Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
І-бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету 3
1.1 Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері 3
1.2 Зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
атқаратын қызметтері мен құқықтық негіздері 4
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
зейнетақы қорлары 18
2.1 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы зейнетақы реформасы, оның
қатысушылары 18
2.2 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік емес
зейнетақы қорларын дамыту және жетілдіру жолдары 19
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан
түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алды.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің
зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына
еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен
қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы
болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды
деп айтуға болады.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізіне Чилидегі зейнетақы
қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл
жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили
мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнентақы қорлары басқарады, олар
зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі
схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын
құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй
қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль
атқаратынын байқауға болады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды
рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда
тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ
зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға
болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте
маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік –
экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан
Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің
ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды
мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді
қажет ететін жүйе деп санаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан-
жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая
түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты зейнетақы қорларын ары қарай дамытуды зерттеу.
Өйткені көп аспектілі және талдау, бағалау, зерттеуді қажет ететін жүйе.
Бұл жұмыста Қазақстанның өткен жылдардағы зейнетақы жүйесінің реформасын
және оның қазіргі кезеңдегі жағдайын түбегейлі қарастырдым.
Осы курстық жұмыфстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді қойдым:
- зейнетақы қорлары реформасының барысын сипаттау;
- халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің ахуалын қарастыру;
- зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы ролін пайымдау.
Курстық жұмыстың құрылымы, кіріспе, екі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Сонымен қатар, жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
Курстық жұмыстың көлемі компьютермен терілген 29 беттен тұрады.

І-бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету

1.1 Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері

Қазақстанда зейнетақы реформасының басталғанынан бері 7 жыл асып
барады. Оны жүргізу объективтілік қажеттілік негізінде болады. Бірақ
реформаның нәтижелері мен жүзеге асу әдістері біркелкі бағалануы мүмкін
емес. Елдегі болған зейнетақы реформасын бағаламас бұрын зейнетақы жүйесін
қайта құрудың әйгілі варианттарына және кейбір аспектілеріне тоқталып
өтейін. Көптеген әрекет етуші зейнетақы жүйесін үлестіру принципіне
негізделеді, яғни зейнетақы зейнеткерлердің өздерінің жинақтары есебінен
емес, жұмысшылардың жарналары есебінен төленеді. Зейнеткерлер санының
жұмысшылардың санына қатынасының ұлғаюымен байланысты үлестіруші зейнетақы
жүйесі кезіндегі жалпы экономикаға және халыққа деген ауыртпашылық өсті.
бұдан бірқатар әлеуметтік – экономикалық саяси мәселелер туындайды, оны
тек зейнетақы берушідің негізі болып табылатын принциптерді түбегейлі
өзгерту негізінде шешуге болады. Бұл жүйе бойынша зейнетақы
қамсыздандырудың деңгейі тікелей зейнетақы аударымдарының тарифімен,
зейнеткерлермен жұмысшы халықтың саны және оның еңбекақы деңгейімен
қатынасы байланысты.
Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесі болып
табылады. Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына
жарналарын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы инвестициялауға
қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке
зейнетақы мен қамтамасыз етуіне кетеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бір миллиардтан аса АҚШ долларын
шоғырландырған, ал оларға болса біздің елде қолдану мүмкіншілігі мүлдем жоқ
деуге болады. Реформаның мақсаты, айта кетсек, болашақтағы зейнеткерлерге
дивиденд алуды кепілдендіретін тек салымдарды зейнетақылық жинақтау ғана
емес, сонымен қатар дұрыс инвестициялауда да болған. Жинақтаушы
зейнетақылық қордың мәні - бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің немесе Ұлттық банкісінің
бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің
құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды обьектілерге
инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін
аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрылысына салсақ, олар 20
жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67%
мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегеніміз мемлекеттік
қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұндай "жиналымдар" болса
ерте де кеш қирайды.
Енді мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттеріне
тоқталсақ, олар:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуі бойынша зейнетақы
активтерінің төлемдерін жүзеге асыруға;
2. жеке зейнетақы активтерінің қорының есебін жүргізуге;
3. зейнетақы алушы мен салымшылардың қорлары туралы өздеріне мәлімет
беруге;
4. зейнетақықорының жағдайының мәліметтерін құпияда сақтауға;
5. зейнетақы қоры заңға сәйкес жүргізілуіне;
6. зейнетақы алушының өтініші бойынша оның зейнетақы қорын басқа қорға
аударуға;
7. зейнетақы активтерін инвестициялық бақылау үшін зейнетақы активтерін
басқаратын компаниялармен келісімге тұру (мемлекеттік жинақтаушы
қорынан басқа);
8. мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімге тұрған
азаматтарға бірдей қызмет көрсетуге және т.б. міндетті.2,б.28

1.2 Зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқаратын
қызметтері мен құқықтық негіздері

Кәрілік алдындағы қорқыныш бұл әр адамға табиғатпен берілген деп
айтылады. Кез келген адам жылдар өткен сайын ең алдымен материалдық
мәселелердің болуынан қашады. Қазіргі таңдағы шындық бұл әрбір қазақстандық
азамат өзінің болашақтағы кедейшілік күн кешпеуіне жағдай жасап және өзіне
жеткілікті кәрілікті қамтамасыз етуі қажет. Себебі әлеуметтік бағдарламалар
үшін бюджет қаражатының жетіспеушілігі және халықтың тұрақты қартаюы
мемлекет тарапынан мәңгілік көмектің болуына үміттенуге сендірмейді. Осыған
орай біздің қоғамдағы өте маңызды әлеуметтік мәні бар зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы заңға кез келген өзгертулер Қазақстанның әрбір
азаматын толғандырмай және қызығушылығын тудырмайтыны болмайды.
2002 жылдың соңында Қазақстандық азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз
етудің құқықтық және әлеуметтік негізін анықтаушы және де осы жүйенің
қызмет етуінің барлық құқықтық аспектілері мен зейнетақылық қызмет көрсету
нарығының барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасын реттеуші зейнетақы
заңдылығы маңызды өзгертуге ұшырады. Алғаш рет өзгертулер мен толықтырулар
1998 жылы 22 желтоқсанда (№328-1 заң), яғни жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет
етуіне 1 жыл өтпей жасалды. Екінші рет елдің зейнетақы заңдылығы 1999 жылы
5 сәуірде (№364-1 заң), өзгерту енгізілді. Осыдан кейін жаңартылған
"Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы" заңы 4
жылдай мерзімде қызмет етті және 2002 жылдың соңында оған тағыда өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер №369-11 реттік номеріне ие, заң
формасында қабылданып, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз
ету туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы Қазақстан
Республикасы заңы деп аталды. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бірінші
жасалған екі өзгертулер мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен
мемлекеттік реттеуші органдардың енгізуге байланысты туындаса, ал зейнетақы
заңдылығына енгізілген соңғы түзетулер (2002 жылдың 29 желтоқсаны) өзінің
негізгі бөлігінде кейбір мемлекеттік емес субъектілерге оның ішінде
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бағыттылған және дайындалған.
Себебі, бұл өзгертулер тұжырымдық және барлық зейнетақылық қызмет көрсету
нарығы үшін өміршеңділік сипатқа ие болды, олардың заңдылық сүзгіден өтуі
оңай болмай 1 жылға дейін созылды.
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 369-11 заң екі ғана баптан тұрады, бірақ
көптеген маңызды өзгертулерден тұрады.3,б.22
Зейнетақы заңдылығындағы басты жаңалық бұл жеке ерекше институт ретінде
бөлініп келген мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қоры мәртебесінің алынып
тасталынуы. Зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңдағы жаңа түзетуге
байланысты жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес деп
бөлінбейді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң алдында мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қорында және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорында бірдей құқыққа ие. Бірақ бұл зейнетақы қорының мемлекеттік
қатысуымен болмайды дегенді білдірмейді. Егер бұрын мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қорының бірден бір құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі
болса, заңға сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылары мен
акционерлері ретінде Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды және
жеке тұлғалар және де Қазақстан Республикасының заңында бекітілген (№369-11
заңының 1-ші бабы 28-ші тармағында) талаптарды ескере отырып Қазақстан
Республикасы Үкіметі бола алады. Осыған орай мемлекет Үкімет тарапынан тек
бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының ғана емес сонымен қатар бірнеше
зейнетақы қорының жарғылық капиталындағы акция пакеттерінің жеке үлесінің
немесе толығымен иесі бола алды. Бұл мемлекеттік зейнетақы нарығын
бақылауды күшейту мақсатында жасалуы мүмкін. №369-11 заңының 1-ші бабы 30-
ші тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры атауында "мемлекеттік " сөзі
егер жарғылық капиталының 100%-ы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі
болғанда ғана қолданылуына болады. Енді мемлекет (егер қажет етсе) бірнеше
жинақтаушы зейнетақы қорын өзінің 100% қатысуымен құра алады және оның бәрі
мемлекеттік деп атауға құқығы болады. Біздің еліміздегі қаржы нарығының
даму тәжірибесі мемлекеттік нарықтың кез келген сегментін жекешелендіре
отырып, оған қайта баруына болатындығын көрсетеді. Егер жақын арада
мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры толығымен жекешелендірілсе де, бұл
мемлекеттің зейнетақылық қызмет көрсету нарығы мәңгілікке тастады дегенді
білдірмейді. Ол жаңа мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру
арқылы қайта орала алады.
Жаңартылған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы зейнетақы
активтерін басқару түсінігіне бірнеше өзгертулер енгізді. Егер оның ескі
баспасында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы активтер сөз тіркесі толық
емес түрде берілсе, қазіргі кезде ол бұдан да толығырақ зейнетақы активтері
инвестициялық басқару сөз тіркесімен ауыстырылды. Жаңа өзгерістерге сәйкес
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания (ЗАБК) "зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деп аталатын
болады. Яғни біздің құлағымызға үйреншікті зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі компания сөзі зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге
асыратын ұйым сөзімен ауыстырылатын болады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңның ескі баспасы бойынша 51 бап
сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің басқарудағы ерекше
құқығын қарастырды. Жаңа өзгерістерге зейнетақы нарығы қатысушыларының
көптен күткен өзгертуі зейнетақы активтерін басқарудың баламалы құқы
енгізілді. Сонымен 2003 жылдан бастап зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым
жинақтаушы зейнетақы қорының өкілетті органмен бекітілген осындай қызметпен
айналысуға құқық беретін сәйкесінше лицензиясы болуы кезінде дербес жүзеге
асырады.
Бұл жаңа енгізілген өзгерістен мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
ұтысқа шықты.
Жақын арада кейбір жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін
дербес басқаруға көшетінін күтуімізге болады. Себебі, жинақтаушы зейнетақы
қоры үшін қызығушылық үлкен зейнетақы жарнасынан және инвестициялық
табыстан түсетін комиссиондық сыйақының зейнетақы активтерін инвестициялы
басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен бөлісу керек емес. Оның ішінде,
зейнетақы заңдылығындағы жаңа түзетуге сәйкес инвестициялық табыстан
алынатын комиссионың шекті мөлшерлемесі 10%-дан 15%-ға дейін көбейтілді.
Бірақта, зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшу процессі көптеген
жинақтаушы зейнетақы қорлар үшін келесідей себептерге байланысты ұзақ әрі
қиын болуы мүмкін.
Біріншіден, өкілетті орган – лицензиялар тарапынан қатаң нормативтік
талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры үшін зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруға лицензия алу іс-әрекетінің өзі қиынға түседі.
Зейнетақы активтерін басқару бойынша компания лицензиялау тәжірибесі
көрсетіп отырғандай лицензия алу үшін жеткілікті ұзақ мерзімді қамтуы
мүмкін (бірнеше айға созылуы). Яғни, осы жылдың ішінде қандай-да бір
жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің зейнетақы активтерін өз бетінше
басқаруға көшуі бола қоймас деп тұжырымдауға болады.
Екіншіден, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйыммен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында зейнетақы активтерін
басқару құқығы үшін бәсекелестік күрес қалыптасты. Бұрыннан қызмет етуші
зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниясы бай тәжірибе, жоғары
сауатты мамандарды және қазіргі бағдарламалық - техникалық қамтамасыз етуді
иемдене отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруда жинақтаушы
зейнетақы қордан нақты артықшылығы болады. Кез келген зейнетақы активтерін
басқару бойынша компания зейнетақы активтерін басқарудағы маңызды бөлігін
және сәйкесінше нарықтағы үлесін жоғалтқысы келмейтініне мүдделі.
Тағы да бір зейнетақы заңдылығына енгізілген маңыздырақ өзгерістердің
бірі міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру.
Соңғы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекет тек мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік
береді. Осы жағдайдағы жаңалық мемлекеттің алушыға (салымшыға емес),
жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуы жағдайында міндетті зейнетақы
жарнасының номиналдық құнын ғана қайтармай, сонымен бірге инфляция
көлеміндегі өтемақыға кепілдік береді. Заңдағы егізілген түзетуге сәйкес,
зейнетақы төлемін алушы зейнетақы орталығымен бекітілген және жинақтаушы
зейнетақы қорынан зейнетақы алуға құқығы бар жеке тұлғалар болып табылады,
яғни заңдағы берілген мағынаға қарай, мемлекет жинақтаушы зейнетақы қорының
банкроттығы жағдайында жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы ала бастаған
зейнеткерлерге ғана зейнетақы жарнасын қайта қалыптастыруға кепіл бола
алады.
Егер 2003 жылға дейін зейнетақы жарнасының жүйесі екі бөліктен –
міндетті және ерікті жарнадан тұрса, қазіргі таңда зейнетақы мен қамтамасыз
ету туралы заңға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес зейнетақы жарнасынан
үшінші түрі – ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы пайда болды. Олар ерікті
жарналар секілді, айырмашылығы, оларды жинақтаушы зейнетақы қорға жұмыс
беруші өзінің жұмысшысының зейнетақы шотына Қазақстан Республикасы
Үкіметімен анықталған мамандық тізімі бойынша аударатын болатындығында.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет етудегі 5 жылдың ішінде ерікті
зейнетақы жарналары кеңінен қолдануын алған жоқ және зейнетақы активтерінің
ішінде де өте төмен үлеске ие. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2002
жылдың қорытындысында міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар саны
15,399 млн. адамды ал ерікті зейнетақы жарналарының салымшылар саны небәрі
25,1 млн. адамды, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі салымшылардың жалпы
санының 0,5% -ын ғана құрайды. Осыған орай, Қазақстандық жинақтаушы
зейнетақы жүйесі қазіргі таңдағы көрінісі міндетті жинақтаушы жүйені
көрсетеді. Ерікті жарналардың танымалсыздығы біріншіден, тұрғындардың
негізгі бөлігінің қандай да бір сызбаға немесе жаңа зейнетақы жүйесіндегі
инвестициялау шегіндегі құралдарға сенімсіздігі және еш нәрсеге
сенбеушіліктің үлкен үлесіне қатысты менталитетімен түсіндіріледі.
Бұл жерде тағыда бір маңыздырақ факторлардың ретінде тұрғындардың көп
бөлігінің жағдайының даму деңгейінің жетіспеушілігін айтуға болады.
Зейнетақы заңдылығы негізгі өзгеріс ретінде зейнетақылық қызмет көрсету
нарығында зейнетақыны сақтандыру институтын ендіру болып табылады. Жақын
уақыттарда зейнетақы нарығының негізгі қатысушылары ретінде өмірді
сақтандыру келісімшартын жасау және атқару бойынша қызметті жүзеге асыратын
сақтандыру компаниялары болатыны сөзсіз. Оларға зейнетақымен қамтамасыз ету
туралы жаңа баспасында ерекше роль берілген.
2003 жылдың басынан бастап зейнетақы заңында 2002 жылдың 29
желтоқсанында шыққан № 369-11 заңының көмегімен зейнетақы нарығы үшін
"Зейнетақы аннуитетінің келісім шарты" (1 бап, 2 тарау, 12 тармақша),
"сатып алу сомасы" (1 бап, 2 тармақ, 7 тармақша), "сақтандырушы" (1 бап, 2
тарау, 34 тармақша ) секілді жаңа түсініктер енгізілген.
Зейнетақы заңындағы жаңа өзгерістерге сәйкес қызмет етуші зейнетақы
жинақтарын ерікті сақтандыруға зейнетақы жинақтарын сақтандыру бойынша
қосымша шараларға алушының таңдауына сәйкес толық көлемде немесе ішінара
зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін жасауы болуы тиіс. Әзірше мұндай
жүйенің қалай болары белгісіз. Банктің депозиттерді кепілдендірудің қоры
нақты қосымша қор құрылуы мүмкін, яғни жақын арада "Зейнетақы қорының қоры"
пайда болуын күтуге болады.
Сақтандыру компанияларының басқа зейнетақы заңдағы өзгеріске сәйкес
нарықта жаңа қатысушы – "міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша
агенті" пайда болуы керек.
Агент ретінде Қазақстанда өздерінің тұрақты мекемесі, филиалы мен
өкілеттіліктері арқылы Қазақстан Республикасының заңы мен анықталған
міндетті зейнетақы жарнасын есептеуші, ұстап қалушы және аударушы қызметін
жүзеге асыратын кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға, бұған қоса
шетелдік заңды тұлғалар болып табылады. Заңды түсінік бойынша агент – бұл
оның кім екеніне - ұйым немесе жеке кәсіпкер болып табылатынына байланыссыз
сол жұмыс беруші.
Ұлттық банктің басқа зейнетақылық қызмет көрсету нарығында мемлекет
тарапынан тағыда бір қатысушы салық органы болады. Зейнетақы заңдылығына
енгізілген жаңа түзетуге сәйкес, салық органдары зейнетақы жарнасы бойынша
жетіспеушілікті жинау және олардың аударылуына бақылау жасау үшін нақты
механизм алды. Осы мақсатқа сәйкес зейнетақымен қамтамасыз ету заңына
"міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы ұстамауы және аударылмауына
жауапкершілік" деген 24-4-ші бап қосылды. Енді міндетті зейнетақы
жарналарын аударуға жалтарған жұмыс берушілерге қатаң санкция қолданылатын
болады.
Егер бұрын жинақтаушы зейнетақы қоры мен зейнетақы активтерін басқару
бойынша компанияның құрылтайшылары мен акционерлері ретінде Қазақстан
азаматтары мен заңды тұлғалар ғана болса, жаңа өзгерістерге сәйкес
құрылтайшы немесе акционер ретінде резидент емес заңды тұлғада, яғни қандай
да бір рейтингтік компанияның белгілі бір рейтингін иемденетінде
жіберіледі. Рейтингтік агенстволар мен ең төменгі рейтинг өкілетті органмен
белгіленуі тиіс. Дегенмен бұл жерде бірнеше шектеулер қойылған. Мысалы,
оффшорлық аумақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар жарғылық
капиталында тікелей немесе бағынышты тұлға ретінде оффшорлық аумақта
тіркелген заңды тұлға қатысып заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қор
құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
Жалпы алғанда зейнетақы заңына жаңа түзетулер жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің келешекте сапалы дамуына септігін тигізері сөзсіз.
Қазақстанның зейнетақы мен қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні,
басқа қаржы нарығының сегменттерінен айырмашылығы, тұрақты түрде дамып келе
жатқанын айта кетуге болады. 1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 5 жылдан асып отыр.
Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2003 жылдың басында зейнетақы
активтерінің таза соммасы 269,8 млрд тг. немесе 1730,8 млн. долларды
құрады. Жалпы алғанда 2002 жылға жинақтаушы зейнет ақы қорларының таза
зейнетақы активтері теңгемен шаққанда 47,9-ға, және доллармен 43,2-ға өсті.
2002 жылы зейнетақы активтерінің ай сайынғы өсімі 3%-дан 3,5 шегінде тең
мөлшерде жүргізілді. Бұл шектен ауытқу тек, тамыз айында 2,8%-ға
өзгергенінде (бұл еңбек демалысымен зейнетақы жарналарын салымшылар және
жұмыс берушілердің аз мөлшерде аударуымен байланысты) және желтоқсанда 4,6%-
ға өсуінде (бұл еңбек ақы бойынша қарызды өтеу мен жылдың аяғындағы
көтермелік төлемдермен байланысты) байқалады.
Егерде алдағы уақыттарда зейнетақы активтерінің өсуі осындай қарқынмен
(мысалы валютаға шаққанда 3,5% көлемінде) жалғасатын болса, онда 2003
жылдың сәуір, мамыр айларында жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі таза зейнет
ақы активтерінің көлемі 2,0 млрд. долларға жетуі мүмкін.
Өткен жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі негізгі айтулы
жағдай ретінде елдің Президенті мен қабылданған және қол қойылған
"Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" "Қазақстан
Республика заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылдың 1-
ші қаңтарында күшіне енген заңын айтуға болады.
2002 жылы нарық қатысушыларының сандық құрамы мен жинақтаушы зейнетақы
қорлардың инвестициялық портфелінің құрамында маңызды өзгерістер болды.
2003 жылдың басында Қазақстанда 16 жинақтаушы зейнетақы қоры, оның
ішінде 1 мемлекеттік (мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры), 2
корпоративтік ("Қазақмыс" және "Филип Моррис Қазақстан") және 13 ашық
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырды.

1-кесте
2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес Қазақстанның жинақтаушы
зейнетақы қоры нарығының құрылымы*

Зейнетақы Зейнетақы Нарықтық
Зейнетақы қорының атауы активтері активтерінің таза үлесі
млн. тг. сомасы %
млн. тг. млн.
долл.
МЖЗҚ 75 773,8 75 649,5 485,4 28,05
"Қазақстан халық банкі" ЖЗҚ 60 831,9 60 797,4 390,1 22,52
Ұлар Үміт 46 504,5 46 349,9 297,4 17,21
ABN AMRO-КАЗПИЙ МУНАЙ ГАЗ 18 922,7 18906,7 121,3 7,00
Сенім 12 757,1 12 740,9 81,8 4,72
Құрмет 11 169,3 11 165,3 71,6 4,13
Қазақмыс 8 857,5 8 841,2 56,7 3,28
Валют-Транзит Фонд 7 888,5 7 879,9 50,6 2,92
Қазақстан 7 342,4 7 332,3 40,0 2,72
Нефте-Газ-Дем 6 433,4 6 423,8 41,2 2,38
Халық зейнетақы қоры 5 072,3 5 063,4 32,5 1,88
Қорғау 3 916,1 3 914,2 25,1 1,45
Отан 2 595,7 2,595,3 16,7 0,96
Қонаев атындағы МеЖЗҚ 820,9 820,7 5,3 0,30
Филип Моррис Қазақстан 649,0 648,2 4,2 0,24
Капитал 624,1 623,8 4,0 0,23
Барлығы 270 159,2 269 752,51 730,8 100,00

* №3 РЦБ Казахстана
5 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы мен қызмет көрсету нарығындағы
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің пайда болуынан бері зейнетақы активтерінің
мөлшеріне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының 3 тобы құрылды.1,б.24
Зейнетақы активтерінің мөлшері 100 млн. доллардан асатын 4 қор -
мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, "Қазақстанның халық банкісінің
жинақтаушы зейнетақы қоры", "ҰларҮміт", және "ABN AMRO – КаспийМұнайГаз",
зейнетақының қызмет көрсету нарығындағы жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесін
құрылымы ретінде 1-ші ірі топта құрап және барлық нарықтың 75 %-ын алады.
(1 кесте). Нарықтың ө-індей мөлшерін (23,5%-ын) 8 орташа жинақтаушы
зейнетақы қоры тобы алады. Оларға "Сенім", "Құрмет","Қазақмыс","Мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы Валют-транзит Фонд","Қазақстан", "Нефте-Газ-Дем",
"Халықтық зейнетақы қоры", және "Қорғау" жатады".
Олардың зейнетақы активтерінің мөлшері 20-дан 100 млн долларды құрайды.
Қалған 4 ұсақ жинақтаушы зейнетақы қоры ("Қонаев атындағы МЕЖЗҚ","Филип
Моррис Қазақстан","Отан" және "Капитал") нарықта 2%-дан төмен мөлшерді
қамтиды.
2002 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі жағынан
нарықта мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры алдыңғы орынды алып келеді.
Дегенмен, оның нарықтық үлесі әрдайым төмендеп отырады.
2002 жылдың ішінде ол 4,3%–ға дейін төмендеді. Ал қалған мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы қоры нарықтық үлесінің ауытқуы 1% негізінде
болды. Мысалы: жинақтаушы зейнетақы қорының нарығындағы өзінің үлесін
есепті жылда "Қазақстанның халықтық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры"
"Отан"," Валют Транзит Фонд" өсіруге мүмкіншілігін алды. Ал кейбір
жинақтаушы зейнетақы қоры ("ҰларҮміт","Қонаев атындағы мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қоры", "Филип Моррис Қазақстан") өзінің нарықтық
бағытын өзгеріссіз сақтады.
Өзінің нарықтағы үлесін төмендетіп алғандарда кездеседі: "Сенім" (-
0,2%), және "Қазақмыс" (-0,3).
2-кесте
2002 жылғы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорының активтерінің өсу
қозғалысы
Зейнетақы Зейнетақы
Зейнетақы қорының атауы активтерінің сомасы активтерінің өсімі
Басына 2002ж. 2002ж. %
аяғына млн.тг.
МЖЗҚ 58 998,6 75 773,8 16 775,2 28,4
"Қазақстан халық банкі" ЖЗҚ 39 058,1 60 831,9 21 773,8 55,7
Ұлар Үміт 31 452,2 46 504,5 15 052,3 47,9
ABN AMRO-КАЗПИЙ МУНАЙ ГАЗ 12 127,0 18 922,7 6 795,7 56,0
Сенім 9 035,3 12 757,1 3 721,9 41,2
Құрмет 6 507,8 11 169,3 4 661,5 71,6
Қазақмыс 6 482,5 8 857,5 2 375,0 36,6
Валют-Транзит Фонд 4 016,9 7 888,5 3 871,6 96,4
Қазақстан 4 700,1 7 342,4 2 642,3 56,2
Нефте-Газ-Дем 3 982,7 6 433,4 2 450,7 61,5
Халық зейнетақы қоры 2 971,3 5 072,3 2 098,0 70,5
Қорғау 2285,1 3916,1 1631,0 71,4
Отан 114,0 225,95 2481,7 2177,5
Қонаев атындағы МеЖЗҚ 514,7 820,9 306,2 59,5
Филип Моррис Қазақстан 420,6 649,0 228,4 53,4
Капитал 0,0 624,1 624,1 -
Барлығы 182669,7 270159,2 87489,5 47,9

* №1 2003 РЦБ Казахстана
Жоғары да айтып өткендей 2002 жылы жиынтық зейнетақы активтері 87,5
млрд теңгеге немесе 47,9%-ға өсті
2002 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қоры активтерінің өсімі 57,2%-ды құрады. 2002 жылы "Отан" ең үлкен өсімді
көрсетті: оның бір жылдың ішінде 23 есеге өсті. Бұл осы аталған жинақтаушы
зейнетақы қоры үшін өте үлкен жетістік. "Валют-Транзит Фонд" өзінің
активтерін 2 есеге жуық(+96,4%) өсірді.
Абсолюттік шамасы бойынша 2002 жылы активтерінің өсуінен "Қазақстанның
халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" маңызды жетістікке жетті, оның
активтері бір жылдың ішінде 21,8 млрд теңгеге өсті, ал бұл 140,0 млн
доллардан жоғары. Осындай өсу қарқыны бойынша 1,5-2 жылдың ішінде бұл қор
зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша зейнетақының қызмет көрсету
нарығында алға шығуға мүмкіндігі бар (қосымша 3).
2002 жылдың соңына қарай зейнетақы активтерін басқаруға лицензияны
нарық қатысушыларының тоғызы иемделді, оның ішінде 8-і зейнетақы активтерін
басқару жөніндегі компания және өзінің зейнетақы активтерін дербес
басқаратын мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры бар. 8 зейнетақы
активтерін басқару жөніндегі компанияның ішінде тек 7-уі ғана (қайта
қалыптасқан "Нұр-Траст" зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияны
қоспағанда) нарықта белсенді қызмет атқарады, яғни зейнетақы активтерін
басқарады. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияның толық құрылымы
4-кестеде көрсетілген.
4-кесте
2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес зейнетақы активтерін басқару
нарығының құрылымы*
Зейнетақы Зейнетақы активтерінің
ЗАБК атаулары активтерінің таза сомасы Нарықтық
барлығы, млн. үлесі
тг. %

Млн тг млн долл
МЖЗҚ 75 773,8 75 649,5 485,4 28,05
Қазақстан Халық
банкінің ЗАБК 63 427,6 63 392,7 406,8 23,48
Жетысу 61 795,4 61 614,9 395,3 22,87
ABN AMRO Asset
Management 25 268,1 25 247,1 162,0 9,35
BTA Asset ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры нарығының құрылымы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау
Отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау
Зейнетакы
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Қаржының басқа экономикалық категориялармен байланыс
Несие жүйесінің құрылымы
Пәндер