Ақша айналымы және ақша айналысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Ақша айналымы және ақша айналысы 5
1.1 Ақша айналымы туралы түсінік және оның құрылымы 5
1.2 Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қолсыз ақша айналымы 8
2. Ақша айналысы 13
2.1 Металл ақша айналысы 13
2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары 14
2.3. Несие ақшалары және олардың түрлері 15
2.4 Ақша айналысы заңы 16
2.5. Ақша массасы және ақша базасы 18
3. Ақша теориясы 22
3.1 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары 22
Корытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі
деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі
мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп
етуге дайын.
Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы
іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз
немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген
арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ бай болғымыз келеді.
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке
келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақшасы жоқ
адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді,
өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатын
іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны
қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да,
өз келбетін жоғалтады.
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жузеге асыруға қызмет ететін колма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы аңшалардың ңозғалысы.
Акша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар
өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және аңшаға бөліне отырып, олардың
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. К,оғамдың еңбек бөлінісінің
тереңдеуіне және жалпы ұлттың және дүниежүзілік нарыңтардың қалыптасуы-мен
байланысты капитализм түсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі.
Сонымен ақша, капитал айналымына ңызмет ете отырып, барлық жиынтық ңоғамдың
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Аңшаның қолма-қол және колма-
қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және
жалган капиталдың козғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының құрылымына қолма-кол ақшалар айналысы мен қолма-
қолсыз аңшалар айналысы кіреді.
Ақша айналымын ұйымдастыруға байланысты екі ұғым бар: эмиссия және
айналымға ақша шығару. Бір қарағанда, бұл екі ұғымның арасында айырмашылық
жоқ сияқты. Расында олай емес, айырмашылық бар.
Айналымға ақша күнбе күн шығарылып отырады: банктен қолма-қол ақша
бергенде және несие берілгенде жүргізілетін операциялар, айналымға ақша
шығару болып есептелінеді. Сонымен қатар, күнбе күн айналымнан ақша
қайтарылып та отырады. Бұл шаруашылықтар есеп шоттарына қолма-қол ақша
салса, және бұрын берілген несиелер кайтарылса. Солай болса да, бұл
операциялар эмиссиялық болып есептелмейді - айналымға ақша шығару, болмаса
айналымнан ақшаны қайтару болып есептеледі. Өйткені, мұндай операцияларды
өткізгеннен кейін айналымда жүрген ақшаның жалпы саны өзгермеуі мүмкін.
Барлық тауарлар, қай жерде шығарылғанына қарамастан, қандай меншіктің
шығарғанына қарамастан, керекті уақытында сатылуы керек. Яғни, құнның
тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуға тиісті. Сонымен қатар, әрбір тауар
өндіруші, сатылған тауардан түскен ақшаға жаңадан құрал саймандар мен еңбек
бұйымдарын сатып алады, еңбек ақы төлейді, және басқа да шаруашылықтың
қажеттерін қанағаттандырады. Сөйтіп, өндіру мен өткізу процесін үздіксіз
жалғастырады (ұдайы өндіріс).
Сонымен, ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға,
тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып табылады. Осылайша ақша
үздіксіз айналымда жүреді.
Бұл атқарымның өзіне тән бір ерекшелігі, ақша мен тауардың біріне-
бірінің қарсы қозғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып
алушыға қарай қозғалады.
Айта кететін бір жайт, осы айналымның құралы ретінде жұмыс істеу, тек
ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа
мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес. Өйткені, олай болған күнде айналымдағы
ақшаның саны көбейіп, сапасы азайып, құнсыздандыруына апарып соғады.
Басқаша айтқанда, айналымда жүрген ақшаның саны (ақшаның көбейуі) осы
атқарымның дұрыс орындалуымен тығыз байланысты. Егер, ақша айналымы тезірек
жүрсе, айналымға керек ақшаның саны азаяды. Керісінше, айналымның қозғалысы
баяулап кетсе, айналымда көбірек ақша жүруі керек.

1. Ақша айналымы және ақша айналысы

1.1 Ақша айналымы туралы түсінік және оның құрылымы

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-
жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша
айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-
бірінен дәл ажыратылды.
Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақшаның
қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл
ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.
Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының
ерекшеліктері:
• Қолма-қол ақша да, қолма-қолсыз ақша да кәсіпорындардың шығаратын
өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім
өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету)
түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау
жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына
(жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі
арқылы бөлінеді;
• Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қолсыз
ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет
атқаратынын белгіледі.Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың
ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қолсыз ақша қозғалысы
өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
• Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде
директивалық заңдармен реттелді;
• Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет
көрсетті;
• Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік
банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді;
• Қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша белгілерін тек мембанк
монополды құқықпен шығарды;
• Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және
көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.
Нарықтық экономиканың тұсында ақша айналымы, өз кезегінде нарықтық
қарым-қатынастың жүйесіне байланысты екі салаға бөлінеді: ақшалық-тауарлы
қарым-қатынас және ақшалық тауарсыз қарым-қатынас.
Ақшалық-тауарлық қарым-қатынаста тек ақша ғана емес, тауарлық айналым
да болады. Өйткені, жоғарыда айтылғандай,ақшаның қозғалысы, тауардың
қозғалысымен байланысты, екеуі біріне-бірі қарсы қозғалады. Ал, ақшалық
тауарсыз қарым-қатынаста құнның қозғалысы болмайды. Тек, ақшаның иесі
өзгереді. Бұны несиелік нарықта көруге болады. Мұндай, мәлімге сәйкес,
несие берушінің ақшасы азаяды да, ал несие алушының ақшасы көбейеді.
Сонымен қатар, ақша айналымының әрбір бөлігі, өзінің саласына қызмет етеді.
Бірақ, керек кезінде ақша бір саладан екінші салаға ауыса алады, яғни,
нарықтық экономикаға тән, капиталдық еркін қайта құрылымы мүмкіндік алады.
Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән
ерекшеліктер:
• Ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет
жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
• Қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша айналымдарын заңмен ажырату
жойылды;
• Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке
тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
• Ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
• Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған,
яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде
шоғырланған;
• Қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қолсыз
ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қолсыз түрінде
қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының
қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.
Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың
құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны
өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының
қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн
айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп –
қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақша белгілерінің өз құны көрсетілген
құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн
айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір
бөлігі.
Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар
өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің
тереңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзлік нарықтардың қалыптасуымен
байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі.
Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-
қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және
жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-
қолсыз ақшалар айналысы кіреді.ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен
қолма-қолсыз ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен
шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.
Ақшалай есеп айырысу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қолсыз ақша арқылы
жүргізіледі. Соңғы жағдайда есеп айырысу банкідегі есеп шоттарға тиісті
жазу жасаумен бітеді.
Қазіргі ақша айналымының ерекшклігі – айналымның құнсыздық түрі болып
есептелінеді. Айналымның құндылық түрі – бұрынғы , алтын мен күміс
ақшаларының қолданылған күндерінде болған.Олай болатын себебі, алтын және
күміс ақшалардың өзіндік құны болды. Ақшаның өзінде көрсетілген құны, оның
өзіндік құнымен тең. Сондықтан алып-сату кезінде екі құн бір-біріне
баламалы болғандықтан, біріне-бірі қарсы қозғалады.
Қазіргі жағдайда айналымның ең басты аспабы болып, өзіндік құны жоқ,
ақшаның, қағаз белгілері істейді.(қағаз ақшаның құны жоқ дейтініміз, оны
шығару үшін тым азғантай шығын шығады, ол шығынды есепке алмауға болады.)
Сондықтан қағаз ақша тауар сатушыға қарай қозғалғанда, өзінің құны болмай
тұрып, тек ақшаға еліктейді.
Ақша айналымы, төлем айналымның бір бөлігі болып табылады. Өйткені,
төлем айналымның құрамына, ақша айналымнан басқа, чек, вексель, депозиттік
сертификат сияқты төлем құжаттармен жүргізілетін төлемдер кіреді.
Ақша айналымының тағы бір ерекшелігі – мұндай айналымға, тек қолма-қол
ақша ғана қатысады. Ал, қолма-қолсыз ақша бұған қатынаса алмайды. Өйткені,
оның қозғалысы тек банкідегі есеп шоттарға жазылып қана бітеді. Бір жазумен
бірнеше тауарлық, немесе тауарсыз мәмілелерге қызмет көрсету мүмкін емес.
Ақша айналымының екінші ерекшелігі – оның айналымда орындайтын
атқарымдарына байланысты. Бұрын ақша, экономикалық санат ретінде бес
атқарым орындайды деген болатынбыз. Ал, айналым процессінде ол тек үш
атқарым орындайды: айналыс құралы ретінде, төлем құралы ретінде және
қорлану құралы ретінде. Олай дейтін себебіміз, ақшаның, құнды өлшеуші
ретіндегі атқарымы, оның айналымға түспей тұрған кезінде орындалады, ал
дүние жүзлік ақша атқарымын, кезінде айтқанымыздай, тек еркін
айырбасталымды валюталар орындайды. Айналымдағы ақша мұндай бола алмайды.
Ақша айналымының құрылысы бірнеше белгілермен (нышандар)
сипатталынады. Оның ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін
қарым-қатынастардың түрі.
Осы белгімен ақша айналымы үшке бөлінеді:
- Ақшаның есеп айрысудағы айналымы. Бұл айналым заңды және жеке
тұлғалардың тауар немесе әр түрлі қызметтері үшін есеп айырысуға
көмектеседі;
- Ақшаның несиелік айналымы. Бұл айналым заңды және жеке тұлғаларға несие
беру, оны қайтару процесстеріне қызмет көрсетеді;
- Ақшаның қаржылық айналымы. Бұл айналым шаруашылықтардың қаржылық қарым-
қатынастарына қызмет көрсетеді.
Осы айналымға қатынасатын субъекттерге байланысты оны тағы бес түрге
бөлуге болады:
- банкаралық айналым;
- банктер мен басқа заңды және жеке тұлғалардың арасындағы айналым;
- тек заңды тұлғалардың арасындағы айналым;
- Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардыңарасындағы айналым;
- тек жеке тұлғалардың арасындағы айналым.
Басқа да экономикалық құралдар сияқты, ақша айналымының да әр түрлі
шаруашылық жүйесіне байланысты өзгеріліп отырады. Өткен жоспарлы – тарату
жүйесінде ақша айналымы тарату қатынастарына қызмет көрсетті.Ол кезде
барлық шығарылған өнімдер (өндіріс құралдары болсын, тұтыну бұйымдары
болсын) әдейі құрылған сауда және жабдықтандыру жүйелері арқылы
бөлінетін.Оның үстіне Үкімет қандай нәрсе үшін қолма-қол ақшамен, қандай
нәрсе үшін қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды қатаң белгілейтін: өндіріс
құралдары үшін есеп айырысу тек қолма-қолсыз ақшамен жүргізіледі.
Керісінше, барлық тұтыну бұйымдары үшін, тек қолма-қол ақшамен есептесетін.
Бірақ бұл ереженің де ерекшеліктері болды. Мысалы, кейбір мемлекеттік
органдарға (балалар бақшаларына, мектептерге, ауруханаларға, колхоздарға
т.с.с.) кейбір өте қажетті тұтыну бұйымдары үшін белгіленген мөлшерде қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысуға рұқсат етілген.
Сонымен ол кезде ақша айналымы бір ғана мемлекеттік меншіктің
шеңберінде ұйымдастырылды.
Қазіргі, нарық жағдайында, ақша айналымын жүзеге асыру мүлде басқаша.
Енді бұл айналым тек нарықтық қатынастарға қызмет етеді. Бұндай
қатынастарға қанша, қашан және қалай қызмет ету жөнінде ешқандай заңдық
шектеулер жоқ. Сонымен қатар бірінші және екінші дәрежедегі банктердің
айналымға ақша шығарудағы атқарымдары шектелген, банктік мультипликаторлар
жұмыс істейді.

1.2 Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қолсыз ақша айналымы

Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған
банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет
етеді.Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
бөлігі (10(-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне
тиеді.
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан
түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер
ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен
көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға,
жалгерлік ақы, айып пұл және тағы сол сияқты төлеуге жұмсайды.Мұның бәрі
халықтың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер етеді және нарықта төлем қабілеті
бар сұранымды қалыптастырады.
Белгіленген тәртіп бойынша Қазақстанда қолма-қол ақшаның айналымы,
Ұлттық банкінің облыстық бөлімшелері мен есеп-кассалық орталықтарынан
басталады. Осылардың резерв қорынан айналым кассасына ауыстырылғаннан кейін
ақша айналымдағы ақша болып есептелінеді.
Қолма-қол ақша айналымының одан арғы жылжуын төмендегі сызбадан
көруге болады:

Ұлттық банкінің облыстық филиалдары мен есеп кассалық
орталықтары

( (
Екінші деңгейлі банктер

( (
Әр түрлі кәсіпорындар, фирмалар

( (
Халық

Айналымдағы ақшаның жинағы да, кезінде еңбек ақыны, зейнет ақыны,
жәрдем ақыны, стипендияны басқа да халыққа төлейтін төлемдердің берілуі де
ұлттық ақшаның төлем қабілеті де, инфляция деңгейі де осы айналымның дұрыс
ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан, кез келген Үкімет қолма-қол ақшаның
айналымын жолға қоюға қатты көңіл бөлуі керек
Жоғарыда айтылғандай, біртұтас ақша айналымының құрамына қолма-қолсыз
ақша айналымы кіреді. Қолма-қолсыз ақша айналым барлық ақша айналымының 23
бөлігін құрайды. Қолма-қолсыз ақша айналымының ерекше белгісі болып оның
түгел дерлік төлем айналымына жататындығы. Сондықтан оның бұл айналымдағы
атқарымы төлем құралы ретінде көрінеді.
Қолма-қолсыз ақша айналымының көп болуының басты себебі, бүкіл халық
шаруашылығы бойынша экономикалық процестің көпшілігі қолма-қолсыз ақша
жүзеге асырылады. Барлық ақша айналымы есеп шоттарға жазу жүргізуден
басталады. Өйткені, сол есеп шоттардағы ақшалар алдағы уақытта іске
асырылатын төлемдердің бірден-бір көзі болып табылады. Есеп айырысу әртүрлі
төлем құжаттарының көмегімен іске асырылады. Олар қолданылатын есеп айырысу
нысанына сәйкес болуы керек.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары.(депозиттер)
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы айналымның едәуір бөлігін алады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында
жүзеге асырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
• банк несиелерін алу үшін және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысулар.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің
торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің
ықпалы болады. Өйткені, банк - бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен
төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі
ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Сонымен қолма-қолсыз ақшамен жүзеге асырылатын есеп айырысудың
жиынтығы қолма-қолсыз айналым болып табылады.
Бірақ қолма-қолсыз ақша айналымды, қолма-қолсыз есеп айырысумен
шатастыруға болмайды. Өйткені, қолма-қолсыз есеп айырысу, қолма-қолсыз
айналымға көмектеседі де, ал оның мазмұнын көрсете алмайды.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын
талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері
мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу талаптары:
1. өнімнің сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат
айналымына жағдай жасау;
2. белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің
жауапкершілігі;
3. қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни
уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің
тарихи және экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етті.
Біздің елімізде қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізі КСРО тұсында 1930-1932 жылдары несиелік реформа барысында жасалған
болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-
қолсызақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған
түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес
келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге
байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни
жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның
өзінің алдындағы келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін
экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын
толтыруына мүмкіндік береді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі
айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру
қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шарушылық субъектілердің ақшалай
қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші
қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін
ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз
ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек
заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қағидасы – нарық
субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудуғы
еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында
бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің келісімшарттық және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.
Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде
көрінеді.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың
мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі;
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділігі қағидасы – шаруашылық несиелік сақтандыру
шарттарыда, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында
көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының
төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген
мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем
түрінде;
• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем
тапсырысы арқылы;
• сауда-саттық операциясын аяқталғаннан кейін, біршама уақыттан кейін –
қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық
несие жағдайында.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімділік
қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде
болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде
және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара
ажыратылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған
қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл
қағидалардың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бар айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке
салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы,
жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және тағы сол сияқты төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

2. Ақша айналысы

2.1 Металл ақша айналысы

Ақша өзінің материалдық–заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және
қазыналық билеттер(қағаз және несие ақшары) болып екіге бөлінеді. Екінші
ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі
бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы
үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның рөлін орындайтын салмақты металл жүре
бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын
өлшеу жүйесі пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ
формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері
айналымға түскен.
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның формасы мен да әр
түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары
айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданың
баяу жүруіне әкеп соқтырған.
Біртіндеп менталл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Сөйтіп,
металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгерген, ақырында дөңгелек
түріне келуі тауар-ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета
түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
тауар сатушылардың арасынан көпестер бөлініп шығып, олар тауар айырбасында
тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монета деген заң жүзінде
құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды
формадағы ақша белгісі. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын –реверс, жиегін
– гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы)
ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн
(номиналы) монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай
ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болды және
ақшаның барлық қызметін атқарады.Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген
құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық
құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда
(ұсақ) монета түрінде қолданылады. Оны биондық монета деп те атайды.
Ақша айналысының майда ақшаның үлесі салмағы аз.Дегенмен майда ақшаны
айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы. Ол пайда монетада көрсетілген құнмен
оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
(( ғ. 70-жылдары алтынға деноминация (көрсеткішін ірілендіру)
жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем
туралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша
қызметін ле орындамайды. Алтын мемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік
нарықтан да қағаз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналымы туралы түсінік
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
Ақша айналысының эволюциясы
Ақша айналысы
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар жайлы
Айналыста ақша түрлерінің даму эволюциясы
Ақша айналымы және құрылымы
Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару
Пәндер