Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

I тарау. Инвестиция түсінігі3

1. 1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі3

1. 2 ҚР-ғы иновациялық және инвестициялық жағдай4

1. 3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері6

IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы8

2. 1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері8

2. 2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі10

2. 3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі12

IІI тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау15

3. 1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты15

3. 2 Қоржындық инвестиция қарекеті19

3. 3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері21

3. 4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері24

IV тарау. ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары29

4. 1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар29

4. 2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары30

Қорытынды32

Қолданған әдебиеттер тізімі33

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның инвестициялық қарекетін, яғни шетелдік және отандық инвестицияларды біздің кәсіпорындарға тарту мәселесін ашу болып табылады.

Инвестициялық қарекетті нарықтық экономика жағдайында табыс алу мақсатында шаруашылық субъектілер жүргізеді. Ол екі өзара байланысты бөліктен тұрады:

- инвестиция қарекетінің объектілері;

- инвестиция қарекетінің субъектілері.

Инвестиция қарекетінің объектілеріне жаңа ұйымдарды құру, істегі ұйымды кеңейту, қайта құру және қайта қаруландыру, бағалы қағаздар, мақсатты ақша салымдары және т. б. жатады.

Инвестициялық қарекеттің субъектілеріне инвесторлар, инвестициялық объектіні пайдаланушылар, жұмысты орындаушылар, инвестицияның барлық түрін жеткізушілер жатады.

Инвестициялық қарекет және оның сферасы сұраныспен, ұсыныспен және инвестиция бағасымен анықталады. Инвестициялық нарықтың конъюктурасы инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы елдер үшін. Өйткені жаңа ғана тәуелсіздік алған елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға жаңа тұтыну нарығы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен мұнай экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында жоғарғы қарқынды дамып келеді.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және мемлекеттің қаржы саясатына да, сонымен қатар кәсіпорынның таңдап алған экономикалық және қаржылық стратегиясының белсенділігіне де тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың, холдингтердің, саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді ұйымдастыру ең бірінші орында.

Курстық жұмысымның I тарауында кәсіпорынның инвестициялық саясатының принциптерін, көздерін және инвестициялауды жоспарлау әдістерін қарастырдым.

II тарауда инвестициялық саясатқа талдау жүргізілді. Яғни, ҚР-ның экономикасына шетелдік және отандық тікелей инвестицияны тарту жолдары іздестірілді.

III тарауда кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы мәселесі. Әрбір кәсіпорында бұл мәселелерді шешу амалдары қарастырылып қойғанымен, нақты ол жүзеге асырылмауда.

I тарау. Инвестиция түсінігі

1. 1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі

Инвестиция түсінігінің астарында ақша қаражаттары, мақсатты банктік салымдар, акциялар және басқа бағалы қағаздар, технологиялар, жабдықтар, лицензиялар, сонымен қатар мүлікке немесе мүліктік құқыққа несие, тауарлы белгілер, табыс алу мақсатында кәсіпорын объектілеріне және қызметтің басқа түріне салынатын интеллектуалды құндылықтар жатыр.

Инвестициялық қызмет инвестициялық салымдарды және инвестицияны өткізуден тәжірибелік қызметтің жиынтығын көрсетеді. Сонымен қатар негізгі қорды құру және қайта өндіруді инвестициялау капиталдық салымдар формасымен іске асады.

Өтпелі кезеңнің экономикасы меншік формасы бойынша капиталдық салымдардың структурасының баяулап өзгеруіне әкеледі. Бірақ қазіргі жағдайда мемлекеттік меншікте инвестицияның үлесі көп.

Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, мердігерлер, инвестистициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің басқа қатысушылары табылады.

Инвестициялар меншік, қарыздық және тартылған қаржы салымдарын инвестиция формасында іске асырады және олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді.

Инвестор тапсырыс беруші де бола алады, сонымен қатар инвестициялық жоба қатысушыларының кәсіпкерлік немесе басқа қызметіне кіріспейтін, егерде ол келісімде көрсетілмесе, инвестиялық жобаны өткізуді іске асыратын инвесторлар мен жауапты жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар да бола алады, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, олар үшін инвесторлық қызметтің объектілері құралған шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдар бола алады1. Егер инвесторлық қызметтің объектісін пайдаланушы инвестор болмаса, онда инвестормен оның арасындағы қатынас инвестициялау туралы келісімшартпен анықталады. Инвестициялық қызметтің субъектілері екі немесе бірнеше қатысушылардың функцияларын біріктіруге хұқы бар.

Инвестициялық қызметтің объектілері болып мыналар табылады:

  • қайтадан құрылатын және модернизацияланған негізгі қорлар және халық шаруашылығының барлық саласындағы айналым қаражаттары;
  • бағалы қағаздар (акция, облигация т. б) ;
  • мақсатты ақша салымдары;
  • ғылыми-техникалық өнім және басқа меншік объектілері;
  • мүліктік құқық және интеллектуалдық меншікке құқық.

Егер заңға қайшы келмесе, аналогиялық объект шетелдік инвестицияларды да қосады.

Шетелдік инвесторлардың инвестициялауды мына жолдармен іске асыру құқығы бар:

  • заңды және жеке тұлғалармен бірігіп құрған кәсіпорындарда үлестік қатысу;
  • толығымен шетелдік инвесторлардікі болып табылатын кәсіпорын құру және де шетелдік тұлғалардың филиалдары;
  • ғимараттарды, кәсіпорындарды, пайларды, кәсіпорынға қатысты үлестік қатысуларды, акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу;
  • жерді пайдалану құқығын және басқа табиғи ресурстарды алу;
  • займдерді, несиелерді, мүлікті және басқа да мүліктік құқықтарды беру.

Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның тәжірибелік өткізуін іске асыратын инвестициялық салада қызмет етеді. Инвестициялық саланың құрамына кіретіндер:

  • инвестициялық салалардың айналым және негізгі өндірістік қорларына салынатын капиталдың құрылыс саласы;
  • ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалдық потенциал іске асырылатын инновациялық сала;
  • қаржы капиталының айналым саласы.

Барлық инвесторлардың инвестициялық қызметін іске асыру құқығы бірдей. Инвестор көлемді, бағытты және инвестициялық нәтижелікті өзі анықтайды2.

Сәйкесінше, жұмысты орындайтын инвестициялық қызметтің қатысушыларында осындай қызметті іске асыру құқы бар сертификат және лицензия болуы керек.

Инвестициялық қызметтің субъектілерінің өндірістік-шаруашылық және басқа арақатынастарын бағыттайтын негізгі құқықтық құжат олардың арасындағы келісімшарт болып табылады.

1. 2 ҚР-ғы иновациялық және инвестициялық жағдай

ҚР экономикасында негізгі рольде шикізатты экспорттау болып табылады. Оған дәлел қолда бар техникалық және өндірістік потенциалды пайдалану нәтижесіздігі. Экономиканы дамыту үшін ірі инвестициялар тартылады. Сонымен қатар, барлық инвестиция көлемінің 60% мұнай және газ саласында іске асырылады. Электротехникаға, қара металлургияға және тамақ өнеркәсібіне инвестиция шамамен 8%-дан тұрады. Негізгі капиталға инвестицияның рационалды емес бөлінуі мынамен түсіндіріледі, біріншіден, шикізат саласына инвестиция тез қайтарылады, екіншіден, шетел инвесторлары өндірістік өнімнің әлемдік нарығында қазақстандық тауар өндірушілерді бәсекелеске айналдырғылары келмейді.

Әлемнің көптеген елдерінде қиындығымен және жүйелігімен сипатталатын “инновациондық” және “инвестициялық климат” деген түсінік бар. Макродеңгейде ол өзіне саясаттық және экономикалық жағдай, сонымен қатар әлеуметтік климат деген факторларды қосады.

Инновациялық қарекет инвестицияны тартусыз болмайды. Инвестицияның келуі ғылыми-техникалық, өндірістік, бақылаулық және қаржылық шараларды қоса алатын мемлекеттік реттеудің сәйкесінше жүйесін қажет етумен шарттайды.

Инновациялық қарекетті нәтижелі мемлекеттік реттеу үшін бірнеше мәселелерді шешу қажет:

  • инновация мен инвестицияның бағытын анықтау;
  • инновациялық қарекетті дамыту үшін институтционалды-құқықтық және экономикалық ортаны құру;
  • ғылыми-техникалық инфраструктураны дамыту;
  • Қазақстанның транзиттік экономика жағдайына сәйкес инновациялық қарекетті қаржыландыру механизмін құру.

Инновациялық және инвестициялық қарекеттің интеграциясы мемлекеттік және шетел инвесторларының мүмкіншіліктерін, сонымен қатар отандық банктерді, инвестициялық және зейнетақы қорларын, бағалы қағаздар нарығы құралдарын, халықтың ақша жинақтарын және кәсіпорындардың бос қаражаттарын нақты сәйкестілік кезінде табысты болады.

Қызмет көрсету Қазақстан экономикасына инвестицияны тарту әдісі сияқты

Өндеу және қайта өңдеу салаларының дамуында артта қалған Қазақстан үшін қызмет көрсету тек қана экономиканы қалпына келтірудің негізі ғана емес, сонымен қатар тура шетел инвестицияларын тарту сферасы да бола алады.

Жеңілдік салық түрімен және оларды ұйымдастырудағы преференциямен оның төмен сапасы үшін айыппен немесе басқа да бұзушылықпен сипатталатын қызмет саласына елдегі қатынас Қазақстан үшін жалпы экономикалық дамудың көздері бола алады, өйткені халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеруге, оның тұрмыс жағдайын жоғарылатуға ықпалын тигізеді.

Қазақстанда қызмет көрсетудің жеке түрлерінің дамуын 2000 ж. құрылым бойынша анықтауға болады. Олардың жалпы көлемінен жылжымайтын мүлікпен байланысты қызмет көрсетудің үлесі 7, 1% құрайды, жабдықтар мен машиналарды арендалау бойынша 0, 9%, компьютерлік қызмет - 1, 8%, зерттеу саласындағы қызмет көрсету 2, 7%, коммерциялық қызмет 34, 7%, мемлекеттік басқару саласындағы қызмет бойынша 9, 7%, демалысты ұйымдастыру қызметі бойынша 9, 0%, басқалар 0, 4%.

Қазіргі кезде ҚР қызмет көрсету саласы өзінің осындай өкілеттілігін толық көлемде орындамайды. Көбінесе осындай жағдай кейбір салаларды инвестициялайтын қажетті табыс саны жиналмауымен байланысты, ал салық заңдылықтары өндірісті ынталандырмайды3.

Осылай Қазақстанда қызмет көрсету саласын дамытуды күшейту қажет, инвестициялық саясат қажеттілігін жасап, шетелден инвестицияның келу салдарын және мүмкіншілігін талдауға жүгіну керек.

1. 3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері

Инвестициялық саясат экономикалық және техникалық өндірістік даму деңгейіне қатты тәуелділікте болады. Инвестицияның мақсатты параметрлерінің даму бағытын жаңа өндірісті ұйымдастыруға, техникалық қайта қарулануға және қолда барды реконструкциялауға қолдануға болады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында инвестицияны халықтық тұтынудағы тауарды өндеуге, машина жасауды қайта іске қосуға және отандық өндірісті ынталандыруға мақсатты бағыттау керек. Қазіргі кезде отандық өндіріс елдің тауарға деген сұранысының 40-50 % ғана қанағаттандыра алады. Дәл қазіргі уақытта инвестицияны өндірістік сфераны дамытуға мақсатты ынталандыру керек, сонда ғана айналым сферасында инвестицияны импорттық тауарды сату-сатып алу мақсатында пайдалану азаяды.

Жыл сайын республика шетел мемлекеттерінен 1, 3 - 2 млрд. АҚШ долларын займ және несие түрінде алып тұрады. Осындай соманың үстіне процент қосып қайтарып беру біздің еліміз үшін ауыр екенін есте сақтауымыз керек. Сондықтан, шетел капиталын тартудағы бұрын орын алған кемшіліктер ескеріліп, енді әрі жібермеу қажет. Болашақта инвестициялық саясатта өндіріс сферасын дамытуға отандық инвестицияны ынталандыруына көп көңіл бөлуі үшін қор нарығын активизациялау керек. Айналым сферасынан инвестициялар өндірістік сферасына ауысуы қажет, бұл жаңа жұмыс орындарын ашады және жұмыссыздық санын азайтады4.

Тартылған шетел инвестициясына үлкен процент төлейтіндіктен, оны рационалды пайдалану жолдарын іздеу керек. Сондықтан инвестиция көзінің альтернативасын іздеуді талап етеді. Бұл ішкі ресурстар.

Мемлекеттік реттеудің сенімді экономикалық құралы болып салық табылады. Инвестицияны өндірістік сфераға жұмсайтын кәсіпкерлерге деген салық сауда орындарына жұмсайтын кәсіпкерлерге салатын салықтан әлде қайда төмен болу керек. Отандық инвесторларға деген талап шетелдіктермен салыстырғанда қатты болмауы керек. Сонда ғана отандық өндірісті жандандыруға болады.

Инвестицияның көлемі қосымша көздердің құрылуына да байланысты. Солардың ішіндегі инвестиция көзінің елеулісі және ел бюджетінің табыс жағын көбейтуінде үлкен орын алатыны шетелдік компаниялардың басқарылуы беріліп қойылған кәсіпорыннан түсетін табыс болып табылады. Өкінішке орай, мұндай кәсіпорындарда табысты тығып қалу жағдайлары кездесіп жатыр. Классикалық мысал ретінде мұнай өндіру мен металлургия кәсіпорындары жатады. Мұнай бағасының өскенімен бюджетке түсетін табыс мөлшері ұлғаймай тұр. Қаржы Министрлігі және салық полициясы қатаң бақылау орнату қажет.

IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы

2. 1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері

Инвестициялар - мүліктің барлық түрі (жеке сұранысты қанағаттандыратын тауарлардан басқа) . Оның ішіне лизинг нысандары, сонымен бірге заңды тұлғаның жарғылық капиталына құюшы инвестордың құқықтары және де кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген активтерді өсіру құқықтары кіреді.

Инвестициялық қызмет деп - заңды және жеке тұлғалардың коммерциялық жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген активтерді өсіруге қатысу бойынша қызметтерін атаймыз. Инвестициялық преференция Қазақстан Республикасының заң шығаруына сәйкес инвестициялық жобаны іске асырушы ҚР заңды тұлғаларына берілетін мекен-жайлық сипаттағы жеңілдіктер болып табылады.

Инвестициялық жоба деп - істегі өндірістерді кеңейту мен жаңартуға және жаңаларды құруға инвестицияларды қарастыратын шаралар кешенін атаймыз.

Инвестициялар мемлекеттік грант түрінде болуы да мүмкін. Мемлекеттік грант деп біз Қазақстан Республикасының жеке меншігі болып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін жерді пайдалануға берілетін мүлікті айтамыз.

Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заң шығаруы Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен басқа да нормативтік құжаттарға негізделеді. Атаулы заң келесіде берілгендермен байланысты қатынастарды реттемейді:

  • мемлекеттік бюджеттен алынған қаражаттармен инвестицияны іске асыру; коммерциялық емес ұйымдарға, соның ішінде білім беру, қайырылымдық, ғылыми және діни ұйымдарға, капиталды енгізу.

Инвестиция бұл кем дегенде екі жақтың: кәсіпкер (жобаны іске ұсынушы) және инвестор (жобаны қаржыландырушы) арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Жобаның нәтижелі және жемісті болуы екі жақтың неғұрлым тіл табысуына байланысты. Экономикалық жүйелері терең дамыған елдердің инвестицияны жоспарлау мен талдауда айтарлықтай тәжірибелерін есепке ала отырып, оған немқұрайлы қарау дұрыс болмас еді. Бүгінгі таңда барлық елдерге ортақ қолданылып келе жатқан инвестициялық жобаларының тиімділігін бағалау критерийлері мен жоспарлау әдістері әр түрлі мемлекеттердің инвесторлары мен кәсіпкерлері арасындағы түсіністікті қамтамасыз ету құралы болып табылады. Ондайларға UNIDO, Дүниежүзілік банк немесе Қайта құру және дамудың Европалық банкі сияқты беделді халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін жатқызуға болады. Олардың барлығының да ортақ ерекшелігі ретінде ақша ағымдарын талдау әдісі негізінде құрылған инвестициялық анализдің классикалық ұстанымдарына негізделетінін танимыз. Сонымен бірге қоршаған экономикалық ортаны сипаттайтын факторлардың ықпал етулерінің нәтижесі болып табылатын ақша ағымдарын қалыптастыру ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Барлық инвестицияларды негізгі екі топқа бөлуге болады:

  • портфельдік (қоржындық) ; капитал құрушы (нақты) .

Портфельдік инвестициялар - жобалар тобына (мысалы түрлі кәсіпорындардың құнды қағаздарын сатып алу) капитал салу. Портфельдік инвестициялар жасау кезінде инвестордың негізгі міндеті, әдетте, қор нарығындағы құнды қағаздарды сатып алу және сату операциялары арқылы жүргізілетін инвестициялық портфельді қалыптастыру мен оны басқару болып табылады. Сонымен, портфельдік инвестициялар қысқа мерзімді қаржы операциялары болып табылады.

Нақты инвестициялар - ұзақ мерзімді жобаға құйылып, нақты активтерді сатып алумен байланысты болып келеді. Инвестицияларды топтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қарастыруға болады.

Мүлік инвестициясы (материалдық инвестиция) .

Атаулы инвестициялар ретінде өндірістік үрдіске тікелей қатысатын инвестицияларды атаймыз. Мысалы, құрал-жабдық инвестициясы, ғимарат инвестициясы, материалдар қоры инвестициясы т. б.

Қаржы инвестициялары.

Атаулы инвестициялар қаржы мүлігіне ақша салынымын, басқа фирманың ісіне араласу құқықтары мен қарыз құқықтарын иеленуді қарастырады.

Материалдық емес инвестициялар.

Аталған инвестиция материалдық емес құндылықтарға жасалады. Ондайларға кадрларды даярлау, зерттеулер мен жасап шығаруларға жасалған, жарнамаларға жасалған инвестицияларды жатқызамыз. Сонымен бірге оған жобаны негіздеуге жасалған инвестициялар (бастапқы инвестициялар) немесе кәсіпорынды сатып алу немесе құру кезінде жасалатын нетто-инвестициялар және де кеңейту мақсаттағы өндірістік әлеуетті өсіруге бағытталатын инвестициялар жатқызылады.

Реинвестициялар, яғни бос инвестициялық қаражаттарды қайта байластыру. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

  • ауыстыру инвестициясы нәтижесінде қолдағы немесе істегі нысаналар қайтадан жаңаға ауыстырылады; технологиялық құрал-жабдықтарды немесе үрдістерді жаңалауға бағытталған инвестициялар; шығару бағдарламаларын өзгертуге бағытталған инвестициялар; өнім номенклатурасының өзгеруімен, өнімнің жаңа түрлерін жасап шығару мен өткізудің жаңа нарығын ұйымдастыруымен байланысты диверсификацияға жасалатын инвестициялар; болашақта кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында НИОКР-ге, кадрларды дайындауға, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталатын инвестициялар. Нетто-инвестиция мен реинвестициядан тұратын брутто-инвестициялар.

Кең мағынада, банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған актив операцияларының жиынтығы.

Ал тар мағынада, банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп - негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да айтуға болады.

Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Инвестициялар туралы шешім қабылдау басқару міндеттерінің бірден-бір маңызды және күрделісі болып табылады. Сонымен бірге инвестор мүдделері саласында қоршаған әлеуметтік-экономикалық ортадан бастап, инфляция көрсеткіштері, салық жағдайлары, нарықтың даму қарқыны мен болашағы, өндірістік қуаттардың, материалдық қорлардың бар болуы және жобаны қаржыландыру стратегиясымен аяқтап, кәсіпорынның экономикалық қызметінің барлық аспектілері кіреді.

2. 2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі

Шетел инвестициялары капиталдың халықаралық қозғалыс нысандары ішінде басты рөл атқаруда. Тауарлық өндірістің әлемдік нарық деңгейінен әлемдік шаруашылық деңгейіне өту кезеңінде тауардың халықаралық айналымы ғана жүрмей, сонымен бірге сол тауарды өндіру факторларының айналымы, яғни капиталдың инвестициялар түріндегі айналымы жүреді. Егер капиталдың импорты туралы мәліметтерді қабылдайтын елдер бойынша оны тарату көрсеткіштерімен үйлестірсе, онда тікелей шетел инвестицияларының үш полюсті глобалды құрылымы пайда болады: Америка Құрама Штаттары, Еуропа бірлестігі және Жапония. Бұл үштік бүкіл инвестициялардың импорт және экспорт көлемінің 4/5 құрайды.

АҚШ капиталдың ең ірі импортері болып саналады. Ал Еуропалық бірлестікте интеграция деңгейі ішкі аймақтық тікелей инвестициялар негізінде ұлғайды, ал бүкіл аймақ бойынша капиталдың ең ірі экспортері ретінде жұмыс атқара бастады. Жапонияда инвестицияларды шығарудың жоғары ұлғаю деңгейі байқалуда, сәйкесінше ол әлемде «сыртқы экономика» саласына жағымды әсер етеді. Сол уақытта бар мәліметтерге сәйкес Азия елдері (Жапониядан басқа) жақын жылдарда батыс еуропа елдерінен тікелей шетел инвестицияларын ынталандыру көлемі бойынша бір қадам алдыда жүруде. Эксперттердің көз қарасы бойынша шетелдерге капиталды салудың ең перспективті әдістерінің бірі болып өндірістік шығындарды азайту емес, шетел нарығына енуді ұлғайту саналады.

Бұл үштіктің ішінде капиталдың белсенді қиылысуы жүреді. Екі жақтың келісімімен жүргізілетін сауда әлемдік саудаға қарағанда белсенді жүргізілуде. Аталған әдістерге қарамастан, дамыған елдер, соның ішінде индустриалды елдер шетел инвестицияларын енгізу үшін жақсы жерлер болып саналмайды. Бірақ олардың рөлі маңызды және салмақты болып келеді және де ол біршама дамуда. 3/4 салынған инвестициялар көлемі өндірісі дамыған елдерде жүреді, ал 1/4 - дамыған елдерде. Ал жаңа инвестициялар ағымының қатынасы келесідей: өндірісі дамыған елдерде 3/5 ал дамыған елдерде 2/5.

Қазақстанға тоқталсақ тікелей шетел инвестицияларының орташа сомасы 4 млрд. құрайды. Ал ол әлемдік деңгейде жылдық ағымның 0, 25 % құрайды. Тікелей шетел инвестицияларына шет елде меншікті бастапқы сатып алу, сонымен бірге кәсіпорын мен инвестор арасындағы жүргізілетін мәмілелер жатады. Тікелей инвестиция құрамына келесілер кіреді:

  • компаниялардың шетелге меншікті капиталын салу - филиалдардың капиталы және еншілес және ассоциацияланған компаниялардың акцияларының бөлігі;
  • пайданы қайта инвестициялау - тікелей инвестордың кәсіпорынның кірісі мен шетел инвестицияларынан бөлік, ал ол дивидендтер түрінде таратылмаған және тікелей инвесторға аударылмаған;
  • капиталды ішкі корпорациялық аударудың несие және қарыз нысанында бір жағынан тікелей инвестордың болуы, ал екінші жағынан - еншілес, ассоциацияланған компаниялар және филиалдардың болуы.

Бірақ елдердің барлығы өзінің статистикасында тікелей инвестицияларды осылай жіктемейді. Мысалға, Жапония пайданы қайта инвестициялауды тікелей инвестиция деп қарамайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі жайлы
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру бағыты
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері туралы
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУ САЯСАТЫ
Кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы кедергілер
Компаниядағы дивидендтік саясаттың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz