Қызметкердің орташа айлық жалақысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық теория кафедрасы

К у р с т ы қ ж ұ м ы с

Тақырып: Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы

Тексерген: э. ғ. к. доцент

Байшоланова Қ. С.

Орындаған: Ақберді А.

Экономика - 201 топ

Алматы - 2007 жыл

Жоспар

Кіріспе

1 БӨЛІМ. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы

1. 1 Еңбек нарығының құрылымы

1. 2 Еңбек нарығына әсер ететін факторлар

1. 3 Жалақының қалыптасуы

2 БӨЛІМ. Жалпы жұмыссыздық

2. 1 Жұмыссыздық мәні

2. 2 Жұмыссыздықтың көрсеткіштері мен түрлері

3 БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы

3. 1 Қазақстан Республикасы және өңірлердегі еңбек нарығының ерекшелігі

3. 2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мониторингі және жұмыс бастылығының бағалау методологиясы

3. 3 Қазақстан Республикасының жұмыссыздық проблемасын

шешу және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты

Қорытынды

Қолданыған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.

Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады.

Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан, еңбек шынында да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың « мәнді күштерінің» көрінуі. Яғни еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады. Және де нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап айту қажет.

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында «еңбек қатынастары- тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметің жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар»- делінген.

Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл атқарады, олардың бастысы еңбекті, жұмыс күшін ақшалай бағалау, еңбек қатынастарын реттеу.

Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа орналасу мәселелері туады. Жалдайтын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын талаптарды өзіне қажеттілігіне, оның жай күйіне, біліктілік- мамандық деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды-психологиялық мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы деңгейіне, еңбек жағдайларына жұмыс орнының мамандығына сай келуіне, еңбектің бағалығына, жұмыстың сапалық- психологиялық ахуалына, басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс дәлме- дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.

Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келсім -шарт арқылы реттеледі. Өзара шарт -бұл жалдаүшы мен жалданушы арасындағы қысқа мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.

І. БӨЛІМ. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы

1. 1 Еңбек нарығының құрылымы

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарырықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфляция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, халық өз уақытында төлемдер мен зейнетақысын ала алмайтын хәлге түсті. Ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі құраушы бөлшегі, мемлекеттің негізгі мақсаты- адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек нарығы болып табылады.

Еңбек нарығы, әлеуметтік еңбек қатынастарының жүйесі, ол нарық шарттарының негізінде тұрғызылған. Қазіргі уақытқа сай негізгі екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу( мамандығына, саласына, кәсіпорындарға, территориясына қарай) және табысты, еңбекақы мөлшеріндые еңбегін ынталандыру үшін бағалау арқылы бөлу. Осы функцияларды іске асыруда өндірістің жоғарылауы мен тиімділік адам ресурстарының қайтарымдылығы мен табыстың жоғары болуы, мемлекеттің экономикалық өсуі мен әлеуметтік әділеттілікке бірлее отырып, баршаға бірдей қамтамасыз етілуі керек.

Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктердіөндіруге пайдаланады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланып қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек, еңбек рыногы дегеніміз « жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретьіне еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.

Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:

- еңбек рыногының субъектілері /жалданған еңбеккер және олардың одақтары, мемлекет және оның органдары/;

- субъектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешімдер мен заң нормалары;

- рынок механизмі / жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестік/;

- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер;

- рынок инфрақұрылымы.

Еңбек рыногының жоғарыда аталған аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне деген сұраныс мен оның ұсынысын теңестіруде, адамдардың еңбекке және қызмет түрін ерік таңдау құқып іс жүзінде асыруға белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

Еңбек рыногының екі түрін көрсетуге болады:

- біріншісі жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген яғни жұмыс орындарын еңбеккерлерімен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады.

- екіншісі еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.

Рыноктың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек рыногын үш секторға бөледі:

- бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық уақыт жұмыс істейді, олардың жолақысы жоғары болып келеді.

- екінші секторда адамдар жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбекақы мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын теппеген.

- үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді.

Мемелекеттің еңбек рыногыне ықпал жасау дәрежеміне қарай екі сегментті айыруға болады:

мемлекеттің жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін пынок. Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге, дайындауға және дайындауға құштар жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады.

1. 2 Еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар

Бұл сауалды қарастыру үшін еңбек нарығына тікелей әсер ететін себептерді анықтау қажет. Төменде өзара байланысты және бір-бірін қиындататын факторлардың тізімі келтіріледі:

  1. Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі;
  2. Демографиялық жарылыс;
  3. Ақпараттық технологиялар.

Бұл факторлардың барлығы да белгілі, бірақ олардың әсері көп жағдайларда тиісті түрде бағаланбайды және осы мемлекеттік немесе әлеуметтік бақылаудан тыс орналасатынын көпшілік түсіне бермейді.

  1. Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі.

Ақша массасының, ақпарат, технологиялар, тауарлар мен қызметтердің орнын ауыстыруына ұлттық шекаралардың бұрынғы әсерін жоққа шығарған нарықтық қатынастардың халықаралық жүйесіне үш миллиардқа жуық адам қосылды. Компания иинвкстициялары үшін ең қолайлы нарықтық мүмкіндік алды. Осындай шешімдерді қабылдау процессіне көптеген факторлар әсер етеді, бірақ еңбек құны солардың бірі екені сөзсіз.

Халықаралық бәсекелестік, басқа жетістіктердің ішінде ең жақсы өнімді ең қолайлы жағдайларда, ең арзан бағаға жасауды ұйғарды. Яғни, бағалар төмендеуі тиіс, ал көп жағдайларда, жұмыс бастылығының ауысуына алыпкелуі керек. Бірақ, келісіп еткендей, біздің ақша қуған мына заманда мұндай манипуляциялар көп жағдайда өнімділік пен табысты күтуге байланысты акционерлік капитал бағасының өсуіне апарып соғады. Осыған қоса дүниежүзілік деңгейге өту « ақша» мен онім қызметтер арасындағы өзара байланыстардың бұзылуына алып келеді, ал ол болса, арғы жағында әлеуметтік- деструктивтік фактор болып табылады, себебі бүкіл әлемде айналып жүрген миллиардтаған доллардың ішінен тен 10% жуығы өнімдерге қызметтерге төлеу үшін пайдаланады. Ал осы ешкіммен бақыланбайтын ақша ағымының қалған бөлігінің өзі тауар болып табылады.

2) Демографиялық жарылыс.

Осы жарылыстың себебі болып екі феномен болып табылады. Біріншісіне, әрбір сағат сайын дүниеде 12500 бала туатынын, сондықтан, әрбір он жыл сайын жер тұрғындарының саны 1 миллиардтаған адамға көбеюін жатқызуға болады. Екінші феноменге қоғам мен экономиканың прогрессивтік дамуы көп жағдайларда әлеуметтік бағдарламаға, әсіресе, зейнеттік қамтамасыз ету, кепілденген табыс және медициналық секторға, сондай- ақ, еңбек әлеміндегі позитивтік ережелерге өзінің теріс әсерін тигізеді. Қарт адамдарға қамқорлық жасау, жұмыс істеу салаларын тез кеңейту тиіс.

3) Ақпараттық технологиялар .

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар келешекте ең маңызды факторлар болып табылады. Мұны тарихи мысалдардан көруге болады. Біздің қоғамымыздың дамуы алғашында он сегізінші ғасырға дейін аграрлық және жалбағушылық сатысында кейін өндірістік қоғамда машиналар, электр және бу күшінің негізінде, сол сияқты ақпараттық революция орбитасында : бүгін мен ертең де әрқашанда технология мен қозғалысқа келтірілген. Осы технологиялық даму барлық жерге таратылатын, үстемді және біздің барлық қоғамымызға, соның ішінде еңбек нарығына да өте маңызды.

1. 3. Жалақының қалыптасуы

Жалақы - еңбек құнының ақшалай көрінісі. Жалданған қызметкердің жалақысы екі бөліктен тұрады:

  • Тарифтік, ол жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы келісім нәтижесі болып келеді;
  • Мерзімнен тыс, түнгі сағаттар, мейрам және демалыс күндері жұмыс дай- ақ жалақы түріне байланысты екіге бістегені үшін әр түрлі төлемдер және т. б.

Сондай- ақ жалақыны түріне байланысты екіге бөлеміз:

  1. Номиналды жалақы
  2. Нақты жалақы

Номиналды жалақы- ақшаға шығарылып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық және айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшері арқылы жалақының дәрежесін білуге болоды, бірақ халық тұрмысының дәрежесін анықтай алмаймз. Ол үшін нақты жалақының мөлшерін білу керек.

Нақты жалақы- жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни тұлғаның күнделікті қажеттілігіне байланысты есептеу.

Қызметкердің жалақысы сала және қызметкерлер тобы бойынша қатты айырмашылығы бар. Осыған байланысты жалақы құрылымына және оның өзгеруіне дұрыс теориялық түсіндірме берудің маңызы өте зор. Бұл жерде жалақы құрылымы дегеніміз жалақыны экономика саласы, аймақ, жұмыс істеушілердің біліктілігі, жынысы, жасы және тағы басқа нышандар бойынша бөлу.

Қазақстандағы жағдайды талдасақ, салалар бойынша орташа жалақының қатты айырмашылығын көруге болады (1-кесте бойынша) .

1-кесте. Қазақстандағы сала бойынша орташа номиналды жалақы, теңгемен.

2002ж.
2003ж.
2004ж.
2005ж.
2006ж.
: Бүкіл экономикада.
2002ж.: 127, 5
2003ж.: 4786
2004ж.: 9683
2005ж.: 14374
2006ж.: 17303
: Өнеркәсіп
2002ж.: 170, 5
2003ж.: 7792
2004ж.: 13465
2005ж.: 20647
2006ж.: 23812
: Ауыл шаруашылығы (аңшылық, орман шаруашылығымен қоса)
2002ж.: 100, 5
2003ж.: 2392
2004ж.: 3896
2005ж.: 5657
2006ж.: 6851
: Құрылыс
2002ж.: 170, 4
2003ж.: 7850
2004ж.: 12375
2005ж.: 21017
2006ж.: 26805
: Қаржы қызметі
2002ж.: 288, 1
2003ж.: 10967
2004ж.: 19324
2005ж.: 36140
2006ж.: 41686

2006 жылы қаржы қызметінде орташа жалақы ауыл шаруашылығымен салыстырсақ, 6, 08 есе көп болды. Маңғыстаудағы орташа жалақы ең жоғары деңгейде- 36325 теңгеге тең болса, Ақмола облысында тек 10170 теңгеге тең болды. Еңбек рыногында ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 70% артық келеді. Еріксіз көзге түсетін жәйт: бұл айырмашылық соңғы жылдары тек өсіп жатыр.

Жалақының айырмашылық себебі келесінде жатыр:

  • Қызметкерлер біртекті емес: олардың білімі, шеберлігі, тәжірибесі, адам капиталына иелігі әр түрлі, осыған орай өнімділігі бірдей болмайды.
  • Сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
  • Техника және технологиялық дәрежесі (өнеркәсіптік) .
  • Экономикалық жағдай.

2002 жылдың тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 20477 теңге болып, өткен жылғы тамызбен салыстырғанда-14, 9% нақты мәнде 8, 2 % өсті. Оның деңгейі ең аз күнкөріс шамасынан -4, 3 есе, еңбекке ақы төлеудің ең аз мөлшерінен-4, 9 есе асты.

2002ж. Қызметкердің орташа айлық жалақысы

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы
Орташа жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы
Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы
Теңге
пайызбен
2002ж. шілде
2006ж. тамыз
: Шығыс Қазақстан
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы: 18973
Орташа жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы: 98, 1
Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы: 110, 7
92, 7
22, 0
: Батыс Қазақстан
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы: 26391
Орташа жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы: 96, 8
Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы: 128, 0
128, 9
15, 8
: Солтүстік Қазақстан
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы: 13060
Орташа жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы: 96, 6
Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы: 119, 6
63, 8
32, 0
: Оңтүстік Қазақстан
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы: 13836
Орташа жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы: 99, 3
Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы: 121, 3
67, 6
30, 2
: Алматы қаласы
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы: 28081
Орташа жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы: 99, 8
Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы: 116, 7
137, 1
14, 9

Осы жылдың тамызында осының алдындағы аймен салыстырғанда нақты жалақы 0, 3%-ға артқан, ал атаулы (номиналды) жалақы шілдедегі деңгейде қалған.

2002 жылдың тамызында, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы жалақының өсуі республиканың барлық аймақтарында байқалған. Ең көп өсім Батыс Қазақстан (28), Астана қаласы (24, 8%), Оңтүстік Қазақстан (21, 3%) облыстарнда болды.

2006жылғы еңбекке ақы төлеу көрсеткіштері

Астана қаласы.

Қаладағы қызметкерлер саны 50- ден асатын ірі және орта кәсіпорындарда және 50- ге дейінгі адамы бар шағын мемлекеттік (бюджеттік), сақтандыру ұйымдары мен банктерде қызметкерлердің орташа саны 2003 жылдың қаңтар- мамырында 104, 8 адам құрап, 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13, 5%- ға өсті.

Орташа айлық атаулы жалақы 2004 жылдың қаңтар- мамырында - 28607 теңге (2002 жылдың тиісті кезеңіне өсуі 22, 7%) .

Атырау облысы

2004 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа атаулы жалақысы 47553 теңге болып, 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда18, 3%- ға артты. Жалақының ең жоғары мөлшері - кен өндіру өнеркәсібінде- 105320 теңге, ол облыстық орташа деңгейден 121, 5% - ға артық, ең төменгі мөлшері-ауыл, аң және орман шаруашылығында -8558 теңге (облыстық деңгейден 82% -ға кем) олардың айырмасы- 12, 3 есе.

Қызылорда облысы

2003 жылдың қаңтар- мамырында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 18730 теңге немесе 2002 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 117%.

Орташа жалақының экономикалық қызметтің түрлері бойынша айырмасы елеулі. 2003 жылдың қаңтар- мамырында аса жоғары жалақы (63350 теңге) - кен өндіру өнеркәсібінде, ал ең азы (7256 теңге) - мейманханалар мен мейрамханаларда және олардың арасындағы айырма -8, 7 есе.

Оңтүстік Қазақстан облысы

2003 жылдың қаңтар- мамырында облыстың ірі, орта және шағын кәсіпорындарда, мекемелері мен ұйымдарында жалдамалы жұмыс істейтін адамдардың саны есептік деректер бойынша 249 мыңға жуық адам болды, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардағы қызметкерлердің саны 205, 3 мың адам.

Қазақстан Республикасының 2004 жылы 19 наурыздағы халыққа жолдауы бойынша:

Ең төменгі жалақы- 2, 6 мыңнан 6, 6 мың теңгеге дейін

Орташа жалақы - 14, 3 мыңнан 24, 4 мың теңгеге дейін.


2 БӨЛІМ. Жалпы жұмыссыздық

2. 1 Жұмыссыздық мәні

Кеңес заманында жұмыссыздық мәселесі туралы қайта құру кезеңінде шын әңгіме бола бастады. 1990 жылы жұмыспен қамтамасыз ету туралы заң қабылданды. Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі тек теориялық тұрғыдан, батыс елдер тәжірибесіне сілтеп, негативтік түрде қарастырылды. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік - экономикалық мәселелері өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді.

Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т. б. сұрақтар талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиелінісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қактынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.

Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ обьективті және субьективті себеппен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді. Оған себеп - осы қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқықтарын білмеуі және т. б. Екінші жағынан, халықтық жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т. б.

2. 1. Жұмыссыздық көрсеткіштері мен түрлері

Жұмыссыздық деңгейін ( U ), жұмыссыздар санын ( V ) бүкіл экономикалық белсенді халық санына ( L ) болу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

U=V/L=V/ (V+E)

E - жұмыс істеушілер саны.

Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл- мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады. Статистикалық мәліметтер соңғы кезде екі көрсеткіш есептелініп жүр: жұмыссыздықтың ресми және жалпы деңгейі.

Қазақстандағы жұмыссыздық, %.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері туралы ақпарат
Қызметкердің мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері
Еңбек демалысының төленуі
Жалақы төлеу мерзімдері
Жалақының есебі: түрлері, нысандары мен жүйелері
Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу
Кесімді еңбекақыны есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz