БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
Математикалық процестерді моделдеу кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗІН ТАЛДАУ: БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ
ТЕКСЕРГЕН: Тажиева С.
ОРЫНДАҒАН: Пірмағамбетов Ж.
ІІІ курс студенті, М01к2.
АЛМАТЫ 2004
ЖОСПАР
Кіріспе3
1. БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ4
1. 1. «Біріккен кәсіпорын» түсінігі және қалыптасуы мен негізгі даму кезеңдері4
1. 2. Біріккен кәсіпкерлік дамуының шетелдік тәжірибесі. 9
2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың даму тиімділігін талдау14
2. 1. Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тарту жолында ұлттық экономика жағдайын бағалау14
2. 2. ҚР территориясында біріккен кәсіпорындар құру және даму динамикасы22
ҚОРЫТЫНДЫ29
Қолданылған материалдар тізімі31
Кіріспе
Тақырыптың актуалдығы. Біріккен кәсіпорын халықаралық серіктестіктің формасы ретінде халықаралық экономикалық қатынастың дамуы нәтижесінде мемлекет экономикасында маңызды орынға ие. Жалпы кәсіпкерліктің мұндай түрін дамыту тәй-тәй басқан әрбір экономика үшін қажетті шарт ретінде көрінуде.
Көптеген дамыған, дамушы елдерде біріккен кәсіпорындарды құру - мемлекеттің басым ресурстарын бірігіп игеруге, инвестицияны тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, біріккен кәсіпорын шетел инвестициялаарын және инвесторларын тарту арқылы құрылатындықтан, шетел инвестицияларымен болатын кәсіпорындар жаңа технология алудың, шетелдік серіктестерден іс жүргізудің тәжірибесін үйренудің шынайы мүмкіндігін туғызады, сондай-ақ көптеген елдермен достастығымызды серіктес болуымызды кеңейтеді. Осы мәселелерден тақырыптың актуалдығы көрінеді.
Мамандардың ойы бойынша, біріккен кәсіпорын тікелей шетелдік инвестицияның ең перспективті формасы және серіктестік қызмет арқылы шетел нарығына жоғары тиімділікпен шығу құралы болып табылады. Қазіргі таңда әлемнің әр түрлі елдерінде тікелей шетелдік инвестицияны біріккен кәсіпорын құру жолы арқылы тарту халықаралық экономикалық қатынастың кең жайылып келе жатқан құбылысы болып отыр және де бұл біріккен кәсіпорынның барлық қатысушыларына да тиімділік береді.
Біріккен кәсіпорыннан басқа, толығымен шетелдік иегерге тиесілі шаруашылық субъектілер де бар. Шетел капиталымен болатын кәсіпорын (предприятие с иностранным капиталом) деп аталатын туыс термин де қолданылады. Бұл түсінік біріккен кәсіпорын түсінігінен де толық шетел инвестициясымен құрылған фирмаларды да қамтиды. Семенов К. А. ойы бойынша «біріккен» және «аралас» түсініктерін толығымен шектеу керек. Ол аралас кәсіпорын ұйымдастыруында тек қана бір елдің серіктестері қатысады дейді. Біздің ойымызша бұл дұрыс емес.
Қазіргі таңда «аралас қоғам» (смешанное обшество) және «біріккен кәсіпорын» (совместное предприятие) түсініктері бір-біріне жақындап келеді, ал екеуінің де қызметі кешенді сипат алуда. «Аралас кәсіпкерлік» деген жаңа термин пайда болды. Ол өзінің мағыналылығымен сиымдырақ және аралас қоғам мен біріккен кәсіпорынның қызмет етуімен байланысты әртүрлі қызмет түрінің барлық кешенін қамтиды.
Біріккен кәсіпорынның мәнін толық ашып көрсетпейді. Мынадай анықтама анығырақ болар: біріккен кәсіпорын бұл әр түрлі елдердің қатысуымен болатын, жалпы капиталмен, біріккен басқарумен, тараптардың салымына пропорционалды түрді пайда мен тәуекелді бөлумен болатын біріккен фирма, компания.
1. БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. «Біріккен кәсіпорын» түсінігі және қалыптасуы мен негізгі даму кезеңдері
Тарихта ең алғаш «joіnt venture» деген термин Ұлыбританияда пайда болды. «Менч венчурз» және «Джентлмен эдвенчурз» деген саудамен айналысатын екі кәсіпорын ΧΥΙ-ΧΥΙΙ ғасырларда тауарларды сатып алу және оларды қайта сату процесінде пайда болған тәуекелді және жоғалтуларды есепке ала отырып біріктірілді. Және олардың құрған «joіnt companіes» деп аталатын серіктестігі кейін қалыптасқан жауапкершілігі шектелген заңды тұлғалардың пайда болуының негізі болды.
Егер біріккен кәсіпорынның құрылуының нақты тарихына келетін болсақ, ол ΧΙΧ ғасырда басталды. Ең алғашқы біріккен кәсіпорындардың бірі болып 1825 жылы Пруссияда бельгиялық «Кокериль» фирмасы тарапынан салынған өнеркәсіптік кәсіпорын саналады. Бірақ фирманың иесі және технология бельгиялық емес, ағылшындық болған.
Еліміздің тарихына қарайтын болсақ, КСРО-да ΧΧ ғасырдың басында-ақ біріккен кәсіпорын құрудың үрдісін көре аламыз. Сол себептен, КСРО-да Батыспен байланысын халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) формасының прогрессивті түрін көреміз. Сонымен, КСРО өз территориясында және шетелде біріккен кәсіпорын құру және қызметінде белгілі бір тәжірибелерге ие болды. Олар ұлттық экономиканың жандануында және шет елдермен сыртқы сауда қатынасының дамуында үлкен роль ойнады. Бірақ, 30-жылдардан 80-жылдардың соңына дейін кәсіпорынның мұндай ұйымдық формасы Кеңес одағында кең тарамады. Тек 1987 жылдан бастап КСРО территориясында біріккен кәсіпорындар қайта құрыла бастады.
1987 жылдың 13-қаңтарында КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы «КСРО территориясында кеңестік және шетелдік ұйымдар, фирмалар және басқру органдарының қатысуымен болатын біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар құру және қызметімен баланысты сұрақтар туралы» жарлық қабылдады. КСРО-ның күйреуімен және тәуелсіздігін алуымен Қазақстан сыртқы экономикалық қызметін жүргізе бастады.
«Біріккен кәсіпорын» түсінігіне келетін болсақ, ол жайында әр түрлі пікірлер бар. «Біріккен кәсіпорын» түсінігін анықтаған кезде ғылыми әдебиеттерде бұл термин жайында белгілі бір атау жоқ. «Аралас қоғам» (смешанное обшество), «аралас фирма» (смешанная фирма), «аралас кәсіпкерлік» (смешанное предпринимательство), «аралас кәсіпорын» (смешанное предприятие), сондай-ақ, «біріккен иеліктегі кәсіпорын» (предприятие совместного владения) сияқты анықтамалар қолданылады. Соңғы кезде халықаралық өрісте «біріккен кәсіпорын» немесе «біріккен компания» термині қолданылып жүр. / 1 /
Батыс экономистерінің анықтамасы бойынша /2/ бір компаниядағы тікелей инвестицияға екі немесе бірнеше ұйымның меншік құқығы болса, онда мұндай операция жүргізу «біріккен кәсіпорын» (joіnt venture) деген терминмен анықталады. Біріккен кәсіпорынның «аралас кәсіпорын» (mіxed venture) сияқты белгілі бір типі «Филиппс» (Голландия және Индонезия үкіметі) фирмасындағы жағдай сияқты, жеке компаниядағы белгілі бір елдің мемлекеттік органының қатысуымен сипатталады. Батыс Германиялық экономист К. Зейберт былай дейді: «Біріккен кәсіпорын дегенде іс істейтін, ұлттық шекарадан тыс шыққан серіктестер арасында біріккен капитал мен заңды түрде бекітілген қатысты келісімшарттарға негізделген дербес мүдделері бар кооперативті бірлестікті, серіктестікті ұғыну керек. Территориясында біріккен кәсіпорын құрылған елдің ең болмағанда бір серіктес өкілі болу керек»/3/.
Вознесенская Н. Н. «аралас кәсіпорынға» синоним ретінде «аралас қоғам», «аралас компания», «біріккен кәсіпорын» терминдері де қолданылатынын әділ айтып отырғанын айта кету керек. Ғылыми әдебиетте көрсетілген «біріккен кәсіпкерлік» терминімен қазіргі таңдағы шетелдік қайнарларда әр түрлі фирмааралық серіктестің формасын немесе кооперациялық келісімдерді көрсетеді. Дегенмен, соңғы жылдарда батыс экономика әдебиеттерінде «фирмааралық серіктестік» термині «біріккен кісіпорын» түсінігімен кең мағынада, жиі ауыса қолданылып жүр/4/. БҰҰ европалық экономикалық комиссиясы біріккен кәсіпорынды әр түрлі елдердің өндірістік серіктестіктерінің ең негізгі формасының бірі деп сесптейді /5/. Аталмыш комиссияның докладында біріккен кәсіпорын: «Араларында ең кемінде пайда табуға ынталандыратын біреуі ұзақ мерзімді негізде жаңа бизнес есебінен өзінің қызметін кеңейтуге тырысатын екі немесе одан да көп компаниялармен, жеке тұлғалармен немесе ұйымдармен құрылатын кәсіпорын, корпорация немесе серіктестік. Оның меншігі серіктестер арасында олардың ішінде қайсысы болмасын біреуінің абсолютті түрдегі иелігінсіз, азырақ немесе көбірек иелік қағидасымен бөлінеді» - деп анықталған/6/. БҰҰ европалық экономикалық комиссиясы біріккен кәсіпорынның келесідей негізгі міндеттерін бөліп көрсетеді:
1. Қатысушылар арасында кәсіпкерлік қызметтің жалпы ұзақ мерзімді келісімі жайында келісімнің болуы;
2. Қатысушылар тарапынан осы ұзақ мерзімді мақсатына жету үшін ақша қаражаты, негізгі қор, басқару тәжірибесі, интеллектуалды меншік құқығы және басқа түрдегі активтерді біріктіру;
3. Біріктірілген активтерді қатысушылардың капитал салымы ретінде қарау және бағалау;
4. Біріккен басқару органдарын құру;
5. Келісілген мақсатқа жетуден түскен пайдаға тараптардың қатысуы және осымен байланысты әр серіктестің біріккен капитал салымдағы үлесімен анықталған тәуеклді бөлісу. / 7 /
Шетелдік қатысумен болатын кәсіпорынды құру үшін келесідей үш жолды бөліп көрсету керек:
1. Біріккен кәсіпорын олардың құрылтайы болып құрыла алады, яғни жаңа қайта құрылған кәсіпорында жергілікті және шетелдік серіктестерге пай бере отырып;
2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан шетелдік инвестордың (инвесторлардың) қатысудағы өз үлесін немесе пайын сатып алу;
3. Бүкіл кәсіпорынды шетел қатысушысының сатып алуы.
Бұған дейін біз біріккен кәсіпорынның терминологиялық аспектісін қарастырдық. Енді, біріккен кәсіпорынның мазмұнын терең әрі толық ашып көрсету керек, ал ол үшін біріккен кәсіпорын жайында бірнеше пікірлерді қарастыру қажет.
Қазіргі заманғы экономикалық сөздікте біз мынадай анықтаманы табамыз: «Біріккен кәсіпорын бұл жұмысында басқа елдердің фирмалары қатысатын, ұйымдастыру жағынан жалпы және бір кәсіпорын. Біріккен кәсіпорын әр түрлі елдердегі орналасқан кәсіпорында қызмет кооперациясы үшін әр түрлі сипаттағы өнімді, тауарды, қызметті тиімді өндіру және сату мақсатында құрылады». / 8 / Осы анықтамадан көріп тұрғанымыздай, біріккен кәсіпорын құру кезінде кем дегенде екі әр түрлі серіктестер қатысады. Мұндай кәсіпорынның кәсіпорын жарғылық қорындағы салымын көбейту үшін қосымша мүмкіншілігі бар.
Джеймс Добинн, Джеффери Беркт, Марк Саунер және Кеннет Крупски деген американдық ғалымдардың басылымындағы «Халықаралық біріккен кәсіпорындар» атты оқулығында біріккен кәсіпорынға келесідей спецификалық ерекшеліктері бар анықтама берілген:
- дербес заңды тұлға;
- әр қатысушысының капиталға иелік үлесі анықталған;
біріккен кәсіпорынның әр мүшесінің басқарудағы белсенді қатысуы немесе басқаруға қатысу құқығынан ашық бас тарту.
Мұндай анықтама біріккен кәсіпорын формасын басқадай халықаралық экономикалық серіктестіктен айыруға мүмкіндік береді. / 9 /
Біріккен кәсіпорындар бұл халықаралық экономикалық серіктестіктердің жоғары және дамыған формасы. Басқаша айтсақ, біріккен кәсіпорын ұлттық шекараны кесіп өтетін, өнімді жасау, өндіру немесе маркетингтегі халықаралық серіктестік институты болып анықталады, қысқа мерзімді нарықтық трансакцияға негізделмеген және серіктестер тарапынан капитал, технология және басқа активтер түрінде айтарлықтай көп әрі жалғасымды салымды ұсынады.
«Біріккен кәсіпорын» түсінігімен танысқаннан кейін, оның кәсіпкерліктің басқа да ұйымдастырушылық формасынан (жеке-дара кәсіпорын және корпорация) несімен ерекшеленетінін анықтау керек, біріккен кәсіпорынның халықаралық экономикалық серіктес формасы ретінде артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру керек. (1-ші кестеге қараңыз)
Кәсіпкерлік құрылымның барлық түрі негізінен үш түрлі болады: жеке-дара, біріккен кәсіпкерлік және корпорация. Жеке-дара мен біріккен кәсіпорын үшін иелік және басқару қызметі тән, ал корпорация үшін бұл қызмет алшақ жатыр. Жеке-дара кәсіпондары шаруашылық жауапкершілік иегердің өзінің мойнында. Мұнда кәсіпорын меншігі иегер меншігінінен бөлінбейді, ал корпорацияда мұндай бөлу нақты бекітілген. Сонымен қатар, корпорация қоғамға ашық түрде қызмет етуге міндетті болса, яғни өздерінің қаржылық қызметінің нәтижесіндегі жылдық есеп беруін жариялайтын болса, жеке-дара және біріккен кәсіпорындардың құпия қылып сақтауға, тек уәкілетті органдарға ғана ақпарат беруге құқығы бар.
Біріккен кәсіпорындарда жеке-дара кәсіпорынға қарағанда құрылтайшылар шеңберін кеңейту күшімен ресурс тарту мүмкіндігі жоғары, ал жеке-дара кәсіпкердің қаржылық жағдайы мен өндіріс масштабынан үнемдеу алуы шектеулі.
1-кесте
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық формасының сипаты
Біріккен кәсіпорының негізгі қағидасы ― бірнеше серіктестің серіктестігі арқылы тиімді түрде орындалатын мақсатқа жету. Корпорацияда қаржы қорын тарту базасы кеңейген, капиталдың жиналуын қамтамасыз етеді. Біріккен кәсіпорын тәуекелді бөлісудің ерекше формасы болып табылады.
Біріккен кәсіпорын әлемшаруашылық байланыс эволюциясында заңды түрде дамып келеді және серіктестің басқа да формаларымен салыстырғанда өзінің артықшылықтарымен ерекшеленеді. Олардың негізгісіне ғылыми-зерттеушілер келесі мәселелерді жатқызады:
- өндірістің алдындағы, өндірістік және өткізу сферасындағы барлық өзара байланыс бойынша серіктестердің күшін кешенді түрде қолдану мүмкіндігі;
- серіктестер тарапынан өндіріс, қамтамасыз етуден бастап, өткізу және сатуға дейінгі тең таразды бақылауды қамтамасыз ету;
серіктестер тарапынан бір-бірін толықтыратын элементтердің ең күштілерін біріктіру және шоғырландыру. / 10 /
Біріккен кәсіпорындар Темиргалиев Б. Б. / 11 / сияқты кейбір авторлардың ойынша қайда, кіммен, серіктестердің қандай үлеспен қатысуы, қандай салада және қандай мақсатпен құрылғанына байланысты бөлінеді. Осыны есепке ала отырып, біріккен кәсіпорындарды классификациялау үшін төрт негізгі нышанға бөлуге болады:
1. Кәсіпорынның орналасқан жері. Біріккен кәсіпорын құру кезінде серіктестердің біреуі шет мемлекеттің өкілі болады. Қатысушылардың әр түрлі елге жатуына байланысты кәсіпорынды алты типке бөлуге болады:
Өнеркәсіптік дамыған елдер↔︎өнеркәсіптік дамыған елдер. Оны кейде «батыс-батыс» деп те атайды. Мысалыға: Дженерал Моторс (АҚШ) пен Тойота (Жапония) ;
Өнеркәсіптік дамыған елдер↔︎дамып келе жатқан елдер. Ол «солтүстік- оңтүстік» байланысы деп те аталады. Мысалы: «B. T. S. Garment Co. Ltd» біріккен кәсіпорны, құрылтайшылары Камбоджия және Канада;
Өнеркәсіптік дамыған елдер↔︎нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі елдер. «шығыс-батыс» байланысы деп те аталады. Мысалы: «Тенгиз Шевройл»;
Дамып келе жатқан елдер↔︎дамып келе жатқан елдер. Мысалы: «Asіa Floour mіll Corporatіon» біріккен кәсіпорны, Комбоджия және Тайланд;
Дамып келе жатқан елдер↔︎нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі елдер;
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі елдер↔︎нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі елдер.
2. Қатысушылар құрылымы. Біріккен кәсіпорынның үш негізгі типін қарастыруға болады:
Тек жеке капиталдың қатысуымен (дамыған капиталистік елдерде) ;
Жеке фирмалар мен мемлекеттік кәсіпорын немесе ұйымдардың қатысуымен. Бұл вариант дамып келе жатқан және нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі елдерде кең тараған;
Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен.
3. Біріккен кәсіпорынның капиталындағы серіктестердің қатысу үлесі.
4. Қызмет түрі. Серіктестердің қойған мақсатына байланысты біріккен кәсіпорындар келесідей типтерге бөлінеді:
Тәжірибе мен ғылыми зерттеу нәтижелерін біріктіру мақсатында жаңа өнім, ноу-хау, құрал-жабдық және т. б. жасау үшін құрылған ғылыми-зерттеу сипатындағы біріккен кәсіпорындар;
Құру кезінде шетелдік серіктес өндіріс және өнімді сату процесі кезінде шығынды төмендету мақсатын көздейтін өндірістік сипаттағы біріккен кәсіпорын;
Жергілікті нарықта шетелдік серіктестің кәсіпорында соңғы өнім өндіру үшін қажетті арзанырақ шикізат, жартылай фабрикаттарды сатып алу мақсатында құрылған сатып алушы біріккен кәсіпорын;
Біріккен кәсіпорын орналасқан елдегі сияқты үшінші бір елде де жаңа өткізу нарығын игеру мақсатында құрылған өткізу біріккен кәсіпорны;
Әр түрлі қызмет түрін қамтитын кешенді біріккен кәсіпорын.
Жүргізілген зерттеу негізінде біріккен кәсіпорынның харықаралық экономикалық серіктестіктердің перспективті формасы екендігін қорытындылауға болады. Шетел инвестицияларымен болатын кәсіпорындар елімізге инвестиция жаңа технология алудың, шетелдік серіктестен іс жүргізу тәжірибесін үйренудің шынайы мүмкіндігін туғызады, сондай-ақ, көптеген елдермен достастығымызды, серіктестігімізді кеңейтеді. Біріккен кәсіпорын қызметінің шетелдік тәжірибесін қарастыруға көшейік.
1. 2. Біріккен кәсіпкерлік дамуының шетелдік тәжірибесі.
Қазіргі таңдағы экономикада тікелей шетелдік инвестицияның өсуінің нәтижесінде ұжымды түрде иелік ететін халықаралық өнеркәсіптік кәсіпорындар (joіnt ventures) пайда болды. Олар әр елдің екі немесе одан да көп елдердің фирмаларының келісімі негізінде пайда болады. Ол бойынша фирмалар қандай да болмасын қызмет, өндіріс саласында белгілі бір мақсатқа жету үшін ресурстарын біріктіреді. Яғни біріккен кәсіпорын бұл әр түрлі ұлтқа тиіс капиталдардың бірігуін қамтамасыз ететін ұйым формасы.
Қазір әлемде біріккен компаниялар кеңінен тараған. Кейбір мәліметтер бойынша трансұлттық корпорацияның (ТҰК) шетелдік филиалдарының 1/4-1/3 үлесі ұжымдық иеліктегі акционерлік компанияларға тиесілі.
Қазіргі таңдағы трансұлттық компания жүйесіндегі біріккен кәсіпорындарға аса зор көңіл бөлінуде. Олар екі бір-біріне қарама-қарсы мақсатта қолданылулары мүмкін: бәсекелестік күресті жүргізу құралы сияқты және бәсекелестікті шектеуші құрал ретінде.
Бірінші типтегі біріккен кәсіпорындар компанияның халықаралық экспансиясының бастапқы кезеңінде құрылады. Олар серіктердің есебінен артықшылық алу үшін арналған. Әдетте компания әлемдік нарықта бекін отырып алып, серіктестер тарапынан біріккен кәсіпкерлікке тиісті тәжірибе мен ресурстар жинап алып, біріккен кәсіпорындағы біреуінің үлесін ұлғайтып жеке меншіктегі біріккен кәсіпорынға айналады.
Екінші типтегі кәсіпорындар әдетте олигополистік салаларда ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларда олар нарықты серіктестер арасында бөлісуді қамтамасыз ететін картельдің ұйымдастырушылық орталығының қызметін өздеріне алады. Нарықтық экономика елдеріндегі біріккен кәсіпорындар, тәжірибе көрсеткеніндей, халықаралық экономикалық серіктесті жүзеге асыратын формалардың бірі. / 12 /
Біріккен кәсіпорын ТҰК шеңберіндегі кооперациялық қарым-қатынас ұйым формасының бірі болып табылады. Құрылып жатқан біріккен кәсіпорындардың типтеріне келетін болсақ, олар сипатына қарай екіге бөлінеді.
1-Жаңа технологиялар бойынша ғылыми зерттеу жүргізетін саладағы құрылған біріккен кәсіпорындар. Әдетте олар дамыған елдер серіктестерімен алдыңғы қатардағы технологиялық тәжірибемен алмасу және оның болашақтағы даму мақсатымен құрылады.
2- Арзан жұмыс күші бар дамушы елдердегі өндіру және сату саласындағы дәстүрлі кәсіпорындар. Осындай елдерге дайын өнімге жаңа сату рыноктарын алу мүмкіндігі бар, өндірістің экологиялық тазалығына қатаң талап жоқ. Бұл топтағы елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Тайвань, Малайзия, Оңтүстік Корея және басқаларын жатқызуға болады. Соңғыларына территориялық еркіндік, тікелей түрдегі сияқты шетелдік инвестициямен болатын кәсіпорындар (ШИК) үшін әр түрлі қаржылық және салықтық жеңілдіктер тән.
Қазіргі таңдағы әлемде инвестициялау процесі кеңінен жайылған. Шетелдік инвестиция экономикалық әлсіз, дамып келе жатқан және ұлттық экономикасын реформалап жатқан елдермен қатар, экономикалық дамыған, бай елдер сияқты әлемнің барлық елдеріне салынып жатыр.
1998 жылы әлемдегі тікелей инвестиция көлемі 440млрд. АҚШ доллары болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш 827млрд. АҚШ долларына жетті. Дамып келе жатқан елдердегі шетелдік салым 1999 жылы 198млрд. АҚШ доллары болды, оның ішінде Қазақстанға 1337, 9млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция салынған, 1998 жылы бұл көрсеткіш 1233, 3млн. АҚШ доллары болған, 1993-1999 жылдар арасында Қазақстан Республикасына шетел инвестициясының жалпы жиынтық ағымы 9267, 1млн. АҚШ долларын құраған. / 13 /
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz