Қазақстанда инвестициялық жобаларды рәсімдеу тәртібі
Жоспар
Кіріспе
I бөлім Бизнес-жоспардың теориялық негіздері
1.1 Бизнес-жоспар түсінігі, мәні және инвестициялық жобаны жасаудағы
рөлі..4-5
1.2 Бизнес-жоспардың мазмұны және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-9
II бөлім Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаны
рәсімдеудің ерекшеліктері
2.1 Қазақстанда инвестициялық жобаларды рәсімдеу тәртібі ... ... ... ... ... ..10-14
2.2 Бүгінгі күндегі Қазақстандағы инвестициялық жобалардың тізімі ... ... ...15-17
III бөлім НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЕСЕБІНЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН-
ДА АВТОСЕРВИСТІ ҚҰРУДЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫ ... ... ... ... ... ..18-30
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Әрбір кәсіпкер өзінің ісін бастау кезінде қаржылық, материалдық, еңбек
және интеллектуалдық ресурстарда қажеттілігін, оларды алу көздерін анықтау
керек, сонымен қатар, фирма жұмысы ағымында сол ресурстарды пайдалану
тиімділігін дәл есептеуі қажет.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер өздерінің қызметтерін нақты
және дәл жоспарлаусыз белгілі-бір жетістікке жете алмайды. Сондай-ақ, олар
мақсатты нарық жағдайы туралы ақпаратты, бәсекелестердің жағдайы туралы
және өзіне қатысты перспективаларды және мүкіндіктері туралы ақпараттарды
үнемі жинап, оларды аккумуляциялау қажет.
Кәсіпкерліктің формаларының көптүрлілігіне қарамастан, оларға тән ортақ
коммерциялық қызметтердің бүкіл салаларында қолданылатын маңызды ережелер
бар. Олар уақытылы дайындалуға және потенциалды қиындықтар мен қауіптерді
шеттеп өтуге, сәйкесінше алдыға қойған мақсаттарға жетудегі тәуекелдерді
төмендетуге мүмкіндік береді.
Маңызды міндет – инвестиция тарту мәселесі болып табылады, соның ішінде
шетел елдерінен тартылатын инвестициялар. Бұл үшін инвестициялауды қажет
ететін жобалардың (ұсыныстардың) рәсімделуін негіздеу және аргументтеу
керек. Осындай және тағы басқа мақсаттарда бизнес-жоспар қолданылады.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сфераларында
қолданылатын жұмыс инструменті болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың
қызмет ету процесін сипаттайды, сонымен қатар, қалайша сол жобаның
басқарушылары өз мақсаттары мен міндеттеріне, соның ішінде жұмыстың
табыстылығына жететіндігін көрсетеді. Жақсы дайындалған бизнес-жоспар
фирмаға өсуге, нарықта жаңа позицияларға шығуға және өзінің дамуының
перспективті жоспарын жасауға көмектеседі. Бизнес-жоспар – тұрақты құжат
болып табылады, бірақ ол жүйелі түрде оған түзетулер енгізу арқылы
жаңартылып отырады, өйткені фирма және фирма қызмет ететін нарық үнемі
өзгерістерге ұшырайды.
Бизнес-жоспардың шешетін негізгі мәселелері:
▪ фирма дамуының мақсатты экономикалық бағытталуын негіздейді;
▪ қызметтің күтілетін қаржылық нәтижелерін, бірінші кезекте сатулар
көлемі, табыс, капиталға пайданы есептеуге көмектеседі;
▪ таңдалған стратегияны іске асырудың таңдалған қаржылық көздерін,
яғни қаржылық ресурстарды концентрациялау тәсілдерін анықтайды;
▪ жоспарды іске асыруға қабілеттілігі бар қызметкерлерді жинау;
Әрбір мәселе басқалармен бірге өзара қатынасуы арқылы ғана шешіледі.
Бизнес-жоспардың негізгі орталығы – қаржылық ресурстарды концентрациялау.
Тек бизнес-жоспар ғана компанияның капиталын өсірудің маңызды құралы бола
алады. Міне, сондықтан мен өз курс жұмысымда қазіргі нарықтық экономика
жағдайында бүкіл қаржылық секторда, соның ішінде инвестициялауда
қолданылатын ең маңызды құжатты – бизнес-жоспарды қарастыруымның басты
себебі осы болып отыр. Менің ойымша, бизнес-жопар кәсіпкерлер үшін
шығарылған ең керемет нәрсе болып табылады. Оны жасау белгілі бір өнер
болып табылады.

1.1 Бизнес-жоспар түсінігі, мәні және инвестициялық жобаны жасаудағы рөлі
Бүгінгі қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынадай жағдай
қалыптасып отыр: бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін
тасушылармен нарықтық экономика қатарына еніп, іске кедергі келтіруде.
Техникалық-экономикалық дәлелдеме дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда,
оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе бизнес-жоспарға теңестіруде.
Бұның неге әкеліп соғатыны шетелдік инвесторлармен байланысқа түскен кезде
белгілі болады. Несиені алуға кедергі келтіретін бөгеттердің бірі
кәсіпорындардың көп бөлігі ТЭД- ні, біріншіден, жобалардың экономикалық
тиімділігінің, өтелімділігінің есептеулері жоқ сызбалардың жиынтығы деп
түсінеді. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. Инвестициялық жоба
және бизнес-жоспар түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады,
бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір
айырмашылықтары бар.
Әрине, көп жағдайда барлық нәрсе бір немесе бірнеше адамдар ойлап
табатын бизнес-идеялардан (ойлардан) басталады, дегенмен бизнес-идеядан
бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдеріне дейінгі барлық
жағдайда көптеген кедергілерден өту қажет. Оларды қалай жеңуге болады? Бұл
жерде тиянақты дайындалған бизнес-жоспар көмектеседі.
Бизнес-жоспар термині біздің тәжірибемізде тоқсаныншы жылдардың
басында қолданыла басталды, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылу
дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды
басқару қағидаларын өзгертуді талап етті. Жекелей алсақ, материалдық
өндіріс салаларына капитал салымдарын дәстүрлі бюджет құралдары есебінен
қаржыландыру іс жүзінде тоқтатылды және кәсіпорындардың көп бөлігінің
алдында инвестицияға жету қиындығы тұрды да, оның қайтарылуы талап етілді.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестицияландыру процесінде бизнес-жоспар
маңызды элементтің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз
аударғанда кәсіпкерлік іскерліктің жоспары дегенді білдіреді және осы
құжаттың мәнінің жоғары болғандығы соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің
басқару органдарында жаңа кәсіпорынды тіркеу үшін тиісті құжаттармен қатар
бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық
шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсатттарды
және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларда
обьективті тұрғаны бағалайды, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар
анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін
бизнеске тартылған барлық қатысушыларға дәлелдей алатын құжат.
Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік
ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатысушылары мен
көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға,
эксперттерге.
Бизнес-жоспардың мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл онда
сақталған ақпараттардың толық екендігін (маркетингтік, қаржылық, құқықтық,
экономикалық, техникалық, тарихи) білдіреді.
Бизнес-жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді
қабылдау
Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті
жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнімді
шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ
мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуге қолданылады.
Кәсіпорынның капиталды активтеріне ресурстарды салғанна кейін олар
байланысты болып қалады да, кәсіпорынның осы мүлік түріне салынған
қаржылық ресурстардың сипаты өзгереді, шығындардың капиталдығы олардың
өндірістік процеске қатысатын басқа шығындардың түрлерінен айырмашылығын,
үлкен ақша сомасының ұзақ мерзімге оқшаулауын білдіреді.
Бұл капиталдық салыным сатып алынған активтерді қолданудың бүкіл
кезеңінде табыс әкелуі тиіс, инвестор салынған капиталынан күтетін
табысының нормасы оның басқа бір салаға салынған салымының табыстылығынан
кем түспеуіне үміттенуге құқылы.
Жұмыс істеу кезеңінің соңында белгілі бір жойылу құнына ие болады
немесе ешбір жойылу құнын иемденбейді. Капиталдық активтерге жұмсалатын
ақша құралдары шикізатқа, материалдарға, еңбек ақысына кеткен шығындардан
ерекшеленеді. Бұл мыналармен байланысты:
▪ өнімді өндіруге және өткізуге кеткен ағымдық шығындарды, құралдардың
айналыс процесіндегі ұзақ үзіліске жол бермей, өнімді өткізгеннен
түсірілген пайдадан жүйелі түрде жабу керек;
▪ капиталдық салынымдар, кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы табыс әкелетін
негізгі құралдар түріне айналады, сондықтан осындай шығындардың толық
ақталуы инвестиция айналысының бұдан да ұзақ мерзімде толық циклды
іске асуын білдіреді.
Осыған байланысты қабылданған шешімдер ұзақ мерзімді сипатқа ие және
ақша ағымдарын болжаумен байланысты – бұл күрделі жұмыс, өйткені көптеген
факторлардың өзгеруіне байланысты инвестицияландыру нәтижелерінің де
тербелісі болуы мүмкін екенін есепке алу керек.
Жоғарыда айтылғандардан мыналар шығады:
▪ барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болып табылады, өйткені
көп жағдайларда кәсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын ала анықтайды.
Инвестициялық шешімдер – ұзақ мерзімді шешімдер, оларды болжау сипаты
кәсіпорынның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы және ішкі
факторларды есепке ала отырып, мұқият қайта өңдеуді талап етеді;
▪ инвестициялық шешімдер белгісіздікпен және тәуекелмен байланысты,
сондықтан міндетті түрде арнайы құралдарды қолдануды керек етеді
(тәуекелдерді талдау);
▪ инвестициялық шешімдердің белгісіздігі мен тәуекелдерінің
минимализациялануы жоғары деңгейде дайындалған ақпараттық базаға
негізделуі керек (шынайы және кешендік).
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны
Бизнес-жоспарды жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет
инвесторларды тарту болып табылады. Іс жүзінде қаржылық құрылымның
(потенциалды инвестор) әрбіреуінде қарыз алушыны несиелендіру мақсатында
құжаттарды дайындауында өз стандарттары (форматтары) бар, бірақ қандай
жағдайда да мақсат бір – жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек,
басқаша айтқанда – жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы алып
келетіндігін дәлелдеу керек.
Ол үшін алдымен жобаның табыс әкелетін бөлігін (өнім, баға, нарық,
сату), одан кейін шығындық бөлігін (қодырғыны, шикізаттарды, материалдарды
алуға, еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар) қалыптастырады, мұнда бизнес пен
қаржыландыру схемасының мүмкін болатын ұйымдаструшылық-құқықтық қамтамасыз
ету варианттарын есепке алады, осыдан кейін кейде зерттеу мен тәуекелді
есептеу әдістерін қолдана отырып, тиімділікті есептеу мен оны талдауға
көшеді.
Мүмкін болатын ватианттардың ішінде жаңа өнім өндірісінің бизнес-
жоспарының келесі құрылымын қарастыруға болады:
1. Өндірілетін өнімнің сипаты.
2. Өнімді өткізу нарығы.
3. Бәсекелестері.
4. Маркетингтің жоспары.
5. Өндіріс жоспары.
6. Өндірісті ұйымдастыру.
7. Заңдық жоспары.
8. Қаржылық жоспары.
9. Қаржыландыру жоспары.
10. Резюме.
11. Қосымша.
Бизнес-жоспарға қосымша ретінде заңдық сипаттағы құжаттар келтілріледі
(жарғылық құжаттар, ресурстарды иелену мен қолдану құқығы және т.с.с.).
Басқа көбірек бөлшектенген және іске асып жатқан өндірістің кеңеюімен
байланысты бизнес-жоспар құрылымының мысалы:
1. Кіріспе.
2. Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты.
3. Кәсіпорынның мінездемесі мен потенциалы.
4. Кәсіпкерлік қызмет түрінің сипаттамасы.
5. Өнімнің сипаттамасы.
6. Өнімді өткізу нарығының сипаттамасы.
7. Бәсекелестердің сипаттамасы мен бағасы.
8. Өнімді өткізу болжамы.
9. Маркетинг стратегиясы.
10. Маркетинг жоспары.
11. Өндіріс жоспары.
12. Ұйымдастыру құрылымы мен менеджмент.
13. Персоналы.
14. Өнімнің табыстылығын талдау.
15. Қаржы стратегиясы.
16. Қаржы жоспары.
17. Қосымша.
Өнімнің (немесе қызмет көрсетудің), нарықтың, бәсекелестердің сипат,
маркетингтік жоспар жайлы бөлімдер аса маңызды, өйткені қандай дәрежеде
нарыққа сәттілікпен ену мүмкіндігінен фирманың сәттілігі тәуелді. Осыған
байланысты ағылшын сарапшыларының жаңадан бастаушы бизнесмендерге арналған
қызықты сұрақтарына тоқталайық:
▪ Нарыққа шығу қандай тәуекелдермен байланысты?
▪ Сіздің жағдайыңызда қандай сауда ұсынысы бірегей
болаһып табылады?
▪ Өнімнің патенттік қорғалуын қай дәрежеде іске асыру
керек?
▪ Сіздің сатып алушыларыңыз тұтыну нарығында ма, өнеркәсіп
нарығында ма?
▪ Осы мақсаттар үшін арнайы журналдармен танысу немесе
көрмелерді аралау қай дәрежеде?
▪ Сіздің өніміңізді тұтынушы қандай ұтысқа ие болады?
▪ Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
қандай қосарлама қызметтер керек?
▪ Өнімді өткізу жүйесі қалай құрылады?
Бизнес-жоспар – жаңа бизнестің мақсатын немесе қызмет етіп жүрген
бизнестің дамуын, оны басқару және ұйымдастыру міндеттерін анықтаушы,
сонымен қатар қойылған мақсаттарына жету жолдары мен әдістерін туындайтын
қиыншылықтарды талдау негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттағы құжат.
Бизнес-жоспарды кәсіпкерлік саласындағы жаңа іскерлік түрін негіздеуде
емес, басқа да бірқатар жағдайлар кезінде де жасауға болады:
▪ Сыртқы нарыққа жаңа немесе бұрыннан шығарып жүрген өніммен шыққанда;
▪ Инвесторларды тарту қажеттілігі туындағанда;
▪ Несие алғанда;
▪ Қаржылық іскерліктің жоспарын құрғанда;
▪ өнім өндірісінің көлемі өскенде;
Бүгінгі Қазақстан жағдайында бизнес-жоспар құру – үлкен мәнге ие
болатын процедура, себебі ол кәсіпорынның потенциалын анықтауға, жаңа
мақсаттар мен тапсырмалар қоюға, жаңа рационалды шешімдерді өңдеуге,
бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, кадрлардың және бүкіл
кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын тануға мүмкіндік береді. Жалпы
алғанда бизнес-жоспар жасау жаңа істі бағалау және оның құлдырау
тәуекелдігін азайтуға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспардың мазмұны
Бизнес-жоспар жасауда төмендегі сұрақтарға баса назар аударылғаны жөн:
▪ Сізге қанша құрал қажетті?
▪ Сізге берілген ақша қалай жұмсалады?
▪ Сіз өз өніміңіз немесе қызметтеріңізді қай жерде және қалай
сатпақшысыз?
▪ Өз инвесторларыңызға ақшаны қалай қайтармақшысыз?
Бизнес-жоспардың мынадай бөлімдері болуы керек:
1. Қысқаша сипаттамасы. Бұл бөлім екі беттен аспайды, онда бизнес-
жоспардың қысқаша мазмұны берілу керек:
▪ Бизнестің сипаттамасы;
▪ Басқару;
▪ Негізгі қаржылық көрсеткіштер;
▪ Инвестициялық қажеттілігі;
2. Компания. Бұл бөлім осы шақтағы компанияның қызметінің толық
сипаттамасын, оның тарихы мен стратегиясын көрсету керек:
▪ Компанияның тарихы;
▪ Ағымдағы іскерлік;
▪ Іс жүргізу стратегиясы;
3. Істің саласы. Саланың шолуы нарықтың өлшемі жайында ақпараттарды, осы
өнеркәсіптік сала нарығының негізгі қатысушыларын, осы саланың даму
тенденциясын қамту керек. Компанияның жетекшілері осы саланы және
компанияның дамуына ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсіну керек:
▪ өнеркәсібі;
▪ жетістікке жетудің сыни факторлары;
▪ басқа факторларын бағалау.
4. Өнім немесе қызмет көрсету. Компанияның өнімін немесе
қызметтерін сипаттау. Сіздің компанияңыз ұсынатын өнімдердің
немесе қызметтердің арасындағы айырмашылығына және
бәсекелестеріңіз ұсынатын баламаларына ерекше көңіл бөліңіз:
▪ өнімдер немесе қызметтер;
▪ өнімді немесе қызметті салыстыру;
5. Маркетинг. Бұл бөлімде өз бизнесіңіздің нарықтық
мүмкіндіктерін анықтап, бағалаңыз: өнімге деген
қазіргі және потенциалдысұранысты анықтаңыз,
кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарына және
бәсекелестерге нақты және шынайы баға беріңіз. Дұрыс
болжамдарға сүйене отырып, өз өніміңіз бен
қызметтеріңізге деген потенциалды қажеттіліктерді
бағалаңыз. Есеп нарықтық тетіктерге сезімталдықты
және сыртқы ортыдағы өзгерістердің сіздің
бизнесіңізге әсерін көрсету керек. Талдау жүргізу
барысында мүмкіндігінше нарықты зерттеуге
сүйенгеніңіз жөн болады:
▪ Клиенттеріңіз;
▪ Бәсеке;
▪ Сіздің компанияңыз;
6. Өндірістік іскерлік. Бұл бөлімде материалдық-
техникалық құралдарды, орналасатын жерге және
қондырғыларға деген қажеттілікті және компанияының
мақсатына жетудегі керекті еңбек ресурстары
сипатталуы керек. Техникалық сұрақтардан аулақ
болыңыз:
▪ мүлік пен қондырғы;
▪ өндіру немесе қызмет көрсету;
7. Басқару. Сіздің кәсіпорыныңыздағы басқарушы құрам
мен жұмыс істейтін негізгі адамдардың тапқырлықпен
ерекшеленетінін және бизнесті сәттілікпен жүргізе
алатынын көрсетіңіз:
▪ Негізгі жетекшілері;
▪ Ұйымның құрылымы мен бақылауы;
8. Инвестицияға деген қажеттілік. Бұл бөлімде компанияның алдында
тұрған мақсаттарына жету үшін керекті қосымша қаржылар
бағаланады. Барлық есептеулер мен болжамдалатын сомалар мұқият
құжатталып, Қаржы бөлімінде келтірілген мәліметтеріне сәйкес
болуы керек. Егер сізге инвестициялар қажет болса, онда осы
жерде жариялауға болады.
Инвестициялардың қажеттілігі. Мүмкін болса, келесі сұрақтарға жауап
беру үшін қаржылық болжауларды қолдануыңызға болады:
▪ Сырттан қаржыландырудың қандай көлемі сізге керекті?
▪ Компанияның басқару персоналының жеке қаржылық
міндеттемелері қандай?
▪ Үлестік қатысу мен несеимен қаржыландырудың керекті
қатысы қандай?
▪ Инвестициялар қалай қолданылады?
▪ Несие берушілерге ақша қашан және қалай қайтарылады?
9. Қаржы. Бұл бөлімде бүкіл бизнес-жоспардың дәлелденуі жүргізілуі
керек. Жорамалдаудың негізіндегі қаржылық болжамдардың керектігі
болжамдардың өзінен кем түспейді. Мөлшерлеп өз болжауларыңызды
керекті құжаттармен келістіріңіз. Барлық қаржылық құжаттар теңге
және сол сияқты доллар түрінде келтіілуі қажеттігіне көңіл
бөліңіз. Болжамданған айырбас курсын әр кезең бойынша
көрсетіңіз:
▪ Алдыңғы кезең бойынша қаржылық құжаттар;
▪ Болжамдалатын қаржылық құжаттар;
▪ Болжамдау;
II бөлім Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаны рәсімдеудің
ерекшеліктері
2.1 Қазақстанда инвестициялық жобаларды рәсімдеу тәртібі
18 наурыз 2003 жыл № 18-п
Қазақстан Республикасының индустрия және
сауда Министрлігінің инвестициялар
бойынша Комитет Төрағасының бұйрығымен
бекітілді
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын
жасау бойынша инструкция
1. Инвесторға қысқаша сипаттама
1. Заңды тұлғаның атауы;
2. Ұйымдық-құқықтық формасы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу
(қайта тіркелу) күні;
3. Заңды тұлғаның басқарушысы;
4. Заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық поштасы;
5. Заңды тұлға қызметінің негізгі бағытының қысқаша сипаттамасы,
негізгі өндірістік көрсеткіштер, берілген саладағы жоспарланған
инвестициялық Контрактты жасасу бойынша жұмыс тәжірибесі. Кәсіпорынның
соңғы есептік кезеңі үшін қаржылық-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есебі.
2. Жобаның қысқаша сипаттамасы
6. Жобаның атауы.
7. Жобаның негізгі мақсаттары.
8. Жобаның тікелей қатысушылары.
9. Жобаны іске асыру орны (облыс, район)
10. Қысқышы мазмұны:
1) өндіруге дайындалған өнім, мүмкін болатын модификация спектрін
көрсеткендегі тауар немесе қызметтің қысқаша сипаттамасы, қолданудың
мақсаты мен аясы;
2) берілген жобаның сипаты: жаңасын жасау, реконструкциялау немесе
қызмет етіп тұрған кәсіпорынды кеңейту;
3) жоба бойынша техникалық құжаттамалардың болуы (технико-
экономикалық негіздемесі, жобалы-сметалық құжаттама, құрылғылармен
жабдықтау және құрылыс-монтаждық жұмыстар бойынша жасалған келісім-шарттар
мен контрактілер көшірмелері; жер учаскесіне меншік құқығын дәлелдейтін
құжаттар көшірмелері; ғимараттарды жалға алу бойынша келісім-шарттар
көшірмелері және басқа құжаттар);
4) жоба бойынша шектеулер және іске асыру бойынша ерекше шарттар:
лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензияланатын болса), патенттердің,
рұқсаттардың, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, жабдықтау мен
шикізат нарықтары бойынша шектеулер мен талаптар, су, энергиямен қамтамасыз
ету, транспорт, байланыс, қалдықтарды утилизациялау мүмкіндігі, шетел жұмыс
күшіне деген қажеттілік, технологиялық процестердің экологиялық тазалығына
қойылатын талптар.
11. Жобаны іске асыру құны, қаржы ландыру көздері:
1) меншікті қаражаттар;
2) заемдық қаражаттар (шаруашылық субъектілердің несиелері немесе
тартылған қаражаттары) жәненемесе грант.
12. Жобаны іске асыру мерзімі – __ айлар (жылдар) инвестицияны
жүзеге асыру мезетінен бастап.
3. Техникалық бөлім
13. Жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы
14. Технологиялық шешімдерді таңдау негіздемесі:
1) жобаның көлемі (масштабы) мен орналасу орнын таңдау негіздемесі
(жабдықтаушылар және нарық үшін қолайлы орналасуы):
қолайлы инфрақұрылым және транспорттық мүмкіндіктер;
пайдалану мүмкіндіктері или иеленудегі бөлмелерді реконструкциялау;
жоба бойынша тауар (қызмет) өндірісінің көлемін анықтайтын факторлар.
2) техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің
салыстырмалы анализі (техникалық деңгей және өндіруге ұсынылған
тауарлардың, қызметтердің аналогтарға қатысты құны, ақпарат көзіне
сілтеме):
Көрсеткіштер атауы Көрсеткіштер мәні
ұсынылатын үлгі аналогтар
1.
2.
3) шикізат ресурстарын рационалды пайдалану дәрежесі:
шикізатты қайта өңдеу дәрежесі;
өндірістің рециклдығы (қалдықтарды қайта өңдеу);
жергілікті шикізатты пайдалану;
4) жобаны іске асыру графигі:
Жұмыстар атауы Календарлық жыл Календарлық жыл Барлығы
1.
1.
Қазіргі Жаңа
кездегі
1.
2.
2) қызмет етіп жатқан шектеулерді есепке алғандағы жабдықтау
нарығын болжамдау (квоталар, лицензиялар және т.б.) – (нарық көлемі): ішкі
және сыртқы нарықтардағы потенциалды төлемқабілеттілік сұранысы, және
қазіргі кездегі оны қанағаттандыру дәрежесі:
жабдықтау каналдары: қай аймаққа , қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай
елдерге жеткізу керек екендігін көрсету;
аналогтық, өзара ауыстырылатын немесе өзара толықтырылатын тауарлар
мен қызметтердің баржоқтығын, олардың өндірісінің болашақтағы өсуін
бағалау, соңғы бірнеше жыл үшін тауарлардың импорты жәненемесе экспорты
динамикасы, көлем және бағалар, негізгі бәсекелестер және олардың нарықтағы
үлес салмағы;
әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеру мүмкіндігінің нәтижесіндегі
нарығты болжау;
3) жабдықтау мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттар: тауарларды жеткізуге
контрактілердің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) тауарларға немесе көрсетілген қызметтерге бағалар деңгейін ;
5) коммерциялық тәуекел факторлары және негізгі маркетингтік
шаралар. Жобаны қаржыландыру валютасының айырбас курсының және салықтық
базаның өзгеруінің әсерін бағалау.
5. Ұйымдастырушылық бөлім
17. Тартылатын ұйымдар:
1) жоба жасаушы;
2) құрылғыларды өндірушілер;
3) құрылғылармен жабдықтаушылар;
4) қаржыландырушы ұйымдар;
5) делдеалдар.
18. Жобаны іске асыру процесінде олардың қатысушылары арасында
міндеттері мен жауапкершіліктерін бөлу.
19. Ұйымдастырушылық құрылым мен менеджмент жүйесі және
тауарларқызметтер сапасын қадағалау.
6. Әлеуметтік бөлім
20. Жобаның еңбек ресурстарындағы қажеттілігі (қажетті саны және
біліктілігі):
1) қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы;
2) біліктілікті көмекті тартудағы қажеттілік, оның ішінде импорт.
21. Халықтың білім деңгейін және жұмысбастылығын жоғарылатуына
жобаның әсері.
7. Қаржылық бөлім
22. Инвестицияларды бағалау:
1) толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналыс капиталына
инвестициялар);
2) жобаны қаржыландыру және инвестициялар құрылымы (инвестицияның
жалпы көлемін бағалау: жобаны іске асыруға қаражаттың жеткіліктілігі,
инвестициялар құрылымы, схема және қаржыландыру шарттары, табысты шартты
қолдану мүмкіндіктері);
23. Тәуекелдерді бағалау:
1) тәуекелдер түрлері;
2) тәуекел дәрежесі (дисконт ставкасы).
24. Қаржылық анализ:
1) жобаның қаржылық үлгісі: инвестициялық преференцияларды есепке
алғандағы және сәйкесінше есепке алмағандағы үлгілерді есептеу. Анықтау:
2) жобаның өмірлік циклі үшін таза дисконтталған табыс (NPV);
3) жобаның өмірлік циклі үшін ішкі табыстылық нормасы (IRR);
4) жоба өтелуінің мерімі (жай және дисконтталған);
5) жоба өмірінің әр жылына табыстың жай нормасы (рентабельділік);
6) төленетін салықтар, кедендік баждар және түрлер бойынша бюджетке
басқа да төлемдер;
7) төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік
тиімділікті есептеу.
8. Экологиялық бөлім
25. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер ету бойынша
стандарттар мен нормативтерге сәйкес келуі.
9. Экономикалық бөлім
26. Жобаның елдің экономикасының талаптарына немесе қажеттіліктеріне
сәйкес келуі (Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларына; даму
бағдарламаларына, басқа құжаттарға):
1) халықтың тұтынатын азық-түлік тауарлары мен оған жатпайтын
тауарлар өндірісін жоғарылату;
2) импорттық толықтырулар (қабылданған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz