылатын операциялардың көлеміне әсер етіп, өзінен өзін валюталық бағамның серпінін анықтай алады. Халықаралық Валюта Қорының келісімінің сегізінші бабына қосылу ағымдағы операциялар бойынша ұлттық валютаның ауыстырымдылығын қамтамасыз етуді мемлекетке міндеттейді. Валютаның ауыстырымдылығын отандық кәсіпорындарға шетел өндірушілер мен бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді.

Сыртқы сауданың тауарлары мен объектілеріне арналып бағалардың оңтайлы арақатынасының жүйесі құрылды. Ішкі нарықта ұлттық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін импорттық инвестициялық тауарлар мен технологияларға қолайлы сәт туып, аясы кеңейе түседі. Ағымдағы операциялар бойынша валютаның ауыстырымдылығын салыстырмалы басымдылыққа ие тауарларды өндіруге қызмет көрсетуге елді ынталандырады. Сонымен экономикада құрылымдылық қайта құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Валюталық бағамдарды реттеуге бағытталған ресми валюта үстемділігін жүргізген кезде Орталық банк бірнеше мақсатты көздейді:

  • валюта нарығының ретсіз жағдайына қарсы тұру;
  • валюталық қысқа мерзімді ауытқуын бәсеңдету;
  • валюталық бағамның экономикалық негізделген деңгейге дейін түзету.

Ереже бойынша Орталық банк үстемділігін ақиқат мақсаттарын жария етпейді. Ол «ағысқа қарсы тұру» принципін ұстанатын, шетел валютасын сатып алса, әлгі валютаның бағамы төмендеген кезде оларды қайтадан сатып жібереді. Валюталық үстемділік туралы ақпараттың жариялылығы жайында Орталық банктердің мамандары арасында ортақ пікір жоқ. Біреулері мәліметтердің құпиялылығы үстемділіктің тиімділігін орташа арттырады десе, екіншілері ақпараттардың жоспарының болуын олардың тиімділігін барынша кемітеді деп санайды. Ереже бойынша валюталық үстемділік спотты валюталық нарықта жүргізіледі. Орталық банк форвард нарықта да іс жүргізе алады. Форфардтық валюталық курс пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдігінің жәрдемімен споттық валюталық бағаммен байланысы болып, басқыншылық форвардтық нарықтың ағымдағы бағаға әсер ете алады.

  1. II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы
Халықаралық валюталық жүйенің экономикалық мәні және қызметтері
Халықаралық валюта жүйесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz