Мемлекет саясатындағы ғылыми - техникалық саясаттың ролі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1-тарау. Ғылыми-техникалық саясат 4
1.1 Ғылыми-техникалық саясаттың теориялық, методологиялық негіздері 4
1.2 Мемлекет саясатындағы ғылыми-техникалық саясаттың ролі 9
2-тарау. Ғылыми-техникалық прогрестегі мемлекеттің ролі 25
2.1 Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық саясаттың жүргізілу
жолдары 25
2.2 Дүниежүзіндегі ғылыми-техникалық прогрестегі негізгі тенденциялар
26
Қорытынды орнына: (ақпараттық технологиялар) немесе Фордизмнен гейтизмге
28
Сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Жиырма бірінші ғасырда кез-келген мемлекеттің дамуында ғылым мен
техниканың алар орны ерекше екені сөзсіз. Озық технологияларға иелік етіп
отырған мемлекеттердің қазіргі күні әлемдік аренада саяси, экономикалық
салмағы басым болып отыр. Қазіргі уақытта қандай да болмасын мемлекеттің
саясатындағы ғылыми-техникалық бағыт үлкен маңызға ие болып келеді.
Ақпараттық дәуірде озық технологиялар экономиканың басты қозғаушы күші.
Мақсатты әрі жүйелі түрде жүзеге асырылған ғылыми-техникалық саясат
мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен серпін бере алатыны дәлелденген.
Осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын ғана әлемдегі кедей мемлекеттердің
қатарында болған Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің тез арада дамып кетуі
бұған нақты мысал бола алады. Сондықтан ғылыми-техникалық саясат мәселесін
зерттеу, оны шетелдерде жүзеге асырудағы тәжірибемен танысу Қазақстан
сияқты жас, ғылыми, өндірістік әлеуеті жоғары мемлекет үшін өте өзекті
мәселе болмақ. Осы тұрғыдан келгенде бұл саясаттың мән-мағынасын ашу өте
маңызды болып отыр.
Нарықтық экономика арқылы дамуды алдына мақсат етіп қойған Қазақстан
экономикасындағы ілгерілеушілік соңғы жылдар көлемінде айқын білінуде. Елде
экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларда реформалар жүзеге асырылуда.
Қазақстанның болашақтағы даму бағытын айқындайтын факторлардың бірі ғылыми-
техникалық саясаттың дұрыс әрі нәтижелі арнада жүргізілуі болып отыр.
Ғылыми-техникалық саясат тақырыбы қазіргі күні Қазақстанда тың әрі аз
зерттелген тақырыптардың бірі болып отыр. Бұл тақырыптың жекелеген
бағыттарында зерттеу жұмыстары жүргізілмеген деуге де болады.
Аталмыш мәселені зерттеп жүрген Ресей ғалымдары мен олардың
еңбектеріне тоқталар болсақ, Е. Муханованың “Единая научно-техническая
политика: вопросы формирования и реализации”, Фонотов А., А. Блохиннің
“Научно-техническая политика: проблемы формирования и реализации” атты
зерттеулерді атап өту қажет. Алғашқы еңбек бірыңғай ғылыми-техникалық
саясаттың мәнін ашуға және оның методологиялық негіздерін анықтауға
арналған. Екінші зерттеуде ғылыми-техникалық саясатқа берілген көптеген
анықтамаларға баға беріліп, оның өмірдегі алар орны мен ролін анықтау
жүзеге асырылған.
Ғылыми–техникалық саясат пен оның Қазақстанда жүзеге асуына қатысты
ғылыми зерттеу жүргізген авторлардың бірі – О. Сәбден. О. Сәбденнің “Нарық
жағдайындағы ғылым және ғылыми-техникалық саясат: парламентарий көзімен”
деп аталатын еңбегін атап өту керек. Бұл зерттеуде Қазақстанның тәуелсіздік
алғаннан кейінгі нарық жағдайындағы ғылым мен ғылыми-техникалық саясатты
жетілдіру жолдары айтылған.
Қазіргі күні бұл тақырыптың отандық ғалымдардың зерттеу обьектісіне
толықтай айналмай отырғанын мойындау керек. Қазақстандағы ғылыми-техникалық
саясатқа қатысты жарыққа шыққан ірі зерттеулердің жоқтығы мен тақырыптың
баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалармен ғана шектелуі бұл тақырыпты
жан-жақты зерттелген деуге мүмкіндік бермей отыр. Мұның басты себебі ғылыми-
техникалық саясат мәселесінің жаңашылдығынан іздеу керек. Келешекте бұл
тақырып зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тауып, толыққанды
қарастырылады деген ойдамын.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстандағы ғылыми-техникалық
саясаттың орны мен ролін зерттеу. Мұнымен қатар жұмыста әлемдік тәжірибені
есепке алу мен оны Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру
болып отыр.
Жұмыста ғылыми-техникалық саясатты нәтижелі түрде жүзеге асырған
мемлекеттердің бай тәжірибесі келтірілген. Зерттеудің негізгі міндетіне
Қазақстанның қазіргі жағдайын сол елдермен қатар қоя зерттеу кіріп отыр.
Зерттеудің негізгі міндетіне мынадай мәселелер де іліккен:
– бүгінгі Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясаттың мәнін ашу;
– ғылыми техникалық саясаттың ерекшеліктерін көрсету;
– Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты жетілдіру жолдарын
анықтау;
Курстық жұмысты жазу барысында жүйелік, салыстырмалы әдістер
пайдаланылды. Сондықтан, зерттеу еңбегінің маңыздылығы оның талдауға,
сараптауға негізделуінде.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, 2 бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Алғашқы бөлім “Ғылыми-техникалық саясаттың теориялық-методологиялық
негіздеріне” арналған. Онда саяси ғылымда өзіндік орын ала бастаған ғылыми-
техникалық саясаттың мән-мағынасына көңіл бөлінген. Бұл бөлімде көптеген
ғалымдардың анықтамалары беріліп, сол анықтамалар негізінде ғылыми-
техникалық саясат ұғымын анықтауға қадам жасалған. Мұнда аталмыш саясатты
жүзеге асырудағы әлем елдерінің тәжірибелері де келтірілгенін айта кету
керек.
Екінші бөлімде “Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық
саясаттың жүргізілу жолдары” мәселесі қарастырылған. Онда ел экономикасын
көтерудегі ғылым мен озық технологиялардың қаншалықты маңызды екендігі
келтіріліген. Ғылыми-техникалық саясаттың Қазақстанда жүргізілу
ерекшеліктері бұл бөлімнің басты мәселесі. Екінші бөлімде мұнымен қатар
қазіргі әлемдегі ғылыми-техникалық дамудағы басты тенденциялар мен ондағы
Қазақстанның алар орны жайында айтылған. Курстық жұмысты қорытынды бөлім
аяқтайды.
Жұмыстың мазмұны мен көтерген мәселесі бұл тақырыпты аша түсуге өз
үлесін қосар деген ойдамын.

1-тарау. Ғылыми-техникалық саясат

1.1 Ғылыми-техникалық саясаттың теориялық, методологиялық
негіздері

Мемлекеттің өндіріс күштерін жетілдіру мен әлеуметтік- экономикалық
дамуында ғылыми-техникалық прогресс үлкен ролге ие. Ғылыми-техникалық
прогрестің қалыпты әрі үздіксіз дамуына елде жүргізілетін ғылыми-техникалық
саясат та әсер етеді. Ғылыми-техникалық саясатты дұрыс бағытта жүргізу
арқылы қоғамның дамуына үлкен алғышарт жасалады. Сондықтан, мемлекеттің
әлеуметтік, экономикалық тұрғыда ілгерілеуі ғылыми-техникалық саясатпен
тікелей байланысты болғандықтан, біз ең алдымен ғылыми-техникалық саясаттың
түп негізіне көңіл аударғанды жөн санадық.
Кеңестік кезеңде “КСРО-ның ғылыми-техникалық саясаты” деген атпен
негізгі мәніне үңілу мақсатында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда
“ғылыми-техникалық саясат” термині алғаш рет өкіметтік-партиялық құжаттарда
“Кеңестік мемлекеттің және СОКП-ның ғылыми-техникалық саясаты ”, сондай-ақ
“бірыңғай техникалық саладағы мемлекеттік саясат” деген тіркестер
қолданылған болатын.
1971-1975 жылдардағы халықтық өнеркәсіптің дамуы туралы А. Н.
Косыгиннің баяндамасында ғылыми-техникалық төңкерістің жетістіктерін өмірде
қолдану үшін мемлекетте бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу керек
деген ой айтылған болатын. Осы бірыңғай ғылыми-техникалық саясат сөзі бірте-
бірте ғалымдар мен зерттеушілердің және халық арасында ғылыми-техникалық
саясат деген ұғымның Кеңестік одақтың аумағында дамуына әсер етті. (1)
Көптеген зерттеушілерді қызықтырған бұл термин біраз әдебиет пен
еңбектерде көрініс тапқан. Осындай жұмыстардың бірі – “СОКП-ның техникалық
саясаты” деген термин қолданылып шыққан “50 жылдағы КСРО-ның ғылымы мен
техникасы” атты монография. Бұған басшылық жасаған И. Н. Артоболевский
болатын. Бұдан соң бұл бағытта бірнеше автордың еңбегі жарық көрген
болатын. Олардың қатарында А.А. Кузин, С. В. Шухардин сияқты ғалымдарды
атап өтуге болады.
Алайда, ғылыми-техникалық саясат туралы зерттеулер күткен нәтижені
бермеді. Басты себептердің бірі зерттеулерді көбіне тарихшылар мен
философтар жүргізді. Бұл саланы ол кезеңде толықтай білетін мамандар жоқ
болды. Сондықтан, жұмыстар өз деген биігіне жете алмады деуге болады.
Ғылыми- техникалық саясат түсінігіне алғашқылардың бірі болып А. А.
Кузин анықтама беруге тырысты. Ол былай деген болатын”Техниканы дамыту және
оларды іске асыра білу ғылыми-техникалық саясат”. Ал, В. А. Жамин: ”Ғылыми-
техникалық саясат ол партияның экономикалық, ұйымдастыру, идеологиялық
тұрғыдағы әдісі. Бұл әдістер ғылымның дамуына жағдай жасап, сол арқылы жаңа
техникаға және жаңа технологияларға жету жолы” деп атап көрсетеді.
Бірақ, бұл екі анықтама да ғылыми-техникалық саясат мәнін толықтай аша
алады деуге болмас. Алайда мұны саяси ілімде тек соңғы уақытта пайда болған
жаңа ұғымды түсіндірудегі басты қадам ретінде қарастыру керектігін естен
шығаруға болмайды. Ғылыми-техникалық саясат жиырмасыншы ғасырдың соңғы
жылдары қолданысқа енгеніне қарамастан, бүгінгі әлемнің барлық елдерінің
ішкі, сыртқы саясатында үлкен мәнге ие болып отырғаны белгілі жәйт.
Жоғарыдағы анықтамалар ғылыми-техникалық саясатты тек қана ғылыми-
техникалық төңкеріс жаңалықтарымен байланыстыра қараумен ғана шектеледі.
Жалпы кең ауқымды анықтаманы белгілі зерттеуші- ғалым А. З. Ваксер берген
болатын. Оның ойынша, ғылыми-техникалық саясат дегеніміз: ”Жетістіктерді
өндіріске тез арада енгізуді, жедел прогресті қамтамасыз ететін заңдық,
әкімшілік және тағы басқа шаралар мен қоғамдық дамудағы ғылым мен
техниканың ролін ашып көрсететін теориялық ережелердің жиынтығы ” (2).
Бұл анықтама ғылыми-техникалық саясаттың мәнін толықтай көрсетуге
тырысқан қадамдардың бірі деуге болады. “Ғылыми-техникалық саясат” мәнін
А.З. Ваксерден кейінгі зерттеушілер тиімді ғылыми-техникалық жетістіктерді
жинақтай отырып, өндіріске енгізудің кешенді әдістері деген пікір айтқан
болатын. Мұндай ой экономист-ғалымдар В: Камаевтың, В. Владимировтың, В.
Кушлинның, сондай-ақ философтар В. Косолаповтың, В. Врублевскийдің
еңбетерінде көрініс тапқан.
Жоғарыдағы анықтаманың үлгісі ретінде бірнеше уақыт бұрын берілген В.
Камаевтың айтқанына көңіл бөліп көрсек. Оның ойынша ғылыми-техникалық
саясат дегеніміз бұл ғылыми дәлелденген, тәрбиелік әдістер жүйесі, ол
тәжірибеде қолданыс тауып, жұрнақтарға ие болған өндірісте және қоғам
өміріне қолайлы жағдай туғызатын саясат.
Алайда, бүгінгі ғылым саласында ғылыми-техникалық саясатқа байланысты
берілген жалпылама бір әрі тұрақты анықтама жоқ. Мұны ғалымдар әртүрлі
себептермен түсіндіреді. Біраздары басты себепті негізгі түсініктің
көптеген ғылымға ортақтығынан іздесе, енді біреулері оны жаңа зерттеліп
жатқан тақырып деген пікірмен байланыстырады. Дейтұрғанмен бұл арада
әртүрлі саланың зерттеушілері ғылыми-техникалық саясатты өзіндік көзқарас
тұрғысынан анықтайды. Мысалы экономистер өздерінше, тарихшылар мен
философтар өз алдына баға береді.
Дегенмен, жоғарыдағы авторлардың берген анықтамаларын салыстыра
отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: алғашқысы ғылыми-техникалық
саясат қоғам дамуының басты алғышарты, екіншісі ғылыми-техникалық саясат
экономикалық саясаттың бөлінбес бөлшегі екендігі, үшіншісі ғылыми-
техникалық саясат әлеуметтік өзгерістерге қатысты өзгеріп отыру емес, оған
әсер ететін фактор екендігі.
Кейбір авторлар өздерінің кезекті жұмыстарында ғылыми-техникалық
саясатқа тар мағынада, кейбірі кең мағынада анықтама беруге талпыныс
жасады.
Ғылыми-техникалық саясат жиынтығы мемлекеттің өндіріс кешенінен оның
бөлімдерінің экономикалық және әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы
арасындағы қайшылықты шешуді анықтайды. Мемлекеттің азаматтары экономикалық
ұйымдастырушылық тәсілі ретінде ғылым дамуына қолайлы жағдай жасауға,
олардың өндірісте қолданысқа ие болуына жағдай жасайды. Өзіндік мағынасымен
бұл саясат ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің жедел болуын, өндіріс
пен ғылым арасындағы арасалмақ пен қарым-қатынасты анықтайды, өндіріс
бағасы мен жаңа техника бағасының арасындағы алшақтықты, оның арасындағы
сандық көрсеткіштерді, динамика мен өндіріс тұрақтылығын көрсетеді. Бұл
аталғандарды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан құрылған жоспарлау,
бағалау, қаржыландыру және ынталандыру жүйесі қажет.
Көптеген зерттеушілер ғылыми-техникалық саясат ғылыми-техникалық
прогрестің басым бағыттарын, бар қордың және дамудың бағдарын
қалыптастыруға жұмыс істейді деп есептейді, ал, саясатты қалыптастыру үшін
мынадай міндеттерді шешу керек.
– мақсаттарды ғылыми-техникалық саясаттың бағыттарына емес
олардың мақсат міндеттерімен байланысын анықтау;
– ғылыми-техникалық потенциал мен өндіріс жағдайын талдау
және баға беру;
– ғылыми-техникалық прогрестің потенциалдық қорын талдау
және бағалау;
– ғылыми-техникалық және құрылымдық-инвестициялық саясаттың
және олардың халық шаруашылығының барлық деңгейімен
байланысының баламалы нұсқаларын қалыптастыру;
– аймақтардың, кешендердің, халық шаруашылығының ғылыми-
техникалық дамуының тепе-тең нұсқаларын талдау;(3)
Авторлардың мұндай көзқарастары олардың ғылыми-техникалық саясатқа
берген анықтамаларын одан ары дамыта түсті.
“Мемлекеттің анықталған ғылыми-техникалық бағдарламаларының, халық
шаруашылығының ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттарының жиынтығы”. Бұл
анықтамаға сүйенетін болсақ ғылыми-техникалық саясат бағдарламалардың
бағыттарын, мақсаттарын, мерзімдерін, кезеңдерін, орындаушыларын, қаржы
көздерін көрсетеді. Яғни ғылымның ашқан жаңалығынан бастап, оның өндірісте
қолдану аясына дейінгі аралықты қамтумен қатар, жасалған бағдарламалардың
орындалмай қалуынан сақтандыру механизмін де ескереді. Сондай-ақ
бағдарламаның жүзеге асуы үшін ғылыми жаңалықтардың толассыз ағымын немесе
оның басқа көздерден алынуын қамтамасыз ету керектігін көрсетеді.
Ғылыми-техникалық саясаттың негізгі мазмұнына мыналар кіреді:
– өмірде бар ғылыми-техникалық деңгейдің әлемдік және
теориялық негізге сәйке болуы;
– ғылымның материалдық-техникалық базасының дамуы үшін
ресурстарды бөлу және ғылыми зерттеулердің негізгі бағытын
анықтау;
– өндіріс аппараттарының және технологиялардың, техниканың
дамуының басты тенденциялары;
– жоғары деңгейдегі мамандарға өз шеберліктерін жетілдіруге
деген мүмкіндік пен қажеттіліктің болуы;
– қоғамдық өндірісте және тұтынудағы құрылымдық алға жылжу;
– пайда болған экологиялық проблемаларды шешудің жолдары;
– жоспарланған шаралардың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі;
– ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізімі;(4)
Бір аңғаратын жайт, ғылымның өндірістен бөлектенуі, оның ғылыми-
техникалық саясаттан алшақтауына әкеліп соғуы мүмкін. Ғылыми-техникалық
саясат – бұл ғылыми-техникалық прогрестің бір бөлшегі ретінде оның
нәтижелерінің және басымдықтарының бөлінуі нәтижесінде өмірге келеді. Мұнда
басқару ісі ретінде нәтижелер, шығындар, ғылымды ұйымдастыру формасы мен
проблемалары қарастырылады. Ғылымды дамыту жағдайында бұл саясат адам
факторы және ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға
бағытталады. Ғылыми саясат бұл бағытта негізгі үш қызметті атқарады:
жоспарлау, үйлестіру және ынталандыру.
Техникалық саясат ғылыми-техникалық саясаттың бір бөлігі ретінде
сапасы арқылы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерімен байланысын бағдарлайды.
Ол әлеуметтік- экономикалық мәселелердің жедел түрде дамуын зерттейді.
Материалдық өндірісте революциялық алға басуларды қамтамасыз етуге қызмет
етеді.
“Ғылыми-техникалық саясат” түсінігінің күрделілігі жайында шетел
ғалымдары да ой айтады. ЮНЕСКО-ның сарапшылары мемлекеттік ғылыми-
техникалық саясаттың даму стратегиясы мен ұлттық жоспарды іске асыру,
сондай-ақ ұлттық ғылыми-техникалық потенциалдың дамуы мен ынталандыру
процесі керек деп санап, оның әдістерін, міндеттерін заңдық және атқарушы
құралдармен бекіту қажет деген ой айтқан болатын.
Төмендегі анықтамада батыс елдеріндегі ғылыми-техникалық саясаттың
мазмұнына тоқталған. Онда: “Кез келген капиталистік елдің ғылыми-техникалық
саясаты дегеніміз, бұл ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық,
ұйымдастырушылық, құқықтық қажеттерінің әдістері мен міндеттерінің
жиынтығы. Ол ғылыми зерттеулерді ынталандыру мақсатында және олардың
жетістіктерін экономикалық, саяси, әскери салада жинақтап, қолдануды
білдіреді”делінген.
Ғылыми-техникалық саясат қоғамда жүргізілетін басқа да саясаттармен
тікелей байланыста жүзеге асырылады. Оларға нақты тоқталар болсақ:
– құрылымдық саясат, ғылыми-техникалық саясат тек қана халық
шаруашылығының өркендеуін ғана қамтамасыз етіп қоймай,
олардың жаңа құрамындағы құрылымдық алға басуды қамтамасыз
етуге жұмыс істейді;
– инвестициялық саясатпен байланыс, инвестициялық саясат
ғылымның жетістіктерін өндіріске енгізудің бірден-бір жолы;
– Инновациялық саясат. Ескірген қорларды жаңарту
инновациялық саясаттың басты міндеті. Сондықтан бұл екі
ұғымды бір-біріне бөлек қарастыруға болмайды. (5)
Өз кезегінде ғылыми-техникалық саясаттың міндеттеріне мыналар кіреді:
– елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылыми-
техникалық бағдар жасау, бағыт сілтеу;
– маңызды ғылыми-техникалық бағыттарды таңдау және негізгі
зерттеулердің басым бағыттарын анықтау;
– ғылыми-техникалық потенциалды жүйе ретінде қарастырып,
олардың сапалы, санды бағыттарын талдау;
– ғылыми-техникалық қызметтің экономикамен тұтас жүйе арқылы
ұйымдасуын, жоспарлануын, қаржыландырылуын қанағаттандыру;
Ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуын, жұмыс істеуін талдай отырып
оның төрт қызмет аясын анықтауға болады. Алғашқысы, өндірісте және аймақтық
дамудың ғылыми-техникалық қызметін басқару, ғылыми-техникалық саясатты
мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік-экономикалық дамудағы жоспарлау
бойынша басқаруы.
Екінші, қызметтік аясы ғылыми-техникалық саясаттың ғылым және ғылыми
қызмет көрсету ортасындағы мекемелер мен ұйымдарда қолданысқа енуі. Бұл
процестің негізгі көрсеткіштерінің бірі ҒТП-ның жетісітіктерін өмірде
қолдану болмақ.
Үшінші, қызметтік аясы ғылыми-техникалық саясатта арнайы ұйымдар мен
мекемелердің жаңа идеяларын, жаңалықтарын халық шаруашылығында қолдану.
Ғылыми техникалық саясаттың төртінші қызметтік аясына ғылыми
жаңалықтарды тәжірибеде сынап көру жатады.
Сонымен, ғылыми-техникалық саясаттың мәнін ашуда мынадай қорытындыға
келуге болады деген ойдамын. Біріншіден осы уақытқа дейін ғылыми-техникалық
саясаттың методологиялық негіздері толықтай ашылмаған. Екіншіден, жалпы
саяси ілімге ортақ белгі, ұғымға анықтама беруде саналуан нұсқалардың
болуы. Біз жоғарыда келтірілген мысалдар негізінде ғылыми-техникалық
саясатқа төмендегідей анықтама беруге тырыстық. Біздің ойымызша, ғылыми-
техникалық саясат дегеніміз мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі,
ғылым мен техникадағы жаңалықтар негізінде құрылып, оны іске асырудың
әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

1.2 Мемлекет саясатындағы ғылыми-техникалық саясаттың ролі

Бүгінгі күні ғылыми-техникалық саясаттың обьектісі ретінде ғылыми-
техникалық төңкерісті-ғылым-өндіріс-тұтынуды жатқызуға болады. Бұл үрдіс
жаңа материалдарды өмірге алып келіп қана қоймай олардың жұмыс істеуін,
өндіріске енуін қамтамасыз етеді.
Қай мемлекетті алып қарасақ та, олардың саясаттарында ғылыми-
техникалық саясат үлкен роль атқарары сөзсіз. Әр елдің дамуы, өркендеуі
ғылымына, техникасына байланысты болары сөзсіз. Ал, ғылыми-техникалық
прогрестің ғылыми-техникалық саясатпен тікелей байланысты екендігі ақиқат.
Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-техникалық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік
реттеу былай түсіндіріледі:
– ірі ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруда өтпелі
уақытта кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыра алмаса, оған
инвестициялық және инновациялық саясаттың көмегі керек
болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілдік
элементімен байланысын жоғалтады;
– мемлекеттің үйлестірушілік қызметін керек ететін және
технологиялық жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді
өндірісті білдіретін, өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын
және технологиялық алға жылшушылыққа әкелетін ғылым мен
техниканың жетістігі;
– ірі зерттеулерді ұйымдастыру және оларды қоғамның
денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, қоршаған ортаны
қорғау, инфрақұрылым салаларында қолдану сонымен қатар,
мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу мүмкіндігін
қарастыру; (6)
Ғылыми-техникалық саясаттың басты ерекшелігі, оның әрдайым мемлекет
назарында болуы. Қызықтысы, ғылым мен техника нарық жағдайында басқа
салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді.
Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда оның нарықтың
сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары екені сөзсіз.
Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері
толықтай дәлелдеп отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың әсері индустриалды
қоғамды ары қарай дамытуға жол көрсетеді.
Ұзақ уақыт пен жағдайды, жалпыұлттық негізде ұйымдастыруды талап
ететін ғылыми-техникалық жаңартулар кезеңі қиын және қаржылай қымбат болуы
мүмкін. Алайда, ғылыми-техникалық саясат арқылы енгізілген жаңартулар
экономикалық өсудің негізгі іргетасы бола алады. Біріншіден, ғылыми ізденіс
және олардың өмірде қолдануы 10 жылдан 3-7 жылға дейінгі аралықта қысқарды.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру ішкі экономикалық жағдай, өмір ұзақтығы мен
сапасы, өндірістік еңбек тағы басқа мәселелерді шешуге мүмкінді береді.
Екіншіден, қазіргі уақытта әлемде үстемдік құрушы мемлекеттер
технологиялық жағынан басқа елдерден анағұрлым алда. Бұл мемлекеттер ғылым
мен техникадағы жаңалықтарды құпия ұстайды. Осы мысалдан кейін ғылым мен
техниканың дамуы–ішкі саясатпен қатар әсіресе сыртқы саясатта жетістікке
жетудің бірден бір жолы деуге болады; Мәдени, өркениеттік жүйенің
тұрақтылығы, басқа мәдени, экономикалық жүйелермен бәсекеде дұрыс бағытты
таңдау; Қазір экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің үшінші әлем елдеріне
үстемдік жүргізуі осы ғылыми- технологиялық жолмен де жүзеге асырылуда.
Тағы бір назар аударарлық мәселе кеңестік жүйе кезеңіндегі екі блоктың
арасындағы қайшылықта ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін әскери
мақсатта қолдану ғылыми-техникалық революцияның мемлекеттендірілуіне әкеп
соқты. Бұдан басқа жеке кәсіпкердің ғылыми-техникалық жетістіктерді
қабылдау және оларды іске асыруда көптеген мөлшерлі шығындарды есептей
алмай дұрыс жүргізе алмауы қиындық туғызды. Бұл арада ірі корпорацияларды
еске алған абзал. Басқа да көп корпорациялардың монополизмі оларға түсер
пайданың шексіздігін есептей алмай, ғылыми-техникалық прогрестің
нәтижелерін дұрыс қолдана алмаулары саясаттың дұрыс жүрмеуін көрсетеді.
Ғылыми-техникалық саясат мақсаттары шығармашылық бастауының көтерілуі,
еңбек қызметінің белсенділігі, қоғамның жаңа сапаға көтерілуіне бағытталып,
әлеуметтік-экономикалық дамуға тәуелділікпен анықталады. Осы статегия
негізінде адамды өндіруші және азамат деп қарап, адам дамуының барлық
жағдайында олардың еңбек, қызмет ету, демалу секілді әлеуметтік мәселелерін
шешу жатады. Сондай-ақ адамды материалдық, рухани өмірдің тұтынушысы,
ұжымның, этникалық және діни бірлестіктің мүшесі ретінде қарау жөн болады.
Сапа деңгейін көтеру мәселесінде тұтыну және ұсыну қызметтерінде ғылыми-
техникалық саясаттың бір бөлігі жаңа технологияларды меңгерген мамандар
даярлау болатын болса, мемлекетте осы салаға көп көңіл бөледі. Ең қажетті
жаңа технологияны өмірге әкелгенде, өндіріс ошақтарының, кәсіпорындардың
қоршаған ортаны қорғау мәселесі, оны ластамау, тиімді жолдарды іске қосу
жағы қарастырылады. Өндіріс қауіпсіздігі– табиғи байлықты қалдықсыз
пайдалану назардан тыс қалмауы керек.
Ғылыми-техникалық прогрестің маңызды қызметтеріне негізінен ауыр және
зиянды еңбектен құтылу, қол еңбегінен арылу, жанама қызмет түрлерін
қысқарту, оны жедел түрде іске асыру жолдары жатады.
Аэрокосмостық техниканы, жаңа өнім өндіруде, электроникада жаңа
технологияны жасау, оны қолдану, әскери-стратегиялық басымдықта жұмыс істеу
сияқты көптеген істерде мемлекет ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне
үміт артуға мүдделі.
Ғылыми-техникалық саясатті жүзеге асыру барысында өндіріс өнімінің
көлемін ұлғайту тұрғысында сападан алшақтамау бірінші кезектегі мәселе
болары сөзсіз. Тек шикізат орталығымен ғана шектеліп қана қоймай
“өндірістен-өндіріске” принципін ұстанған абзал дейді зерттеушілер. Мұның
мәні шикізат өндіре отырып одан дайын өнім шығаруға дайын болу. “Өндірістен-
өндіріске” қағидасы бүгінгі күні Қазақстан үшін ең қажет принциптердің бірі
болып отыр. Бұл принцип өндірісте шығынды жағы өте жоғары әрі сапасыз артық
өнім шығарудан да сақтандырады.
Ғылыми-техникалық саясаттың негізгі бағыттары төмендегідей болып
келеді:
– жоғары бәсекелестікке ұмтылған, шығыны аз керісінше керісінше көп
еңбекшілер пайдаланатын ресурстарды қолданудың сапалы, жаңа деңгейі.
Ресурстарды үнемдеу арқылы өндіріс өзінің өсімін көбейтеді. Халық
шаруашылығына энергетикалық, материалдық және қазба байлықтары
жатады.Ресурстарды үнемдеудің нәтижесі ретінде халық шарушылығының
құрылымдарындағы қайта құру, ішкі саудада қазба байлықтарының үлес салмағы
кеміп, керісінше оларды өңдейтін өндіріс орындарының мөлшері артуы қажет;
– елдің техникалық артта қалуын тоқтатып, жаңа технологияларға қол
жеткізу; Арнайы техникалардың сапасының әлсіздігінен инженерлік басқару
технологияларының заман талабына сәйкес болмауы. Бәсекелестікке ұмтылған
әрбір мемлекет саясаты жаңа технологияларды меңгеруді басты міндет деп
санайды.
– өнім өндірмейтін салалардағы құрылымдық алға жылжу, яғни
технологиялық негізде қамтамасыз ету
– әр аймаққа икемделген аз күш жұмсалатын өндіріс орындарын
ашып, олардың өндіріс қауіпсіздігін және қоршаған ортаның
ластанбауын қамтамасыз ете алатын жаңа технологиялар
жүйелерін тарату арқылы ғылыми-техникалық прогрестің
әлеуметтік тиімділігіне қол жеткізу. Әлеуметтік нормативтер
жүйесін дайындау жаңа технологияларға негізделуі керек. (7)
Ғылыми-техникалық саясаттың негізгі принциптерін қалыптастыруда
қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары есепке алынады. Мұнда қысқа,
ұзақ, орта мерзім және ішкі заңдылықтарға негізделген ғылым мен техниканың
дамуы халық шаруашылығы мен есеп жүргізудің бірлігін анықтайды. Ғылыми-
техникалық саясатты іске асыруда өнеркәсіп, кәсіпорындар көбіне
экономикалық өркениетке ұмтылуға тырысады. Жалпы, мемлекетте жүргізілетін
ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудың негізгі принциптері
төмендегідей:
– ғылыми-техникалық саясаттың экономикалық-әлеуметтік
бағыты;
– әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін
ғылыми-техникалық дамудың бағыттарын таңдап алу;
– ғылым мен техниканың басым бағыттарын іске асыру үшін
ресурстарды бір жерге топтастыру;
– ғылым-өндіріс-тұтыну жүйесіндегі халықаралық еңбек
бөлінісінің обьективті үрдістерін көрсету үшін, халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастық;
– осы жүйені қолданысқа енгізіп қалыптастыру үшін қажетті
динамиканың болуы; (8)
Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаттың принциптерін дайындау
кезеңінде мынадай аспектілерді қарастыруы тиіс. Бүкіл мемлекет деңгейінде
шешілетін сұрақтар арасындағы бірлікті, сондай-ақ аймақтық жүйелер
деңгейінде шешілетін мәселелер бірлігін ұмытпау қажет. Кез-келген мәселенің
шешімін табарда оған жауапты құрылымдар бірлігі аса маңызды рольге ие
екендігі сөзсіз. Аймақтық жүйелер ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырып,
жүзеге асыра алады. Сондықтан ғылыми еңбектерде, әдебиеттерде аймақтық
ғылыми-техникалық саясат мәселелері (автономды республикалар, облыстар
деңгейінде), сондай-ақ ғылыми-техникалық саясатты жоғары оқу орны,
академия, өндіріс жүйелері деңгейінде қарастырады.
Жаңа шаруашылық жағдайында ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен
іске асыруда жеке бөлімше, өнеркәсіп, ғылыми мекеме ретінде қарастыру жиі
орын алады. Сонымен бірге, оны жаңа өндіріс формасы –концерн, өндіріс
арасындағы мемлекеттік бірлестік, әртүрлі ассоциациялар, түрлі
серіктестіктер мен акционерлік қоғам және тағы басқа ретінде бағалау жиі
кездеседі. Жергілікті және тұтастай мемлекеттік деңгейде ғылыми-техникалық
прогресті басқарудағы өзара байланыс пен өзара тәуелділік ғылыми-техникалық
саясат бірлігін қарауға әкеледі. (9)
Ғылыми-техникалық саясат бірлігі жаңа шаруашылық механизмін
қалыптастыруда және жүргізуде халық шарушылығы мен есептеу мақсаттары мен
мүдделерін білдіредеі. Таралу механизмінің принциптерінің ортақтығы барлық
деңгейдегі өндіруші және өндірмейтін салалардың арақатынасында болмақ. Бұл
бірлік демократиялық принциптерге негізделеді. Өндіріс орындары еркіндікте,
басқаруда тәуелсіз болады. Билік орталықтанған елдерде өндірістегі ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерін тек қана жоғарыда отырған билік
өкілдеріне қатысты болса, ал демократиялық елдердегі жағдай басқаша болмақ.
Онда өндіріс орындарының құқықтары мен бостандықтары анағұрлым кең болып
келеді.
Орталықтандырудың жоғары деңгейде болуы жаңа жағдайда әкімшілік пен
шаруашылық қызметінің шектен тыс шыққандығын көрсетпейді. Бірақ, ол
мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты әсерінен іске асатынын естен
шығармаған абзал. Ғылыми-техникалық саясат бірлігі ғылыми-техникалық
прогрестің мемлекеттік реттелуінің жалпылама сипатын білдірмейді.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат стратегиясы ғылыми-техникалық
прогрестің жаңа бағыттарының маңыздысына әрі жемістісіне және осы бағдарда
барлық ресурстардың, күштердің топтасуы қажет.
“Алға жылжу” бағытын ұстанатын ғылыми-техникалық прогресс болашақта
дәстүрлі базалық технологиялар санын азайтып, олардың алдағы уақытта көп
бөлігі өзін-өзі қаржыландыру немесе несие арқылы жаңартылып, өзгертілуіне
жағдай жасайды. Мұндай жағдайда мемлекет мүддесінің басымдығы немесе ғылыми-
техникалық саясаттың негізгі мақсаты, мемлекеттік бағдарламаларды
қамтамасыз ете алатын тиімді тапсырыстармен қатар қолайлы құқықтық база,
баға, ресурстарды бөлу және басқа да экономикалық тетіктермен толықтырыла
түсуі тиіс. (10)
Ғылыми-техникалық саясаттағы мемлекет ролінің жоғары екендігі айқын.
Мемлекеттердің өсіп өркендеуі, әлемдік аренада өзін-өзі көрсете алуы ғылым
мен техниканың дамуымен тікелей байланысты. Америка Құрама Штаттарының
ғылым мен техникада жаңалық ашқан ғалымдар үшін қашанда ашық болғаны
белгілі. Бұл елде ғалымның ашқан жаңалығының өміршеңдігі мен өтімділігі
қарастырылып, барлық жағдай жасауға мүмкіндік зор. Осы саясаттың кең
тарағаны соншалықты бүкіл әлемге “Америка нағыз тәжірибе орталығы” деген
пікір тараған болатын. Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары әлемде өз
үстемдігін құрып отырған ең ірі держава болып отыр. АҚШ-тың мұндай
көрсеткішке қол жеткізуін тек ғылыми- технологиялық фактордан іздеу қате
болар. Алайда аталған саланың бұл жетеістіктегі үлес салмағының жоғары
екенін мойындау керек.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғылыми ресурстарды пайдалануды
ұйымдастыру және ұлттық мақсаттарды айқындар ғылым салаларын дамыту жөнінде
және оларды ынталандыру туралы АҚШ өкіметінің қаулысы шыққан болатын. Осы
қадамнан кейін, америка саясатында ғылым мен техниканың өркендеп дамуына
және олардың іс жүзіне асуына жағдай жасау ерекше назарда болған еді. Бұл
қаулы сөзсіз бұл елдегі ғылым мен техниканың дамуына өз үлесін қосты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін “қырғи-қабақ” соғыс жағдайында
ғылым негізінен бір бағытта дамығаны белгілі. Әскери салада үлкен
жаңалықтардың ашылып, үлкен өзгерістер тап осы әскери салада болғаны
белгілі. Әлемдегі ең ірі екі держава ғылымындағы басымдықты әскери салаға
берді. Жаппай қарулану кезеңінде адам өмірі мен тіршілікке зиянды қару
түрлері жасап шығарылған болатын. Бұл ғылым мен техниканың дамуындағы
проблемалық мәселелердің қаншалықты маңызды екенін көрсететін бірден-бір
мысал.
Күншығыс елінен басқа да азиялық мемлекеттер ғылыми-техникалық
прогреске көп көңіл бөліп отыр. Солардың бірі – Қытай. Бұл елдегі ғылым
академиясы қайта құрылған болатын. Бұл өзгеріске бір академия, екі жүйе
деген атау берілген болатын. Қытайда академиялық зерттеулер коммерциялық
табыспен бірлестік жағдайында жүзеге асады. Бұл елде ғылыми-зерттеу
институттары негізінде жұмыс істейтін фирмалар мен корпорациялар өте көп.
Мұндай фирмалар тек ірі қалаларда ғана емес елдің барлық аймақтарында бар.
Қытайдың әртүрлі аймақтарында осындай жүзден аса фирма жұмыс істейді.
Жергілікті басшылықтың қолдауымен зерттеу орталықтары негізінде 50
кәсіпорын құрылған. Мұндай құрылымдарға нақты мысал ретінде Қытайдың “Сынь
Хуань” корпорациясын келтіруге болады. Бұл корпорация физика институтының
ғалымдары мен бірнеше кәсіпорынның басын біріктіріп сирек кездесетін
элементтер негізінде магнитті материалдар жасап шығаруды қолға алған. Бұл
кәсіпорында шығарылатын магниттік материалдар әлемде ең үздік деп танылған.
Соңғы үш жылдың ішінде бұл өнімді экспорттаудан түскен пайданың көлемі 800
мың АҚШ долларына дейін жеткен. Қытай үкіметінің АҚШ, Жапония
компанияларымен құрған консорциумы келешекте бұл өнімнің экспорттық
мөлшерін тек бір жылда ғана 30 миллион долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
(11)
“Сынь-Хуань” компаниясының озық тәжірибесін пайдалана отырып Қытай
үкіметі университеттер мен “экономикалық және технологиялық даму”
аймақтарында коммерциялық фирмалар құруды жолға қойған болатын. Қытайда
технопарктер “экономикалық және технологиялық даму” аймақтары деп аталады.
Қытай Халық Республикасында алғаш технопарктер 1985 жылдан бастап жұмыс
істей бастаған болатын. Технопарктердің саны бес жылдың ішінде 26-ға
көбейсе, 1995 жылдың басында бұл көрсеткіш 52 –ге жеткен. Бұл
технопарктердің 27 мемлекет қарамағында болған.(12)
”Экономикалық және технологиялық даму аймақтарында” 43 мың адам жұмыс
істеп, мұнда он жылдың көлемінде Қытайда өндірілген ғылымды көп қажет
ететін өнімнің жартысы өндірілген.
Пекиндегі жаңа технологияларды жетілдіру тәжірибелік аймағында ғылым
мен техниканы дамытуда үлкен алға жылжудың бар екенін қазірде бүкіл әлем
мойындап отыр. Қытайдың бас қаласында орналасқан бұл мекеме 100 шаршы
километр жерге орын тепкен. Мұндай үлкен әрі маңызды кешенді қала басшылығ
мен ғылым Академиясы, университет және өндіріс кәсіпорындары бірлесіп
құрған. 1995 жылдың ортасына қарай бұл жерде 2,5 мыңнан астам ғылым
жетістіктері негізінде жұмыс істейтін фирмалар құрылған. Бұл фирмалардың
500-і шетел инвестицияларын пайдаланады. Орталықта 5 мыңға жуық ғылыми
зерттеуді көп қажет ететін өнім өндіру жолға қойылған. Бұл өнімдердің 300
түрі жаңашылдығы үшін мемлекеттік және халықаралық жүлделерге ие болған.
Технопарктің 6 жыл ішінде жасаған қызметінен Қытай қазынасына 25 миллиард
юань қаржы түскен. Дайын өнімдерді экспорттаудан тек 1994 жылдың өзінде
ғана 100 миллион доллар таза пайда түскен. (13)
Қытайдың Шэньянь қаласында орналасқан “Няньху” технопаркінде 600–ге
жуық жаңа жоғары технологиялық өнім ойлап табылып, өндіріске ендірілген
болатын. Бұл технопарктың қызметі сенсорлы техника, робототехника жасап
шығаруға бағытталған. Парктің ғылыми-техникалық зерттеулеріне тартылған
шетел инвестицияларының көлемі 6-7 миллион долларды құрайды. “Наньху”
технопаркіне салынған 1 юань 5 юань таза пайда әкеледі.
Қытайда 1988 жылы қабылданған жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық
“Алау” бағдарламасында технопарктерді жедел дамыту басты мақсат ретінде
көрсетілген. Бұл бағдарламада Қытай елінде ғылымды дамытудағы басым
бағыттар болып микроэлектроника мен информатизациялау, аэрокосмостық,
оптика-талшықты, гендік инженерия мен биотехнология, энергия үнемдеуші жаңа
технологиялар, қоршаған ортаға залалсыз технологиялар, медициналық
қондырғыларды жетілдіру танылған болатын.
Қытайда ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру үшін қорғаныс өнеркәсібі
кешенінің мүмкіндіктері жиі пайдаланылуда. Жетпісінші жылдардың соңынан
бастап бұл елде қорғаныс өнеркәсіптерін конверсиялау жүзеге аса бастаған
болатын. Бұл саладағы ғылыми-зерттеу әлеуетінің үштен екі бөлігі халық
шаруашылығы қажеттіліктерін өтеу үшін, осы салаға ауыстырылған болатын.(14)

Ғылыми-техникалық дамуда оңтүстік шығыс азия елдері де үлкен
жетістікке жетіп отыр. Бұл елдердің қатарында Тайваньды атап өту керек.
Тайваньда ғылымды қаржыландыруға арнайы банктер жұмыс істейді. Мысалы үшін
Тайваньның Чиао Танг Банк негізінде Даму банкі құрылған болатын. Бұл
банктің басты міндеті өндіріс, ғылым мен техника салаларын қаржыландыру
болып табылады. Даму банкі аталмыш салаларға қысқа және ұзақ мерзімде
несиелер беріп қана қоймай технологиялық процеске өзі де тікелей инвестор
блу мүмкіндігі бар. Мұндай үлкен қаржы мекемесінің болуы бұл елде өз ісін
жаңадан бастап жатқан ғылыми орталықтардың келешекте үлкен корпорацияларға
айналуына себепкер бола алады.
Тайваньда үкімет қаржысына Синчу Индустриалды паркі салынған болатын.
Бұл парк американың атақты “селикон даласына” пара-пар Оңтүстік Шығыс
Азиядағы бірден-бір аймақ. Синчу паркі мемлекеттік және жеке меншік
өндіруші және ғылыми зерттеулермен айналысатын фирмаларға жалға
беріледі.(15)
Тайвань аралында жаңа бағытағы жоғары технологияларды жасап шығарумен
өндіруші фирмалар да айналысатынын атап өту керек. Мысалы үшін АСЕР
фирмасындағы 5000 қызметкердің 800-і зерттеумен айналысатын ғалымдар.
Жүйелік қондырғылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынастарда гуманитарлық көмектің рөлі
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Салық саясатының экономикалық мазмұны
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының салық саясаты
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Пәндер