Валюталық реттеуді либерализациялаудың әлемдік тәжірибесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Валюталық реттеудің экономикалық мәні мен маңызы.
- Валюталық нарық ұғымы мен оның типтері . . . … . . . 5
- Валюталық реттеудің маңызы, қажеттігі және әдістері . . . …. 13
2. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу.
- ҚР-дағы еркін қалқымалы айырбас бағамына өтудің
объективті алғышарттары және ерекшеліктері . . . …. 23
- ҚР-дағы валюталық реттеудің мақсаты . . . 33
- Валюталық бақылау және оның ҚР-да ұйымдастырылуы
мен іске асуының заңнамалық негіздері . . . 47
3. Валюталық реттеуді либерализациялаудың шарттары және ерекшеліктері.
- Валюталық реттеуді либерализациялаудың
әлемдік тәжірибесі . . . … . . . 56
- ҚР-дағы валюталық режимді либерализациялау бағыттары . . . 62
Қорытынды . . . 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73
Кіріспе
Кеңес Одағы құрамындағы елдер егемендік алған уақыттан бастап ұлттық валютаны енгізу және ұлттық ақша бірлігін құру кезеңінен өтті. Кейбір республикалар үшін бұл кезеңнен өту біршама қиындықтарға алып келсе, ал кейбір елдер үшін бұл аса қиындық туғызбады. Реформаның бастапқы шарттары бірдей болғанымен, ақырғы нәтижесі әр түрлі болды. Бұрынғы кеңес елдерінің ұлттық валюталары өзінің ішкі және сыртқы тұрақтылық деңгейімен ерекшеленді. Бұл, ең алдымен ақша-несие саясатын жүргізуге және мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталық банктің рөлі мен валюталық артықшылыққа байланысты болды. Қазақстандық ұлттық валютаның егемендік алуына он жылдан астам уақыт өтті. Бұл үлкен мерзім емес, бірақ нағыз Қазақстан үшін оның тарихи маңызын объективті түрде бағалау үшін жеткілікті мерзім.
Валюталық нарық әрқашанда қарама-қайшы келетін ойлар мен экономикалық қызмет қатысушыларының: мемлекеттік органдардың, экспортерлердің, импортерлердің, банктер, шет ел инвесторларының, халықтың және т. б. түрлі мақсаттарының сәйкес келуі қиын болатын қиылыста болады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің жүргізетін саясатына әр түрлі сындардың тағылуына мән аудару қиын емес.
Валюталық реттеу валютасы іште конвертацияланатын елдердің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның тактикалық мақсаты - жүргізілетін валюталық операцияларға қойылатын шектеулерді болдырмау болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі - нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізу керек. Қазақстанның алдында шетелдер мен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық релістеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері жатады. Бүгінгі күні валюталық қатынастарды жетілдіру үшін көптеген түрлі жағдайлар жасалынуда.
Диплом жұмысының мақсаты валюталық реттеу және бақылау жағдайын талдау негізінде оның Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін және артықшылықтарын көрсету, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді жетілдіру жолдары қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұраққа жауап іздеу болып табылады.
Зерттеу объектісі негізінде валюталық реттеу және бақылау органы ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметі, валюталық нарық динамикасы, валюталық реттеу объектісі мен субъектісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы валюталық режимнің либерализациясы және ұлттық валютаның конвертациялану шарты алынады.
Зерттеу пәні болып валюталық реттеу және валюталық бақылау операцияларын жүзеге асыру кезінде органдар мен агенттер арасында туындайтын экономикалық қатынастар табылады.
Валюталық реттеу мәселесі көптеген отандық және батыс экономисттерін, мысалы Красавина Л. Н., А. С. Булатов, Н. А. Миклашевская, А. Киреев, А. Г. Саркисянц, Мишель Пебро, А. К. Омарова, Г. Т. Абдикадирова қызықтыруда. Бұл экономисттер валюталық реттеу және бақылауға қатысты көптеген еңбектер жазды. Бұл еңбектер диплом жұмысының негізін құрайды. Валюталық қатынастар мен валюталық реттеудің тарихи аспектілерін экономисттер М. Пеброның, Г. Т. Абдикадированың, К. Б. Дандыбаеваның мақалаларынан көруге болады. .
Диплом жұмысын жазу кезінде әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті-құқықтық құжаттары қолданылды. Бұл жұмыста валюталық реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздері және реттеу әдістерінің бірі болып табылатын санкция түрлері қарастырылған. Осыған байланысты диплом жұмысының мақсаты валюталық реттеудің мәнін ашу болып табылады.
1. Валюталық реттеудің экономикалық мәні мен маңызы.
1. 1 Валюталық нарық ұғымы мен оның типтері
Басында тауар айналысында ақша делдал қызметін атқарып келді. Уақыттың өтуімен ақшаның өзі тауарға айналып, сонымен валюталық нарық пайда болды. Валюталық нарық - ұлттық қаржылық нарықтың бөлігі.
Валюталық нарық уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы пайда болуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруда валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi .
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құрылымының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекет аралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу - сату формасында бiр валютаны екiншi валютаға айырбастау болып табылады .
Валюталық нарық ең алдымен, экспортты-импортты операциялардың есептік пен валюталы-несиелік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ұлттық экономикадан тысқары капиталды инвестициялаумен байланысты валюталық операцияларды атқарады.
Валюталық нарықта валюталық операцияларды жүргiзуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Валюталық нарық - сұраныс пен ұсыныс негiзiнде ондағы айналатын валюталарға сауда саттық жүргiзетiн ресми орталықты сипаттайды .
Валюталық нарық, Мишель Пеброның айтуы бойынша, ұлттық валютада бағаланатын шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың қиылысатын нарығы, яғни әрқашан сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы бар, тұрақты орны, яғни нақты тұрағы жоқ материалды емес нарық.
Қазiргi валюталық нарықта мынандай ағымдарды бөлiп қарауға болады :
- шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негiзiнде валюталық нарықтың интернационалдануының күшеюi.
- байланыстың жаңа жүйелерiн пайдалану;
- әлемнiң барлық банктерiне тәулiк iшiнде үздiксiз операцияларды жасау;
- коммерциялық валюталық мәмiлелермен салыстырғанда алып сатарлық және арбитраждық валюталық мәмiлелер көлемiн ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлемiне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазiргi валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлiнедi .
Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзлiк қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың iшiнде: Лондондағы, Нью-Иорктегi, Франкфурттегі, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы валюталық қаржылықтарды бөлiп айтуға болады .
Аймақтық және жергiлiктi нарықтарда белгiлi - бiр конвертацияланатын валюталармен операциялар жүргiзіледі.
Ұлттық валюталық нарық деп - ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргiзуге маманданбаған, өз клиенттерiне валюта бойынша қызмет көрсететiн сол елдiң аумағында орналасқан банктердiң жүзеге асатын операциялардың жиынтығын атайды.
Валюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзлiк валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе. Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан .
Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюта дүниежүзілiк валюталық жүйемен тығыз байланысты . Дүниежүзілiк валюталық жүйе 19-ғасырдың ортасына қарай құрылған .
Дүниежүзілік валюталық жүйе - бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқықтардың нормалар кешенiн құрайды .
Аумақты валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiнде құрылады . Мысалы, Европалық валюталық жүйе - бұл Европалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы - экономикалық формасындағы қатынастарды бiлдiредi .
Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi .
Кесте № 1 Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің
негiзгi элементтерi
Валюталық операцияларды жүргiзуге құқылы банктер өкiлеттi немесе девиздiк банктер деп аталады .
Девиздiк банктер валюталық нарықтағы операцияларға қатысу ережесi көп факторларға - банк шамасына, оның беделiне, шетелдiк бөлiмдерге және фискалдық топтардың даму дәрежесiне, телекс, телефон және басқа да байланыс жүйелерiнiң жағдайына, банк саясатына байланысты .
Нарыққа қатысушыларды екi негiзгi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топқа пассивтi қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргiзу қажеттiлiгi әр кезде туындайды да, баға белгiленімін бiлу үшiн олар басқа банктерге өтiнiш жасайды. Активтi қатысушылар өзiне баға белгiленiмiн бiлуге өтiнiш жасайтын банктер үшiн бағаны белгiлейдi.
Банктердiң валютамен жасайтын операциялары клиенттердiң есебiнен де, сондай-ақ өздерiнiң есебiнен де жүзеге асырылады. Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгiлер түрiнде болмайды, ол банктiк және несиелiк айналыс құралдар формасында - шетел валютасына сәйкес телеграфтық түрiнде болады.
Аударым - бұл басқа елдердiң банктiк корреспондентiне өзiнiң клиентiнiң өтiнiшi бойынша және оның есебiнен телеграфтық немесе пайдалық аударым негiзiнде белгiлi бiр ақша саласын шетелдiк алушыға төлеу туралы банктiң бұйрығы.
Банктiк вексель - осы елдiң банктерінің шетелдiк банк-корреспондентiне берiлген траттасы. Ал осы елдiң банктерінің мiндеттемесi мерзiмi жеткен вексельдi төлеудi өзiнiң корреспонденттiк шотына қажеттi валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады. Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмiн былай беруге болады: тауарды экспорттаушы сатқан тауары үшiн импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек аударымын және басқа да төл құжаттарға өз елiнде коммерциялық банкiге сата отырып, оның орнына экспорттық өндiрiс үшiн қажеттi ұлттық валютаны алады . Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмi сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Екiншi дүниежүзілiк соғыста Европа мемлекеттерiнiң қираған экономикасын өз қалпына келтiру және тұрақтандыру мәселелерiн шешу мақсатында Бреттон-Вудста өткен халықаралық валюта қаржылық конференциясында 2 ұйым : Халықаралық валюта қорын (ХВҚ - МВФ) және халықаралық қайта құру және даму банкiн ( ХҚҚДБ - МБРР ) құру туралы қаулы қабылданды. Қор әлемдiк валюта жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау үшiн, ал банк оған қатысушы елдердiң ұзақ мерзiмдi экономикалық дамуын ынталандыру үшiн құрылған.
ХВҚ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының маманданған органы ретiнде өз жұмысын 1947 жылы наурызда бастады. Оның штаб-пәтерi Нью-Йоркте орналасқан, басқарушы органы - басқармалар кеңесі қатысушы елдердiң қаржы министiрліктерiнен немесе орталық банктердiң басқармаларынан тұрады. Кеңес жыл сайын шақырылады. Атқарушы органы директорат. Алғашқы кезде бұл қорға 49 ел мүше болып кiрiп, оның капиталы 8 млрд долларды құрады. Қазiргi кезде мүшелерiнiң саны төрт есе көбейiп, ал капиталы шамамен 18 есе өстi .
ХВҚ-ның негiзгi қызметтерi төмендегiдей:
- Халықаралық сауданың немесе валюталық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету.
- Валюталық паритеттiң тұрақтылығын сақтау және валюталық шектеудi жою ;
- Төлем балансының теңелуi үшiн кез-келген қатысушы елге несие ресурстарын беру;
Қорға мүше болып кiру - мемлекеттiң ХҚҚДБ-ге және оған туыстас басқа да валюта несие ұйымдарына кiруiнiң мiндеттi жағдайы .
Халықаралық қайта құру және даму банкi БҰҰ-ның маманданған және оның шешiмдерiне тәуелсiз орган ретiнде өз жұмысын 1946 жылы маусымда бастады . Банктiң өз жұмысын кеңейту барысында туыстас төрт бөлiмшелер ұйымдастырылады: халықаралық қаржы корпарациясы (ХҚК) , халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) халықаралық инвестиция таластарын реттеу орталығы (ХИТРО) және инвестициялық қорғау жөнiндегi көп жақты агенттiк (ИҚКА) . Қазiргi кезде осы ұйымдар бiрiгiп әлемдiк банк (ӘБ) тобын құрайды, оның штаб пәтерi Вашингтонда орналасқан, ал ХҚҚДБ - осы топтың орталық буыны - оны әлемдiк банк деп атайды .
Әлемдiк банк тобының ең қуатты бөлiмшесi - ол 240 млрд доллардан акциялық капиталды иемденедi, қазiргi кезде оның құрылтайшылар саны 180 мемлекетке жеттi. Банк - басқару органы, басқармалар кеңесi, қатысушы, елдердiң қаржы министiрлiгiнен немесе орталық банктердің басқармаларынан тұрады. Оны президент басқарады. Банктi күнделiктi атқарушы директорлар кеңесi басқарады, кеңес штаб пәтрiнде орналасқан. Ол жетi сайын кеңес отырысын өткiзедi . Кеңес 24 адамнан тұрады. Олар iрi акционерлердiң бiр өкiлi және 19 аймақтың өкiлдерi.
ӘБ тобының негiзгi атқаратын қызметтерi:
- Спектрлi бағытта, яғни денсаулық сақтау, бiлiм беру қоршаған ортаны сақтаудан бастап инфрақұрылым және экономикалық саясат реформасына дейiн дамушы елдерге көрсететiн инвестициялық iс- шаралар ;
- Экономикалық мәселелер бойынша талдау және кеңес беру iс - шаралары;
- Көрсетiлген қызметтердiң, сондай-ақ жүргiзiлетiн жобалардың мазмұны мен құрамын үнемi өзгерту;
- Бай және кедей елдерге ресурстарды қайта бөлудегi делдалдық қызметi;
Халықаралық қаржы корпорациясы 1956 жылы мемлекеттiк кепiлдiк алмай-ақ дамушы елдердiң экономикасындағы жеке сектордың жұмысын анықтау үшiн құрылған.
ХҚК-ның негiзгi принциптерi мыналар:
- Жоба бойынша жалпы шығындар саласында 25 пайызын қаржыландыру;
- Кәсiпорын акцияларының тек 35 пайызын сатып алу.
Қарыз 3 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмде берiледi . Корпорация жылма-жыл 200 жоба бойынша 3 млд доллар сомасында заем бередi . оған 170 ел мүше.
Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) 1960 жылы дамушы мемлекеттердiң iшiнен ӘБ - тен қарыз алуға жағдайы келмейтiн ең кедейлерге көмек көрсету үшiн құрылған. ХДА - заңды дербес ұйым болғанымен, көп жағдайда ӘБ-пен бiрiгiп несиелердi жобалайды . Қазiргi уақытта жылма-жыл жалпы соммасы 6 млд доллар болатын 125-тен астам жобаларға несие бередi . Оның 159 мемлекеттен тұратын мүшелерi бар .
Қорыта айтқанда, халықаралық валюта және несие қаржы институттары ХВҚ және ӘБ тобы - халықаралық несие қатынастарын реттеуде маңызды роль атқарады. Олардың қарызы онша көп болмаса да, елге қарыз капиталының әлемдiк нарығына жеке банктерден қарыз алуға жол ашты . Сөйтiп ХВҚ мен ХҚҚДБ берген несиелер мемлекеттiң төлем қабiлеттiлiгi бар екенiн дәлелдейдi .
ХВҚ және ХҚҚДБ басқа да халықаралық ұйымдармен қатар, ежелгi дамушы елдердiң және батыс Европа бұрынғы социалистiк елдерi мен ТМД елдерiнiң сыртқы қарыздарын реттеуге белсендi қатысуда .
1. 2 Валюталық реттеудің маңызы, қажеттігі және әдістері
Нарықтық экономика жағдайында валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады. Валюталық нарықта валютаға деген сұраныс пен ұсыныс және оның бағамдық қатынасы қалыптасады. Ол өз кезегінде, мемлекеттік және нарықтық реттеу белгілі деңгейде жүзеге асырылмаған жағдайда теріс нәтижеге алып келеді. Нарықтық реттеу сұраныс пен ұсыныс, баға заңына тәуелді болып келеді. Валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында осы заңдардың іс-әрекеті валюта айырбасының қатысты эквиваленттігін, тауар, көрсетілетін қызмет, капитал қозғалысымен байланысты халықаралық қаржы ағынының әлемдік шаруашылыққа деген қажеттілігінің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Осы арқылы нарық валюталық операциялар жағдайының ақпарат көзі ретінде қызмет атқарады.
Бірақ, мемлекет валюталық қатынасқа бұрыннан араласып келеді - алдымен жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықта алатын орнының маңызды екенін ескере отырып тікелей араласатын болды. Бағамдық айырма мен валютаның күйзеліске ұшырауы ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсерін тигізеді.
Нарықтық және мемлекеттік реттеу бір-бірін толықтырып отырады. Біріншісі, бәсекеге негізделе отырып, даму ынтасын туғызса, ал екіншісі валюталық қатынастарды нарықтық реттеудің нәтижесінде болатын жағымсыз нәтижелерді түзетуге бағытталған. Осы екі реттеуіш арасындағы шекара нақты бір жағдайдағы пайда мен шығын арқылы анықталады.
Валюталық реттеу - валюталық саясатты іске асыратын құрал болып табылады. Валюталық саясаттың бағыттары мен формалары елдің валюталық-экономикалық жағдайымен, әлемдік шаруашылықтың эволюциясымен анықталады. Бірінші кезекке валюталық саясаттың нақты мәселелері қойылады:
- валюталық жүйе мен валюталық нарықтың тұрақты қызметін қамтамасыз ету;
- валюталық күйзелісті жеңіп шығу және валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- ұлттық валютаның валюталық бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету ;
- валютаның конвертациялануына өту;
- валюталық операцияларды либерализациялау.
Валюталық реттеу мемлекеттің валюталық құндылықтармен жасалатын мәмілелердің тәртібін және есеп айырысуларды регламенттеуге бағытталған қызметі болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың келесідей құқықтық шараларға бағытталған кешенін білдіреді:
- валюталық реттеу органдарының, валюталық бақылау органдары мен агенттерінің қызметін құруға және қамтамасыз етуге;
- ішкі валюталық нарықтағы валюталық құндылықтармен жасалынатын операциялардың жүргізілу тәртібін, валюталық құндылықтарды шет елге шығару тәртібін, шет елдік инвестицияларды жүзеге асыру режимін белгілеу және іске асыру;
- валюталық құндылыққа деген мүліктік құқықты қорғауды қамтамасыз ету;
- әлемдік есеп айырысуларды регламенттеу;
- елдің әлемдік нарықпен қарым-қатынасының жеткілікті деңгейде болуын қамтамсыз ету;
- ұлттық валюта бағамының және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Валюталық реттеудің мақсаты - ағымдағы валюталық операцияларды жүргізу кезінде болатын төлем балансының дисбалансын қысқарту; ағымдағы операциялар бойынша валютаның конвертациялануын қамтамасыз ету.
Төлем балансы өз кезегінде халықаралық операциялардың баланстық шотын білдіреді - белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шет елге төлеген валюталық сомасымен оған шет елден түскен соманың арақатынасы. Ол келесідей бөлімдерден тұрады: ағымдағы операциялар шоты, капитал және қаржы қозғалысымен байланысты шот.
Төлем балансы мемлекеттік реттеудің бұрыннан келе жатқан объектілерінің бірі болып табылады. Бұл келесідей себептермен негізделеді:
- төлем балансына, бір елдегі ұзақ және ірі тапшылықтың және басқа елдегі активті сальдоның артық болуы кезіндегі тепе-теңсіздік тән. Халықаралық есеп айырысу балансының тұрақсыз болуы валюта бағамының динамикасына, капитал миграциясына, экономика жағдайына әсерін тигізеді;
- төлем балансын бағалық реттеу арқылы түзетудің стихиялы механизмі өте әлсіз және төлем балансын реттеу мемлекеттің өте кешенді араласуын қажет етеді;
- шаруашылық байланыстың глобализация жағдайындағы төлем балансы экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде маңызды орын алады.
Төлем балансын реттеудің материалдық негізі болып келесілер табылады:
- ресми алтын-валюталы резерв;
- мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыс;
- мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастарға капитал, несие, кепіл болушы, қарыз алушы ретінде қатысуы;
- нормативті актілер және валюталық бақылау органдарының көмегі арқылы сыртқы экономикалық операцияларды регламентациялау.
Төлем балансын реттеу кезінде мынадай сұрақ туындайды: қандай елдер оны түзету шараларын қолдануы қажет? Бюджет тапшылығына ұшыраған елдер үшін төлем балансын түзету өте қомақты мәселе болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz