Жетілген бәсеке нарығы мен монополиялық бәсеке нарығына теориялық талдау жасау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1 Жетілген бәсеке мен монополиялық рыноктық құрылымының сыныптама белгілері
мен ерекшеліктері 4
2 Екі рыноктың баға құру саясаты 7
3 Пайданы арттыру мақсатында екі рынокты салыстыру 13
4 Өндірушілер мен тұтынушылардың ұтыстары мен жоғалтулары 20
5 Салық салудың тигізетін әсері 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жетілген бәсеке нарығы мен
монополиялық бәсеке нарығы арасындағы айырмашылықтарын анықтап,
ерекшеліктерімен зерттеу арқылы таныс болу және даму беталысымызда
мемлекетімізде аталмыш нарықтардың қайсысы тиімді екенін анықтау.
Көрсетілген мақсатқа байланысты мынадай міндеттерді атап кету қажет:
• Жетілген бәсеке нарығы мен монополиялық бәсеке нарығына теориялық
талдау жасау;
• Екі бәсеке арасындағы айырмашылықты анықтау;
• Баға құру саясаты бойынша екі нарықты бір-бірімен салыстыру;
• Аталмыш нарықтарда салық салудың ауыртпалығын анықтау, тағы да басқа
кңритерийлер бойынша зерттеу.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз егемендігімізді
алғанымыздан бастап дамудың нарықтық экономика түрін таңдадық. Ал
экономикалық теория талдауы бойынша нарықтың екі түрі бар: жетілген бәсеке
нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы. Жетiлген бәсекелес нарығы дегенiмiз
– төмендегi шарттар орындалатын нарық:
1.Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi
бiртектi болып келетiн;
2.Әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан,
оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал
етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
3.Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
4.Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
Біздің курстық жұмысымыздың тақырыбы бойынша бізге монополиялық нарығы
мен жетілген бәсеке нарығын салыстыру қажет. Монополия нарығы дегеніміз –
берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирманың болуы және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауарлардың болмауы.
Қазақстан Республикасында осы екі нарықтың қайсысымен даму тиімді
екенін білу қажет. Бұл тақырып қазіргі даму перспективамызда маңызды орын
алады, сондықтан да мемлекет басшыларының талқылауынан әрқашанда орын
табады. Бұл мәселе өте өзекті мәселе болып табылады, себебі Қазақстан
Республикасы өзінің даму беталысында қайсы нарықпен дамыған тиімді екенін
анықтап, сол нарықтың дамуына қолайлы жағдай тигізу жолдарын қарастыру
қажет.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс үш бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлім – кіріспе. Кіріспе үш бөліктен түрады:
1) курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері; 2) тақырыптың өзектілігі;
3) жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Екінші бөлім – негізгі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлім бес тараудан
тұрады. Бірінші тарауда жетілген бәсеке мен монополиялық рыноктық
құрылымының сыныптама белгілері берілген және осы екі нарықтың
ерекшеліктері қарастырылған. Екінші тарауда екі рыноктың баға құру саясаты
зерттелген. Сәйкесінше үшінші тарауда екі рынокты пайданы арттыру мақсаты
бойынша өзара салыстыру жүргіздік. Содан кейінгі тарауда өндірушілер мен
тұтынушылардың ұтыстары мен жоғалтуларына теориялық талдау жасалынды. Соңғы
тарауда екі нарыққа салық салудың ауыртпалығы мен тигізетін әсері
талқыланды.
Үшінші бөлім – қорытындыдан тұрады. Қорытындыда тақырыптың қысқаша
өзекті мазмұндамасы белгіленген.
Сонымен қатар курстық жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізімі де орын тапты. Мұнда орыс және қазақ тіліндегі әдебиеттер тізімінен
құралды. Жалпы алғанда 28 беттен тұрады.

1 Жетілген бәсеке мен монополиялық рыноктық құрылымының сыныптама
белгілері мен ерекшеліктері

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне,
тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың қолда болуына
тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы
мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне
байланысты.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны
бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет
көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.
Жетiлген бәсекелес нарығы дегенiмiз – төмендегi шарттар орындалатын
нарық:
1.Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi
бiртектi болып келетiн;
2.Әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз.
Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа
ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
3.Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
4.Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол
бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi
өндiрiлген өнiмнiң кез-келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың
сұраныс қисығы горизонталь болып қалады.

Р

Р0
D = MR

Q

Сурет- 1- Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы

Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты
бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR
нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке
жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D)
сәйкес келедi
Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға
көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p × Q
(1)
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
Жоғарыда бiз атап өткен жетiлген бәсекелес нарығында тауарды
сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады. Сондықтан олар тауардың
нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Ол рынокта өнiм
өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу. Сондықтан
олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ұмтылады. Фирмалардың рынок
саласына енуi мен шығуы оңай болады.
Рынок құрылымында жетiлген бәсеке рыногына қарама-қайшы рынок түрi
бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр
ғана iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi
теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып,
оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек
кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ
болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауарлар үшiн әр түрлi
болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан жерiне,
қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының ерекшелiгiне
байланысты.
Бiздiң өмiрiмiзде жетiлген бәсеке көбiнесе астық, құнды қағаздар және
жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ,
сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше
құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет
көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiсi халыққа қызмет көрсету
саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен
қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның
көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта
екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр
тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Монополия кезiнде өндiрушi ұсыныс көлемiн толық өзi бақылайды, демек
монополиялық билiкке ие болады. Монополияның жетiлген бәсекеден басты
ерекшелiгi ол бағаға толық әсер ете алады. Сонымен, берiлген тауарды
өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа
тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирманың өзi
– монополист деп аталады.
Бәсекелiк фирмадан айырмашылығы, рыноктық билiкке ие болған жағдайда
фирма тауарына сұраныс қисығы ылдилы, яғни жетiлген бәсекелiк рыноктың
сұраныс қисығы абсалюттi икемдi болса, монополиялы рынокта келесi
суреттегiдей:

Баға

Р2

Р1
Сұраныс (D)

Q2 Q1 Өнiм
көлемi
Сурет- 2 – Монополист тауарына сұраныс қисығы
Монополисттiң өнiм шығарушы ретiнде бәсекелес фирма сияқты өндiрiс
мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Жетiлген
бәсекелi рынокқа қарағанда монополия жағдайында пайданы көбейтуге бiрнеше
саясаттар қолдана алады, олардың нәтижесi дереу көрiнiс табады. Монополист
сұраныс қисығының бұрыштық коэфициентi терiс сан болады. Сондықтан
монополист төменгi бағаны белгiлей отырып, өнiмнiң мөлшерiн нарықта
арттыруы мүмкiн.
Рынокта монополияның қызмет етуiнiң басты ерекшелiгi кедергiлердiң
болуы. Оларға:
1. Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғыз фирманың иемденуi; (мысалы,
Оңтүстiк Африка мемлекетiнiң “ De Beers” деген алмаз өндiретiн
компаниясы әлемдегi алмаз өндiру үлесi 80%- ды құрайды);
2. Iрi өндiрiстiң басым болуы;
3. Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан белгiлi бiр тауардағы
өндiруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру; көп жағдайда арақ-шарап
өнiмдерi, қару-жарақ шығару, дәрi-дәрмекке қолданатын есiрткiлi заттар бiр
фирмада өндiрiледi.
Егер бiр өнiм иновациялы болып, бәсеке қабiлетi жоғары болса, оған
мемлекет патент немесе авторлық құқық бередi.
4. Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу, яғни бәсекелесiн ығыстыру
мақсатында өнiмдi өзiндiк құнынынан төмен бағамен сату. Мүндай монополия
рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсер тигiзедi, сондықтан
мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады.

2 Екі рыноктың баға құру саясаты

Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері
Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті
түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан,
олар MR = MC болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім
қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты
пайдалануды практикада жеңілдету үшін, Бас бармақ ережесін қолданады. Бұл
ереженің негізі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы
тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен
есептеледі:

Монополиялық бәсеке нарығындағы баға құру саясаты.
Монополиялық бәсеке нарығында тауарларды бір-бірімен жеңіл алмастыруға
болатындықтан , жеке фирманың өніміне деген сұраныс өз өнімінің бағасына
ғана тәуелді емес, сонымен қатар осы фирмамен бәсекелес фирмалардың
тауарларының бағасына да тәуелді болады. Монополиялық бәсеке нарығында екі
фирма (А және В) бар деп жорамалдайық. Олаодың өнімдеріне деген сұраныс
төмендегідей өрнектелген:
QA = aA = ba Pa + c ( PB - PA ) = aA – ( bA + c ) PA + c * PB

QB = aB = ba Pa + c ( PA – PB ) = aB – ( bB + c ) PB + c * PA
Бұл функциялар фирманың өніміне деген сұраныс көлемі бәсекелес
фирмалардың тауарларының бағасына тікелей тәуелді, ал өз өнімінің бағасына
тікелей тәуелді, ал өз өнімінің бағасына кері тәуелді болатындығын
көрсетеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке нарығындағы фирмалардың өніміне
деген сұранысты екі бөлікке бөледі:

Бәсекелес фирманың тауарының бағасы нольге тең болған кездегі
қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың
бағасының арасындағы тәуелділікті ең аз (минималды) сұраныс функциясы деп
атайды.
Бәсекелес фирманың Тыйым салыған бағасының деңгейінде ()
қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың
бағасының арасындағы тәуелділікті сұраныс фунциясының барынша көп
(максималды) түрі деп атайды. Тыйым салынған баға төмендегідей теңдеумен
анықталады:

Бұл теңдеуден,

Онда А фирмасының өніміне барынша көп максималды сұраныс функциясы
төмендегідей болады:

Ең аз (минималды) және барынша көп (максималды) сұраныс функциялары
монополиялық бәсеке нарығындағы өнімге деген ықтимал сұраныс ауданын
шектейді. Ол 3 – суретте көрсетілгендей:

PA

0 QA
Сурет – 3 – Монополиялық бәсеке нарығындағы өнімнің сұраныс ауданын шектеуі
Бәсекелесінің өнімі қымбаттағанда қарастырып отырған фирманың өніміне
деген сұраныс оңға қарай жоғары қозғалады (максималды деңгейге дейін), ал
бәсекелес фирманың өнімі арзандаса, онда фирманың сұраныс қисығы солға
қарай төмен қозғалады (минималды деңгейге дейін). Сонымен монополиялық
бәсеке нарығы кезінде тауарға баға белгілеуде осындай ерекшеліктерді
көреміз.
Бағалық дискриминация
Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың әр түрлі
категориясына әр түрлі бағамен сатса, онда ол бағалық дискриминация (құқын
шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз. Монополист бағалық дискриминация
саясатын, қайталанып сатуға жатпайтын тауарлар өндіргенде ғана іске асыра
алады. Бұл жағдай орындалмаса бағалық дискриминация саясаты алыпсатарлыққа
әкеліп соқтырады да, монополиске қосымша пайда алуға мүмкіндік бермейді.
Монополистің бұл саясатын жүргізудің негізгі тәсілі сұранысы икемді және
икемсіз тұтынушылардың табысын өзара қайта бөлу болып табылады және
көбінесе бұдан сұранысы икемсіз тұтынушылар ұтуы керек.
Егер монополист әрбір тұтынушыға жеке баға тағайындайтын болса, онда
біз жетілген бағалық дискриминация саясатын көреміз. 4,322

PA

B
Pm

P1 C MC = AC

MR D = AR

Qm Q
Сурет – 4 – Жетілген бағалық дискриминация
Егерде монополист 4 – суреттен көріп отырғанымыздай: тауарды
тұтынушылардан барлық тобына бірдей бағамен сататын болса, онда PmBDP1
тікбұрышының ауданына тең пайда алады. Ал жетілген бағалық дискриминация
саясатын жүргізген жағдайда, ол тұтынушылар санын көбейтеді. Бағаны
төмендеткен уақытта, ол шекті шығындардан төмен болмауы керек. Монополист
бағаны Pm-нан жоғары белгілегенде экономикалық пайдасын ABPm үшбұрышының
ауданына көбейте алады. Тауардың бір данасының бағасын Pm-нан төмен
белгілеген жағдайда, монополист өз тауарын сатып алушылардың санын
көбейтеді немесе табысы төмен тұтынушыларды қамту арқылы пайдасының шамасын
BCD үшбұрышының ауданына жоғарылатады. Сонымен, монополист жетілген бағалық
дискриминация саясатын жүргізгенде экономикалық пайдасын ACP1 үшбұрышының
ауданы шамасына дейін ұлғайтады. Бұдан төменгідей қорытынды шығаруға
болады:
Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы
ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде-бір тұтынушы ұтым ала алмайды, себебі
монополист сатып алушының әрқайсысына төлей алатын ең жоғары деңгейдегі
бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополиске пайда
ретінде келіп түседі. Мемлекеттік басқару ұжымдары бағалық дискриминация
саясатына өте қатаң қарамайды, себебі монополистер бұндай саясат жүргізе
отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.
Ал жетілген бәсеке нарығында баға қысқа мерзім аралығында баға
PACmin болуы керек. Осы кезде фирманың оптимал жағдайы орнап, фирма өз
пайдасын максимизациялайды. Ал қарған жайдайларды да қарастырайық. Өнім
бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен,
ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасынан жоғары деп
жорамалдайық.
AVCmin P ACmin (2)
Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында тоқтату немесе қысқа
мерзімді кезеңде қызметін жалғастыру сияқты екі таңдау тұрады. Барлығы да
зиян мөлшеріне байланысты болады. Өндірісті тоқтатқан кезде, фирма тұрақты
шығындарға тең зиян шегеді, яғни, Y = TFC. Өз қызметін жалғастыра отырып,
фирма жалпы айнымалы шығындарды толық өтеп, ал тұрақты шығындардың белгілі
бір бөлігін ғана жабатын, жалпы түсім ала алады. Бұл жағдайда өндірісті
жалғастыра отырып, фирма өз өндірісін тоқтатқаннан гөрі аз зиян шегеді.
Зиян мөлшері өте аз болатын өндіріс көлемі P = MC теңдеу арқылы
анықталады.
График түрінде оны былайша көрсетуге болады: 9,235

Р
AVC,АС
D С МС
АС

P = MR
Р А В
AVC

F Е

Q* Q
Сурет – 5 – Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту.
5 – суретте баға сызығы AVC және AC қисықтарының арасынан өтеді.
Өндіріс көлемі Q*-ге тең болғанда, P = MC, зиян мөлшері өте аз немесе ABCD
тік төртбұрышының ауданына тең болады. Өнімінің 1 бірлігіне шаққандағы зиян
(СВ) мөлшеріне тең. Бұл жағдайда өндірісті тоқтатқанда фирма көп зиян
көретінін оңай көрсетуге болады. Шынында да, тұрақты шығындар DCEF тік
төртбұрышының ауданымен анықталуы мүмкін, оның СЕ биіктігі (AC – AVC)
айырмасына тең, яғни AFC. Сонымен, ауданы:
SDCEF = AFC × Q* = TFC
Ал, SABCD SDCEF екендігі белгілі.
Енді баға арқылы фирманың қызметі қалайтоқтайтының қарастырайық. Баға
ең ықтимал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі деңгейінен аз делік,
яғни:
P ≤ AVCmin (3)
Бұл жағдайда, фирма өзінің айнымалы шығындарын жабатын өндіріс
көлемін де шығара алмайды. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты
шығындарының құнынан да көп зиян көреді, яғни зиян барлық шығындар шамасына
ТС-ға тең болады. Сондықтан, фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн. Зиянның ең аз
мөлшері FC-ті құрайды. Бұл жағдай 6 – суретте көрсетілген, ондағы баға
сызығы AVC қисығынан төмен орналасқан.5,146

P MC
AVC AC
AC

AVC

P P=MR

Q

Сурет–6– Фирма қызметiн тоқтату.
Баға арқылы қысқа мерзімді кезеңде ұсыныс қисығын анықтаймыз.
Р AVCmin (P P0) бағасына сәйкес МС қисығына дейін көлденең сызық
жүргізу қажет, мысалы Р1 бағасында – Р = P1 сызығын, Р2 бағасында – Р = P2
сызығын. 8,98

Ұсыныс, MC
P2
С
АС

P1
В АVС

P0
А

Q1 Q 2 Q

Сурет–7– Қысқа мерзiмдi фирманың ұсыныс қисығы
Ұзақ мерзімді кезеңде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының
барлығын өзгерте алады, соның ішінде кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін.
Ол өз өндірісін ұлғайта алады немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық
пайда алса, онда өндірісті ұлғайтуға тырысады. 8 – суретте ұзақ мерзімді
кезеңде пайданы мейлінше арттыру график түрінде келтірілген.

MC1
LRMC
P E
B P
= MR
AC1
D LRAC
C

G
F

P1

min

Q1
Q3 Q2 Q
Сурет – 8 – Ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру
Р0 бағасына қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайдасы ABCD ауданына
тең. Егер ұзақ мерзімді кезеңде баға өзгермейтін болса, фирма өндіріс
көлемін Q1-ден Q2-ге көбейте отырып, пайданы AEFG ауданына дейін арттыра
алады, яғни, баға шекті шығындарға тең болғанша өндіріс көлемі ұлғайтылады.
(LRMC): P0 = LRMC. Алайда фирма мұндай пайданы ұзақ уақыт бойы ала алмайды.
Пайда алуды мақсат тұтқан фирмалар осы салаға келе бастайды, нәтижесінде
саланың өнімінің нарықтық бағасы төмендей бастайды бұндай жағдай баға ұзақ
мерзімдегі ықтимал орташа шығындардың (LRAC) ең аз мөлшеріне дейін
төмендегенше байқалады, яғни P = LRACmin (біз осы саладағы барлық
фирмалардың шығындар функциясы бірдей деп қарастырамыз). 7,133
Нәтижесінде фирманың өнім шығару көлемі Q3-ке дейін төмендейді, ал
экономикалық пайда нольге тең болады. Сонымен фирма инвестицияланған
капиталға тек қана кәдімгі (нормалды) пайда алады.
Ал егер P LRACmin болса, онда фирмалар бұл саладан кете бастайды,
бұл жағдай баға жоғарылап, экономикалық пайда нольге тең болғанша жүріп
отырады.
Өндірістік операцияларды осылайша реттеу нәтижесінде салада ұзақ
мерзімдік бәсекелестік теңдестік орнайды. Ол, біріншіден, қызмет етіп,
тұрған фирмалардың өндірісті не ұлғайтуға, не азайтуға ынтасы жоқ
екендігін, ал жаңа фирмалардың салаға енуге ынтасы жоқ екендігін көрсетеді,
өйткені барлық фирмалар P LRACmin болғандықтан экономикалық пайдалары
нольге тең болады. Екіншіден, әр фирма ұзақ мерзімді кезеңде P = LRAC-ға
тең болатын өнім өндіре отырып пайдасын мейлінше арттырады. Үшіншіден,
саланың жиынтық ұсынысы жиынтық тұтыну сұранысына тең.

3 Пайданы арттыру мақсатында екі рынокты салыстыру

Пайда дегеніміз – жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (TC) арасындағы
айырма:
П=TR – TC (4)
Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады.
Фирманың мақсаты – белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе
мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып
табылады. Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты
болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана
өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді.
Енді қысқа мерзімді кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары туралы
ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай
қабылдайтындығын көрсетейік.
Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:
1. өндіру қажет пе?
2. егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?
3. алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады?
Егер өнім пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын. Егер
өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және
фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандағы шығындарын анықтау қажет.
Өндіріс жабылғанда зиян (Y) тұрақты (FC) тең болады:
Y = FC
Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде FC-тан кем зиян
шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруге тиіс
болады. Сонымен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер
бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе TFC-тан кем
зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.
Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды: фирма
мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес
келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (4) формуланы
қолдану жеткілікті.
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір
өндіріс стратегиясын таңдап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру
қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл
тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық:
П = P×Q – AC ×Q = (P – AC)×Q (5)
Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа
жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни
PACmin (6)
Онда (5) формула бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады.
Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім
бірлігінің жалпы түсімге (TR) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (TC)
қосатын өсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет: MR ≥ MC немесе
жетілген бәсеке жағдайында P ≥ MC, өйткені MR = P. Сондықтан фирма
менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті
шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім
бірлігін сату (4) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Баға бәсекесі
Монополиялық бәсеке туралы
Монополиялық бәсеке
Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Бәсекенің негізгі формалары
Монополиялық бәсеке нарығы
Тауарлық бәсекелестік
Монополиялық фирманың тауарына салық салу
Пәндер