Инвестицияларды қайта бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
1-тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің инвестиция 4
есебі 4
1.1. Инвестицияны жіктеу және оның негізгі міндеттері 4
2-тарау. Кәсіпорындағы инвестицияның аудиті 20
2.1. Инвестиция аудитінің міндеттері және ақпараттық қоры 20
2.2. Инвестиция аудиті: түсінігі 22
2.3. Инвестицияланатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 31
Қорытынды 38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 40

Кіріспе

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық
ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның реттеушілері
қоғамның алға дамуының анықтаушы факторы болып есептелiнедi. Сонымен қатар
еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының
Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау
механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы
тапшылығын жауып отыр.
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты,
қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі,
нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде -
бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету
үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық
қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Сондықтан аудит
жұмысынның қажеттілігі, көптеген себептермен анықталынады. Біріншіден,
кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін; екіншіден,
өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару, жүргізу үшін; үшіншіден, кәсіпкерлер
өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және де өзінің капиталының
тиімділігіне сенімді болу үшін.
Шаруашылық субектісіне қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеу үшін нақты
инвестициялар керек. Олар кәсіпорынды қаржыландыру үшін негізгі капиталына
және материалды - өндірістік қорлардың өсіміне салымдар ретінде табылады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмысымның тақырыбы қаржылық инвестиция,
яғни “инвестиция саясаты: мәні, жүзеге асыру нысандары” түрінде бекітіліп
алынды. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын қанағаттандыратын
ең негізгі тақырыптың бірі болып отыр.

1-тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің инвестиция

есебі

1.1. Инвестицияны жіктеу және оның негізгі міндеттері

Инвестициялар, оларды жіктеу және бағалау. Инвестициялар ретінде,
өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына және экономиканың
басқа салаларына капиталды салу нысанында жүзеге асатын шығындардың
жиынтығы деп түсінуге болады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты
кәсіпкерлік табыс немесе пайыз (%) алу болып табылады.
Инвестициялардың көзі жаңадан жасалған құн немесе, басқаша айтқанда,
таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар)
оны өзінің табысынан (яғни өзін-өзі қаржыландару) және капиталдарды,
нарығынан (тартылған қаражаттар) шоғырландырады. Негізгі капиталды
жаңартуға инвестициялардың көзі амортизациялық аударымдар болып танылады.
Инвестициялар қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Қаржылық инвестицияларға – акционерлік кәсіпорындар немесе мемлекет
шығарған акциялар, облигациялар және басқада бағалы қағаздар, банктік
депозиттерге салымдар жатады.
Нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі капиталына және материалды
- өндірістік қорлардың өсіміне салымдар.
Инвестициялардың технологиялық құрлымы негізгі капиталдың активті
элементтердің (құрал жабдық, негізгі құралдар) шығындары оның пассивті
элементеріне (ғимарат, құрылыстар) қатысумен анықталады.
Қаржылық инвестициялар мерзіміне байланысты келесі категорияларға
жіктеледі:
қысқа мерзімдi қаржылық инвестициялар – 1 (бір) жылға дейін иелену
мерзімі.
ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – 1 (бір) жылдан артық иелену
мерзімі.
Қозғалмайтын мүлікке инвестицияларды иемденген субъктілер, бұл
инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар ретінде есептейдi:
Қаржылық инвестицияларды сатып алғанда, брокерлік сыйақы және банктік
қызметке сыйақы сияқты тікілей сатып алу құнымен бағаланады.
Алуға дейін есептелінген пайыздарды (%), дивидентерді құрылған құны
бойынша қаржылық инвестицияларды алу, бухгалтерлік есепте сатып алушы
сатушыға төленген пайыз (%) көлемін шегергендегі сатып алу құны бойынша
бейнеленеді.
Сатып алу құны мен бағалы қағаздарға инвестицияларды өтеу құны
арасындағы айырмасы (сатып алу кезінде пайда болатын жеңілдік немесе
сыйақы) инвесторлармен оларды пайдалану ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімде қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: ағымдағы
құны; сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша
есептелінеді.
Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құны
арасындағы ең аз бағалануы бойынша есепке алынса, баланстық құны жалпы
жиынтық құны немесе инвестициялар түрлері бойынша немесе жекелеген
инвестициялар негізінде анықталуы мүмкін.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнның өзгеруінен,
алынған табыс немесе шығын, пайда болған есептік кезеніңде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – бухгалтерлік баланста: сатып
алу құны; қайта бағалауды есепке алғандағы құны; портфель негізінде
анықталатын; сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша
есепке алынады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау соммасы меншіктік
капиталды ұлғайтуға жатқызылады. Инвестициялық құны төменгідегі азаю
сияқты, сол инвестициялардың қосып бағалау соммасы есебінен жүргізіледі.
Сол инвестицияларының қосып бағалау соммасы болмаған (жетіспеген) кезде
оның құнның төмендеуі, шығынға жатқызылады. Бұрын, құны төмендеген
инвестицияның, қосып бағалау соммасы, сол инвестициялардан шығыны
өттелгеннен кейін, ол меншіктік капиталдың ұлғаюына жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың құны, төмендеу кезінде осы
инвестициялардың баланстық құны қайта қарастырылуы тиіс. Құнның осындай
төмендеуі, әрбір инвестицияларының, әр қайсына бөлек анықталады және
есептелінеді. Бұл кезде тәуекелдің түрі мен инвестордың инвестицияланатын
субъектідегі көлемі ескеріледі.
Қаржылық инвестициялардың шығуы кезінде, сатудан алынған табыс пен
баланстық құны арасындағы айырма, шығындарды (брокер немесе дилер
қызметтері) шегергенде, табыс немесе шығын деп танылады. Егер инвестициялар
бұрын, қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда
қайта бағалау соммасы, қабылданған “Есептік саясатқа” сәйкес, табысқа
немесе бөлінбеген табысқа жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қысқа мерзімді категорияға
ауыстыру келесідей жүргізіледі:
Сатып алу мен баланстық құнының ең аз бағалануы бойынша, егер қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құнынның ең ұзақ
бағалануы бойынша есептелінсе. Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған
болса. Онда ауыстыру кезіңде олардың қайта бағалау соммасы есептен
шығарылуы тиіс;
Баланстық құны бойынша, егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
ағымдағы құны бойынша есепке алынса;
Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды ұзақ мерзімді категорияға
ауыстуру келесідей жүргізіледі:
сатып алу мен ағымдағы құнынның ең аз бағалануы бойынша;
ағымдағы құн бойынша бейнеленедi.
Табысқа келесілер кіреді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар бойынша пайыздар (%), роялти, дивиденттер мен жал төлемдері
түріндегі инвестициялардан табыс, қысқа мерзімді қаржылық инвсетициялардан
шығын қалудан қаржылық нәтижелер; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
бойынша өткізілген табыстар мен шығындар; сатып алу мен ағымдағы құнымен ең
аз бағалануы бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды көрсету
қажетті; ағымдағы құны мен құнның кері өзгеруіне дейінгі төмендеуi; ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициялардың құнының төмендеуінің қайтарымсыздығы.
Инвестициялардың тиімділігі әдетте белсеңді элементтердің үлесі
өскенде артады.
Негізгі капиталдың заттай элементтердің (негізгі қор, тауарлы –
материалдық қорлар) артуымен қатар, материалды емес өндірістің күштердің
дамуына салымдар тез артуда, зиялылық өндірістің белсеңді элементі бола
бастауда. Капиталданған интеллектуалды меншік кәсіпорынның, негізгі
капиталына салым объектісі болуда.
Әлемде өндірістің халықаралық өзгерістер байқалуда, ол капитал
экспортының (сыртқы инвестициялар) қажеттілігінен туындаса, сыртқы
инвестициялар тура және портфельді болып бөлінеді:
- Тура инвестициялар кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығын береді;
Портфельді – бұл құқықты бермейді.
Инвестициялар – экономика дамуының жоғары және тұрақты қарқынын
қамтамасыз етудің, ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін ендірудің,
инфрақұрлымның дамуының маңызды факторы.
Даму мәселесінде маңызды орын алатын кәсіпорындарды қаржыландыру мен
ұзақ мерзімді несиелендіру, маманданатын инвестициялық банктер және
акционерлік қоғамдарды құру үрдісін, мемлекеттің акциялар пакетін иемденуді
жүргізуге, кәсіпорындар акцияларын айырбастау және өткізуді жүргізу үшін
құрылатын инвестициялық қорлар алады.
Ішкі, сондай - ақ сыртқы инвестицияларда инвесторлар үшін қаржы
инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты болатынын есте сақтау
керек. Бұл тәуекел, есеп пен бақылаудың нашар ұйымдастырылуы, валюта
бағамдарының өзгеруі, қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелерді тарту
қиындығы және т.б. себепші болады. Сондай–ақ, саяси тәуекел мен стихиялық
апат тәуекелділігін инвесторлар ескеруі керек.
Қаржы инвестициялар тек қана техникалық – экономикалық есептер
негізінде, инвестірлеу объектісін зерттеу негізінде ғана жүргізілуі тиіс.
Онымен нарықтық қатынастар жағдайларында тәуекел дәрежесін төмендетуді
қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының заңдамасы экономика саласындағы инвестицияны
қолдауға бағытталған. Республикада, инвестициялық өнімдерді тиімді жүзегі
асыруға бағытталған, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі жасалған.
Инвестициялардың соңғы мақсаты болып: жаңа технологияларды, алдыңғы
қатарлы техника мен ноу-хауды өндіру; отандық тауар өндірушілерді
мемлекеттік қолдау мен ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты
ауыстырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізаттың
базасын рационалды және кешенді қолдану; менеджмент пен маркетингтің жаңа
әдістерін еңгізу; жергілікті кадірлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгiзу;
олардың мамандық деңгейін арттыру; өндірісті интенсификациялауды
қамтамасыз ету; қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Қазақстан Республикасының экономика салаларын көтеру және дамытуда
шетелдік инвестициялардың маңызы зор.
Шетелдік инвестициялар - пайда (табыс) табу мақсатында кәсіпкерлік
қызмет объектілеріне инвесторлар салатын, заттың- мүліктің барлық түрі мен
оларға құқығы, сондай–ақ интеллектуалдық меншіктік құқықтар.
Инвестициялармен байланысты қызмет, бiрлескен және шетелдік
кәсіпорындарды, сондай–ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру,
бақылау, қызмет етуі, келісім шарттарға отыру және орындау; әр түрлі
мүлікті интеллектуалдың меншікке құқықты қосқанда, сатып алу, қолдану және
пайдаланудан; басқадай мүліктік құқықтарды алу; зайымдарды, несиелерді,
мақсатты банктің және қаржылық салымдарды ұсыну; Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтін, инвестициялар мен байланысты басқадай қызметтен
тұрады.
Қазақстан Республикасының шетелдік инвесторы ретінде келесілер болады:
шетелдік заңды тұлғалар; азаматтығы жоқ тұлғалар; шетелдік азаматтары;
шетелде тұрақты орны бар, Қазақстан Республикасының азаматтары; шетелдік
мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.
Қазақстан Республикасының территориясында келесілер құрылуы мүмкін:
шетелдік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
құрылған, толық шетелдік инвесторға жататын, шетелдік қатысуы бар
кәсіпорын.
бірлескен кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
құрылған, мүліктің бір бөлігі шетелдік инвесторға жататын, шетелдік қатысуы
бар кәсіпорын.
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін кез-келген
шетелдік инвестициялар нысанымен және олармен байланысты қызмет аса ыңғайлы
емес, шарттарында жүргізіледі.
Шетелдік инвесторлар өзінің қызметі барысында алған табыстарын
Қазақстан Республикасында қайта инвестициялау үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тауарларды алуға және басқа да
мақсаттар үшін, өздерінің ұйымдары бойынша қолдана алады.
Заңдамадағы өзгерістер және (немесе) халықаралық келісім – шарттардың
өзгеруі, қүшке етеуінің нәтежесінде, шетелдік инвестордың жағдайы
нашарласа, шетелдік инвестицияларға 10 (оң) жыл ішінде, инвестициялар
жүргізілген кездегі заңдамалар қолданылады, ал өкілетті мемлекеттік
қоғамдармен ұзақ мерзімді келісім – шарттарымен ( 10 жылдан көп)
көзделмесе, келісім – шарт мерзімі аяқталғанға дейін жүреді.
Заңнамадағы өзгерістер және (немесе) халықаралық келісім – шарттардың
өзгеруі күшіне енуінің нәтижесінде, шетелдік инвестордың жағдайы нашарласа,
шетелдік инвестор мен республиканың атынан өкілетті мемлекеттік орган
арасындағы келісім – шарттың жекелеген шарттары экономикасының мүдделердің
балансына жету мақсатында екі жақты келісімімен өзгеруі мүмкін.
Шетелдік инвестициялардың есебі ішкі инвестициялардай синтетикалық
есеп шоттарында ұйымдастырылады; аналитикалық есепті шетелдік инвестициялар
жекелей есепке алады.

1.2. Инвестициялық жобаны бағалау және оны анықтау

Инвестициялардың инвентаризациясы. Инвентаризациялауды жүргізу, әр
кәсіпорындардың бағалы қағаздарына ұзақ және қысқа мерзімді
инвестициялардың, мемлекеттік және жергілікті зайымдарға пайыздық
облигацияларды, анықтауға мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздардың нақты барын тексерген кезде (бағалы қағаздар
ретінде заңдамаға сәйкес шығарылатын акциялар, облигациялар, чектер,
вексельдер, коносаменттер және басқа да құжаттар); баланста көрсетілген
бағалы қағаздардың нақты құны белгіленеді; бағалы қағаздардың сақталуын
(бухгалтерлік есеп мәліметтері мен нақты қолда барын салыстыру арқылы)
тексеру; бағалы қағаздар бойынша табыстарды алудың уақыттылығы мен
толықтығын тексеру керек.
Кәсіпорында бағалы қағаздарды сақтаған кезде, кәсіпорында бекіткен,
сондай-ақ, ол жүргізілген кезде, кассадағы ақша қаражаттарын
инвентаризациялаумен бірге жүреді.
Бағалы қағаздарды инвентаризациялау актіде атаудың, серияның,
номердің, номиналдық құнын, өтеу мерзімін және жалпы соммасын көрсетумен
бөлек эмитенттер бойынша жүргізіледі.
Әр бір бағалы қағаздың реквизиттері, кәсіпорынның бухгалтериясында
сақталатын тізім мәліметтерімен, (реестр, кітаптар) салыстырылады.
Банкке немесе депозитарийге, (бағалы қағаздардың арнайы қоймасы)
өткізілген бағалы қағаздардың инвентаризациясы, кәсіпорынның бухгалтерлік
есептің, сәйкесінше шотындағы соммалар қалдықтарын, банк немесе депозитарий
мәліметтерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген мәліметтер,
барысында банкке немесе депозитарийге ұсынылған сұрау бойынша, алынған
мәліметтермен салыстырылады.
Кәсіпорынға тиісті бағалы қағаздарды инвентаризациялау кезінде,
олардың құнының нақты бағасы, акциялары, кәсіпорынға тиісті акционерлік
қоғамдардың, қор биржасының жағдайы мен оның акциялардың котировкасы
туралы, ақпаратты ескерумен, басқа қағаздар эмитентерінің бухгалтерлік есеп
берулерін талдау арқылы белгіленеді.
Ел ішінде және шетелде құрылған, басқадай кәсіпорындардың жарғылық
капиталына, аударылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құралдары,
сондай-ақ басқа кәсіпорынға ұсынылған ұзақ мерзімді ақшалай және басқадай
зайымдар, инвентаризациялау кезінде, жүргізілген салымдар және
кәсіпорындарының сәйкесінше құқығысы дәлелдейтін құжаттармен, расталуы
тиіс.
Қаржылық инвестицияларды инвентаризациялау нәтежелері “Қатаң есеп беру
құжаттар бланкілері мен құндылықтардың инвентаризация тізімі” ( Ф.№ Инв.-16
) құжаттарында көрініс табады.
Егер инвентаризациялау кезінде, әр түрлі дебиторлар мен есептесулер,
басқадай ақша қаражаттары және т.б. шоттарына жатқызылғаны инвестициялар
анықталса, онда оңдай соммалар сторноланып сәйкесінше инвестициялар шотына
қатыстығы бойынша жатқызылады.
Инвентаризациялау кезінде, банкрот болып жарияланған, немесе жойылған
(инвестор сәйкесінше талап қоймаған) кәсіпорынға инвестициялар анықталуы
мүмкін.
Инвентаризациялық комиссия (түгендеу комиссия) инвестицияланған
кәсіпорындардың түрленуі; меншік нысанын ауыстыру, инвестицияланған
кәсіпорындарды шетелдік инвестор сатып алу және т.б. жағдайларды аңықтауы
мүмкін. Келтірілген және басқа да жағдайларда инвентаризациялық комиссия
сәйкесінше шешімдер қабылдап, бухгалтерия оларды есепте көрсетуі тиіс.
Инвестицияларды қайта бағалау. ғзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды
қайта бағалау үшін қайта бағалаудың кезеңділігін аңықтау қажет.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың, қосып бағалау соммасы,
меншіктік капиталдың ұлғаюын көрсетеді. Инвестициялардың құны төмендеген
кезде, азайту сол инвестицияның қосып бағалау соммасы, есебінен
жүргізіледі:
Берілген инвестицияларының, қосып бағалау соммасы жетпеген кезде, оның
құнының азаюы, шығынға жатқызылады.
Құны бұрын азайтылған инвестицияның қосып бағалау соммасы, сол
инвестициялардан шығынды өтелгеннен кейін, меншікті капиталды ұлғаюына
жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың құны, қайтарымсыз төмендеуі
жағдайында, осы инвестициялардың баланстық құны қайта қарастырылуы тиіс.
Құнның осындай төмендеуі әр бір инвестиция үшін бөлек анықталады және
есептелінеді. Бұл кезде тәуекелдің түрі мен инвесторлардың
инвестицияланатын субъектідегі үлесі ескеріледі.
Инвестицияларды есеп беруде ашып көрсету.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде, келесі
анықтамалармен есептік саясатты ашып көрсету қажет: қаржылық
инвестициялардың баланстық құны, қайта бағаланған ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялардың есептен шықаннан кейінгі қайта бағалаудан табыс.
Сондай-ақ, ашылуға келесілер бойынша табысқа кірген соммалар: ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша пайыздар,
дивидентер және жал төлемдері; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың
есептен шығуы және осындай инвестициялар құнының азаюынан табыс және
шығыстар. Егер ағымдағы құны есептелінбесе, қозғалмайтын мүлікке
инвестициялардың ағымдағы құны ашылып көрсетіледі, сондай-ақ
инвестициялардың өткізуге шектеулер; олардың сатудан алынған табыс; есепті
кезеңдегі қайта бағалаудан соммалар қозғалысы және осындай қозғалыстардың
сипаты; қайта бағалауды қосқандағы құны бойынша есепке алынатын ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициялар; қайта бағалаудың кезеңділігі; соңғы қайта
бағалаудың уақыты мен негізі.
Кеткен дайын өнім қорлары, жатып қалған қорлар, өтімсіздер
(немеквит).
Жоғары тәуекел категориясына түскен активтерге неғұрлым қаражаттар көп
салынса, соғұрым кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы төмен болады.
Жүргізілген талдауды дамытуға, қиын өткізілетін активтердің, жалпы
активтердің көлемінің қатынасына, сонымен қатар, қиын және жеңіл
өткізілетін активтерге қатынасын өзгеру тенденциясын бағаланған жөн.
Жоғарыда аталған қатынастар аралық, өсу тенденциясы өтімділіктің
төмендегенің көрсетеді.
Осындай талдауды жүргізгенде, айналым қаражаттарын қиын және тез
өткізілетін активтерге сыныптау әрдайым тұрақты болмайтынын есте сақтау
керек, ол нақты экономикалық шарттардың өзгеруімен өзгереді. Мысалы,
жабдықтаудың тұрақсыздығы және ұлттық валютаның құнсызданып бара жатқан
шарттарында, кәсіпорын ақша қаражатарын өндірістік қорларға және ТМҚ – ның
басқа да түрлеріне салады, ол аталған активтердің тобын жеңіл
өткізілетіндерге қосуға негіз береді.
Төлем қабылеттілік - өзінің активтерін қолдана отырып, өзінің
сыртқы (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) міндеттерін орындау
қабілеттілігінің болуы.
Бұл көрсекіш, қаржылық тәуекелділікті өлшейді; яғни банкроттық
мүмкіндігі.
Кәсіпорының төлем қабілеттілігі деп, оның активтері сыртқы
міндеттемелерден асатын болса, онда төлем қабілеттілік дәрежесі жоғары
болады.
Төлем қабылеттілік деңгейін өлшеу үшін, кәсіпорынның меншікті
капиталының, оның жалпы міндеттемелеріндегі үлесін, көрсететін
коэффиценттерін қолданады:

КП= меншіктік қаражаттар көздері пассивтің 1 бөлімі
жалпы міндеттемелер (баланс пассивінің 2 бөлімі).

Төлем қабілеттіліктің жоғарғы коэффициентті, минималды қаржылық
тәукелді көрсетеді
Төлем қабылеттілік анықтаған кезде, меншікті қаражаттар (меншікті
капитал) көздерінің қаржылық құрлымын талдау қажет.
Төлем қабылеттілікті талдау кезінде меншікті капиталдың ұзақ мерзімді
қатынастылық коэффициенті қолданады:

Ко = Меншікті қаражаттар көздері (пассивтің 1 бөлімі)
Ұзақ мерзімді міндеттемелер (пассивтің 2-ші бөлімінен)

Қаржылық талдауды жүргізген кезде, табыс алуды қамтамасыз еткен
қаражаттар қаншалықты тиімді қолданғанын, білу маңызды. Табыстылықты
бағаланған кезде келесі коэффициенттер қолданылады:

1. Жалпы инвестицияға табыс =
Салық салынғанға дейінгі табыс + Төлейтін пайыздар
Ұзақ мерзімді міндеттемелер + Меншікті капитал.

Бұл коэффицент инвестицияланған қаражаттарды басқарудан табыстылықты
және жанама түрде әкімшіліктің тәжірибесімен компитенциясын сипаттайды.
Төленетін салықтар соммасы, мемлекет тарапынан белгіленетінінен және
кәсіпорын оған байланыссыз болғандықтан, оның мөлшері анықталғаннан, таза
табыс көрсеткішінен шегерілмейді.
Бұдан басқа табыс ішіне ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша % төлеу
компенсациясын қосуы тиіс, өйткені % мөлшері кәсіпорыннан тыс белгіленеді.
Егер жоғарыда келтірілген формуланың бөлімінде таза табыс көрсеткішін
қолдансақ, онда нәтижесі жалпы инвестицияны қолдану тиімділігінің соңғы
нәтижелерін көрсетеді:

2. Меншікті капиталға табыс = Таза табыс * 100%,
меншікті
капитал

Бұл көрсеткіш, меншіктік қаражаттардың қаншалықты тиімді қолданғанын
көрсетеді, яғни кәсіпорын меншіктік қаражаттардың 1 тг-не қандай табыс
алатынын көрсетеді.
Берілген көрсеткіш акционерлерге өте маңызды, өйткені қаражаттарды
табысты салымды бағалау үшін ғана, сонымен қатар кәсіпорын акцияларының
қаржы (қор) биржасында котировка деңгейін бағалаудың басты шарты болып
табылады:

3. Жалпы активке табыс = таза табыс * 100%
барлық активтер

Бұл көрсеткіш, кәсіпорынның барлық активтерін қолдану тиімділігін (қор
қайтарымдылығын) өлшейді, яғни, кәсіпорын активтердің 1 тг-не қандай табыс
алынды.

2-тарау. Кәсіпорындағы инвестицияның аудиті

2.1. Инвестиция аудитінің міндеттері және ақпараттық қоры

Қаржылық инвестициялар аудиті, аудитті жүргізу бағдарламасын
(жоспарын) құрастырудан басталады - аудит жүргізу мақсаты, аудиттенуге
жататын жүйелер, құжаттар мен қаржылық есеп берулер, қолданылатын
процедуралар мен әр түрлі детальдар нақтыланатын құжаттар.
Аудитор қаржылық инвестициялар туралы жеткілікті нақты материал алуы
тиіс:
Инвестициялар тізімін алу және дайындау.
Инвестицияларды алумен байланысты құжаттарды тексеру.
Инвестициялар, айналымнан тыс активтер ретінде қарастырылғанда,
қарастырылған есепті мерзім ішінде ақша қаражаттардың кірістері мен
шығыстары туралы мәлімметтерді салыстыру арқылы олардың есепті мерзімнің
басына және сонындағы қалдықтарды тексеру, сәйкесінше құжаттармен: займды
ұсыну туралы келісімдер, несиелік келісім шарт, банк жазбалары және т.б.
Акция сертификаттары (акционерлер реестр мәлеметтерімен растап),
облигация және басқадай бағалы қағаздар бойынша барлық инвестицияларға
кәсіпорынның меншік құқығы мен қолда барын тексеру, сонымен қатар жарғылық
қорларға салымдар мен басқа кәсіпорындарға ұсынылған зайымдар жайлы,
сақтаушылардан олардың сақтауындағы бағалы қағаздар туралы растама алу
қажет.
Инвестициялар тиімділігі мен инвестициялау туралы шешімдерге баға
беру:
а) Инвестицияланатын кәсіпорынның қызмет ету аясы мен бағалы қағаздар
нарығына талдау жүргізу;
б) Инвестицияланатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау
жүргізу;
в) Инвестицияның тиімділігіне баға беру және олардың құнын анықтау.
Есеп және есептік құжаттардың дұрыс жүргізілуін, есепте операцияны
толық шынайы және өз уақытында көрсетуді тексеру:
а) бағалы қағаздарды сатып алу мен басқа кәсіпорындардың жарғы
қорларға салымдар есебі бойынша жазбаларды тексеру;
б) ұсынылған зайымдардың есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру;
в) зайымдарды өтеу мен бағалы қағаздарды сату есебі бойынша жазбаларды
тексеру;
г) бағалы қағаздармен операцияларға салықты есептеудің және олардың
қаржылық есеп беруде көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.
Инвестициялардың нәтежесін аңықталудың дұрыстығын тексеру:
а) инвестициялаудан тиісті табыстың толық түсуін тексеру;
б) инвестициялаудан алынған табыстың (зиян) бухгалтерлік есепте дұрыс
көрсетілуін тексеру.
Аудиттің әр бір сәті мәліметтерді арифметикалық тексерумен, ағымдағы
заңды жүргізілген операциялардың сәйкестігін аңықтаумен (сәйкестілікке
аудит) қатар жүруі тиіс.

2.2. Инвестиция аудиті: түсінігі

Қойылған мақсаттарға жету және құжаттармен жұмысты жеңілдету үшін,
аудитор қаржылық инвестицияларды келесідей сыныптайды:
Бағалы қағаздар түрлері бойынша (акция, облигация, және т.б.);
Ұсынылған зайымдар мерзімдері және басқа ұқсас баптары бойынша есеп
беру туралы жеткілікті материал жинауы тиіс. Осындай материалдың көздері
болып: несиелік келісімдер, зайымдарды ұсыну туралы табыстар, ақша
қаражаттардың кірісі мен шығысы бойынша құжаттар, инвестициялау туралы
қабылданған шешімдер бойынша жиналыстардың протоколдары және бағалы
қағаздардың бланкілері болып табылады.
Сондай-ақ, дидактикалық материал ретінде клиенттегі бағалы қағаздарды
санау, қаржылық есеп берулердін, камтамасыз етілуін тексеру, биржалық
бағамдар және т.б. жатады.
Инвестициялар аясында міндеттердің нақты бөлінуі тиіс. ғзақ мерзімді
инвестициялау да, негізгі құралдарды сатып алу мен сату, зерттеулер мен
іздестіру аясындағы ірі проектілерге қатысуды қабылдау сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қызметті басқару
Жергілікті инвестиция есебі
Инвестициялардың экономикалық мәні
Инвестициялық қызметтің объектілері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Инвестициялау объектілері
Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Инвестициялар туралы ақпарат
Пәндер