Бір қызметкердің орташа айлық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 1
І. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек рыногының қалыптасуы 3
1.1. Еңбек рыногының құрылымы 4
1.2. Еңбек рыногының қалыптасуына әсер ететін факторлар 6
1.3. Жалақының қалыптасуы 8
ІІ. Еңбек рыногындағы модельдер 13
2.1 Еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс 13
2.2 Еңбек рыногының түрлі модельдері 16
ІІІ. Еңбек рыногын қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру 23
3.1. Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты 24
3.2. Еңбек биржасының мәні 27
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Еңбек — адамдардың өмірі мен талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті
материалдық, рухани және басқа да қиындықтар жасауға бағытталған адам
қызметі.
Біздің елімізде Еңбек туралы заң бекітіліп, азаматтар еңбек
қатынастарында қызмет етіп жатыр. Еңбек етсең ерінбей - тояды қарның
тіленбей - деген нақыл даналы сөзге сүйенсек, еңбек арқылы есейіп,
көгеріп, гүлденіп және өзімізде, елімізде көркейеді.
Елбасымыздың әрбір сөзінде, Қазақстан-2030 стратегиясында да халықты
еңбек етуге жағдай жасалынуда екендігі айтылуда. Осыған орай еліміздің
әрбір азаматы Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы мемлекет болуына,
патриоттық-отандық сезіммен аянбай еңбек ету керек.
Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында
адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық
негізі ашылады.
Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз
керек. Обьективті жағынан, еңбек шынында да материалды және рухани
игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл
жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі
серігі. Ал екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы
қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың мәнді күштерінің көрінуі. Яғни еңбек
арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда -
шығармашылығына жол ашылады. Және де нарықты экономиканың және нарық
қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз
жандандыруында. Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек
қызметі, атап айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына,
жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында
еңбек уәжін де атап айту қажет.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңында еңбек қатынастары -
тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір
еңбек қызметің жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы қатынастар, - делінген.
Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл
атқарады, олардың бастысы еңбекті,жұмыс күшін ақшалай бағалау, еңбек
қатынастарын реттеу.
Сонымен қатар нарықты экономика еңбек рыногы мен жұмыс күшінің
қажеттілігінен туындайды. Қызметкерлер жұмыс күшін өздері жұмыс берушілерге
сатылады. Олар нарықта еңбегін мамандығына, талабына, сапасына, еңбек
қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды. Нарық болса, сұранысқа
байланысты жұмыс күшінің бағасын төмендетуге тырысады. Ал адам жұмыс
күшінің иесінің ретінде, бәсекелестік кең жайылған шақта сапасын, жұмыс
қабілеттілігін, мамандығын жоғарылатуға тырысады. Олай болмаған күнде
жұмыссыздар санының көбейу қаупі туады.
Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа орналасу
мәселелері туады. Жалдайтын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын
талаптарды өзіне қажеттілігіне, оның жай күйіне, біліктілік- мамандық
деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды-психологиялық мінездемесіне
қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы деңгейіне, еңбек
жағдайларына жұмыс орнының мамандығына сай келуіне, еңбектің бағалығына,
жұмыстың сапалық- психологиялық ахуалына, басқарушының мәдениеттілігіне
қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс дәлме-дәл келсе жал туралы
келісім шешіледі.
Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келсім–шарт арқылы
реттеледі. Өзара шарт – бұл жалдаүшы мен жалданушы арасындағы қысқа
мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар
орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.

І. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек рыногының қалыптасуы

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы
экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды.
Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы экономикаға үйренген ел
жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық
экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар
тұрып, теңге тұрақсызданып, инфляция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, халық
өз уақытында төлемдер мен зейнетақысын ала алмайтын хәлге түсті. Ел
экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі құраушы
бөлшегі, мемлекеттің негізгі мақсаты - адам, адам факторларына ерекше көңіл
бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің
бірі еңбек рыногы болып табылады.
Еңбек рыногы, әлеуметтік еңбек қатынастарының жүйесі, ол нарық
шарттарының негізінде тұрғызылған. Қазіргі уақытқа сай негізгі екі
әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу
(мамандығына, саласына, кәсіпорындарға, территориясына қарай) және табысты,
еңбекақы мөлшеріндые еңбегін ынталандыру үшін бағалау арқылы бөлу. Осы
функцияларды іске асыруда өндірістің жоғарылауы мен тиімділік адам
ресурстарының қайтарымдылығы мен табыстың жоғары болуы,мемлекеттің
экономикалық өсуі мен әлеуметтік әділеттілікке бірлее отырып, баршаға
бірдей қамтамасыз етілуі керек.

1.1. Еңбек рыногының құрылымы

Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны
сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші
дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық
және рухани игіліктерді өндіруге пайдаланады. Жұмыс күші деген ұғым тек
экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланып
қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын
болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену
қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады,
алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан жұмыс
күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға
жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға
айырбасталынады. Демек, еңбек рыногы дегеніміз жұмыс істеп жүрген жұмыс
күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік
қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану
қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті
ретьіне еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске
қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның
құрылымында мына бөліктер болу қажет:
- еңбек рыногының субъектілері жалданған еңбеккер және олардың
одақтары, мемлекет және оның органдары;
- субъектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешімдер мен заң
нормалары;
- рынок механизмі жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы,
бәсекелестік;
- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер;
- рынок инфрақұрылымы.
Еңбек рыногының жоғарыда аталған аталған бөліктері бірлесіп жұмыс
күшіне деген сұраныс мен оның ұсынысын теңестіруде, адамдардың еңбекке және
қызмет түрін ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға белгілі әлеуметтік қорғау
жүйесін құруға бағытталады.
Қазақстанда еңбек рыногы бөліктері көзге көрінгенмен, әлі де болса
өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл аталған елдердің өзінде
еңбек рыногы механизмінің бөліктерінің бір-бірімен үйлесуінде біраз
айырмашылықтар бар. Осының нәтижесінде еңбек рыногының көп түрлері мен
модельдерін ажыратуға болады.
Еңбек рыногының екі түрін көрсетуге болады:
- біріншісі жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген яғни
жұмыс орындарын еңбеккерлерімен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады.
- екіншісі еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл
рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.
Рыноктың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа
қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге бөлуге
болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек рыногын үш
секторға бөледі:
- бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық уақыт
жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді.
- екінші секторда адамдар жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс
кең тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбекақы
мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын
теппеген.
- үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді.
Мемлекеттің еңбек рыногына ықпал жасау дәрежесіне қарай екі сегментті
айыруға болады:
- мемлекеттің жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін пынок.
Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және
кәсіптік бейімделуге, дайындауға және дайындауға құштар жұмыссыздар жатады.
Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады.

1.2. Еңбек рыногының қалыптасуына әсер ететін факторлар

Бұл сауалды қарастыру үшін еңбек рыногына тікелей әсер ететін
себептерді анықтау қажет. Төменде өзара байланысты және бір-бірін
қиындататын факторлардың тізімі келтіріледі:
1) Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі;
2) Демографиялық жарылыс;
3) Ақпараттық технологиялар.
Бұл факторлардың барлығы да белгілі, бірақ олардың әсері көп
жағдайларда тиісті түрде бағаланбайды және осы мемлекеттік немесе
әлеуметтік бақылаудан тыс орналасатынын көпшілік түсіне бермейді.

1) Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі.
Ақша массасының, ақпарат, технологиялар, тауарлар мен қызметтердің
орнын ауыстыруына ұлттық шекаралардың бұрынғы әсерін жоққа шығарған
нарықтық қатынастардың халықаралық жүйесіне үш миллиардқа жуық адам
қосылды. Компания иинвкстициялары үшін ең қолайлы нарықтық мүмкіндік алды.
Осындай шешімдерді қабылдау процессіне көптеген факторлар әсер етеді, бірақ
еңбек құны солардың бірі екені сөзсіз.
Халықаралық бәсекелестік, басқа жетістіктердің ішінде ең жақсы өнімді
ең қолайлы жағдайларда, ең арзан бағаға жасауды ұйғарды. Яғни, бағалар
төмендеуі тиіс, ал көп жағдайларда, жұмыс бастылығының ауысуына алыпкелуі
керек. Бірақ, келісіп еткендей, біздің ақша қуған мына заманда мұндай
манипуляциялар көп жағдайда өнімділік пен табысты күтуге байланысты
акционерлік капитал бағасының өсуіне апарып соғады. Осыған қоса
дүниежүзілік деңгейге өту ақша мен өнім қызметтер арасындағы өзара
байланыстардың бұзылуына алып келеді, ал ол болса, арғы жағында әлеуметтік-
деструктивтік фактор болып табылады, себебі бүкіл әлемде айналып жүрген
миллиардтаған доллардың ішінен тек 10% жуығы өнімдерге қызметтерге төлеу
үшін пайдаланады. Ал осы ешкіммен бақыланбайтын ақша ағымының қалған
бөлігінің өзі тауар болып табылады.

2) Демографиялық жарылыс

Осы жарылыстың себебі болып екі феномен болып табылады. Біріншісіне,
әрбір сағат сайын дүниеде 12500 бала туатынын, сондықтан, әрбір он жыл
сайын жер тұрғындарының саны 1 миллиардтаған адамға көбеюін жатқызуға
болады. Екінші феноменге қоғам мен экономиканың прогрессивтік дамуы көп
жағдайларда әлеуметтік бағдарламаға, әсіресе, зейнеттік қамтамасыз ету,
кепілденген табыс және медициналық секторға, сондай-ақ, еңбек әлеміндегі
позитивтік ережелерге өзінің теріс әсерін тигізеді. Қарт адамдарға
қамқорлық жасау, жұмыс істеу салаларын тез кеңейту тиіс.

3) Ақпараттық технологиялар

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар келешекте ең маңызды
факторлар болып табылады. Мұны тарихи мысалдардан көруге болады. Біздің
қоғамымыздың дамуы алғашында он сегізінші ғасырға дейін аграрлық және
жалбағушылық сатысында кейін өндірістік қоғамда машиналар, электр және бу
күшінің негізінде, сол сияқты ақпараттық революция орбитасында: бүгін мен
ертең де әрқашанда технология мен қозғалысқа келтірілген. Осы
технологиялық даму барлық жерге таратылатын, үстемді және біздің барлық
қоғамымызға, соның ішінде еңбек рыногына да өте маңызды.

1.3. Жалақының қалыптасуы

Жалақы – еңбек құнының ақшалай көрінісі. Жалданған қызметкердің
жалақысы екі бөліктен тұрады:
• Тарифтік, ол жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы келісім
нәтижесі болып келеді;
• Мерзімнен тыс, түнгі сағаттар, мейрам және демалыс күндері жұмыс
сондай-ақ жалақы түріне байланысты екіге бөлінеді, істегені үшін
әр түрлі төлемдер және т.б.
Сондай-ақ жалақыны түріне байланысты екіге бөлеміз:
1) Номиналды жалақы
2) Нақты жалақы
Номиналды жалақы - ақшаға шығарылып берілетін жалақы, оны жалдамалы
қызметкер күндік, апталық және айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының
мөлшері арқылы жалақының дәрежесін білуге болоды, бірақ халық тұрмысының
дәрежесін анықтай алмаймз. Ол үшін нақты жалақының мөлшерін білу керек.
Нақты жалақы - жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған
жалақысы, яғни тұлғаның күнделікті қажеттілігіне байланысты есептеу.
Қызметкердің жалақысы сала және қызметкерлер тобы бойынша қатты
айырмашылығы бар. Осыған байланысты жалақы құрылымына және оның өзгеруіне
дұрыс теориялық түсіндірме берудің маңызы өте зор. Бұл жерде жалақы
құрылымы дегеніміз жалақыны экономика саласы, аймақ, жұмыс істеушілердің
біліктілігі, жынысы, жасы және тағы басқа нышандар бойынша бөлу.
Қазақстандағы жағдайды талдасақ, салалар бойынша орташа жалақының қатты
айырмашылығын көруге болады (1-кесте бойынша).

1-кесте. Қазақстандағы сала бойынша орташа номиналды жалақы, теңгемен.

1993ж. 1995ж. 1998ж. 2000ж. 2001ж.
Бүкіл экономикада. 127,5 4786 9683 14374 17303
Өнеркәсіп 170,5 7792 13465 20647 23812
Ауыл шаруашылығы 100,5 2392 3896 5657 6851
(аңшылық, орман
шаруашылығымен
қоса)
Құрылыс 170,4 7850 12375 21017 26805
Қаржы қызметі 288,1 10967 19324 36140 41686

2001 жылы қаржы қызметінде орташа жалақы ауыл шаруашылығымен
салыстырсақ, 6,08 есе көп болды. Маңғыстаудағы орташа жалақы ең жоғары
деңгейде - 36325 теңгеге тең болса, Ақмола облысында тек 10170 теңгеге тең
болды. Еңбек рыногында ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 70% артық
келеді. Еріксіз көзге түсетін жәйт: бұл айырмашылық соңғы жылдары тек өсіп
жатыр.
Жалақының айырмашылық себебі келесінде жатыр:
• Қызметкерлер біртекті емес: олардың білімі, шеберлігі, тәжірибесі,
адам капиталына иелігі әр түрлі, осыған орай өнімділігі бірдей
болмайды.
• Сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
• Техника және технологиялық дәрежесі (өнеркәсіптік).
• Экономикалық жағдай.
2002 жылдың тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы
20477 теңге болып, өткен жылғы тамызбен салыстырғанда-14,9% нақты мәнде
8,2 % өсті. Оның деңгейі ең аз күнкөріс шамасынан -4,3 есе, еңбекке ақы
төлеудің ең аз мөлшерінен-4,9 есе асты.

2002ж. Қызметкердің орташа айлық жалақысы
Бір қызметкердің орташа айлықОрташа жалақыныңЕң аз жалақы
атаулы жалақысы жалпы шамасының
республикалық тиісті
деңгейге қатысы аймақтағы
орташа жалақы
қатысы
Теңге пайызбен
2002ж. 2001ж.
шілде тамыз
Шығыс 18973 98,1 110,7 92,7 22,0
Қазақстан
Батыс 26391 96,8 128,0 128,9 15,8
Қазақстан
Солтүстік 13060 96,6 119,6 63,8 32,0
Қазақстан
Оңтүстік 13836 99,3 121,3 67,6 30,2
Қазақстан
Алматы 28081 99,8 116,7 137,1 14,9
қаласы

Осы жылдың тамызында осының алдындағы аймен салыстырғанда нақты жалақы
0,3%-ға артқан, ал атаулы (номиналды) жалақы шілдедегі деңгейде қалған.
2002 жылдың тамызында, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
атаулы жалақының өсуі республиканың барлық аймақтарында байқалған. Ең көп
өсім Батыс Қазақстан (28), Астана қаласы (24,8%), Оңтүстік Қазақстан
(21,3%) облыстарнда болды.

2003жылғы еңбекке ақы төлеу көрсеткіштері
Астана қаласы.
Қаладағы қызметкерлер саны 50- ден асатын ірі және орта кәсіпорындарда
және 50- ге дейінгі адамы бар шағын мемлекеттік (бюджеттік), сақтандыру
ұйымдары мен банктерде қызметкерлердің орташа саны 2003 жылдың қаңтар-
мамырында 104,8 адам құрап, 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
13,5%- ға өсті.
Орташа айлық атаулы жалақы 2004 жылдың қаңтар- мамырында – 28607 теңге
(2002 жылдың тиісті кезеңіне өсуі 22,7%).
Атырау облысы
2004 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа атаулы жалақысы 47553 теңге
болып, 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда18,3%- ға артты. Жалақының
ең жоғары мөлшері – кен өндіру өнеркәсібінде- 105320 теңге, ол облыстық
орташа деңгейден 121,5% - ға артық, ең төменгі мөлшері-ауыл, аң және орман
шаруашылығында -8558 теңге (облыстық деңгейден 82% -ға кем) олардың
айырмасы- 12,3 есе.
Қызылорда облысы
2003 жылдың қаңтар-мамырында бір қызметкердің орташа айлық атаулы
жалақысы 18730 теңге немесе 2002 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 117%.
Орташа жалақының экономикалық қызметтің түрлері бойынша айырмасы
елеулі. 2003 жылдың қаңтар- мамырында аса жоғары жалақы (63350 теңге)- кен
өндіру өнеркәсібінде, ал ең азы (7256 теңге) – мейманханалар мен
мейрамханаларда және олардың арасындағы айырма -8,7 есе.
Оңтүстік Қазақстан облысы
2003 жылдың қаңтар- мамырында облыстың ірі, орта және шағын
кәсіпорындарда, мекемелері мен ұйымдарында жалдамалы жұмыс істейтін
адамдардың саны есептік деректер бойынша 249 мыңға жуық адам болды, оның
ішінде ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардағы қызметкерлердің саны
205,3 мың адам.
Қазақстан Республикасының 2004 жылы 19 наурыздағы халыққа жолдауы
бойынша:
Ең төменгі жалақы- 2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейін
Орташа жалақы- 14,3 мыңнан 24,4 мың теңгеге дейін.

ІІ. Еңбек рыногындағы модельдер

2.1 Еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс

Еңбек рыногында, халықаралық еңбекті ұйымдастырудың сарапшылары
көрсеткендей кәсіпкерлер мен жұмысшылардың бірлескен немесе жеке түрде
еңбек жағдайлары жөнінде келіссөздер жүргізілуі. Экономикалық нарық
жүйесінің негізгі міндеті - ол адамдардың экономикалық тәуелсіздігі.
Қазақстан Республикасының ата заңында өзінің мазмұны жағынан адамгершілік
гуманизмді қастерлеуге бағытталған. Еңбек рыногы қоғамдық қатынастардың
жүйесі ретінде қалыптасты. Ол нарықтағы күштердің, кәсіпкерлердің,
жұмысшылардың және мемлекеттің арасындағы мүдделерінің даму деңгейін
көрсетеді.
Еңбек рыногында мұндай мүдделердің ұйымдастыру түрі болып
кәсіпкерлердің ассоциациялары мен кәсіпорындар болып табылады.
Еңбек рыногын реттеуді басқару механизмі дегеніміз — нарықта бірігіп
жұмыс істеу үшін қолданылатын нормативтік актілердің, заңдардың және
бірлесіп жасалған шарттардың жиынтығы.
Еңбек рыногының әр елдегі өзгешеліктерін, өзіне тән ерекше белгілерін,
әр түрлі контексте қарауға болады.
1. Дербес түрде, тек еңбек нарқына тән өзгешеліктерін, белгілерін
зерттеу арқылы.
2. Дамудың экономикалық және әлеуметтік факторларының бір-бірімен
келіскен әрекеті тұрғыдан.
Ашық еңбек рыногы - бұл барлық экономикалық белсенді халық, жұмыс
іздеушілер және дайындауды қажет ететіндер, тағы да экономиканың барлық
секторларында бос жұмыс орындары. Ресми және бейресми ашық еңбек рыногы
болды. Ресми ашық еңбек рыногы - бұл мемлекеттік еңбекпен қамтамасыз
орындағы тіркелген, бос жұмыс орындары және вакансия, тағы да қайта даярлап
оқу мекемелерінде бос орындарды қамтиды. Бейресми ашық еңбек рыногы — бұл
жерде жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің арасында жұмысқа орналасу
қажеттілігі қанағаттандырады, жұмыспен қамту орындарынсыз.

Еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс
1-сурет.
Жұмысшылар саны.

Жабық еңбек рыногы - (жабық жұмыссыздар) бұл халық шаруашылығындағы
формальды жұмыспен қамтылғандар, бірақ өндірістің көлемінің қысқаруынан
немесе өндірістің құрылымының өзгеруінен босатылғандар. Бұл жерде де екіге
бөлінеді.
Ресми жабық еңбек рыногы - бұлар әкімшіліктің шешімімен
демалыстағылар және толық емес жұмыс уақытында істейтіндер болып
статистикада тіркеледі. Бейресми жабық еңбек рыногы — ерекше бір әдістердің
көмегімен анықталады. Еңбек рыногының қызметі мыналар:
- жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің кездесуін ұйымдастыру;
- еңбек ақы ставкасын бірқалыпты бекіту;
- халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге ат салысу;
- жұмыссыздарға әлеуметтік көмек ету;
- бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Еңбек нарқы конъюктурасы - бұл еңбек рыногының құрылымы құрылысыңдағы
ұсыныс және сұраныстың қатынасы.
Үш түрлі конъюнктура:
- еңбек күші жетіспеушілігі;
- еңбек күші артық;
- еңбек күшіне тепе - теңдік.
Еңбек рыногын экономикалық талдау негізінде жұмыс күшіне деген
сұранысты бекіту мен оған деген ұсынысты табу негізгі мақсат. Классикалық
теорияға сәйкес сұраныс қисығы мен ұсыныстың түйісуі, еңбек бағасын және
еңбекке қатысушылар санын анықтайды. Еңбек күшіне деген ұсыныс, Еңбек
потенциалымен (еңбекке жарамды халық саны, оның денсаулығы, белсенділігі,
салауаттылық деңгейі, квалификациясы, жұмылу деңгейі) еңбек ақысыз мүмкін
мөлшерімен, әдет-ғұрпымен және дәстүрмен анықталады. Еңбек рыногының
құрылымы, мамандығы және әлеуметтік топтардың қатынасы арқылы сипатталып,
сол арқылы сұраныс пен ұсыныс талданды.
Еңбек рыногының субъектісі — бұл жалдамалы жұмысшылар (және олардың
ұйымы - кәсіподақ), жұмыс беруші (кәсіпкерлер) және олардың одақтасы,
мемлекет және оның ұйымдары.
Бәсекелестік - бұл еңбек рыногындағы жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің жалпы саны және өз еркімен еңбек рыногына кіру немесе шығып
қалу мүмкіндігі.

2-сурет
Еңбек рыногы - қатынастар жүйесі.

Еңбек рыногының инфрақұрылымы - жұмысқа баулудың қызметтері,
жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау, жұмыспен қамту қорлары және
жарнамалық фирмалар.

2.2 Еңбек рыногының түрлі модельдері

Әр елдердегі халықты еңбекке тарту саясаты еңбек нарқының әр түрлі
модельдерінің қалыптасуына себеп болды.
Бұл модельдерді (үлгілерді) екі негізгі түрге бөлуге болады.
1. Сыртқы еңбек рыногы;
2. Ішкі еңбек рыногы.
Әр модельдердің құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады:
а) кадрлардың мамандығы бойынша дайындық деңгейін жетілдіру;
ә) жұмыскерлердің жұмыс орындары бойынша ауысуы және бос жұмыс орындарына
орналасуы;
б) бірлескен шарттар негізінде жұмысқа орналастыруды реттеп отырудың
өзгешеліктері.
Сыртқы немесе кәсіпкерлік Еңбек рыногы - фирмалар мен кәсіпорындар
аралығындағы жұмыс күшін іске қамтамасыз етеді.
Ішкі еңбек рыногы кәсіпорындарының ішіндегі кадрлар қозғалысы
негізінде құрылады. Бұл қозғалыстар әдетте екі түрде болады: жұмыскерлердің
жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты немесе оның жоғары қызмет орнына
жоғары разрядқа өсуіне байланысты.
Сыртқы еңбек рыногы үшін жұмыскерлердің мамандықтары болуы керек. Тек
сонда ғана оларды фирмалар мен кәсіпорындар жұмысқа алады.
Еңбек рыногының екі моделіне сәйкес мамандық бойынша білім берудің
жүйелері қалыптасқан.
Сыртқы еңбек рыногы мамандығы бойынша дайындалған адамдарға
бағытталған. Олардың оқу орындарын бітіргені туралы дипломы немесе
сертификаты болуы қажет.
Сонымен жұмыскерлердің жұмыс орындарын ауыстыру мүмкіншілігі азаяды,
демек кадрлардың тұрақсыздығы кемиді. Кәсіпорындарда жұмыскерлердің
тұрақтылығын сақтай отыра фирмалар мұндай жағдайларда олардың мамандық
бойынша дайындау және кәсіпкерлігінің деңгейін жетілдірудің ұзақ уақыт
ішінде болғанын қалайды. Осы себептен ішкі еңбек рыногына тән "Үздіксіз
білім беру" деп аталатын жүйе туады.
Еңбек рыногының екі моделіне сәйкес олардың өндірістік қатынастарының
өз түрі және өз кәсіподақтары болады.
Сыртқы еңбек рыногында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Еңбекақы төлеу системасын ұйымдастыру және оның нарықтық экономика жағдайындағы ерекшеліктер
Қызметкердің мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
Тікелей кесімді жүйе
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері туралы ақпарат
Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері
Жалақы төлеу мерзімдері
Еңбекақының экономикалық мәні
Пәндер